1
Умирзакова Б.Е.
Қарағанды қаласының №101 мектеп-лицейі
ЖҮСІП БАЛАСАҒҰННЫҢ «ҚҰТТЫ БІЛІК» ШЫҒАРМАСЫНДАҒЫ
«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ИДЕЯСЫНЫҢ ТАРИХИ НЕГІЗДЕРІ
Аннотация. Мақалада Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» философиялық
шығармасындағы «Мәңгілік ел» идеясының тарихи негіздері зерттелген.
Ж.Баласағұнның қоғамның дамуы, адамның рухани құндылықтары туралы
көзқарастары қазіргі уақытта маңызды.
Түйінді сөздер. Мәңгілік Ел. Жүсіп Баласағұнның «Құтты Білік»
философиялық шығармасы. Қоғамның дамуы.
«Мәңгілік Ел» идеясы, — Жүсіп Баласағұнның «Құтты Білік»
философиялық шығармасында негіздеген. Жүсіп Баласағұнның «Құтты
білік» еңбегі терең дүниетанымдық, этикалық сұрақтарға толы. Ж.Баласағұн
Жетісу өңірінің Шу өзенінің бойындағы тарихы өте тереңнен басталатын
Баласағұн қаласында туып өскен ойшыл. Ол өзінің «Құтты білік» атты
еңбегін, түрік зерттеушілерінің еңбегіне сүйенсек, 54 жасында жазған деп
жорамалдайды.Бізге жеткен мәліметтер бойынша, «Құтты білік» 1069–1070
жж., небары он сегіз айдың ішінде жазылған деп анықталады. Бірақ бұл
шығарманы оқи отырып, Ж.Баласағұнның өмір бойы жиған, терген
тәжірибесінен, білімінен туғандығын аңғару қиын емес. Жүсіп Баласағұн бұл
еңбегін өз заманында ел билеген Бұхара ханға сыйға тартады.
Шығарманың терең данышпандық тағылымына разы болған хан оны
жоғары бағалап Жүсіпке «Хас Хажып» деген атақ береді. Хажып деген
ұғымды қазақ тіліне аударсақ, «Бас кеңесші»деген ойды білдіреді. Жүсіп Хас
Хажып Баласағұнның бұл шығармадағы дүниетанымдық көзқарасына келер
болсақ, ол адамның болмысын, оның өмірінің мағынасын, бақытын,
қуанышын, қайғысын түгелдей ең алдымен қоғам өмірімен байланыстырады.
«Құтты білік» Жүсіп Баласағұнның өз ойын кейіпкерлер арқылы бейнелеуге
тырысқан.
Жүсіп Баласағұнның ойынша, қоғамның дамуы, бір жағынан, жеке
адамға байланысты. Ол адамдардың ізгі қасиеттеріне, тәлім-тәрбиелеріне
байланысты шешіледі. Оның бұл шығармасындағы көркемдік кейіпте
бейнелейтін «Күнтуды Елік, Айтолды, Өгдүлміш, Одғұрмыш» сияқты
кейіпкерлер тіршіліктегі адам бойына бітетін қасиеттер болып табылады.
Күнтуды Елік — әділет (бұл ел билеген патша), Айтолды — дәулет, құт,
Өгдүлміш — ақыл, Одғұрмыш — қанағат-ынсаптың бейнесінде суреттеледі.
Тарихқа үңілетін болсақ, адамның бақыты мен өмірін қоғамның дамуына
байланыстыратын идея тұрған жерінде Жүсіп Баласағұнға дейін атақты ұстаз
әл Фарабидің шығармаларында терең дамиды. Әл-Фарабидің ойынша,
2
адамдардың бақыты тікелей қоғам өміріндегі адамдардың арасындағы
жанашырлық қасиеттер арқылы шешіледі. Бұл тіптен көне грек ойшылары
Платон мен Аристотельден бастап туындайтын, тамыры терең жатқан идея.
Ендеше бұл идея кейін осы Жүсіп Баласағұнның шығармаларында өз өрнегін
тапты деп айта аламыз.
Сонымен «Құтты білікте» ең алдымен қоғамның дамуы және ондағы
адамдық қасиеттер, жеке адам мен қоғам арасындағы байланыс туралы
мәселе ең негізгі мәселе болып табылады. Ендеше, біз осы еңбекке сүйене
отырып адамның тағдыры, оған тән қасиеттер, білім, әділет, дәулет, өмірдің
мағынасы туралы мәселелерді талдамақпыз. Ең алдымен бұл мәселелерге ден
қоймай тұрып айта кететін ерекше бір жайт, ол осы еңбектегі Жүсіп Хас
Хажып Баласағұнның әлемнің пайда болуы және космологиялық
көзқарастары туралы идея. Бұндағы таң қаларлық нәрсе біздің бүгінгі күні
жұлдыз жорамал деп жүрген зодиак күнтізбесі толықтай осы шығармада
айтылады. Онда әрбір жыл мезгілін үш-үш жұлдыздан бөлініп, он екі
жұлдыздың аты айтылады. Осының бір ойлататын жері, бұндағы
жұлдыздардың реті қазіргі заманда кең таралған жұлдыз жорамалдың зодиак
күнтізбісімен тура сәйкес келетіндігінде.
Мысал келтіретін болсақ, Ж.Баласағұнның ойынша, ғарышта бәрін ең
үстінен айналатын жұлдыз ол Секәнтір (Сатурн), екінші Оңай (Юпитер),
үшінші Күрід (Марс), төртінші (Күн), бесінші (Шолпан), алтыншы Арзу
(Меркурий), жетінші Иалчық (Ай).
«Құтты білікте» дәулет, құт Айтолды деп ойдың бейнесінде сипатталады.
Жүсіп Баласағұнның «Құтты білікте» әділетті күнге теңеп, оның
философиялық мағынасын тереңнен аша түседі. Әділет бұл шығармада ел
билеген Күнтуды патшаның кейіпінде бейнеленеді. Бұндағы терең мағына
оның күнге теңелуінде. Күн өз нұрын жер бетінің барлығына аямай алаламай
таратады. Сол тәрізді әділетте тура қоғам өмірінде сен байсың, сен кедейсің
демей өмірде бәрін теңестіріп тұрады. Ол неге Күнтуды аталғаны былайша
терең суреттеледі:
Әділеттілікпен кеспей жаз, тоқтатамын,
Құл ма, бек пе, айырма жоқ маған.
Бұл пышақты кім нық тұтса қолына —
Өнер ол да. Сілтер кесел жонына.
Пышақтай мен кесем аршып әр істі.
Кінәліні тауып білем мәністі.
Шекер жәбір көргендерге бұйырар.
Қақпама кеп, әділ заңға ұйыған.
Бұл шекерді татқан кісі жадырар,
3
Жаны шат боп, уайым-мұңнан арылар,
У бұйырар қара жүрек кісіге,
Заңнан қашқан зәрін түйіп ішіне.
Дүниенің жомарт алыбы,
Күнді қара, сөнбейтұғын жарығы.
Жарқыраған күнді көрде мені көр
Күн сөнсе егер, тіршіліктің өлгені.
Соған ұқсас менің барлық қылығым,
Әділ заңды шала алмас еш құрығың.
Күйбектемей өзін-өзі тербетіп,
Күн шығады жарқыратып жер бетін.
Күн шықса егер, жер қызарып, бұлт дүркірер,
Шешек атар мың-мың түспен гүл түгел.
Шыққан күн жаман-жақсы демейді,
Жарық төгіп бәрін бірдей теңейді.
Әділет заңым жетер күндей бар елге,
Ниет, тегім үлгі болмай әлемге.
Дәулет айдай толған кезде барлық адам көреді, бірақ оның солатын кезі
де келеді. Жүсіп Баласағұн бұнда байлық тек әділеттің жолында қызмет етуі
керек деген ойға жетелейді. Ол уақытша, тұрақсыз.
Айтолды айтты: — Дана кісі, атымды
Қойған екен Айға меңзеп затымды.
Ай толғанда көзі ашылар әлемнің,
Жүзі жайнар жаһандағы әр елдің
Толған ай да, қарасаңыз шетінен
Бозаң тартып, ажары озып кетілер.
Мен де айдай жаңаланып тұрамын,
Бірде бармын, бірде жұмбақ тұрағым.
Құт бір күндік, алды жар да, арты — бал,
Толар дәулет, толған айдай сарқылар!
4
Жүсіп Баласағұнның ойынша, дүние адамның өзін бағындырып алуға
тырысады. Дүние адам сырын ұрлатады, сөйтіп жүргенде байлық мұздай
еріп, ғұмырының қалай өткенін білмей қаласың. Қанағат үнемі ақылды
толықтырып, адамды жаман жолдан тежейді. Қанағат, Баласағұнның
ойынша, мына дүниенің жалған алдамшы екендігін ерте аңғартып отырады.
Дүниенің
өтпелілігін,
жалғандығын,
қулығын
Жүсіп
Баласағұн
философиялық тұрғыдан өте терең ашып бейн
елейді. Ойшылдың пікірінше, әр адамның тағдыры өзіне, оның
тәрбиесіне, ізгілік қасиеттеріне байланысты.
Адам тек өз тағдырына ғана жауапты емес, Бүкіл қоғам өміріне жауапты
деп қарастырады. Ендеше, оған терең білім қажет. Білім мен ақылдың біз ара
жігін тани аламыз ба? Көне грек ойшылы Гераклиттің мынадай сөзі бар:
«Көп білгендік ақылға үйретпейді. Адамды адам қылып тұрған оның ақыл-
ойы».
Ақыл-ой санаға, байланысты адамда мынандай сұрақ туады: мен не үшін
дүниеге келдім, менің өмірімнің мәні неде, дүние бар ма, бақыт дегеніміз не?
деген сұрақтардан туындайды. Адамның өмірге келгенде белгілі мақсатпен
жаратылған әркімнің дүниеде алатын орны бар. Адам ақылды ешқашан оқып
үйренбейді. Бұл туралы Жүсіп Баласағұн былай дейді:
Ақыл қолдар, ол білімнен құт туар.
Бұл жалғанның құлқын саған ұқтырар,
Ақыл — шырақ, қара түнді ашатын,
Білім — жарық, нұрын саған шашатын.
Бұл еңбек қоғамды тұтастай ұстап тұратын адамның қарым-
қатынастардың іргетасы іспеттес, философиялық-этикалық тағылым толы
туынды. «Құтты білік» — бұл баға жетпес мұра. Ол этикалық ойдың
тағылым құтын ұрпаққа таратады. Сонымен, адам өмірінде жоғары айтылған
әділет, дәулет, ақыл-білім, қанағат сияқты қасиеттердің маңызы зор екенін
терең суреттеп, сонымен ойшыл адамдардың моралдык қарым-
қатынастарына баса назар аударады.
Мен бұл еңбекті қазіргі таңдағы көпті ойландырар ең маңызды мәселелердің
бірі деп ойлаймын. Осы мәселені көтере отырып, адамзат өміріндегі өзекті
мәселелерге ден қою. Адам, оның тағдыры, оған тән қасиеттер туралы толық
ой толғау. Адамзат өзіне берілген мүмкіншілікті жоғалтып алмай белгілі бір
қоғамда адамдық мәнділіктердің негізін қалыптастыру.
Жүсіп Баласағұнның дүниетанымы әрбір адамның тән мен жанының
шыңдалуына үлкен септігін тигізеді. Өмір жолының екі басы туу мен өлу
ғой. Екеуі де тәңір ісі, жаратылыс заңы. Осы екі аралықта өзіңе шақтап
берілген өмірде «құлап кетпе, тура шық» осы өткінші уақытта адамдық
5
мәніңнен айырылып қалма, адамдық атыңа сай харекет қыл деп таниды.
Адам тек өз тағдырымның алдында жауаптымын демей, барлық адамзаттың
тағдырының алдында жауаптымын деп өмір сүруге шақырады.
Қазақтың ежелгі даласындағы түркі тілді мәдениеттің терең де
астарлы тарихына үңілетін болсақ,онда әлемдік мәдениетке өзіндік үлесін
қосатын талай мәдени мұраның қорына тап боламыз. Тек осы рухани
байлықты төкпей-шашпай,келесі ұрпаққа барлық қадірін түсірмей жеткізе
білу қазыргі заманның зерделі қауымының тарихи міндеті екенін атап өте
аламыз. Мемлекетіміздің осы руханиылыққа толы игілікті істі қолға алып,
ғалымдардың, зерттеушілердің көмегімен үлкен бағдарламаны жүзеге
асырамыз деген талабы болашақты ойлаудан туындаған сәтті қадамдардың
қатарына жатады. Орта ғасырлардағы түркі тайпаларында тараған
мәдениеттің негізгі сипаттамасын көбінесе дәстүрлі қоғамның мәдениетіне
жатқызу ғылыми зерттеулерде кеңінен орын алғаны белгілі.
Елбасы, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың халыққа
Жолдауын елмен бірге тыңдап, көңілге тоқыдым. Егемен еліміздің тұрақты
дамуына септігін тигізер, мемлекетіміздің жарқын болашағын көздейтін
тарихи құжатта - Қазақстанның дамыған 30 елдің қатарына енуі жолындағы
басым бағыттар нақтыланды. Бүгінде Президентіміздің салиқалы саясатының
арқасында еліміз бақуатты мемлекеттермен иық тіресе алатын деңгейге
жетті. Шыны керек, Елбасымыз Мәңгілік Елге бастайтын, абыройлы әрі
мәртебелі жолды жалғастыратын жастарға зор сенім артып отыр. Өйткені,
Отанымыздың болашағын баянды етіп, аға буын салып кеткен сара жолды
жалғастыратын – Біз, жастар!
Мәңгілік Ел ұлттық идеясы дегеніміз — өткенімізден сабақ ала отырып,
болашағымызды баянды ету жолындағы хақ мұраттарымыз!
Әдебиеттер тізімі:
1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан
халқына Жолдауы «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір
болашақ» 2014ж 17 қаңтар.
2. Назарбаев Н. Ә. Тарих толқынында. — Алматы, «Жібек жолы» баспа үйі,
2010. — 232 бет.
3. «АСЫЛ МҰРА» түркі антологиясы. — Астана: Сарыарқа, 2012. — 568 б.
4. Сыздықов С.М., Селиверстов С.В., Сыздықова Ж.С., Джаферсой Н., Кара
А., Қабылдинов З.Е. Н.Назарбаевтың еуразиялық идеясы және түркі кеңістігі.
Ұжымдық монография. — Астана, «Сарыарқа» баспасы, 2011. — 404
бет.(орыс тілінде)
5.Ж.Баласағұн «Құтты білік».- Алматы, 2000
Достарыңызбен бөлісу: |