Баға Беретін — Бүгінгілер емес,
ертеңгі тарих
Ақпарат
Бүгінгінің бас тақырыбы
аң
Д
ат
П
а
3-бет
2-бет
(Соңы 4-бетте)
№135 (2913) 30 қараша 2016
www.zanmedіa.kz
Қоғамдық-саяси, құқықтық газет
zangazet@maіl.ru
«ұлттың ұлы тұмары —
тәуелсіздік»
ақпараттық қауіпсіздік шекара
мен шектеуге БағынБайды
рақымшылық жасау туралы
заң жобасы енгізілмек
мемлекет басшысы нұрсұлтан назарбаев
конституцияның 61-бабының 1-тармағына сәйкес,
өз бастамасымен Парламент мәжілісінің қарауына
«қазақстан республикасы тәуелсіздігінің 25 жыл-
дығына байланысты рақымшылық жасау туралы»
заң жобасын енгізді. бұл рақымшылық шарасы
заң бұзған азаматтарға қатысты ізгілік актісі, мем-
лекет тарапынан мейірімділік пен сенім білдірудің
көрінісі болып саналады. қазақстан тәуелсіздігінің
25 жылдығына орай, елбасы бастамашылық еткен
заң жобасы негізінен азаматтардың әлеуметтік осал
санаттарын, кәмелетке толмағандарды, жүкті әйел-
дерді, кәмелетке толмаған балалары бар әйелдерді,
қарт адамдарды, мүгедектерді, сондай-ақ, болмашы
және ауыр емес қылмыс жасаған адамдарды қыл-
мыстық жазадан босатуды көздейді.
сотталғандардың басқа да санаттарына қа-
тысты рақымшылық олардың жасаған әрекетінің
жеңіл-ауырлығын ескеріп, шектелген ауқымда және
жіктелген түрде, сондай-ақ, келтірілген шығынды
толық өтеген жағдайда қолданылады. сондай-ақ,
заң жобасы аса қауіпті қылмыс жасаған адамдарға
рақымшылық жасауға тыйым салады, бұл қылмыс-
тық жағдайды қиындату қаупіне жол бермейді. заң
жобасын Парламент палаталарында таныстыру бас
прокурор жақып асановқа тапсырылды.
А.ҚҰРМАНҒАЛИ
мереке алдындағы мараПат
кеше қазақстан республикасының ақпарат
және коммуникациялар министрі дәурен абаев
«азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпо-
рациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамын
құруға елеулі үлес қосқан мемлекеттік қызмет-
шiлерді марапаттау шарасына қатысты.
министрдің атап өткеніндей, бұл салтанатты
шара ведомствоның осы жылғы жұмысының арқа-
уы болған тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында
өткізілуде. «тәуелсіздік – халқымыздың ең асыл
құндылығы. оны нығайту – елбасының мемлекеттік
бағдарының негізі. осы бағдардың ең маңызды
сала ларының бірі – азаматтарға қызмет ететін
мемлекетті құру. осы міндетті жүзеге асыруда
«азамат тарға арналған үкімет» айрықша рөл атқа-
рады», – деді дәурен абаев. «азаматтарға арналған
үкімет» мемлекеттік корпорациясы «100 нақты
қадам» Ұлт жоспарына сәйкес құрылған болатын.
ол ағымдағы жылғы 7 сәуірден бастап іске қосыл-
ды. мемкорпорация құрамына «жер кадастрының
ғылыми-өндірістік орталығы», «жылжымайтын
мүлік орталығы», «зейнетақы төлеу жөніндегі мем-
лекеттік орталық» және «Халыққа қызмет көрсету
орталығы» кірді. қазіргі уақытта азаматтар жалпы
мемқызметтің тізбесінде болған 739 қызмет түрінің
530-ын мемкорпорация арқылы пайдалануда. осы
жылдың мамыр айында өткен ведомствоаралық
комиссия отырысының хаттамасы бойынша тағы 53
мемқызмет мемкорпорацияға беріледі.
Е.МҰРАТ
Желтоқсан — қыстың қарлы, қаһарлы айы болғанымен, қазақ үшін мерекелі, берекелі ай. Суық болса да, сонысымен ыстық.
алғашқысы — тұңғыш Президент күні. ең үлкені, ұлысы — тәуелсіздік мерекесі. ал, тұңғыш Президент пен тәуелсіздік ұғымын
бір-бірінен бөліп қарау қате. Өйткені, егемен елдің еңсесін көтеріп, озық мемлекеттер қатарына қосудағы елбасының еңбегі өл-
шеусіз.
Орайы келген әңгіме
(Соңы 8-бетте)
Үкімет сағаты
Дәулет ИСКАКОВ,
Қылмыстық атқару жүйесі
комитетінің Павлодар облысы
бойынша департаменті бастығының
орынбасары, әділет подполковнигі:
«ЖАЗАНЫ
ІЗГІЛЕНДІРУ
САЯСАТЫНЫҢ
ЖАҒЫМДЫ
НӘТИЖЕЛЕРІ
СЕЗІЛЕ
БАСТАДЫ»
Осы дүйсенбіде Парламент
Мәжілісіне келіп Үкімет сағатын
өткізген Ауыл шаруашылығы
министрі Асқар Мырзахметовтің
айтуына қарағанда, «Қазақстан
Республикасы агроөнеркәсіптік
кешенін дамытудың 2017-2020
жылдарға арналған мемлекет-
тік бағдарламасы» деп аталатын
құжаттың басты мақсаты – на-
рыққа қажет бәсекеге қабілетті
агро өнеркәсіптік кешен өнімдері
өндірісін қамтамасыз ету. Ал,
мін деттері – мал шаруашылығы
тиімділігін 40 пайызға, өсімдік
шаруашылығы тиімділігін 30
пайызға арттырып, тауарлы өн-
діріске 500 мың ұсақ өндірушіні
тарту және өнімдерді өткізу мен
өңдеудің пәрменді жүйесін құру.
Осы мақсатта ауқымды ауыл
кооперацияларын дамыту, ауыл
шаруашылығы тауар өндіру-
шілеріне тиімді және қолжетімді
мемлекеттік қолдау көрсету, мақ-
сатқа бағытталған экспорттық
саясатты іске асыру, органикалық
өнімнің қазақстандық брендін
жасау, қайта өңдеу үлесі мен кә-
сіпорындар жүктемесін 1,3 па-
йызға ұлғайту бойынша жұмыс-
тар қолға алынбақ.
Үлкен мақсат үлкен құрбан-
Жаңа Бағдарлама «аға»
ЖоБалардың қателігін
қайталамаса екен
Баспасөз — 2017
Құрметті оқырман!
«Заң газеті» және
«Юридическая
газета»,
«Заң», «Фемида»
басылым дарына жазылу басталғанын
естеріңізге салғымыз келеді.
Төл басылым да рыңыздан
қол үзіп қалмаңыздар!
жеке тұлғалар үшін – 65921
заңды тұлғалар үшін – 15921
жеке тұлғалар үшін – 65928
заңды тұлғалар үшін – 15928
«Заң газеті»
«Заң» журналы – 75849
«Фемида» – 75858
«Юридическая газета»
Жазылу индекстері:
zanreklama@maіl.ru
Біздің басылымдарға
«қазпошта» ақ бө лім ше лері,
«қазпресс» жшс дүң гір шек тері
және алматы қаласын дағы «дауыс»
жүйесі ар қы лы жазы лу ла ры ңызға
болады.
тұтыну ынталандырылып, жайы-
лымдарды пайдалану тиімділігін
жоғарылатуға маңыз беріледі.
Мемлекеттік қолдау асылтұқым-
ды малдардың санын артты-
руға да жасалмақ. Ауыл шаруа-
шылығын сумен қамтамасыз
ету және суармалы жерлердің
алаңдарын ұлғайтумен қатар,
қосымша жер ресурстарының
жай-күйі туралы электронды
база қалыптастырылады.
Агроөнеркәсіптік кешен ин-
фрақұрылымын дамытуға да
басымдық берілмек. Бұл үшін
ауылдық кооперативтер құруды
ынталандыру, ауыл тұрғындары-
на несие беру, оларға сервистік
қызмет көрсету жолға қойыла-
ды.
Ауыл шаруашылығының тех-
никамен қамтамасыз етілу дең-
гейін көтеру үшін алыс шетелдер-
ден қымбат техника мен қосалқы
бөлшектерді сатып алу азайты-
лады. Сонымен қатар, ғылым мен
өндіріс арасындағы тығыз бай-
ланыс орнатылып, агроөнеркәсіп
кешенін мемлекеттік реттеуді
жетілдіруге басымдық берілетін
болады.
(Соңы 3-бетте)
дықты қажет етеді. Мырзахметов
мырзаның сөзінен түйгеніміз,
аталмыш міндеттер межесін еңсе-
ру үшін бұған дейінгі біраз ереже
өзгеріске түспекші. Соның бірі
мемлекеттік қолдауға қатысты
жүзеге аспақ. Бағдарлама аясында
мемлекет тарапынан көмек ала-
тындар қатары едеуір көбейетін
болады. Осы мақсатта субсидия-
лау тәртібінде бірқатар түзету-
лер жасалған. Сонымен қатар,
мемлекеттік көмектің тиімділі-
гін арттыруға басымдық беріліп
отыр. Осы мақсатта өсімдік ша-
руашылығында дақылдар өсіру
саласы әртараптандырыла береді.
Яғни, бидай алқаптарының бір
бөлігі аса сұранысқа ие арпа,
жемдік жүгері, қант қызылшасы,
азықтық, майлы сынды дақыл-
дармен алмастырылатын болады.
Олардың өнімділігін жоғарыла-
ту үшін сапалы тұқымдар мен
тыңайтқыштарды қолдануға да
мемлекет тарапынан көмек көр-
сетілмек.
Ал, мал шаруашылығын-
да шаруаларды мал азығымен
қамтамасыз етуге көңіл бөлінетін
болады. Бұл үшін жемшөптік
дақылдардың көлемі ұлғайты-
лып, құрама жемдерді өндіру мен
Е
лімізде ауылды дамытуға арналған тағы бір бағдарламаның тұжырымдамасы
жасалды. Бұған дейінгі «Ауыл жылдары», «Агробизнес-2020» сынды
«ағаларын» өкшелей жеткен бұл жаңа құжаттың аты өзгеше болғанымен,
заты сол қалпы десе болады. Тек оның тәпсірлену үлгісі бөлектеу.
– Дәулет Мәжікенұлы, соңғы
жылдары қолға алынған жазалар-
ды ізгілендіру саясатының нәти-
жесі түзеу мекемелеріндегі сот-
талғандар контингентінің белгілі
бір дәрежеде азаюына ықпалын
тигізді ме?
– Әрине, ықпалын тигізді. Соңғы
жылдары мемлекетіміздің пенитенциар-
лық жүйесінде қылмыстық заңнамала-
рымыздың ізгілендірілуіне байланысты
сотталғандар контингентін төмендетуге
бағытталған көптеген түбірлі өзгерістер
жасалуда. 2015 жылғы қаңтар айынан
бастап қолданысқа енгізілген Қылмыс-
тық және Қылмыстық атқару кодексте рі
жазаларды ізгілендіруге көп пайда-
сын тигізді. Оны мына деректерден
де байқауға болады. Жаңа қылмыстық
заңнамалардың нормаларын қолдану
кезеңінде Павлодар облысы бойынша
ҚАЖ департаментіне қарасты түзеу ме-
кемелерінде 2015 жылы 2560 сотталған
отырса, ал, үстіміздегі жылдың қазан
айына дейінгі аралықта 1800 сотталған
жазасын өтеген.
2
№135 (2913)
30 қараша 2016
zangazet@maiI.ru
ҚҰҚЫҚ
Кеңес
СЪЕЗДЕР СОТ ЖҰМЫСЫНА
СЕРПІЛІС БЕРДІ
Пікір
Қылмыстық істер жөніндегі маман-
дандырылған ауданаралық сотының
судьялары VII съезд қорытындысы
бойынша кеңес өткізді. Кеңесте сот
төрағасы Бауыржан Баймырзин сот
жүйесінің дамуы үшін съездің стра-
тегиялық маңызы ерекше екенін атап
өтті. Бұрын өткізілген әрбір съезде де
соттардың жұмыс қорытындысы шыға-
Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөнінде-
гі мамандандырылған ауданаралық сотында кеңсе мең-
герушісінің міндетін атқарушы Г.Есқараеваның және сот
мамандарының қатысуымен «Сот маманы қандай болуы
керек?» деген тақырыпта дөңгелек үстел өтті.
Г.Есқараева өз баяндамасында жалпы сот жүйесі маман-
дары Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік қызмет туралы»
заңының негізінде мемлекеттік қызметшілер қатарына жата-
тынын атап өтті. Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет атқару
қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып
табылып, мемлекеттік қызметшілердің адамгершілігі және
моральдық-этикалық бейнесіне жоғары талаптар қойылатын-
дығына тоқталды.
Сотта қызмет атқарып отырған әрбір маман мемлекеттік
қызметші ретінде өзінің барлық қайрат-жігерін, күші мен
тәжірибесін атқаратын кәсіби қызметіне жұмсауы қажетті-
гін көрсеткен баяндамашы: «Мұндай ынта мемлекеттік қыз-
метшінің өзінің Отанына, Қазақстан Республикасының сот
жүйе сіне, соттың беделі мен қоғамдағы орнын жоғары көте-
руге ықпал етеді», – деп сөзін түйіндеді.
Қорытындылай келе, кеңсе меңгерушісінің міндетін
атқарушы Г.Есқараева сот маманы жалпы қабылданған
моральдық-этикалық нормаларды сақтауға, мемлекет-
тік тілге және басқа тілдерге, сот жүйесінде, мемлекетік
қызметте қалыптасқан тәртіпке құрметпен қарап, сот
жүйесінің абыройы мен беделін көтеруге барлық күш-жі-
герлерін, ақыл-ойын жұмсауды мақсат тұтуы қажеттігін,
мемлекеттік қызметші беделіне кір келтірмеу керектігін
айтып өтті.
Іс-шара соңында дөңгелек үстелге қатысушылар өзара
пікір алмасып, тақырып аясында туындаған мәселелер мен
оларды шешу жолдарын талқылады.
Жамбыл облысы бойынша қылмыстық
істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық
сотының баспасөз қызметі
Прокурорлық қадағалауды жетілдіру маңызды
Шымкент қаласында орналасқан сот орындаушылардың қызметіне
прокурорлық қадағалауды оңтайландыру және атқарушылық құжатта-
рының орындалу тиімділігін арттыру мақсатында облыс прокурорының
бұйрығымен Шымкент қаласында орналасқан мемлекеттік және жеке
сот орындаушыларының қызметіндегі заңдылықты қадағалау Шымкент
қаласының Еңбекші аудандық прокурорына жүктелгені хабарланады.
Осыған орай, Шымкент қаласындағы аумақтық сот орындаушылар бөлім-
деріндегі және Оңтүстік Қазақстан облысының жеке сот орындаушылары
өңірлік палатасына қарасты жеке сот орындаушылардың өндірісіндегі атқару-
шылық құжаттарының заңдылығын қадағалау, сондай-ақ, жеке және заңды
тұлғалардың осы сала бойынша өтініштері мен шағымдарын қарау Еңбекші
аудандық прокуратурасының араласуымен жүзеге асырылатын болады.
Сонымен бірге Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік со-
тында қаралатын әкімшілік істердің заңдылығына прокурорлық қадағалау,
соның ішінде аталған әкімшілік сотта қаралатын әкімшілік істерге қатысуды
қамтамасыз ету Абай аудандық прокуратурасымен жүзеге асырылатынын есте
ұстаған жөн.
Оңтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы
Елдің оқушылары турнирде шеберлік сынасты
Тәуелсіз еліміздің 25 жылдық мерейтойы жер-жерде үлкен қарқынмен
аталып өтуде. Бұл халықтық мерекеден сот саласы да қалыс қалмай, мере-
кені мүмкіндігінше жұртқа тиімді етіп ұйымдастыруды мақсат етіп отыр.
Соның айқын дәлелі ретінде кешегі сенбіде Шымкент қаласындағы №72
жалпы орта мектебінде оқушылар арасында волейболдан өткен облыстық
турнирді айтуға болады. Мұны ұйымдастыруға ОҚО мамандандырылған
ауданаралық сотының ұжымы мұрындық болды.
Дүбірлі додаға 25 мектептің оқушылар командасы қатысып, өзара шеберлік
сынасты. Екі күнге созылған турнирдің алғашқы күнінде мықты деген 12 коман-
да іріктеліп шығып, келесі айналымға жолдама алды. Бұл турнирдің ерекшелігі –
әрбір мектептің командасында мамандандырылған соттардың бір-бір судьялары
мен мамандары қатысып, спорттың жас ерекшелігін таңдамайтынын аңғартты.
Турнирдің ашылу салтанатында сөз сөйлеген облыстық соттың қылмыстық
істер жөніндегі алқа төрағасы Зиядинхан Пірнияз үміткерлерге сәттілік тілеп,
спорттың денсаулықтың кепілі ғана емес, достықтың да дәнекері екенін атап
өтті. «Спортпен айналысқан оқушының денсаулығы да жақсы, сабаққа үлгерімі
де жоғары болады. Тәні мен санасы бірдей жаттыққан жасөспірімдер қылмыстық
әрекеттерден бойын аулақ ұстайтын болады. Ең бастысы, спорттың жас таңда-
майтыны бүгін дәлелін тауып отыр. Оқушылармен бірге судьялар да спортзалдан
табылып, шеберлік сынасатын болады», – деді алқа төрағасы.
рылып, алдағы күнге өзекті тапсырма-
лар берілетін.
Биылғы жиында 2013 жылы өткен
судьялардың VІ съезі қорытындыла-
нып, ондағы тапсырмалардың орын-
далу жағдайы таразыланған болатын.
Сот жұмысына оң баға берген Елбасы
биылғы басқосуда да үшінші биліктің
беделін биіктетуге мүмкіндік беретін
міндеттерді көпшілік талқысына салды.
Сондай-ақ, айтулы жиында Ел-
басының Ұлт жоспарында қойылған
тапсыр маларды орындау бойынша жұ-
мыс қорытындысы шығарылды. Елбасы
«100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске
асыру аясында сот жүйесін одан әрі
дамытудың басты басымдылықтарын
белгілеп, судьяның жаңа Әдеп кодек-
сін қабылдау қажеттігін атап көрсетті.
Сот тардың ақпараттық ашықтығын
арттыру, қоғам және БАҚ-пен жұмысты
күшейту, сонымен қатар, сот жүйесіне
енгізілген жаңа ақпараттық технология-
ларды табысты пайдалануға тапсырма
берілді. Осыған орай, сот құрылымдары
өз жұмыстарын жаңаша үйлестіруде.
Кеңес барысында сот төрағасы бас-
ты міндеттердің бірі – сот төрелігін
сапалы атқару, сотта алдыңғы қатарлы
ақпараттық технологияларды пайдала-
ну, қағазбастылықтан арылу екендігін
қызметкерлердің қаперіне салды.
Ақмола облыстық сотының
баспасөз қызметі
Дөңгелек үстел
«СОТ МАМАНЫ ҚАНДАЙ БОЛУЫ КЕРЕК?»
Облыс тұрғындарының назарына!
Сайыс
Екінші айналымға өткен 12 команданың арасындағы ойын өте тартысты өтті.
Нәтижесінде үшінші орын №87 жалпы орта мектебіне бұйырса, екінші орынды
№47 мектеп-гимназиясының командасы қанжығасына байлады. Ал, бірінші
орынды №89 мектептің оқушылары жеңіп алды. Жарысты қорытындылаған
ОҚО кәмелетке толмағандардың істері бойынша мамандандырылған ауданара-
лық сотының төрағасы Серікбай Төлепбергенов жеңімпаз командаларды арнайы
кубокпен марапаттап, мойындарына медаль тақты. Сондай-ақ, үздік ойыншы,
үздік шабуылшы, үздік қорғаушы аталымын иеленгендер де марапатсыз қалма-
ды.
Турнир соңында ауданаралық соттардың ұйымдастыруымен 150 оқушыға
мерекелік дастархан жайылып, әннен шашу шашылды.
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ,
«Заң газеті»
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ
Бәсеке
Тәуелсіздіктің 25 жылдығы-
на орай, Маңғыстау облыстық
сотының ұйымдастыруымен
«Ұлттың ұлы тұмары – Тәуел-
сіздік» атты кеңсе қызметкер-
лері арасында облыстық сайыс
өткізілді. Шараның мақсаты сот
кеңсесінің қызметкерлерін отан-
сүйгіштік пен еңбекқорлыққа
тәрбиелеп, ұлттық құндылықтар
мен тарихты жете білуге ынта-
ландыру болатын.
Іс-шараға Маңғыстау облыстық
сотының қылмыстық істер жөнін-
дегі апелляциялық сот алқасының
төрағасы Ержан Қарабаев, ҚР Су-
дьялар одағының Маңғыстау облысы
бойынша филиалының төрағасы,
Ақтау қалалық сотының төрағасы
Мәлік Кенжалиев, облыстық соттың
судьялары, Маңғыстау облысы бо-
йынша соттар әкімшісінің басшысы
Меңді Епенова, аудандық және оған
теңестірілген соттардың кеңсе меңге-
рушілері мен сот қызметкерлері, БАҚ
өкілдері қатысты. Сонымен қатар, ҚР
Мемлекеттік қызмет істері және сы-
байлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
агенттігінің Маңғыстау облысы бо-
йынша департаменті басқармасының
басшысы Күләш Жұмағали, «Жастар
«ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ ТҰМАРЫ — ТӘУЕЛСІЗДІК»
жетістіктері» қоғамдық қорының
директоры Жақсыгүл Махамбетова,
«Маңғыстау облыстық Азаматтық
альянс» заңды тұлғалар бірлесті-
гінің жоба үйлестірушісі Алтынзер
Көшеновалар арнайы қонақ ретінде
шақырылып, сот жүйесіндегі сайысты
тамашалады.
Шараның ашылу салтанатында сөз
сөйлеген Е.Қарабаев әріптестері мен
қонақтарды алда келе жатқан мереке-
лерімен құттықтап, сынға түсушілерге
сәттілік тіледі.
Облыстық, аудандық және оған
теңестірілген соттардан іріктеліп, ең
мықты, белсенді деп танылған 19 үміт-
кер сайыста бақ сынасты. Олар қиын
да қызықты викториналық сұрақтарға
жауап беріп, танымдылығы мен білім
деңгейін байқатса, мақал-мәтел,
жаңылтпаш айтып жарысу кезеңінде
ой жылдамдығы мен белсенділіктерін
көрсетті.
«Оратор» кезеңінде «Егер мен судья
болсам» деп аталатын ситуациялық
тапсырмалар беріліп, түрлі дауларды
шешу міндеттелді. Сайыскерлер бір
сәтке өздерін судьяның орнына қойып,
адам тағдырын қолына алып, шешім
шығарып көруге тырысты. Осыдан
кейін олар ойларын жинақтап, лездік
сұрақтарға жауап беруге кірісті. Бұл ке-
зеңде мамандардың ел тарихы, заңдар,
туған жер құндылықтары бойынша
білімдері тексерілді.
«Жүйріктен жүйрік озар жарыс-
қанда» демекші, сайыстың ең қы-
зықты да қызған сәті «Менің өнерім»
кезеңінде байқалып, мамандар өз
өнерлерін көпшілікке паш етті. Сайыс
қорытындысы бойынша бас жүлдені
Маңғыстау облысының қылмыстық
істер жөніндегі мамандандырылған
ауданаралық сотының бас маманы
Нұркен Кердешов қанжығалап, оған
50 000 теңгенің сертификаты тапсы-
рылды. Бірінші орынды Жаңаөзен
қалалық сотының бас маманы Ерлан
Адылов, екінші орынды Маңғыстау
облыстық сотының бас маманы Қа-
ламқас Үсенова, үшінші орынды
Бейнеу аудандық сотының бас маманы
Жасұлан Досмұханбетов иеленді. Ал,
Ақтау қаласы №2 сотының жетекші
маманы Айгүл Худибаева «Көрермен
көзайымы» аталымымен марапаттал-
ды. Жеңімпаздарға дипломдар мен
бағалы сыйлықтар тапсырылды. Шара
соңы мерекелік дастарханға жалғасты.
Айта кету керек, аталған сайыс ҚР Су-
дьялар одағының Маңғыстау облысы
бойынша филиалының қолдауымен
өткізілді.
Маңғыстау облыстық сотының
баспасөз қызметі
Адвокаттарға белсенділік жетіспейді
Еліміздің құқықтық жұмысын әлемдік стандарттармен теңестіру мақ-
сатында заң саласында қабылданған әрбір реформа зор маңызға ие. Оның
ішінде жаңа Азаматтық процестік кодекстің орны ерекше.
Жаңа кодекстегі жаңа ұғымдардың бірі – партисипативтік әдіс. Азаматтық іс
жүргізудегі партисипативтік рәсім – бұл судьяның қатысуынсыз, тараптардың
адвокаттармен бірге дауларды екіжақты тиімді шешуге бағытталған келіссөздер
процесі. Шын мәнінде келісімге келе алмаған қос тараптың бір арнада басын
қосып, ауызбіршілікке келтіруде қазылармен салыстырғанда адвокаттардың
мүмкіндігі мол. Сондықтан, партисипативтік келісімді енгізу процестегі кәсіби
адвокаттың рөлін арттырары сөзсіз. Жыл басынан бері республика бойынша
аталған рәсіммен 387 іс қаралған. Осы орайда, мұндай татуласуда талап қою-
шы төленген мемлекеттік баждан босатылатындығын айтып өткен жөн.
Әрине, кез келген дауды партисипативтік рәсіммен шешуге болмайды.
Дауларды партисипативтік рәсім бойынша реттеу туралы келісімнің қандай
жағдайда бекітілмейтіндігі кодекстің 48-бабында көрсетіліп, «Сот өз бастамасы
бойынша талап қою нысанасын немесе негізін өзгертуге құқылы емес. Егер бұл
әрекеттер заңға қайшы келсе немесе қандай да біреудің құқықтарын, бостан-
дықтары мен заңды мүдделерін бұзса, сот талап қоюшының талап қоюдан бас
тартуын, жауапкердің талап қоюды тануын қабылдамайды және тараптардың
татуласу келісімін немесе тараптардың дауды медиация тәртібімен реттеу
туралы келісімін не дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы
келісімін бекітпейді» деп жазылған. Егер адвокаттар тарапынан даудың немесе
жанжалдың бұл рәсіммен шешуге келмейтіндігі туралы айтылса, тараптардың
біреуі партисипативтік рәсімнен бас тартса, берілген мерзімнен асып кеткен
жағдайларда да бұл әдіс тоқтатылады.
Дауларды реттеудің баламалы тәсілдерінің енгізілуі елімізде жыл сайын
дауды өркениетті шешуге ынталылар қатарын өсіріп, сот саласына оң ықпалын
тигізуде. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтсақ, сот екі тарапты даула-
стырып қоятын жер емес. Сондықтан, «Алтау ала болса ауыздағы кетіп, төртеу
түгел болса төбедегі келетіндігін» қос тарапқа түсіндіріп, дауды бейбіт жолмен
шешуде адвокаттар да белсенді болуы тиіс деп ойлаймын.