Партиясы жарамсыз деп танылды



Дата04.12.2022
өлшемі17,42 Kb.
#54668
Байланысты:
АБ сурактары ФАРМ-


1 Фармацевтикалық кәсіпорында санитарлық-микробиологиялық көрсеткіштердің нормативтеріне сәйкес келмеуіне байланысты дайын дәрілік заттардың партиясы жарамсыз деп танылды.
1-сұрақ: дайын дәрілік заттарды санитарлық-микробиологиялық бақылауда қолданылатын әдісті атаңыз;
2-сұрақ: фармацевтикалық кәсіпорында дайын дәрілік заттардың контаминациясының ықтимал көздерін көрсетіңіз;


2. Фармацевтикалық өндірісте әртүрлі дәрі-дәрмектер шығарылады.
1-сұрақ: микробиологиялық тазалық көрсеткіштері бойынша дайын дәрілік заттар қандай топтарға бөлінеді;
2-сұрақ: фармацевтикалық өндірісті ұйымдастыруға қандай микробиологиялық талаптар қойылады;


3. Фармацевтикалық кәсіпорындарда дәрілік заттар өндірісінің тиісті сапасын қамтамасыз ету үшін санитариялық-микробиологиялық бақылау жүргізу қажет.
1-сұрақ: фармацевтикалық өндірістегі санитарлық-микробиологиялық бақылау объектілерін атаңыз;
2-сұрақ: санитарлық-микробиологиялық бақылауды қаншалықты жиі жүргізу қажет;


4. Дәріхананы жоспарлы тексеру кезінде дәрілік заттарды дайындауға арналған дистилденген суда алтын түстес стафилококктың бар-жоғы анықталды.
1-сұрақ: дистилденген судың ластануы мүмкін көзін атаңыз;
2-сұрақ: бұл жағдайда қандай шаралар қолдану керек;


5. Топыраққа санитариялық-микробиологиялық бақылау жүргізу кезінде әртүрлі микроорганизмдердің болуын анықтайды.
1-сұрақ: төмендегі микроорганизмдердің қайсысы топырақта анықталады: ІТТБ (БГКП), Clostridium perfringes, қызамық вирусы, дифтерия бактериофагы, Enterococcus faecalis;
2-сұрақ: аталған микроорганизмдер -микроорганизмдердің қандай топтарына жатады


6.Дәрілік заттарды дайындауда пайдаланылатын ыдыстар стерильденуге тиіс. Стерилизацияның мүмкін әдістерінің бірі-автоклавтау
1-сұрақ Стерилизация: түсінігі, мақсаттары, әдістері және аппаратурасы;
2-сұрақ Стерилизация режимінің тиімділігін бақылау, фармацевтикалық практикадағы маңызы.


7. Жол апатынан зардап шеккен адамға хирургиялық көмек көрсетілгеннен кейін сіреспеге қарсы сарысу енгізілді.
1-сұрақ: антитоксикалық және микробқа қарсы, гомологиялық және гетерологиялық Сарысулар, оларды алу жолдары.
2-сұрақ: асқынулардың алдын алу үшін препаратты қалай дұрыс енгізу керек


8.Фармацевтикалық кәсіпорында консерванттарды қолдану қажет бірқатар препараттар шығарылады
1-сұрақ: Консервация: түсінігі, әдістері.
2-сұрақ: фармацевтикалық тәжірибеде қолданылатын консерванттар және оларды қолдану тактикасы. Мысалдар келтіріңіз


9 Дәрілік заттарды дайындауда пайдаланылатын ыдыстар стерильденуге тиіс. Стерилизацияның қолданылатын әдістерінің бірі-автоклавтау
1-сұрақ: автоклавтау кезінде микробқа қарсы әсер ететін факторды атаңыз;
2-сұрақ: автоклавты қолдану арқылы зарарсыздандыруға болатын фармацевтикалық тәжірибеде қолданылатын заттардың мысалдарын атаңыз


10. Дәріханада әртүрлі дәрі-дәрмектер, соның ішінде көз тамшылары жасалады
1-сұрақ: өндіріу кезінде консерванттарды қолдану қажет пе;
2-сұрақ: егер қолдану керек болса, қолданған консерванттарға мысалдар келтіріңіз


11.Дәріхана мекемесіндегі бөлмелерге дезинфекциялық құралдармен жоспарлы өңдеу жүргізілді
1-сұрақ: жүргізілген дезинфекцияның тиімділігін қандай әдістермен тексеруге болады;
2-сұрақ: дезинфекцияның тиімділігі қандай факторларға байланысты;


12.Фармацевтикалық кәсіпорында санитарлық-микробиологиялық көрсеткіштердің нормативтеріне сәйкес келмеуіне байланысты дайын дәрілік заттар партиясы жарамсыз деп танылды.
1-сұрақ дәріханалардағы санитарлық-бактериологиялық зерттеу объектілері.
2-сұрақ дайын дәрілік заттардан санитариялық-бактериологиялық зерттеу кезінде анықталатын критерийлер

13. АИВ-инфекциясы. Микробиологиялық диагностикасы. ИФТ-тест жүйесі.


14 Анаэробты инфекциялардың лабораториялық диагностика алгоритмі
15. Гепатит қоздырғыштары. Микробиологиялық диагностикасы
16. Сальмонеллалар. Микробиологиялық диагностиканың ерекшеліктері
.17.Туберкулез қоздырғыштары. Микробиологиялық зерттеу алгоритмін толтыр
18.Шигеллалар. Микробиологиялық зерттеу алгоритмін толтыру
19. Эшерихия. Микробиологиялық зерттеу алгоритмін толтыру
20. Гонококкты инфекцияға зерттеу алгоритмін толтыру
21. Менингококкты инфекцияға зерттеу алгоритмін толтыру
22. Стрептококкты инфекцияға зерттеу алгоритмін толтыру
23.Стафилокококкты инфекцияға зерттеу алгоритмін толтыру





Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет