Пастельная Пузыри Базовая Простая Презентация



Pdf көрінісі
Дата14.10.2022
өлшемі248,45 Kb.
#43208


 Қазіргі білім беру
парадигмасындағы негізгі
бағыттар


Жоспар: 
білім берудегі дүниежүзілік
дағдарыстың негізгі
белгідері 
1
философия мен
педагогиканың байланысы 
2
болашақ мамандарды
даярлау барысындағы
тұлғалық, бағдарлық, іс
әрекеттік аксиологиялық
құдыреттілік тұрғыдан
қарау бағыттары
 
3


Жалпы парадигма дегеніміз – ғылымдағы
белгілі бір
тарихи кезең аралығында орын алатын
мәселені қою мен шешімін табудың, зерттеу
тәсілдерінің концептуалды моделі немесе
сызбасы. Ғылым философиясына бұл ұғымды
нормативті методологияны сипаттау
мақсатымен Г.Бергман енгізіп, ғылыми
революция теориясын сипаттайтын өзінің ұғым
жүйесін ұсынған Т.Кунмен дамытылды. Кунның
пікірі бойынша парадигмалардың ауысуы
ғылыми революцияны білдіреді.
«Парадигма» латын тілінен сөзбе-сөз аударғанда «үлгі» деген мағынаны білдіреді. Қазіргі заман педагогикасында ол білім берудің
концептуалды моделі ретінде қолданылады. И.А.Колесникованың айтуы бойынша «парадигмалардың көп түрлі болуы
педагогикалық өркениетпен байланысты, сонымен қатар адамзат табиғи педагогика кезеңдерінен және репродуктивті-
педагогикалық өркениетпен өтіп, препродуктивті-педагогикалық өркениетке өтіп жатыр.» 


Адамдардың әлеммен өзара әрекеттілікке түсінуінің түрлі
әдістерін игеру мөлшеріне қарай педагогикалық
парадигмалардың қалыптасуы болған және қазір де болып
жатыр. Қолданылатын парадигмалардың қай-қайсысы болса да,
жақсы немесе жаман болуы мүмкін емес. Олардың әрқайсысы
әлемді және педагогикалық объектілердің қабылдауына, оның
мәнінің түсіндірілуіне, оқу-тәрбиелік процестің құрылуына жауап
береді.
Білім беру парадигмалары:
Дәстүрлі-
консервативтік.
Бұл жерде
«консервативті
сөзі позитивті
жағында(яғни
білімнің
көмегімен
мәдениетті
тұрақтандыру,
сақтап қалу)
қолданылады. 
Рационалистикалық –
мәдениеттегі
шығармашылық
тәсілге сәйкес және
адамды мәдениетке
бейімдеу үшін
қолданылады.
Феноменологиялық
(гуманистік) – адамға
мәдениеттің басты
феномені, білім беру
субьектісі ретінде
қатынасу.


Е.А.Ямбургтың жіктеуі
бойынша: 
когинтивті-ақпараттық – бұл парадигма
адамзатпен жинақталған барлық білімді,
дағдыны, тәжірибені максималды көлемде
балаға берудің қажеттілігі туралы тұрақты
көзқарастан туындайды; 
тұлғалық- бұл назар баланың интеллектуалды
дамуынан эмоционалды және әлеуметтік дамуына
аударылады; мәдениеттілік – тез өзгермелі әлемде
тірі қалуға көмектесетін оңтайлы білім мен
дағдының балаға керек екендігін қолдай отырып,
мұғалімді негізгі міндеті- балалық тұлғасын
қалыптастыруға қарай бағыттайды.
компоненттілік – бұл парадигма когнитивті-
ақпараттықтан туындайды, бірақ онда
айырмашылығы – ол практикалық
бейімделуді күшейтеді, мобильді, дағдылы
етуді, оның тек фактілер жинағының иесі
ғана емес, сол фактіні алудың әдістері мен
технологиясының иесі ретінде де
қалыптасуына дайындауға ұмтылады. 


Білім беру
парадигмаларының түрлері
және олардың
сипаттамалары:


Эзотерикалық педагогика – біздің планетамыздағы ең көне білім беру парадигмасы, грек
тілінен аударғанда «эзотерикалық» деген сөз құпия, жасырын тек арнайы адамдарға
арналған (діни, сиқырлы, мистикалық) ұғымдарын білдіреді. Оның мәні – мәңгілік және
өзгеріссіз ретінде болатын ақиқатқа қатынас. Педагогикалық іс-әрекеттің жоғары мағынасы
оқушының ғарышпен байланысына қажетті табиғи күшті босату және дамыту, сонымен
қатар оқушының өте терең біліміне керекті табиғи күшті дамыту. Бұл парадигма бойынша,
оқу-ақиқатқа апаратын жол, оны оқу мүмкін емс, оған тек қосылуға болады. Осыдан
педагогикалық процесс – ғылыми-технократтық парадигмадағыдай хабар емес,
гуманитарлық парадигма дағы сияқты қарым- қатынас емес, бірақ ақиқатқа жақындау, оның
нәтижесінде «сезіну-күш» түсінігі туындайды. Бұл парадигма да адамның өзі әлеммен
ақпараттық өзара әрекеттің негізгі органы болып шығады. Мұндай логика оқушымен
жұмыстың ғылыми көзқарас динамикасын немесе бөлек білімді қарастырмайды. Мұнда
тәжірибе, жағдай, уайымдау динамикасы басымдылық көрсетеді. Оқушыны табу мен іздеу,
дайындау циклі адамның ішкі табиғатын қайта құрудың ұзақ мерзімді жұмысы.
Эзотерикалық дайындауда шыңдау, айтқанды орындау сайысы міндетті болып келеді, бұл
кезеңде оқушы үндемей, сұрақ қоймай, оқытушының барлық тапсырмаларын орындауға
міндетті.


Технократтық парадигма
Бұл парадигма жағдайында оқу-тәрбиелік процесстің нәтижесі «иә-
жоқ», «біледі- білмейді», тәрбиелі-тәрбиесіз», «игерген-игермеген»
деген жүйеде бағалануы мүмкін. Мұнда дайындық, білімділік,
тәрбиелік деңгейіне салыстыратын эталон, идеал, норматив болады. 
Қарастырылып отырған парадигмадағы философиялық-
педагогикалық сезіну деңгейіндегі «ғылым мен білімге махаббат»
негізгі орын алады. Ал балаға деген махаббат артық саналып, этикаға
сәйкес сыйластық пен танымдылық оның орнын басады деп
саналған. Бұл парадигмаға сәйкес оқушы мен ұстаздың еркіндіктері
қабылданған стандарттар мен нормативтер шегінде ғана болады.
Айтарлықтай теңдік болмайды, себебі барлық уақытша сол
параметрлер (жоғарыда айтылған) бйынша барлығы бір-бірімен
салыстырылады.
Ғылыми-технократтық парадигма алғашында ізденіс мүмкіндіктерінің
еңдігіне деген сенімділік логикасына сәйкес құрылған болатын.


Бихиевористік парадигма
Бихевиористік (рационалистік, тәртіптік) парадигма , оның негізінде
білім немесе мәдениет емес, психологиялық бейімделу –
бихевноризм жатыр. Бихевноризм – адамның сыртқы ортаның
әсеріне реакциясын қарастыратын, тәртіптің психологиялық теорисы:
стимул – реакция. Бұл теориямен мектептің рационалдық моделі
байланысты, модель мектепті – ортаға бейімделудің білім беру
механизмі ретінде қарастырады. Білім берудің басты принципі –
процестің сыртқы шарттарын реттеу және оған қатысушылардың кері
жауабын реттеу болып табылады. Бұл парадигма мектептегі
оқушының тиімді тәртібін қалыптастыру мақсатымен білім алу жолы
деп қарастырып, ұстанымы келесідей болыды: «Мектеп – фабрика, ол
үшін оқушы - «шикізат»».


Гуманистік парадигма 
Гуманистік (феноменологиялық) парадигм да басты назар оқушының дамуына, оның
интеллектуалдық қажеттілігіне, тұлға аралық қатынаста аударылады. Бұл білім беру
моделінің негізінде субъектілік-объектілік қатынас емес, оқушының дамуы, өзін-өзі
дамытуы, өзін-өзі қалыптастыруы, шығармашылығы және субъективтілік жатыр. Бұл
парадигманың негізгі қағидаларының бірі – бала мен ересектің құндылықты-мәндік
теңдігі, бұл жерде білім мен тәжірибенің бір деңгейде болуы емес, әрбір адамның
әлемді шексіз тану құқығында. Осыдан Е.А.Коменскийдің «бүкіл адамды барлығына
оқыту» идеясы шығады.
Гуманистік парадигма шеңберіндегі әрбір білім беру жүйесі шығармашылық ізденіс
жүргізіп, білім беру мен тәрбиелеудің өзіндік мазмұнын, әдістерін табады. Бұл бағыт
оқушының да, педагогтың да еркіндігі мен шығармашылығын қалыптастырады. Бұл
парадигма Ресейдің білім беру кеңістігіне 1991 жылдан кейін министрліктің бұйрығымен
емес, оқытушылардың ықыласынан білім беруге енген. Ол қазіргі заманда актуальді
болып саналлоды, себебі адамды жоғары деңгейге көтеретіндер «бұл – мәдениет, білім
мен табиғат феномені» деп қарастырады.


Гуманистік
парадигма өкілдері: 
Я.Корчак
Л.Н. Толстой
Ш.Т.Шацкий
В.А.Сухомлинский


Қорыта келгенде, қай уақытта болмасын қолданылатын блім беру парадигмаларының
бірде-біреуін жақсы немесе жаман деп айту мүмкін емес. Олардың әрқайсысы әлемді
және педагогикалық объектілердің қабылдауына, оның мәнінің түсіндірілуіне, оқу-
тәрбиелік процестің құрылуына жауап береді және негіз болады. Жоғарыда
айтылғандарды ескере отырып, білім берудің парадигмалары білім берудің мақсаттарына,
мектеп функциясына, мақсатқа жену әдістеріне, педагогикалық өзара әрекет сипатына,
білім берудегі оқушының орнына байланысты ажыратылатынын білдік. Олардың негізгі
сипаттамаларына қысқаша тоқталып кетсек, эзотерикалық парадигманың негізгі мәні
ақиқатқа барынша жақындау бокса, дәстүрлі-консервативтік парадигманың мақсаты –
ұрпаққа мәдени мұраны, құндылықтарды беру мен оны сақтау болып табылады.
Технократтықтың ұстанымы білімнің күштілігін үгіттесе, бихевиористік парадигма тәртіпке,
адамның сыртқы орта әсеріне деген жауабына негізделеді. Ал гуманистік парадигма
тұлғаның дамуына, өзін-өзі қалыптастыруы мен дамытуына баса назар аударады деп
қорытынды жасауға болады.


Назарларынызға
рахмет!
Орындаған: 
Құрманғазы Аружан
Аблаева Дильназ
Сырымқызы Аружан
Үрмеғали Ақжан
Алченбаева Гүлім 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет