Педагогическая



Pdf көрінісі
Дата21.01.2017
өлшемі71,41 Kb.
#2369

серия 

ПЕДАГОГИЧЕСКАЯ

109

счете, обеспечивает надежность учебно-профессиональной 

работоспособности студенческой молодежи.

Resume

This article considers the topical problems of improvement psychologi-

cal processes in physical culture activity, which helps students to evaluate 

instructional tasks more full and exactly, to recognize received information 

and to make necessary decisions. At the end, that all, ensure reliability of 

students’ instructional and professional potency.

ƏОЖ 882.151.212.2



АБАЙ ҚАРА СӨЗДЕРІНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ 

НЕГІЗДЕРІ

А.К. Рахимжанова 

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

«Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ 

халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс» [1],  

− деген елбасының ойлы пікірін тірек ете отыра, жас ұрпақтың санасына Абай 

Құнанбаетың  жеке тұлғаны үйлесімді қалыптастырудағы ой пайымдаулары 

мен психологиялық көзқарастарын ғылыми негіздеп, оны оқу үдерісінде 

жүйелі түрде қолдануын іске асыру.  

Абай – халқымыздың ұлы ойшысы. Абайдың «Қара сөздері» - терең 

пәлсапалық, этикалық, эстетикалық, философиялық және психологиялық  

ойларға толы, тіршілік түйткілдерін дәл болжай білген құнды мұра. Онда 

айтылған даналық ойларды жыл сайын оқысақ та, қайта-қайта оқысақ та 

зерікпейміз. Әр оқыған сайын көңілдегі көп сұраққа жауап алып, жаңа ой 

түйіндеп, басқаша тұжырым жасаймыз. 

Оның қара сөздерінің басты тақырыбы – адам, жеке тұлға, ал басты 

мақсаты - адам тәрбиесі. Адам болғанда да, адамдар үшін еңбек ететін, жан-

жақты жетілген адам. Абайша айтқанда, «толық адам». Ол «нағыз адам», 

«толық адам» қандай болу керек деген сұраққа жауап іздейді, әрі өзінің қара 

сөздерінде соған жауап береді. Ол адамды жан-жақты қарастырып, мінезін, 

өзін-өзі тануын, адамды жат қылықтардан аулақ болуға шақырып, керісінше, 

психология пәнінің зерттеу нысаны болып табылатын жоғары сезімдерге: 

махаббат пен парыз, борыш сезімдеріне тәрбиелейді.  Ақын: «үш-ақ нәрсе 

адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» [17-ші сөзі] деп, 

толық адамның қасиеттерін санамалап береді. Сондықтан Абайды таныту 

ісінде  психологияның сезінер жауапкершілігі де, қосар үлесі де ерекше.  



Вестник ПГУ № 4, 2010

110

Абай психологиядан арнайы еңбек жазбаса да, оның қара  сөздерінен 

осы ғылымның сан алуан мәселелеріне байланысты көңіл аударарлық түрлі 

ой-пікірлерді табуға болады. Ойшыл-ақынның ғақлия сөздерінде жалпы 

психологияның – жан мен тәннің арақатынасы, адамның психологиялық даму 

жолындағы тәрбие мен білімнің атқаратын қызметі, еңбек психологиясы, сондай-

ақ бала психологиясы мен қоғамдық психологияның жекелеген мәселелері де 

(адамның жеке басына және жасына байланысты ерекшеліктері, өзін-өзі тану 

мен таным процестері жайлы, ұлттық мінез-құлық т.б.) көрініс тапқан. 

Абай  мұраты – адамды адамгершілік, кісілік жағынан жетілдіру, 

қазақ қоғамын ілгері дамыған мәдениетті елдер қатарына қосу. Оның 

қара сөздеріндегі педагогикалық және психологиялық ой-пікірлері осыны 

дәлелдейді. Ол сомдаған  бірін-бірін толықтырып отыратын ұлттық бейнелер 

адамдарды бірлікке, еңбек етуге, адамгершілікке шақырған ұлттық мүддеден 

туған. 

Абай 19-шы қара сөзінде «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: 



естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды дағы, 

сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан 

сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады. Әрбір естілік жеке өзі іске 

жарамайды. Сол естілерден естіп, білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман 

дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, сонда адам десе болады» [3] деп ақыл-

естің тәрбиенің жемісі арқылы жетілетінін айтады.  Жалпы психологияда 

ес бір-бірімен ұштасқан дара бөлектерден құралған күрделі психикалық 

процесс ретінде қарастырылады. Ес адамға өте қажет жан құбылысы. Оның 

арқасында субъекті жеке басының өмірлік тәжірибесін жинақтап, сақтап, 

соңғы пайдасына жаратады. Адам баласының өткен тәжірибесінен қалған 

мәліметтерді жадында қалдырып, сақтап, кейін бұрын білгендерін жойып 

алмастан, оларды қайта танып, жаңғыртумен ақпарат топтауы – ес деп аталады. 

[6]. Осы тұжырымдамалармен Абайдың пайымдаулары  мағыналас.  Себебі, 

ақын адам баласы үшін дыбыстарға, табиғат көріністеріне, дәмге негізделген 

бейнелі естің, яғни түйсіктерге сәйкес келетін көру, есіту және дәмдік ес 

түрлері өте маңызды болып келетінін өз қара сөздерінде айтып өткен. 

Өзінің 7-ші  қара сөзінде Абай жас балада анадан туғанда екі түрлі 

қажеттіліктің болатындығын атап көрсетеді: «біреуі ішсем, жесем, 

ұйықтасам» деп туады. «Бұлар тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға 

қонақ бола алмайды, һәм өзі өспейді, қуат таппайды», екінші – білсем екен 

демеклік. Не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған 

қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, 

сырнай-керней болса, дауысына ұмтылып, одан ержетіңкірегенде ит үрсе де, 

мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «ол немене?», 

«бұл немене?» деп, «ол неге үйтеді?», «бұл неге бүйтеді?» деп, көзі көрген, 

құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі − жан 



серия 

ПЕДАГОГИЧЕСКАЯ

111

құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген» дейді Абай. Осындай 

айналасын қоршаған дүниені танып білуге құлшынуды, ұмтылуды Абай ең 

жоғарғы жан құмарлығы дейді.  

Абайдың айтуы бойынша жан жүректе орын тепкен. «Мен адамның 

денесінің патшасымын, қан менен тарайды, жан менде мекен қылады, менсіз 

тірлік жоқ...» [17-ші сөзі]. Жан адамның тыныс-тіршілігін, іс - әрекетін 

жүрек арқылы басқарады. Егер жан жетілмеген болса, онда адамның  

іс - әрекетінде де кемшілік болады. Ішкі дүниесі тазарып, жетілген адам 

ғана қателікке ұрынбай, өмірде жаңсақ баспай, дұрыс өмір сүре алады. 

Адам баласының бақыты оның жүрегінің тазалығымен тығыз байланысты, 

яғни «Үлкеннен ұят сақтап, кішіге рақым қылдыратұғын - мен, бірақ мені 

таза сақтай алмайды, ақырында қор болады. Мен таза болсам, адам баласын 

алаламаймын: жақсылыққа елжіреп еритұғын - мен, жаманшылықтан жиреніп 

тулап кететұғын - мен, әділет, нысап, ұят, рақым, мейірбаншылық дейтұғын 

нәрселердің бәрі менен шығады...» [17-ші сөзі] деп адамдарды ішкі жан 

дүниесі мен жүрегін таза ұстауға үйретеді Абай. [3]. Сонымен, жетілудің 

негізі –  жүректі жетілдіру екен. Бұл – адамның ішкі нәзік болмысын тазарту 

деген сөз. Абай өз қара сөздерінде жетілу жолдарын, олардың түрлі белестерін 

көрсетеді. Әрбір адам осы жетілу жолдарынан өте отырып өзінің қай деңгейде 

тұрғанын және өмірінің келесі белесін анықтай алады. Мәні терең ашылып, 

келешегі айқындалғанда ғана адам өмірі маңызды болмақ. Абай ілімі осылай 

әркімнің өмірінің мәнін ашып, оның келешектің жарқын жолына шығуына 

мүмкіндік береді. Кемелдену, жетілу – адам өмірінің мақсаты екенін 

айтады Абай. Жетілу дегеніміз не? Түрлі жетілулер бар. Мысалы, спортпен 

шұғылданып өзіміздің денемізді, күш-қуатымызды жетілдірсек, ал ғылым-

білім, өнерге үйрену арқылы ой-өрісімізді жетілдіреміз. Абай осыларды айта 

отырып, бұлардан гөрі маңыздырақ жетілу барын, ол – рухани жетілу, яғни 

жанды жетілдіру деп көрсетеді. 

Абай атамыз өзінің 37-ші қара сөзінде  «Адамның мінезін өзгертуге  

болмайды − деп айтқан адамның тілін кесіп  алар едім», ─ деген. [3]. Ендеше 

адам мінезінің қалыптасуы отбасы тәрбиесімен, қоғаммен, әлеуметтік 

ортамен тығыз байланысты. Мінез өзгермейтін тума қасиет емес, ол өмір 

тәжірибесімен  қалыптасады дейді ақын. Мінез құбылысын зерттейтін 

ғылым характерология  ұзақ даму тарихына ие. Осы ғылым саласындағы 

психологтар көптеген жылдар бойы мінездер типін саралап, адамның әр түрлі 

өмір жағдайларындағы әрекет-қылығын болжастыру мақсатында түрлі мінез 

сипатын нақтылаумен шұғылданып келеді. Олар адамның тума емес, өмір 

барысында қалыптасатын белгісі болғандықтан, мінез типтерін жіктеу көбіне 

тұлға дамуындағы сыртқы, жанама факторларға негізделетінін айтады. Ал осы 

бағытта ежелден өрістеп келе жатқан, мінез танудың психологиялық ғылым 

жүйесінде (жұлдызнама, физиогномика, хиромантия, дерматоглифика және 



Вестник ПГУ № 4, 2010

112

графология) адамның мінез бітістері тума қасиет ретінде қарастырады. Ал 

Абай «сүйекке біткен мінез сүйекпен бірге кетеді» дейтін теріс көзқарасты 

әшкерелеп, адам мінезі өмір барысынан сабақ алып, өзін қоршаған 

жағдайларға байланысты өзгеріске еніп, оның іс-әрекеттері арқылы көрінеді 

деген тұжырым жасайды. Адам мінезінің түрлерін адамгершілік, моральдық, 

имандылық тұрғыдан қарастырып, оларды жақсы және жаман деп жіктейді. 

Әдептілікті, сыпайылықты, құмарлықты, тәуелсіздікті жақсы мінезге; 

сенгіштікті, арсыздықты, мақтаншақтықты, қулықты, жауыздықты жаман 

мінез деп есептейді. 

Абай адамның танымдық қасиеттерінің табиғатын біршама материалистік 

тұрғыдан түсіндіреді. Сезіну және түйсіну мәселелерін де дәл осы бағытта 

талдайды. Ақын сыртқы дүниенің адамның сезім мүшелеріне әр түрлі сипатта 

әсер ететінін айта келіп: «Құлақ болмаса, не қаңғыр, не дүңгір,  жақсы үн, 

күй, ән – ешбірінен ләззәт ала алмас едік. Мұрын иіс білмесе, дүниеде болған 

жақсы иіске ғашық болмақ, жаман иістен қашық болмақтық қолымыздан 

келмес еді. Таңдай, тіл дәм білмесе, дүниедене тәтті, не қатты, не дәмдінің 

қайсысынан ләззәт алар едік? Бұлардың бәрі біздің пайдамыз емес пе?» 

[27-ші сөзі] дейді. [3].

Ақын ғақлияларында қоршаған әлемді тану үшін адамға қажет 

қасиеттерді атай келіп: «алдымен – «не көрдің, есіттің, әрнешік білдің, 

соны тездікпенен ұғып...» алу; екінші – «... бір нәрсені естіп, көріп білдің, 

қош келді, қазір соған ұқсағандарды тексересің. Түгел ұқсаған ба? Яки 

бір ғана жерден ұқсағандығы бар ма? Әрнешік сол іске бір келіскен жері 

бар нәрселердің бәрін бөтеннен хабарласып білмей, тыншытпайды» [43-ші 

сөзі] деп танудағы қызметін дұрыс түсіндіреді. Ақын: «Дүние бірқалыпты 

тұрмайды, адамның қуаты, ғұмыры бірқалыпты тұрмайды. Әрбір мақлұққа 

құдай тағала бірқалыпты тұрмақты берген жоқ. Енді көңіл қайдан бірқалыпты 

тұрады?...» [20-шы сөзі], деп табиғат қана емес, адамның да үнемі өзгеріп 

отыратындығына ерекше көңіл аударады. Абай адам мен жан-жануарлардың 

мінез-құлқындағы айырмашылықтарды: «Тегінде адам баласы адам 

баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады» [18-ші сөзі],  - 

деп ажыратып берді. Адамның ең басты артықшылығы оның қоғам пайдасы 

үшін белсенді әрекет жасай алатындығында, «қай өгіз шаһар жасап, құрал 

жасап; неше түрлі сайман жасап, сыпайылық шеберліктің үдесінен шығарлық 

қисыны бар?» [27-ші сөзі],  деп түсіндіреді Абай.

Өзінің 15-ші қара сөзінде Абай:  «Егерде  есті кісінің қатарында болғың 

келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасына бір, ең болмаса, айында бір, 

өзіңнен өзің есеп ал!» [2,3] деп, адамдарды өз ісі мен амал-қимылдарына 

талдау жасай білуге шақырады. «Сол алдыңғы есеп алғаннан бергі өмірді 

қалай өткіздің екен, не білімге, не ахиретке, не дүниеге жарамды, күнінде 

өзің өкінбестей қылықпен өткізіппісің? Жоқ, болмаса, не қылып өткізгеніңді 



серия 

ПЕДАГОГИЧЕСКАЯ

113

өзің де білмей қалыппысың?» деп, адамның өзін-өзі тәрбиелеу мәселесіндегі 

маңызды да мәнді іс-әрекетінің бірі – рефлексия екенін ерекше айтып өтеді. 

Сондай-ақ, ол әр адамды өз өмірін қалай өткізгені жайында, өз іс-әрекеттері 

мен қылықтарына талдау жасап, оған орынды баға беріп, жауапкершілігімен 

қарауына шақырады. Мұндай өз істеріне талдау жасау әрекетін көптеген 

педагог-психологтар рефлексия деп атайды. Елімізде 2002 жылы баспадан 

шыққан «Педагогика және психология» саласының түсіндірме сөздігінде 

«рефлексия» ұғымына төмендегідей түсінік берілген: «Рефлексия-субъектінің 

психикалық актілер мен күйлерді өзінше тану және талдау процесі. 

Рефлексия индивидтің өз санасындағы өзгерістер туралы ойлану процесі 

деген түсінік философияда қалыптасты. Ол бірде индивидтің өз ойларының 

мазмұнына шоғырландыратын қабілетпен теңестіріледі (Р. Декарт), бірде 

ішкі тәжірибемен, білімнің ерекше көзімен теңестіріліп, түйсіктен, сыртқы 

дүниеден бөле жара (Дж. Локк) қарастырылады. Рефлексия әлеуметтік 

психологияда әрекеттегі субъектіні басқа индивидтер мен қауымдастық 

қалай қабылдайтынын, бағалайтынын ұғынудың түрі іспеттес. Ол сонымен 

қатар, адамның өзі туралы білім және түсінік қана емес, өзгелердің өзіне 

деген көзқарастарының қалай екенін де анықтау».

Адамның өзінің өзіне беретін бағасы әрекетке ынталандырады және оның 

тиімділігін арттырады. Өзіндік бағаның мотивизациялық-психологиялық 

тұжырымдамасы жетістіктерге деген қызығушылықты өзіндік бағалаудың 

жүйесі ретінде қарастырады. Өзіндік бағалау адамның көңіл-күйіне, оның 

секемшілдіктен бастап жұмыста өзін-өзі ұмытуына байланысты. Сондай-

ақ өзіндік баға адамның психологиялық-физиологиялық, психикалық 

күйзелістері, оның өмірлік тәжірибесі, ол өмір сүретін ортадағы және өмірге 

келген қарым-қатынас жүйесінде детерминалданғандығымен ерекшеленеді. 

Өзіндік баға мен өзін-өзі сезіну арасындағы байланыс жөнінде өз кезінде  

И.М. Сеченов «Бала шақтағы өзін сезінуден ересек жаста пайда болатын 

актілерге сыни қарауға негіз болатын өзіндік сана туындайды» деген. Ендеше, 

осыған іспеттес Абай атамыздың айтқанына назар аударайық, «Бұл асқа 

келгенше, жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, әйтеуір бірталай өмірімізді 

өткіздік: алыстық, жұлыстық, айтыстық, тартыстық, әурешілікті көре-көре 

келдік. Енді жер ортасы жасқа келдік: қажыдық, жалықтық; қылып жүрген 

ісіміздің баянсызын, байлаусызын көрдік, бәрі қоршылық екенін білдік. Ал 

енді қалған өмірімізді қайтып, не қылып өткіземіз?» [2].

Қазақ әдебиетінің көгіндегі жарық жұлдызы ұлы Абай туралы Елбасы 

Н. Назарбаев «Абайдың мұрасы – қазақтың ең қасиетті қазынасы. Заманалар 

ауысып, дүние дидары өзгерсе де халқымыздың Абайға деген көңілі 

айнымайды, қайта уақыт өткен сайын оның ұлылығының тың қырларын 

ашып, жаңа сырларына қаныға түседі. Абай өзінің туған халқымен мәңгі  

бақи бірге жасайды, ғасырлар бойы қазақ елін жаңа биіктерге, асқар 



Вестник ПГУ № 4, 2010

114

асуларға шақыра береді»,- деп көрегендікпен айтқан сөзін іс жүзіне асыру 

ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса бермек. 

Психология ғалымы Т. Тәжібаев: «...Абай тек қана асқан кемеңгер 

ойшыл ақын ғана емес, сонымен қатар ірі философ, психологиялық білімдер 

жүйесін насихаттаумен айналысқан ғұлама. Ол ұлттық психологиялық 

ұғымдардың негізін қалады...» деп тұжырымдайды. 

Қорыта айтқанда, Абай тағылымы бүгінгі таңда да өміршең екендігі 

еш күмән туғызбайды.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Н. Назарбаев «Абай и наше время». «Абай, наследники на перепутье» 

- Алматы, 1995г.

2. Рухнама. Кереку-Баян кітапханасы // Абай Құнанбаев, 6-шы кітап., 

- Павлодар, 2003.

3. Абай Құнанбайұлы / Шығармаларының екі томдық толық 

жинағы.−Алматы: «Жазушы»., 2005., 2т. 

4. Әуезов  Мұхтар. Абайтану дәрістерінің дерек көздері  [Мәтін] / құраст. 

Л. Әуезова, М. Мырзахметұлы.- Алматы: «Санат», 1997.

5. Абай тағылымы [Мәтін]: әдеби-сын мақалалар мен зерттеулер / құраст. 

Н. Ғабдуллин.- Алматы:«Жазушы», 1986. 

6. Сыздықова, Рәбиға. Абай шығармаларының тілі [Мәтін]: лексикасы 

мен грамматикасы / жауап. ред. М. Балақаев ; Қаз.ССР ҒА ; Тіл білімі  

ин-ты.- Алматы: «Ғылым», 1968.

7. Сәбет Баб-Баба. Жалпы психология (Жантану негіздері). Оқу құралы. 

- Алматы −2004.

8. Психология/ Адамзат ақыл-ойының қазынасы. 8 т. - Алматы: 



«Баспалар үйі», 2006.

Резюме

В данной статье рассматриваются различные проблемы 

психологии, в том числе общей психологии – взаимная гармония 

души и тела, роль обучения и воспитания на пути психологического 

развития личности в словах назиданиях великого поэта казахского 

народа  Абая Кунанбаева.

Resume

The article deals with the different psychology common psychology, 

problems – harmony of soul and body, the role  of personality studying 

and  up- bringing on the way of  psychological development in the words 

of Kazakh people great poet  Abay Kunanbayev.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет