Педагогика және психология факультетінің



Дата01.04.2023
өлшемі36 Kb.
#78192



Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
Педагогика және психология факультетінің
6В010200-Бастауышта оқытудың педагогикасы
мен әдістемесі мамандығының студенті
Жаңабергенова Перизат Жаңабергенқызына
Мінездеме


Жаңабергенова Перизат Жаңабергенқызы 2023 жылдың 16.01-01.04. аралығында өндірістік практикадан өтті. Практика барысында Перизат қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру, қоршаған ортамен таныстыру, сөйлеуді дамыту, жаратылыстану пәндері бойынша бірнеше сынақ сабақтар және осы пәндер бойынша ашық сабақтар өткізді. Перизат өндірістік практикаға үлкен жауапкершілікпен қарады. Оның сынақ сабақтарда пайдаланған көрнекіліктері барлық әдістемелік эстетикалық талаптарға сай жасалып, қажетті дәрежеде қолдана білді. Жаңабергенова Перизат Жаңабергенқызы өзінің сабаққа және балаларға деген көзқарасымен тәрбиелігімен және әдіскерлерді риза етті. Өзінің Университет қабырғасында алған теориялық білімдерін практика жүзінде шындай білді.. Сабақтың әр кезінде көрнектіліктерді дұрыс қолдана білді. Әсіресе бекіту кезеңінде балалардың білімін пысықтаған кезде дидактикалық ойынның ұтымды пайдалана білді. Сабақтың осы кезінде оқушылар сабақ бойына алған білімдерін көрсетті.
21.02.2023 күні жаратылыстану пәнінен “Үйкеліс күші дегеніміз не?” тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ барысында қандай заттардан үйкеліс күші пайда болатынын зертеу жүргізіп,оқушылардың қызығушылығын оятты. Үш пәннен ашық сабақ өтіп,өз білімін жақсы көрсетті.Сергіту сәттерін жақсы ұйымдастырып, оқушыларды жақсы тыңдата білді. Перизат қызықты ойындар, сайыстар мен қоса қимыл- қозғлыс ойындарындар, психологиялық ойындар, рөлдік ойындар ұйымдастырды. Балаларға мақал- мәтел, тақпақтар жататып, балалардың бос уақытын құр жібермеді. Ата – аналарда Перизатты жақсы қабылдап, алғысын білдіріп жатты. Жауапкершілігі мол Перизат практикадан қалмай, үзбей келіп жүрді,белсенді жұмыс жасады.Перизат келешекте білімді, өз жұмысын жақсы атқаратын, жауапкершілікті сезінетін, шебер тәрбиеші болатынына сенімдіміз.




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет