Əлкей Марғұлан атындағы Павлодар Педагогикалық университетінің студенті Алимхан Қаракөз Өмірбекқызы, Молдажанова Адемай Жумагельдықызы. Жетекшісі: Əлкей Марғұлан атындағы Павлодар Педагогикалық университетінің оқытушысы, Бердібекова Жанар Маженовна Павлодар қ., Қазақстан Республикасы ҚОРШАҒАН ОРТАМЕН ТАНЫСТЫРУ КЕЗІНДЕ СӨЗДІК ҚОРЛАРЫН ДАМЫТУ
Аннотация. Адам өмірі табиғат аясында өтетіндіктен, ол табиғаттың тылсым тынысын, ішкі сырын білсем деп ғасырлар бойы армандап келеді. Табиғаттың ғажайып құбылыстарымен таныстыру, олардың мән-мағынасын ұғындыру арқылы жас жеткіншектерді жан-жақты тәрбиелеуге, зейінін,ойын, тілін дамытуға болады. Баланың тілін ұстартып, ақыл-ойын, адамгершілік талғамын дамытуда жұмбақтарды пайдаланудың мәні ерекше. Жұмбақ - ой гимнастикасы дейді педагог-ғалымдар. Қоршаған отрамен таныстыру кезінде оқытудың негізгі мазмұны - бақылау, қызықтау, саяхат,серуен т.б. түрін басшылыққа алу, түсіндіру, баяндау, әңгімелеу, сурет-картинканы пайдалану, психологиялық жеке жұмыс жүргізу, т.б. әдіс тәсілдерді пайдалану болып табылады.
Балаларға өскен ортасы, отбасындағы адамдардың қарым- қатынасы, балабақша, мектеп, ондағы адамдардың мамандықтары, республика рәміздері, оның авторы, Қазақстан жерін мекендейтін басқа ұлт өкілдерімен таныстыру ұсынылады. Жылдың төрт мезгілі, оның ерекшелігі, ай, апта, күн аттары, адамдардың машинист, жүргізуші, ұшқыш, шахтер тәрізді мамандықтары, олардың жыл мезгілінің барлық уақытында да жұмыс істейтіндігін әңгімелеу. Еңбек түрлерімен таныстыру, еңбек адамын құрметтеуге тәрбиелеу, балалардың бойында уақытты бағалау, тиімді пайдалану дағдыларын қалыптастыру. Уақытқа байланысты «Жыл мезгілі», «Бізде былай, ал сіздерде ше?»- дидактикалық ойындар баланың қиялын қанаттандырып, ойын дамытады. Мәселен: табиғаттағы маусымдық өзгерістерге байланысты күз мезгілі, күннің қысқарып, жамбырдың жиі жаууы, ағаш жапырақтарының сарғайып, құстардың жылы жаққа ұшуы, егін жинау, қысқа дайындық т.б.