Педагогика және психология институты



Дата03.12.2023
өлшемі96,58 Kb.
#134018

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті
Педагогика және психология институты



Әдістеме

Орындаған: Бақыт Сабина


Дефектология 1 топ(логопедия)
Қабылдаған: Ибатова Г.
Мақсат: Жануарлар төлдерін сөздік қорда бар жоғын тексеру.
Құрал-жабдықтар: заттық суреттер,дыбыстық жазба(күшік,бұзау,құлын,қозы)
Сипаттамасы: Логопед балаға заттық суреттерді көрсетеді(бұзау,құлын,қозы,күшік).Балаға суретте не бейнелегенін атауын өтінеді. Сонымен қатар жануарлар төлдерінің дыбыстық жазбасын балаға тыңдатады(күшік,бұзау,құлын,қозы). Естіген дыбыс қай жануар төлі екенін айтуын сұрайды.
Сөздік нұсқау: Берілген суреттерді ата.Саған қандай жануар ұнайды? Қай жануар төлінің дыбыс естіп тұрсың?

Мақсат:Баланың үлкен заттарды кішірейткіш сипатта айтқызу арқылы сөз тудыратын жұрнақтардың сөйлеу тілінде бар жоғын тексеру.


Құрал жабдықтар: заттық суреттер (үлкен доп-кішкентай доп,үлкен күрек-кішкентай күрек)
Сипаттама: Балаға заттық суреттер көрсетіледі(үлкен доп-кішкентай доп,үлкен күрек-кішкентай күрек).Не көріп тұрғанын атауын сұрайды.Қайссы үлкен,қайссы кішкентай суреттерге қарап көрсетуін өтінеді. Сөздік нұсқау береді: Суретте не көріп тұрсың? Доп қандай? Күрек қандай?

Мақсат:Баланың зат атауын мамандық атауына түрлендіруін тексеру арқылы қолданыста сөз тудыратын жұрнақтардың сөйлеу тілінде бар жоғын тексеру.


Құрал жабдықтар: заттық суреттер (тамақ,мал,етік)
Сипаттамасы: Логопед балаға заттық суреттерді көрсетеді. Суретте не бейнелегенін атауын өтінеді.Сөздік нұсқау береді: Суретте не көріп тұрсың? Тамақты кім пісіреді? Малды кім бағады? Етікті кім тігеді?

Мақсат:Түстерді айтқызу арқылы сөйлеу тілінде сөз түрлендіретін жұрнақтардың сөйлеу тілінде бар жоғын тексеру.


Құрал жабдықтар: түрлі түсті ойыншықтар (қанық қызыл- ашық қызыл, ашық көк-жабық көк)
Сипаттамасы: Логопед баланың алдына түрлі түсті ойыншықтарды береді.Тапсырманы түсіндіреді.Сөздік нұсқау береді:Ойыншықтардың түстері қандай? Оларды бір-бірімен салыстыршы.

Мақсат:Көптік жалғаудың сөйлеу тілінде бар жоғын тексеру.


Құрал жабдықтар: заттар (екі алма,төрт қарындаш,үш доп)
Сипаттамасы: Логопед баланың алдында заттарды қояды.Заттарды атауын өтінеді. Сөздік нұсқау береді: Заттарды аташы.Мен затты аз мөлшерде айтамын,ал сен көп мөлшерде айт.

Мақсат:Тәуелдік жалғаудың сөйлеу тілінде бар жоғын тексеру.


Құрал жабдықтар: сөмке,қуыршақ
Сипаттамасы: Логопед баланың алдына заттарды қояды,көрсетеді.Сөздік нұсқау береді: Мынау кімнің сөмкесі? Кімнің қуыршағы?

Мақсат:Жіктік жалғаудың сөйлеу тіліндк бар жоғын тексеру.


Құрал жабдықтар: Заттық суреттер (маман иелері:дәрігер,мұғалім)
Сипаттамасы: Логопед балаға тапсыраны түсіндіреді.Суреттен кімді көріп тұрғанын сұрайды? Сөздік нұсқау береді:Суретті көрсетіп: Ол кім? Сен кімсің? Деп сұрайды. Бала түсінбесе «ол дәрігер,мен мұғалім,сен бала» мысал келтіреді.

Мақсат:Ілік септік жалғауларының сөйлеу тілінде бар жоғын тексеру.


Құрал жабдықтар:заттық суреттер (мысық,піл,қоян)
Сипаттамасы: Логопед балаға суреттерді көрсетеді.Суреттегі жануарлардың құлақтарын бөлек көрсетеді. Сөздік нұсқау береді: Мынау ненің құлағы?

Мақсат:Барыс септік жалғауларының сөйлеу тілінде бар жоғын тексеру.


Құрал жабдықтар: сюжеттік суреттер (бақтағы балалардың суреттері)
Сипаттамасы: Логопед балаға сюжеттік суреттерді көрсетеді. Сөздік нұсқау береді: Балалар қайда жүр? Балалар алманы неге теріп жүр? Алманы кімге апарады?

Мақсат:Табыс септік жалғауларының сөйлеу тілінде бар жоғын тексеру.


Құрал жабдықтар:заттық суреттер (қоян,сәбіз,гүл,балалар,ана.)
Сипаттамасы: Логопед балаға заттық суреттерді көрсетеді. Сөздік нұсқау береді: Балалар қоянға нені берді? Балалар гүлді кімге берді?

Мақсат:Жатыс септік жалғауларының сөйлеу тілінде бар жоғын тексеру.


Құрал жабдықтар:заттық суреттер (қолында шары бар қыз, сөмке ұстаған бала.)
Сипаттамасы: Логопед балаға суреттерді көрсетеді. Суретте не көріп тұрғанын сұрайды: Сөздік нұсқау: Шар кімде?Сөмке кімде?

Мақсат:Шығыс септік жалғауларының сөйлеу тілінде бар жоғын тексеру


Құрал жабдықтар: заттық суреттер (анасынан доп алып тұрған бала, досынан қуыршақ алып тұрған қыз)
Сипаттамасы: Логопед балаға суреттерді көрсетеді. Сөздік нұсқау береді:Бала допты кімнен алды? Қыз қуыршақты кімнен алды?

Мақсат:Бейнелі суреттен сөйлем құрастыруын тексеру.


Құрал жабдықтар: бейнелі сурет (алаңда ойнап жүрген балалар)
Сипаттамасы: Логопед балаларға суретті көрсетеді.Суретте не көріп тұрғанын айтуын өтінеді. Сөздік нұсқау: Суреттен не көріп тұрсың? Балалар не істеп жатыр?

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет