«Әлімхан Ермеков атындағы мектеп -лицейі»КММ
бастауыш сынып мұғалімі
Омирбаева Майгуль Рымбековна
Кітапхана меңгерушісі
Байжуманова Саягуль Туяккызы
Тақырыбы: «Оқушы-ұстаз-ата-ана үштік одақ ынтымақтастығы» Сабақ түрі: тренинг
Мақсаты: Ата ана мен бала арасындағы ынтымақтастықты нығайту,
өнегелі сөздер арқылы оқушылардың ой-өрісін кеңейту. Мектеп, оқушы, ата - ана үштік одақ қауымдастығын нығайту.
Өтетін орны: Кітапхана
Барысы: Кітапханаға әуеннің ырғағымен кіріп алдарында тұрған көрнекіліктердің өздеріне ұнағандарын алып орындарына жайғасады.
Қатысушылардың бір - бірімен жақсы қарым - қатынасын арттыру мақсатында шаттық шеңберіне тұрып «Өрмекші торы» әдісі арқылы бір бірлеріне оралған жіпті лақтыра отырып өз өздерін таныстырып бүгінгі күнге сәттілік тілейді.
Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ата аналар және оқушылар! Бүгінгі іс-шарамызға алтындай уақыттарыңызды бөліп келгендеріңіз үшін сіздерге үлкен рақмет айтамыз, қош келдіңіздер!
Бүгінгі іс - шарамызда қазақ халқының ұлттық құндылығын дәріптеу мақсатында кейінгі ұрпағымызға үлгі ете отырып, әке мен бала арасындағы тәрбие қатынастарына байланысты отбасылық тәлімгерлік тренингімізді бастаймыз. Ойларыңызды ашық айтып, белсенді қатысып отырыңыздар.
1.Кіріспе. Әке-жарық дүниедегі ең жақын адамның бірі. Әкені сыйлау, құрметтеу, оның отбасындағы орнын қастерлеп, қадірлеу кез келген баланың перзенттік борышы. Әкесіз бала-жетім. Әке- асқар шың, бақыттың алтын бағы. Әке- баланың тірегі, лүпілдеген жүрегі, ойындағы санасы, өмірдегі панасы. Ол бала үшін барын аямайды, аялап тәрбиелейді, болашағына үнемі бағыт-бағдар беріп отырады. Халық ер адамды сыйлай білмесе тексіз деп атайды. Әке отбасының асыраушысы. Әкенің мінез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, өнері мен білімі баланың көз алдындағы үлгі-өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанасы. Бала мен әке ынтымағы болмаған жерде әке жылуы сезілмейді. Ер бала әкесімен сырлас, жолдас, дос. Ол әрқашан бір әрекет жасау үшін әуелі әкесімен сырласады. Әкенің берген тәрбиесін 100 мектеп те бер алмайды деп жатамыз. Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер, сондықтан да әкенің тәрбиесі дұрыс та, мейірімді болу керек.
Ұлттық тәрбие – кешегі өткен қариялардан, ғұлама, ойшылдар мен шешен-билерден, ақын-жыраулар мен сал-серілерден мұра, мирас болып қалған ұлы тәрбие құралы. Ата тәлімін алу болашаққа нық сеніммен қарау десем, қате айтпаспын.
Атадан — өсиет,
Анадан — қасиет – деп те бекер айтылмаған.
І кезең «Адамға ең алдымен тәрбие керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы»- деп Абу-Насыр Әл Фараби айтқандай қазіргі кезде көбіне бала тәрбиесімен аналар айналысады. Ал, отбасын асырап жүрген әкелеріміз балалармен қарым қатынасы қандай екен? Оны келесі кезеңнен білейік ... «Халық тәлімі-тәрбие бастауы» «Сіз балаңызды жақсы білесіз бе?» (сұрақ-жауап) 1.Балаңыздың туған күні?
2.Балаңыздың аяқ киім өлшемі?
3.Балаңыздың парталас көршісі?
4.Сынып жетекшісінің толық аты жөні?
5.Баланың сүйікті асы қандай?
6. Балаңызға қандай еркелететін сөз айтасыз?
7.Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?
9.Балаңыздың ең жақын досы?
10.Балаңыздың сүйікті пәні?
11. Балаңыздың дәптердегі жазуын табу (слайдтан)