Педагогика: Педагогика- грек тілінен аударғанда "пайдос"



Дата09.02.2023
өлшемі35,12 Kb.
#66631

[Фамилия]

Педагогика:

  • Педагогика- грек тілінен аударғанда “пайдос”-

  • бала, “аго”- жетелеу, яғни баланы жетелеу деген

  • мағананы білдіреді.

  • Кейін “педагогика” сөзі “баланы өмірге 

  • жетелеуші”, тәрбиелеуші, оқытушы, рухани және

  • дене дамуын бағыттаушы өнер дегенді білдірді.

  • Педагогика- адамдарды тәрбиелеу, білім беру 

  • заңдылықтары, принциптері, формалары мен 

  • Әдістері туралы ғылым.

  • Педагогика ғылымының алдында тұрған мiндеттердің күрделiлiгi бiздің қоғамымыздың барлық саласында жүрiп жатқан қайта құру процесiнен туындайды.

  • Қоғамның экономика мен саяси жүйесiндегi жаңаша ойлау, халықтың рухани байлығын жандандыру, адам факторын жетiлдiру мәселелерi үздiксiз бiлiм берудің бiрыңғай жүйесiнің ғылыми негiзiн анықтаумен байланысты шешiледi.

  • 1. Педагогика ғылымы алдындағы басты мiндеттердің бiрi - үздiксiз бiлiм берудің бiрыңғай жүйесiн жасау.

  • 2. Педагогика ғылымындағы негiзгi бағыттар халық ағарту жүйесiн, оқу-тәрбие процесiн интеграциялау, гуманитарландыру, интеллектуаландыру, индивидуализациялау және демократиялан­дырудың ғылыми теориялық принциптерiн ашу.

  • 3. Қоғам өмiрiндегi тәрбиенің ролi мен жеке адамның қалыптасуы туралы, теориялық мәселелердi айқындау педагогиканың негiзгi мiндеттерiнің бiрi.

  • 4. Бiлiм беру мазмұнының ғылыми негiздерiн жасау, жалпы политехникалық және кәсiптiк бiлiм берудің арасындағы қатынасты анықтау, оқу тәрбие процесiн оптималдандырудың тиiмдi әдiстерiн ашу, ғылыми практикалық мәнiн көрсету.

  • 5. Сондай-ақ маңызды мiндеттердің қатарына қоғамдағы мұғалiмнің әлеуметтiк орнын және оқу-тәрбие процессiндегi ұстаздың ролi мен маңызын көрсету және iлiмiздегi үздiксiз педагогикалық бiлiм берудің мазмұнын жасау, өздiгiнен бiлiм алудың ғылыми практикалық негiзiн айқындау жатады.

  • 6. Халық педагогикасының педагогика ғылымындағы орнын айқындау, ролiн көрсету және оның педагогикалық процесте жұзеге асырылу жолдарын айқындау.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет