Зорлық-зомбылықты алдын алу мақсатында балаларға бағытталған қатыгез қарым-қатынасты ерте анықтау және түзету жұмысын ұйымдастыру



бет1/6
Дата24.11.2023
өлшемі57,22 Kb.
#125539
  1   2   3   4   5   6




Тақырыбы:
Зорлық-зомбылықты алдын алу мақсатында балаларға бағытталған қатыгез қарым-қатынасты ерте анықтау және түзету жұмысын ұйымдастыру.

Алматы, 2023 жыл


Зорлық-зомбылықты алдын алу мақсатында балаларға бағытталған қатыгез қарым-қатынасты ерте анықтау және түзету жұмысын ұйымдастыру


Мақсаты: Оқушылар арасындағы зорлық-зомбылықты алдын-алу, анықтау және оны түзету, жолдарын ұсыну.
Міндеттері:
- «Буллинг» сөзінің мағынасын ашу және оның түрлеріне анықтама беру
- Зорлық -зомбылықтың пайда болу себептерін анықтау
- Мектеп ортасында сауалнама қолдана отырып, зорлық-зомбылықтың болуын немесе болмауын анықтау
- Зорлық -зомбылықтың алдын- алу мақсатында жаднамалар, ұсынымдар әзірлеу
- Зорлық - зомбылықтың алдын - алу мақсатында түзету жұмыстарын ұйымдастыру


1. «Буллинг» сөзінің мағынасын ашу және оның түрлеріне анықтама беру
Білім беру ұйымдарындағы зорлық - зомбылықтың сипаты мен табиғаты әртүрлі, бір мезеттік қорлау түрінде, немесе жүйелі түрде кемсіту және айдап салу (буллинг) түрінде де көрінеді. Зорлық - зомбылық физикалық және ауызша болуы мүмкін, зорлық - зомбылық әрекеттері мен жыныстық сипаттағы сөз айтуларда білдірілуі, айқын немесе айқын көрінбейтін гендерлік сипатқа бағытталған, материалдық пайдаға ұмтылу (бопсалау және заттар мен ақшаны тартып алу) сипатта көрінеді және барлық тартылған тараптарға әрқашан психологиялық жарақат келтіреді. Мектептегі айдап салу (буллинг) – белгілі бір балаға бағытталған қайталанатын агрессия, оның құрамында мәжбүрлеу мен қорқыту белгілері бар, кейде мұғалімдер тарапынан нақты немесе жасырын түрде қолдаулар болуы мүмкін фактор. Мектептегі айдап салу әртүрлі нысандарда пайда болуы мүмкін: физикалық және психологиялық агрессия, айқын қудалау және нашар қарым-қатынастың жасырын көрінісі. Буллингтің жасырын түрлеріне елемеу, бойкот (толық қарсылық білдіру) жасау, қарым-қатынастан шығару, әртүрлі манипуляциялар, теріс пікірлер мен өсектерді әдейі тарату және т.б. - баланың өзін қорғансыз сезінетіні, балалардың тобынан шығарылғандығы, жалпы қабылданбаған теріс ортаны құру жатады. Буллинг - бұл тартылған тараптар арасындағы билік тепе-теңдігін көздейтін физикалық және вербалды сипаттағы зорлық-зомбылық . Жүйелі зорлық-зомбылық - айдап салу немесе буллинг ерекше қауіпті. Оқушыға қысым бір адам (оқушы немесе мұғалім), сондай-ақ бір топ тұлғалар да көрсетуі мүмкін.
Буллингтің физикалық, психологиялық, экономикалық, жыныстық зорлық-зомбылық тәрізді түрлері болады. Қорлаудың осы түрлерінің бәрін біріктіретін бір қасиет бар, бұл- агрессиялық іс-әрекеттің әлсіз, қорғансыз адамға бағытталуы, жәбірлеуі. Әдетте агрессор (қорлаушы) немесе агрессорлар тобының іс-әрекеттері асқақтық сезімі мен аз да болса биліктің дәмін сезінуге бағытталған.
Буллингке адамдар үш тараптан қатысады: жәбірленуші, агрессор немесе куәгер ретінде. Бұл істің ең ауыр психологиялық зардаптарын бірінші кезекте жәбірленуші шегетінін айтпасақ-та белгілі шығар. Алайда, зерттеулер нәтижесі бойынша, қорлаудың теріс салдарлары куәгерлерге де, түптің түбінде тіпті агрессордың өзіне де келіп тиеді екен. Жәбірленуші үшін буллингің қаупі орасан зор, оның дәлелі ретінде әр түрлі деңгейдегі психологиялық және психосоматикалық аурулардың пайда болуы мен суицидтық ойларды келтіре аламыз. Буллинг жасөспірімдер арасында көптеп кездеседі. Статистикалық мәліметтердің хабарлауынша, 7 мен 15 жас аралығындағы мектеп оқушыларының 44 пайызы “буллинг-агресситі” болып келеді. Мектептегі қорлаудың жарқын мысалы ретінде Кеңес дәуірінде жарық көрген “Чучело” атты фильмді келтіре аламыз.
Буллигті қалай тануға болады және онымен күресу тәсілдері қандай?
Қорлану кезіндегі жәбірленушіден мынадай белгілерді байқауға болады: киімнің жыртылуы, зақымдануы, денедегі жарақаттар (дененің көгеруі), қымбат заттарының “жоғалуы”, тәбеттің төмендеуі, қорқынышты түстер, серуендеу кезіндегі мазасыздық, сыныптастарымен қарым-қатынасқа түсуден бас тарту, т.с.с. Буллинг құрбанына көмектесу үшін оны кінәламай, қолдау көрсетіп, демеу болу қажет. Жәбірленушіге оның жалғыз емес екендігін барынша көрсеткен дұрыс. Оны мазақ етіп, айтқан сөздерін елемеуге мүлдем болмайды. Сондай-ақ, жәбірленушіден көрген қорлығы мен тәжірибесі жайлы қайта-қайта сұрай беруге тыйым салынады. Жәбірленушіге агрессорлар өздерінің алдында өз құндылықтарын біреуді қорлау арқылы ғана арттыра алатындығын, сол себепті жазықсызға шүйлігетіндігі жайлы түсіндіру керек. Жәбірленушінің өзін мықты тұлға ретінде көрсетіп, күш қолдана алуы буллингті тоқтатуы мүмкін. Бірақ, өкінішке орай, көп жағдайда жәбірленуші бұндай әрекеттерге дайын емес, сондықтан көмекке мұқтаж болып келеді. Егер сізде сіздің жақыныңыз буллингтің құрбаны болуы мүмкін деген күдік пайда болса, дереу онымен осы жайтты талқылаңыз және әңгіме желісіне байланысты әрекет етіңіз. Мәселенің барлық маңыздылығын ескере отырып, жәбірленушінің сізге сенуге деген дайындығын байқаңыз. Жәбірленушіге көмектесу үшін мектеп әкімшілігіне хабарласыңыз, болған жайтты талқылау үшін агрессор мен ата-анасын шақыртыңыз. Осылайша сіз өз жақыныңызды қорғау үшін бәріне баратыныңызды көрсетіңіз. Егер бұл көмектеспесе, баспасөз бен құқық қорғау органдарына жүгінуіңізге болады. Сақтықта қорлық жоқ екенін естен шығармаңыз, жақындарыңызға жанашыр болыңыз!




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет