Педагогикадағы термин сөздер
1Адаптация /лат.бейімделу/ - органның, организімнің, жеке адамның немесе топтың сыртқы жағдайлардың өзгеруіне бейімделуі. Түрлері: физиологиялық, сезгіштің табалдырықтары төмендеп немесе жоғарылағанда түрақты әсер етуші тітіркендіргішке бейімделуі, әлеуметтік-психологиялық, яғни жаңа топқа енгенде, кәсіптің жаңа жағдайына бейімделуі.
2Акселерация - /лат. Acceieratio-жеделдету/- балалардың дене және психикалық дамуының тездету құбылысы. Ол ХІХ ғасырдың аяғы және ХХ ғасырдың басынан физиологтардың, педагогтардың және психологтардың зерттеу объектісіне айналды.
3Ақыл-ой тәрбиесi - ғылыми білімдер жүйесін, интеллектуалдық іскерлік пен дағдыларды, ғылыми-материалистік қөзқарасты, шығармашылық ойлауды, танымдылық қызметті, қабілетті, ой еңбегі мәдениетін қалыптастыруға арналған мақсатты бағытталған процесс.
4Аннотация - баспа шығармасына қысқаша сипаттама, яғни міндеті, мазмұны, формасы және т.б. ерекшеліктері көрсетіледі. Аннотация баспа шығармасының мазмұны, оның авторлары, жұмыстың оң жақтары туралы мәліметтер келтіріледі, түсініктеме немесе ұсынба сипатында болады
5Әдiс /гр. Metohodos - танып бiлудің немесе зерттеудiң жолы, теория, iлiм/ - танып бiлу жолы; iс-әрекеттiң, iстiң тәсiлi, шындықты менгерудiң практикалық және теориялық тәсiлдер мен операциялардың жиынтығы.
6Әдіс құрылымы – онда міндетті түрде тәсілдер және құралдар баршылық.
7Әдіснама - іс-әрекеттің теориялық және практикалық ұйымдастырудың және құрудың принциптерінің және тәсілдерінің жүйесі.
8Педагогикадағы әдіснама – тану принциптері, әдістері, формалары және процедуралары туралы ілім.
9Әдiстеме /методика/ - 1) бiр нәрсенi практикалық орындаудың әдiстерiнің, тәсілдерінің жиынтығы; 2) қандай да бiр ғылымды оқытудың әдiстерi туралы iлiм.
10Байқау - жеке адамның танып білгісі келген объектіні мақсатты, жоспарлау түрде қабылдауы.