Физиологиялық тістемнің түрлері Физиологиялық



бет1/4
Дата22.12.2023
өлшемі14,6 Mb.
#143039
  1   2   3   4
Байланысты:
АнатНурайка


  1. Физиологиялық тістемнің түрлері

Физиологиялық тістем - шайнау, сөйлеу қызметін толық қамтамасыз ететін және эстетикалық жағынан адамның бет әлпетін пішінін бұзбайтын тістем.


Жақ сүйектерінің дамуының жеке ерекшеліктеріне, тістердің орналасуына байланысты тістемнің физиологиялық бес түрі бар: ортогнатикалық, прогнатикалық, прогениялық, тік және бипрогнатикалық.
Тістемнің әр түрі үшін тек осы түрге тән тістер мен тіс қатарының арақатынасының негізгі, жалпы және ерекше белгілері анықталады. Жалпы белгілерге мыналар жатады: жоғарғы жақтың орталық азу тістерінің кесу жиектері жоғарғы еріннің қызыл шекарасының төменгі жиегі деңгейінде немесе оның астынан 1-2 мм шығып тұрады; беттің орталық сызығы жоғарғы және төменгі жақтың орталық азу тістерінің арасынан өтіп, жақтар мен тістерді екі тең, симметриялы екі жартыға бөледі; әр тістің екі антагонисті болады; жоғарғы жақ тістері аттас тістермен жанасады және төменгі жақ тістерінің артында, ал төменгі жақ тістері жоғарғы жақтың алдыңғы аттас тістерімен жанасады. Мысалы, жоғарғы жақтың азуы азу тісімен және төменгі жақтың бірінші премолярымен байланысады. Ерекшелігі - төменгі жақтың орталық азу тістері және жоғарғы жақтың үшінші азу тістері, олардың аттас бір ғана антагонисті бар. Сондай-ақ, әр түрлі тістем түрлерінің нақты белгілері бар.
Ортогнатикалық тістем басқа тістемдерге қарағанда жиі кездеседі. Ортогнатикалық тістемге тән қасиет-төменгі алдыңғы тістердің жоғарғы алдыңғы тістермен қабаттасуы. Қабаттасу тіс сауытының ұзындығының орта есеппен 1/3 құрайды. Төменгі алдыңғы тістердің кесу қырлары жоғарғы тістердің тіс төмпешіктерімен жанасады, сонымен бірге кесу-төмпешік байланысын құрайды. Жоғарғы жақтың әр тісі төменгі жақтың аттас және артқы жақ тістерімен байланысады, ал төменгі жақтың әр тісі жоғарғы жақтың аттас және артқы жақ тістерімен байланысады. Ерекшелігі- бұл төменгі жақтың орталық азу тістері және жоғарғы жақтың үшінші азу тістері, олар тек қарама-қарсы жақтың аттас тістерімен байланысады.
Тік тісте кезінде жоғарғы және төменгі жақтардың алдыңғы тістері жақ сүйегіне қатысты тігінен орналасқан кесу қырлары бір-бірімен байланысады. Молярлар мен премолярлардың қатынасы ортогнатикалық тістеммен бірдей болып қалады. Жалғыз айырмашылық, тік тістем кезінде, шайнау тістерінің төмпешіктерінің биіктігі ортогнатияға қарағанда біршама аз болады.
Физиологиялық прогенияға тән-жоғарғы алдыңғы тістердің төменгі аттас тістердің қабаттасуы. Бұл жағдайда төменгі тістердің тілдік беттері жоғарғы алдыңғы тістердің вестибулярлы беттерімен жанасады. Жоғарғы және төменгі жақ алдыңғы тістері альвеолярлы өсіндісімен жақ денесінен сәл алдыға қарай орналасқан.
Бипрогнатикалық тістем алдыңғы тістердің кейбір вестибулярлық бейімділігімен сипатталатын альвеолярлы өсіндімен жақ сүйегі денесінде орналасқан. Төменгі жақтың алдыңғы тістерінің жоғарғы жақ тістерімен қабаттасуы ортогнатикалық тістеммен бірдей.


  1. Патологиялық тістемнің түрлері

Патологиялық тістемдерде тіс қатарларының байланысуы, сондай ақ шайнау,сөйлеу қызметтері бұзылуымен қатар, науқастың сыртқы бет пішіні де өзгереді. Оларға прогнатия, прогения, терең тістем, ашық тістем, қайшы немесе қисық тістем жатады.


Прогнатия. Прогнатия жоғарғы жақтың шығыңқы орналасуымен сипатталады. Төменгі жақтың дистальды ығысуы немесе жоғарғы жақтың алға қарай созылуы алдыңғы және бүйір тістердің жабылуын бұзады. Прогнатияда жоғарғы тістер алға қарай итеріліп, олардың және төменгі тістердің арасында алшақтық болады. Көбінесе төменгі тістер шырышты қабыққа тиіп, жақ сүйектерін жабу кезінде зақымдайды. Молярлардың қатынасы келесідей: жоғарғы бірінші молярдың алдыңғы ұрттық төмпешігі төменгі жақтың бірінші молярының алдыңғы ұрттық төмпешігіне түседі. Айқын прогнатия жоғарғы тістер алға қарай қатты шығып, жоғарғы ерінді шығарады, оның астынан тістердің кесу жиектері көрінеді. Төменгі ерін жоғарғы тістердің астына түседі. Мұның бәрі науқастың сыртқы түрін бұзады және сонымен бірге сөйлеу мен шайнауды бұзады.
Прогения. Прогениялық тістем кезінде төменгі жақтың алға шығуы байқалады, нәтижесінде төменгі алдыңғы тістер жоғарғы тістерін жабады. Тістемде фронтальды тістердің тағамды кесуі қиын болады және бүйір тістерге ауысады. Бұл жағдайда бірінші жоғарғы молярлардың төмпешіктері екінші төменгі молярлардың төмепешіктерімен байланысады. Төменгі жақтың тіс доғасы көбінесе жоғарғы жақтан кеңірек болады, нәтижесінде төменгі шайнау тістерінің ұрттық төмпешіктері жоғарғы жақтың шайнау тістерінің сыртында орналасады. Прогения кезінде науқастың сыртқы түрі күрт өзгереді, сөйлеу және шайнау бұзылады.
Терең тістем.Терең тістемде төменгі күрек тістердің кесу қырлары жоғарғы иістердің төмпешіктерімен түйіспейтіндіктен терең жабылып тұрады.Төменгі күрек тістердің кесу қырлары жөғарғы тістердің мойны бөлігімен жанасуы мүмкін.Кейде мұндай байланыстың болмауы да мүмкін , бұл жағдайда тістер қызыл иекке тиіп , оны жарақаттайды.Терең тістеммен қатар , терең жабылу құбылысы болады.Терең жабылуда жоғарғы күрек тістер төменгі күрек тістердің биіктіктерін вертикал бойынша 1/3 бөлігінен артық жауып тұрады,бірақ кесу ұырлары таңдай төмпешіктерімен түйісуде саұтайды.Терең тістемде бұл түйісу болмайды.Терең жаьылу ортогнатиялық тістемнің анатомиялық варианты болып табылады,ал терең тістем ауытқушылыққа жатады.
Ашық тістем. Тістеудің бұл түрінде алдыңғы тістердің түйісуі болмайды, кейде тек молярлар байланысқа түседі. Терең функционалдық бұзылулар болады. Науқас тағамды молярмен тістеп, шайнайды. Молярлық шайнау аймағы азаяды. Тағамды шайнау қиынға соғады. Науқастың сөзі, сондай-ақ оның сыртқы түрі бұзылады.
Қайшы немесе қисық тістем. Қайшы тістем бір жақты немесе екі жақты болуы мүмкін. Қайшы тістем кезінде төменгі азу тістер ұрт төмпешіктерімен өздерінің аттас жоғарғы азу тістердің ұрт төмпешіктерін сыртқа жағынан жауып жатады. Алдыңғы тістер қалыпты жағдайда болады. Мұндай тістем жоғарғы тіс қатарының қысқаруы негізінде пайда болады.

  1. Жалпы ұйқы артериясының бифуркациясы

  2. Ішкі ұйқы артериясының бөлімдері

ішкі ұйқы артериясы(a.carotis.interna)


Canalis caroticus арқылы бас сүйек қуысына кіреді.
Топографиялык ерекшелігіне байланысты 4 ке бөлінеді:
1. Мойындырық бөлігі(pars cervicales) тармак бермейді
2. ұйқылық өзек бөлігі (pars carotycus)
- 2 тармак береді:
- дабыл ұйқылық тармақ(pars carotyca tympany)
- Қанаттәрізді өзек бойымен өтетін артерия( a.canaly pterygaidea)
3. Үңгірлік бөлігі(pars cavernous) 2 тармақ:
- үшкил нерв ганглионын қанмен қамтамасыз ететтін
- Мишық шатырын канмен камтамасыз ететин
4. Милық бөлігі(pars cerebralis) Ми негізі астынан шығады.
- a.cerebri media жане a.cerebri anterior дан
- Белизов сақинасы шығады
A.ophthalmica
- rami gypophysialis - гипофизды қанмен қамтамасыз етеді


  1. Ауыз қуысы



  1. Жұмсақ таңдай бұлшықеттері



  1. Қатты таңдайдың тесіктері

  2. Пирогов-Вальдейердің лимфоидты сақинасы



  1. Тіл. Бөлімдері мен беткейлері



  1. Тіл бұлшықеттері



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет