Педагогикалық қарым-қатынас және оның қызметі Педагогикалық қарым-қатынас, кезеңдері



Дата22.11.2022
өлшемі27,84 Kb.
#51865

Педагогикалық қарым-қатынас және оның қызметі


Педагогикалық қарым-қатынас, кезеңдері
Педагогикалық қарым-қатынас қызметі.
Педагогикалық қарым-қатынас құрылымы.
Мұғалім қарым-қатынасының стилдері.

Әдебиеттер тізімі:


Станкин М.И. Профессиональные способности педагога. М.: Флинта, 1998г.
Тұрғынбаева Б.А. Мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін біліктілікті арттыру жағдайында дамыту: теория және тәжірибе – Алматы, – 2005 ж.
Костихина Н.М. Педагогическое мастерство учителя. М.: – 1996. – 48 с.
Деркач А.А. Акмеологические основы развития профессионализма Москва – Воронеж, 2004. – 750 с

Педагогикалық қарым-қатынас — белгілі бір педагогикалық қызмет атқаратын, жәйлі психологиялық климат құруға және оқу іс-әрекетін, педагог пен оқушы арасындағы, оқушылар ұжымы ішіндегі қатынастарды психологиялық тиімді етуге бағытталған оқытушы мен оқушының сабақтағы және сабақтан тыс уақыттағы кәсіптік қарым-қатынасы. Қарым – қатынас сан алуан сипатта; оның көптеген формалары, түрлері бар. Педагогикалық қарым – қатынас адамдар қарым – қатынасының жекеше түрі. Оған осы өзара әрекет формаларының жалпы қасиеттері де, білім беру процесіне тән қасиеттері де лайық.


Педагогикалық қарым ‒ қатынас кезеңдері
Қарым-қатынас – адамдар арасында бірлескен іс — әрекет қажеттілігін туғызып, байланыс орнататын күрделі процесс екі немесе одан да көп адамдардың арасындағы танымдық немесе эмоционалды ақпарат, тәжірибе, білімдер, біліктер, дағдылар алмасу. Қарым-қатынас тұлғалар мен топтар дамуының және қалыптасуының қажетті шарты болып табылады.
Педагогикалық қарым-қатынас бір адам екінші адаммен тәжірибе (білім, икем, дағды, жалпы адамзаттық мәдениет, ұлттық құндылықтар т.б.) алмасқанда болады; ол әрбір профессионалды қарым-қатынаста болады, сондықтан да педагогикалық стильдерді кейде бізбен сипаттаған басшылық стильдеріне ұқсатады.
Педагогикалық стильдердің артық көруі мен адамдардың Мен-концепциясының арасындағы байланыс табылды: автократиялық стиль көбінесе өзін білмейтін және қабылдамайтын адамдарға сай, сынға жабықтығымен, ренжігіштігімен, эмоционалды регидтілігімен мінезделеді. Және, керісінше, демократиялық стильді ұстанатын педагогтарда әдетте позитивті Мен-концепциясы болады, ашық және мейрімді, сынға төзе алады, өзіндік ирониясы болады және өзіндік өзгеруге дайын.
Педагогикалық қарым-қатынастың мақсаттары туралы айта отырып, отандық зерттеуші А.Б.Орлов « мұғалімнің тұлғалық центрациясы » деген терминді қолданды, оның ойынша ол педагог іс-әрекетінің жүйе құраушы мінездемесі болып табылады, оның көптеген көрінулерін анықтайды : педагогикалық стиль, қатынас, әлеуметтік перцепция (14). Сөйтіп, педагогикалық іс-әрекет мұнда сонымен қатар рухани-дүниетанымдық компоненттен бастап сипатталады.Орлов әрбіреуі педагогикалық іс-әрекетте басыңқы бола алатын негізгі жеті центрацияны бөліп көрсетеді: эгоистік (өзінің ”Мен” қызығушылығында), бюракратиялық (администрацияның, басшылықтың), конфликтік (әріптестерінің қызығушылығында), авторитетті (ата-ананың, қатысушылардың), танымдық (оқыту және тәрбиелеу талаптарында), альтруистік (қатысушылардың қажеттіліктерінде), гуманистік (өзіндік мән мен басқа адамдардың-администратордың, әріптестердің, ата-аналардың, қатысушылардың мәндерінің көрінулерінде).Орлов бойынша центрация тәлімділік іс-әрекетінің әдісі мен сәттілігін анықтайды.
Басқа отандық зерттеушілер, бағдарлардың маңыздылығын мойындай отырып, көбінесе сабақ беруде қолданылатын тәсілдерге шоғырланады (11). Н.К.Марков пен А.Я.Никонованың ойынша педагогикалық стильдің негізінде мазмұнды сипаттамалар (педагогтың өз еңбегінің процесі мен нәтижелігіне бағдары, өзінің еңбегіндегі бағдарлық және бақылаушы-бағалаушы кезенін ашу, әдістемелілігі мен импровизациондылығы), динамикалық сипаттамалар (икемділік, тұрақтылық, бір нәрседен келесі нірсеге көңіл ауысымдылығы) және нәтижелілік (оқып жатқандардың білімдерінің деңгейі мен оқытудың дағдысы) жатыр. Авторлардың зерттеулері көрсеткендей педагогтың индивидуалды стилінің қалыптасу процесінде стильдің мазмұнды сипаттамалары өзгеруі мүмкін, ал динамикалық сипаттамалардың өзгеруі, яғни эмоционалдылық пен саналылықтың өзара өтуі анықталған жоқ.
Педагогикалық қарым-қатынастың негізгі функцияларын анықтау үшін жалпылай қабылданған классификацияға сүйенгеніміз дұрыс болады. (И.А.Зимняя, А.А.Леонтьев). Педагогикалық қарым-қатынас функцияларын анықтау көбінесе оқытушының өз қызметінде алға қоятын мақсатына байланысты: а) оқу-тәрбие материалдарын білім алушының дара ерекшеліктеріне қарай іріктеу, құру және олардың жеке тұлғалық үлгісін жобалау секілді конструктивтік қабілеті; ә) білім алушыны әр түрлі оқу әрекетіне қатыстырып, ұжымда тұлғаның белсенділігін көтеру сынды ұйымдастырушылық қабілеті; б) білім алушылармен жақсы қарым-қатынаста болу, олардың даму деңгейіне, талабына сай болу секілді коммуникативтік қабілеті.
Психолог Б.Ф.Ломов қарым-қатынас функцияларын анықтауда оның қайнаркөзі қатысымдық болатынын көрсететін классификация ұсынады: ақпараттық-қатысымдық, регуляциялық-қатысымдық және аффектілік-қатысымдық. Психологтың пікірінше, бірігіп жасалған әрекетте риторикалық негізге сүйену ұйымдастырушылық және конструктивтік функциялардың да қатысымдық екенін көрсетеді. Ұйымдастырушылық функция нақты тілдесім, қарым-қатынас кезінде жүзеге асады, конструктивтік функция қатысымдық кезеңге дейін көрінеді, дегенмен, бұл кезеңде де материалды сұрыптау, жүйелеу, ұйымдастыру айтатын сөзіне (тақырыпқа), адресанттың (мұғалімнің) қатысымдық ниетіне және адресантқа (нақты сол сыныптың оқушыларына) арналған сөзіне қатысты болады.
З.С.Смелкова аффектілі-қатысымдық функция педагогикалық тілдесім мазмұнын бере алмайтынын, сондықтан оның дәйексіз екендігін айтады. Оның орнына оқушының жеке қасиеттерін дамытуға, оның эмоциясына, перцептивтік қабілетіне бағытталған “тәрбиелеуші-қатысымдық” функцияны ұсынады [1].
Педагогикалық қарым-қатынасты талдауда қарым-қатынастың педагогикалық және нақты-қатысымдық бірліктері ұғымдарының шекарасын айырып көрсету қажет. Бұл екеуі бір құбылыс деп түсінеміз, алайда, біріншісі екіншісі арқылы жүзеге асатыны белгілі. Қатысымдық міндеттің педагогикалық міндетке теңестірілуі – тілдесім процесінің және бүкіл педагогикалық ықпал жүйесі тиімділігінің міндетті шарты [1].
Педагогикалық қарым-қатынас процесінде өте маңызды рөлге оқытушы ие болады. Мұғалімнің рөліне С.Т.Шацкий, В.А.Сухомлинский, К.Д.Ушинский және т.б. кеңес педагогикасының классиктері үлкен көңіл бөлді.
Оқытушы мамандығын әр түрлі мінезді, әр түрлі темпераментті адамдар меңгеретіндіктен, қарым-қатынас стилі де әр түрлі болып келеді. Қарым-қатынас стилі ұғымына В.А.Кан-Калик: “Қарым-қатынас стилі деп біз педагог пен оқушының әлеуметтік-психологиялық арақатынасының жеке-типологиялық ерекшеліктерін айтамыз: а) мұғалімнің қатысымдық мүмкіндіктері; ә) педагог пен оқушының өзара қарым-қатынасының қалыптасуы; б) педагогтің шығармашылық тұлғасы; в) оқушы ұжымының ерекшеліктері” деген анықтама береді [2].
Коммуникативті қабілет – оқушылармен тез қарым-қатынасқа түсу және олармен дұрыс қарым-қатынасты саќтап, ұстану дағдысы. Мұғалім оќушылармен ѓана емес, ќоѓамдаѓы барлыќ топ өкілдерімен, ата-аналармен тез тілтабыса білуі тиіс. Ол үшін мұғалімніњ бойында ашыќтыќ, аќжүректілік, елгезектік, шыншылдыќ, еркін сµйлей білу сияќты ќасиеттер болуы шарт. Егер мұғалім ќарым-ќатынасќа түсуде дұрыс әрекет етпесе, ол оќыту мен тєрбиені ќиындатады.
Коммуникативті қабілет – оқушылармен тез қарым-қатынасқа түсу және олармен дұрыс қарым-қатынасты сақтап, ұстану дағдысы, оқушылармен қалыпты дұрыс қарым- қатынас жасай білу, педагогикалық әдептілікті жетілдіру.
Мұғалім оқушылармен ғана емес, қоғамдағы барлық топ өкілдерімен, ата-аналармен тез тілтабыса білуі тиіс. Ол үшін мұғалімнің бойында ашықтық, ақжүректілік, елгезектік, шыншылдық, еркін сөйлей білу сияқты қасиеттер болуы шарт. Егер мұғалім қарым-қатынасқа түсуде дұрыс әрекет етпесе, ол оқыту мен тәрбиені қиындатады. Сабақты дұрыс өткізіп, оқушылар әрдайым тәрбиелік, оқу істерімен айналысса, мұғалімнің олармен тең іскерлік қарым-қатынасы- жоғары нәтиже мен тәртіпке.Дұрыс қарым-қатынасқа ықпал етеді.Коммуникативті қабілетті меңгеру үшін педагог мына талаптарды ескеруі шарт :
- Тиімді педагог бола білу керек, яғни оқушылармен демократиялық байланысқа түсе білу.
- Оқушылардың әлсіздіктеріне шыдай білу керек.
- Адамдарға жақсылық, қайырымдылық жасай білу керек.
- Әр оқушыға жеке тұрғыдан келу керек, яғни оқушылардың темпераментін білу керек.
- Оқушылардың істеген істеріне кімдердің ықпал еткенін білу керек.
- Баланы бір ғана ісі арқылы тануға болмайды.
- Қақтығысты жағдайларды болдырмауға тырысу керек, болған жағдайда одан шығудың тиімді жолдарын таба білу керек.
Мұғалім өзінің эмоциясын әрдайым ұстай білуі керек. [2.]
Қазіргі таңда оқушылармен тиімді қарым-қатынасқа түсе білу мұғалім үшін басты мәселенің біріне айналуда, себебі қоғамдағы жағдайлар, өзгеруі, отбасы жағдайлары, жаһандану үрдісі т.б.өзіммен бірге көптеген келелі мәселелерді әкелуде. Сондықтан мұғалім жаңа заман талаптарына сай, қарым-қатынасқа түсудің жаңа қырларын меңгере білуі тиіс. [ 2.]

Коммуникация – қарым-қатынасқа түсушілердің жеке-даралық қасиеттерін сақтай отырып әлеуметтік бірлікке жетуді көздейді. Сөздің лингвистикалық коммуникативітік сапаларын зерттейтін саласы сөйлеу мәдениеті туралы ілім деп аталады. Оның пәні сөздің (сөзжасамның ) оның коммуникавтік әсері тұрғысынан алғандағы тілдік құрылым.


Қарым- қатынас дегеніміз – адамның өзге қоғам мүшелерімен өзара әрекеттесуінің айрықша формасы. Қарым- қатынастың вербалды, бейвербалды түрлері бар. Олар коммуникавтік , интегративті, прецептивтік қызметтерді атқарады.
Коммуникативтік процесс кезінде оған қатысушылар бір- біріне вербалды, акустикалық, кинестикалық, кеңістік, мінез-құлық, жүріс- тұрыс (әдеп) түріндегі ықпалдармен өзара әсер етеді. Өйткені сөздерді айту, сөйленім процесін жүзеге асырудағы ең басты әрекет алайда оның бірден- бір шарты емес.
Вербалды интерактіні бұлай түсіндіру негізінде тіл құбылыстарын функционалдық тұрғыдан зерттеу жатыр. Мұнда табиғи, ауызша сөз жүзеге асыратын орын (кеңістік кадр) оны нақты орындаушылар (қатысушылар) олардың мақсаты т.б. Факторлар аса маңызды . Осы факторлардың әр түрлігі белгілеріне сүйене отырып, вербалды интерактінің әңгіме, диалог, сұхбат, интервью, пікірталас, жарыссөз, сияқты арнаулы типтері жатады. Ш.Н. Нұрғожинанның зерттеулерінде арнайы қарастырылады. Зерттеуші интерактіні бұдан бөлек анағұрлым институционалды сипаттағы түрлерінің болатынын атап көрсетеді.
Қатысымдық әрекет негізінде оқытудың мазмұны жалпы оқытудағы қарым-қатынас үдерісінің моделі ретінде болады. Сондықтан баланың сөйлеу тілін дамытуда қатысымдық әрекет танымдық оқыту үдерісінің әдістемелік танымы ретінде қарастырылады.
Коммуникативтік біліктілік кәсіби мәдениеттің құрамдас бөлігі. Бұл жөнінде ғылыми пікір білдіруші ғалымдар: Н.В.Кузьмина, Л.Л.Майер, А.К.Маркова, А.И.Мищенко, И.И.Рытанова, Г.Н.Сериковтар коммуникативтік біліктіліктің педагог тұлғасының бойына қатысты жалпы біліктіліктер қатарына ерекше орын алатынын атап өткен болатын.
М.В.Сименованың пікірінше, коммуникативтік біліктілік педагогтың кәсіби қарым-қатынастың тиімділігінің деңгейін және қарым- қатынас мәдениетін, педагогикалық технологиясын, перспективті біліктілігінің қалыптасуын сипаттайды. Сонымен қатар зерттеуші-ғалым қарым-қатынасты педагогтың басты құралы деп, педагогикалық қарым-қатынас жалпы психологиялық заңдылықтармен тығыз байланыстағы, адамның өзгелермен байланыс жасауымен бір түрі болып саналатын, коммуникативті, интерактивті және перцептивті компоненттерден құралатын өзіндік ерекше қасиеті бар қарым-қатынастың спецификалық формасы, деп санайды.
А.Б.Ынтықбаева болашақ педагогтың коммуникативтік іскерліктерін, дағдыларын қажетті сезімі мен көңілін білдіре алу, оқушылар арасындағы өзара қарым-қатынас орната білу, проблемалық іспен айналасу, оқушылармен ортақ тіл таба алу қасиеттері арқылы көрсетеді, дейді. Ал А.А.Леонтьев мұғалімнің коммуникативтік біліктіліктерін ерік жігерлілік қасиеті ретінде қарастырып, оған өзінің мінез-құлығы мен жүріс-тұрысын қадағалау іскерлігін, өзінің ықылас көрсетуін, қадағалай білуін, адамдардың жүзіне қарап, көңілін таба білуін, оқушымен дұрыс, әрі тартымды байланыс жасай білу іскерліктерін жатқызады.
Ж.Р.Бәшірова коммуникативтілік біліктілікті жалпы педагогикалық біліктіліктің құрамына жатқызады. Коммуникативті біліктілік тұлғааралық қарым-қатынас нормаларын меңгеруді, ықпалдасуға әзірлікті, өзін-өзі мен өзіндік рефлексия тетіктерін меңгеруді, өзін-өзі танып білуді (самопознание), өзін-өзі объективті бағалау сияқты тұлғалық сапаларды біріктіреді. Коммуникация – қарым-қатынасқа түсушілердің жеке-даралық қасиеттерін сақтай отырып әлеуметтік бірлікке жетуді көздейді. Олай болса, педагогикалық коммуникация – тұлғааралық қарым-қатынас нормаларын және психикалық жағынан өзін-өзі реттеу мен өзіндік рефлекия түтіктерін меңгеру арқылы өзін-өзі танып білуге (самопознание), өзін- өзі объективті бағалауға, ықпалдасуға дайындығы негізінде қарым-қатынасқа түсушілердің жеке-даралық қасиеттерін сақтай отырып әлеуметтік бірлікке жетуді көздейтін оқытушы мен оқушының өзара байланысының сипатын анықтайтын әдіс- тәсілдердің тұтастығы.
Педагогикалық кәсіби әрекеттің тиімділігі көбінесе қарым-қатынастың қалыптасқан стиліне байланысты жүзеге асады. Біздің ойымызша коммуникация ақпарат алмасу, өз ойын білдіру, идеясын, білімін танытумен қатар жаңа түсініктер, білім, таным мен адамдардың қалыптасуының негізгі себебі. Педагогтың коммуникативтік біліктілігі педагогтың өз қоғамдық статусы мен қабілеттіліктердің шеңберінде кәсіби қызметті іске асыруда аса қажет.
Оқытушының коммуникативтік біліктілігі тілдік — әдеби тілдік норманы; кәсіби – білім, білік, дағды, іскерлік қасиеттерді; қоғамдық-мәдени-ұлттық және әлемдік мәдени ерекшеліктерді игеру, қоғамдағы ұстамдылық, тілдік этикетті сақтау сияқты құзыреттіліктер тұтастығынан көрініс береді. Соңғы жылдары білімнің бұл түрі «риторикалық білік», «сөйлеу мәдениеті» терминдерімен беріліп жүр. А.Қыдыршаевтің пікірінше риторикалық біліктілікті сақтау үшін әрбір маманның кез-келген педагог-лектордың төмендегідей кеңестерді басшылыққа алуы аса пайдалы:
Сөйленер сөзге даярлықты тақырыпқа сай келетін жетекші құжаттар мен нұсқаулады талқылаудан бастап, тақырыпты таразылай келе, объективті тұрғыда негізгі ойды нысанаға алу, теориялық жағынан даярлығы мықты саяси тұрғыда сауатты оқытушы ғана сөйленер сөздің нысанасына терең бойлай алмақ. Демек, оқытушының біліктілігін басты бір көрсеткіші оның коммуникативтік мәдениет деңгейі болмақ.
Келесі заңдылықтың табиғи арнасы ежелгі дәуірден бастау алады. Мәселен, ежелгі софистердің пікіріне жүгіне айтар болсақ, даналыққа ұмтылушы талантты ұстаз үш түрлі қасиетке ие болуы тиіс:
1) ойлана білу; 2) өз пікірін үйлесімді айта білу; 3) өз міндетін жақсы атқара білуі керек. М.М.Сперанский кімде-кім адамдармен істес болғысы келсе, «жақсы ойлана білуі өз алдына, одан да жоғары ғажап сөйлей білуі тиістігін» жазады.
Алғашқы кезекте педагогикалық іс-әрекеттің барысында шешендік өнердің элементтерінің практикалық тұрғыда қолдану мәселесі ойлантады. Көне Римнің мыңдаған жылдар бұрынғы шешені, шешендік өнер теоретигі Цицерон «ақын болып туады, шешен болып шығады» деп ақылдық тума талантқа, ал шешендік көп оқып, ізденіп, көп сөйлеп жаттығушылыққа байланысты деген. Осыған байланысты ата-бабаларымыздан қалған «Көре-көре көсем болады, сөйлей-сөйлей шешен болады,» — деген, сөзі бар емес пе еді. Демек, тілді әлеуметтік құбылыс десек, ол адамның қоғамда біртіндеп әлеуметтенуі арқылы тілдік ортаның әсерімен жүзеге асады. Цицерон айтқандай шешендік өнерді жетілдіруге әдістемелік білік-дағдылар жүйесін жете меңгеру арқылы өтуге мүмкінідік береді,-деп тұжырымдайды А.Қыдыршаев.
Риторикалық біліктілікке коммуникативтік біліктіліктің мынадай түрлерін жатқызсақ болады: сөздің сауаттылығы, логикалық жүйелілігі, таза дәлдігі, сөз қорының байлығы, анықтылығы, сыйымдылығы. Риторикалық біліктің мәні педагог сөзінің нанымдылығын, тілдің тарихи нормамен құрылуын, педагогикалық эффектінің болуын (психологиялық механизм негізінде) қамтамасыз етеді. Коммуникативтілік білік пен риторикалық біліктің бірлескен тұсы коммуникативтік біліктілікке ұштасады.
Е.Нусубалиева шетелдік ғалымдардың пікіріне сүйене отырып мәдени коммуникативтік қарым-қатынас шеберлігінің мынадай факторларын анықтаған болатын, олардың бір қатарын атап өтер болсақ: түрлі мәдениет үлгілеріне бейімделу, қарым- атынасты жеңілдету қабілетінің болуы, мәдени эмпатия, мәдени өзара қарым-қатынас, тұлғаның өзін және мәдениетті сезінуі, этноцентризмнің болмауы. Оқушыларды мәдени коммуникативтік қарым- қатынас тәжірибесіне оқыта отырып біз олардың адами қасиеттерін, ізгілікке деген азаматтық ұмтылыс, әдіскерлігін; өзгенің сезімін бағалап, жағдайын түсіне білуге, яғни жалпы айтқанда мәдениеттілікке тәрбиелей аламыз.
Педагогтың коммуникативтік қарым-қатынас кәсіби тұлғаның айнасы десек артық айтқандық болмас. Біздің пайымдауымызша, коммуникативтік біліктіліктің даму шарттары негізгі атқаратын қызметіне сай келуі керек, және де нәтижесінде біліктіліктің мынадай сипаты көрініс беруі шарт:
— педагогтың қарым-қатынас жасаушы адаммен тілдік және тілдік емес өзге де тәсілдер арқылы ақпарат алмаса отырып, оның өзіне тән ерекше қасиеттеріне болжам жасап, ескере алу қасиеті.
— Белгілі бір қоғамдық құнды мақсаттарға қол жеткізуге (мысалы; тұлға мәдениетін қалыптастыру тіл арқылы) ұмтыла отырып, бағдарлама, әдіс- тәсіл, техниканы, қарым-қатынасты құру арқылы ортақ әрекетті ұйымдастыру;
қарым-қатынас жасаушы жеке тұлғамен немесе топпен тіл табыса алуы және қалай қабылданатындығын түсіне алу қасиеті.
Мұндай сипаттағы педагогтың коммуникативтік біліктілігінің ары қарай дамуы барысында оның даму моделі түзіледі. Бағдарлап қарайтын болсақ ол өзінше бірнеше кезеңнен тұрады:
Зерттеу кезеңінде педагогтың коммуникативтік біліктілігінің даму деңгейін анықтау үшін экспресс диогностика әдістері қолданылады (тест, анкета).
Ақпараттық – негіздік кезеңнің мақсаты – педагог әрекетінің күрделі мәселелерін көрсету. Нәтижесінде педагогтың «Мен — концепциясының» және кәсіби дамуының оянуы, коммуникация сферасында туындаған тәжірибелік қиындықтардың туу себептері айқындалады.
Жобалық – ұйымдастырушылық кезең педагогтың өзін-өзі дамыту немесе кәсіби даму бағдарламасын құруды ұсынады.
Қорытындылау кезеңінде соңғы әрекет коммуникативтік біліктілігінің дамуының дәрежесінің көрсеткіштерін қайта қарастырып, тексеруге бағытталады.
Бұл педагогтың коммуникативтік біліктілігінің дамуының педагогикалық – ұйымдастырушылық және психологиялық – педагогикалық жүйесінің жағдайына қатысты өзгеріп отырады.
Мұғалім қарым-қатынасының стилдері.

Қарым-қатынас екі жақты мәнге ие: қатынас және өзара әсер ету. Бұл айсбергтің су асты және су үстіндегі бөліктеріне ұқсас. Мұндағы көрінетін жағы – сөйлеу және сөз қимыл-әрекеттері, көрінбейтін ішкі жағы – қажеттіліктер, мотивтер, қызығулар, сезімдер және т.б. адамды қарым-қатынасқа бағыттайтын әрекет-қимылдар, толғаныстар.


Зерттеулер нәтижелері төмендегілерді аңғартады: балаларға әрқашанда олардың көңіл-күйіне тұрақты қатынаста болатын, оқу әрекеттері мен мінез-құлқындағы кемшіліктерге іскерлікпен қарайтын, олармен байсалды және бірқалыпты мәнерде қарым-қатынас жасайтын оқытушыларға олар әрдайым еркін, сеніммен тілдесетін болады.
Оқушыларға ұнамсыз қарым-қатынаста болу (“сыныптарың жыныма тиді”) , оқытушының тұрақсыз позициясы (көңіл-күйіне қарай жиі өзгеруі) балаларда оған деген сенімсіздік, жағымпаздық, жалған сөйлеу және т.б. ұнамсыз қасиеттерді оятуы мүмкін. Мұндай жағдай жалпы оқу-тәрбие процесіне нұқсан келтіреді.
Жалпы алғанда, зерттеушілер оқытушының сынып ұжымына бағытталған негізгі үш түрлі қатынас стилін ажыратып, қарастырады: тұрақты-ұнамды, төменгі дәрежелі ұнамды, тұрақсыз кейде балаларға ұнамсыз, тұрақты ұнамсыз қарым-қатынаста болатын оқытушылар да кездеседі.
А.А.Леонтьевтің пікірінше: “ұнамсыз, тұрақсыз” оқытушылар өздеріне ұнамсыз көзқарастар келіп шығуына жағдай жасайды. Демек, олар мектепке қайшы, жалпы қоғамға қарама-қарсы әрекетте болады деген сөз.
Психологияда қоғам мүшелерімен қарым-қатынаста болатын әртүрлі басшылық, жетеекшілік ету түрлері анықталған. Оқытушы да өз әсерін жүзеге асырушы басшы болып есептеледі. Басшылықтың негізінде үш стиль кездеседі (әсер ету бағытына қарай). 
Авторитарлы стиль.
Оқытушы өз бетінше , жеке топтың жұмыс бағытын анықтай отырып, кім-кіммен отыруы және жұмыс істеуі қажеттігін көрсетеді, оқушылар тарапынан кездесетін әрқандай белсенділік шектеледі, оқушылар күмәндану үстінде болады. Өзара әсер ету формалары – бұйыру, көрсетпе, инструкция, жазалау.
Кейде берілетін алғыс, ризашылық та бұйрық немесе кемсіту түрінде жарияланады. “Бүгін сен жақсы жауап бердің. Сенен мұны күтпеген едім”. 
Демократиялық стиль.
Бұл стиль ұжым мүшелерінің пікірлеріне сүйенген жағдайда көрініс табады. Оқытушы істелетін жұмыстың мақсат-міндеттерін әр бір оқушы санасына жеткізуге әрекеттенеді. Олардың барлығын еңбек процесіне белсенді қатыстырады, өз міндетін тек бақылау мен басқаруда деп білместен, тәрбие беру деп те түсінеді. Әрбір оқушы марапатталып бағаланады, және онда өз-өзіне сенім арттырылады, өзін-өзі басқару дамытылады.

Либеральдық стиль.


Бұл стильдің мәні – тәртіпсіздік, бейғамдық. Оқытушы ұжым өміріне араласпауға әрекеттенеді, белсенділік жоқтың қасы, сұрақтар немқұрайды талқыланады, кейбір қарама-қарсы пікірлерге тосқауыл жасай алмайды. Ұжымда тәртіпсіздік күшейеді. Оқушыларда ұнамсыз пікірлер мен көзқарастар пайда бола бастайды. Мұндай оқытушының авторитеті ізет-құрметі жөнінде әңгіме болуы мүмкін емес.
Авторитарлық тстильде басқаруда топтағы жұмыс нәтижелі күйде болып жатқандай етіп көрсеткенімен, онда күрделі ауыр психологиялық жағдай туындайды. Мұндай стильде ұжымның даму кезеңдері төмендейді, социологтардың пікірінше мұндай ұжымда тәртіпсіздік күшейе түседі. Оқушыларда төңірегінде кісілер жөнінде ұнамсыз көзқарас пен пікірлер пайда болады.
Ең ұнамды стиль – бұл демократиялық стиль деп есептелінеді. Сандық көрсеткіштер төмендесе де жұмыс істеуге деген қызығушылық , ынта мұндай ұжымда төмендемейді (басқарушы болмаса ды), мәселелерге шығармашылықпен кірісу күшейеді, жауапкершілік сезім артып, ұжыммен мақтаныш ету дами түседі.
Ең талапқа жауап бере алмайтын стиль – либералдық стиль деп білу керек. Бұл басқару стилінде жұмыс әрі нашар және сипатсыз орындалады.
Авторитаризм педагогтің қалыптаспағандығынан, мәдениеті төмендігінен, балалардың жеке ерекшеліктеріне мән бермеуі, менсінбегендігінен, балалар өмірін белсенділік, шығармашылықпен ұйымдастыру принциптерін тән алмағандығынан пайда болады.
Басқарудың авторитар тәсілінен арылу үшін ұжымда жоғарғы деңгейдегі моральдық қатынастарды, педагогта адамгершілік рухында қалыптасқан көзқарастарға негізделген шын мәніндегі қарым-қатынас мәдениеті, педагогтің басқарумен біте қайнасқан өз-өзін басқаруды орнықтыру және дамыту қажет болады. 




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет