Сабақтың тақырыбы Аммиак. №12 зертханалық тәжірибе «Аммиак молекуласының моделі»



Дата31.03.2022
өлшемі25,6 Kb.
#29380
түріСабақ
Байланысты:
аммиак 12 зерт ж


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Сынып: 9

Күні:

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Аммиак. №12 зертханалық тәжірибе «Аммиак молекуласының моделі»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Аммиактың молекулалық, электронды және құрылымдық формуласын түсіндіру.


Бағалау критерийлері

Аммиактың электрондық формуласын құрастырады

Аммиактың құрылымдық формуласын құрастырады

Аммиак молекуласының моделін құрастырады

Аммиактың физикалық қасиеттерін атайды

Аммиак молекуласының құрылысының ерекшеліктерін анықтайды


Тілдік мақсаттар

Үш тілдегі ғылыми терминология.

Тақырыптық сөздік.



Құндылықтарды дарыту

Оқушыларда негізгі адами құндылықтар: кез келген жағдайда сыныптастарымен жақсы қарым-қатынаста болу, әділ болу, шешім қабылдау кезінде бастамашыл болуды қалыптастыру.

Пәнаралық байланыстар

Физика

Бастапқы білім




Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы


- Амандасу

- Сабақ тақырыбымен, барысымен және бағалау критерийлерімен, оқу мақсаттарымен таныстыру.

- Сабақ барысында жақсы көңіл-күймен отыру

Үй тапсырмасын сұрау.



Дұрыс бұрыс әдісі. Жеке жұмыс.

1. Азотты алғаш рет ағылшын химигі Д.Резерфорд сипаттады.

2. V топтың негізгі топшасына ванадий элементі жатады.

3. Азотты тыңайтқыштарды өндіру үшін шикізат ретінде қолданады.

4. Азот молекуласында екі химиялық байланыс бар.

5. Өндірісте азотты ауадан алады.

6. Азоттың жоғары тотығу дәрежесі +3 ке тең.

7. Ауаның құрамында азоттың 78,1% кездеседі.



1-3 слайдтар

Сабақтың ортасы




Аммиакқа қатысты сөздерді таңдаңыз.

Өткір иіс, мүсәтір спирті, иіссіз, газ, сұйық, қатты зат, түссіз, сұр түсті, суда ерімейді, суда ериді, медицинада қолданылады, улы.
Жұптық жұмыс. Сұрақтарға жауап беру:

-азоттың, сутектің периодтық кестедегі орнына сипаттама бер;

-сыртқы қабатындағы электрон саны;

- азот, сугегі атомдардың электрондық формуласын құрастыр.


№12 зертханалық жұмыс. Аммиак молекуласының моделі.

-Аммиак молекуласының электрондық құрылысы.

Молекуланың формасы дұрыс пирамида: үшбұрыштың бұрыштарында сутегі атомдары, пирамиданың төбесінде – азот атомы орналасқан.

H-N-H байланыстарының арасындағы бұрыш 107,78 градусқа тең.

Атом модельдерін қолданып аммиак молекуласының моделін құрастырыңыз.
Кім шапшаң. Реакция теңдеуін аяқта:

N2 + 3H2 → 2NH3

N2 + O2 →2NO

NH3+HCl →NH4Cl

NH3+H2O→ NH4OH

NH3+3O2→2N2+6H2O


Атом модельдері



Сабақтың соңы


-Тақырыпты бекіту тапсырмасы.

"Аммиакқа қатысты 10 сөз жазу"

Сабаққа кері байланыс «Бессаусақ» әдісі арқылы жасалады.

Бас бармақ-не үйрендім? Маған не ұнады?

Балаң үйрек-бүгін мен не жасадым және неге қол жеткіздім?

Ортан терек-менің көңіл-күйім?

Шылдыр шүмек-бүгін кімге көмектесе алдым?

Кішкене бөбек-қандай қиындық болды,оны жеңе алдым ба?


Пайдалы кеңестер - мүсәтір спиртінің ¼ мен ас тұзының 1 бөлігін араластырып пайда болған қоспамен киім жағасындағы дақты ысқылап кетіруге болады.Киімге немесе дастарханға төгілген шарап дағына тұз сепсе, ол шарапты өз бойына тартады, бұдан соң киімді немесе дастарханды мүсәтір спирті қосылған салқын сумен шаяды.

Үй жұмысы.

1. Келесі тақырып бойынша 2 тест сұрағын құрастырыңыз: «Аммиак молекуласының құрылысы».

2. Тақырып бойынша 1 ребус құрастырыңыз.



Power point-тегі презентациялар

16-17




Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы




Топта жұмыс жасағанда белсенді оқушылар қалған оқушыларға көмектесіп отырады.

Жұздызшамен белгіленген тапсырмалар- күрделі тапсырмалар



Тақырып бойынша сұрақтарды талқылау кезінде топтардағы өзіндік бағалау және өзара бағалау.


Білім алушының тұрақты күйде болуы.

Қоңырау уақытында терезені ашып, бөлменің ауасын тазарту.





Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет