Педагогикалық жобалаудың түрлері
Оқу жобалары. Жобалау әрекетінің ұйымдастырылу логикасы қазіргі кезде білім тәжіриблерімізде өте жиі кездесетін жобалаудың ерекшеліктеріне тоқталайық. Microsott компаниясының мамандарымен дайындалған. Жоспарлы түрде ұйымдастырылған анықтамаларға сәйкес, жобалаудың аяқталған оқу тақырыбын немесе оқу бөлімін меңгеруге бағытталған жұмыстың ұйымдастырылған формасы және стандартты оқу курсын немесе бірнеше курстарды құрайтын бөлшек болып табылады. Мұндай жобалаулы серіктестік сипатқа ие және жоба қатысушыларына маңызды мәслелерді шешуге бағытталған қатысушылардың бірлескен (оқу-танымдық, зерттемелік, ойын) әрекеттерінде жүйеленеді. Бұл әрекет жалпы ортақ мақсат пен әрекет мүмкіндіктеріне ие.
Жобалаудың оқу жүйесінде қолдану мәселесі бойынша, оқу жобалауларын жүйелендіру тәжірибесі мол мамандармен құрылған аса көп әдебиттерге ие. Сонымен қатар, осыған қатысты жалпы ақпаратты интернет жүйелерімен табуға болады. Осы материалды жалпылау негізінде осы жобалаудың мәні мен құрамын анықтайтын ерекшелігін, әмбебап кезеңі мен процедураларын бөлп көрсетуге болады.
Қазіргі оқу жобалау өзіне оқу мүмкіндіктері мен зерттеулерін және тәжірибелерін қамтиды. Мұғалім үшін оқу жоспарының негзгі мазмұнына жобалау әрекеті негізіндегі қатысушының (жаңа білім, ақыл, дағды, қарым-қатынас) өзгерісі жатады. Қатысушылар үшін оқу жобасын жүйелеу. Оқу жобалауларын қазір үздіксіз білім жүйелерінде: мектеп, жоғарғы оқу орны, дипломнан кейінгі, формальды емес жүйелер деңгейлерінде қолданылады.
Мақсат пен білім тапсырмаларына байланысты жобалау форматы бірнеше параметрлер бойынша беріледі. Орны бойынша-мектептік, мектептен тыс. Субьектінің үздіксіз жобалау әрекетіне қатысу маштабы бойынша: жеке индивидтік, топтық, ұжымдық, корпоративті. Жобалауды жүйелеуге жұмсалатын уақыт бойынша: қысқа мерзімді, орташа мерзімді, ұзақ мерзімді. Орналасу территориясы бойынша: халықаралық, мектеп ішілік, жоғарғы оқу орны аралық мазмұны бойынша пәндік, пәнаралық, интегративті жобалау әрекеті сипаты бойынша-зерттемелік, экспериментальді, іздеулер, қарым-қатынастық.
Оқу жобалауына қатысушылар белсенділігінің өнімдік сферасы пәндік немесе оқу мәселесімен беріледі, ал пәнаралық сипатқа ие. Мектеп аралық оқу кезінде тарихи, әдеби, географиялық жән тілдік жобалаулар орындалады. «саяхат» немсе «оқиға» деген тақырыптарда тарих, география, экономика, құқық, мәдениет, экология деген білім жинақтамаларын қозғауға болады.
20 жылдардың XX ғасырда жобалауды қолдау әдісі бойынша кез-келген жобалаудың құрылымы келесі кезеңдерді қамтиды.
Барлық еңбек процесінің жолын анықтайтын стимулдың құрылуы, зерттемелік стимул қоғамдық ортамен құрылған.
Қадамдық жоспардың құрылуы (индивидуалды, топтық, ұжымдық). Жоспар әр қадамның мұғалім қолдауымен құрылуын қарастырады. Осыған байланысты бақылаулар, материалдардың жинақтамалары, жұмыс нәтижелері бойынша шешімдер жүргізілді, осылайша ойын, әртиптік бейнелер, белсенді қарым-қатынастар сияқты формалар қолданылды.
Жоспардың орындалуы;
Орындаушылық критикалар.
Оқу жобалауларының ұйымы дәл осы логиканы қамтиды.
1.Оқу жобаларының тақырыбы әрекетті меңгеруге байланысты оқушылардың өздерімен жүйелендіріледі.
Мектеп жобалары бойынша, қоршаған ортаны меңгеру мүмкіндігі алуан түрлі болуы мүмкін. Бұл мұғалімдердің жобалауға қатысты кәсіби, әдістемелік, зерттемелік дайындығына тәуелді. Мұғалім осы жағдайда көмектесуге тиіс.
Тақырыптарды таңдауда оның әлеуметтік контекстін есепке алу өте маңызды. Американдық мұғалімдер мақсаттылы актінің қоғамдық ортаның қажеттілігін талап етеді дейді. Осыған бағытталатын тәрбие баланы өмірге тәрбиелеуге көмектеседі.
Жобалаудың алғашқы күннен қолданғаннан бастап, білім жүйесінде мақсат стимулының аса көп күшке ие екендігі анықталды, егер ол әрекет стимулын бекітетін болса, танымға деген қысым мен қызығушылық күшейеді. Е, Коллингстің жобалау әдісі бойынша, 1920 ж американдық мектептердің жұмыс тәжірибелерін анықтай келе, балаларға барлық нәрсені білу қызық екенін жазды. Балалар мектеп фартугін дайындауға, қуыршақ көйлектерін, суретке қатысты дәптерді дайындауға тырысады.
Журнал бөлімдерінің кейбір беттерінде 1920 жылдарғы жобалау әрекетінде жобалаудың география тапсырмаларымен тығыз байланыстылығына көп көңіл бөлінген. География әркезде қызығушылығы мол балаларды қамтиды.
Тіпті оның қатысушыларымен бейнеленген жағдайда да жобалау қоршаған әлемнің шынайы күй-жағдайымен қамтылып отырады және оның өзгеруіне қатысты әлеуметтік қажеттіліктерімен де байланысқа түсіп отырады. Осыған байланысты, оған қатыфсты жүргізілетін зерттеу жұмыстарын барлық қатысушылар үшін тиімді әрі қызықты етіп жасауға болады.
Мектеп оқушыларының статистикасына қатысты ағылшынның білім программасынан мысал келтіруге болады. «Сандвичті сату» оқу жоспары әрбір қатысушымен өзінің айналасындағы аймағын белгілі бір сандвич түрін таңдау жолымен ұйымдастырылған. Ол үшін әрқайсысына сұрақтама жүргізу мақсатында формализацияланған анкеталар беріледі. Кейін алынған нәтижелерді өңдеп, статистикалық әдістерді қолдана отырып, әр түрлі түрдегі диаграмма ретінде дайындау қажеттілігі туды. Бұл жерде кез-келген сандвич түрінің перстективалық сатылымын көрсетуге мүмкіндік туды. Оқушылардың статистикалық әдістерді практикалық тапсырмаларды шешуге қолдануға болатынына көздері жетті. Сонымен қатар, олар өздерінің коммуникативті дағдыларын, аналитикалық және графикалық әдістерін дамытуға деген мүмкіндіктерін алды. Осылайша, жоспар шынайы, тәжірибелік-бағытталған нүкте есебін қамтыды деп айтуға болады, ол тұрғындардың қажеттілігі туралы ақпаратқа негізделген.
Оқытушы үшін қазіргі сәтте балалардың жоспарлы әрекет мазмұнын мектеп білім мазмұнымен ұштастыру маңыздырақ. Оқу жоспарына қатысушының қосылуына мұғалімнің жобалау жұмысы әсер етеді. Мұғалім үшін бұл оқу бөлімдерімен, тақырып немесе курстармен қамтылған. тақырып кілттік мәселелік сұрақтамалардан туындайды, мұғалімдердің көзқарасы бойынша, қатысушылар пәннің мазмұндық бөлімін игеру үшін жауап табулары қажет. Сонымен бірге, мұғалім оқу жобасының педагогикалық потенциалы қандай күйде болатынын бағалауы керек.
С.Ч.Паркер өзінің «Бастауыш мектептегі білімнің жалпы әдісі деген кітабында мектеп практикасы бағытталатын қатысушылардың қызығушылықтарын көрсетеді.»
Романтикалық оқиғаларға деген қызығушылық
Адамдар мен жануарлардың әрекетіне деген қызығушылық
Ритм рифм және дыбысталу мен әнег деген қызығушылық
Қызығушылық, жұмбақ пен ақыл-ой жұмыстарына деген қызығушылық
Өз сезімін, ойын білдіруге деген қызығушылық
Физикалық әрекет пен қол еңбегіне деген ұмтылыс
Коллекциолерлік қызығушылық
Ойындарға деген қызығушылық
Ұқсастыққа деген ойын
Достарыңызбен бөлісу: |