Пән: Ішкі Аурулар Тақырып: Гастрит Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



бет1/6
Дата10.04.2023
өлшемі1,6 Mb.
#81083
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Арғымбекова-Аружан-Гастрит

Пән: Ішкі Аурулар Тақырып: Гастрит

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӨСКЕМЕН ЖОҒАРҒЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ


Орындаған: Арғымбекова Аружан
Топ: Емдеу ісі 407
Жетекшісі: Әлия Жіңісқызы
2020-2021 оқу жылы

жоспар

I. Кіріспе

Анықтамасы

II. Негізгі бөлім

Этиологиясы

Патогенезі

Жіктемесі

Қауіп-катерлі факторлар

Диагностика

Емі

Госпитализация

Профилактика

III. Қорытынды бөлім

Қолданылған әдебиеттер

Гастрит – H.Pylori жұқпасының немесе басқа да зақымдаушы факторлардың əсерінен жасушалық инфильтрация, регенерация бұзылуы, без эпителиінің атрофиясы, ішек метаплазиясы дамуымен сондай-ақ асқазанның сөлдену, қозғалу жəне ішкі секрециялық функциясы бұзылуымен сипатталатын асқазанның сілемейлі қабатының қабынуы.

Гастрит

Хаттама коды: P-T-003 "Гастрит, дуоденит" Терапевтикалық саладағы поликлиникалар үшін АХЖ-10 бойынша коды (кодтары): K29 Гастрит жəне дуоденит K29.0 Жіті геморрагиялы гастрит (қанталамалы асқазан қабынбасы) K29.1 Жіті гастриттің басқа түрлері К29.3 Созылмалы гастрит К29.4 Эрозиялы гастрит (жалақжаралы гастрит) К29.5 Созылмалы антральдық гастрит, фундальдық гастрит К29.8 Дуоденит К29.9 Созылмалы гастродуоденит

Этиологиясы

Экзогендік себептер: алиментарлық, психоэмоционалдық, экологиялық, дәрі-дәрмектер, тағамдық аллергия, лямблиоз. Дегенмен бұлар себептен гөpi арандатушы факторларға жақын. Сенімділері:

1) дәрі-дәрмектер, әcipece ГКС, СҚҚД ұзақ қабылдағанда;

2) тағамдық аллергия (сирек кездесетін эозинофилдік гастрит);

3) паразитарлық инвазиялар, әcipece лямблиоз (созылмалы дуоденит ceбeбi). Эндогендік СГ басқа аурулар бойында дамиды: қант диабетінің I-типі, аутоиммунды тиреоидит, СБЖ т.б. яғни аутоиммундық үдеріс салдары, ceбeбi бұл жағдайларға асқазан клеткаларына қарсы аутоденелер анықталуы тән және аутосомды-доминантты жолмен беріледі деп топшыланады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет