ПәН: Жаңа ұлттық әліпби негізіндегі қазақ жазуы: теориясы, тарихы мен тәжірибесі



бет1/5
Дата31.12.2021
өлшемі1,8 Mb.
#23531
  1   2   3   4   5
Байланысты:
№5 Жазудың негізгі категориялары


ПӘН: Жаңа ұлттық әліпби негізіндегі қазақ жазуы:

теориясы, тарихы мен тәжірибесі

ДӘРІС ТАҚЫРЫБЫ: Жазудың негізгі категориялары

Тексерген: қауымдастырылған профессор,

филология ғылымдарының кандидаты Сарбасова Қ.Б.

Орындаған: Исыпқали А.

ҚТӘм211

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті



Талдықорған, 2020 жыл

ЖОСПАР:

1

Дәріс жоспары:

Графика мен орфография ұғымдарының шығу себебі

Әліпби мен графика ұғымдарының айырмашылығы

Әріп саны және фонема саны

Жазудың негiзгi категориялары: алфавит, графика, орфог-рафия және пунктуация.

2


  • Алфавит арқылы белгілі бір жазба мәтінде әріптерді фонемаларға таңып, мәтін мазмұнын оқимыз.
  • Графика жазу түрлерін, қаріп түрлерін пайдалану деген сияқты жазба мәтіннің бүкіл тұрпатын ұйымдастырады. Ал кейбір жазуларда алфавиттегі әріп таңбалары жетпеген фонемаларды белгілеуді ұйымдастырады.
  • Орфография жазба мәтіннің белгілі бір стандарт құрылыммен ұйымдасуына, ортақ жазу тәртібін құруға, сөздерді дифференциялауға көмектеседі (сөздерді бірге/бөлек/ дефис арқылы жазу, кіші/бас әріп).
  • Пунктуация бүкіл мәтіннің, мәнмәтіннің оқырманға дәл, анық жетуін қарастырады.

Жазу категорияларын ең алғаш қарастырған:

3


  • Л.В.Щерба жазу теориясы дыбыстық таңбалар мен грамматикалық таңбаларға және ұғымдық таңбаларға ажырайды деген. Мұндағы дыбыстық таңбалар әрiптер болса, грамматикалық таңбалар пунктуациялық белгiлерге, ұғымдық таңбалар сөздердiң бөлек, бiрге, дефис арқылы берiлуi, бас әрiп, кiшi әрiп сияқты элементтерге саяды.
  • Жазу категорияларын ең алғаш қарастырған Бодуэн де Куртенэ графиканы көру-жазу элементі мен айту-есту элементі арасындағы байланыс деп түсінді. Ол байланыс үшін морфологиялық, семасиологиялық жайлардың қатысы болмады. Яғни сөз қалай дыбысталса, алфавитте бар сәйкес әріппен солай белгіленеді деді. Ал орфографияны ғалым жазу-көру элементі айту-есту элементіне де және морфологиялық, семасиологиялық элементтерге де қатысты деп түсіндірді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет