Пәндік қайталау сынағЫ



бет1/3
Дата28.02.2023
өлшемі62,42 Kb.
#70573
  1   2   3
Байланысты:
ҚАЗАҚ ТІЛІ ПҚС-4



ҚАЗАҚ ТІЛІ

№ 4

ПӘНДІК ҚАЙТАЛАУ СЫНАҒЫ






  1. Жақтың қатысына қарай дауыстының екі түрі де қатысқан сөзді табыңыз.

    1. Мүлік

    2. Жүрек

    3. Бөлек

    4. Себеп



  1. Көсемшені табыңыз.

    1. Аспанды ызғырық суық сұр бұлт қаптаған.

    2. Самат таңертең келіп, кешке қайтты.

    3. Болыс ағасы тұрғанда етек-жеңін кең ұстайтын.

    4. Келген қонақтарды үлкен үйге кіргізді.




  1. Іс-әрекеттің басқа біреу арқылы жасалғандығын білдіретін етіс түріне жататын сөйлемді анықтаңыз.

    1. Ортаға үлкен торт әкелінді.

    2. Бота тез киінді де, сыртқа шығып кетті.

    3. Ақындар айтысты екі күнге созбақшы.

    4. Тастан сарай салғызды.



  1. Болжалды келер шақты көрсетіңіз.

    1. Ол кезде сен оннан асқансың.

    2. Келеді айда сессия басталады.

    3. Сыйға берген кітабымды оқырсың.

    4. Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ.




  1. Қайталама қос сөзді сөйлемді көрсетіңіз.

    1. Дәрі-дәрмекке қажетті өсімдіктер да азайып барады.

    2. Анда-санда демалып, зытып келем, зытып келем.

    3. Кең екі бөлмелі шопан үйі мұнтаздай тап-таза.

    4. Мына шыбын-шіркей мазаны алып бітті.




  1. Ырықсыз етісті табыңыз.

    1. Ағам жүкті көлікке салысты.

    2. Барлық жапқыштар үтіктелді.

    3. Мақпал бастығынан ертеңге сұранды.

    4. Баласына домбыра тартқызды.




  1. Ауыспалы мағыналы сөзді табыңыз.

    1. Ел құлағы

    2. Жылы киім

    3. Суық жел

    4. Қоянның басы

  2. Етістіктің үш шағы арқылы жасалатын рай түрін табыңыз.

    1. Ашық рай

    2. Бұйрық рай

    3. Қалау рай

    4. Шартты рай




  1. Қатыстық сын есімді табыңыз.

    1. Менменсімей қонақтардың алдына бар.

    2. Бұл қауындар басқа қауындарға қарағанда әлде қайда тәтті. 

    3. Бәрі оқыған азаматты күтіп отыр.

    4. Үйіне әдеби кітаптарды тізіп қойыпты.



  1. Есімдіктің сөйлемдегі қызметін анықтаңыз.

Өткенде Сарыбайдың тойында қолыңызға су құйып қызмет қылған бала – мен.

    1. Бастауыш

    2. Баяндауыш

    3. Толықтауыш

    4. Пысықтауыш




  1. Шылауды анықтаңыз.

  1. Қыр(да) гүлдер жайқалып тұр.

  2. Көл(де) құрғай бастапты.

  3. Малды өріске ай(да).

  4. Жыл(да) бір рет жауатын қар.




  1. Жұрнақ арқылы жасалған туынды етістіктің сөйлемдегі қызметін анықтаңыз.

Бірен-саран шыққан астықтарын жұрт әлдеқашан жинап алған.

    1. Анықтауыш

    2. Пысықтауыш

    3. Баяндауыш

    4. Толықтауыш


  1. Мөлшер үстеуін табыңыз.

    1. Жақсы адам алысты жақын етер...

    2. Екеуін салыстырып әдейі айттым.

    3. Жиналыста көп адам сөйледі.

    4. Матаның ең қымбатын алды.




  1. Ауыспалы осы шақты табыңыз.

    1. Дұшпан күлдіріп айтады.

    2. Қымбат әкесіне көмектесті.

    3. Таң баяулап атып келеді екен.

    4. Бүрсігүні ауылға қайтамын.




  1. Тұрлаусыз мүшенің қызметін атқарып тұрған дара үстеуді табыңыз.

    1. Барлық жерде қазақша сөйлейік.

    2. Еріншектің ертеңі бітпес.

    3. Наданның жарлы болуы бір сәтте.

    4. Дастарқандағы шай әлдеқашан жиналған.




  1. Сөз тіркесін анықтаңыз.

  1. Қызыл қалам

  2. Қызыл әскер

  3. Ажары сынды

  4. Іші күйді



  1. Қалау райға жатпайтын сөйлемдерді көрсетіңіз.

    1. Адассақ та бірге жүріп адасайықшы.

    2. Сонда да менің қайтқым келмеді.

    3. Жамандықтар жоғалып кетсе игі еді.

    4. Шақырған жерге уақытылы барғайсың.


  1. Музыка саласына қатысты термин сөзді табыңыз.

    1. Мұғалім глобусты зырлатып айналдыра бастады.

    2. Тайпа мүшелері қандас туыстардан тұрады.

    3. Нұрғиса біраз әндерді нотаға түсіріп алды.

    4. Балалар өлең шумақтарының бәрін жаттап алды.


  1. Есімшені табыңыз.

    1. Бай емен, батыр емен, хан емеспін.

    2. Екеуі де жарытып, ті жарып сөйлемейді.

    3. Байдалы өз ауылына Базаралыны шақыртып алды.

    4. Кедейлік жаны тәтті жалқауға үйір.




  1. Толықтауыштық қатынастағы меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркес(тер)ін табыңыз.

  1. Үлкенді сыйлау

  2. Кафеде жолықты

  3. Балаға мейірімді

  4. Қызыға қарады



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет