Пәні: Саясаттану Тақырыбы: «Саясат және мораль,өзара байланыс,бұлар ұштасатын категориялар»



Дата10.03.2023
өлшемі106,19 Kb.
#73223

«Қазақстан Республикасы Ғылым және Білім Министірілігі, Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университеті Жаратылыстану иституты Химия кафедрасы»




Эссе
Пәні: Саясаттану
Тақырыбы: «Саясат және мораль,өзара байланыс,бұлар ұштасатын категориялар»


Тексерген: Жунусбеков Е.Б Орындаған: 104 топ Әділбай Динара

Алматы 2023


Саясат және мораль,өзара байланыс,бұлар ұштасатын категориялар
Саясат пен мораль деген сөздерге нақты әрі бірден анықтама бере алмаймыз. Сондықтан оларға жеке жеке тоқталып, мағыналарын біліп алайық. Саясат-мемлекеттік немесе қоғамдық істер, таптар, ұлттар және басқа да әлеуметтік топтар арасындағы қатынастарға байланысты қызмет саласы болып табылады. Адамзат тарихында саясат негізгі рөл аткарды. Оның дұрыс-бұрыстығы, сайып келгенде, адамдардын, халықтардың тағдырымен тығыз байланысты. Мысалы, мемлекет агрессиялық, яғни басқыншылық соғыс саясатын жүргізсе, оның салдары бірнеше жылдарға созылатын қайғы-қасіретке соқтыратыны даусыз. Керісінше, мемлекет ғылыми дәлелденген тиімді бейбіт саясат жүргізсе, еліне қолайлы, халқына жайлы болары да белгілі. Адамзат саясаттың сиқырлы сырын, құбылмалы кұбылысын өте ерте заманнан түсініп-білгісі келді. Ежелгі Шығыс, антикалық дәуірдін ойшылдары мемлекеттің, саяси биліктің мән-мағынасы неде және кімге қызмет етеді, қоғамдық құрылыстық қандай түрлері бар және олардың ең жақсысы, халыққа ең қолайлысы қайсысы деген сияқты сауалдарға жауап іздеген. Бірақ ол кездегі пайымдаулар негізінен діни-мифологиялық сарында болатын. Себебі, ертедегі адамдар жер бетіндегі өмірге құдайдың құдіретінен туған жалпы әлемдік космостық тәртіптің ажырамас бөлігі ретінде қарадық. Мысалы, Мысырда (Египетте), Вавилонда (қазіргі Ирак), Үндістанда, сол кездегі мифтарға сүйенсек, басқарушының билік көзі құдайда және ол жер бетіндегі істерді реттеп, тындырып отырады. Көне Кытай мифы бойынша билік құдайдың құдіретімен жүргізіледі де, ал іске асырушы онымем байланысты император болып есептелген. Ежелгі гректерде ен алғашқы билікті жүргізуші құдайлардың өздері болыпты-мыс. Кейінірек адамзаттың іс-тәжірибесінің, ақыл-ойының, мәдениетінің дамуына байланысты саясаттың ұғымдары, түсініктері, тұжырымдамалары пайда бола бастады. Қоғамдық - әлеуметтік және саяси құрылымы мен қатынастарының одан әрі күрделіленуі, материалдық өндірістің, халық санының өсуі оның өміріне мемлекеттің тікелей араласуына әкеліп соқтырды. Мұндай жағдайда ұлы ойшылдар саясатты ғылыми тұрғыдан түрініп, оны орынды пайдаланудың, мемлекетті тиімді басқарудың жолдарын іздестіре бастады. Бұдан келіп саяси теориялар туды. Біздің з.б. бірінші мыңжылдықтың ортасында саясаты діни-мифологиялық танудың орнына философиялық-этикалық түсіну түрі келеді. Мұнда аса зор еңбек еткендер — Конфуций, Платон, Аристотель сияқты ғұлама ғалымдар. Бұл ойшылдар саясатты теориялық тұрғыдан зерттеп, оны этикамен тығыз байланыста қарады. Олар саясатты адамдардың мақсат-мүддесіне сай келуге, адамгершілікке негізделуге тиіс деп ұқты.
Келесісі ол мораль. Мораль - адамдардың мінез-құлқын реттейтін құндылықтар мен нормалар". Маған И.Канттың адамгершілік туралы айтқан сөзі өте ұнайды:"адамгершілік-бұл өзімізді қалай бақытты етуіміз керек, бірақ біз қалай бақытқа лайық болуымыз керек” деген ілімі. Мораль бізге "лайықты болуға" мүмкіндік береді, бұл сөз мораль деген не екенін түсінуіме жақын. Мораль — әлеуметтік-мәдени көзқарастармен анықталатын қоғамдағы адами қарым-қатынастарды реттеудің ерекше саласы . Мораль сонымен қатар белгілі бір қоғамда қабылданған, парыз идеалдары мен принциптеріне негізделген адам мінез-құлқы мен қарым-қатынас нормаларының жалпыланған жиынтығы ретінде қарастырылады. Мораль адам тәжірибесінің сол бөлігін жалпылайды, оның әртүрлі жақтары «жақсылық» және «жамандық», «ізгілік» және «кемшілік», «дұрыс» және «бұрыс», «парыз», «ар-ождан» ұғымдарымен белгіленеді. , «әділдік» және т.б.. Саясат пен мораль – адамдардың тәртібін реттейтін біршама өзіндік тәсіл. Саясаттың қоғамдық қатынастардың саласы ретінде өзектілігін, мемлекеттің, қоғамның, тұлғаның игілігі үшін биліктің тетіктерін және ресурстарын тиімді пайдалану құрайды. Моральдің негізінде саяси қызмет мақсаттарының адамгершілігін, амалдары мен әдістерін дәлелдеу, тәжірибелік саясатты қоғамдық пікірмен бағалау және оны адамгершілік нормаларымен өлшемдеу. Бұл мораль мен саясаттың өзара әрекетіне себепші болады.
Біздің заманымызда саясаттың моральдық аспектілері үлкен өзектілікке ие болуда, баспасөзде ғылыми әдебиетте белсенді талқылануда. Кейде саясат пен адамгершілік ұғымдары жалпы үйлесімді ме, бұл категориялар бірін-бірі өзара жоққа шығармай ма деген сұрақтар да қойылады. Саясат пен моральдің ара-қатынастары саяси қарсыластарымен, әсіресе, сайлау науқандары. билік үшін күресте, қызмет орындары үшін тайталастарда шиеленіседі. Ал, саяси билік үшін күресте барлық амал жақсы дегендей. Міне, сонда саясат пен моральдің арасындағы өзіндік шиеленіс алаңында саяси қимылдар өріс алады. Бұның бәрі – саясаттың өнегелі беделін кетіретін сыртқы көлеңке, «сырт пішіні».

Менің ойымша, саясат пен моральдың байланысы болуы керек.Саясат — бұл қоғамдық мораль, мораль — бұл жеке саясат. Мораль белгілі бір жүйелеуге, өзгермейтін бағытқа ие болуы үшін, ал саясат, әрине, адамгершілік құндылықтар мен нормаларды білдіретін моральдық болар еді. Мораль ылғи жеке дара болып келеді, оның субъектісі және жауапкершісі – өзінің адамгершілік таңдауын жасайтын жеке адам. Ал, саясат топтық,ұжымдық сипатта болады. Онда индивид жеке бөлік немесе таптың, ұлттың, партиялардың өкілі ретінде көрінеді. Оның жеке жауапкершілігі ұжымдық шешімдер мен әрекеттерде зым-зия жоқ болып кетеді.


Саясат жағдаятты болады. Табысқа бет түзей отырып, ол мақсаттарға жетуге әсер ете алатын шынайы жағдайларды, барлық факторларды есепке алуы қажет. Ал, моральдық талаптар өз негізінде универсалды және өз кезегінде, нақты жағдайдан тәуелсіз болады. Саясаттың ең маңызды ерекше айырмашылығы күшке сүйену,талаптарды орындамғандарға мәжбүрлеу санкциясын қолдану болып табылады. М.Вебердің сөзімен айтсақ, саясат, «ерекше амалдың көмегіне сүйенеді – ол оның артында тұрған билік».
Ал, мораль шын мәнінде күшті мінейді және ең бастысы ар-ұжданға арқа сүейді. Жеке басының ар- ұжданы, егер ол дамымаған болса,тіпті адамды қылмыс жасағаны үшін де кешіруі мүмкін. Ал, саясат тек қана дұшпандары мен қылмыс жасағандарды ғана емес, кейде адамдарға қорқыныш тудырып,кінәсіздерді де жазалайды.

Қорыта айтқанда, мораль саясатқа саяси процеске қатысушылар қызметінің нәтижесі мен тәртібін бағалау, оларға моральдық талаптар қою арқылы әсер етеді. Өз кезегінде, саясат моральға азаматтардың саяси мәдениетін қалыптастырып,оларды мемлекет пен қоғамды басқаруға итермелеу арқылы әсер етеді. Адамгершілік саясат үлкен өзгертуші күшке ие болады. Керісінше, саясаткерлердің моральдық нормаларды ескермеуі олардың қызметінің әлеуметтік тиімділігін төмендетеді, қоғам мен тұлға үшін бүліншілікпен айналып келеді. Сонымен, саясат ылғи да бар және келешекте де оның субъектісінің моральдық жауапкершілігінің саласы болады. Саясат моральмен одағынсыз оған жоғары қоғамдық мақсаттарды және оларды өмірге енгізетін гумандық амалдарды көрсететін компастан айырылады. Адамгершіліксіз саясат қрғамда демократиялық өзгерістерді және оның прогресін, адамды рухтандыратын және көтеретін идеалдар мен құндылықтарды қамтамасыз ете алмайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет