Пәннің атауы: Білім беру қызметтерін бизнес жоспарлау Орындаған



Дата12.10.2024
өлшемі164,19 Kb.
#147881
Байланысты:
4Тастанбек Динара(4 Сөж)


Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті


Педагогика және психологии институты

Бастауыш білім беру бизнес инновациямен


Пәннің атауы: Білім беру қызметтерін бизнес жоспарлау


Орындаған: Тастанбек Динара


Қабылаған: Аренова А
Алматы, 2024ж
СӨЖ 4
«Коммерциялық емес ұйымдар» тақырыбына глоссарий құрастыру. 20 термин


Ұйым - белгілі бір ниеттер мен мақсаттарды орындау үшін кұрылған және ережелердің ресми құрылымымен, биліктік қатынастармен, еңбек бөлінісімен, шектеулі қабылдаумен сипатталатын ұжым түрі.


Коммерциялық емес ұйым- Кiрiс түсiру негiзгi мақсаты болып табылмайтын және алынған таза кiрiстi қатысушылар арасында бөлмейтiн заңды тұлға коммерциялық емес ұйым деп танылады.


Мекеме – басқару, әлеуметтік-мәдени немесе өзге де коммерциялық емес сипаттағы қызметтерді жүзеге асыру үшін құрылтайшы құрған және қаржыландырылатын ұйым;
Қоғамдық бірлестіктер – Қазақстан Республикасында қоғамдық бірлестікткр болып, саяси партиялар, кәсіптік одақтар және азаматтардың заңдарға қайшы келмейтін, өздерінің ортақ мақсаттарына жеті үшін ерікті негізде құрған басқа да бірлестіктері табылады.
Қоғамдық қор (ағыл. socialfund; нем. gesellschaftlicher Fonds) - Азаматтар және (немесе) заңды тұлғалар ерікті мүліктік жарналар негізінде құрған, әлеуметтік, қайырымдылық, мәдени, білім беру және өзге де қоғамдық пайдалы мақсаттарды көздейтін мүшелігі жоқ коммерциялық емес ұйым.
Кіріс - бұл кәсіпорынның есепті кезеңнің басындағы және соңындағы мүліктік жағдайының айырмасы болып табылады.
Мүлік- Қазіргі түсінігімізде — ірілі-уақты дүние, бұйым, жиһаз деп ұғынамыз.
Салық – мемлекеттік бюджетке заңдыжәне жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде түсетін міндетті төлемдер. 
Бюджет (ағыл. budget – қоржын) – орталықтандырылған ақша қорының құралу көздері мен жұмсалу бағыттарын сипаттайтын экономикалық категория, ақшалай кіріс пен шығыстың балансы.

Филиал (латын. filialis - ұлдікі, баланікі) - заңи тұлғаның оқшауландырылған бөлімшесі. Филиал заңи тұлғаның орналасқан мекенінен тыс жерде орналасады және оның міндеттерінің бір бөлігін, соның ішінде өкілдік міндеттерін де жүзеге асырады.
Акционерлік қоғам — капиталды орталықтандырудың және ірі кәсіпорындарды ұйымдастырудың негізгі формасы. Акционерлік қоғамдар капиталдың алғашқы қорлану кезеңінде пайда болған. Акционерлік қоғам ашық және жабық болып екі түрге бөлінеді.
Қоғамдық бірлестіктер (ағыл. social unions/associations; нем. gesellschaftliche Vereinigungf) - Саяси партиялар, кәсіптік одақтар және азаматтардың заңдарғақайшы келмейтін, өздерінін ортақ мақсаттарына жету үшін ерікті негізде құрған басқа да бірлестіктер.


Тұтыну кооперативі – азаматтар өздерінің материалдық және өзге де қажеттерін қанағаттандыру мақсатымен мүліктік үлеспұлдық жарналарын біріктіру жолымен құратын мүшелік жүйеге негізделген бейкоммерциялық ұйым.


Қор – 1) ақшалай қаражат, құндылықтар, кіріс көздері. Негізгі түрі: экономикалық қорлар – өндірісті қамтамасыз ету көздері, құралдары, қаражаты.


Мекеме – қызметінің бағыты мен мақсатына сәйкес құрылған ұйымдық құрылым. Басқару, билік жүргізу, тағы басқа міндеттерді атқарады.


Одақ – 1) әлеуметтік топтардың, жеке адамдардың бірлестігі; 2) мемлекеттік бірлестік.


Діни бірлестіктер - діни сенімді уағыздау, тарату мақсатында құрылған. Осы мақсатқа лайықты белгілері: дін тұту, құдайға құлшылық ету, басқа діни салттар мен ырым-жоралғылары бар, сондай-ақ дінге үйрету және өз ізбасарларына діни тәрбие беруге ұмтылатын азаматтардың ерікті бірлестігі.


Құрылтайшы - фирманың негізін қалаушылар, заңи немесе жеке тұлғалар. Құрылтайшы жарғы капиталында белгілі бір үлесті иеленеді, оның қызметіне бақылаушылық ықпал жасайды. Атқарушы билік қызметін қоса атқаруы мүмкін, осы фирмада тікелей жұмыс істемей, кәсіпқой менеджерлерді келісімшарт жағдайында жалдауы да мүмкін.


Заңды тұлға – заң бойынша азаматтық құқықтар мен міндеттердің субъектісі болып табылатын кәсіпорын‚ мекеме‚ ұйым‚ фирма, т. б. Ол өз атынан мүліктік және жеке беймүліктік құқықтар мен міндеттемелерді сатып ала алады‚ сотта‚ төрелік сотта (арбитражда) талапкер немесе жауапкер бола алады.


Өкілдік– 1) тапсырылған өкілет бойынша бір тұлғаның атынан басқа тұлғаның мәміле не басқа да құқықтық маңызы бар әрекет (мысалы, талапкер атынан сотқа қатысу) жасауы. Өкілет сенімхат неқұзыретті органның актісі арқылы тапсырылады немесе заңда көрсетілуі мүмкін.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет