Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Мамандыққы кіріспе» 5В072000 – «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы үшін ОҚУ Әдістемелік материалдары



бет49/83
Дата06.01.2022
өлшемі194,26 Kb.
#13300
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   83
Фармация және парфюмерия. Ежелден сақталып келе жаткан Ежелгі Мысырдын қолжазбалары,былайша айтканда “Эберс Папирусы” (б.з.д XVI ғ.), фармациялық заттардың жасалу жолдарын сақтайды. Бұл рецепттерді таза химиялық деп атауға келмейді,себебі олар өсімдіктерден дәрі-дәрмектер және майлар алуға негізделген, бірақ олар қайнату,тұндыру,сығу,ашыту тәсілдерімен таныстырады. Мұның бәрі ежелгі ғалымдардың әртүрлі операциялармен жақсы таныс болғанының дәлелі, нәтижесінде олар химиялық лабораторияда қолданылатын әдістер қатарына енді. Және де сабынды жасау, қолдану әдістері туралы жазбалар табылған.

Ежелгі Мысырда өлі адамның мәйітін мумификациялау кең таралған. Ұзақ уақыт бойы жоғарғы деңгейге жеткен “консервілеу” операциясын қайта қалпына келтіру қиынға соқты.Мумияларды толық зерттеудің нәтижесінде белгілі болғандай алдымен мәйітті бірнеше аптаға құрғақ табиғат тұзына көмген – Мысырда жиі кездесетін (тұзды көлдердің қалуынан пайда болады) “натрон” немесе “нитрон”. Ыстықтың әсерінен мәйіт толық сусызданған. Содан кейін мәйіттің іш-құрылысы мен миын алған, бас сүйегін шәйірмен, ал ішін емдік шөптермен толтырған. Кей жағдайларда мәйіттің іш-құрылысын алмаған. Одан кейін мәйітті мәәрлі сияқты матаға ораған, кейде матаның ұзындығы бірнеше жүз метрге жеткен. Мәйіттің бетін қорғасын жылтырын, мыстың тотқысын және де өсімдік бояуларын қолданып әрлеген. Аяғында мәйітті саркофагқа салған.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет