Пәннің ОҚУ-Әдістемелік қҰралы



бет1/31
Дата08.06.2023
өлшемі420,19 Kb.
#99676
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31

Химия металлургия және байыту


Кафедра __________________________________
(кафедра атауы)


ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛЫ


Физикалық және коллойдтық химия
(оқу жұмыс жоспарына сәйкес пәннің коды мен толық атауы)

Металлургия және пайдалы қазбаларды байыту


мамандығының студенттеріне арналған


Өскемен
2014


Оқу пәндері бойынша оқу-әдістемелік құралдың құрамы:

1) силлабус;


2) оқу пәні бойынша глоссарий;
3) дәрістің қысқаша конспектісі;
4) негізгі және қосымша әдебиет тізімі;
5) семинар, практикалық және/немесе зертханалық сабақтарды өткізу жоспары;
6) еңбек көлемі есептелген білім алушының өздік жұмысының тапсырмалары;
7) ағымдық және аралық бақылау материалдары, сонымен қатар пәнді оқып, аяқтағаннан кейінгі қорытынды бақылау материалдары;
8) иллюстрациялық материал (қажет болғанда);
9) хрестоматия (қажет болғанда);
10) курс жұмыстарын орындауға арналған материалдар (егер оқу пәні бойынша курс жұмысы қарастырылса);
11) оқу сабақтарының бағдарламалық және мультимедиялық материалдары (университеттің техникалық мүмкіндіктеріне байланысты, авторлардың ақпараттық дайындығына және оқу пәнінің мазмұнына байланысты).

СИЛЛАБУС
1. Саурбаева Бекзат Сагатбековна,
Байланыс телефондары – 540-911.
2. Оқу пәнінің аты: Физикалық және коллойдтық химия
3. Уақыты: 3 семестр, кесте бойынша
4. Оқу пәнінің деректемелері (пререквизиттері және постреквизиттері):
пререквизиттері: пәннің мазмұнын дұрыс ұғыну үшін жалпы, бейорганикалық химия, зат құрылысы, органикалық химия пәндерін білу керек.
постреквизиттері: қазіргі уақыттағы бейорганикалық, органикалық мәселелер. Химиялық термодинамиканың қазіргі заманғы таңдамалы тараулары, олардың ерекшеліктері мен қолданылуы.
5. Оқу пәнінің сипаттамасы
5.1. Оқу пәнінің бағыты.
Оқу пәні химиялық термодинамика мен ерітінділердегі тепе-теңдік механизмдері туралы ұғымы бар жоғары білікті мамандарды даярлауға бағытталған.
5.2. Пәнді оқытудың мақсаты.
Зат құрылысының заңдылығын, жүйедегі тепе – теңдік, әр түрлі жағдайлардағы физикалық және өзгерістердің жылу балансын есептеп, өзгерістердің бағыты мен мүмкіндігін анықтау.
5.3. Пәнді оқыту міндеттері
Химиялық термодинамиканың көмегімен физикалық және химиялық тепе – теңдіктің негізгі заңдылығын анықтап, температура, қысым, концентрация сияқты өлшемдердің бірі не бірнешеуі өзгергендегі тепе – теңдік заңдылығының құбылысын, түрленуін, алмасуын зерттеу.
5.4. Оқу пәнінің мазмұны:
Пәнді оқыту барысында келесідегідей сұрақтар қарастырылады:

  • термодинамиканың бірінші заңы; термодинамиканың екінші заңы; статистика, энтропия және ықтималдық; термодинамиканың химиялық процесте қолданылуы; химиялық тепе – теңдік; тепе – теңдік константасы және температура; фазалардағы термодинамикалық тепе – теңдік; ерітінділердің жалпы сипаты; термиялық анализ.

    1. Оқу пәндерін оқытудың жоспары.

Апта

Тақырыптың аты

Оқуды ұйымдастыру формасы және сағат саны

СӨЖ тапсырмалары

1

Термодинамиканың негізгі ұғымдары мен анықтамалары
(2 сағат)

Зертханалық жұмыс. Калориметрлік өлшеу
(2 сағат), СОӨЖ (2 сағат),
СӨЖ (3 сағат)

Түзілу және жану жылуларын есептеудің жуықталған әдістері.

2

Гесс заңы.
(2 сағат)



Зертханалық жұмыс. Еру жылуын анықтау
(2 сағат), СОӨЖ (2 сағат),
СӨЖ (3 сағат)

Әр түрлі процестердегі энтропияның өзгерісі

3

Термохимия. Жылусыйымдылық
(2 сағат)

Зертханалық жұмыс. Бейтараптану энтальпиясын анықтау (2 сағат), СОӨЖ (2 сағат), СӨЖ (3 сағат)

Лагранждың белгісіз көбейткіштері

4

Термодинамиканың екінші бастамасы
(2 сағат)

Зертханалық жұмыс. Кристаллогидраттану жылуын анықтау (2 сағат), СОӨЖ (2 сағат), СӨЖ (3 сағат)

Статистикалық термодинамика элементтері

5

Сипаттамалық функциялар және олардың табиғи айнымалылары
(2 сағат)

Зертханалық жұмыс. Калориметрлік қондырғының жылусыйымдылығын анықтау
(2 сағат), СОӨЖ (2 сағат),
СӨЖ (3 сағат)

Жылусыйымдылығының температураға тәуелділігі

6

Жабық жүйелер үшін тепе-теңдіктің шарттары
(2 сағат)

Зертханалық жұмыс. Ерітіндідегі гомогенді химиялық реакциялардың тепе-теңдігін зерттеу
(2 сағат), СОӨЖ (2 сағат),
СӨЖ (3 сағат)

Заттардың конденсирленген күйі.

7

Химиялық потенциал және ашық жүйедегі тепе-теңдік жағдайлары
(2 сағат)

Зертханалық жұмыс. Соданың каустификациялау реакцияларының химиялық константасын анықтау
(2 сағат), СОӨЖ (2 сағат),
СӨЖ (3 сағат)

Ерітіндінің термодинамикалық сипаттамалары.

8

Гомогенді және гетерогенді жүйелердегі химиялық тепе-теңдік
(2 сағат)

Зертханалық жұмыс. Таралу әдістері көмегімен химиялық тепе – теңдігін зерттеу
(2 сағат), СОӨЖ (2 сағат),
СӨЖ (3 сағат)

Су және бу фазаларынан құралған бинарлы жүйелердегі гетерогенді тепе-теңдік.

9

Тепе-теңдік константасының температураға тәуелділігі
(2 сағат)

Зертханалық жұмыс. Еріген заттың молекулалық салмағын криометриялық әдіспен анықтау (2 сағат), СОӨЖ (2 сағат), СӨЖ (3 сағат)

Сұйық және қатты фазаларынан құралған бинарлы жүйелердегі гетерогенді тепе-теңдік.

10

Статистикалық термодинамика негіздері.
(2 сағат)

Зертханалық жұмыс. Екі құрамдас бөлікті жүйенің күй диаграммасы (2 сағат), СОӨЖ (2 сағат),
СӨЖ (3 сағат)

Күйлері бойынша молекулярлы қосынды

11

Фазалық тепе-теңдік. Гиббстің фазалар ережесі.
(2 сағат)

Зертханалық жұмыс. Екі араласпайтын сұйық фазаның арасында карбон қышқылдарының таралуы
(2 сағат), СОӨЖ (2 сағат),
СӨЖ (3 сағат)

Үш компонентті жүйелердің күй диаграммалары

12

Бір, екі және үш компонентті жүйелердің күй диараммалары
(2 сағат)

Зертханалық жұмыс. Шекті араласатын сұйықтықтар
(2 сағат), СОӨЖ (2 сағат),
СӨЖ (3 сағат)

Күй диаграммаларының практикада қолданылуы

13

Ерітінділер. Физикалық және химиялық теориясы
(2 сағат)

Зертханалық жұмыс. Үш құралымдық жүйедегі сұйықтардың өзара ерігіштігін зерттеу (2 сағат), СОӨЖ (2 сағат), СӨЖ (3 сағат)

Бос энерия және химиялық тепе-теңдік

14

Идеал ерітінділердің заңдары.
(2 сағат)

Зертханалық жұмыс. Шаймалау (2 сағат), СОӨЖ (2 сағат), СӨЖ (3 сағат)

Идеал газдардың термодинамикалық қасиеттері

15

Реал ерітінділер
(2 сағат)

Зертханалық жұмыс. Алынған нәтижелерді өңдеу
(2 сағат) СОӨЖ (2 сағат),
СӨЖ (3 сағат)

Молекулалардың Ni деңгейлері бойынша термодинамикалық ықтималдылық






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет