Перспективалық жоспар Ересектер тобы Қыркүйек айы 2019 жыл Өтпелі тақырып «Балабақша»
Мақсаты: балаларда әлеуметтік дағдыларды, мектепке дейінгі ұйымға, топқа, балалар мен ересектерге сүйіспеншілік сезімді қалыптастыруға; бірлескен әрекетке қызығушылықты дамытуға бағытталған.
Күтілетін нәтиже: -Сапта бір қатармен аяқтың ұшымен, өкшемен жүру, тізеден бүгілген аяқты жоғарғы көтеріп жүру, жүру мен жүгіруді қайталап кезектестіру. Қауіпсіз мінез құлықтары қалыптастыру.
-Балабақша туралы түсінікке ие, балабақшадағы жағдайға бейімделеді және бірлесіп әрекет ете алады.
-біртекті заттардан топтар құрастырады және олардың біреуін бөліп көрсетеді, құрылыс материалдарының негізгі бөлшектерін атайды, ажыратады және құрастырады.
-Елестеу бойынша балабақша суретін салады, қарапайым үйлесімділікті сақтай отырып түрлі пішіндерді мүсіндейді
-Адамның табиғатпен тығыз байланысты туралы біледі. Адамгершілік рухани құндылықтарға ие.