Саламатсыздарма, құрметті ұстаздар және оқушылар. Бүгінгі пікірсайысымызға қош келдіңіздер. Ежелден шешендікпен танылып, сындарлы жерде сүрінбей сөз саптаған ұлт екеніміз айдан анық. Қазіргі өткізгелі тұрған пікірсайысымыздада қатысушы спикерлеріміз сөз саптауынан жаңылмай, сіздерге маңызды ой салар ақпарат береді деген ойдамыз. Ендеше, бүгінгі пікірсайысымыз жайында мәлімет бере кетейін. Пікірсайысымыздың тақырыбы:
Жасөспірімдердің құқықбұзушылыққа баруына кім кінәлі: ересектерме әлде балаларма.
Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты – Қырандай күштi қанатты. Мен жастарға сенемiн! деп М. Жұмабаев атамыз сенім артқан қазіргі жастарымыздың құқықбұзушылыққа баруына кінәлі кім екенін бүгінгі сайысқа қатысушы спикерлеріміз сіздерге саралап түсіндіреді деген ойдамын.
Пікірсайысымыздың форматы: Американдық парламенттік формат АПФ Формат бойынша әр спикерге берілетін уақыт тақтада көрсетілген.
Айтылған әр сөзді қадағалап, баға беретін әділ қазы алқасын таныстырсам.