План-схемы эвакуации



Дата19.05.2023
өлшемі1,33 Mb.
#94814
Байланысты:
Терроризм актісінің қауіпі

Терроризм актісінің қауіпі туындаған немесе терроризм актісі жасалған жағдайдағы әрекеттер туралы

Терроризм актісінің қауіпі туындаған немесе терроризм актісі жасалған жағдайдағы әрекеттер туралы

ЖАДНАМА

Мақсаты :

  • Оқушыларға экстремизм және терроризм туралы терең түсінік беру, оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру;
  • Жасөспірімге қоғамның әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларды террорлық, лаңкестік және діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу;
  • Жасөспірімдерге бейбітшіліктің маңызын және мейірімділік пен ізгіліктің, адамдарға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты ұстанымы екенін ұғындыру. Отан сүйгіштікті, әділеттілікті, мұқтаждыққа (ақырғы шекке), терроризмге, экстремизмге теріс көз қарасын қалыптастыру
  • Террористік іс-әрекеттерді жүзеге асыратын адам немесе топтасқан қауым «террорист» деп аталады. Террорист жеке адам және қоғам тыныштығын бұзатын, мемлекет тәртібі мен қауіпсіздігіне қатер төндіретін немесе қатерге ұшырататын іс-шараларды, заңға қайшы жұмыстарды іске асыратын жеке және заңды тұлғалар болып табылады.

ТЕРРОРИЗМ АКТІСІ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА КЕЛІП ТҮССЕ

  • Шұғыл эвакуацияға дайындалыңыз
  • Сөмкеге құжаттарды, ақша аздап азық түлік салыңыз
  • Дәрі-дәрмектер жиынтығын дайындап қойыңыз
  • Балконан жанғыш және оңай тұтанғыш заттарды алып тастаңыз
  • Радио мен теледидар қосып қойыңыз
  • Адамдар көп жиналған жерлерге бармаңыз
  • Жедел қызметтердің және қажет телефон номерлерін жаныңызда ұстаңыз

ЕГЕР

ҒИМАРАТТА ТЕРРОРИЗМ АКТІСІ ОРЫН АЛСА

  • Дереу еденге жатыңыз,басыңызды бүркеңіз
  • Терезелерден,шкафтармен сөрелерден аулақ болыңыз
  • Жүгірмеңіз,лифтіні пайдаланбаңыз
  • Әйнекпен қапталған қабырғадан аулақ болыңыз
  • Есік ойығына,көтергіш қабырғаға жақын болыңыз

ЕГЕР

Күмәнді затты тауып алған кездегі қауіпсіздік талаптары

  • Жарылғыш зат екенін білдіретін белгілері:
  • табылған заттың сымдары, жіптері, изолентасы бар;
  • заттан сыртылға, сағат тықылына ұқсайтын біртүрлі дыбыс шығады;
  • заттың жанынан бадамға ұқсайтын біртүрлі иіс шығады.
  • Іс-әрекет:
  • күмәнді затқа тиіспеңіз, көтермеңіз, жылжытпаңыз;
  • жарылғыш затты өзіңіз минасыздандыруға немесе басқа орынға жылжытуға тырыспа­ңыз;
  • радиобайланыс құралдарын пайдаланбаңыз, заттың жанында тұрғанда ұялы телефон ұстамаңыз;
  • күмәнді зат туралы дереу әкімшілікке хабарлаңыз;
  • затты тапқан орын мен уақытты тіркеңіз;
  • мүмкіндігінше затты күзетіңіз, бұл ретте қорғанысты қамтамасыз ететін заттан алыс тұрыңыз (ғимараттың немесе дәліздің бұрышы).

ЕГЕР

Сырттай жарылғыш затқа ұқсайтын күмәнді затты тауып алу туралы хабар алған кезде әкімшіліктің іс-әрекеті

  • заттың расында жарылғыш құрылғыға ұқсайтынына көз жеткізіңіз;
  • мүмкіндігінше затты күзетіңіз, бұл ретте қорғанысты қамтамасыз ететін заттан алыс тұрыңыз (ғимараттың немесе дәліздің бұрышы);
  • күмәнді зат туралы дереу құқық қорғау органдарына хабарлаңыз;
  • персонал мен оқушыларды қауіпсіз жерге эвакуациялауды ұйымдастырыңыз.

ЕГЕР

Жарылғыш құрылғылар орнатылуы мүмкін орындар

  • Қоғамдық орындар-базарлар,қоғамдық көлік аяалдамалары, дүкендер,сауда және ойын-сауық орталықтары, алаңдар,саяабақтар, көлік құралдары.

Қандай да болса оқиға орын алған жағдайда дүрбелеңге бой алдырмаңыз!
ЕГЕР

Сіз телефон арқылы террористік әрекет қаупі хабарламасын алған кезде

  • жарылыс қаупі немесе мектеп аумағында жарылғыш құрылғы бар екендігі туралы телефон қоңырауы түскенде дүрлікпеңіз;
  • мектеп телефондарының нөмірді автоматты түрде анықтау құрылғыларымен және дыбыс жазатын аппаратурамен жабдықталғанына көз жеткізіңіз;
  • күмәнді әңгіме мен оның мазмұнын жарияламаңыз;
  • телефон бойынша алған ақпаратты құқық қорғау органдарына және мектеп басшысына дереу жеткізіңіз;
  • қажет болған жағдайда білім алушылар мен мектептің тұрақты құрамын қауіпсіз жерге эвакуациялау жоспарына сәйкес эвакуациялаңыз;

ЕГЕР

Сізге хат арқылы қорқыту террористік әрекет туындаған жағдайда

  • егер құжат хатқалтамен келіп түссе, оны тек сол немесе оң жағынан ашыңыз, шетін қайшымен мұқият қиыңыз;
  • Келіп түскен хаттыабайлап ұстаңыз,қағазды конвертті бүлдіріп алмаңыз
  • Хатты беті жабылатын таза полиэтилен пакетке салыңыз және жеке қатты папкаға салыңыз;
  • онда саусақ іздерін қалдырмауға тырысыңыз;
  • Жасырын материалдарды құқық қорғау органдарына жеткізіңіз, сондай-ақ оларды та­уып алуға немесе қабылдауға байланысты жағдайларды хабарлаңыз.

ЕГЕР

Сонымен қатар,егер кепілге алынған жағдайда.

  • 1.Өз-өзіңізге мүмкіндігінше жылдам келіңіз,тынышталыңыз және үрейленбеңіз.
  • 2.Егер өзіңізді байлап немесе көзіңізді жапса бойыңызды еркін ұстауғу тырысыңыз,терең тыныс таңыз.
  • 3.Болып жатқан қатаң сынаққа моральдық және эмоционалды тұрғыда дайын болу керек.Кепілдікке алынған адамдардың көптеген жағдайда тірі қалатыны есте сақтап, сабыр таныту керек.Сізді босату үшін құқық қорғау және арнайы органдардың кәсібишаралар қолданып жатқанына сеніңіз.
  • 4.Егер, қашып кете алатыныңызғы толық сенімді болмасаңыз,қашуға тырыспаңыз.
  • 5.Террористер туралы мүмкіндігінше ақпаратты көбірек есте сақтаңыз,олардың санын, қаруларын, сөлеу мәнерін,түр-сипатын т.б.
  • Терроризмнің бетін ары қылып, еліміз тыныш, аспанымыз ашық болып, әр кез бейбітшіліктің таңы атсын !!!


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет