Постнаталдық кезеңіндегі шеткері қан өндіру



Pdf көрінісі
бет1/8
Дата26.03.2023
өлшемі1,39 Mb.
#76309
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8


ОБӨЖ №5
Тақырып:
Постнаталдық кезеңіндегі 
шеткері қан өндіру
ағзаларының гистологиясы


Сабақтың мақсаты:
1. Дифференциация процесіндегі гемопоэтикалық
жасушалардың ультрақұрылымдық және гистохимиялық
өзгерістерінің негізгі заңдылықтарын көрсету.
2 . Гуморальды және жасушалық иммунитеттің
қалыптасуындағы қан түзілу мүшелерінің рөлін білу.
3.Микроскопиялық деңгейде қан түзу ағзалардың тіндік 
элементтерін анықтай білу.
4. Т-және В лимфоциттерінің антигенге тәуелді саралануы


Қажетті бастапқы білім деңгейі:
- гемопоэз және иммунологиялық қорғау ағзаларының 
жалпы сипаттамасымен және жіктелуімен танысу.
-қан түзудің перифериялық ағзаларының: көкбауыр мен 
лимфа түйіндерінің морфологиясы мен қызметін түсіну. Осы 
органдардағы Т және В аймақтарын ажырата білуді үйрену.
- жасушалық және гуморальдық иммунитеттің
қалыптасуындағы қан түзу ағзаларының рөлін түсіну.
-лимфа түйін мен көкбауыр құрылысының ерекшеліктерін 
білу.


Тақырыптың мотивациялық
сипаттамасы
- Гемопоэз, қан, лимфа, сондай-ақ дәнекер және
эпителий ұлпаларына көшкен қан жасушалары,
дененің ішкі ортасының тұрақтылығын сақтауға
және ағзаның генетикалық тұтастығын қорғауға
қатысатын қан жүйесін құрайды.
- Кез-келген патологиялық процесс қан жүйесінің
күйіне әсер етеді, ол медицинада ауруларды
диагностикалау үшін кеңінен қолданылатын.


Гемопоэз және иммундық қорғаныс мүшелері
Жіктемесі:
I. Ортылық
1. Қызыл сүйек кемігі
2. Тимус
I. Перифериялық
1. Көкбауыр
2. Лимфа түйіндері
3. Шырышты қабықтардың иммундық жүйесі


Көкбауыр-ескірген немесе зақымдалған 
эритроциттер мен тромбоциттерді жоюға 
қатысатын маңызды қорғаныс органы,
сонымен қатар қанға енген антигендердің 
қорғаныс реакцияларына қатысады.
Көкбауырда ақ және қызыл түсті жұмсақ 
заттарын (пульпаларын)ажыратуға
болады.


Даму. Адамдарда көкбауыр эмбриональды даму кезеңінің 5-ші 
аптасында мезенхиманың дорсальды шажырқайында дамиды. 
Дамудың басында көкбауыр бастапқы қан тамырларымен өткен 
мезенхималық жасушалардың тығыз жиналуы болып көрінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет