Практика тапсырмасы Эссе



Дата02.03.2022
өлшемі20,29 Kb.
#26850

Практика тапсырмасы

Эссе: Қазақ журналистерінің сөйлеу мәдениеті

Орындаған: Жансейтова Гулнур

Тобы: Ж(21)-1C

БАҚ тілдің таралуына, халықтың сауаттылығын арттыруда маңызды рөл атқарады. Тілге құрметпен қарауды қалыптастыру бойынша көп жұмыстар жасалып жатқанымен әлі күнге га­ зеттерде қателер көп, ал теледидар экранынан үлгілі деп айтарлықтай емес сөздерді етуге болады. Жастардың теледидарға деген ынтасын, жастардың теледидарды «пір» тұтуын ексере отырып, БАҚ тілге байыппен қарауы керек. Журналисттердің кәсіби әртекті арнайы дайындықты қажет ететінін және тілді кемелдендіріп отыруды қажет ететінін ескере отырып, қадап айтады. Әсіресе радио мен теледидарда жұмыс істейтін журналистер үшін мәдениет пен сауаттылыққа қойылатын талаптар ерекше.

Қазір қуаты күшті бұқаралық ақпарат құралдарының қызметі түгелдей, түбірінен өзгеріске ұшырады. Ықылым заманнан бері жұртшылық ілтипатын иеленген, Кеңес дəуірін жəне тəуелсіз Қазақстанды кең мағынада нанымды түрде насихаттаған атағы дардай, дəрежесі жоғары газет-журналдардың көбі біртіндеп шегіншектеп, артта қалып, оның есесіне теледидар суырылып алға шықты.Көрермен қауымның ересектер жағы да, орта буында ры да, желкілдеген жеткіншектері де көгілдір экранға қарай кілт бұрылып, жаңа заманның əлеуметтік-тұрмыстық хал ахуалын қызыға тамашалады. Жəне мемлекеттік жүйедегі «Хабар», «Қазақстан» арналарының қатарларын жеке меншіктегі ұжымдар толықтыра түсті. Қазақстан халқы отандық бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің күнделікті өнімдерін кəдімгідей кəдеге жарата бастады.

Жарықтық, алты алаш арыстары ауыздарынан небір шынайы лебіздер ақ маржандай ақтарылғанын жақсы білеміз. Халқымыздың біртуар перзенті Шəкəрім Құдайбердиев кезінде «Дауыс пен сөз сұлулығы–жан сыйы ғой» деп жазған болатын. Олай болса басты мəселе көгілдір экраннан жарқ етіп, жұрт назарын өзіне аударып көрінуде емес шығар. Сөйлеу мəдениетіне жете мəн беріп, бағдарламаның экранға сапалы күйінде шығуына қамқорлық жасау, əр минуттың зая кетпеуі үшін табан ды күрес жүргізу журналисттің негізгі қызметі екенін бір сəт ұмытуға болмайды.

Франция елінде баяғыдан қажеттілікке жараған этикет деген сөз бар. Оның ескі атаулары салт-жоралар, салтанат. Қашықтағы Қытай елінде бір ғана рəсімнің отыз мыңнан астам атаулары бар көрінеді. Қытайлықтар, Жапондар адаммен өте ізгі жағдайда, жылы шырайда амандасуға мəн бере отырып, əрқашан мазмұнын жоймаған əдептілік халық сеніміне кіру деп есептейді. Адамгершілікті ылғи асқақ ұстайды. Олар «сіз», сондай-ақ «сен» деген сөздерді дұрыс үлгіде қолдануға, сезім, көру, есту, түйсік, сана кері бағытта өзгермеуіне ықпалын тигізуге тырысады. Әйгілі Шота Руставели «Құмырадан тек қана ондағы бар нəрсе ағады» десе, қазақтың тауып айтылған «аңдамай сөйлеген ауырмай өледі» деген қанаттты лебізі жəне бар.

Ғалымдардың зерделі зерттеуіне сүйенсек, жағымды жандардың дауыстары мейірімді, ашық, қоңыр, биязыболадыда, жағымсыздардың дауыстары керісінше тарғыл, жарықшақ, қырылдаған, гүжілдеген, бажылдаған болып келеді екен. Сəл тарих сандығын ақтарып, ішіндегі, гауһар, жауһарларын тізіп көрсек, біраз жайларға тереңнен қаныға түсеміз. Сонау он сегізінші ғасырда өмір сүрген американдық танымал ағартушы Бенд-Жамин Франклин жер бетіндегі ізгілік атаулының он үш түрін белгілеп, əлемді мойындатқан. Олар ұстамдылық, үнсіздік, тəртіп, шешімділік, іскерлік, ашықтық, əділдік, үнемділік, тазалық, сабырлылық, салқынқандылық, шаң жұқтырмаушылық, сыпайылық болып жүйе-жүйесімен кете береді. Зерттеуші Құдайберген Тұрсынов өзінің 1998-жылы «Қазақ университеті» баспасынан жарық көрген «Көгілдір экран құпиясы» деп аталатын ғылыми зерттеу еңбегінде «Біздер əдетте, күнделікті қарым-қатынас барысында «ажарсыз», «талғамсыз», «күлкілі», «ыңғайсыз» жəне тағы басқа сөздерді көп қолданамыз деп жазады Ол мəнерлеп, мəнді, мағыналы оқудың, мəтіндегі сөздік тіркестерді, логикалық жəне психологиялық кідірістерді тап басудың, сөйлемдегі негізгі екпінге мəн берудің, тыныс белгілеріне мұқият болудың ерекшеліктерін де ақиқат тұрғысынан айта біледі. Н. Омашұлы 1999-ыншы жылы Алматы қаласындағы «Атамұра» баспасынан шыққан «Жол үстінде журналист» кітабында «Елдің рухани еркіндігін сезіндіру, оның орнығуын қамтамасыз ету қолына қалам ұстаған əріптестеріміздің міндеті болып қалмақ» деп жазады. Ғалымның міндеті бұқара жұртшылық жылы қабылдап, ойланып, толғанатын парасатты пікір туғызу. Әрі қарай жауапкершіліктің апауыр жүгі журналисттердің, жүргізушілердің, дикторлардың өз бастарында болса керек. Республика өз алдына, дербес жеке мемлекет болғалы көгілдір экран қызыметі əбден жанданды.



Қазақ теледидарында жұмыс істеген ардагерлердің біразы зейнеткерлікке шықты. Қазір олар пəтерлеріндегі жұмсақ дивандарға жайғаса жатып, теледидар бағдарламаларын көрермен ретінде көріп, тамашалайды. Ресейдегі Мəскеу теледидары хабарларының сценарилерін, тақырыптарын қайталау дəстүрі пайда болды. Ал, хабарларды жүргізушілер қатарларына эстрада əртістері емпелеңдей жетіп келіп, төрге озып, тізгінді иеленіп, шамашарықтарынша сөйлей бастады. Дені кəсіби шеберлік деңгейінде емес екендігін ашық айтуға тиістіміз. Хабарлар негізінен тікелей жүргізілетіндіктен көрермен алдындағы жауапкершілік өте жоғары екенін ұмытпаған жөн. Мəселен республикалық теледидардан белгілі əншілер Айгүл Иманбаева мен Жанар Айжанова тұрақты жүргізетін «Той Bestar» хабарын алайық. Екеуі де кəсіби журналист емес. Бірақ экран алдындағы жауапкершілік бəріне бірдей. Ең бірінші ескертер жай, осы хабардың идеясының өзі бұлдырлау. Айгүл мен Жанардың жөн жосықсыз, мүлде ретсіз күлуі түсініксіз əрине. Сөйлеу мəдениеттері төмен.Экранда отырған жүргізушілер теледидардағы сөз бен дастархан басында, той думанда айтылатын əнгіме айырмашылығын жан жүрегімен сезінсе шіркін. Атақты ерлізайыпты əншілер Қыдырəлі Болманов, Қарақат Әбілдина жүргізетін «Бенифис шоу» хабары да жетісіп тұрған жоқ. Бұлардың талантты əншіліктеріне түк дауымыз жоқ. Бірақ экранда сөз қолданыстары, сөйлемдерді құрауы, мəтіндерге мəн беруі шамалы. Көркемдіктің көк жиегі анық күйінде, пəлендей көзге түспейді.

Ауызды қу шөппен сүртіп, уһілеп, аһылап ғұмыр кешуге болмайды. Көгілдір экранның шын мəніндегі көркі болған хабарлар, оны əзірлеуге шалқар шабыт, зор ізденіспен барған жүргізушілер қаншама. Талантты жазушы Ақселеу Сейдімбек пен Жəнібек Кəрменовтың циклды хабарларын айтсаңызшы. Екеуінің көгілдір экранда отырысының өзі бір бөлек. Артық қимыл, қозғалыс байқалмайды, жүргізуші де, бағдарламаға қатынасушы да қазақы, айшықты сөзге ағып тұр. Айызың қанады. Ал, Жүсіпбек Елебеков үлгісінде домбыра шертіп, оған өзінің қоңыр дауысын қосатын Жəнібектің əсем əуені Арқаны ажарландырып, Жетісуды желпіндіріп жіберетіндей. Кейде республикалық теледидар қорындағы осы хабарды қайталап көре бергім келеді де тұрады. Мұның сыртында жазушы журналист Сұлтан Оразалинның əйгілі адамдармен ой бөліскен.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет