Іс-әрекет – адамның қоршаған ортаға деген белсенді қатынасының бір формасы немесе қоршаған орта мен субъектінің өзара қатынасының динамаикалық жүйесі.
Іс-әрекет – адамның қоршаған ортаға деген белсенді қатынасының бір формасы немесе қоршаған орта мен субъектінің өзара қатынасының динамаикалық жүйесі.
Іс-әрекет – адамның әлеуметтік ортада мақсатқа бағытталған белсенділігі.
Тірі материяның өлі материядан, жоғары формалардың төмен формалардан айырмашылығы – белсенділікте. Адамның белсенділігі өте көп қырлы.
А.Н. Леонтьев: «Бала психикасы дамуының тікелей анықталуы - ішкі және сыртқы іс-әрекетінің дамуы». Сондықтан іс-әрекет, А.Н. Леонтьев бойынша, өмір бірлігі болып саналады.
А.Н. Леонтьев: «Бала психикасы дамуының тікелей анықталуы - ішкі және сыртқы іс-әрекетінің дамуы». Сондықтан іс-әрекет, А.Н. Леонтьев бойынша, өмір бірлігі болып саналады.
С.Л. Рубинштейн 1933 жылы сана мен іс-әрекетті алғаш байланыстырды, сана мен іс-әрекет бірлігінің принципін біріктіріп: психикалық бейнеленуі, сана іс-әрекеттің белсенділігімен байланысты, одан шығады, сонда тіршілік етеді, онымен анықталады. Осы принципке сәйкес, сана іс-әрекеттен туындайды.
Іс-әрекеттің құрылымы: А.Н. Леонтьев анықтаған іс-әрекеттің құрылымын былайша көрсетуге болады:
Іс-әрекеттің құрылымы: А.Н. Леонтьев анықтаған іс-әрекеттің құрылымын былайша көрсетуге болады:
Қажеттіліктер – ағзаның бір нәрсеге керекті кескінін ұсынатын және іс-әрекетке талаптанатын субъективті құбылыс болып табылады. Барлық қажеттіліктерді екі негізгі топқа бөлуге болады:
биологиялық (виталды)
ақпараттық (әлеуметтік қажеттіліктер негізіне жататын)
Биологиялық қажеттіліктер бұл организмнің өмірлік қажеттіліктері, адам денесінің қалыпты функционалдығына барлық алғашқы қажеттіліктер, денсаулық, физикалық даму, табиғатпен қарым-қатнас, тамақтану қажеттіліктері. Егер адам немесе жануарлар осы қажеттіліктердің әсерінен әрекеттенсе, онда олардың белсенділіктері шектеулі болар еді.