Практикалық сабақтарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулық құрылымы



Дата19.03.2023
өлшемі59 Kb.
#75473
түріСабақ



Практикалық сабақтарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулық құрылымы
1. Практикалық сабақтың тақырыбы
2. Оқу нәтижелері
3. Практикалық сабақтың тапсырмасы
4. Бағалау критерийлері
№ 1 - тәжірибелік сабақ тақырыбы: Тіл мәдениеті ғылымының негізгі мәселелері -1сағ.
Оқу нәтижелері
Студент

  • тіл мәдениеті ғылымының өмірге келуіндегі қажеттіліктерді анықтайды;

  • тіл мәдениетінің негізгі мәселелерін сипаттайды;

  • тіл мәдениетіне қатысты терминдер мен ұғымдарды, олардың мәнін салыстырады;

  • тіл мәдениетінің негізгі мәселелерін сыни тұрғыдан талдайды;


Тапсырмалар
1-тапсырма.
1. Тіл мәдениеті ғылымының өмірге келуіндегі қажеттіліктерді анықтап көрсетіңіз. 2. Тіл мәдениетінің анықтамасын сипаттаңыз. 3. Тіл мәдениетіне қатысты терминдер мен ұғымдар, олардың мәні (терминдер сөздігін жасаңыз). 4. Тіл мәдениетінің негізін айқындаңыз. 5. Тіл мәдениетінің зерттеу нысанын талдаңыз.
2-тапсырма. Ана тілі туралы толғауларды оқып, тілдің құдіретінің, маңызының қандай екендігін анықтаңыздар.
Туған тілім – тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы,
Өссе тілім, мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім, мен де бірге өшемін (Ә.Тәжібаев).

Тіл сыйлы етер, құтты қылар, өсірер,


Бас та жарар, қадір-құтты ол өшірер (Ж.Баласағұн).

Адамға екі нәрсе тірек тегі,


Бірі – тіл, бірі – ділің жүректегі (Ж.Баласағұн).

Ойлы сөз көпті ұтады,


Ойсыз сөз басты жұтады (А.Йүгінеки).
3-тапсырма. Тіл, оның маңызын байқататын мақал-мәтелдер, өлең мәтіндер жинап, мағынасына талдау жасаңыздар.
4-тапсырма. «Тіл және мәдениет» деген тақырыпта конспект жазыңыз.
Бағалау критерийлері

1.

тіл мәдениеті ғылымының өмірге келуіндегі қажеттіліктерді сипаттау;

Дескриптор



Балл

Білім алушы:

тіл мәдениеті ғылымының өмірге келуіндегі қажеттіліктерді сипаттайды;

20



2.



тіл мәдениетінің негізгі мәселелерін анықтау;

тіл мәдениетінің негізгі мәселелерін анықтайды;

20

3.

тіл мәдениетіне қатысты терминдер мен ұғымдарды, олардың мәнін салыстыру;

тіл мәдениетіне қатысты терминдер мен ұғымдарды, олардың мәнін салыстырады;

30



4

тіл мәдениетінің негізгі мәселелерін сыни тұрғыдан талдау;



тіл мәдениетінің негізгі мәселелерін сыни тұрғыдан талдайды;



30




Барлығы

100


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет