Практикалық сабақтың тақырыбы №9. Тұлғаның және топтардың қарым-қатынасы. Практикалық сабақтың оқыту нәтижелері



бет1/2
Дата22.10.2022
өлшемі22,47 Kb.
#44914
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
Практикалық сабақ 9


Практикалық сабақтың тақырыбы №9. Тұлғаның және топтардың қарым-қатынасы.


Практикалық сабақтың оқыту нәтижелері:
1. Пәннің аясында ғылыми ой мен теория мазмұны негізінде әр түрлі саладағы әлеуметтік қарым-қатынастың жағдайын түсіндіру;
2. Әлеуметтік және тұлғаралық қатынастар,тіл,мәдениет,саяси бағдарламалар, қазақ қоғамының әр түрлі кезеңде дамуы туралы ақпаратты нақтылау және негіздеу.
Практикалық сабақтың мазмұны:
Қарым-қатынас – бұл əлеуметтік-психологиялық құбылыс, ол адам өміріндегі көптеген рухани жəне материалдық құндылықтарды қамти отырып, оның өміріндегі ең жоғары қажеттіліктердің бірі. Дегенмен, бір қарағанда қарым-қатынас ұғымы баршаға танымал жəне қандай да мағыналы қиындықтармен байланысты емес көрінеді. «Қарым-қатынас» сөзімен біз кəсіби, жеке, шығармашылық жəне тағы басқа жалпы қызығушылықтардың төңірегінде пайда болған қарапайым түсініктерді, яғни адамдардың бірбірімен байланысын жəне қатынастарын; таныс немесе бейтаныс адамдармен кездесулерін; жеке қатынастарын түсіндіруге тырысамыз. Адам қоғамда, өзін қоршаған адамдар тобында өмір сүреді жəне дамиды, оның талаптарына сай өз пікірі мен мінез-құлқын өзгертеді, топтың өзге қатынасушыларымен бірлескен іс-əрекет ықпалымен түрлі сезімдерді бастан кешеді. Алайда мұның барлығы өзге адамдармен ақпарат жəне толғаныс алмасудан ғана болады, оларды жақсы тани отырып, біздің əрқайсысымыз қалай да болса қатынасқа түсеміз.
Қарым-қатынас психологиясы адамдардың бірлескен іс-əрекеттегі бірін-бірі қабылдауы жəне түсінуі; еліктеуі, иландыруы мен сенімі; ұйымшылдық пен қақтығысқа түсушілігі; бірігіп əрекет ету мен тұлғааралық қатынастар сияқты құбылыстарды зерттейтін сала. Бұл психологиялық құбылыстардың алуан түрлі болуына қарамастан, олардың пайда болуының негізгі көзі – адамдар арасындағы қатынас аймағы.
Қарым-қатынас мəселесінің концептуалды негіздері туралы кеңес ғалымдары В.М. Бехтерев, Л.С. Выготский, С.Л. Рубинштейн, А.Н. Леонтьев, Б.Г. Ананьев, М.М. Бахтина, В.Н. Мясищева жəне т.б. қарым-қатынасты адамның психикалық дамуының, əлеуметтенуі жəне индивидуализациялануының, тұлға қалыптасуының маңызды шарты ретінде қарастырды.
Қарым-қатынас мəселесіне мəдени-тарихи психологияның негізін салушы Л.С. Выготский баға жетпес үлес қосты. Қарым-қатынастың тұлға санасына қайта жасалу механизмдерін түсіну Л.С. Выготскийдің ойлау мен сөйлеу мəселесін зерттеу барысында ашылады. Оның зерттеулерінде қарастырылатын қарым-қатынастың тұлға санасында мəдени аспект ретінде тасымалдануының мəдени-тарихи мəнін В.С. Библер нақты былай дейді: «Əлеуметтік байланыстардың терең санаға ену процесі (Выготскийдің ішкі сөйлеудің қалыптасуын талдауы) – логикалық жоспарда – ашық жəне қатысты «мəдениет бейнелерінің» дербестілігінің, оның дайын феномендерінің ойлау мəдениетіне айналуы. Əлеуметтік байланыстар ішкі сөйлеуге еніп қоймай, онда олар түбегейлі қайта жасалады, əлі жүзеге асырылмаған жаңа мəнге, сыртқы əрекетке жаңа бағытқа ие болады».
В.А. Петровский пайымдауынша, «іс-əрекетті жүзеге асыру процесінде адам объективті түрде басқа адаммен белгілі бір байланыс жүйесіне түседі». Осылайша, байланыс, алмасу (əрекеттермен, заттармен, ақпаратпен, т.б) жəне өзара ықпал кез келген өзара əрекеттің мазмұны болып табылады.
Мазмұны танымдық жəне формасы бойынша бірлескен-диалогтық іс-əрекеттің қалыптасу процесі индивидуалды іс-əрекеттің мақсаттарының, мағыналарының жəне мотивтерінің өзара бір-бірімен байланысуы мен түйісуі барысында жүзеге асады. Жаңа мақсаттардың қалыптасу процесі – бірлескен танымдық іс-əрекеттегі мақсатқұрылым, мазмұны жағынан – практикалық, ал формасы бойынша бірлескен мақсаттардың қалыптасуынан басталады. Бірлескен іс жүзіндегі мақсаттардың келесі кезеңінде мағына құрылым мен мотивқұрылым процестерінің арқасында бірлескен танымдық іс-əрекеттің сапалы қайта өзгеруін білдіре отырып, бірлескен ойлау мақсаттарына қайта өзгереді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет