Природа родного края



Pdf көрінісі
Дата03.03.2017
өлшемі167,25 Kb.
#5645

 

115


 

ПРИРОДА

 

РОДНОГО

 

КРАЯ

 

 

ОƏЖ

 502.4 

 

СОЛТҮСТІК

 ҚАЗАҚСТАН  ОБЛЫСЫ ТУРИСТІК ОБЬЕКТ РЕТІНДЕ 

 

Бекмаганбетова

 Ж.Н., Батжанова С.Т. 

(М. Қозыбаев атындағы СҚМУ) 

 

 



 

Қазақстанның  дамыған  жəне  жоғары  деңгейлі  кластерлерінің  бірі  туризм  болып 

табылады.  Туризмнің  дамуы  мемлекеттің  экономикалық  жағдайының  жақсаруына 

аралық салалардың қалыптасуына мүмкіндік жасайды. 

Қазақстандағы  туризмнің  дамуын  қарастырғанда  тарихи  жағдайларға  сүйенеміз. 

Туризмнің дамуы Қазақстанда б.з.д 3 мыңжылдықта пайда болып, құрыла бастаған Ұлы 

Жібек  жолының  дамуымен  байланысты.  Туризм  ол  көптеген  адамдардың  білуінше  ол 

демалыс,  жаңа  əсер  алу,  қанағаттанумен  байланысты.  Белгісіз  өлкелерді  ашу  жəне 

тануға,  табиғи  ескерткіштерді,  тарих  жəне  мəдениет,  əртүрлі  елдердің  салт  – 

дəстүрлерін танып білуге деген құштарлығының арқасында адам өміріне өте қажеттене 

түсті.  

Осы замаңғы туризм индустриалды формасы бар, ұлттық экономикалық дамудың 

негізгі катализаторы болып табылатын, жаңа  жұмыс орнын пайда болдыратын, ұлттық 

кірістің өсуіне əсер ететін, жерлікті халық тұрмысын көтеретін экономикалық құбылыс 

туризм  саласында  алдынғы  қатардағы  шетелдің  туризм  индустрясын  мысалға  алсақ 

оған  салынған  инвестициялардың  тез  өзін  -  өзі  ақтауының  ең    жоғарғы    тиімділігін 

көреміз.  Туризмнің  дамуы  мемлекеттің  экономикалық  жағдайының    жақсаруына  

аралық  салалардың  қалыптасуына  мүмкіндік  жасайды.  Бұл  жаhандану  деңгейіндегі  

салмақты саясат, үлкен ақша ірі бизнес болып саналады.Бұл деген туризм өзі жетілген 

мемлекеттің экономикасында оң ықпалын  тигізеді деген сөз. 

Қазақстанның  əлемдік  туристік  шаруашылықта  өз  орнын    табуда,  оның  өзіндегі 

туристтің  аумақтық  ұйымдасуы  жəне  ғылыми  дамуын  жетілдіре  отырып  жоғары 

деңгейлі туризм индустриясына қол жеткізе алады. 

Облыстың  аумағы  98,04  мың  шаршы  км.  Теңеліп,  республика  аумағының  3,6 

пайызын  құрайды.  Солтүстік  Қазақстан  облысы  –  Қазақстанның  солтүстігінде 

орналасып,  (Сары-Арқа)  қазақтың  ұсақ  үстүртінің  бір  бөлігін  жəне  Батыс  Сібір 

ойпатының  қиыр  оңтүстігін  алып  жатыр.  Облыс  аумағының  көп  жері  Батыс  Сібір 

ойпатының қиыр  оңтүстігінде  орналасып,  жер  деңгейінің  биіктігі  200м.  аспайды  жəне 

Тобол  мен  Ертіс  өзендерінің  ара  алқабының  көп  кеңістігін  Альп,  ескі  өзен  неоген 

платосына  қарайды. Облыстың  əкімшілік  орталығы  -  Петропавл  қаласы,  ол  (Ертіс 

өзенінің сол саласы) Есіл өзенінің оң жағалауында орналасқан. 

Солтүстік Қазақстанның ең үлкен құрлық тереңінде орналасуы оның табиғатының 

күрт  өзгермелі  болуына  əсер  етіп,  ал  жазының  қысқа  да  ыстық  болуы. 

       Жануарлар əлемінің көптүрлі болуы экосистемалардың əр түрлігімен анықталады. 

Мұнда сүтқоректілердің 160-тай жəне құстардың 200-дей түрлері бар. 

Облыс  аумағында  көптеген  көркем  жерлер:  тау  жоталары,  сыңсыған  ормандар, 

өсімдік  қорықтары,  маңызды  қарағай  тоғайлары,  Шалқар  көлі  жəне  Имантау  табиғи 

аймағы  бар.  Жүздеген  археологиялық  тарихи  жəне  сəулет  ескерткіштері  мемлекет 

қорғауында.  Ең  ғажайып  археологиялық  жерлер:  Иман-Борлық,  Шағала  жəне  Есіл 

өзендерінің  аңғарында  орналасқан,  мысалы  энеолит  эрасының  кездеспейтін  тарихи 



 

116


 

ескерткіші  –  «Ботай  қонысы»,  ал  темір  ғасырының  археологиялық  ескерткіші  -  «Ақ 

Ирий» қалашығы болып табылады.  

Солтүстік Қазақстан облысында туристік индустрияны дамытуда шетел жəне ішкі 

инвестициялардың  қызығушылығын  оятатын  барлығы  бар.  Облыстың  геогрфиялық 

орналасу  орынын  есептегеннің  өзінде:  Ресей  Федерациясының  іргелес  аумақтары 

(Омбы,  Қорған,  Түмен);  Астана  астанасының  жəне  Ақмола  облысының  курортты 

жерлерінің  жақындығы  (Бурабай,  Зеренді);  бірегей  табиғи  демалыс  аймағының  болуы 

(Шалқар  жəне  Имантау  көлдері),  сондай-ақ,  республикалық  маңызы  бар  ескерткіштер 

(Қарасай  мен  Ағынтай  батырлардың  кесенесі,  Сырымбет  кентіндегі  Айғаным  мен 

Шоқан Уəлиханов мекені, Ботай энеолиттік мекені)   бұл аймақ ішкі туризмді дамыту 

жоспарында ең болашағы барлардың бірі болуы мүмкін.  

Солтүстік-Қазақстан  облысында  туристік  сала  аясындағы  жұмыстар  2001  жылғы 

13 маусымдағы  «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Заңға сəйкес 

əзірленген, 2007-2011 жылдарға арналған Солтүстік-Қазақстан облысындағы  туристік 

саланы дамыту Бағдарламасына сəйкес  өткізіледі.  

Қазіргі уақытта облыста, туристік қызмет түрлеріне лицензиялары бар, туристтік 

бизнестің 27 субъекті тіркелген, соның ішінде 5 туроператор жəне 20 турагент, сондай-

ақ  «Планета»  Туристтік  орталығы»  МҚКК  жəне  «Спортландия»  ЖШС  өздерінің 

қызметтерін жалғастыруда. Негізгі қызмет түрлері: ішкі жəне шығыс туризмі.  

Облыс  аумағында  37  туристтік-сауықтыру  объектісі.,  22  балалар  сауықтыру 

лагері бар. Орналастыру өрісінде 24 жеке кəсіпорын иелері жұмыс істейді. 

Солтүстік  Қазақстан  облысында  туризмді  дамытудың  2007-2011  жылдарға 

арналған  бағдарламасына  сəйкес  облыстың  турөнімдерін  көрсету  жəне  шарттарды 

бекіту  мақсатымен  облыстың  басқарма  жəне  туристік  ұйымдардың  өкілдері  есеп  беру 

кезеңінде  келесі  халықаралық  туристік  көрмелерге  қатысқан:  «Туризм  жəне  Саяхат»  - 

«КІТF-2009»  9-ыншы  Қазақстандық  халықаралық  туристік  көрме,  (Алматы  қ.,  2009 

жылғы 23-25 сəуір),  «Туризм. Сауықтыру. Саяхат - 2009» Ақмолалық өңірлік туристік 

жəрмеңке  (2009  жылғы  8-10  сəуір).  «Саркылмас  саяхат»  Қазақстандық  туристік 

жəрмеңкесі (жылжымалы) (2-5 шілде 2009 жылы, Талдықорған),  «ASTANA LEISURE-

2010»  7-ші  Қазақстандық  халықаралық  туристік  көрме,  (Астана  қ.,  2009  жылғы  6-8 

қазан). 


Солтүстік  Қазақстан  облысында  туризмді  дамытудың  2007-2011  жылдарға 

арналған  Бағдарламасын  жүзеге  асырудың  бірінші  кезеңінде  соңғы  жылдар 

қорытындысы бойынша туризмнің барлық түрлерінен көрсеткіштердің өсуі байқалған. 

2009  жылы  туризмнің  барлық  түрлерінен  қызмет  көрсетілген  келушілер  саны    2877 

адамға  6,9  %  2008  жылғы  38799-дан  2009  жылы  41676  туристерге  дейін.  Қызмет 

көрсетілген  келушілер  санының  өсуі,  2009  жылы  өсіруді  3089  адамға  8,6  %    2008 

жылғы  32850-ден  2009  жылы    35939  туристке  дейін  көрсеткен,  ішкі  туризм  есебіне 

жіберілді.   

Сонымен,  2009  жылы  сыртқы  туризм  1,6  %  өсіп  келушілердің  жалпы  санынан 

2805 адамды құрады (6,7 %). 2008 жылмен салыстырғанда шығушы туристер саны  8,1 

% кеміп келушілердің жалпы санынан 2,9 мың адамды құрады немесе 7 %. 

Облыс  аумағында  ерекше  қорғалатын  16  табиғат  объектiсi,  3  000-нан  астам  көл 

бар. Туристер үшiн орманды-далалы аймақ жануарларының өмiр сүру ортасын көрсету 

объектiсi ретiнде бұлан, елiк, қабан, жанат тəрiздi ит, түлкi, борсық, қоян, тиiн жəне т.б. 

көптеп  мекендеген  Согров  жəне  Мамлют  қорықшалары,  «Красный  бор»  қорығы 

ұсыныла  алынады.  Жазғы  мерзiмде  аққулар,  бiрқазандар  ұя  салады.  Облыста 

орхидеяның  кездеспейтiн  түрi  өседi.  Айыртау  ауданында  (Айыртау  с.,  Имантау  с.) 

жергiлiктi  туристiк  қоғамдастықтар  құрылған.  Туристiк  бизнес  саласына  жоғарыда 



 

117


 

айтылған  селолардың  тұрғындары  тартылған,  тұру,  тамақтану,  экскурсиялық  қызмет 

көрсету жөнiндегi қызметтер ұсынылады.  

Солтүстiктен  оңтүстiкке  70  шақырымға,  шығыстан  батысқа  65  шақырымға 

созылған табиғи шұратты ұсынады. Оның негiзiн су қоймалары жəне Имантау көлiмен 

тау-орман  массивi  құрайды,  ол  шын  мəнiнде  өңiрде  ең  сұлу  көлдердiң  бiрi  болып 

саналады.  Көл  суы  тұщы.  Көл  ортасында  жүрек  түрiнде  көркем,  орманмен  жабылған 

шағын  арал.  Көлдiң  түбi  тегiс.  Оңтүстiк  жəне  солтүстiк  жағынан  жағалары  құмды, 

оңтүстiк-батыс шығысынан-жартас. Ормандар көлдермен бiрлесе ерекше микроклимат 

жасайды. Бұнда бұғылар, елiктер, борсықтар, түлкiлер, тиiндер, құрлар, кекiлiктер жəне 

жануарлардың  басқа  түрлерi  мекен  етедi.  Котелок  шоқысы,  «Казачий»  аралы,  «Буян» 

шатқалы —  табиғат  ескерткiштерi  өзiне  жергiлiктi  тұрғындар  мен  демалушыларды 

қайталанбас  сұлулығымен  тартады.  Имантау  көлiнiң  жағалары —  «жабайы  туристер» 

демалысының  сүйiктi  орны.  Жазда  мұнда  түрлi-түстi  шатырлардан  толық  қалашықтар 

пайда  болады.  Көлге  қол  жетiмдiлiк  оңай,  жолдардың  көлiк  торабы  демалыс  аумағын 

Чистополье селосымен, əрi қарай Есiл с., Торғай с., Володар с., Қостанай қ., Челябi қ., 

Көкшетау  қ.,  Омбы  қ.,  Түмен  қ.,  Новосiбiр  қ.  байланыстырады.  Имантау  демалыс 

аумағы  «Көкшетау»  мемлекеттiк  ұлттық  табиғи  саябағының  Арықбалық  өңiрлiк 

бөлiмшесiне жатады. 

Солтүстiк  Қазақстанда  қылқанды  ормандардың  пайда  болу  мəселесiнде 

ғалымдардың көпшiлiгi осы ормандардың Орал жəне Алтай ормандарымен байланысты 

болған  ертеде  кең  жайылған  ормандардың  қалдықтары  болып  табылатынына  сəйкес 

көзқарасты қолдайды. Қызылжар əкiмшiлiк ауданындағы Большая Малышка селосынан 

қашық емес жерде орналасқан реликтiлiк «Серебряный бор» 243 га. аумақты құрайды. 

Ағаштардың жартысынан көбiнiң жасы 100 жылға дейiн. Қарағай орманын ақ қайыңдар 

айнала  қоршап  тұр.  Сондықтан  «Серебряный  бор»  аталған.  Көптеген  жылдар 

қатарында  шырша  əртүрлi  ғимараттар  үшiн  құрылыс  материалы  ретiнде  қолданылды. 

Осы жерлерде алғашқылардың бiрi болып Долматов, Красноярка,  Соколовка, Вагулин 

селолары  пайда  болды.  Сол  кездiң  өзiнде  жергiлiктi  табиғат  ландшафтарының 

бiрегейлiгiн түсiнген шенеунiктер болды жəне олар сондықтан қарағай орманын кесуге 

тыйым  салды.  Осы  əрекеттердiң  арқасында  бүгiн  бiрегей  «Серебряный  борды» 

тамашалауға  болады.  Қазiр  бұл  Есiл  өзенi  жайылмасының  жоғары  бөлiгiн  толығымен 

алмаса да, басым бөлiгiне ие көне қылқанды орманның шағын ғана қалдығы. Қылқанды 

орманның  табиғаты  бiрегей.  Осы  жерде  қызамық,  құлпынай,  қой  бүлдiрген — 

жидектердiң солтүстiк жəне оңтүстiк түрлерi тоғысқан. Мүк пен қына шүйiншөп жəне 

өлеңшөппен қатар өседi.  

Шал  ақын  ауданы  аумағында  «Сардоник»  қорығы  бар.  Шал  ақын  ауданының 

əкiмшiлiк  орталығы  Сергеевтан  40  шақырымда  орналасқан.  Су  торабы  аудан 

орталығы —  Сергеев  қ.  визит  кəртiшкесi  болып  табылады.  Су  қоймасы  Есiл  өзенi 

бойымен  Сергеев  қ.  Куприянов  с.  дейiн  100  шақырымға  созылған.  Су  айнасының 

алаңы — 117 шаршы шақырым, максималды тереңдiгi — 20 м. Осында су туризмi мен 

жағажайлық  демалыс  түрлерiн  дамыту  үшiн  мол  мүмкiндiктер  бар.  Шал  ақын  ауданы 

орманды-далалы аумақта орналасқан. Иман Бұрлық, Бағанаты жəне Шудасай — шағын 

көркем  өзендер  Есiл  өз.сағалары  болып  табылады.  Осы  аумақта  100-ден  астам  шағын 

көл  саналады.  Шағын  Торанғұл  көлi  жəне  Козлов  көлi  балықтың  мол  қорымен 

танылған.  Сергеев  су  торабын,  облыс  үшiн  сирек  кездесетiн  өсiмдiктер,  соның  iшiнде 

қара  қандағаш  өсетiн  шағын  аумақ  Қандағаш  орманын  көру  қызығушылық  тудырады. 

[25,4 том]. 

Ботай —  Еуразияның  ертедегi  жылқышыларының  əлемдегi  бiрегей  қонысы. 

Иман-Бұрлық өзенiнiң оң жағасында 15 га. алаңды алады. Жер бетiнде көптеген тұрғын 

үйлердiң  шұңқырлары  көрiнедi.  Ескерткiште  10  мың  шаршы  метрден  астам  жер 


 

118


 

қазылған,  100-дей  тұрғын  үй  зерделенген,  300  мыңнан  астам  арфект  анықталған. 

Тұрғын үйлер қоныстың барлық аумағында орналасқан. Ботайда көптеген шаруашылық 

жайлар,  ошақтар,  су  шұңқырлары,  сүйектер,  құралдар  табылған,  себебi  осы  жерде 

судың қасында терi өңдеу жүргiзiлген. Тұрғын үйлер негiзiнен қоныстың орталығында 

орналасқан.  Жылқы  шаруашылығы  ботайлықтардың  шаруашылық  жүйесiнiң  негiзi 

болған.  Содан  басқа,  олар  аңшылық,  балық  аулаумен  айналысқан,  сүйек,  ағаш,  тасты 

өңдеген, керамиканы дайындаған. Болжамды түрде олар доңғалақты бiлген. Жылқыны 

үйретудiң  алғашқы  кезеңi  осы  кезге  жатады.  Қоныстар  бiр-бiрiнен  150-200  шақырым 

жерде  құрылған,  себебi  олардың  əрқайсысына  өз  табындарын  бақылау  үшiн  қажет 

тiршiлiк кеңiстiгi қажет болатын. Ботай ескерткiшi ЮНЕСКО-ның қорғауына алынған. 

Ботай  мəдениетiнiң  Еуразияның  далалық  жəне  орманды-далалық  белдеуiнiң  көне 

тарихының проблемаларын əзiрлеу үшiн дүниежүзiлiк маңызы бары танылған. 

Солтүстік  Қазақстан  үлкен  туристік  потенциалы  бар.  Оның  негізінде  əр  түрлі 

табиғи əр түрлі көркем ландышафтармен жəне климаттық белдеулерін, мəдени - тарихи 

бай  мұрасымен,  өзінің  қонақжай  халқымен  ерекшеленіп,  туризмді  дамытуға  үлкен 

жағдай жасалды. Бірақ мемлекетттердің алдында үлкен бір жауапкершілік тұр. Ол осы 

бай  потенциалды  əлемдік  жəне  ішкі  нарықта  бəсекелесті  тудырудың  туристік  өнімге 

айналдыру.  

 

 



 

Əдебиет

:  

1.

 



Ердавлетов С.Р. География  туризма / С.Р. Ердавлетов Алматы:  2000.- 356 б. 

2.

 



Энциклопедия Алматы под. Ред. Ахметбаева С.Т. Алматы , 1996 – 545 б. 

3.

 



Дүйсен  Г.М.  Основы  формирования  и  развития  индустрии  туризма  в  Казахстане  .  Алматы, 

2002 - б.94. 

4.

 

www.sko.kz порталы 



5.

 

Қазақ ұлттық энцеклопедиясы 4 том 




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет