Бұл типті абсорберлерде фазалар арасындағы тығыз беттесуге сұйықты газ ағынында әртүрлі тәсілдермен шашырату жолымен қол жеткізіледі.
Қуыс шашыратқыш абсорбер (62 суреті) корпусының үстіңгі бөлігінде сұйықты шашырату үшін форсункалар бар бағана болып табылады. Шашыратқыш абсорберлерде масса алмасудың көлемдік коэффициенттері форсункалардан алыстағанда тамшылардың коалесценциясы мен ыазалар беттесу бетінің кішіреюі салдарынан күрт төмендейді. Сондықтан, бұл аппараттарда форсункаларды әдетте бірнеше деңгейде орнатады.