Титульный лист программы
обучения по дисциплине
(SYLLABUS)
Форма
Ф СО ПГУ 7.18.4/19
Министерство образования и науки Республики Казахстан
Павлодарский государственный университет им. С. Торайгырова
Кафедра казахского языка
ПРОГРАММА ДИСЦИПЛИНЫ (SYLLABUS)
DV 5201
Іскери қазақ тілі
/
Деловой казахский язык
для всех специальностей магистрантов
Павлодар, 2013г.
Лист утверждения
программа дисциплины
(Syllabus)
Форма
Ф СО ПГУ 7.18.4/19
УТВЕРЖДАЮ
Декан факультета ГПФ
___________ Сарбалаев Ж. Т
«___»_____________20__г.
Составители: проф., к. ф. н.
Зейнулина А. Ф.
_______________
доцент, к. ф. н.
Ысқақ Б. Ә. ___________________
Программа дисциплины (Syllabus)
DV 5201
Іскери қазақ тілі
/
Деловой казахский язык
для всех специальностей магистрантов
Программа разработана на основании рабочей учебной программы, утверждённой
«___» _________20__г.
Рекомендована на заседании кафедры от «___»____________20__г.
Протокол №_____.
Заведующий кафедрой_____________ Зейнулина А.Ф «____» ________20__г.
Одобрена учебно-методическим советом гуманитарно-педагогического факультета
«____»______________20__г. Протокол №____
Председатель УМС ________________ Ксембаева С.К. «____» ________20__г.
1. Паспорт учебной дисциплины
Іскери қазақ тілі / Деловой казахский язык
Количество кредитов и сроки изучения
Всего – 3 кредита
Курс: 1, 2
Семестр: 1, 2
Всего аудиторных занятий – 45,5 часов, в том числе:
Оffline – 26,5
Online – 11
аудиторный-контактовый – 8
СРС – часов – 90 часов, в том числе:
Оffline – 85
Online – 5
Общая трудоемкость – 135 часов
Форма контроля
Форма итогового контроля:
экзамен (тест+уст.) – 1, 2 семестр
Пререквизиты
Пререквизитами курса являются все разделы вузовского курса казахского языка (фонетика,
лексикология, орфография, морфология, словообразование, синтаксис, пунктуация и стилистика); навыки
чтения, говорения, аудирования и письма, приобретаемые за время обучения в ВУЗе.
За курс ВУЗа оценка знаний по казахскому языку как минимум должна быть «хорошо».
Постреквизиты
Языковая подготовка способствует успешному усвоению государственного языка, развивает
коммуникативные способности магистрантов. Знания, получаемые при обучении предмету «Деловой
казахский язык», используются при изучении таких предметов, как профессиональный казахский язык,
дисциплины в русле изучаемой специальности.
Знание основ казахского языка необходимо для устного общения и для оформления письменных
текстов, включая официально-деловые документы.
2. Сведения о преподавателях и контактная информация
Зейнулина Айман Файзоллақызы
профессор кафедры Казахского языка, кандидат филологических наук
Е-mail:
akbura.66@mail.ru
Ысқақ Бақыт Әмірханқызы
доцент кафедры Казахского языка, кандидат филологических наук
Е-mail:
bakyt.69@mail.ru
, iskak2011@yandex.kz
Кафедра Казахского языка находится в главном учебном корпусе (корпус А, ул. Ломова 64), аудитория 542,
контактный телефон 8 (718-2) -67-36-85 (внутр.1327)
3. Предмет, цели и задачи «Іскерлік қазақ тілі» является весьма актуальным предметом для будущих
специалистов по всем отраслям. Данный курс предусматривает билингвальный подход к профессиональной
лексике и способствует развитию профессиональной билингвальности у магистрантов, обеспечивает
высокую профессиональную компетентность будущих специалистов.
Целью изучения дисциплины является:
- обеспечение билингвального подхода к профессиональной лексике,
- развитие профессиональной билингвальности у студентов,
- формирование профессиональной языковой лексики, расширение и углубление коммуникативно - речевой
компетенций студентов;
- развитие навыков чтения, говорения, аудирования и письма на государственном языке с профессиональной
направленностью;
- достижение профессионализации речи студента в результате отбора специальной лексики,
способствующей более глубокому осмыслению и закреплению терминологии по выбранной специальности.
- повышение билингвальной речевой активности и самостоятельности студентов в процессе обучения.
Задачи дисциплины:
- обеспечение языковую профессиональную компетентность будущих специалистов;
- активизация устной и письменной профессиональной речи на государственном языке с учетом
профессиональной речевой деятельности;
- углубление знаний студентов по гоударственному языку;
По окончании курса «Іскери қазақ тілі» студенты должны овладеть умениями:
- произношения профтерминов, слов и словосочетаний по профессий на госдарственном языке;
- использование профессиональной лексики на письме и в устной речи;
вести диалог и монолог на предложенные профессионально-ориентированные темы;
- самостоятельно читать, писать, говорить, слушать и понимать, переводить профессиональные речевые
единицы.
По окончании курса «Іскери қазақ тілі» магистранты должны овладеть умениями: произношения
специфических звуков казахского языка; использование аффиксов на письме и в устной речи; различать
части речи; вести диалог (монолог) на предложенные лексические темы; использовать в речи не менее 400
терминов по специальности; самостоятельно переводить текст из 4000 знаков.
4. Требования к знаниям, умениям, навыкам и компетенциям
Изучив дисциплину, Вы должны будете знать:
- вам необходимо узнать систему коммуникативных функций делового казахского языка и основные
требования к использованию деловых-профессиональных языковых единиц в повседневном общении;
- вам необходимо узнать приемы и способы организации речи на деловом-профессиональном казахском
языке, правила речевого этикета, культуры речи и общения;
Участвуя в практических занятиях и выполняя задания на СРС, Вы научитесь культуре речи и
общению на казахском языке по специальности и деловому овладению различными видами
коммуникативных действий, а именно:
- ориентироваться в разных деловых сферах и ситуациях общения;
- правильно использовать языковые средства в оформлении мысли;
- составлять диалоги, монологи по различным темам на казахском языке.
5 Тематический план изучения дисциплины
№ р/с Тақырып атауы
Сабақ түрлері
бойынша
дәрісханалық
сағаттар саны
СӨЖ
Әлеуметтік-мәдени, күнделікті
қатысым саласындағы
коммуникативтік құзыреттілік
мазмұны
Міндетті тілдік құзырет
бөлігінің мазмұны
О
ff
li
ne
O
nl
in
e
дә
рі
сх
ан
ал
ы
қ-
ко
нт
ак
ты
лы
О
ff
li
ne
O
nl
in
e
1
Тіл туралы заң
Қазақ тілі – мемлекеттік тіл
2
1
1
5
1
2
С.Торайғыров атындағы Павлодар
мемлекеттік университеті.
Қазақстан ғылымы
3
1
1
5
1
3
Қоғам және жастар.
Мен – Қазақстан азаматымын.
Қазақстан ғалымдары
1
1
5
1
4
Еңбек туралы заң.
Ертістің Павлодар өңірінің
ғалымдары
1
1
5
5
Қазақстандағы білім беру жүйесі
Мемлекеттік қызмет
дегеніміз не?
1,5
1
5
6
Мамандығым – мақтанышым.
Экономика ғылымы қалай
дамыған?
2
1
5
7
Мамандыққа қатысты мәтіндермен
жұмыс. Терминдер.
3. Кәсіпкерлер дегеніміз
кімдер?
2
1
5
1
8
Атақты ғалымдар.
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Ғылым Академиясы
1
1
5
9
Мәтіндердің функционалды түрлері:
1.Ресми іс қағаздары стиліндегі
текстер
1. Публицистикалық текстер
2. Ғылыми стильдегі текстер
Көркем текстер
Мамандықтың ғылыми
қағидасы
2
1
5
10
Стилистика және стиль туралы
Ауызекі сөйлеу тілінің стилі
Кітаби-жазба стиль
Публицистикалық стиль
Мамандықтың ұжымы мен
еңбек тәртібі
1
1
5
Көркем әдебиет стилі
Ресми құжаттар және іс қағаздары
стилі
11
Ғылыми стиль
Ғылыми стиль туралы түсінік
Ғылыми стильдің басты лексикалық
ерекшелігі-терминдер
Ғылыми стильдің грамматикалық
ерекшеліктері
Ғылыми мәтінде зат есімнің
қолданылуы
Ғылыми конференция
1
1
1
5
12
Ғылыми мәтінде сын есімнің
қолданылуы
Ғылыми мәтінде сан есімнің
қолданылуы
Ғылыми мәтінде етістіктің шақ, рай
және етіс категорияларының
қолданылуы
Ғылыми мәтіндердегі сөйлем
құрылымы
Зат пен құбылысқа анықтама беру.
Тіл білімі мен әдебиет
тарихы, өнер ғылымы.
2
1
6
13
Ғылыми стильдің жанрлары
Ғылыми мәтіннің құрылымы
Ғылыми-бағалау мәтіндері
Ғылыми стильдегі сипаттама және
талдау мәтіндері
Академиялық мәтіндер
Ғылыми стильдің ауызша түрлері
Ғылыми кітапхана –ғылым,
білімнің киелі ордасы
2
1
6
1
14
Магистрлік диссертация таырыбының
өзектілігі, зерттеу әдістері бойынша
ғылыми тіл жұмысы
Мамандыққа байланысты
терминологиялық сөздік мәні
Мамандыққа байланысты
анықтамалар мен атаулар
Кәсібилікті жетілдірудегі тіл дамыту
амалдары
1. Магистратура институт:
мемлекеттік стандарт,
нормативті құжаттар, оқу
үрдісін ұйымдастыру және
негізгі компоненттері
2. Ғылыми-бағалау
мәтіндері
2.1. Аңдатпа, ғылыми
мақала
2
1
6
Тілашар
Тілдік практикум
Мамандыққа байланысты
қолданылатын сөз тіркестерінің
жиілігі, оның қолданысы.
2.2. Пікір
2.3. Сыни пікір
2.4. Түсініктеме
2.5. Тезис
2.6. Ғылыми пайымдау
2.7. Сипаттау
2.8. Конспект
2.9. Дәйексөз, түйін
3. Ғылыми ауызша сөйлесім
3.1. Алқалы ғылыми жиын
3.2. Ғылыми пікірталас
3.3. Ғылыми сұхбат
Барлығы: 135 (3 кредит)
26,5
11
8
85
5
6. Содержание практических занятий
І апта. Сұрақнама
Тақырып: Тіл туралы заң. Тіл және қоғам.
Грамматика: Қазақ тілінің грамматикалық ерекшеліктері, сұраулық шылаулар, сұрау есімдіктері,
сұраулы сөйлем.
Мәтіндер:
(1) Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» заңы
4-бап.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі.
Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық саласында
қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі.
Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді
меңгеру – Қазақстанның әрбір азаматының парызы.
(2) Мәтінмен танысыңыз және қайтадан дұрыс құрыңыз:
Эзоп І күні тілден 3 түрлі тамақ пісіреді. Эзоп І күні тәтті тамақ, ІІ күні ең жаман тамақ пісіруге тиіс
болды. Бірде Ксанф үйіне қонақ шақырады және Эзопқа 2 түрлі тамақ пісіруді тапсырады. Тіл арқылы бір-
бірімізбен сөйлесеміз, амандасамыз, татуласамыз, достасамыз, қуантамыз. ІІ күнгі тамақ тағы да тілден
дайындалады. Тіл адамдарды жауластырады, қалаларды бұзады, мемлекеттерді құлатады. Бізге қайғы
әкеледі. Тілден жаман ештеңе жоқ. Маған ең жаман тамақ пісіру тапсырылды. Ал тілден жаман не бар?
Тілмен біз бір-бірімізді алдаймыз, ренжітеміз, ұрсысамыз, таласамыз, дауласамыз. Маған ең жақсы тамақ
пісіруге бұйрық болды. Тілден жақсы не бар? Тіл арқылы білім аламыз. Көне грек мысалшысы Эзоп
философ Ксанфтың құлы болған. Олар біздің дәуірімізге дейінгі ҮІ ғасырда өмір сүрген. Тілдің көмегімен
қалалар салынады, мәдениет, ғылым дамиды. Тілден жақсы ештеңе жоқ. Эзоптан қонақтар: «Сен неге тек
тілден дайындайсың?»- деп сұрапты. Қонақтар ІІ күні таңғалады. Эзоп былай жауап беріпті.
Тапсырмалар:
Мына сұрақтарға жауап беріңіз:
а) Қазақ тілі қай жылы мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болды?
ә) Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» заңы қай жылы қабылданды?
б) Тіл үйрену - қиын деген пікірмен келісесіз бе?
в) Сіз мемлекеттік тілде сөйлей аласыз ба?
г) Тілдер күні қашан?
2. Диаграмманы оқыңыз, аударыңыз.
3. Сөйлемді жалғастырыңыз.
а) Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында ...
ә) Мемлекеттік тіл қоғамдық қатынастардың барлық саласында...
б) Мемлекеттік тіл – мемлекеттік ...
Барлық
сала тілі
Қазақ тілі
Басқару
тілі
Ғылым
тілі
Мемлекет
тік тіл
Ресми тіл
Саясат
Іс-қағаз
тілі
Сот ісі тілі
Парламент
тілі
в) Мемлекеттік тіл – сот ...
г) Мемлекеттік тіл – заң ...
д) Мемлекеттік тіл іс қағаздарын ...
ж) Мемлекеттік тілді меңгеру ...
4. Тіл туралы мақал-мәтелдер, нақыл сөздер жазыңыз.
5. «Ана тілім» тақырыбында шағын мәтін құрастырыңыз.
6. Сұхбатты оқыңыз және осы тақырыпта сұхбат құрастырыңыз.
(3) Тіл үйрету курсына жазылу
а) - Маған қазақ тілі курсына жазылу керек еді. Осындай курстар туралы естідің бе?
- Иә, газет арқылы табуға болады. Мінекей, мына газетте бірнеше жарнамалар бар. Қараңыз! Сосын
біздің университетте де қызметкерлер мен оқытушылар үшін ашылған курс бар.
- Рақмет, жақсы болды ғой... . Университетте сабақ күнде кешкі сағат 18.30-дан 20.00-ге дейін бе
екен?
- Бұл орталық туралы білемін, беделді, оқыту сапасы да жоғары және ақысы да қымбат емес.
- Олай болса, мен осы курсқа жазылайын.
ІІ апта. Сұрақнама
Тақырып: С.Торайғыров атындағы ПМУ.
Грамматика: Қазақ тілінің грамматикалық ерекшеліктері, сұраулық шылаулар, сұрау есімдіктері,
сұраулы сөйлем.
Мәтіндер:
Ерлан Мұхтарұлы Арын
Ерлан Мұхтарұлы Арын адамдарға деген ықыласымен ерекшеленген тұлға, оның мінез құлқында
этикалық нормалардың барлық бояулары - өзін-өзі ұстау, салт-дәстүрді сақтау және этиканың тамаша бір
талаптары мол жан иесі. Осы бір қарапайым әрі нар тұлғалы адамның бойында жоғары мәдениеттілік,
қарапайымдылық пен ізеттілік қасиеттің ізі жатыр. Ол өзінің маңайына жақсы мамандарды, ғалымдар мен
еңбек етуге ынталы ұжымды шоғырландыра білді.
Бізді ең алдымен таңқалдырғаны - оның энциклопедиялық білімі, талантының сан қырлылығы,
қарапайымдылығы әрі кез келген адамды өзіне қарай үйіре білетін жан жылуы. Мінез құлқы мен іс-
әрекетінде ешқандай жасандылық болмайтын. Әңгімелескен адамын асқан құмарлықпен тыңдайтын.
Адамдар оған, өзі де адамдарға сенеді, ұжымнан өзін бөлек ұста
***
Әр іс өзі бір жүйе, Іздегені болып су,
Қызық екен дүние... Айдынына күмп еткен,
Сол қызықтың біріне Күмп еткенде оттегі
Көз салып, сірә, Жолыға қап кенеттен,
қараңыз: Әрбіреуін айналар,
Әрбіріміз дарамыз, Қолданып талай айлалар.
Сонда да, бірақ ұқсасып, Тотықтырып жіберер.
Ұқсастықпен топтасып, Оттегі, сірә, бұл жерде
Топтасып қол ұстасып Д, Артаньян сияқты
Өмірде жылжып барамыз. Мушкетерге дәнекер
Ізденсе бұған хал-хадар Болғандықтай епті ер.
Толып жатыр мысалдар. Халькогенді құбылтып,
Атос, Портос, Арамис – Талай заттар құрауға,
Осы үш батыр, үш кекті ер, Дамылдатпай қинап тұр.
Үшеуі де мушкетер. Әр нәрсенің заты бар,
Сол сияқты дүниеден Әр заттың түрлі аты бар,
Дараланып шықса да, Мысалға алсаң ғылымда
Күкірт, теллур әм селен Күндегі жолдас осы су
Үшеуі де – халькоген! «Гидро» деп аталар.
Бұл үшеу, жобасы, Сондықтан да, мысалы,
Нәзік жыныс болғасын Халькогенид, халькоген
Жүрмесе тек біреумен Деп аталған заттардың
Құшақтасып қолдасып, Тотығуын зерттеген
Сезеді ешбір оңбасын. Ғылыми ер батырлар
Темір, мырыш, қорғасын, Ұсынған сізге кітабын
Қалайы, мыс, никельдей «Гидрохимия жолымен
Мықтылармен табысып, Тотықтыру» - деп атап
Жанын алып, жабысып Ылайықтап ептеген,
Әл-перідей арбасар. Ендігі сөздің қысқасы,
Құдайым өзі иді деп, Айтушы ердің ұстасы,
Қолға бұлар тиді деп, Халькогенид, халькоген
Арбасар сан металмен Сияқты заттар тотықса,
Айырылмастан тұтасар. Химиялық әрекет,
Химияда осындай Байланысқа тым құмар,
Қосылыстар металдың Бірде суық, бірде бу,
Халькогениді деп Бірде қатқыл, бірде у,
Ғылыми атпен аталды. Қасиеттері пара-пар
Күндердің, күндер күнінде, Алуан заттар көп туар.
Күн болмаса түнінде Бұларды біздің адамзат
Осы үш ару, үш сұлу, Өздігіне қаратар,
Батырларын шұбыртып. Пайдалы іске жаратар...
Тапсырмалар:
1. Ғалымның қандай қасиеттерін үлгі тұтасыз?
2. Мына сөз тіркестерінің баламасын тауып жазыңыз:
Все нюансы этических норм, соблюдение традиций, высокая культура, сумел собрать,
энциклопедические знания, с огромным интересом, присущая тактичность, вокруг себя, хороших
специалистов.
2. Әр сөйлемді дұрыс құрыңыз:
1. ғылыми, 500-ден аса, жазған, еңбек.
2. Эксномикалық,ол зерттеген ,Қазақстанның , мәселелерін
3. Оның, тараған, шетелдерге, 90-нан аса, жаңалығы.
4.Экономика,өнеркәсіп,өндіріс,көлік,құрылыс,ұлттық,тұрадысалаларынан.
5. Ол, ғылыми, істеген, қызметкер, болып, институтта.
3. Дерексіз зат есімдерді мәтіннен теріп жазыңыз:
4. Жақшаны ашып, тиісті септікке қойыңыз: Е.М.Арын (Павлодар университеті) көп еңбек сіңірді.
Ол көптеген жас (ғалымдар) шақырды. (Университет) бірнеше жаңа мамандық ашылды. Оның достары
(арасы) жазушылар көп болды. (Павлодар) С.Торайғыров атында университет, көше бар. Ол Ұлттық Ғылым
(академия) тығыз байланыста жұмыс істеді.
5. Ғалымның өмірі мен шығармашылығы туралы хабар дайындаңыз.
6. Бірінші, төртінші, алтыншы сөйлемдерді мазмұнын бұзбай қысқартыңыз.
7. Қандай жаңа дерек білдіңіз?
10. Өлеңдегі терминдерді атаңыз.
11. Грек-латын текті терминдер, қазақтың байырғы сөздерінен жасалған терминдерді жазып алыңыз.
12. Өлең тексінің басын, дамуын және соңғы бөлігін көрсетіңіз. Бұл бөліктердің байланысын
көрсететін бірліктер қандай? Лексикалық немесе дейктикалық қайталама бар ма?
13. Осы өлеңдегі ғылым сипаты туралы дәйектеме жасаңыз..
14. Өлеңде металдар неге теңелген? Не себепті екенін анықтап, дәптерге жазып алыңыз.
13. Жағдаяттық тапсырма: Басқа қаладан келген магистрантқа өзіңіздің білім ордаңызды көрсетіңіз.
ІІІ апта. Сұрақнама
Тақырып: Қоғам және жастар. Мен – Қазақстан азаматымын.
Грамматика: Жіктеу есімдігі. Тәуелдік жалғау. Жіктік жалғау. Ауыспалы осы шақ, келер шақ. Септік
жалғау.
Мәтін:
(1) Қоғам және жастар
Қоғам мүшелерінің құқықтары негізгі заңда және түрлі нормативтік актілерде жазылған. Қоғам
мүшелерінің міндеттері еңбек шарттарымен, түрлі мекемелердің ішкі ережелерімен, тиісті нұсқаулармен
реттеледі. Адамның борышы моральдық – этикалық нормаларға, жалпыадамзаттық құндылықтарға
сүйенеді. Моральдық-этикалық нормалар - қоғамдағы жазылмаған заңдар.
Қоғаммен бірге қылмыстар да, оны жасаушылар да өзгереді. Уақыт өзгерген сайын қылмыскерлер
де жасарып келеді. Есірткі, темекі, арақ сияқты зиянды әдеттер үшін қылмысқа баратындар көбейді. Ақша
үшін ешкімді аямайтын да, ештеңеден тайынбайтын да ұрпақ пайда болды. Мәселен, қазір мерзімді баспасөз
беттерінен әкесін өлтіруге тапсырыс берген қыз туралы, шешесін өлтірген жігіт жайлы оқуға болады.
Қоғамда басқа қылмыстармен қатар экономикалық, лауазымдық қылмыстардың түрлері көбейді.
Тапсырыспен кісі өлтіру, ақша үшін адам ұрлау, саналы түрде жұқпалы ауру жұқтыру сияқты қылмыстар
жиілеп кетті. Мұның бәрі теледидар, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы насихатталып жатқан шетелдік
өмір салтына еліктеуден туып отыр.
Тапсырмалар:
1. Мәтінге сұрақтар қойыңыз.
2. Сөз тіркестерін аударып, сөйлем құраңыз: по трудовому соглашению, в индивидуальном договоре,
об обязанностях, от правил до морально – этических норм, через общечеловеческие ценности, наряду с
инструкцией.
4. Мағынасына сәйкес сөз тіркестерін жасаңыз:
теледидар арқылы зардап шекті
қылмыс туралы аямайды
жалпыадамзаттық құндылықтар мәлімет
ақша үшін орындалады
қылмыстық топтар арқылы біліп отыру
әр ұрлық туралы жіберді
жазылған заңдармен қатар әдет
нашақорлық сияқты танысу
5. Керекті сөздерді ретімен қойыңыз:
Лауазымды тұлғаның міндеттері заңға … анықталады. Заңды тұлға еңбек шарты... жұмысшының
міндеттерін белгілейді. Жұмысқа тұру … өмірбаян, еңбек кітапшасы, диплом … құжаттар керек.
а) дейін, соң, бері, үшін
ә) сәйкес, арқылы, үшін, сияқты.
б) сияқты, қатар, бірге, сайын.
в) сайын, кейін, туралы, қарай
г) кейін, үшін, бері, бірге
6. Сұрақтардың жауабын жазыңыз
Адамның негізгі құқықтары қайда көрсетілген?
Қоғам мүшелерінің міндеттері қалай реттеледі?
Адам құқықтарын қандай мекемелер қорғайды?
Адамның қандай борышы (парызы) Конституцияда жазылған?
7. Мәтіндегі мағыналық ұйытқы сөздерді көрсетіңіз.
8. Мәтінге жоспар құрыңыз (атаулы немесе сұраулы).
(2) «Жасыл ел» бағдарламасы
«Жасыл ел» және студенттер құрылыс жасақтары 2005 жылы құрылған.
Студенттік құрылыс жасақтары өз бастауын 2001 жылдан алады, ал «Жасыл ел» бағдарламасы
Елбасының бастауымен елімізде 2005 жылдан бастап жүзеге асуда.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің 2005 жылғы 18-ақпандағы Жолдауында: «Үкіметке жазғы кезеңде
студенттерді тұрғын-үйді көтеру үшін құрылыс жасақтарында жұмыспен қамтамасыз етіп, «Жасыл ел» елді
көгалдандыру бағдарламасын іске асырып, бұл игі істерге студенттерді қатыстыру қажет» деп атап айтқан
болатын.
Бүгінгі күнде «Жасыл ел» жастар бастамасын іске асыру үшін 28 мыңнан астам жастар белсенді
қатысуда, Республика бойынша қатарында 9 мың сарбазы бар 331 СҚЖ жасақтары құрылған. Нәтижесінде
«Жасыл ел» жасағы сарбаздарының еңбекпен тапқан ақша сомасы 300 млн. теңгеге, ал студенттер құрылыс
жасақтары сарбаздарында 750 млн. теңгеге жеткен. «Жасыл ел» жасақ сарбаздарымен 8 млн. желек
отырғызылса, СҚЖ сарбаздары әлеуметтік мәдени тұрмыстық объектілерінің құрылысына қатысты.
Тапсырмалар:
1. Сөздіктер бойынша «азамат» сөзінің мағынасын анықтаңыз.
2. Сіздің ойыңызша «азамат» деген кім?
3. Мәтіндегі цитаталардың орналасу позициясы және олардың қызметі мен ресімделуі.
4. Қазақстан Республикасының азаматтығын кімдер ала алады және қалай алуға болады?
5. Мәтіндегі мағыналық ұйытқы сөздерді көрсетіңіз.
6. Мәтінге жоспар құрыңыз (атаулы немесе сұраулы).
7. ҚР «Жастар саясаты туралы» заң қашан қабылданды?
8. ҚР «Жастар саясаты туралы» заңға қысқаша хабарлама жазыңыз.
9. Өлеңді оқыңыз, жаттаңыз. Абайдың ойы азамат ұғымына сай келе ме?
Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек
Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек,
Жылытқан тұла бойды ыстық жүрек.
Тоқтаулылық, талапты шыдамдылық -
Бұл қайраттан шығады, білсең керек.
Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,
Сонда толық боласың елден бөлек.
Жеке-жеке біреуі жарытпайды,
Жол да жоқ жарыместі «жақсы» демек.
Ақыл да, ашу да жоқ, күлкі де жоқ,
Тулап қайнап бір жүрек қылады әлек.
Біреуінің күні жоқ біреуінсіз,
Ғылым сол үшеуінің жөнін білмек.
Абай
*****
Холодный ум – нерастопимый лед.
Его лишь сердце страстное поймет.
Но только терпеливой воли власть
Соединит с умом и сердца страсть.
Три эти дара собственной души
Ты порознь растранжирить не спеши
Однажды став ущербным хоть в одном,
Ты пропадешь на поприще земном.
Ни счастья, ни покоя, ни мечты
О сердце, лишь о том горюешь ты
Что нам на свете вряд ли суждено
Собрать несовместимое в одно
Аударған Е.Курдаков
ІҮ апта. Сұрақнама
Тақырып: Еңбек туралы заң.
Грамматика: Сан есім, оның түрлері. Етістік, өткен шақ, тәуелдік форма.
Мәтіндер:
(1) Қазақстан Республикасының Еңбек туралы Заңы
Заң 1999 жылы 10 желтоқсанда қабылданды. 12 тараудан тұратын Заңда Қазақстан
Республикасының азаматтарының еңбекке құқығын жүзеге асыру негізінде туындайтын еңбек қатынастары
реттеледі.
І тарау «жалпы ережелер» деп аталады, онда заңның негізгі ұғымдары мен олардың анықтамасы
берілген.
Еңбек, еңбек қатынастары, жұмыс беру актілері, жеке еңбек келісімшарты, зиянды еңбек
жағдайлары, қауіпті еңбек жағдайлары, ауыр дене еңбегі, демалыс уақыты, еңбекақы (жалақы), біліктілік
разряды (санаты), ұжымдық келісімшарт, іссапар, өтемақы, жалақының ең аз мөлшері, жазбаша ескерту
(хабарлау), жұмыс берушінің өкілдері, жұмыскердің өкілдері, жұмыскер, жұмыс беруші, жұмыс уақыты,
еңбек міндеттері, еңбек стажы дауы, еңбек бойынша өкілетті мемлекеттік орган, еңбек жағдайы.
Сондай-ақ жұмыскер мен жұмыс берушінің негізгі құқықтары мен міндеттері айқындалған,
мәжбүрлі еңбекке тыйым салынатындығы, Заңның қолданылу аясы көрсетілген.
Заңда жеке еңбек келісімшарты, ұжымдық келісімшарт, жұмыс уақыты, демалыс уақыты, еңбекті
нормалау және жалақы, жұмыскерлерге берілетін кепілдіктер, төленетін өтемақы, жеке еңбек келісімшартын
жасаушы тараптардың материалдық жауапкершілігі, жұмыскерлерді ынталандыру және жазалау шаралары,
еңбек даулары туралы жан-жақты түсініктеме берілген.
Соңғы 12 тарауда осы заңның сақталуын бақылау туралы айтылған.
Тапсырмалар:
1. Сөз тіркестерін аударып, құрамына қарай талдаңыздар:
в законе о Труде
по трудовым спорам
из индивидуального трудового соглашения
трудовой стаж от 3-х до 5-и лет
после отпуска
через представителей работника
ежеквартально
за тяжелый физический труд
такие меры взыскания, как
на принудительный труд
2. Жаңа сөздерді қолдана отырып, сұрақтарға жауап беріңіздер:
а) Еңбек туралы заң бойынша әр адамның жұмыс уақыты неше сағат?
ә) Заң бойынша жұмыскердің демалыс уақыты неше күн?
б) Жеке еңбекшартында жұмыскер үшін қандай демалыстар көзделген?
в) Қай жылы еңбек туралы заңға толықтырулар мен өзгерістер енгізілді?
4. Еңбек туралы мақал-мәтелдерді жазып, жаттап келіңіз.
5. Берілген сөз тіркестерін аударыңыз сөйлем құраңыз.
Сөз тіркестері
Аударма
Сөйлем
Еңбек міндеттері
Келісімшарт
Өтемақы
Еңбекақы
Тараптар
Жазбаша ескерту
Еңбек даулары
Еңбек жағдайлары
Іссапар
6. Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексі туралы хабарлама дайындаңыз және енгізілген өзгертулер
мен толықтырулар туралы жазып келіңіз.
(2) Әке мен бала
Бір адам он жасар баласын ертіп, егіннен жаяу келе жатса, жолда қалған аттың бір ескі тағасын
көріп, баласына айтты:
- Анау тағаны, балам, ала жүр, - деп.
Бала әкесіне:
- Сынып қалған ескі тағаны алып неғылайын, - деді.
Әкесі үндемеді, тағаны өзі иіліп алды да, жүре берді:
Қаланың шетінде темірші ұсталар бар екен, соған жеткен соң әкесі қайрылып, манағы тағаны
соларға үш тиынға сатты. Одан біраз жер өткен соң, шие сатып отырғандардан ол үш тиынға бірталай шие
сатып алды. Сонымен, шиені орамалына түйіп, шетінен өзі бірем-бірем алып жеп, баласына қарамай, аяңдап
жүре берді. Біраз жер өткен соң, әкесінің қолынан бір шие жерге түседі. Артында келе жатқан бала да тым-ақ
қызығып келеді екен, жерге түскен шиені жалма-жан жерден біраз өткен соң және бір шие, сонымен әр
жерде бір әкесінің қолынан түскен шиені он шақты рет иіліп, жерден алып жеді. Ең соңында әкесі тоқтап
тұрып, баласына шиені орамалымен беріп тұрып айтты.
- Көрдің бе, мана тағаны жамансынып жерден бір ғана иіліп көтеріп алуға еріндің, енді сол тағаға
алған шиенің жерге түскенін аламын деп бір еңкеюдің орнына он еңкейдің. Мұнан былай есіңде болсын; аз
жұмысты қиынсынсаң – көп жұмысқа тап боласың; азға қанағат ете білмесең – көптен де құр боласың, -
деді.
Тапсырмалар:
1. Ы.Алтынсарин осы әңгімесі арқылы нені айтқысы келді?
2. Абзацтардағы сөйлемдердің байланысу тәсілдері қандай (параллельді, тізбектік)?
3. Мағыналық сөздердің синонимдік қатарын табыңыз.
4. Мәтіндегі мағыналық ұйытқы сөздерді көрсетіңіз.
5. Мәтінге жоспар құрыңыз (атаулы немесе сұраулы).
Ү апта. Сұрақнама
Тақырып: Қазақстандағы білім жүйесі
Грамматика: Етістік. Болымды, болымсыз етістіктер.
Мәтіндер:
(1) Қазақстандағы оқу жүйесі
Балалар мектепке барғанша 6 немесе 7 жасқа дейін балалар бақшасына барады.
Білім беру біздің елде жеті жастан басталады, сонда бала бастауыш мектепке барады. Орта білім 5-
ші сыныптан басталады, онда балалар әдебиет, тарих, жаратылыс тану ғылымдары сияқты көптеген жаңа
пәндер өтеді. Қазақстанда негізгі типтік мектептен басқа орта типтік мектептер бар. Сондай-ақ бір пәнді
мысалы, шет тілін, әдебиетті, физиканы т.б. пәндерді әрі тереңдетіп, әрі жедел оқытатын арнаулы орта
мектептерде жоқ емес. Сонымен бірге мамандандырылған музыкалық, балет, көркем сурет және спорттық
мектептер бар. Олар аса дарынды балаларға арналған. Мүгедек балаларға да арнаулы мектептер бар. Орта
білім алу біздің елімізде тегін. Жаңа типті орта мектептердің арасында гимназия, колледж және лицейлер де
бар. Олардың көбісі ақылы оқу жүйесіне көшкен. Жоғары оқу орындарының арасында, елімізде институт,
жоғары білім беру мектептері, университет және академиялар жұмыс істейді. Қазақстанның жоғары оқу
жүйесі 1992 жылдан батыс елінің үлгісімен төрт жыл оқытып – бакалавр, және қосымша екі жыл оқытып –
магистр дәрежесін алады. Жоғары оқу орнына түсу үшін міндетті түрде сол оқуға түсу алдындағы сынақтан
өтуі керек. Тегін жоғары білімді республикалық тесттен өткен талапкерлер ғана ала алады. Басқа
жағдайларда оқу негізі ақылы.
Тапсырмалар:
1. Төменде берілген сөз тіркестерін аударыңыз, олармен сөйлем құрастырыңыз:
Бесплатное образование, получение платного образования, учиться в частном учебном заведении,
поступать в любой ВУЗ, получить среднее образование, частная школа, школа с углубленным изучением
предмета, курсы повышения квалификации.
(2) Он сегізінші бағыт – Оқу орындарын халықаралық стандарттар деңгейінде аттестациялауды
енгізу, жоғары білім беру саласында нақтылы және инженерлік ғылымдарды басым дамыту
Біріншіден, Үкімет әрбір жоғары оқу орнындағы білім беру сапасын әділ бағалауға мүмкіндік
беретін халықаралық деңгейде аттестациялау жүйесін енгізуге тиіс. Жоғары білім беру ұйымдарын
халықаралық аккредитациялау үшін беделді агенттіктерді тарту жөнінде де ойланған жөн.
Екіншіден, ғылымды құрылымдық реформалау шеңберінде бірқатар академиялық ғылыми
мекемелерді алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарымен біріктірген тиімді, мұның өзі білім беру мен
ғылыми зерттеу жұмысын ұштастыратын университеттер құруға негіз болар еді.
Үшіншіден, Үкімет оқытудың мамандандырылған бағдарламалары мен нақтылы және инженерлік
ғылымдардың ғылыми-қолданбалы орталықтарын дамыту үшін тиісті нормативтік құқықтық база әзірлеуге
тиіс.
Төртіншіден, Білім және ғылым министрлігі мен Үкіметтің өзге тиісті құрылымдары ғылыми-
техникалық оқыту бағдарламасын әзірлеп, ақша қаражатын тиімді пайдалану мен ғылыми және қолданбалы
зерттеулердің қосарластығын еңсеру арқылы ғылыми, конструкторлық және технологиялық жұмыстардың
салааралық үйлестірілуін нығайту қағидаттары бойынша оның іске асырылуын бақылауға алуы керек.
Бесіншіден, біздің шетелдердің мемлекеттік даму институттарын белсендірек тартып, сонымен
қатар жеке меншік сектор инвестицияларының математикалық және ғылыми білім беру ісіне құйылуын
көтермелеп отыруымыз қажет.
Алтыншыдан, біз үшін барынша мүдделілік туғызып отырған білім беру салаларына шетел
ғалымдары мен оқытушыларын белсендірек тарту өзіміздің білікті оқытушылар құрамы мен инженер-
педагог кадрлардың санын ұлғайту жөніндегі стратегиямыздың құрамдас бөлігі болуы керек.
Жетіншіден, ақпараттық технологиялар мен ақпаратты таратудың жаңа нысандарына бағдарланған
мамандандырылған білім беру бағыттарын құру міндеті де алдымызда тұр.
Тапсырмалар:
Ы.Алтынсаринді алғашқы қазақ ағартушысы деп атайды. Бұл немен байланысты деп ойлайсыз?
Тағы қандай қазақ ағартушыларын білесіз? Олар туралы әңгімелеңіз.
Сөйлемдерді толықтырыңыз:
а) Жоғары білікті мамандар ......
ә) Қазіргі кездегі басты мәселе .......
б) Жоғары оқу орындары ........
в) Біздің Республикамызда ......
г) Жоғары білім берудің болашағы .....
д) Республикамыздың Конституциясының 30-бабында ......
5. Қазақстандағы атақты жоғары оқу орындары туралы хабарлама дайындаңыз.
6. «Кадрлар бөлімінде» тақырыбына сұхбат құрастырыңыз.
ҮІ апта. Сұрақнама
Тақырып: Мамандығым - мақтанышым. Терминдер.
Грамматика: Сын есім. Сын есімнің шырайлары.
Мәтіндер:
Мамандығым - мақтанышым
Қазіргі кезде дүние жүзінде мамандықтар өте көп. Олардың әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктері
бар. Кейбіреулері адамнан ақыл-ой қабілетін, теориялық білімді қажет етсе, екіншілері білік-дағдыларды,
осы заманғы техниканы меңгеруді талап етеді. Алайда қандай мамандықтағы адамға болсын, адамдармен тіл
табысу, яғни коммуникативтік құзірет те, тілдік құзірет те өте қажет. Себебі әр маман ең бірінші адамдармен
сөйлеседі және тіл арқылы қарым-қатынас жасайды.
Жапондықтардың пікірі бойынша, дүние жүзіндегі ең беделді мамандықтар электроншы-
бағдарламашы және заңгер болып есептеледі. Біздің мамандығымыз ондай болмаса да өз жұмысымызды
мақтан етеміз. Қоғамымыздың қай саласында жұмыс істесек те, ең басты мақсат - халыққа, елге қызмет ету,
оның шаруашылығын өркендету, республикамызды әлемге таныту. Ол үшін алған білімімізді үнемі
дамытуға, шетел тілдерін еркін игеруге, қазіргі түрлі технологияны меңгеруге ұмтыламыз. Магистратураға
да біз осы себеппен түстік.
Республикада жастардың зәру мамандықтарды игеруіне түрлі халықаралық бағдарламалар көп
көмектеседі.
Тапсырмалар:
Мәтінді оқып, аударыңыз.
Мәтіннен сын есімдерді табыңыз.
Мәтіндегі мағыналық ұйытқы сөздерді көрсетіңіз.
Мәтінге жоспар құрыңыз (атаулы немесе сұраулы).
Мамандығыңызға байланысты терминдер жазыңыз, мағынасын түсіндіріңіз.
ҮІІ апта.
Сұрақнама
Тақырып: Мамандыққа қатысты мәтіндермен жұмыс. Терминдер.
Грамматика: Сан есім, оның түрлері. Етістік, келер шақ, тәуелдік форма.
Мәтіндер:
Трудности избранного пути
Выбор профессии, поиски своего жизненного пути очень нелегки.
Академик Б.В.Петровский, обращаясь к журналистам, пишущим о врачах, не случайно призывал к
тому, чтобы больше говорить о повседневности, а не ограничиваться лишь восторженным описанием
героических поступков.
Знаете ли вы, например, что у врача нет покоя и тогда, когда он снял халат? Не потому, что в любое
время – днем и ночью, в буран и дождь – он может вызван больному, а потому, что труб врача – это не только
тридцать минут у постели больного.
Это бесконечная работа дома над книгой, это беспокойство за диагноз и лечение, это борьба с
возможными сомнениями. Врачу приходится помнить, что он врач в любой обстановке. Врач – всегда врач.
Тапсырмалар:
1. Мәтінді оқыңыз, аударыңыз, мазмұнын айтыңыз.
2. Тағы қандай мамандық иелері туралы осындай пікір айтуға болады?
3. Өз ойыңызды ортаға салыңыз:
а) Сіз кім болып жұмыс істейсіз?
ә) Сіздің әке-шешеңіз кім болып істейді?
б) Сіздің жалақыңыз қандай?
в) Сіздің айлығыңыз отбасыңызға жетеді ме?
г) Сіздің жұмысыңыз қиын ба?
Сіздің жұмысыңыз ауыр ма?
д) Сізге жұмысыңыз ұнай ма?
4. Осы сұрақтардың жауаптарын болымсыз түрге айналдырыңыз.
5. Төмендегі сөздерді мына топтарға бөліп жазыңыз:
а) Ақшаға қатысты сөздер;
ә) Жұмыс уақытына қатысты сөздер;
б) Жұмысқа орналасуға қатысты сөздер;
в) Жұмыстан кетуге қатысты сөздер;
г) Жұмысты бейнелейтін сөздер.
9-дан 5-ке дейінгі жұмыс, төлем, жұмыстан босап қалу, сұхбат беруге бару, қосымша табыс алу,
артық жұмыс жасау (істеу), жұмыс іздеу, арыз беру, түнгі кезекте жұмыс істеу, қиын емес, ғылыми кеңес,
сағатына қарай төлейтін жұмыс, айлық (жалақы), жарнама, жұмыссыздар саны, қосымша табыс, жылдық
табыс, 10 –ке жалақыны өсіру, айына 340 доллар табу, анықтама толтыру, ауыр жұмыс, жеңіл жұмыс, қол
еңбегіне қатысты жұмыс, сай лайық, сәйкес лайық болу, сай болу
6. Бір мамандықты таңдаңыз. Сол мамандық туралы жазыңыз, бірақ қай мамандық екенін айтпаңыз.
Мысалы:
Бұл мамандық - өте қиын мамандық. Сіз адамдармен жұмыс істейсіз. Жалақыңыз аз. Жұмысыңыз
қиын. Біліміңіз терең болу керек. Үйде де бұл жұмысты жасайсыз. Тек бір ғана жақсы жағы бар. Ол -
демалысыңыз ұзақ, 2 ай. Бұл қандай мамандық?
7. Мына терминдермен байланысқан мәтін құраңыз:
Введение – кіріспе
Детальный анализ – нақты талдау
Заключение – қорытынды
Исследователь – зерттеуші
Научные интересы – ғылыми қызығушылығы
Научное наследие – ғылыми мұрасы
Основная часть – негізгі бөлім
Оформить – ресімдеу
Часть - тарау
Рассмотрение – қарау
Расширенный кеңейтілген
Результат-итоги – нәтиже
Рецензент работы – жұмысқа пікір беруші
8. Осы терминдерді пайдаланып өз мақалаңыздың құрылымын сипаттаңыз.
9. Әріптесіңіздің жұмысына сипаттама беріңіз.
ҮІІІ апта. Сұрақнама
Тақырып: Атақты ғалымдар.
Грамматика: Етістіктің райлары. Болымды, болымсыз етістік.
Мәтін
(1) Ғалымның стилі
Қазақ әдебиеттануының тарихында «Сөз өнерінен» асқан оқулық – монография жоқ. Бұл ол
еңбектің бұрынғылардан кейін жазылғанынан емес. Міне, 32 жыл бойы әдебиет есігін аттаған талантты
жастар «Сөз өнері» атты әлемге осы еңбекті оқу арқылы ғана қолға түсетін алтын кілтті ұстап енеді.
З.Қабдоловтың ғылыми-зерттеулермен айналысуы да сол кездерден, студенттік шақтардан басталса,
қаламгердің дара стилі байқалады. Алғашқы салмақты еңбегіне тақырып ретінде «Абайдың лирикасын»
алады. Зерттеу жүйелі түрде жасалған талдауларға негізделіп әсерлі, көркем тілмен жазылған. Кейін осы
жұмыс Мәскеу қаласында өткен студенттердің Бүкілодақтық байқауында жеңімпаз атанады. Ғылым өлкесіне
енді ғана қадам жасаған талапкердің Абай өлеңінің өзегіндегі өрнектер тілін қабылдауы, талдауы ғажап.
Оған, бәлкім автордың сол кезде ақын атанып, өлең жазуы, шеберлік құпиясымен белгілі деңгейде таныс
болуы ықпал еткен шығар. Алайда мәселе, өлеңдегі Абай ойларының тереңіне еркін бойлауында және
мөлдірете жеткізе білуінде еді. Зерттеуші Абайды дара алмай, Пушкин мен Лермонтов поэтикасы аясында
қарастырып, одан қайталанбас қазақ үнін ести білген. Заман шындығын бейнелеуде Пушкиндер қолданған
тәсілдерді, өзінше, Абайша қолданған өлеңдердегі ұлттық ерекшеліктерді ажыратады. Абайдың ол деңгейге
жалаң еліктеу, үйрену жетегінде емес, таланттың табиғи дамуы ыңғайында жеткеніне көңіл аударады.
Қаламгер ғылыми-зерттеулерінде таңдалған эстетикалық объектіге тән негіздерді ашып, мәнді
деректерді бірден алға тарта сөйлейді. Тақырыпты жіктеп көрсету арқылы басты міндеттерді оқшаулап,
айқындап, анықтап көрсетеді. Бұл да ғалым стиліне тән тұрақты тәсілдердің бірі.
З.Қабдолов Гетенің «Теория, достым, сұрғылттау ғой, ал өмірдің мәңгі-бақи гүл ашқан өз терегінің
түрі жап-жасыл» деген сөзін жиі айтады. Ойлана қарасақ, ғұлама ғалым өзінің барлық әдеби-сын
мақалалары мен ғылыми-зерттеу еңбектерінде теорияның осы сұрғылт тілін мәңгі-бақи гүл ашқан өнерге
айналдыруға ұмтылған екен ғой.
(Зинол-Ғабден Бисенғали, профессор «Қазақ әдебиеті» газеті №49, 6 желтоқсан 2002 жыл, 5 бет)
Тапсырмалар:
1. Мәтінді мәнерлеп оқыңыз, аударыңыз.
2. Диаграмманы толтырыңыз:
3. Ғылымның барлық саласына ортақ терминдерді тауып жазыңыз. Олармен сөйлем құраңыз.
4. Өзіңіздің ғылыми жетекшіңіз туралы әңгімелеңіз.
5. Төмендегі пікірлерді аударып, өз көзқарасыңызды айтыңыз. Сіздің ойыңызша, ғалым қандай
болуы керек? Ғалымның портретін жасаңыз.
Мәтіннен негізгі хабарды 1-2 сөйлеммен беріңіз.
Автордың бағалауы байқала ма?
Цитаталарды пайдаланып, текст құрастырыңыз.
Мәтіндегі цитаталар қандай қызмет атқарады?
Университетіміздің атақты ғалымдары туралы әңгімелеңіз.
(2)Ученый
Ученый. Так в старину называли человека, обученного чему-либо, владеющего определенными
знаниями или просто грамотой. Вероятно, на заре науки, когда книги были редкостью, это качество
действительно казалось очень значительным: ученый знал нечто такое, чего другие не знали, не могли знать.
Сегодня положение неизмеримо сложнее. Резко возрос объем знаний. Намного увеличилось число
различных энциклопедий, книг, справочников. Появились компьютеры, способные запоминать массу
сведений, выполнять многие операции. Поэтому сейчас нет нужды в «ходячих справочниках», зато очень
велика потребность в ученых-творцах, в людях, способных не аккумулировать старые знания, а создавать
новое, двигать науку вперед.
Что для этого нужно? Природные способности плюс воспитание? А что такое природные
способности? Поддаются ли они развитию и как именно их развивать? Не вообще развивать, а так, чтобы
человек стал ученым. Ученым в сегодняшнем понимании слова – творцом, созидателем.
На эти вопросы исчерпывающих ответов наука пока не имеет, хотя ищет их давно. Среди многих
методов, которыми она пользуется, самый древний и самый простой – это изучение личности и биографии
великих ученых. Ведь по крайней мере в одном можно быть уверенным: все они люди талантливые. К
сожелению, во всем остальном картина чрезвычайно пестрая. Так, Ампер был рассеянным. А Дэви,
например, - нет. Франклин прожил яркую жизнь, много путешествовал. Биография же Ньютона бедна
внешними событиями: учеба, научная деятельность, соседний городок Грантам, Кембридж и Лондон -
больше нигде он не был. Циолковский, отец космонавтики, всю жизнь безвыездно прожил в Калуге. Многие
ученые, особенно математики, с детства проявляли необыкновенные способности. Так, Софья Ковалевская
уже в раннем детстве легко разбиралась в сложнейших законах математики. Альберт Эйнштейн развивался
медленно, поздно начал говорить, быстрая сообразительность вообще не была ему свойственна. Иван
Павлов обладал превосходной памятью. Чарлз Дарвин жаловался, что постоянно все забывает. Даже такое
необходимое ученому качество, как наблюдательность, присуще далеко не всем из них.
Попытки привести талант к «общему знаменателю» пока что безуспешны. Единственно твердо
установленный факт относится к возрасту. Абсолютное большинство важнейших достижений науки
принадлежит ученым в возрасте от 26 до 40 лет.
Конечно, талант и гениальность прямо от возраста не зависят. Но если человек этими качествами
обладает, обычно проявляются они в период наибольшей его творческой активности.
И тем не менее есть два качества, без которых успех в науке действительно невозможен: смелость
мысли и любовь к делу. Когда одного великого ученого спросили: «Как вам удалось сделать открытие? – он
ответил: «Мне очень хотелось знать, мне было просто интересно». Тот же, кому не хочется знать, кому это не
интересно, тот ничего интересного и не узнает. Мозг человека – даже самый совершенный – только скрипка.
А смычок, который заставляет ее звучать, - жажда познания.
Мәтін
(3) Цитаталар
Наука в том виде, в каком она предстает перед нашим взором, напоминает гигантскую мозаичному
картину... . Особенность науки заключается в том, что каждое новое открытие, каждая новая теория, давая
ответ на какой-либо вопрос, ставит вместе с тем десятки новых вопросов. Если продолжить аналогию с
мозаикой, можно сказать, что, укладывая в то или иное гнездо отдельный фрагмент, наука одновременно
расчищает площадки для новых, еще не созданных фрагментов.
Наука приносит ученому удовлетворение, но ее интеллектуальная ценность этим не исчерпывается.
Наука – величайшее достижение свободного человеческого ума – представляет собой прочную камень для
всех человеческих теорий и понятий.
Джордж Томсон
***
Стоит только приглядеться к ученым, сразу заметишь, что это самый нелюбопытный народ на
свете... я пошел осматривать музей естествознания; один из хранителей его чрезвычайно любезно давал мне
объяснения о животных окаменелостях. Он сообщил мне множество сведений, кончая эпохой плиоцена. Но
как только мы дошли да первых следов человека, он отвернулся, объявив, в ответ на мой вопрос, что это – не
его витрина. Я понял свою бестактность. Никогда не надо спрашивать ученого о тайнах мироздания, которые
не в его витрине. Они его не интересуют.
***
Ғылымның қас жауы - надандық пен топастық (Сәрсен Аманжолов)
***
Ғылымға азық берер қайнар көз кітап бетімен, лаборатория аумағымен ғана шектелмейді, өмірді
танумен, еңбек адамының жасампаз ісін танумен кең өрісін табады (Қаныш Сәтбаев).
Дүние тану, білімге талпыну әрбір адамның есейген дәуірінен аңсап қараған түбегейлі ісінің бірі
болып қала бермек. Егер бұл талпыну болмаса, әрбір адам білімге, еңбекке үңіле қарамаса, тек ақша қарын
тойдырып, ұйқымен уақыт өткізсе, ешбір ілгері басу – прогресс те болмас еді.
***
Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе – білім (М.Әуезов).
***
Өзінен бұрынғылар айтқан пікір, ғылыми қорытындыларын бүкпей де, бүркемей де әділ бағасын
беру, дұрысын қолдап, терістігін сынай отырып іздену арқылы ғана ғылым ілгерілемек (Қ.Жұмалиев).
***
Білгені, көргені көп адам білімді болады (Абай).
***
Талап қыл артық білуге
Артық ғылым кітапта
Ерінбей оқып көруге (Абай)
***
Халықтың кемеліне келіп, өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет (Ш.Уәлиханов).
Тапсырмалар:
Орыс тілінде берілген цитаталарды аударыңыз және оларды қандай мақсатта қолдануға
болатындығын түсіндіріңіз (ойды дамыту, өрбіту, байланыстыру, қорыту, жалғастыру, дәлелдеу, автордың
беделіне жүгіну) .
Цитаталардың орналасу позициясы және олардың ресімделуін түсіндіріңіз.
Өзіңіз қалаған бір цитатаны үш түрлі позицияға қойып, мәтіндер құрастырыңыз.
ІХ-Х апта. Сұрақнама
Тақырып: Текстердің функционалды түрлері:
Грамматика: Есімдік, оның түрлері. Өткен шақ.
Сөйлеу
типтері
Сөйлеу
стильдері
Қарым-қатынас жағдайы
Сөйлеу
типтерінің
ерекшеліктер
Қалай?
Қайда?
Кіммен?
Не
мақсат
пен?
Ауызекі
сөйлеу
типі
Ауызша
Бейресми
жағдайда
Бетпе-
бет
Бір-
біріме
н
қарым-
қатына
с
жасау
үшін
Еркіндік,
эмоционалдылық
-экспрессивтілік
жазбаша
Ғылыми
Ресми
жағдайда
Көпшілі
к
Хабарл
ау,
түсінді
ру
Дәлділік,
логикалылық
Ресми іс-
қағаздары
Хабарл
ау,
анықта
у,
бағытт
ау
Ресмилік,
нақтылық,
эмоционалдылық
-
экспрессивтілікті
ң жоқтығы
публицист
икалық
әсер
ету,
сендір
у
Үгіт-насихат
сипаты,
ресмилік,
эмоционалды-
экспрессивтілік
Көркем
Эстети
калық
әсер
ету,
бейнел
еу
Бейнелілік,
эмоционалды-
экспрессивтілік
Ресми іс-қағаздары стиліндегі текстер.
С.Торайғыров атындағы ПМУ Жоғары Кеңесі мәжілісінің
№2 хаттамасынан көшірме
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
ХАТТАМАДАН КӨШІРМЕ
_27.10.06_____№_2__
Павлодар
С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың Ғылыми-әдістемелік кеңесінің мәжілісі
Төраға — Н.Э.Пфейфер
Хатшы— С.К.Шаймарданова
Қатысқандар: Г.И.Әбішева, Д.Р.Әлмағамбетова, Г.А.Бокушева, В.Е.Гладков, Д.В.Дьяков,
Г.А.Жұмасұлтанова, Е.П.Зимовина, П.З.Ишанов, А.К.Калыков, С.Т.Каргин, С.О.Кенжетаева, Н.К.Сыздықова,
А.Ф.Сухотеплова, С.Д.Тәжібаева, Г.Г. Черная, Г.Н.Чистякова.
Күн тәртібі:
1. Оқу-әдістемелік құралдарды басылымға ұсыну туралы төрағаның баяндамасы.
ТЫҢДАЛДЫ:
3. 11. Е.Н.Жұманқұлова филология факультеті әдістемелік комиссиясының төрайымы. Ол
әдістемелік талдау берілген пікірлермен және ұсыныстармен таныстырды.
Г.Х. Әбдрахманова әлеуметтік факультеттің студенттеріне арналған «Қазақ тілі» оқу құралы, 9 б.т.
Пікір жазғандар: Ш.М.Мажитаева – Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің
қазақ тіл білімі кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.д., профессор; Ш.Ш.Жалмаханов – ІІМ Б.Бейсенов атындағы
Қарағанды заң институты қазақ тілі кафедрасының бастығы, ф.ғ.д., профессор; Сембиев Қ.З. – Қазақ-Ресей
гуманитарлық университеті қазақ тілі және әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент.
Сыртқы пікір: Ж.А.Жақыпов – ҚарМУ-дің филология факультеті қазақ тіл білімі кафедрасының
профессоры, филология ғылымдарының докторы.
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
3.11. Г.Х.Әбдрахманованың әлеуметтік факультеттің студенттеріне арналған «Қазақ тілі» оқу құралы
ашық баспаға ұсынылсын, автор – Г.Х. Әбдрахманова.
Дауыс беру нәтижесі: қолдаған -17, қарсы -0.
Төраға _______________________________ Н.Э.Пфейфер
Хатшы _______________________________ С.К.Шаймарданова
Дұрыс
Хатшы ____________________ Е.В.Буранкова
Уақыты
Тапсырмалар:
1. Осы үлгі бойынша өз кафедра мәжілісінің хаттамасын жазыңыз.
2. Өтініш жазыңыз.
3. Сауалнаманы толтырыңыз.
Анкета (сауалнама)
1. Тегі__________________________________________________
Аты__________________________________________________
Әкесінің аты___________________________________________
2. Азаматтығы___________________________________________
Егер өзгертілсе, уақытын көрсетіңіз________________________
________________________________________________________
3. Бұрын сотталған ба едіңіз, қашан және не үшін_____________
________________________________________________________
4. Шет елде оқыған немесе жұмыс істеген кезіңіз______________
Болған еліңіз___________________________________________
Болған уақытыңыз______________________________________
Жұмыс істеген немесе оқыған жеріңіз______________________
4. Диаграмманы толтырыңыз.
өтініш
...............
Конкурсқа қатысу үшін ...............
мына құжаттар керек: ...............
мекенжайы туралы
5. Өзіңіздің резюмеңізді жазыңыз.
2. Тілдің функционалды стильдеріндегі баяндау түрлері.
Текстер
дегі баяндау
Тілдік
көрінісі
Құрылы
мдық
Стильдік
ерекшеліктер
түрлері
ерекшеліктері
баяндау
Оқиғала
рды белгілі бір
кезекпен
баяндау
Басталу
ы, жалғасуы,
дамуы, шешілуі
Барлық
стильдерде
сипатта
у
Құбылы
стардың,
оқиғалардың
белгілерін
сипаттау
Белгілі
бір
құбылыстарға
тән
ортақ
немесе жеке
ерекшеліктерді
сипаттау
Кез
келген стильде
пайымд
ау
Белгілі
бір
пікірді
немесе
құбылысты
жоққа шығару,
қолдау
Тезисте
р, дәйектер,
қорытындылар,
Ғылыми,
публицистикалық,
көркем
стильдерде
3. Ғылыми стильдегі текстер.
Ғылыми текстердің жіктелуі
Функционалдық-стильдік
жіктелуі
Жанрлық жіктелуі
Ғылыми стиль
Монография,
мақала,
баяндама, курстық жұмыс,
дипломдық жұмыс, магистрлік
жұмыс, диссертациялық жұмыс
Ғылыми-ақпараттық
Реферат,
аннотация,
конспект, тезистер, патенттік
сипаттама, аннотация
Ғылыми-анықтамалық
Сөздік, анықтамалықтар,
энциклопедиялар
Оқу-анықтамалық
Оқулық,
сөздік,
әдістемелік құрал, дәріс, конспект,
ауызша жауап
Ғылыми-көпшілік
Очерк, кітап, дәріс,
мақала, каталог
Мәтін:
Стиль
Стиль – функциональная разновидность языка. В зависимости от того, для какой цели используется
язык (общение с кем-нибудь, сообщение чего-нибудь, воздействие на кого-нибудь, сообщение чего-нибудь), в
нем выделяются разновидности, которые называются стилями. Разговорный стиль. Официально-деловой
стиль. Научный стиль. Литературно-художественный стиль.
Научный стиль – это стиль научных работ, учебников и учебных пособий, статей на научные темы и
т.д.
Научный стиль – это стиль научных работ, учебников и учебных пособий, статей на научные темы и
т.д.
Научный стиль характеризуется широким использованием терминов и абстрактной лексики,
употреблением слов в их прямых значениях, наличием особой фразеологии. Научному стилю характерны
четкие синтаксические построения.
Тапсырмалар:
1. Мәтінді оқыңыз, аударыңыз.
2. Абзацтардағы сөйлемдердің байланысу тәсілдері қандай (параллельді, тізбектік)
3. Мәтінге тақырып қойыңыз.
4. «Стиль» сөзінің анықтамасын түрлі сөздіктер бойынша анықтаңыз.
4. Публицистикалық текстер.
(1) Абай өлеңдері – рухани азық
Қазақтың әдебиеті мен әдеби тілінің негізін салушы кемеңгер Абай Құнанбаев:
Әділет пен ақылға,
Сынатып көрген, білгенін.
Білгізер алыс, жақынға,
Солардың сөйле дегенін - деп ойын ақындық құдіретімен қоса өзінің көркемдік шеберлігімен
тарының қауызына сыйдырғандай екі-ақ ауыз сөзге сыйдыра білген ақын. Әр сөзінің астарында қорғасындай
зіл батпан ойлар жатыр.
«Қазақ» газетінде М.Дулатов: «Қазақ әдебиетінің атасы – тарихта аты алтынмен жазылар Абай.
Әдебиетіміздің негізіне қаланған бірінші кірпіші Абай сөзі, Абай аты боларға керек. Бәлки, мұнан кейін
Абайдан үздік, артық ақындар, жазушылар шығар, бірақ ең жоғарғы, ардақты орын Абайдікі. Қазақ халқына
сәуле беріп, алғашқы атқан жарық жұлдыз – Абай» деп жазған.
Абай қазақтың жазба әдебиетінің негізін салды. Бұл әдебиет поэзиядан басталды.
Абай жаңа әдеби тіл жасау жолын бастады, қазақ әдебиетінде жаңа бағыт туғызды. Абай өлеңдері –
мәңгілік тәлім берер өнегелі өсиет болып өмір сүреді, ол халықтың келешек керегіне қызмет етеді.
(Г.Жәкешева, «Орталық Қазақстан» газеті)
Тапсырмалар:
Мәтіндегі цитаталардың орналасу позициясы және олардың қызметі мен ресімделуі.
Мәтіндегі мағыналық ұйытқы сөздерді көрсетіңіз.
(2) Двести тысяч в огонь
(По инициативе Управления по борьбе с наркобизнесом ДВД Западно-Казахстанской области
совместно со студентами Академии трудовых и социальных отношений проведена акция «Молодежь против
наркотиков, молодежь за здоровый образ жизни»)
Студенты вуза стали свидетелями сожжения более 15 килограммов героина, изъятых полицейскими
в марте прошлого года. По словам специалистов, стоимость данного наркотического вещества составила бы
более двухсот тысяч долларов. Таков урон, понесенный наркосбытчиками, а до потребителей наркотиков не
дошло 78 тысяч разовых доз.
Акция началась с лекции в актовом зале Академии трудовых и социальных отношений. Перед
молодежью выступили полицейские, врачи-наркологи, представители неправительственных организаций.
Студенты также подготовили несколько номеров и докладов о вредности наркотиков. Затем перед
собравшимися выступил бывший наркоман, рассказавший, к чему может привести употребление наркотиков.
«Я сам решил остановиться, потому что понял, что если я не остановлюсь, меня ждет или тюрьма, или
передозировка. А почему тюрьма? Нужны деньги на очередную дозу, и ты идешь на преступление», -
закончил он.
(«На страже», 08.03.07. №10)
Тапсырмалар:
Мәтінді аударыңыз және жоспар құрыңыз.
Мәтіндегі мағыналық ұйытқы сөздерді көрсетіңіз.
Төмендегі сөздермен бірнеше сөйлем құраңыз: есірткі, қылмыс, әлеуметтік қатынастар, үкіметтік
емес ұйымдар, есірткі таратушылар, мамандардың сөздері бойынша.
5. Көркем мәтіндер
Мәтін
(1) Әнші
(үзінді)
Наурызда қазақ шәкірттері сауық жасауға даярландық. Жастардың талабы, өнері, жігері, қызметке
жарамдылығы саналатын жер де сауық; шалағайлығы, салақтығы, қорқақтығы, мақтаншақтығы, өзімшілдігі
байқалатын жер де сауық.
Спектакль қоюға лайықты кітабымыз да, әйелдеріміз де болмады. Бірлі-жарым оқыған әйелдер
ұялды, бұлданды, көнбеді. Бір-екі рет шақырсақ та «басы ауырып» келмей қалды.
Сонымен бір перделік күлкі, қалғанын декламация, хор, ән, домбыра, оркестрмен өткізбек болдық.
Сауығымыз сары ала болсын деп, Әмірқанды да шақырып, ән салғызбақ болдық.
Өз рольдерімізді бір ыңғайлап, даярлап алған соң Әмірқанға кісі жібердік.
Әмірқан қол ұстасып, сыпайы амандасып отырды. Әнеугі Шәкеттікінде көрген Әмірқан емес,
бұйығы, момақан жігіт.
Сауықты Наурыз мейрамына арнаған соң қазақтың ескі ырымын да істегенбіз. Сарқасқа құрт көжені
тай қазанға жүздіріп, бұқтырып қойғанбыз. Ішіне жылқының басын салып, екі-үш табақ ет асып,
үлкендердің алдына тартпақ болғамыз. Әсіресе жұртты сүйіндірген Әмірқан болды.
Қазақ ішіндегі жиын, тойда айтқаны болмаса, Әмірқан театрда ән салып көрген жоқ екен.
(Жүсіпбек Аймауытов)
Тапсырмалар:
Мәтндегі цитаталардың орналасу позициясы және олардың қызметі мен ресімделуі.
Абзацтардағы сөйлемдердің байланысу тәсілдері қандай (параллельді, тізбектік)?
Мәтін
(2) Отан
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдыретті үнін сүйем.
Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,
Бәрі маған «Отан» деп сыбырлаған.
Жаным менің кеудемді жарып шық та,
Бозторғайы бол оның шырылдаған.
Отан! Отан!
Бәрінен биік екен,
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем…
(Мұқағали Мақатаев)
Тапсырмалар:
1. Өлеңді оқып, прозалық текстен айырмашылығын айтыңыз.
2. Эмоционалды-экспрессивті сөздерді атаңыз.
3. Жекелеген сөздердің синонимдерін көрсетіңіз: құдыретті, мәңгілікке, биік, Отан, сүйемін.
10. Стилистика және стиль туралы.
10.1. Қазақ тілі-мемлекеттік тіл.
Мәтін: Қазақ тілі-қазақ халқының ұлттық тілі. Қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік
тілі болып табылады. Қазақ тілі түркі тілдерінің ішіндегі қыпшақ тобына жатады.
1989 жылы «Тіл туралы» Заң қабылданып, қазақ тіліне мемлекеттік тіл статусы беріліп, білім,
ғылым, өнер саласында айналымға түсті.
Тірек сөздер: ұлттық тіл, сөз өнері, тіл білімі, тіл шебері, шешендік сөздер.
Ауызекі сөйлеу стилі тікелей ауызша тілдік қарым-қатынас жасауда көрінеі, қолдану аясы – диалог.
Тілдік құралдары: эмоционалды сөздер, диалектизмдер, фразеологизмдер, т.б.
Қолданылу аясы - адамдармен еркін әңгімелесу барысында қолданылады.
10.2. Кітаби-жазба стиль.
Әр саладағы атқаратын қызметі мен қолданыс аясына қарай: ресми құжаттар және іс қағаздары
стилі; публицистикалық стиль, көркем әдебиет стилі, ғылыми стиль болып бөлінеді.
Қолданылу аясы – қоғамның әр түрлі саласында.
Мәтін: Қазақстан ғылымы.
10.3. Публицистикалық стиль.
Публицистикалық стильге радио-телехабарлар, газет-журналдар тілі жатады. Публицистикалық
стильде қоғамдық саяси мәселе қарастырылады. Публицистикалық стильдің ауызша түрі-шешендік сөз.
Мәтін: Қазақстан ғалымдары.
10.4. Көркем әдебиет стилі.
Көркем әдебиет стилінің белгілері: жазушы әр сөзді саралап, стильдік мақсатта қолданады.
Көркемдік-бейнелегіш құралдар аса мол қолданылады. Тілдің лексикалық қабаттарының барлық түрі
қолданылады. Көркем әдебиет стилінде функционалдық стильдің барлық түрлерінің де элементтері
кездеседі.
Мәтін: Ертістің Павлодар өңірінің ғалымдары.
Кереку-Баян жерінен ҚР ҰҒА-ның 12 академигі мен 13 корреспондент-мүшесі шыққан. Олар
Қазақстан ғылымының дамуына ерекше үлес қосқан. Қазақстан ғылымының өзекті мәселелеріне ерекше
зерттеу жасап, сүбелі ғылыми еңбектерімен танылған. Олар: Қ.И. Сәтбаев, Ә.Б. Бектұров, Ә.Х. Марғұлан,
Ш.Ш. Шөкин, Е.Б. Бекмаханов, Ш.Қ. Сәтбаева, М.М. Әбілдин, т.б.
10.5. Ресми құжаттар және іс қағаздары стилі.
Іс қағаздарының түрлері көбінесе белгілі бір жағдайға байланысты нақты бір тұлғаның атынан
жазылатындықтан, ол сөздер сөйлемнің баяндауышы болып, жіктік форманың бірінші жақ, жекеше түрінің
жалғауын қабылдайды.
Ресми құжаттардың тілі мен іс қағаздарының тілі ресми іс қағаздары стилі болып табылады.
Мәтін: мемлекеттік қызмет дегеніміз не?
әр елде мемлекет құрған кезде мекемелер мен кәсіпорындар бар. Мемлекетте оқу орындары,
медициналық мекемелер, полиция, басқару орындары міндетті түрде болуға тиіс. Осы мекемелерде
мемлекет қызметкерлері жұмыс істейді. Мемлекеттік қызмет өте жауапты іс және әр мемлекетке тән қызмет.
Ол ел басқару, экономика, саясат, мәдениет салаларын басқару кіреді.
11. Ғылыми стиль.
11.1. Ғылыми стиль туралы түсінік.
Ғылыми стильге ғылымның әр саласына қатысты жазылған ғылыми еңбектері кіреді. Логикалық
жүйелі ой қорытындысы- ғылыми стиль мәтіндерінің басты ерекшелігі. Ғылыми стиль түрлері: таза ғылыми
шағын стиль, ғылыми-оқулық шағын стиль, ғылыми-көпшілік шағын стиль.
Ғылыми стильдің мазмұндық белгілері: нақтылық, объективтілік, қисындылық.
Мәтін: Экономика ғылымы қалай дамыған? Экономика-адам жақсы өмір сүруі үшін, үй
шаруашылығын дұрыс жүргізу заңы (Аристотель). Әр елдің байлығы-тауар өндіру, сауда, ал негізгі байлық-
адамдар.
11.2. Ғылыми стильдің басты лексикалық ерекшелігі-терминдер.
Терминдер-ғылым мен техниканың, өнер мен саясаттың белгілі бір саласында қолданылатын нақты
бір ұғымның атауын білдіретін сөз немесе сөз тіркесі. Терминдер салалық, сала аралық және жалпы ғылыми
болып қарастырылады.
Мәтін: Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясы.
11.3. Ғылыми стильдің грамматикалық ерекшеліктері.
11.3.1. Ғылыми мәтінде зат есімнің қолданылуы.
Ғылыми стильде, оның ішінде биология, жаратылыстану ғылымдарында деректі зат есімдер
қолданылады.
Мысалы: бейімделу (адаптация), белдеу (...), қуаңшылық (...), ылғал тапшылығы (дефицит влаги),
т.б.
Мәтін: Кәсіпкерлер дегеніміз кімдер?
Кәсіпкерлік-пайда табу үшін өндіру және қызмет көрсету мақсатымен ашылған фирма немесе
кәсіпорын. Кәсіпкер өзінің фирмасын немесе кәсіпорын ашқанда ыңғайлы тәсілмен, ақылмен және
адамдардың еңбегін ең ұтымды жолмен қолдануға тырысады. Кәсіпкер білімді, маманданған, нарық заңын
білетін, адам сырын түсінетін, ақшамен жұмыс істей алатын адам болу керек.
11.3.2. Ғылыми мәтінде сын есімнің қолданылуы.
Зат пен құбылыстың әртүрлі белгілері мен қасиеттерін сипаттау үшін ғылыми стильде сын есім жиі
қолданылады. Күрделі терминдер қатыстық сын есімдер арқылы жасалады.
Мысалы: шөгінді жыныстар, орманды дала, қоректік орта, т.б.
Мәтін: Қазақстан құрылысы. Қазақстан энергетикасы,оның ғылым айналымында зерттелуі.
Достарыңызбен бөлісу: |