Программада келесі мәселелер қарастырылуы керек



Дата06.01.2022
өлшемі145,53 Kb.
#15846
түріПрограмма

Студенттер контингенті

Программада келесі мәселелер қарастырылуы керек:

1.1. Келесі реквезиттерге сәйкес студенттер тізімін құру керек: аты-жөні, тегі, жынысы, туған жылы, айы, күні, мамандығы, оқу түрі (ақылы, грант).

1.2. Мамандық және оқу түрі бойынша сұраныс құру керек.



1.3. Осы сұраныстарға байланысты есеп беруді (отчет) құру керек. 2. «Студенттер контингенті» кестесі - «Жалпы сағат саны» құжаты үшін әр топқа сәйкес студенттер контингенті көрсетілуі керек. Бұл кестеде топтардың шифрлары, әр топтың студенттер контингенті, топтың 2011-2012 оқу жылында қай курста екендігі, оқу түрі және мамандық шифры енгізіледі.

3. «Курс семестр» кестесі - «Сағаттардың 2 семестрге бөлінуі» атты құжатты дайындау үшін семестрлердің 1-ші және 2-ші жартыжылдыққа бөлу қажет. Бұл кестеде әрбір курсқа қай семестрлер тиістілігі және олардың қай жартыжылдыққа жататындығы көрсетіледі.



4. «Практика» кестесі. «Жалпы сағат саны» құжатында Оқу-танысу практикасы, Өндірістік практика, Педагогикалық практика атты бағандар бар. Бұл бағандарда іс-тәжрибе үшін бөлінетін сағаттар көрсетіледі. Топтардың жұмыс оқу жоспарларында іс-тәжрибе атаулары түрліше: өндірістік іс-тажрибесі, оқыту-педогогикалық іс-тәжрибе, оқу іс-тәжрибесі, оқу есептеу іс-тәжрибесі, касіби іс-тәжрибе, есептеу іс-тажрибесі, кәсіптік(педогогикалық) іс-тәжрибе, педагогикалық іс-тәжрибе, психологиялық-педагогикалық іс-тәжрибе. Бұл әр-түрлі атаулы іс-тәжрибелерді жоғарыда аталған 3 атаудың біреуіне жатқызуымыз керек. Осы мақсатта «Практика» кестесіне «Практика аты», «Жүктемедегі аты» атаулы өрістер енгізілген.

Сурет 1. Кестелер байланысы



Сонымен, барлық құрылған кестелер саны 5-еу болды. Бұл кестелердің байланысы 1-суретте көрсетілген.

«Жыл енгізу» сұранысы. Жоғарыда «Пандер» кестесінің Жыл өрісіне 2011-2012 жылы өтілетін пәндер үшін 2011 саны енгізіліп шығылатынын айтқанбыз. Мұны енгізуді автоматтандыру үшін мәндерді жаңарту сұранысын (запрос на обновление) құрамыз. Бұл сұраныстың көрінісі төмендегі суретте көрсетілген.

Сурет 2. Жаңарту сұранысы


Осы байланыстан соң сұраныс кестесін ашып қарар болсақ онда тек 2011-2012 оқу жылына тиісті пәндер ғана іріктелгенін байқаймыз, демек сұранысты іске түсірген соң «Пандер» кестесіндегі Жыл өрісіне іріктелген жазбалар үшін 2011 саны енгізіліп шығылады.



«Топшаға бөлу» сұранысы. Топтағы студенттердің саны 20 және одан көп болса, онда бұл топты лаборатория сабағында 2 топшаға бөлеміз. 2 топшаға 2 оқытушы лаборатория сабағын өтеді. Демек жалпы жұмыс сағатына қосымша сағаттар қосылады. Топшаға бөлінетін топтар туралы мәліметті (қай пәннен, қай семестрде, лаборатория сағаты қанша, т.б.) «Пандер» кестесіне қосымша енгізіп қоюымыз керек. Бұл сұраныс осы мақсатта жаңа жазбалар қосуға арналған сұраныс(запрос на добавление) түрінде құрылды.

«1 беттік кесте» сұранысы. «1 беттік кесте» құжатында оқытушылардың жалпы жылдық сағаты, 1-ші және 2-ші жартыжылдықтағы сағаттары, күндізгі және сыртқы бөлімдердегі лекция, практика, лаборатория, бақылау жұмысы, курстық жұмыс, диплом жұмысы, емтихандар, іс-тәжрибе сағаттары, магистратурадағы сағаттары және ОБСӨЖ сағаттары есептеліп жазылады. Мұны кафедрада оқытушылар әрқайсысы өздері есептеп бұл мәліметті енгізу үшін лаборантқа беретін. Сұраныс құру арқылы бұл процесске кететін уақыт шегеріледі.

Төмендегі 3-суретте осы сұраныстың конструктор режиміндегі көрінісі көрсетілген.



Сурет 3. «1 беттік кесте» сұранысы




«Жалпы сағаттар саны» құжаты үшін «Жалпы сағат саны» атты форма (сводная таблица түрінде) құрылды. «Жалпы сағаттар саны» құжатында сағаттар есебі топтар бойынша бөлініп беріледі. Әр топ бойынша жазбалар аяқталғанда қорытынды нәтижелер көрсетілуі керек. Бұл форма «Жүктеме» атты сұраныс негізінде құрылады (4-сурет).

Сурет 4. «Жалпы сағаттар саны» есеп беру кестесі


Кафедра оқытушыларының дара жүктемелерін дайындау үшін «Жүктеме» атты сұраныс құрылды. Оның көрінісі төмендегіше:


Сурет 5. «Жүктеме» сұранысы





Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет