Психология пәні,салалары және даму тарихы



бет1/2
Дата10.12.2023
өлшемі127,49 Kb.
#136433
  1   2
Байланысты:
Психология пәні,салалары және даму тарихы-emirsaba.org


Психология пәні,салалары және даму тарихы
Психология психикалық құбылыстардың пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтары туралы ғылым. Психикалық құбылыстар бiздi қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы әр түрлi бейнелерi болып табылады. Психикалық құбылыстардың мәнiн ғылыми тұрғыдан түсiну арқылы ғана жан-жақты танып білуге болады. Осы мәселенiң ғылыми тұрғыда олардың заңдылықтарын психология ғылымы қарастырады. Психология ерте замандардан келе жатқан бiлiм салаларының бiрi. Оның дүниеге тұңғыш келген жерi ежелгi Греция. «Психология» терминi гректiң екi сөзiнен тұрады: оның бiрiншiсi «псюхе»-«жан», екiншiсi «логос» - «iлiм», сонымен, бұл сөз «жан туралы iлiм» деген ұғымды бiлдiредi. Бiрақ, психолгияны «жан туралы iлiм» демей, психика туралы ғылым деп түсiнген дұрыс.
Психология ғылымының даму тарихы 2- кезеңге бөлінеді. Оның біріншісі 2500 жылға созылған, ежелгі гректің ғалымы Аристотель есімімен байланысты. 2500 жылға созылған осы кезеңде психология басқа ғылымдармен (философия, медицина, әдебиеттану, жаратылыстану т.б.) аралас дамыды. Оның 2-ші тарихы 1879 жылдан басталады. Осы жылы неміс ғалымы В.Вундт Лейпцигте тұңғыш лаборатория ұйымдастырып, дербес эксперименттік ғылым болуына себепкер болды.
Психологияның даму кезеңдері
• 1- ші кезең
Психология жан туралы ғылым.
• 2-ші кезең
Психология сана туралы ғылым.
• 3-ші кезең
Психология мінез-құлық туралы ғылым.
• 4-ші кезең
1 кезең (психология жан туралы ғылым). Психологияға мұндай анықтама осыдан 2000 жыл бұрын берілді. Көптеген жүзжылдықтар бойы, ХYIIғ. дейін психология «жан туралы» ғылым болып келді. • «Жан психологиясын» ғылым деп
атауға бола ма?
Адамға таныс емес құбылыстарды жан арқылы түсіндіруге тырысты
2 кезең (психология сана туралы ғылым). ХҮІІ ғасырда жаратылыстану ғылымының дамуымен байланысты.Ойлай алу, сезе алу қабілетін сана деп аталады .ХҮІІ ғасырда
жаратылыстану ғылымының дамуымен байланысты.Ойлай
алу, сезе алу қабілетін сана деп атады.
• Зерттеудің негізгі әдісі адамның өзін-өзі бақылауы болды, яғни интроспекция («ішке үңілу») әдісі арқылы зерделеу
болды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет