Психологияға



бет1/8
Дата27.11.2023
өлшемі1,26 Mb.
#129659
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
1-2 лекция

1 дәріс тақырыбы: Психологияға кіріспе және мотивация




Дәріс жоспары:

  1. Психологияның объектісі мен пәнінің ерекшелігі

  2. Психологияның қоғамдық ғылымдар жүйесінде алатын орны

  3. Психологияның міндеттері мен қызметтері

  4. Мотивация және мотивациялық сфераны жалпы ұйымдастыру.

  5. Мотивтер және қажеттіліктер.

  6. Мотив түрлері. Жетекші мотив.

  7. Жетістікке жету және сәтсіздіктен қашу мотивациясы.

Адамның ішкі жан дүниесін, оның сырттай болмыспен өзара ықпалдастық байланыстарының жалпы заңдылықтарын зерттеумен арнайы ғылым психология (грек psiche-жан, logos-ғылым) айналысады.


Психология – психиканың дамуы мен әрекетке келуі және оның көрінісінің жеке- дара типологиялық ерекшеліктері жөніндегі, сонымен бірге адамның қоршаған ортамен өзара ықпалдасты байланыстарының жалпы заңдылықтары туралы ғылым
Психология пәні

    1. іс-әрекет субъекті ретіндегі адам;

    2. өзін өзі реттеуіне қажет тұлғаның жүйелі өз сапалары;

    3. адам психикасының қалыптасуы мен әрекеттік қызметке келу заңдылықтары;

    4. адамның болмысты бейнелеу қабілеттері және оны тануы;

    5. соның нәтижесінде өзінің сырттай дүниемен өзара ықпалдасты байланыстарын реттей алуы.



Объект (ағылш. object-нәрсе) – 1) адамзат санасына тәуелсіз өмір сүретін кез келген кұбылыс;
2) материалдық-заттық немесе психикалық реалдылық. Әмбебап объектісі табиғат, қоғам мен адам болып табылады.
Субъект (лат.subjectum-бастауыш) – 1) болмысты тану мен өзгертудің қайнары ретіндегі индивид немесе топ; белсенділікті жеткізуші.
2) жеке адам немесе топ іс-әрекеті танудың және өңдеудің негізі ретінде, іс- әрекеттік белсенділіктің тасымалдаушысы.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет