Психологиялық ахуал



Дата10.10.2022
өлшемі182,47 Kb.
#42232
Байланысты:
b


№ 1 МӨЖ
Білім берудегі педагогтың құзырлығы мен тұлғалық сапалары
Орындаған: Убайдуллаева Улмекен БОПжӘ- 2 курс магистраны
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
Жоспар:
1. Мұғалімнің шығармашылық әлеуетін дамыту.
2.Кәсіби құзыретті мұғалімнің педагогикалық әрекеті
Педагогикалық энциклопедияда шығармашылық - адамның өзіндік және белсенді іс-әрекетінің жоғарғы формасы ретінде түсіндіріліп өзінің әлеуметтік маңыздылығымен және жаңашылдығымен бағаланады.
Шығармашылық процесс — әрқашанда көпшілікке белгілі қалыптасқан білімдер жүйесінен ерекшеленуімен, бір құбылысқа жаңаша көзқарасты қалыптастыруымен, бірі біріне ұқсамайтын құбылыстар арасындағы ұқсастықтарды анықтай алуымен, мәселелерді шешудегі тиімділігімен құнды.
Шығармашылық тұлға — әрқашанда еркін, өзін-өзі жан-жақты дамытуға дайын, бәсекелестікке қабілетті, құзіреттілігі мен белсенділігі жоғары адам.
Мұғалім шығармашылығы және озық педагогикалық тәжірибе. Психологиялық-педагогикалық ғылымдар саласында шығармашылық іс-әрекет ерекшеліктерін зерттеумен айналысқандар Л.С.Выготский, СД.Рубишнтейн, А.В.Брушлинский, О.К.Тихомиров, Т.А.Маслоу, Б.Г.Ананьев т.б. болған.
В.А.Сластениннің еңбектерінде педагогикалық шығармашылық педагог тұлғасының жеке, психологиялық, интеллектуалдық күштері мен қабілеттерін іске асыру процесі ретінде қарастырылады.
Оқу-тәрбие ісінде оқушылардың шығармашылығын шыңдайтын, тек шығармашыл ұстаз ғана. Сондықтан көп мәселелердің шешімінің тиімділігі мұғалім тұлғасының шығармашылығына байланысты.
Педагогикалық шығармашылық — өзінің жаңашылдығымен, қайталанбастығымен ерекшеленетін шығармашыл тұлғаны қалыптастыруға бағытталған педагогикалық іс-әрекет.
Педагогикалық шыгармашылық — мұғалімнің, өз ісін сүйіп, оған барлық ынта-ықыласымен кірісіп, әр шәкіртінің жан-жақты дамыған тұлға болып қалыптасуына неғұрлым тиімді, қолайлы жағымды жағдай жасай алуы. Ондай мұғалімдердің әрбір өткен сабағы балалар үшін өте кұнды да бағалы, мұндай сабақтарға балалар қуана жүгіріп келеді, мұғалімнен бір қызықты жаңашылдық күтеді.
Педагогикалық шығармашылық бірнеше кезеңдерден құралады.
Шығармашылдық педагогикалық міндеттерді анықтау.
Педагогикалық ықпал ету әдістерін жобалау.
Балалармен тікелей әрекеттесу арқылы белгіленген жоспарды жүзеге асыру.
Қол жеткізген педагогикалық нәтижелерді талдау.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет