Психологияны оқыту процесінде техникалық құралдарды пайдалану



Дата14.04.2022
өлшемі27,25 Kb.
#31076
түріСабақ
Байланысты:
Аралық бақылау1


Психологияны оқыту процесінде техникалық құралдарды пайдалану.

Психологияны оқыту процесінде техникалық құралдарды қолдану Әрбір сабақ техникалық оңтайлы және дидактикалық жарақ-тандырылган болуы керек. Таным сезімдік қабылдаулардан басталады. Әйтсе де, көрнекілік үшін көрнекілікті пайдаланбау керек, техникалық құралдарды орынсыз пайдаланбау қажет, бәрінің де шегі болуы керек. Мұғалімнің сабаққа дайыңдалуда көрнекі, дидактикалық құралдарды ойлап табуға және дайындауға кеткен уақыты оқытудың нәтежесімен ақталады.

Бұл мақсатпен әр түрлі техникалық құралдарды (компьютерлерді, әр түрлі карточкаларды — тапсырмаларды, сауалнамаларды, оқушылар дұрыс жауапты тандауы керек немесе иә-жоқ деген сөзбен жауап беруі керек) қолдану қажет, өзара тексеруді (бағаны коймай) қолдануға болады. Әр мұғалім өзінің бақылау жүйесін әзірлеуіне болады.

Мұғалім әр түрлі білім көздерін (оқулық, үкімет, ғылыми құжаттар, саяси-қоғамдық, техникалық, анықтамалық әдебиет, тізбелер, үлгілер, кестелер, оқытудың техникалық құралдары т.б.) қолдана отырып, өтілген материалдың терең де мықты ұғынылуына қол жеткізуі керек, оқушылардың ой-санасын оятып, ынталандырып, оларды өз беттерімен жұмыс істеуге үйретуіне ерекше көңіл бөлу қажет.





Ақпараттық техникалық құралдар

Бақылаушы техникалық құралдар


1

оқу ақпаратын жүргізу үшін, оны тепе-тең және жеңіл таныстырып өту үшін қызмет етеді. Мұндай құралдар ауызша және бейнелі ойлау қажетті байланысын, зерттеп отырған объектінің шынайы суретін көрсету мүмкін болмаған жағдайда оқу материалының тереңірек меңгерілуін қамтамасыз етеді.

оқуды бағдарлауға арналған.

2

Бұл құралдарға: видеоаппаратураны, аудиоаппаратура (үнтаспалар), проекциялық аппаратуралар жатады.

Үйрету машиналарын, сынақ пен есептерге дайындауға арналған тренажерді сондай-ақ, танымдық үрдістер мен жеке тұлға қасиеттерін тексеруге арналған құралдарды білдіреді (бұлар компьютерлік диагностикалық әдістемелер).




Видеоаппаратура (ХХ ғасырда осы аталмыш құралдар пайдаланылса:теледидар, кинотаспа, видеомагнитофон).

ХХІғ. телефон,камера,бейнекамера,интерактивті тақта,проекторлар қолданылады.)

Видеоаппаратура техникалық құралы:




  • оқу фильмдері мен кейбір көрінстерін;

  • кеңес беру үрдісін (танымал психотерапевт, студенттер әрекетін, кеңес берудің әртүрлі тәсілдерін);




  • лабораториялық типтегі ғылыми зерттеулерді, психикалық құбылыстардың (темперамент типтері, мінез акцентуациясы, эмоциялы күйлердің байқалуын көрсету үшін қолдануға болады.




  • Видеоаппаратураны пайдалана отырып, видеотренингтер, кәсіби мінез-құлық талдауын, студенттердің оқыған байқау (пробный) лекциятердің әдістемелік талдауын ұйымдастыруға болады, сондай-ақ, дистанциондық оқуды да қамтамасыз етуге болады.








б)Аудиоаппаратура (үнтаспалар).

Оларды естіп түйсіну мен қабылдауды, жалпы психология мен т.б пәндерде есту сезімталдық табалдырығын көрсету үшін пайдалануға болады.

Психология сабағында екпін, дауыс ырғағы мен т.б. сипаттамаларын талдай отырып, сөздер үзіндісін тыңдаған жөн.
Клиентпен мәлімдеме орнату кезіндегі кеңес берушінің сөзін тыңдау болашақ психологқа кәсіби сөйлеудің кемшіліктері мен жетістіктерін ұғынып, оны дер кезінде түзеуге көмектеседі.








Проекциялық аппаратура, оны әдетте, әртүрлі баспа материалдарын экран бетінде көрсету үшін пайдаланады.
ХХ ғасырда  эпипроектотрлар қараңғылықты талап ететін эпипроекторлар мен қараңғылықты қажет етпейтін кодоскоп пайдаланылатын.

Психологиялық лабораторияларда классикалық зерттеулерді көрсетуге арналған құралдар болғаны дұрыс. Оларға: бұрмалаушы, көзілдірік, полиграф т.б. жатады.



әртүрлі дағдыларды меңгеруге (өңдеуге) арналған құралдар болуы керек: қимыл-қозғалыс дағдыларын өңдеуге арналған Рупп аппараты, жарыққа деген реакцияны өңдеуге арналған құрал.




Пайдаланылған әдебиет:



Бапаева М.К., Бапаева С.Т. Психологияны окыту әдістемесі Оку құралы:, Алматы, 2006 - 160 бет.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет