Python программалау тілі туралы жалпы мәліметтер. Тілдің әліпбиі мен сөздігі. Ide (ай ди и) -мен танысу. Тіл әліпбиі. Синтаксис. Мәліметтер типтері,жіктеу



Дата05.06.2023
өлшемі14,47 Kb.
#98771
түріПрограмма

Python программалау тілі туралы жалпы мәліметтер. Тілдің әліпбиі мен сөздігі. IDE (ай ди и) -мен танысу . Тіл әліпбиі. Синтаксис. Мәліметтер типтері,жіктеу
Python программалау тіліне кіріспе Python программалау тілін құруды 1980-жылдардың соңына қарай CWI (голл. Centrum Wiskunde & Informatica; Математика және информатика орталығы) атты голландиялық институттың қызметкері Гвидо ван Россум бастады. Бірақ Python программалау тілінің құрылғаны туралы 1996 жылы жазды. Қазіргі уақытта тілдің екі тармағы бар: Python 2.х және Python 3.х. Екінші және үшінші нұсқаларының арасында аздаған өзгешелігі бар. Python программалау тілі арнайы https://www.python.org сайты арқылы сүйемелденеді және тілдің интерпретаторы тегін таратылады. Сонымен бірге, қазіргі уақытта практикада пайдаланылып жүрген операциялық жүйелердің бәріне арналған нұсқалары бар. Біз Windows операциялық жүйелеріне арналған нұсқаны қарастырамыз. Сондықтан оны https://www.python.org/downloads/windows арнайы сайтынан жүктеген дұрыс. Қазіргі программалау жүйелерінде пайдаланушының жазған программасын машиналық тілге аударатын трансляторлар қарастырылған. Транслятор дегеніміз – программистің жазған қолданбалы программасын жоғары деңгейдегі программалау тіліне (машиналық код) аударып, оны орындауды жүзеге асыратын жүйелік программа болып табылады. Транслятордың екі түрі бар: интерпретатор және компилятор. Интерпретатор программаның кезекті командасын оқып, оны бірден орындайды, программа мәтіні толығымен бірден машиналық кодқа аударылмайды. Дәлірек айтқанда, программаны бөліктеп оқып, бөліктеп орындайды. Ал, компилятор программа мәтінін толығымен оқып, оны машиналық кодқа аударып, машиналық тілдегі программаның аяқталған нұсқасын құрады. Егер программада қандай да бір қате кездесетін болса, компилятор сол қатені түзетпейінше, оны машиналық тілге аудармайды және программа да орындалмайды. Python тілінде жазылған программаның алдымен қатесі толығымен тексеріліп, сонан кейін машиналық тілге аударылады.
Бірақ Python тілі интерпретатор режимінде де жұмыс істей алады (біз кейбір мысалдарды осы иетерпретатор режимінде қарастырамыз). Сондай-ақ, Python тілі программа құруға арналған жоғары деңгейдегі программалау жүйесі болып табылады, жүйеге транслятор, мәтіндік редактор (программаның бөлігін көшіруге, өшіруге және орнын алмастыруға мүмкіндік береді) және анықтамалық жүйені, программаны жүргізу және т.б. элементтерді қамтиды.
Интерактивті режимді программаның қандай да бір бөлігін жылдам тексеру қажет болған жағдайда немесе калькулятор ретінде пайдалануға болады. Қалған жағдайларда IDLE интегралданған программа құру ортасын пайдаланған дұрыс. IDLE (Integrated Development and Learning Environment) ортасында программа құрылады. IDLE (Python 3.7.9) қосымшасы арқылы орындалады. Ол үшін алдымен аталған қосымшаны ашып, файл құру қажет. Одан кейін ашылған терезеге программа коды жазылады. Есептеулерді интерпретатор режимінде де орындауға болады.
Арифметикалық амалдар және өрнектер. Python тілінде басқа программалау тілдеріндегі тәрізді арифметикалық амалдар мен функциялар пайдаланылады. Төмендегі кестеде арифметикалық амалдар мен жүйеде орнатылған бір және екі аргументті функциялар келтірілген. Арифметикалық амал белгілері және жақшалар арқылы жалғастырылған атауларды, сандарды және функцияларды өрнектер дейді. Мысалы, (5+7*2):1,9 және т.с.с. Python тілінде арифметикалық өрнектердің мәндері есептелгенде, әдеттегі математикадағыдай, амалдар өз орындалу тәртібі бойынша есептеледі: көбейту, бөлу, бүтін бөлу, бүтін қалдық алу, қосу, азайту тәртібімен амалдың жазылу реті бойынша орындалады. Егер өрнекте жақшалар пайдаланылса, онда алдымен жоғарыдағы тәртіп бойынша жақша ішіндегі өрнектің мәні табылады. Python тілінде тұрақтылар, айнымалылар, функциялар, өрнектер пайдаланылады. Python тілінде сандық типтердің төрт түрі және жолдық типтер пайдаланылады: ІNT (бүтін), float (нақты), boolean (логикалық), complex( ), str (жолдық).
Python тілінде программалауда комплекс сандар да пайдаланылады. Комплекс сан – бұл a + bi түріндегі өрнек, мұндағы a және b – нақты сандар, i – жорамал бірлік деп аталады, оның квадраты - 1-ге тең (i2 = –1). а саны z = a + bi түріндегі комплекс санның нақты бөлігі, ал b саны комплекс санның жорамал бөлігі болып табылады. Егер b = 0 болса, онда z = a болады. Бұдан нақты сандар – бұл комплекс сандардың дербес жағдайы екенін көруге болады. Python тілінде комплекс сандарды сипаттау үшін complex( ) қызметші сөзі пайдаланылады.
Нақты сандарды дөңгелектеудің 4 тәсілі бар: Int – санның бөлшек бөлігіні шығарып тастайды. Round – санды жұп санға қарай дөңгелектейді. Floor – төменге, аз санға қарай дөңгелектейді. Ceil – жоғары қарай, үлкен санға дөңгелектейді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет