ҚР бюджет саясаты: маңыздылығы мен негізгі басымдылықтары



Дата25.04.2023
өлшемі31,65 Kb.
#86763

ҚР бюджет саясаты: маңыздылығы мен негізгі басымдылықтары
Бюджет - экономиканың басты кілті. Мемлекеттің мақсат, міндеттерін жүзеге асыруда қаржылық қамтамасыз ететін ақша қоры. Сондықтан, бюджетсіз мемлекет, мемлекетсіз бюджет болмайды. Оның мемлекетте алатын рөлі мен атқаратын қызметі мол. Бюджеттегі ақшаны жинай отырып, мемлекет саяси, экономикалық, әлеуметтік мәселелерін шешеді. Мемлекеттің өмір сүрудегі басты шарты бюджеттің болуы.
Еліміз Тәуелсіздікке қол жеткізген күннен бастап бюджет саясатына көңіл бөліп, оны жолға қою мен қалыптастыруды көздеді. 1991 жылы 17 желтоқсанда «Бюджет жүйесі туралы» Заң шыққаннан бастап, алдағы жылдарымызға да жоспарлар мен реформалар жүргізіліп жатыр. Елдегі конституциялық негіз бойынша бюджет саясатын енгізуде Президентіміздің рөлі көбірек, сондай-ақ, бюджет саясатындағы қазіргі жылға арналған жаңашылдықтар мен болашаққа жасалып отырған жоспарларын өз жолдауында баяндайды. Тұңғыш Президентіміз де «Қазақстан– 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытты» атты халқына жолдауында: мемлекетіміздің макроэкономикалық саясаты жақсаруы тиіс деп нақты айтты. Ол үшін бюджет саясаты, салық саясаты, ақша-кредит саясаты, мемлекеттік жəне сыртқы қарызды басқару саясаты сияқты маңызды бағыттар көрсетілген. Осыдан кейін бюджет саясатының маңыздылығын білуге болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет