Күні: 20.10.2022ж. Орындау уақыты: 25 минут
Білім алушының аты-жөні:______________________________________________ 9 «_» сынып
Физика пәнінен бөлімдік жиынтық бағалау 1.Ішіндегі ауасы шығарылған түтікте бытыра, тығын, құстың қауырсыны бар. Түтікті аударғанда осы денелердің қайсысы бірінші түседі?
А) бытыра;
В) тығын;
С) құстың қауырсыны;
D)үш дене бірдей түседі;
Е) бытыра, тығын. (1)
2.Радиусы 2,5 м дөңгелек 15 м/с жылдамдықпен айналады. Дөңгелектің бұрыштық жылдамдығын тап.
А) 4,5 рад/с
В) 1/30 рад/с
С) 15 п рад/с
Д) 6 рад/с
Е) 4,5 п рад/с (2)
3. Барлық планеталар Күнді эллипс бойымен айналады оның бір фокусында Күн тұрады. Бұл Кеплердің ......... заңының тұжырымдамасы.
А) 1-ші
В) 2-ші
С) 3-ші
Д) 4-ші (1)
4. Дененің қозғалыс теңдеуі берілген x=30+6t +3t2 (a) бастапқы координатаны анықтаңыз (2)
(b) дененің қозғалыс үдеуін анықтаңыз (2)
(с) 2 секунд өткеннен кейінгі орын ауыстыруды анықтаңыз (2)
5. Автомобиль радиусы 100м айналма жолмен 54км/сағ жылдамдықпен қозғалады. Автомобильдің центрге тартқыш үдеуін табыңдар.
(а) Центрге тартқыш үдеу формуласын жазыңыз (1)
(b) aц.т есептеңіз (2)
Жалпы балл саны:12балл Балл саны:_______________ Жиынтық бағалау бойынша балл қою кестесі