Рахымжан Отарбаев Біздің ауылдың амазонкалары



Pdf көрінісі
бет1/2
Дата07.01.2022
өлшемі1,88 Mb.
#20073
  1   2



Рахымжан
Отарбаев
Біздің
ауылдың амазонкалары
Көрнекті
қаламгер, қазақ əдебиетінде өзіндік қолтаңбасы бар жазушы
Рахымжан
Отарбайдың бұл жинағына бір топ таңдаулы əңгімелері
топтастырылды
. Туындылардың қайқайсысы да тартымды, қызықты
оқылады
.
Жинақ
көпшілік оқырманға арналған.
АМЕРИКАНЫҢ
ҰЛТТЫҚ БАЙЛЫҒЫ
Бақытқожа
Ізмyхамбетовке.
Азаматтығына
тəнті көңілден.
Аңшы
дара ауыз мылтығын құндағынан омырып, майға шыланған матамен
қайта
-қайта ысқылай сүрткен. Төңірекке «Қапардың қанды ауызы» атанып
кеткен
мылтықтың шынболатына өң кіріп, жылтырай қалды. Жарықтық
əкесінің
көзіндей қару ғой. Қошалақтың адыры мен төбе-тепсеңін сыдырып
аң
қағып, қанжығасына қоян байлап қайтса да мейірленіп:
– Бұл мылтықтың аузына мың аң сыйып кетеді, – деп күмпілдеп, жер-көкке
сыймай
оралатын. Шалы олжалы келсе, шешесі өз етегіне өзі сүрініп жүріп
имек
бас жез құман мен легенді алдына тосып, ақ сүлгіні тізесіне тастап,
жылы
суды сыздықтатып құяр. – Осы заманда қай қазақ қазан қақпағын
булап
, жас етті күн сайын жеп отыр дейсің? – деп, шегір көз ақ шұнақ шал
танауына
уысын толтырып су атып жіберер еді. – А? Ырысы алысқа


шашыраған
мына біз шығармыз. Анау ойдағы ел қуаты жоқ көк қыртылдақ
(қияр), қызыл шылқылдақпен (помидор) күнелтіп, тісінің суын сорып
шықылықтап
отыр.
Жалғыз
ұл оқ атамын деп омыраулап шауып ақ көбік қылған əкесінің атын
жайғап
əлек.
Даладағы
аңды қорасындағы малдай көріп жүріп дəулет те жинамапты.
Соңында
мұраға қалғаны – айдаладағы жалғыз тоқал там мен осы қанды
ауызы
, бес-алты уақ жандық.
Күн
байығасын пеш жанында тұрған пілте шамды тұтатты. Көлеңке
ыдырап
, үйдің төрт бұрышына тығылды. Қазан астындағы от бəсеңси
бастаған
екен, ошақ аузында жатқан жыңғылдың үш-төрт түйірін қосымша
етті
. Жас еттің иісі жайылып, қараша үйге жылылық енді.
Пеш
түбінде жатқан қызыл құрақ көрпеге тізе сындырып қабырғаға
қараған
, əкесі мен шешесінің үлкейтілген суретіне көзі түскені. Пілте
шамның
сығырайған сары бояқ сəулесімен ақ шұнақ шал тіпті нұрланып
кеткендей
. Шегір көзіне жылу жүгіріп, «Қасқырдың бөлтірігін алмас бұрын
арланы
мен қаншығын құрт. Əйтпесе, аяқ жетер жердегі малшыларды
ұлардай
шулатып бітеді...» дейтіндей.
Əкесінің
қасқыр қақпандай шаппа-шап мінезіне қанық Қапар ақ шұнақ
шалды
ғұмырында бір-ақ мəрте ашуландырыпты. Онда да əскерден келетін
жылы
. Онда да əлгі интернатта жатып оқитын екі-үш жаманның шешесі
Қадишаны
алар жолы. Өз-өзінен желденіп, əскер киімін шешпей, үсті-
басын
сары ала жез қып төрт-бес ай жүріп алған. Сол беделдің арқасында
ғой
... көрші ауылдың үстін ертеңді-кеш шаңытып шауып, оң босағада
отырған
қызды оңтайлап жібергені...
Құда
түсіп, «міне, міне, той» деп отырғанда шар ете қалған шатақ тұтансын.
Азын
-аулақ ағайынның басын қосып ақылдасар шайда əкесі:
– Құдаға жеңі бар көйлек салғалы отырмыз, – деп берілер киітті тізбелеген.
– Дырдай құдаға жағалы киім кигізбеу ұят емес пе?.. – деп қалды бұл
дастарқанға
емініп-емініп қойып. Аз дəулетін тұтамдап отырған əкесі шегір
көзінің
сұғымен аямай шанышты. Бірақ лəм демеді. Момындықтан бас
алмайтын
шешесі ғана:
– Тек, көбейгір... – деп күбірлеп тынды.


– Құдағиға ше? – десіп азын-аулақ ағайыны емпілдесіп барады.
– Құдағиыма гүлді орамал деп отырмын, – деді шешесі даусын одан əрі
бəсеңсітіп
.
– Өй, орамалы несі? Тым болмаса қамзол бермейсің бе? – деді тағы да бұл
шыр
етіп.
– Апырым-ай, қарағым-ай, əскерден қатынның зары өтіп келген екен,
жағаласпай
қоя тұрсаңшы, – деп нағашысы басу айтқансыды. – Ал тойға не
соямыз
?
– Қасқа сиырды соямыз да, – деді бұл жолы қапы қалмайын деп əке-
шешесінің
алдын орап кетіп.
– Əкең не айтар екен? – дейді нағашысы түскір жантайып жатып. «Қатын
алатын
– мен, қалған шаруаны қамдайтын – бұлар, неткен əділетсіздік?!»
деп
өзіне анық билік тимей зығыры қайнап отырған Қапар да қарап
қалмады
:
– Əкем шоясын біле ме?
Сол
сол-ақ екен, ақ шұнақ шал аруақ көтергендей орнынан мөңкіді дейсің.
Тұлыптай
боп ісініп, сырт терісі сөгіліп кете жаздаған:
– Уау, атаңа нəлет, қатын алған жалғыз сен бе едің?! О несі, а?! Жалғыз
сиырды
тойға сойып, ертең келінді сауып шайқатық қылайын деп пе ең, а?!
Азын
-аулақ ағайын қолға тұрмай қақшаңдаған ақ шұнақ шалды «Бір
ашуыңды
қи, көкетайлап» жатып əзер басқан.
Шамның
сары бояқ сəулесі жүздерінде ойнаған əкешеше суреті жарға арқа
сүйеп
, бұған «Əй, балам-ай...» дейтіндей.
Қапар
мылтығын қайта құрастырып, оқшантайын босағадағы шегеге ілді.
Қазан
енді бір-екі бүлк етсе, ет те туырылып түсе қалар. Ертең алакөбеңде
тұрамын
, ерте қамданайын деп дастарқанға қол соза беріп еді, сырттан ат
оқыранды
. Артынша есік сықырлай ашылып:
– Ассалаумағалейкөм! – деп еңкіш келген шынжау сары жігіт еніп келе
жатты
.
– Əлік алдым. Төрге оз!
– Ау, Қапеке, жалғыз өзің шошайып бұл не отырыс? Апам қайда? – деп


шынжау
сары екі бұтын құшақтастырып отыра кетті.
– Е, өзіміздің Жетес екенсің ғой. Жол болсын!
– Сайлаудың сабылысы. Кандидаттарға дауыс беріңдер, депутат жасайық
деп
ел-жұртты үгіттеп жүрмін.
Қадишамен
əріден аталастығы бар əрі бар жаһанның жаңалығын аузына
тістеп
жүретін осы жігіттің əр қылығы қыр адамына қызық-ақ.
– Қадиша интернатта жататын екі-үш жаманға кеткен. Жолаушыдан сəлем
айтып
жіберіпті «Апамның қызыл қуырдағын сағындық» деп. Ортақ
қазанның
быламық
көжесінде кенеу бар ма, қоңылтақсып қоңқылдап жүрген ғой
иттер
!
– Қашан қайтады?
– Дүкенге соғып, ертең кештетіп жығылар.
– Оңаша қалып, қара қазанның иелігі қолыма басы бүтін тиді деп жатыр
екенсің
ғой. Дұрыс! – деп Жетес дастарқанға омырылды. – Қойдың басы
несі
?
– Ақта тоқты еді. Етін сылып, қуырдақ етіп апаң қарынға салған. Басы мен
бес
тал қабырғаны қай құдам келеді деп сақтайын? Қазанға тоғытқам.
Несібең
əр қазанда жүрген жігітсің ғой, саған бұйырды.
– Бəрекелді! Тоңып келгем. Жазғытұрғы жел жардай атанды жығады деген.
Əрі
мына талау келгір торының жүрісі жаман. Асқазанымды сапырып бітті.
Қапардың
қолына тигені – бір шөкім құйқа, қалғаны Жетестің алдынан
жалаңаштанып
шықты.
– Апырым-ай, мына қойда түк ми жоқ, өрістен үйді қалай тауып кеп жүр? –
деп
аппақ миды асап жатып үй иесіне алақ-жұлақ қарайды. Қапар бір тал
қабырғаның
басын мүжіп жатып мырс етті. – Сайлау деген тұп-тура сорыма
шықты
, – десін ыстық сорпаны алып жатып. Əлгіндей емес, жұтқыншағы
жүгірмей
қалыпты, ішіне ел қонған-дағы. – Сақибеден мен əйелі Ағиба
депутатқа
таласып, мал қораның басын жау шапқандай етті.
– Ойбай, бар қызық сенде болды.
– Айтпа. Күйеуі кетеден шыққан Сейсенбайды қолдап, қатыны тама


Сəрсенбайды
жақтап... қызыл майдан, қырық пышақ. Дүние ғаламдасамыз
деп
өңір тиегін ағытып жатқанда бұлар рудың сойылын соғып... Надандық,
сені
қайтейін? – деп дастарқанға бет сипай салды. Надандыққа өкпелеймін
деп
отырып батаны да ұмытты.
– Қайсысы жеңді, қайсысы?
– Ағиба да. Бір шөкім кетені тама табанына тұрғыза ма, «Осыдан ініме
дауыс
берме, інге кіргізейін» деп... Қатын қайраттанса қазан ғана қайнамас...
Жə
, қойшы оны! Ал аң қалай, қанды ауызыңды сайлап отырсың ба?
– Шибөрі күн бермей тұр деп малшылар зар жылайды. Əуселесін көрейін
деп
отырмын.
– Шибөрі?
– Иə. Он шақты жыл болды ғой Қошалаққа сондай бір мақұлықтың бауыр
басқанына
...
Жетес
жантайып жатқан жерінен қопарылып түсіп, көпшігін іргеге қарай
лақтырып
жіберді.
– Шибөрі? – деді тағы да, күлгені ме, жыламсырағаны ма – беймəлім, жүзі
əлем
-тапырық боп. Қарашығы маңып-маңып барып орнын əрең тапты.
Қапардың
осы бір көп оқып миы ашып кеткен шынжау сарыны көрсе-ақ
əзілдегісі
кеп ұшынып тұратыны осы қылығы ғой. Мына жаңғалақ
қалпымен
Сақибеден мен Ағибаны төбелестірмей қайтсін?!
– Иə, шибөріге...
– Құдай сақтасын! – деп кері құлай кеткенде көпшігін таппай, басын тарс
еткізіп
жарға ұрды. – Ау, ау, айдың-күннің аманында ұлттық байлыққа
мылтық
кезеніп не көрінді, Қапеке-ау? Сорың шындап қайнаған екен!
Мына
сөз Қапардың жүзіне ойнап шыққан күлкіні үркітіп жіберді:
– Қайдағы байлық? Ол кімдікі?
Жетес
кəлимасынан жаңылған жандай өз-өзінен күбірлеп айналасын
қарманды
. Бешпентінің ішкі қалтасынан төрт бүктелген қағазды алып,
тізесінің
үстіне қойды.
– Қаламсабы түскір... – деп ышқырына дейін тінтіп таппады. – Əлгі екеуін
арашалаймын
деп жүргенде жоғалттым-ау, шамасы. Қапеке, үйде жатқан-


тұрған
қарындаш бар ма?
– Оны не істейін деп ең? Емге жоқ. Ала қырдың ортасында қатын екеуміз
қарындаспен
хат жазысып отыр дейсің бе?
– Қарындаш де. Надандық, сені қайтейін? – деп шарасызданған Жетес
көзінде
үрей тұнып тұрған үй иесіне қарап бас шайқады.
– Əу, Жетеке-ау, өлтірмесең айтшы, мен кімнің байлығына қиянат
жасаппын
?
– Шибөрі аулағаның рас па?
– Ал, рас!
– Ендеше бұл – сонау Американың ұлттық байлығы боп мақұлданған
мақұлық
.
Қапар
«Пішт!..» деп күліп жіберді.
Пішт
! Қасқыр мен түлкінің ортасынан шыққан жаман шатаны əлдеқандай
етуін
. Бөрідей азу-айбаты, түлкідей айласы жоқ, жеті-сегізден үйір құрып,
аш
-арықты, өлексені аңдып қалған нəйіске оқтың өзі обал... Былтыр, қар
алғаш
түскенде ғой, Қошалақтың қоңырлығын қуалап желе-жортып келе
жатса
, қамшылар жақта қалып бара жатқан сайдан шəуілдеген шибөрінің
даусын
естіген. Байқастап қараса, қатын-баласы жамырап бір қора шибөрі
қызыл
тайыншаны ортаға алыпты. Жан-жағынан шəуілдеп кеп тілерсегінен
тістеп
, құйрығына жармасып жіберер емес. Шыркөбелек айналып мүйізін
шайқаған
қызыл тайынша термен күреңітіп, арқасынан буы бұрқырап, көзі
аларып
титықтаған. Енді болмаса... Атты кісіні көріп сасқаны ма, шəу ете
түсті
де, аңтарылысып тұра қалды. «Ə, кəззап!» – деп аңшы суыт кеп екі
оқты
байлаған. Өңгесі бір тұтам құйрығын бауырына қыстырып жоғалған.
Қарға
аунап өлі жүннен арылған екен, түгі қызыл-сары боп жалқынданып
құлпырады
. Екі теріні барқыттай ғып илеп...
– Сонымен, осы кезге дейін шибөрінің қаншасына иман үйірттің?
– Əй, айтшы, өзің солардың есебін ала шыққаннан саусың ба осы? Тап бір
бақташысы
құсап тура алқымымнан жармасқаның не?
– Ойбай-ау, сенен шибөріні аяп отыр дейсің бе? Қарақан басыңды қарап
отырып
қып-қызыл пəлеге шырмап алғаныңды айтам-ау, – деп Жетес төрт
бүктеулі
қағазын екінші тізесінің үстіне алмастырды. – Мақұрым екенсің,


ендеше
шибөрінің тарихын тыңда! Техникасы мен адамы көбейген соң
Американың
жері тарлық етіп, осы шибөріні Азия мен Африкаға əкеліп
жіберген
. Азия дегенің – тұп-тура осы Қошалақ.
– Ал сосын?..
– Сосыны несі? Əбден өсіп-өніп өркен жайғасын кері жинап алады. Ұлттық
байлығын
далаға тастайды дейсің бе?
– Апырым-ай, а?..
– Осыдан он жыл бұрын осы жерден қасқыр мен қарсақ, түлкіден өзге
мақұлық
көріп пе ең, айтшы? Ендеше үйір-үйір боп шəуілдеген қалпы
аспаннан
түсе қалмаған шығар?..
– Рас-ау! Сонда ол жазғандардың шибөріден басқа байлығы құрып қалып
па
?
– Надандық, сені қайтейін? – деп Жетес екі тізеде кезек тербелді. – Олар
тіпті
шырылдауық шегірткені де ұлттық байлық көреді. Көздерінің
қарашығындай
күзетеді. Тəрбиелейді. Ілеуде бір құндыз бөрік киіп, түлкі
жаға
салып тайраңдап жүргендерді көрсе бітті, табан астында сотқа
сүйрейді
.
– О несі?
– Тірі жəндікті өлтіргені үшін. Олардың да адам сияқты өмір сүруге құқығы
бар
. Демек, бұл – қыпқызыл қылмыс!
Қапардың
мына сөзден кейін мазасы қашып, ішіне үрей жүгірейін деді.
Жетестің
тізесінде жатқан төрт бүктеулі қағазға қарап еді, ұшты-күйлі жоқ.
Қалтасына
кері түсіп кетті ме əлде?.. Қарындаштың табылмағаны мұндай
жақсы
болар ма, əйтпесе... Қошалақта аң қуып, шап терлетіп шауып жүріп
бар
ғұмырын түгескен ақ шұнақ шал кейде мұның ісіне наразы боп:
«Жатқан жатырың жұқа ғой. Жағаласа кетер жерде жапырыла қалуын.
Қамшы
ұстап дауға түсері жоқ өңшең ынжыққа тартып», – деп жоқ жерде
нығыртып
бітетін. Шалына анық қарсы келе алмай діңкесі құрыған шешесі:
«Қасқа бұқаны піштіріп тастаған соң көзіміз ашылып еді», – деп шүйкесін
созғылап
жататын.
«Арманыңа жетерсің, – дейді сөзге тоқтаған əкесі ондайда тыңқ-тыңқ күліп.
– Осы күшіктің əлгі əрмиядан келгендегі бəрімізді қуырып жеп жібере
жаздаған
пысықтығы қайда кеткен? Соны айтамау...»


– Жетеке, əлгі Африкаға жібергендері қалай, аманесен бе екен? – деп Қапар
əңгіме
бетін Қошалақтан аулақ құрлыққа алып қашты.
– Қайдан аман болсын?! Жақында теледидардан көрсетті. Өңшең зəңгі
қырып
атып түгесуге тақапты. Сосын əскерилер вертолетпен келіп,
əлгілерді
ойбайлатып қуып ұстап жатыр.
– Шибөріні ме?
– Жо-ға, зəңгілерді. Кəдімгі негрді айтам.
– Бейшаралар десеңші...
– Бір тайпа көсемінің аяқ-қолына кісен салып жатып «Сендерге сеніп
жіберген
ұлттық байлығымызды ит рəсуа еткіздің. Көздеріңе көк шыбын
үймелетеміз
. Құл ретінде кереметсіңдер, ал адам ретінде түк қасиеттерің
жоқ
» деп, Қапеке-ай, əлгінің көзіне істікпен шұқығанда, төбе шашың бар
ғой
, бір тұрып, бір жатады…
– Қалың жыныс ішінде, əр шоқалдың түбінде өріп жүрген мақұлықтың
есебін
айдалада отырып қайдан білген?
– Надандық, сені қайтейін? – деп Жетес ежірейіп ішкі қалтасынан əлгі төрт
бүктеулі
қағазын қайта суырып алды. – Космостан! Сенің башпайыңды
қимылдатқаныңа
дейін төбеңнен үңіліп, айнадан көріп тұр. Бар байлығын
хаттап
-шоттап отыр. Əне! Əйтпесе, соншама ақша шығарып, дүркін-дүркін
кеме
ұшырып олар аспаннан нағашысын іздеп жүр дейсің бе?
Əлгінде
«Космостан!» дегенде Жетестің сұқ саусағы ауада ілініп қалған.
Баспалап
қараса, əлі сол қалпы тұр екен. Мəселенің байыбына көзі енді
жеткен
Қапардың аяқ-қолына діріл жүгіріп:
– Құлдығың болайын, мынауыңды түсіре көрші, – деп жалынды. –
Шибөрісі
құрысын, төсек салып жата қалайықшы.
Аузы
жаман ит-ай, адамның иманын ұшырып айтып отырғанын қарашы...
«Бетіне жел боп тиген Саддам Хусейіннің өзін інге тығылған қарсақтай
шақылдатып
суырып алғанда оның жанында сен кімсің? Жалғыз
вертолетпен
келеді де, «Давай, Қапар, – дейді. – Давай, киін! Шибөрінің
шын
иесі кім екенін білмей жүр екенсің, Қарабаевіш. Ток беретін столға
таңайық
. Тірілей үйтіліп қал! Ищь ты! Саудаң тамам!» – деуін. Тоба, тоба!
Келін
боп түспей жатып əке-шешесімен киітке таластыра келген осы қатын


да
жерден алып, көрге ұрып болды-ау мұны. Үйірлі үш пəле соның сөзінен
балалап
шығады да тұрады. Қарашы енді... Əлгі барқыттай ғып илеп қойған
шибөрінің
екі терісінің бірін Астанада оқитын сіңлісіне салып, екіншісін
етек
-жеңі қырқыла бастаған өз пальтосының жағасына тағынып...
Астанадағы
балдызынан осы ақпанда хат келген. «Алтыннан ардақты,
күмістен
салмақты Қапар жездемізге дұғай-дұғай сағынышты сəлем...» деп
бастапты
хатын тап бір бауыры шіріп бара жатқандай. «Амандық болса,
оқуымды
тəмамдаған соң осы қалада қалмақ ойым бар...» – дейді, тұп-тура
ындыққа
неге өтіп кетпейді? «Айтпақшы, ақ жезде, салып жіберген теріні
алдым
. Қып-қызыл боп құлпырып тұр екен. Тонымның жағасына салдырып
ем
, жайнап кетті. Өрттей-ау, өрттей! Көшеде тіпті шетелдіктердің өзі тұра
қалып
, қылшығын алақан жүгіртіп сипап, бас шайқап бітеді. Көзі бар дүние
ғой
, тағы да бір-екеуін салып жіберерсіз. Біреулерге уəде беріп қойып
едім
...» Көрдің бе дəмесін?..
Бұл
бір оңбаған желқабаз тұқым ғой. Астанада жайымен жүре ме,
«Қошалақта аңшы жездем бар, шибөріні қоралап ұстайды, мұндай жаға
тағы
кімге керек?» деп жаһанға жар салып, əлгі шегірткесіне дейін адам деп
қарайтын
шетелдіктердің көзінше найқала басып жүрген-дағы.
Əлгі
қатыны түскір де аяқ астынан Қанішкенге шауып... Мына шынжау
иттің
де жата қалмай, тізесінің үстіне қайта-қайта қағаз жүгіртуі тегін
дейсің
бе? Американың жасырын уəкілі боп жүрмесін. Сонда да тегін жан
беру
оңай ма, көңілімен аспанды теуіп отырған мұны бірер сұрақ беріп тағы
да
байқастап көргісі келді:
– Жетесжан-ау, ақылы асқан азаматым-ау, айтшы өзің, сонда əлгі шибөріге
малымызды
қан жоса ғып қырғызып қойып, тып-тыныш отыра береміз бе?
Бұл
мақұлық олардың байлығы болса, үстінен жонып жеп отырған ірілі-
ұсақты
жандық біздің күнкөріс нəпақамыз емес пе?
Жетес
шараяқ толы айранды бір жұтып, шетке ығыстырып қойды. Келелі
əңгімеге
енді келгендей қомданды:
– Сырты – түк, іші – боқ қайдағы малды айтасың? Олар өзіңді отырғызып
қойып
, құйрығыңның астынан мұнайыңды жым-жылас қып сорып кетіп
жатқан
жоқ па, мұнайыңды! Өй, қазақ, соны неге ойламайсың?!
Қапар
шошып, астындағы қызыл құрақ көрпеге қараған, бір шеті түріліп
қалыпты
. Қиюы қашқан есіктен бе əлде құранды шынысы көп терезеден бе,


əйтеуір
салқын леп тұла бойын қуалап қалшыл қақтырып бара жатты. Десе
де
, ішкі үрейін сыртқы болмысымен бүркеп:
– Шамасы, дəті қатты ел-ау... – деп мына маңызды мəселеге өзінің қатысын
сүйкейсалдылау
ғып көрсеткісі кеп, шамның пілтесін азайтып, жарығын
əлсіретті
.
– Айтары бар ма? Олар біздей емес, əрқайсысы Ата Заңын аузымен сүйіп,
адал
болуға ант береді. Əлгі Кілинтөнді білесің ғой? – деп Жетес сұқ
саусағын
төбесінен асырып барып қайта түсірді.
Жамылғы
көрпеге тұмшаланып, кесер басы ғана қылқиып жатқан Қапар:
– Шырамытамын ғой... – деп күбірлеп құтылды.
– Ендеше Ақ үйдің төрінде отырған соның əлгі бəдік қызбен көзқыспасы
бар
екен. Аты кім еді қарбашаның? – М-Мо... Ма...
– Мəрзия, – деп Қапар басын сопаң еткізіп суырып алды.
– Қайдағы Мəрзия? Қойшыбайдың қатынын ойлап алжып жатсың ба?
Қапардың
көзі кілгіріп, басы қайтадан көрпеге кіріп кетті.
– Моншақ емес пе?
– Мейлі, тесік моншақтың бірі. Тақтың буы шыдата ма, Кілекең президент
басымен
сол қарбашамен ойнап қойып... Бəйбішесі «Менің үстіме қатын
ұстайын
деген екенсің, есіктегі күліңді төріңе шашайын» деп шыр салып...
По
-оу!
Əңгіме
шибөріден аулақтаған соң көңілін демдеген аңшы мына жатысына
ыңғайсызданып
, мəйкішең көпшігін қолтықтай кетті.
– Апырым-ай, үлкен жанжал шығыпты-ау!
– Айтпа. Əлгі қарбаша «Тоқал қылып қолыңа кіргізіп ал, оған билігің
жетпесе
, осыған дейін ойнапкүлгеніңнің ақысын төле» деп...
– Содан?
– Кілинтөн бəйбішеден бата алмай жаутаңдап, екі ортада əлгі қарбаша
«Мына əңгі абыройымды айрандай төкті, шеккен зиянымның пұлы
мынандай
» деп сотқа жүгіріп...
– Ой, масқара-ай!


– Масқараның көкесі соңында. Бұл шатақты халық естіп, у да шу. Еркектер
жағы
«Маладес, Кілинтөн, құрттаған шыбыштың құйрығындай немеге сол
керек
. Тіпті бұл аз!» деп өре түрегеліссін. Əйелдер болса «Шіли
істейтіндерің
осы. Бəрің де ұрғашы зорлайсыңдар. Еркектердің атынан
президентті
сот тау керек!» деп ырғасып тұрып алсын. Көкайыл қатындарға
дауа
бар ма?
– Соттады ма?
– «Садағаң кетейін, ел-жұртым, мына қызылкөз пəледен сорлы басымды
арашалай
көріңдер» деп зар еңіреп, халқынан жылу жинаған. Сол қаржыны
көңілдесінің
алақанына құйып зорға құтылды.
– Заңы қатты екен.
– Елі бетіне қарап отырған басшысын есекке теріс мінгізгенде ұлттық
байлығына
мылтық кезегендерді не істемейді? Жаным-ау, əлгі қарбашаның
аты
... Тілімнің ұшында тұрғанын қарашы...
Шамның
майы түгесілді ме, пілте басы қызарды. Көрпені тарс бүркеніп
алған
Қапар ойы əлем-жəлем боп біраз жатты. Əзер деп кірпігі желімденіп
қамаса
бастаған.
– Таптым! – деген шынжау сарының ащы айқайы құлағын жарып жібере
жаздады
.
– Нені?
– Мо-ни-ка!
– Құры! Атаңа ғана нəлет!
Сол
түні түс көріп шыққан. Саддам Хусейін екеуі Қошалақтың ақ
шағылының
арасында шаңытып жайдақ атпен қашып жүр екен...
Ертеңіне
орнынан маңдай əжімі батыңқырап, жағы суалып тұрды. Жеті
мүшесі
бір-бірін ауырсынғандай, шабан қимылдап киінді. Басы қайқайып
кеткен
сүре шегеде ілулі тұрған мылтығы мен оқшантайына қарағысы
келмей
көзін алып қашты. Жетес боз ала таңда аттанып кетіпті. Сыртқа
беттеген
. Наурыз кеп сере қардың көбесі сөгілгенімен, кемпіршуақ жеткізер
емес
. Ауада шыңылтыр аяз бар. Бітеуде тұрған уақ жандығына шөп салайын
деп
айырын қолына алды. Қадиша: «Қораның ішін қи мен сабаннан
тазартып
, намаз оқығандай етіп кеттім», – деп еді. Рас екен. Дөңгеленіп


қалыпты
. Малын жайғап біткен соң да үйіне кіргісі келмей, түртінектеп
жүріп
алды.
Əлгі
шынжау сарының сайтанның сапалағындай сап ете түсіп, тып-тыныш
тірлігін
алақұйын етіп кеткенін қарашы. Заржақ неменің білмейтін сұмдығы
жер
астында. Баяғыда үгітші боп «Горбачев жасасын!», «Қайта құру
жасасын
!» деп ала қырды ат терлетіп шауып, елдің зықысын алып еді. Мал
баққан
момын жұрт тап бір «Жасамасын!» деп қарсыласып жатқандай.
Горбачев
тағынан тайғанда Жетестің де сөз лəмі лезде құбылып сала берген.
«Біліп ем тап осылай боларын. Қарға саңғып кеткендей бас қондырысының
өзі
ұнамайтын. Райса өзіміздің қыз ғой, татар ғой. Байына билік бермеді.
Күйеу
бала ынжық екен. Арандап қалды...» – деп бір садақада желдей есіп
отырған
.
Кешегісін
айтсаңшы...
«Ғаламдасамыз, шекараны жоямыз, бəріміз құшақтасып табысамыз...» дей
ме
, Алла, ит-ай, мұның құшағына кім зəру боп отырғанын?.. Бір ғажабы,
қаншама
«ақ шақыр» десең де, мұның аузына іліккен жаманаттың келмей
қалғаны
жоқ. «Ішкені ұнамайды, бетіммен жер басып біттім...» деп жүріп
Ельцинді
де орнынан алып тынған жоқ па? Қойнынан қағазын
жылтыңдатып
қоймап еді, бұған да тықыр таянған да...
Қызыл
тайыншаны қамаған шибөрі көздеп атар кезде тым құрығанда
қасқыр
мен қарсақтай жалт беріп жоғалмай, қасқайып тұра берді-ау. Тек
«мияу» деп дауыс шығарған. Бұл «Əй, Қапар, əліңді біл, құмырсқа,
жолыңды
біл» дегені-дағы. Артыңда Америкадай елің тұрса, келсең кел деп
қасқия
қалмағанда қайтеді?!
Оқ
пəршелеп кеткен екі басты кесіп лақтырып, терісін кергішке кигізген.
Қан
-сөлі тамып тұрған етті көміп тастауға қимай, итаяққа сүйей салған.
Құтжол
шоқ басқандай ыршып түссін. Қыңсылап қыр асып қашып, үй
маңын
көрмей жүріп алды. Жеті қазынаның бірі ғой, ит те болса бір
жаманатты
сезген-ау. Жастай кепкен қос теріні қанжығасына бөктеріп
Қанішкенге
барған. Ондағысы – қасқыр басына алты мың теңгеден
«байғазы» береді, шибөріге соның жарты ақшасын қиса да аз нəпақа ма
деген
ой. Ақсаймын деп жатып-тұратын агент байғұсты тері мен шуаш иісі
қолқаны
атқан құрқылтайынан тапты. Əншейінде мұны көргенде жайылып
түсетін
сорлы кірпідей жиырыла қалыпты. Қара тонның жағасынан басы
көрінбей
: «Жоғалт! Жоғалт көзін!» – деп сырт айнала берген. Бұл қаңғыс та


бар
сұмдықты біліп, ішіне бүгіп тұрған болды...
Пенде
пақыр қашанда өз сорын өзі іздеп табады ғой. Айдалаға лақтырып
кетпей
, екі теріні дүние көріп, үйіне кері алып кеп барқыттай ғып илегенін
айтсаңшы
...
Түс
ауа тоқал тамына кіріп шай қойған. Бірер кесемен тоқтады. Көкірегінің
басына
түйіншек боп қадалып тұрып алды. Сосын:
– Қорықтым Құдайдан, қайттым райдан, – деп, аузына кім салғанын қайдам,
бата
жасады да қисая кетті. Қисая кеткенде көзі қайтадан көкті көздеп
тұрған
дара ауыз мылтығы мен оғы ұядағы балапандай шүпірлеген
оқшантайға
түскені. Сол-ақ екен:
– Қараң батқыр, жалғыз өзімді жауға талатып, əлгі қатынның да келмеуін! –
деп
орнынан сілкіне тұрды. Күн көкжиекке еңкейіп қалыпты. Қора жақтан
қой
маңырады. Шағыр мен жусанға бөртіп, енді су дəметіп тұр. Қарқ ете
қалып
, қанатын жайып аулаққа қарға ұшты. Баспамен өрмелеп тоқал
тамының
төбесіне шыққан. Аузы қара май жаққандай үңірейіп мұржа тұр.
Кешқұрым
түтін шықпағасын бұл да жетім екен ғой. Өндіршек созып айдау
жолға
қарап еді, алыстан қыбырлап бір қарауытқан көрінді. Сар желдіріп
келе
жатқан Қадиша шығар. Сəн қысып, барқыттай теріні етек-жеңі
қырқыла
бастаған пальтосының жағасына жапсырып... Қанішкенде қайбір
тілеулес
ел бар?! Əріп таныса бітті, ақ қағазға күн туады. Еңбектеп жүрген
сəбиіне
дейін теледидардың алдына жатып ұйықтайды. Солардың көзінше
ат
үстінде көлбең қағып... Бар дұшпанды соңынан малдай маңыратып келеді
десеңші
!
Өлейін
десе жан тəтті, кірейін десе жер қатты боп торығып, «Уһ!» деп жан-
жағына
көз тіккен. Екі қолының астында шибөрінің екі басы жатыр. Тұла
бойын
лап етіп суық леп ұрды. Басы шыңылдап, баяғы бала күнгі бағана
басында
тұратын бірқұлақ радионың қырылдақ даусындай түсініксіз шуыл
бел
алып барады.
– Балалар-ау ойнап жүріп төбеге лақтырып тастаған, – деп буынын бекітіп
еді
. Енді көзі бұлдырап, мойны былқылдап қоя берді. Ептеп еңкейіп аяқ
астына
қараған, мыж-мыж боп жатқан екі бас сығырая қарап, бұдан жүз
аударар
емес. Қап-қара тұмсығын көкке шүйіріп, сазара қалыпты. Тіпті жер
тырнап
жылжып, балағынан ала кететіндей. «Африкадағы əумесерлер
сазайын
тартқан. Ендігі кезек, Қапар, сенікі. Тоқтай тұр, бəлем! Мияу»


дейтіндей
.
Жаны
қысылып жалма-жан айдау жолға қараған. Қадиша қаракермен
лекітіп
келеді екен. Етек-жеңі қырқылып қалған ескі пальтосының жағасы
қызыл
шоқтай жайнайды. Жаға емес, шибөрі мойнын айналып аласұрып
жүгіріп
жүргендей. Қонар ұясына ұшқан қара қарға ма, əйтеуір аспанда
қарауытқандар
қаптап кетіпті. Бірқұлақ радио қайтадан қырылдап, бұ жолы
вертолеттің
даусы анық естілді.
– Аллам-ау, – деді амалы таусылған аңшы үні тозып, мұржаға сүйене кетіп,
– шəуілдеген жаман шибөрі Американың ұлттық байлығы болсын. Мен
сонда
Қазақстанның кімімін? Өкпесіне тебер өгейімін бе? Бұ дүниеде
жиғаным
, о дүниеде иманым бұйырмай кететіндей сұрауым жоқ па? Оң қол
қиянатқа
жүгірсе, сол қол арашаға ұмтылмас па?.. Бұл ел ел ме əлде ашық-
тесік
жатқан малқора ма?..
Көзінен
екі тамшы жас езіліп түсті.
Батар
күн фəни дүниенің қашты-қуды қызығын қимағандай бір құлағын
қылтитып
, айналаны жез легендей жылтыратып тұр.
ҚЫТАЙДАН
ЖЕТКЕН СƏЛЕМДЕМЕ
Намаздыгер
мен ақшамның ортасында күн күркіреп көктемнің кіндігін
кескен
. Қыс қамытынан мойны жіңішкеріп шыққан ауыл сіркіреп өткен ақ
жауынға
жауырын тосып «И-и, жарықтық-ай!..» десіп, келер күнге үмітін
жалғап
, мəре-сəре боп қалды. Өрістен шала құрсақ боп қайтқан малдың өзі
қиы
көңірсіп жатқан қораға өңмеңдемей жайылып, жалпақ басып, тіпті
асығар
емес. Бұл кезде Базаркүл қара сиырын күрпілдетіп сауып, Өмірбай
қолына
таяқ алып, жас бұзауды жасқап тұрған.
– Əй, шал, не естігенің бар? Əлгі туыс қуалап шекара асып кеткен Тақай
оралыпты
. Қоржын басы тоқ. Қызылды-жасылды дүниені теңдеп келіпті, –
десін
əйелі жарты қарыс емшекті жұлмалап жатып. Шарпып тұрған қайраты
бар
келіншек жалақтаған аш бұзауға қарасын ба, сүтті шелекке сар-сар
ағызады
. – Əлгінде көрші қатыннан есіттім. Пақырға шыр бітейін депті. –
Өмірбай
оқыс оянып кеткендей көзі алақтап жүрелей тізе бүккен əйеліне,
талтайып
тұра қалған қара сиырға, талмай ұмтылған ала бұзауға


қарағыштай
берді. – И-и, қақсаңшы мынаны! Шаяқ келгір, бұзауына өліп-
өшіп
сүтін іркіп тұрғанын қарашы. Соңғы идірімі аздай. Ал іш атаукереңді!
Бəкене
бойлы, қырбық мұрты бар қоңқақ танау қара кісі аяқ-қолынан жан
кетіп
, іңір қараңғысына ілініп қалғандай еді.
Базаркүл
есіне əлдене түскендей орнынан жұлқына көтерілді:
– Қытайдан қашып, биттері торғайдай боп келіп еді. Шеттерінен құтырайын
депті
.
Көз
байлар кешкі алагеуім шақ пен əйелінің шаншу сөзі қатар жармасып,
Өмірбайдың
жанарын жасқап бір мұнар көлбеңдеп тұрып алды. Сыртқы
қақпаны
сартылдатып үйіне екпіндей кірген Базаркүлді де, желінді дембіл-
дембіл
тұмсығымен түйгіштеп, езуінен ақ көбік ағызып жатқан ала бұзауды
да
елең қылмады.
«Тақай оралыпты» деген бір ауыз сөз ғана құлағының түбінде ызың қағады.
Əр
тарапқа алып қашқан жүгенсіз ой дастарқан басына келіп шыныаяқ
шетін
тістегенде де байыз таптырмады.
– Құдай, Қытайдың арзанқол жылтырағына жұрт мелдектеп тойып болған.
Əдемі
ақсары жүзіне əжім үйір бола бастаған келіншек жанындағы жез
самаурынмен
қоса шоқсыз қайнайды.
– Өңің неге қашып отыр?
– Жай, əншейін.
– Жай болса, мана телефон көтеріп Астанадағы қыз бен күйеу келеміз деді.
Ерлан
«ата-əжемді сағындым» депті. Зекетің кетейін сол! Таңертең ана
қысыр
саулықты өріске жібермей ұстап қал. Жас сорпа ішсін.
Базаркүлдің
аузын жия бергені сол, есік сықыр етіп ашылып, Тақай да
бермен
аттады. Қолындағы қомақты түйіншегін табалдырық жанына дүрс
еткізіп
тастады да, мақамдап созып аман-саулық алысты.
– Ойбай, мынаны қара! Екі беті қып-қызыл боп тіпті жасарып кетіпті.
Майлап
жібергеннен сау ма?
– Кəне, жеңеше, шайыңды ысыт! Майлап та, қанжығама байлап та жіберді,
несін
сұрайсыз?


Өмірбай
абдырап көрші інісін төрге оздырып, өзі пеш түбіне қарай екі-үш
құйрық
жылжып отырды.
– Иті сары май жемейді десеңші. – Базаркүл өзөзінен қиямпұрыстанып
аққұманын
қолға алды.
– Ел-жұрт аман ба екен? – деді бұл əлден уақытта.
– Ой, аға, кəрі-жасы бірдей дұғай-дұғай сəлем айтып жатыр. Баяғы тобанаяқ
боп
жүретін заман жоқ. Несін айтасыз, дəуірлеп тұр екен.
Өмірбайдың
көз алдына манағы мұнар қайта дан кептеліп, көлбеңдеп тұрып
алды
. Əйелі мен қайнысының қарпып əзілдескені де, тарпып дауласқаны да
еміс
-еміс құлағын жанап өтеді.
Оңаша
қалған кезде əйелінің:
– Мə, киіп көрші. «Дұшпаннан түк тартсаң да пайда» деген. Қытайда
қалған
қатының беріп жіберіпті, – дегенін аңғарды. Өзі қолына жалт-жұлт
еткен
бір көгілдір матаны ұстап алыпты.
– Əдемісін! – деп тамсанады. – Сəбидің алақанындай мына бір
магнитофонды
да қоса салыпты. Е, пақыр, қайтсін?!
Мақпалдай
жұмсақ иленіп, сыптығыр пішілген қара тон құйып қойғандай
екен
. Етегі дөңгеленіп тобық қағады. Бойына жылу жүгіріп сала берді.
– Саған жараспайды. Кəрі кісіге киім қонатын ба еді? Астана ақшұнақ аяз
деседі
. Күйеу балаңа кигізе сал! Аузының салымын қарашы. Əлгі қызды
айтамын
. Иіні тозып жүр еді. Көйлек тіктіріп кисін. Магнитофонды
көргенде
Ерлан қалай қуанады десеңші! Қой, шалым, жата қалайық.
Таңертең
малды өріске ертерек қосайық, – деп Базаркүл аяқ асты
көңілденіп
, алғашқы қосылған кездегідей найқалып жүріп көрпе төседі.
Найқалып
жүріп шыттай ақ сейсепті жайды. Найқалып жүріп тон мен жалт-
жұлт
еткен көгілдір матаны бүктеп шкафқа салды.
Түн
ортасы əлдеқашан ауып кетсе де Өмірбайдың кірпігі желімденер емес.
Жанындағы
ақсары жүзіне əжім үйір бола бастаған келіншек іргеге қарай
аунап
түсіп, бірқалыпты тыныстайды. Жамылғыны таңға дейін шапалап
теуіп
, жағаға шығып қалған сары бауыр сазандай өз-өзімен арпалысады да
жатады
.
– Осы жеңгемнің екі үздік қасиеті бар. Ұйқысы тастан қатты, сосын сөзі


зəрден
ащы, – деп манағы Тақаудың қалжыңдайтыны ғой.
Кірпігі
қайдан желімденсін, ұлы денесі төсекте жатқанмен, бар ойы Қытай
бетті
кезіп кетсе? Көңілі түскір көк дөненге бір мінбесін де. Бір төбенің
тозаңын
шүйкедей созып бір төбеге қосып...
Ақ
қашып, қызыл андағайлап қуған аласапыранда əке-шешесі үркіншілікке
ұшырап
шекара асыпты. Құлжа маңына табан тіреп, қоңторғай күй кешті.
Өзі
жалғыз ұл боп бұлғақтап өсті. Айналада қара қытайдың қарасы жоқ-
тын
. Кейін ғой өңшең бойдақ қыз-жігітті ішкі өлкеден əкеліп төгіп, бір
күнде
қаптатып жібергені. Жерсінбеді ме, алғашқы кезде кешқұрым жаққан
оттың
жанына жиналып, келген жағына қарап дауыс созып жылайтын-ды.
Өңкей
қазақ атасы бөлек əлгілердің жалынға тышқан қақтап жегенін
қызықтап
, келеке қылысушы еді-ау. Жетім баладай жаутаңдап жүргендердің
замана
құбылып, атыс-шабыс кіргенде қолына қару ұстап, бір демде əскерге
айналып
шыға келерін кім білген?
Əкесі
айттырған қызды алған. Төсек қызуы басылмай жатып төрт аймақты
дүрліктіріп
бүлікті бастаған Оспан көкесі ғой. Тар бұғауға басы сыймай,
алдымен
байырғы үкіметпен ұстасып, кейін гоминданға қарсы шапқан.
– Ата күлдігім, елім дейтін ер түгелдей атқа қонсын! Ез болса қытайдың
қызыл
өкшесінде жаншылып жатсын! – деп ұран тастаған.
Шешесінің
мұнан тірідей айырылғысы жоқ. Қырық сылтаудың басын
құрағанымен
діні қатты əкесіне қайдан шыдас берсін?!
– Бар, қатарға қосыл! – деген ақселеу шал шақырайып. – Жаның – аманат,
демің
– нəсіп. Ердің соңы – Оспан. Елдің ойы – бостан. Осы екеуінен асқан
əулие
емеспіз. Бар!
– Жар басында ойнаған жалғызды жауға аттандырғаның қай сасқаның?! Өзі
үрейқуық
, қорқақтау. Бүргедей боп жүріп шеріктердің найзасының ұшына
ілініп
кетсін дейсің бе? Қытай қуғанда қашам деп аттан құлап мертігіп өлсін
дейсің
бе? Жерігін баса алмай келін отыр. Оспан қайнаға асарын асап,
жасарын
жасаған. Ешкінің дауын боталы інген беріп сатып алып,
соқтықпаса
жүре алмайды... – деп момындықтан бас алмайтын шешесі
бəйіт
айта бастаған.
– Тəйт! – деп əкесі жекіріп тыйып тастады.
Содан
тауға бекініп, тас басқан. Қыбырлаған жауға қарсы қару кезеніп,


небір
ойранның ортасында жүрген.
– Атаң көрі, баяғыда шерік көлікке бұт артса, бір қазақ ердің артына
мінгесіп
, əлгіні тастай ғып құшақтап алатын. Өзі отырса желіске шыдамай,
бостақым
неме жерге топ-топ құлайды. Қазы жеп, қарта шайнаған арда
қазаққа
қайдан тең келсін?! Өңкей шөп-шөңге, – деп мұрындап сөйлер еді
қайран
ер. – Айызды қандырып, ақырып шабыңдар! Жаудың жаны шықсын!
Сəбетпен
кермал кеп, қытайға кергіп баққан бұла Оспан да ақмылтық
ажалдан
қашып құтылмады. Қапысын тауып тынды. Əлекедей жаланған
гоминдан
қойсын ба, басшысыз қалған бұларды да ойбайлатып қуып ұстап,
Құлжаның
түрмесіне қойдай тоғытты. Жалынға тышқан қақтап жегендердің
тфу
десе түкірігі жерге түсер емес. Жыбырлаған жəндік құрлы көрмеді ғой
сонда
. Татар дəмі таусылмапты. Тозақтың отынан мешел боп төрт аяқтап
еңбектеп
шықты.
Араға
жыл салып кенже ұлы дүние есігін ашқан...
Осылай
əркім өз құлағынан өзі үркіп əрі-сəрі күй кешіп жүргенде Сəбеттің
мейірі
түсіп, шекара ашылды, «Туған топырағын аңсағандарға рұқсат»
деген
алақызба
хабар дүңк ете түссін. Ерсілі-қарсылы шабыс басталды. Ауыздан-
ауызға
жұққан əңгіме сəт сайын құбылады:
– Сүйінші! Шекара бір жыл ашық тұрады дейді.
– Жо-жоқ, бар-жоғы бір ай көрінеді.
– Сəбет жағы əйел-еркегін бөлек-бөлек жауаптап қабылдайды екен.
– Қытай ышқырларындағы битке дейін санап алып қаламыз депті.
Əйтеуір
ел дүрлігулі.
Бұл
əбжіл қимылдап, Əсемай мен қос ұлын Алтайды жайлаған қайын
жұртына
аттандырды. Олар да жүгін теңдеп, өкше көтеріп отыр деп есіткен.
Өзі
Бозтөбенің етегінде қалған əке-шеше зиратына тəу етіп, бірден шекара
қақпасына
тартпақ. Қайын жұрты мен Əсемай келгенше ұлы көштен кезек
алып
, елге өтудің жөн-жоралғысын білмекші.
Болашақта
қай өңірге қоныстанатының сол арада айтылады екен, ағайын-
туыс
тізімге тұтас ілінбесе тұрымтай тұсына шашыратып жібереді-мыс
деген
қаңқу құлақты тесіп барады.


Өмірбай
кербестінің құлақ түбін терлетіп жеткенде үш күн қатарынан ашық
тұрған
қақпа жабылып, қос алқа салынғалы жатқан сəт еді. Бірінің етегін
бірі
басып жанталасқан елді бұзып-жарып ілгері ұмтылды.
– Қайын жұртың кеше өткен, көрдік.
– Наймандардың жігі жазылмай кетті.
– Албандарға кезек бүгін тиді, – деген əлдекімдер алақ-жұлақ етіп.
Мұны
естігенде көңіліне тоқтық кірді. Ер-тоқымын алып, кербестінің күлте
жалын
сипап қоштасты. Аңсары болған ата күлдікке қазтабан басты...
Өмірбай
аш бөрідей талаған ойға шыдамай орнынан тұрып кеткен.
Темекісін
тұтатты. Жанындағы ақсары жүзіне əжім үйір бола бастаған
келіншек
тəтті ұйқының құшағында бірқалыпты тыныстайды. Өзегін
өртеген
ащы түтінді талғажау етіп дем басты. Сол меңзең қалпы
күлсалғышты
алам дегенде қолына сəбидің алақанындай манағы
магнитофон
іліне кеткені. Жата қап қайтадан көрпесін бүркенген. Əлден
уақытта
ақ тиіннің көзіндей түймелеріне қол жүгіртіп еді, о, құдірет, баяғы
сағым
жылдардың арасында адасып қалған Əсемайы сөйлеп ала жөнелсін.
Даусы
алғаш келін боп түскенде сыбызғыдай сызылып тұратын.
Шымылдықтан
имене шығып, келісті қараторы өңіне қолаң шашы жарасып
ата
-енесіне шай құятын. Жүзін төмен салып, бет шұқыры ойылып
жымиғанының
өзі айналасын нұрға бөлер еді. Сол дауыс қатаң тартып,
қарлығайын
депті.
«Алдыңызға иіліп сəлем еттім, Өмеке! Бұл өзіңіздің Құдай қосқан
қосағыңыз
Əсемай ғой, – дегенде тұла бойы мың ине сұққандай шымырлап
қоя
берсін. Ауа жетпей, атқақтап жүрегі аузына тығылды. Зыр айналған
магнитофон
тоқтар емес. – Бізді ұмытқан жоқсыз ба? Тым құрыса сөзім
жетсін
деп балаларға айтып, «сəлем хат» жолдап отырмын. Қайтейін,
пешенедегі
жазу солай шығар.
Біз
Алтайдан сабылып жеткенде қақпаны қайта ашпастай ғып жауыпты. Сіз
кейінге
мойын бұрмай, көппен бірге өтіп кетіпсіз. Сезіп ем, келгенше сол
қабағым
қоймай тартып еді...»
Өз
-өзінен жоғалып боз мұнардың ішіне сіңіп бара жатыр екен дейді. Көз
алдында
ғайыптан бір нəзік сəуле оянып, сол шекара басындағы дүбір
құлағында
қайтадан тірілді.


Кеше
қалың көшпен бірге өтті деген қайын жұрты мен келіншегін, мойны
қылқиған
қос қарғасын таба алмай, табанынан таусылған шақта:
– Өмірбай жаны ұясында болса тез жетсін, – депті қытай беттегі шекара
бастығы
.
Суыт
хабарды естіген көрші-көлем, ағайынның жақ жүні үрпиісіп кетті.
– Біліп ем арамыздан осылай бір ши шығарын.
– Нені айтып отырсың? Отбасын түгендеп бергелі жатқан шығар.
– Əсемай мен тышқандай екі балаға бола қақпаны кері ашады деп пе ең?
– Аттап баспа! «Оспан батырдың қасында жүріп үкіметке қару кезенген жан
Сəбетке
өтпесін!» деген жарлық шығыпты.
– «Аңдаусызда өткені болса алдап шақырып алып, Құлжаның түрмесіне
көзін
жылтыратып қамаңдар, бəлем!» депті.
– Оны айтасың, «Қол-аяғына бірдей кісен салып, тілін көмекейден шорт
кесіп
алыңдар!» депті.
– Мойныңа алма! Бала – белде, қатын – жолда.
– Туған жерге тұяқ іліктірдік пе дегенде алдымыздан ылғи мас шықты.
– Ақша мен жүнжүн тап деп тепсінген тұзақ үзген алаяқ қаптап жүр... Ойы-
бай
, қайда келгенбіз?! – десіп қатын-қалаш бажылдасты.
Сөйтіп
, аз ақылынан ажырап тұрғанда сымдай тартылған бір орыс офицері
мұны
алдына салып айдай жөнелген...
«...Кешікпей Сəбеттің бір сұлуына бұғалықты салыпты деп есіттік. Қойны
құтты
болса жарады. Біз пақыр сол өткен дəуреннің естелігін еміп
қартайдық
қой. Сіз төсек жаңартқан кез шығар, таң алды түс көрдім.
Түсімде
, Алла-ау, аппақ боп шырайланып кетіпсіз. Қасыңызға
қалыңдығыңызды
алып, бізден аулақтау кетіп, «Қаражорға» биін билеп
жатыр
екенсіз. Өксіп ояндым... Бірін айтып біріне кетем-ау, бір тон беріп
жібердім
. Қайбір денсаулық қалды дейсіз, үстіңізге киіп жүргейсіз, Өмеке...»
Жанын
шабақтаған лебізді тоқтатқысы кеп еді, саусағы селкіл қағып,
магнитофонның
ақ тиіннің көзіндей түймесін тауып баса алмай қойды.
Естіген
ғой. Ет бауырын езіп жүріп ақыры бір қызымен байдан шыққан осы


Базаркүлдің
қолына кірген. Өзінен бір мүшел кіші. Қайтып етегі қанамай
қойды
. Келіншегі ауылдың дүкенін ұстап, өзі пошта тасып ел ортасына
жантайды
ғой...
«...Көкейдегі күйік-шер айтпасыма қояр емес, Өмеке. Келе «Күйеуімнің
соңынан
бізді де босатыңыз» деп арыздандым. Неке суын іштік, қаттаулы
куə
қағаз қайдан болсын? Шекара бастығы иманды жігіт екен, «Егер
күйеуіңіз
«иə, қыздай қосылған қосағым, растаймын» десе...»
Үсті
-басы безгек тигендей қалшылдап темекісін қайта тұтатты. Көк түтін
бұрқ
етіп, көз алдын бір мұнар тұмшалап тұрып алды.
Иə
, сымдай тартылған орыс офицері алдына салып айдап əкелген.
Жауаптасу
қысқа болды.
– Əйеліңіздің бары рас па? – деді домаланған қытай.
– Жоқ. Қайдағы əйел? Оспан батырды да ғұмыры көрген емеспін, – деді бұл.
– Балаларыңыз ше?
– Ешкімді білмеймін. Үкіметке қарсы соғысқаным жоқ, – деді тағы да құты
қашып
.
– Жалғыз бастысыз ба?
– Иə...
«...Өмеке-ау, «Иə, соңымда Əсемай мен қос ұлым қалды, жібере көріңіз»
десеңіз
, бізді шекарадан əнеміне өткізгелі тұрған. Көрші бөлмеде отырып
барлық
жауаптасуды есіттік. Бізден танып шығып, құрбандыққа қиып
кеткеніңіз
қалай?! Жүрегіңіз жұмсақ еді ғой...»
Өмірбай
еңкілдеп жылап төсекке құлады. Құлап жатып көрпені бүркенді.
Ыстық
жас тарам-тарам боп екі бетін күйдірді. Сəбидің алақанындай
магнитофондағы
дауыс бірер жөткірінген, көз алдына Əсемай көлбеңдеп
келе
қалсын. Келгенде де, ілкі босаға аттағандағыдай келісті қараторы өңіне
қолаң
шашы жарасып, бетінің сүт шұқыры ойылып кесекөлденең тұра
қалды
. Қатаң тартқан қарлығыңқы даусы жұмсарып сыбызғыдай сызылады.
«...Содан бізді шекараға тиіп тұрған ауылға қоныстандырды. Қыста мал
бақтық
, жазда шөп шаптық.
Аязға
үсіп, аптапқа пісіп жүріп қос ұлыңызды қатарға қостым, Өмеке.


Қанаттыға
қақтырып, тұмсықтыға шоқыттырған жоқпын. Ертеректе
Көлсайдан
бел орақпен шөп шауып жүргенімде екі тентек қыр басына
шығып
, арғы бетке телміретін де тұратын. Сəбет жақтан қыбырлаған қара
көрсе
, «Əкем келе жатқан шығар!» деп ұшып кете жаздайтын. Мен де
соларға
сеніп, Өмекең болса, бəлкім, есіне түсерміз деп əн бастайтынмын.
Қыз
-жігіт боп ай астында ақсүйек ойнап, алтыбақан теуіп жүргенде
«Балапан қазды» əуелетіп шырқаушы ек қой. Есіңізде ме?
Бұл
өлке – біздің ауыл жайлаған жер,
Желіге
асау қyлын байлаcан жер-ай!
Көзіме
от-жалындай көрінесің,
Қ
yрбымен алтыбақан ойнаcан жер-ай!
Е
-ей, ахау, сабаз,
Ұшырдым
yясынан балапан қаз-ай!
Қос
жетімекпен қосылып шырқыраған сол даусым құлағыңызға жетпеді ме,
Өмеке
?..»
Үстіндегі
тұмшалап жатқан көрпені лақтырып тастап, даусы əлем-тапырық
боп
бақырып жіберді:
– Тірілей көмдің ғой, Əсемай! Балапандарым менің!.. Кеш сорлы əкеңді!
Кеш
!
Жанындағы
əдемі ақсары жүзіне əжім үйір бола бастаған келіншек
ұйқысырап
іргеге қарай аунап түсті.
– Шаяқ келгір!.. Атаукереңді ішкір! Өңмеңдеуін!..
Қаракөлеңке
шегіне-шегіне үйдің төрт бұрышына тығылып, таң етегі
түріліп
қалыпты.
АСПАНДАҒЫ
АҚ КӨБЕЛЕКТЕР
Құмырсқаға
тимеңдерші, іздегені өмір ғой.


Фирдоуси
Тағы
да ақ көбелектердің соңынан қуып діңкелеп, аңқасы кеуіп оянған.
* * *
Оқтаудай
көшенің оң қапталында иін тіресіп, итініп ұмтылған жүргіншілер
арасында
батып-шығып, шығып-батып ұз-зақ жүрді. Беталысы базар-ды.
Күндегісі
осы. Шөл ғой шыдатпай жүрген...
Табанын
қыздырып алғандар мұның шабан қимылын шаң қаптырғандай.
Ертеңгі
қызыл арай еркін тарап, күн қуатына мініп, шекесін шақты. Ақ
кепкісін
қышыған шекеге жығып, ажырайып зеңгір көкке қараған.
Жүнделмеген
жетім тайлақтай алба-жұлба жалғыз бұлт беталды маңып
жүр
. Тамыздың таңғы шығымен таңдай жібіткен қала торғайы да жұрттың
ыңғайына
шоқақтап, ұшып-қонып байыз таппайды. Бұл жазғанның да
базардан
дəмесі бар шығар. Əлден уақытта:
– Ой, дəурен-ай! – деген дауысқа мойын бұрған. Қайырылған ешкім
көрмеді
. Сарысу жиналған оң аяғын еркелете бастырып жанынан бір
кейуана
озып барады. Жетегіндегі жас қызға арзу-арманын айтқан сыңайлы.
– Мен де сендей болғанмын, – дейді жарықтық.
Қасындағы
күмірə болғыры жыртаң қағып көзін жайнаңдатады.
Жайнаңдатқан
сайын көшенің арғы бетін тінтіп қарайды. Кеудеше мен
етектің
қабыспай тұрған тұсынан сығалаған жалғыз көз – кіндігі түскірі
қарсы
жүргіншіні көздейді.
– Сен де мендей боларсың...
Кемпір
мен қыздың қарасы батқасын ғана есін жиды. Ой теріп, уайым
арқалап
, шексіздіктің құшағында кетіп бара жатқан жалғыз өзі дейсің бе?
Əне
, бəрі де...
Баяғы
Дəурен дəу қаланың бетке ұстар базарында шалбар саудалаушы еді.
Арық
қатынның арты əзер сыярдай ғана орынға көздің жауын алдырып,
ағын
, көгін, қарасын жайып:
– Жəке, сізге сұмдық жарасады... Тəте, құйып қойғандай екен... – деп өз
тауарына
өзі тамсанып бітетін. Алушысы түскір де алуан-тын. Желпілдеген


жасы
, жер жетектеген кəрісі, сүйріктей сұңғағы, мимырт басқан мықыры,
шілаяқ
сидаңы, балпаң қаққан бөкселісі... Ақшаның бет-жүзіне қарамас
сахиы
, теңгенің мөрін жылап жалайтын сараңы... Ой-дөйт дерсің! Десе де,
қалтаға
құйылған тиынның сыңғыры жиылып кеп бұйра бас, ақсары өңді,
ашаң
, əдемі жігіттің пəтер жалдауына да, назқоңыр нəпақасына да, Жарбай
ауылындағы
жалғыз шешесіне де жетіп артылатын. Шалының қара
шаңырағын
жықпаймын деп төрттағандап отырған кейуананы айына бір
барып
сүйсіндіріп, ас-суын қамдап кететін.
Қайтарда
«Құлыным-ау!» деп қасқа жолдың бойына дейін шығарып
салғанда
көлбеңдеген кең көйлегінің етегіне алтын шуақ үйіріліп, өзімен
бірге
жан тыныштығын, қанағат пен иманды қоса-қабат алып қалғандай
болатын
. Бұл қалаға кіре жанталасы басым, алқын-жұлқын беймаза өмірге
сіңіп
жүре берерді. Жанын бірге саудалаған бұл ұйыққа түспес еді...
Əлимасы
бар ғой. Кəдімгі базардың кіреберісінде су сататын, екі қасының
нақ
ортасында тарыдай ғана меңі бар қыз ше?.. Иə, иə, сол! Əр шалбарды
өткізген
сайын кеп су ішетін.
– Кербаланың шөлінен келдіңіз бе? – деді бірде ұяң жымиып.
– Жоқ, кең балақ, тар балақтың сорынан жеттім. Сыңғыр етіп күліп
жіберген
. Жай күлкі емес, шыны ыдыс сынып, ауаға тарап кеткендей. Содан
бастап
су емес, сынған ыдыстың құлағыңды қуантар дыбысын іздейтін.
Сыңғыр
! Əне, көзге көрінбей шашырап барады. Аға-жеңгенің қолына қарап
қалған
жетім нарша екен. Жүзінде сəбилік пəктік ұйып, үркектеу
жанарының
түбінен ылғи да бір үміт сығалайтын. Құмары қанбай ішкен
мұның
кəусар күлкісін сол шығар үзбей-жұлмай аман алып қалған.
«Күзге салым той жасаймыз...» дескен.
«Жарбайдағы жалғыз шешені қолға көшіріп аламыз...» дескен. Тек, əттең...
– Көне зиратты тегістеп жіберіп, үстіне мына «Неке сарайын» салды. Алда
көктемегірлер
-ай! – деген таныс дауысқа қараған. Сарысу жиналған оң
аяғын
еркелетіп басатын кейуана екен. Бусанып алыпты, жауырыны бүлкіл
қағады
.
– Бүгін неке қидырғандар сұмды-ы-ық көп.
Елге
жалғыз көз – кіндігін көрсетіп келе жатқан қыз «сұмдық» деген сөзді
айызы
қанып, сағызша созып айтты.


– Е, мал семірді. Жеміс-жидек пісті. Жұрттың күйегі түспегенде қайтеді?
Жетектегі
қызды қаралай желік кеулеп көтеріліпбасылды.
– Өй, осы күнгі жастарда бəтуа жоқ. Түнде берген уəдеден таң алды тайып
шығады
... Тас лақтырым жердегі базары түскір жеткізбеді ғой.
Жолай
дүкен біткенді сығалап, алды-артын орап жүргізбеуін көрдің бе
қақбастың
!..
...Тек, əттең!
Күнделікті
шалбар саудасы қызған тұста:
– Базар қожасы шақырып жатыр. Тез жет! – деген хабар алған. Аң-таң боп
тұрып
қалыпты. Бетінің ұшынан қаны тамған көк көз жігіт ағасын ілуде бір
көріп
қалатын. Аста-төк байлығын базардың бүкіл қатын-қалашы аузының
суын
ағызып айтып тауыса алмаған.
– Несін айтасың, костюмін күніне екі мəрте ауыстырады.
– Қасқа-ау, айтып тұрған көйлек-дамбалың не, құрығанда аптасына бір
жаңа
машина мініп шығады.
– Əйеліне Парижден вилла сатып əперіпті. Онысы басқа иіссуды менсінбей,
тек
«Шанельге» шомылатын көрінеді.
– Жалғыз қызы бар. «Джиптен» түспейді. Отырып қалған, отырып.
– Ойбай, отырып бай таңдайды да. Жүзіқара-ау, сені мен мен дейсің бе?
– Пішту, негрге күйеуге шығып, тайпа көсемімен таласып, шетелден
қуылып
келсе көрер ем отырмағанын. Отырады! – десіп шулағанда араның
ұясындай
жерді азан-қазан ғып жіберетін. Тіпті бір-бірін сөзден жыға
алмай
, жағаласып кетуге бар.
Сол
пышағы майдан кеппеген базар қожасы мұның қай қызметіне зəру боп
қапты
? Келімсек көп, оймақтай орнымнан айырылып қалмасам деп зəре-
құты
ұшқан. Шешесі де əр барған сайын: «Құлыным, тым биікке шыққанға
сенбе
!» – деп зарлап қалатын. Шалбар саудалаған бақалшы ұлы тап бір төре
үйлердің
төрін бермей жүргендей. Тілерсегі дірілдеп кең де жайлы
кабинетке
енгенде бетінің ұшынан қан тамған көк көз жігіт ағасы орнынан
күлімсірей
көтерілген.
– Кел, бауырым, кел! Өзіңді іні қылсам деп көптен көзім шауып жүр.


Аңырып
бетіне қараған. Қожасының жанары мұның жүдеу иінін, қойны-
қонышын
тінткілеп жатыпты.
– Ассалау-мағалей-күм... – деді бұл одан əрмен сасып.
– Əлік алдым. Отыр. Деміңді бас. Шалбары құрысын! Құтыл! Бүгіннен
бастап
маған кеңесші бол. Қызым екеуің... Қызмет көлігің... ақшаң...
– Сатылмаған тауарым көп еді... Қожасы саңқ етіп күліп жіберді:
– Əй, бауырым, ешкім жалаңбұт қалмайды, қорықпа, өзгелер өткізіп береді.
Дəурен
көпке дейін есін жия алмаған...
...Батып-шығып, шығып-батып ұз-зақ жүрді. Беталысы базар-ды. Күндегісі
осы
. Шөл ғой шыдатпай жүрген... Көше қазағының бəтуасыз əңгімесіне
құлақ
түрген. Бірер əріптің обалына шығып мұрнынан сөйлейтін мықыр
шал
қасындағы ұзын сирақ, безеу бет баласына кіжінеді кеп:
– Былтыр піштірген қызыл өгізді сатып оқуға түсірдім. Мұғалімдерің зар
сылайды
балаң əлі күнге əріп танымайды деп. Ал керек болса... Қарғам сот
болады
деп шешең сүр ісіп-кеуіп. Біз баяғыда кітапты сеп қоятын ек.
Сылқыбай
деген атағыма кір келтірдің, сатыры саман ит!
– Түй, папа, қойшы енді! – дейді онысы... Үйелмелі-сүйелмелі екі
кеңесшінің
бірі – əлгі оңбағыр қатындарға айтқызсаң, тайпа көсемімен
таласты
дейтін Сырғалы. Қызылшырайлы, еркекшора, еркін қимыл.
Жанарының
бояуы əкесінікіндей қою жұқпаған, аспан түстес көгілдір.
Қарама
-қарсы кеп тұра қалғанда тепсінген қос анары алқымыңды тіреп,
аузыңа
асатып жібергендей екен.
Сол
күні Əлимасы:
– Бастық адам енді біздің суымыздан дəм татса жақсы, – деп бейкүнə
жымиған
.
– Қашанда сенің суатыңа құлаймын ғой, – деген бұл айғыр стақанды
əдеттегідей
төңкеріп жатып.
– Күн жанып кетті. Айтпақшы, ертең театрға барайық. Жақсы спектакль
жүріп
жатыр деп есіттім.
– Барайық. «Мерседесіңе» мені мінгізесің бе? – Сақтанып, сыбырлап айтты.
– Əрине.


Сыңғыр
ете түскен. Шыны ыдыс сынып, ауаға тарап кетті.
Іле
қожасының кабинетіне енген. Төрдегі жігіт ағасы лəм-мимсіз, басын
төмен
тұқыртады. Жанында қаздиып, қырыққан серке бұттанып тұрған
қызының
қызылшырайы өңіп, аспан түстес көгілдір көзі ақайранданып
кетіпті
.
– Не? – деді салған жерден. – Не? Дырдай басшысың. Əкемнен кейінгі. Еще,
тұра
қап есік көзінен сиырдың сідігіндей сары су ішесің. Содан кейін сені
қай
базаршы сыйлайды? Не?! – Екі иінін қусырып, төменшіктей берген. –
Тоңазытқышың
толып, жарылып кетейін деп тұрған жоқ па? Не?!
– Жə, жə, – деп қызы қара дауылды көтеріп бара жатқан соң қожасы
тұқырған
басын тіктеді. – Жə, енді! Дəурен қарағым, ел-жұртпен аралас-
құралас
болған жақсы. Бірақ бұ қазақты бойыңа тым үйір ете берме.
Балағыңа
жармасса бітті, басыңа бір-ақ қарғиды. Құрып кетсін!
Сырғалының
жоқтап тұрғаны сенің абыройың ғой. «Жас-жастың тілегі бір»
деген
. Бір-біріңе осылай қамқор, сүйеніш боп жүріңдер. Мен сырттарыңнан
сүйсініп
, масаттанып отырайын.
– Кешіріңіз... Абайламай...
– Не?
– Сырғалы, қой енді! Ал, Дəурен, менің мынадай жоспарым бар. Біз базар
аштық
деп өз қазанымызда өзіміз қайнап мəз бола бермейік. Көрші
облыстарда
, Алматы мен Астанада жаңа, заманауи сауда орталықтары,
шүкір
, жеткілікті. Солардың озық үлгісін үйреніп, тың тəжірибесі болса іске
асыруымыз
керек. Жабайы сауда бүгін бар да, ертең жоқ. Халыққа мінсіз
қызмет
көрсету – парыз. Осы шаруаны Сырғалы екеуіңе аманаттағалы
отырмын
.
– Жарайды, аға. – Жуасып айтқан.
– Бəрекелді! Ендеше бүгін ұшыңдар. Міне, билеттерің.
– Қанша уақытқа? – Қызы мейірленіп, қызылшырайы мен аспан түстес
көгілдір
көзін қайтадан тапты. – Асықпай қыдырайық, əке!
– Бір ай... екі ай... үш ай... Еріктерің білсін...
...Батып-шығып, шығып-батып ұз-зақ жүрді. Беталысы базар-ды. Күндегісі
осы
. Шөл ғой шыдатпай жүрген...


Мұрнынан
сөйлейтін мықыр шал қасындағы ұзын сирақ, безеу бет баласын
əлі
нықыртып барады:
– Сендей сігіт кезімде ат үстінен түспейтін ем. Есіл састық сендерге қор
болған
. Оқуды оқсатпасаң қатын ал дедім. Көрші Құдайбергеннің қызына
құда
түсейін дедім. Семіз деп... Оның несі саман? Басының пайдасын
білмейтін
ит-ау! Қыста – сылы, сазда – көлеңке...
– Түй, папа, қойшы енді...
– Өй, нəлет! Үріп ауызға салғандай-ақ бала еді...
...Қала сайын тоқтап, бір төсектен өрген. Ілкі сəтте қашқақтап бой
тартқанда
:
– Не? – деген таныс дауысты естіген. – Осы мырғамның бəрі салбырап
аспаннан
түспеген шығар?! Менің арқам. Саған өле ғашықпын. Не?!
– Жарайды енді... – деді. – Мен де... – Жалы жатып қалған екен.
– Жараса, су сатушы сұмырайдың көзін жоғалт!
Барған
бетте!
– Ым-м...
– Не?
– Иə дедім ғой.
Сонан
соң... Жұп-жұмыр қос тақымның ортасында асау үйретіп жүргендей
ме
?.. Ұста дүкенінде шоқ көсеп, күмпілдетіп көрік басып жатқандай ма?..
Базар
емес, құдды жаннат бағында сайран салғандай ма?.. Бойын алақызба
есірік
сезім меңдеп, Жарбайдан шыққан жалғыз ұлға əйтеуір тізгін бермей
қойған
. Қызығы тарап, қызуы басылмастай көрінген сапардан оралысымен
салып
-ұрып кəдімгі Əлимасына келген. Ығы-жығы кезек сирегенде ғана
жанарын
көтерді.
– Барсың ба? – Жай ғана жымиды. Шыны ыдыс сынбады. Айналасын көзге
көрінбес
мұңмен құрсаулап тастаған екен. Екі қасының ортасындағы
тарыдай
мең балалап, жүзіне құмырсқаның ізіндей білінер-білінбес боп
жайыла
бастапты.
– Жарбайдан апам келген. Сені іздеп жүр. Қолаяғым сырқырайды дейді. «Бұ
заманда
бастық болған бала қолға тұра ма?..» деп уайым төгіп кетті.


– Ым-м...
– Қашан көшіріп аламыз? – деді үнсіз тұрып-тұрып. – Театрға да бармадық
қой
, Дəурен.
– Жақсы спектакльдер ойналып кетіпті...
...Батып-шығып, шығып-батып ұз-зақ жүрді. Беталысы базар-ды. Күндегісі
осы
. Шөл ғой шыдатпай жүрген... Алдынан тағы кезіккенін көрдің бе?
– Əдірем қал, – дейді кемпір мəз боп, қолын мықыр шалдан асыра сілтеп. –
Қаладан
тоқал іздеп жүрмін деуін. Басқа түгіл саған ақсақ мен ұстатпаспын.
– Өйтіп құтырма! Сөп сұлдырып қоярмын. Əлі күнге қымыз ішіп, сал-сая
сеп
сүрмін. Ə-ə... Давай, əдірісіңді айт!
– Қой, жазған! Балалардан ұят-тағы.
Ұзын
сирақ, безеу бет бала мен күмірə болғыр қыз бұл кезде бір-бірін
көзбен
шағып жеп, ыржалаң қағып балмұздақ жалап тұрған...
...Сол күні жас отау тігеміз деген тілекпен мына тұрған «Неке сарайына»
Сырғалыны
жайнатып кіріпшыққан.
– Бір ай тез өтіп, той тарқап, шетелге шығып келсек екен, – деп Сырғалы
сарғайған
.
– Африкаға ма? – Астапыралла, айдың-күннің аманында аузына түскен
сөздің
түрін қарашы.
Болашақ
жұбайы батқан күннің бояқ сəулесіне малып алғандай күреңітіп
кетті
:
– Жоқ, Жарбайға. Арасы тым жақын деп есіттім.
Екеуі
де абайсыз айыбын шайып жарыса күліп жіберген.
Түс
ауа жаны жай таппай алып-ұшып жұмысына келгенде:
– Əлиманы «Жедел жəрдем» алып кетті!
– Су ішіп құлады!
– Суы несі, у ішіп жығылды!
– Ішкізді, ойы-бай, ішкізді!
– Ішінде жеті айлық нəрестесі бар! – десіп қатынқалаш онсыз да алау-жалау


дүниенің
аспан астын жаңғырықтырып жатты. Көз алды дөңгеленіп жүре
берді
. Жалма-жан кері ұмтылған. Аурухананың есігі алдында Сырғалымен
соқтығысып
қала жаздады. Бұл қайдан жүр?!
– Не?! – деді қалт тұра қалып. Таңертеңгі қызылшырайы өңіп, аспан түстес
көгілдір
көзі ақайранданып кетіпті.
– Кес-кестеме!
– Не?!
Операция
столының жанына бұза-жара жеткен. Тұп-тұтас аққа
тұмшаланған
кəрі хирургтің көзі шегірленіп кетті. Жанындағы екі
мейірбике
əзірейіл көргендей бажылдап жіберді:
– Тоқтаңыз!
– Сабыр ет!
– Біз қолдан келгеннің бəрін жасадық.
Беті
əлгінде ғана жабылған мəйіт орнынан ақ нұр боп қайта көтерілген.
Кəдімгі
Əлимасы. Судағы бейнедей қалықтап кеп аңтарылып қалған мұның
жанына
жетіп тоқтады. Мұңайып, кінəлай қарап сəл бөгелді де, будай
ыдырап
төбеге сіңе берді. Қасында көктемгі алма ағашы гүліндей ақ
көбелек
қалт-құлт ұшып қоса кетіп барады...
...Батып-шығып, шығып-батып ұз-зақ жүрді. Беталысы базар-ды. Күндегісі
осы
. Шөл ғой шыдатпай жүрген...
Дембіл
-дембіл алдын кес-кестеп басынды-ау бұлар. Ақсақ кемпір мен
мықыр
шал жоқ, зым-зия. Ұзын сирақ, безеу бет бала күмірə болғыр қыздың
жалаңаш
белінен қапелімде біреу тартып əкететіндей тас қып құшақтап
алыпты
.
– Жеп қояйын ба? – дейді.
Бəлекеттің
қолының сырықтайын көрдің бе, жалаңаш белден асып, қыздың
өңір
тиегін сипалап жатыр.
– Тоясың ба? – дейді онысы көзін жайнақтатып.
– Тоймасам тағы жейм.
Былтыр
піштірген қызыл өгіздің обалына қалған, Алла, ашқарақ ит-ай!


Жөнді
əріп танымай жүріп, əкесін жолда қалдырғандай екен...
...Дəл неке қияр сəтте аспанға көтеріліп кеткен ақ нұр Дəуреннен басқа жан
баласына
көрінбей, судағы бейнедей сырғанап кеп Сырғалы екеуінің
ортасына
түсе берген. Бұ жолы мұңайып та, кінəлап та қарамады. Тұнжыр
тартқан
жанарында баяғы үміт оты өшіп, үрей мен мазасыздық шүпілдеп
тұрды
.
– Жо-жоқ, – дегендей ернін тістеп, жанұшыра бас шайқады. – Жо-жоқ!
Көктемгі
алма ағашы гүліндей бір шөкім ақ көбелек ғайыптың ақ нұры мен
Дəуреннің
арасында қалт-құлт, қалт-құлт ұшып байыз табар емес. Көз алды
бұлдырап
, ақ гүлдер жауып кетті. Музыка болса кернейлетіп, Бекболат
«Елім меніңді» аңыратып жатты.
Ес
-түссіз талып құлаған...
Содан
бері түсінде ақ көбелектердің соңынан қуып діңкелеп, аңқасы кеуіп
оянады
.
– Некесіз жаратылған сəби екі дүниеде де шырылдап əкесін іздеумен өтеді,
– десін əлдекім базарға кеп кіргенінде. Біте қайнасқан үн. Айналасын тінте
қараған
, қап арқалаған құла тасқынның мұнымен ісі жоқ, тоғытылған
қойдай
ығып барады. Е, тəйірі-ай, жалғызының тойына кеп топалаңын
көріп
, Жарбайына бəйіт айтып жылап қайтқан шешесінің даусы екен ғой.
Бала
күнде естігені құлағында тіріліпті.
Кəдімгі
Əлимасы тұратын орынға кеп (базар қожасы əлдеқашан тегістетіп
жіберген
) мешел болған баладай құйрығын төсей кетті.
– Су беріңдерші. Су! Су!
Ылғи
отырып жатып айтатын осы бір ауыз жалынышты лəмінен бұ жолы да
жаңылмады
. Кімнен сұрағаны белгісіз. Өзі де жауап күтпес. Содан қас
қарайғанға
шейін тырп етпейді. Дағдысы осы.
Ақ
көбелектер... Қалт-құлт еткен ақ көбелектер...
ТƏРКІ
ДҮНИЕ


Түн
. Үрей шақыратын қап-қара түн. Үй жанындағы «Тянь-Шань»
мейрамханасының
шаң-шұң музыкасына еліккен жастардың дырдуы ғана
ояу
. Көше бойымен ерсілі-қарсылы қайшыласып діңкелейтін машина
атаулы
саябыр тапқан. Тек төсегінен безініп, жаны қыдырып жүрген
əлдекімнің
жеңіл көлігі абажадай кең бөлмеге анда-санда алагеуім жарық
түсіріп
өтеді.
Академик
Саламатиннің жесірі үстіне жамылған атлас көрпені емес,
арқалап
жатқан ойын ауырсынып терең күрсінді. Оң жамбасына аунап
түсіп
, жанындағы жар төсегін сипады. Сұп-суық. Денесі құсеттеніп
тітіркенді
.
– Өлгені шын болса, қара жер қойнын жылытып жатқан шығар
жарықтығым
, – деді күбірлеп. Жар төсегін сипаған сайын ішін алабөтен бір
қыжыл
кернейді. Жаймен жылжып, жүрегінің басына келіп түйіншек боп
қадалады
.
Өз
көңілін өзі аулағысы кеп, қысқа қиылып, жас туған қозының жүніндей
жиі
бұйраланған шашын салалы саусақтарымен тарағыштады. Көзін жұмып
мақтадай
үлпілдеп тұрған алақанымен маңдайын сипаған, ойылыңқырап
түскен
екі əжімі құрғыр... Оты қайта бастаған көздің айналасындағы
ұсақұсақ
... Атақты əншілердікіндей бет терісін тарттырып, пластикалық
операция
жасатса қайтер еді? Опадалаптың да қауқары жетпей барады.
Құртқа
шапқан көңілі түскір-дағы. Жесір қатынның бетіне кім ас құйып
ішкелі
ынтығып жүр дейсің?..
Қасын
баптағанды да қойды. Əншейінде айнаның алдынан шықпай, белі
майысқан
инеліктей темір қышқашпен талдап-талдап жұлып, сəуірдің жаңа
туған
бір тілім айындай ие қоятын.
– Жарқыным-ау, менің бала кезімнен бастап жұлып келе жатсың. Қас
таусылған
соң неңді жұласың? – дер еді академик Саламатин шаштан
əлдеқашан
ада болған шекесі жалтырап. Сосын əдемі жүзіне қызыл шырай
жүгіріп
, көзі емес, көзəйнегі күлетін. Онысы тұла бойына түгел шауып, ұзақ
селкілдейтін
.
Осыдан
қырық жыл бұрын, сəмбі талдай ырғалып тұрған шағында көрген
аспирант
Саламатин. Жүні жұлынып, саудаға түскен тауықтар құсап
мединституттың
мəйітханасында тырайып жататын өліктердің ішек-
қарынын
ақтарып, қан-қан қандауырын жалма-жан қоя салып, қағаз-


қаламына
жармасып, мұрын астынан міңгірлеп, онысын жетекшісі тұрмақ
өзі
түсінбей қалатын бейнетқор қасқа еді. Жүдеу иінін ақсұр əдемі өңі
ажарландырып
тұратын. Сауық кешінде танысты. Жастық шіркінді
қойсаңшы
, Алматының тал-терегін жағалай санап жүріп сүйісті. Көктемге
салымғы
көп сүйістің соңы басына ақ байлап, шүңірек көзді орыс шалының
қоржын
тамына келіншек боп түсуімен тынған.
Төсек
-орын, қос қасық пен кесе, жетім аққұманнан басқа дəнеңесі жоқ
жалқы
жігіт. Жалғыз қыздың жалаңаяқ аспирантқа шыққанына наразы боп
үй
іші шалқалап бақты. Құлдық ұрып шақырып, астарына таза көрпе жаяр,
алдарына
бас пен жамбас тартар құда-құдағидың жоқтығына
қоңылтақсыды
. Əкесі жарықтық қолындағы таяғын жерге, мұртын көкке
шаншығанымен
, келе-келе жібіді. Мүйізі шаңырақтай күрең қасқа сиырды
енші
ғып берген. Күйеуі кандидаттық қорғағанда мөңіретіп банкетке сойды
емес
пе?..
Төбесіне
əтештің айдарындай қызыл шам байлаған милицияның машинасы
қараңғы
көшені азанқазан қып жанығып өте шықты. Алматы қаптаған
рэкет
. Біреу-міреуді қуған шығар деп ойлады естелік еміп жатқан жесір...
...Саламатиннің диссертациясының тақырыбы да қызық болатын. «Адам –
маймылдың
ұрпағы». Биология мен медицинаның ортасынан шыққан метис
зерттеу
еді өзі. Құлақ біткенге сіңісті боп кеткен Дарвиннің қағидасына
қарсы
дау айтып, бас шайқап жатқан пенде жоқ. Аспирантқа айтқызсаң,
адамдар
қазіргі маймылмен ет бауыр туыс емес. Алыстан қосылатын
жұрағат
. Біздің тікелей бабамыз – осылардың бір бұтағы. Ағашқа өрмелеп
жүріп
мертіккен бе, əлде таудан тайып құлаған ба – жаппай қырылып
қалыпты
жарықтықтарым. Соңдарына біздей есі бүтін ұрпақ тастап
кеткеніне
шексіз риза еді сол кездегі Саламатин.
– Оттап... Адам атаны қайда қоясың? Мұз үстінде жүкті боп, тоғыз айдан
соң
толғатқан Хауа ананың бейнеті əлгі нəжісін жеп қисақтаған
маймылыңнан
кем соғып па? – дейтін əкесі ашу қысқандағы дағдысымен
түкірігіне
шашалып. – Дүниені келістіріп жаратқан – Алла. Жасаған иемнің
құдіретіне
қол сұғайын деп пе ең? Хауа ананы Адам атаның қабырғасынан...
«Қабырғаммен кеңесейін» деймін мен де анда-санда. Ол – əйеліммен
ақылдасайын
дегенім. Аяқ астынан алжиын десе ғалымға да оп-оңай-ау...
Бастырмалатып
сөйлеген атасына қарсы келмей, ақырын бағатын иіні жүдеу
Саламатин
. Оның үнсіздігі кірпі шаш қиқар шалдың жынын қайта


өршітетін
:
– Ал айт, дүние неден жаралды?
– Жай көзге көрінбейтін суда өскен бір клеткалы балдырдан.
– Түһ! – Қиқар шал күйеу баласының бұл сөзін естігенде отырған орнынан
ұшып
кете жаздайды. Əттең, қанаты жоқ. Айналасын қарманады. Қарсы
алдындағы
меңіреу аспирантты жіберіп ұратын ештеңе таба алмай, қос
қолы
ауаны қармай береді.
– Не дедің?! – Сосын алақандай екі көзін ежірейтеді.
– Бір клеткалы...
– Клеткаңмен қоса құры, зəніңді!.. Ау, ит-ау, айтшы, көзге көрінбейтін
пəлеңнен
піл мен динозавр қалай өсіп шықты? Аузыңа су ұрттап алдың ба,
жағың
неге қарысып қалды? Мə, бір түйір топырақ, мықты екенсің, осыдан
тау
жасап берші маған!
– Енді миллиондаған жылғы даму эволюциясы...
– Революция болса да черт с ней. Ал миллион жыл күтейін...
– Қағынбай жайыңа отырсаңшы, – деп шешесі араша түсер еді. – Баланың
миын
су ғып жібердің ғой.
– Балдырдан – маймыл, одан адам шыққан деп... Қаралай жыныңды
қоздырып
... Бəлкім, адамнан маймыл туған шығар. Оның құлаққа қонады.
– Туса туған шығар, ауылдағы Қойшыбай құрдасыңның маймылдан несі
артық
?
– Сен кемпір де аяқ астынан прəпесір бола қалыпсың. Маймылға
кіндіктерің
мықтап байланып қалған екен, қидым сендерге. О несі-ай?!
Орындықта
сүмірейіп отырған күйеуіне қарап өзара айтысып кеткен əке-
шешенің
ерке-тотай жалғыз қызы сылқ-сылқ күлер еді...
Жар
төсегінде жалғыз жатқан жесір тағы бір аунап түсті. Қамаспай қойған
кірпік
ұшына дым білінді.
«Тянь-Шаньнан» тарқаған жастардың даурықпа əні естілгендей. Ұл-қызы
бірдей
мас шығар. Күндегісі осы. Еріксіз құлақ түрген. Əн дегені боғауыз
екен
. Түйдектүйдегімен ағытып жатыр. Орысша-қазақшасы аралас. Екі


тілге
де теңдік беріпті. Əй, сабазың, оқығаны қатты біреу-дағы. Қыз
бажылдап
жылап, жігіт сыбайды кеп. Беті аулақ! Өзімен кеткей!
...Саламатин қандидаттық қорғауға таяп қалғанда Мəскеуден ұшып жеткен
жетекшісінің
бірі «Қайткенде де тірі маймыл табу керек, соны мүшелеп
сойып
, өкпе-бауырын зерттейміз. Қорытынды соған қарап шығады...» деді
ме
-ау, өзімен бірге алашапқын ала келген. Онсыз да мұрнына су жетпей
танаурап
жүрген аспирант Алматының көшесінде талып жығыла жаздады.
Құдай
-ау, екі өркеші баладай бура союға болар. Тірі маймыл бұл күнде
қолға
түсе ме?
Ес
-түстен айырылып, сенделіп жүрген байғұсқа өзіндей біреу ақыл беріпті.
Содан
тақасы қисайып ертеңді-кеш зоопаркті жағаласын. Ақыры əбден
қартайып
, жағы босап, көзі суалып, төсек тартып жатқан бір горилланы
тауыпты
. Майда-майда сөйлеп сұраса, мұның бағасы бəленбай мың деп
директоры
мұрнынан ақ құрт ыршып маңына жолатпайды дейді. Үйге ертіп
əкеліп
қазан көтертіп, жал-жая асатып, əке-көкелеп жүріп қалап алған
өлексені
. «Жедел жəрдеммен» апарып ғылым жолында құрбандыққа шалған
сорлыны
. Кейін құрдастары күлкі қылған:
– Ойбай, Саламатиннің сойған маймылы ұрпағының қорлығына төзбей
төбелесіп
, қазақша боқтады. Ата-бабамыз екені расқа шықты.
– Жо-жоқ, маймыл емес, ішіп-ішіп маскүнем боп кеткен біреу екен, – деп.
«Саламатиннің маймылынан» құтылдым-ау дегенде көргенінен жазбайтын
жетім
байғұс іле-шала докторлығына кіріскен. Мəскеулік жетекшісі
табанын
қыздырып кетсе керек.
– Ел секілді емін-еркін тынығу бізге бұйырмаған ғой, – деп ілкіде
тортаңдағанмен
іштей теріс көрмеді. Кандидаттың қатыны атанғаннан гөрі
ғылым
докторының бəйбішесі деген айтар ауызға сүйкімді емес пе?!
– Тақырыбың тағы да маймыл ма?
– Иə, мəкеңнің өзі.
– Екеуін пышаққа іліндірсең, докторлығың дайын.
– Бұл жолы соймаймын. Адамға айналу процесін зерттеймін.
– Қалпақпен қағып аласың, – дейді əзірше кандидаттың жұбайы іліп-қағып.
– Өткендегі гориллаң қазаққа туыс боп шықты. Шимпанзені грузинге қия


сал
!
Сөзі
де, тақымы да асау жұбайының əзіліне Саламатиннің көзəйнегі мəз боп
күлетін
.
Маймылдың
арқасында астананың қақ ортасынан ойып тұрып үй алып,
төбесіне
чехтің люстрасын сыңғыр қақтырып ілген қандидат қозы көш
жерден
қылаң берген докторлығына көп қамшы салдырмады. Карл
Маркстің
коммунизм елесі ішінде адасып жүріп айтып кеткен белгілі уəжін
сəл
-пəл қырнап,
«Маймылды адам еткен – еңбек» деп ой түйді. Данышпанмен пікірлес
ғалымның
жолында тас жатсын ба, көзəйнегі аз-кем қалыңдағанмен
жіліктің
мыр за басын ұстап шыға келді. Биік дəреже тау етегінде баққа
бөккен
саяжай боп қол бұлғады. Көгілдір түсті жеңіл көлік боп көлденең
тартылды
. Сіліңгірдей Саламатинге қозы қарын байланып, қызметі өскен
сайын
жұмсақ-жұмсақ креслоларда жиі-жиі үйелейтінді шығарды.
Жер
шарына даңқы жайылды. «Маймыл əулетінің асқан білгірі, Дарвиннің
өзі
аузына түкіріп, батасын беріп кеткен шəкірті», – деп табақтай-табақтай
суретін
басып, шетел баспасөзі түгелдей шуласқан...
Түн
ортасы ауғалы не заман?! Əр жылдарға бір тоқтап, қылаң беріп қашқан
ой
қарасын көрсетер емес.
Құрып
кетсін, көз шырымын алайын деп көрпесін бүркенген. Көз
жұмғаныңмен
астан-кестен боп жатқан көңіл шіркін мызғи қоя ма? Əлгі
беймаза
ой басынып, атлас көрпенің ішіне тығылған жесірді түрткілейді.
Көшеден
құтпан айғырдай азынап «Жедел жəрдем» өтті. Біреуді ажал
аранынан
алып қашып бара жатырдағы. Даусы неткен зарлы еді
пəлекеттің
?..
Академик
атанып, алты айға Африкаға барып келуі мұң екен,
маймылдармен
ақылдасқандай, Саламатинді албасты басты. Басқаны емей
немене
, əлемді аузына қаратқан ғалым күндіз-түні үйге сыймай дөңбекшіді.
Кішкене
сəбиді əуелете көтеріп тұрған маймылдың мрамордан ойған
бейнесін
жазу столынан терезеден сыртқа жұлып алып ытқытты. Əр бетіне
көз
майын тамызып жазған қалыңдығы жарты қарыс оқулық кітаптарын
жиып
апарып саяжайда өртеді.
– Қарашы, тіпті жанбайды. Өңшең өтірік отқа күйетін бе еді? Шындық


болмаса
... – деп аласұрып құтырынды. – Өмірлік идеяларымды ұшырып
жатырмын
, – деп күлін көкке шашты. Бұл үнсіз егіліп, күйеуін ақылынан
алжасты
деп ойлаған.
Артынша
Рио-де-Жанейрода өткен дүниежүзілік жиында ғалымдардың
жағасына
жармасып:
– Адам қанының құрамынан тың элемент таптым. Бұл маймыл тұрмақ, жер
бетіндегі
жан-жануар атаулының ешқайсысында кездеспейді. Демек, адам
маймылдан
өрбіген жоқ. Дарвинизм ғылымы жалған. Бізді теріс бағытқа
салып
жіберді, – деп ашық аспан астында найзағай ойнатпай ма?
Маймылды
малданып шен-шекпен иеленген қасқа бас ғалымдар тек тұрсын
ба
, өре түрегеліпті. Тоқсан тоғыз тілде шуласыпты. Мініп тұрған мінберіне
ұмтылысыпты
.
– Əй, делқұлы академик, сенің ойыңша адам баласы қай ұрықтан жаралды?!
– Бұл не деп оттағаның, ғылымның садағасы кеткір!
– Дарвин мен маймылдың киесі ұрғыр!
– Айт дəлеліңді!
– Шекшиіп тұрысы жаман екен, желкелеп түсіріңдер! – дескен.
– Адам баласы космостан əкелінген, – дейді Саламатин аспай-саспай сұқ
саусағымен
аспанды түртіп. – Менің ойымша, бұл – өзіміз гуманоид деп
айдар
таққан жатжерліктердің əрекеті. Адам баласы олар үшін тəжірибе
құралы
ғана. Күн жүйесіндегі, өзге де жұлдыздар шоғырындағы
планеталарда
өте жоғары даму сатысында өмір сүріп жатқан тіршілік иелері
бар
. Біз – солардың ішіндегі ең ақымағымыз. Сондықтан да əлі күнге дейін
өзімізді
маймылдың ұрпағы санап жүрміз.
– Біздің авторымыз əлгі құбыжық гуманоид пе?!
– Тірі пенде естімеген сұмдық! – деген ызалы айқай сəулетті залды жарып
жібере
жаздаған.
– Дəл өзі! Əттең, сəтсіз жасалған тəжірибеміз, – дейді Саламатин мінбердің
екі
қапталын мықтап ұстаған күйі. – Өйткені миымызға абайсызда зиянды
түйсік
қосылып кеткен. Оның аты – жауыздық! Олар соған қатты өкінеді.
Маған
төрт-бес жыл мұрсат беріңіздер. Ғылыми жаңалығымды тайға таңба
басқандай
ғып дəлелдеп шығамын.


Шошынған
ғалымдар тап сол жерде дауысқа салып:
– Бəріміз де маймылдың ұрпағымыз, – десіп қол көтереді де, жынды
Саламатиннің
əңкі-тəңкісін шығарып, абыройын ит құйрығына байлап
жібереді
. Алматыға оралысымен зиялы ортаны ала тайдай бүлдірген немені
ғылыми
-зерттеу институтының директорлығынан демде босата салды.
– Шоқ, шоқ, – деп табалаған күндестері. – Пайғамбар жасына келгенде
қағынуын
. Үндемей жүре берсе дəнеңе де жоқ қой.
Аспанмен
тірескен үйдің төрт қабырғасына қамала-қамала зерігіп, басына
тақия
киіп, қолына піл сүйегінен жонылған таяғын ұстап көше кезген. Өзіне
жақтастар
іздеп, тізім жасап қол қойғызған. Миллионнан астам халқы бар
қаладан
жасаған тізімі жеті адамнан аспай діңкелеткен.
Көктемге
салым:
– Өмір неткен ұзақ еді?! Ащы ішектей шұбатылып, таусылып бітпеді ғой,
түге
, – деп үйден налып шыққан. Содан ұшты-күйлі жоғалды. Біреулер
Көктөбенің
басынан көрдік десті. Ұшқыш тəрелкеге отырып кеткенін
байқап
қалдық десті. Қауесет көп, өзі жоқ.
Келесі
көктемде жылын берген. Алғашқысында маймылдың нəсіліміз деп,
кейінгісінде
көктің перзентіміз деп мынау тəркі дүниені қайта-қайта есалаң
қылған
академиктің кəдесіне жиналған қалың нөпірдің есебіне жетпессің.
Соның
көбі қайғырып емес, көкіректегі көптен бергі армандарын оп-оңай
орындап
берген өлімге (өлгені рас болса) рахмет айтып келіп жатқан сынды
көрінген
...
Аш
бүйірден шымшыған ой бірте-бірте жай тауып, қаралы жесір талықсып
жатып
көз ілді. Осы сəтті баққандай қабырғада ілулі тұрған суреті өз-өзінен
ісініп
, тірі Саламатинге айналып сала берді. Аяғының ұшымен бір басып,
екі
басып дыбыссыз келді де, атлас көрпені еппен ашып жұбайының
қойнына
кірді.
– Жаурап қалдым, – деді сосын сыбырлап.
– Кімсің?
– Көктің ұлы, Құдайдың құлы, Мұхамбеттің үмбеті, Шадиярдың
сəруарымын
.
– Біз кімбіз?


– Ешкім де емессіңдер!
Оқыс
дауыстан шошып оянған жесір бауырына көпшігін қысқан қалпы
алақтап
жан-жағына қараған. Саламатин көзəйнегі жылтылдап тез-тез
шегінді
де, қабырғаға жетіп, жансыз бейнеге қайтадан сіңіп кетті.
– Пісімілдə, пісімілдə, – деп алқынып терезе ге ұмтылды. Жұлқып тартып
пердені
ысырды. Таң құланиектеніп қалған екен. Жаңбыр бүркіп тұр. Соңы
ұзаққа
созылмаса қайтсін?..
ЖАЛҒЫЗДЫҚ
Анам
Шəменнің (Шəмсия) рухына
Күн
көкжиектегі ұясын тастап шықты. Сынық сүйемдеп көтеріліп еңсесін
тіктеді
де, дүниенің бəріне мырзақол сахилықпен өзі жағып шыққан
қызғылт
сары бояуын енді біртіндеп өзі сүртіп ала бастады. Көктем қуатына
мінгесін
қысыр бұлттар саяқтың үйіріндей бұлтыңдап қашып байыз
таппайды
. Қос жағалауын толқын тілімен жалап, шымырлап Шора өзені
кетіп
барады. Үкілі бас қамыстың сыбдырынан үріккен ақ маңдай қасқалдақ
бір
топ балапанын қақпайлап қиялай жүзеді. Бар жаһанның салмағы өз
иығына
түскендей бір мақтаншақ əупілдек қалың ішінен «Əуп!» деп дауыс
көтерді
де, жым-жырт қалды. Арғы жағалауда жарбиып қаннен-қаперсіз
жалғыз
үй тұр. Үй іргесінде қабырғасын санап алғандай жетім құлын жүр.
Онысы
күншуақ жалғыздап суырып берген көгораймен қоймай тістесіп
жатты
. Қозы көш жерде қыр басынан, жапырық інгеннің жабуындай боп,
күн
жеп тоздырған молалар қарауытты.
– Кім бар, ей? Қайық əкел, қайық!
– Се-ні күт-кен еш-кім жо-оқ!
Жағалауда
емініп тұрған үйелмелі-сүйелмелі қарындасы – ағасына, ұл –
шешесіне
, əйелі – есқара көріп күйеуіне назар бұрды. Күйеуі түскір көзін
өзеннен
секіртіп, жаңбыр кеміріп тастаған молаларға қарады. Өзара
сүйеніш
тауып, иін тіресіп қалған өлі ауылдың орта тұсынан ақ жаулықты


біреу
бас көтерген сынды.
Əлде
қанатын қызықтаған ақ шағала ма? Жалт етіп жоғалып тасаға түсіп
кетті
.
– Кім бар, ей? Қайық əкел, қайық!
* * *
Күн
тас төбеде əткеншек теуіп тұрды. Екі ұртын томпитып бақа шулады. Су
жылынған
соң сыңарын іздеп, күйек үзер дəме-дағы. Аллам-ау, балдыр
арасынан
басы ғана қылтиып жүріп айғырлық мұның не теңі?! Құры!
Балауса
құрақты пана тұтқан өрмекші шатыраш тор құрып ойнап еді,
онысына
қан-сөлсіз бытықанадан басқа жəндік ілінбей діңкелетті.
Талтаңдап
шауып, ақыры талықсып құрақтың сыңар құлағына жасырынды.
Əупілдектің
жамағайыны, жылтиып көкек көрінді. Қайық күтіп өндіршек
созып
тұрған төртеуді менсінбей, жалғыз түп бұтаға құйрығын төсеп қонды.
Көңілшек
қасқаның жатынын жұмыртқа қысып, жат ұя іздеп жүргені
шығар
.
– Кө-кек!
Даусы
сүйкімді екен. Көктемнің кемпіршуағына арқа төсеп құтырып қал!
Сенің
шешең молада жатып, Шораны кешіп жете алмай зарығып тұрған
жоқсың
ғой...
– Кө-кек!
– Санашы, енді қанша ғұмырым қалды екен?
Тілін
шайнап, бұтаға бұқты. Бұқ, бұқ! Қанша қалғанын өзім де
шамалаймын
...
Арғы
бетте көгораймен айтысып жатқан жетім құлын бас көтеріп кісінеді.
Жазған
-ау, сен көкек емессің ғой... Бүйірі шығыпты. Жабағы жүні түсіп,
бүйірі
бұлтиған соң шешесі жатқан есіл қырды бұл да ұмытып кеткен. Есі
кіргені
кеше ғана.
– Кім бар, ей? Қайық əкел, қайық!
* * *


Күн
батысқа еңбектей жығылды. Бұл күдер үзіп, оң алақанын төсеп, өзен
суын
сапырып ішті. Шөлдеген жоқ-ты. Тек өкпе-бауырын бір таба шоқ
аққұмандай
ғып бұрқ-сарқ қайнатып жатты. Ақмаңдай қасқалдақ бір қора
бала
-шағасын ертіп нарқамыстардың арасына сыналай енді. Шағын
орамалын
шаршылай тартқан ақ келіншектің əдемі жүзіне ұсақ-ұсақ діріл
боп
кеп кірбің қонды. Қаладағы саялы үйін аңсады. Жуылмай қалған кірін,
жабылмай
жатқан тосабын ойлады. Үлпілдеп тұрған үрпекбас ұл ойша
Ыстықкөлде
шомылып жүрді. Тау жағалай біткен нарша қарағайларды
айтсаңшы
! Арманыңа мінгізердей желкенін желбіреткен ақ кемелер ше?
Қайыру
бермей қашқан қиялын əрең тежеді. Ортада аунап аққан қайырсыз
өзенге
тағы да қараптан-қарап кектенді.
– Иттің өзі шыдамай, шынжырына буынып өлер жерде туып...
Қара
шашы қалың біткен тана көз қарындасы Қырымның жайлы жағалауын
сағынды
. Сырты бүрленіп қатқан, іші қос алақанның қуысындай ұлу
қабығын
теріп, тереңіне сүңгісе... Жылаңқы өзен мен жағаға жармасып
біткен
қамыс-қоғаға қашанғы телміруге болады?.. Əкесі де қызық!
«Шешем мені жар басына туып кеткендей, шіли жар жағалап жүретінім не
осы
?! Шіли, шіли...»
Мұның
сыртына шықпай тұншыққан осы сөзін қапелімде естіп қалғандай
жалғыз
үйдің есігі сырқырай ашылды. Топсасы тозған, өзі қырық жамау
сиқалы
екен. Қысыр жыландай қайқаң қағып іштен бір келіншек шықты.
Басына
бір тұтам қызыл орамал жабысып жүр. Өткел бермес Шораға емініп
төрттаған
боп қалған бұларға аңтарыла қарап аз-кем кідірді. Сосын жағаға
қарай
алдымен емпеңдеп орамалы жүгірді. Соңынан аяқ-қолы шашылып
кеп
ықтасында ілініп тұрған жаңқа қайыққа жармасты.
* * *
– Ұйықтап қалыппын. Періште тербеткен шығар, – деді қызыл орамалы
қисық
байланған қалпы. Ұялыс танытқаны. Өңі күнқақты, қарасұр екен.
Сүйірлеу
мұрны оң жақ сырғалығына қарай қиыс тартып тұр. Қоңыр күлгін
көзі
тұнжырап буланған. Е, байғұс, байдан ерте қол үзіп, құмардан
шықпаған
-ау...
– Құлақтан жастай қалғанмын... Жалғыз үй, жесір қатын, жетім құлын боп
тірлік
кешіп жатырмыз. Шүкірі таусылмаған бір қауым елміз, – деді


самбырлап
. Маңдай əжімі жазылып, ұл мен қыз күлістік атты. Суға сыңар
аяғымен
бойлап тұрған нар қамыс үкілі басын тербеді.
– Ал отырыңыздар! Қараңғы түсіп кетер.
Таяуын
ағыстың ық бетіне құлаштай салған. Қайратына не берерсің, жаңқа
қайық
қарсы бетке жын қаққандай жөңкілді.
«Дүниеге сыңар кіндік боп жаратылған тек сен емессің, – дегісі келген. –
Анау
əупілдек, мынау моланы дара құшып жатқандар... Сосын...» Саңырауға
айқайласа
, толқында билеген жаңқа қайық аударылып түсердей қорықты.
– Қатып ұйықтап қалыппын, – деді өзеннің орта тұсына келгенде ентігіп. –
Түсім
бе, елес пе, бір кішкене қара домалақ кекілді бала «Апа, тұр! Мен
келдім
, апа!» деп жұлқылап оятып жіберді. Көзінде кіреуке мұң бар екен... –
Сосын
мұның жүзіне жалт қарап, есіне əлдене түскендей, əлдекімді
шырамытқандай
қимылсыз қалды. Жүйткіген жаңқа қайық тағы да ықтай
бастады
. – Қап, мына өр суын қарашы, əл бергісі жоқ.
Бір
тұтам қызыл орамал екі иықтың ортасында ойнап, сырықтай таяумен
тағы
да арпалысып жатты.
Санасына
сартап қып жылдар бұқтырып тастаған сағыныш біртіндеп бой
көтерген
. Ішіне шым-шымдап жүгірген жылу жаймен жылжып кеп
жұтқыншағына
қадалды. Құстың қоясындай бір түйіншек əрі де, бері де
кетпей
тұрып алды. Көзіне сақиналанып жас келген. Шарада шайқалғанмен
төгілмеді
. Кері жұтылып кетті. Кермек дəмі аузында қалып, құр тамсана
берді
. «Тым құрыса мына көңілін қайық қып төсеп жатқан бейшара əйелге
бір
ауыз жылы сөзімді қимағаным қалай?» деп ойлаған сосын. «Осы мен...
Осы
мен... мен бе?» деген дүдəмал сезім көптен бері иектеп жүрген.
Дүниенің
бəріне риясыз сеніп, аңғал көзбен қарайтын бейкүнə шағы,
бəлкім
, əлі күнге жалаң аяқ қыр кезіп жүрген де. Осы қырды... Балауса
көңілдің
бал құрағын аяусыз отап жіберген жастай киліккен қаланың ысы
мен
түгесілмес ызыңы ма? Əлде ойын да, арман, мұңын да өлшеулі қалыпқа
салып
, шемендей қатырып тастаған əлгі дулы да шулы ортасы ма? Бірақ бұл
одан
да қашып, кісікиіктеніп бітпеді ме? Жо-жоқ, қайтсе де бұл анық өзі
емес
. Көңілдің кірін, көздің сорын сыртқа шығармай ішіне құятын, сырты
сырланып
қалған басқа, тіпті басқа жан. Азан шақырып қойған аты ғана
өзінікі
. Соны куəге тартып жұртты алдап жүр. Əйтпесе, ширек ғасырдан
бері
қызылөкше боп өскен қырына, кешкен кемді күн қызығына, шешесінің


мұны
тоса-тоса тозаң боп кете жаздаған моласына бір соқпай қайтіп
шыдаған
?!
– Жеті түнде сескенбейсіңдер ме? – деді келіншек
жағаға
шыққасын даусын бəсеңдетіп. Иегімен өлі ауылды нұсқайды.
Қолтығының
астынан жетім құлын кісінеді. Үні жіңішке шықты. Уызына
жарымай
, емізікпен сүт ішкен жетімнің даусы қайдан жуан бола қойсын?..
– Рахмет! Ол қарақшысы жоқ жұрт қой.
– Қайтарда шай ішіп аттаныңдар. Жыңғылдың шоғын жайнатып қояйын. Су
жағасы
ғой. Үйде салқын сыз бар.
Ешкімнен
жауап тоспайтын сүйексіңді дағдысы шығар. Қызыл орамалы
қараңғыға
сіңіп көрінбей кетті.
– Танымады ғой, – деді даусы əріректен құмығып естіліп. – Қайдан
танысын
, жатбауыр боп кетті ғой жазған бала... – Құлын оқыранды. – Жүр,
үйге
қайтайық!
Өзен
беттен үрпекбас ұлының кекіл шашын үркітіп майда самал есті.
Расымен
Жалғыз еді... Елегізіп аспанға қараған. Шексіздіктің шеруіне ылғи
жалғыз
шығатын ай да айналаға күміс тозаңын төгіп тұрды.
ЖАСЫРЫНБАҚ
Ақылдыға
қайғы алдырсам деп едім,
Ақымақты
ойландырсам деп едім.
Ж
yмекен
Осы
жұртта ес бар ма өзі?
Таң
торғайы шырылдағанда басталған қаңқу қара қарға қанатын жайып,
қонар
ұясына қайыра ұшқанда қиқуға ұласып, айналаң арқасы бар бақсыдай


зікір
салып, арпалысады да жатады. Берместің пұлын, көрместің көзін
сұраған
өңшең қайыршы қайдан ғана қаптап жүр осы? Жан-жағыңды желді
күнгі
қараша үйдің іргесіндей ұйтқытады кеп...
Əйтпесе
, заманында көздемей лақтырған таяғы аспандағы айға барып
қадалатын
Бастық солардың гөй-гөйінен бұғынып, мекемесінен торғай
адым
аттап басуға зар болды деген не сұмдық?! Ертелі-кеш қос қолын
қайырып
əкеліп құйрықтың үстіне салып, ерсілі-қарсылы сенделеді де
кетеді
. Төсті жалаңаштап тұрып талай қағыстырған, сілекей алысқан есепсіз
дос
-жаран қырдан-қырға сырғып қашқан сағымдай із-түзсіз жоғалған. Етке
өткізетін
бордақының малындай өріп жүретін өңшең ірің майы үстінде сен
тұр
, мен атайын орынбасар атаулысы қайда қазір? Айтқаныңды лəппайлап
естіп
, аяңшыл аттай бүлкіл қағатын бейшаралардың дені бұл басқарған
ұжымның
төбесіне қорғасын бұлт төніп-төніп бергенде мұның керегіне
жараған
.
Банкроттың
аты ауызға алына бастағанда пəле-жəленің үйірімен үш
тоғызын
солардың екі-үшеуінің мойнына қиып салып, баспасөзде қаққанда
қанын
, соққанда сөлін алдырып, мұхиттың арғы жағалауын жайлаған Мю-
Тю
-Хюмен ауыз жаласқан сыбайлас жемқор дегізіп, ұяты молдау бірі
инфарктан
өліп, алаяқтауы көршілес қалың орманына қарай құйрығын
түріп
қашып, орнын сипатпай кеткен.
Жыртыс
аңдыған кемпірдей жыртиып, мұның есігін бір сығалап кетпесе,
ішкендері
бойына жұқпайтын басқарма, бөлім бастықтарының барынан
жоғы
. Тақасы қисайған өңшең иісалмас.
Мұндайда
бас бағып, жан шақыратын орны – атақырдай кабинетімен
еншілес
, қалы кілемі көлдей боп төселіп жатқан, мамық креслоға бөккен
демалыс
бөлмесі. Оңашада өзімен-өзі аунап-қунап, кейде қунап-аунап
алады
. Бəрі жүйкеге түскен, жүрекке батқан зіл батпан салмақтан ғой.
Сүрленген
сары ала қазының екі-үш дөңгелегін көмекейлетіп жіберіп,
терлеп
-тепшіп, таңдайда білінген жабысқақ шөлді көк шаймен басып... Есік
баққан
түймедей қызы түскір тамызып берген күрең жорға коньякті, е, онда
да
елу грамм... Осы түймедей қызданақ дүниенің рахатын көрді.
– Түгеншеевич, – дейді бірде алтын тұтқалы емен есікті еппен ашып, көзін
аударып
-төңкеріп. Осы тұқымы көбейгірдің көзінің аласы жоқ шығар, бұған
тек
қарасы мен қарашығын көрсетеді. – Шетелдік фирма сырттағы шуды


ішке
естіртпейтін керемет аспап əкеліпті. Даладағы қаптаған елдің айқайын
ести
-ести қан қысымыңыз көтеріліп, кейде қос құлағыңызды мақтамен
тығындап
алып мəңгіріп, түһ, манаурап отырасыз. Сол азаптан сізді демде
құтқарады
. Өзіңізді өзіңіз аясаңызшы. Керексіз ғой...
И
-и, қарашығым-ай! Үйдегі қатыныңнан бетер мəпелеп, қызылды-жасылды
көбелектей
боп ұшыпқонып жүргені сол.
Далада
бомба гүрс етіп үсті-үстіне жарылса білінер, тфə-тфə, беті аулақ,
одан
басқасы енді жым-жырт. Дауласа ма, жауласа ма – бəрібір. Жан
тыныштығын
білмесе, шет ел бола ма? Жым-жырт!
Дегенмен
ербиген екі құлақ пен бір-бір қызыл тілді бас-басына
жекешелендіріп
алған бұл пəтуасыз қазақ не деп тантымайды? Əріп
танитыны
арызды қардай боратып, піспектеп қоймаған соң бұдан он шақты
ай
бұрын таза костюмін сыпырып шешіп, ат арқасына қонғалы
қылғындырып
келе жатқан галстугін атып ұрып, маңдай сызығын
қалыңдатып
, қабырғасын қайыстырып, бұғана сүйегін майыстырып елімен
жүздесуге
шыққан. Оңашада кəнігі əртістердей айна бетінде əрлім-берлім
дайындық
жасап ойқастаған. Сөзімді «Халқым!» деп бастасам қалай болар
деп
бипаздап көріп еді, екі буыннан тұратын жəдігер мұның аузынан
түскенде
ойнақтап, салмағын жоғалтып алды. «Елім-жұртым!» деген
еміреніп
, ол да қалтасы қағылған, тауы шағылған көпшіліктің көңілін
жібіткендей
ем-дəріге айналмады. Əзірге бойынан киесі қашпаған осы үш
атаудың
бірін айта сала, беторамалмен көзімді жөпелдеме сүртіп, кемсеңдеп
жіберсем
деп ойлауы мұң екен, əйелі ұл тапқаннан бетер қуанды.
Апырым
-ай, ескі аруақтар жар болып, қос қолтықтан демеп, осы жолы
өңшең
қызылкөз пəлелердің уысынан құтылсам, тағысын тағы...
Текшелеген
байлығын қайда өткізерге білмей дал боп жүрген шетелдік
инвестор
қаңғып келіп қалып... Мұнай бағасы аяқ астынан аспандап кетіп...
Тым
құрығанда үлкен аварияға кезігіп...
Жанын
аузына тістеп алып қашар бір айла табылар. Қарақұрым ел зəуде бір
жылт
беретін, көбінесе теледидардың əйнегінен көсілетін өркешсіз нардай
Бастығын
көргенде, Бастығын емес-ау, оның үстіндегі арық сиырдың
əукесіндей
олпы-солпы жұмыс комбинезонын көргенде гу-у етіп бір
басылды
. Сынық жүзін, сырт киімінің сұрқын танып, бұ пақырдың да
өзімізден
айырмасы аз екен-ау дегендей, шатынаған көздер, əлем-тапырық


жүздер
, іркес-тіркес көкпарланып-шоқпарланғандар сəл-пəл жұмсарған.
Айна
алдында жасаған мəнеріне бағып:
– Аяулы халқым, – дей беріп қалтасынан көлдей орамал алып кемсеңдеп,
көзін
уқалаған, кірпігіне шық ілінбепті. Ол үшін де ішкі дүниең езіліп,
көңілің
жасып, жүйке біткенің түгелдей босауы керек шығар. Қап, əттең,
білсеші
! Шырадай жанып, түбінде ұялы сайтан бұғып жатқан жанарын екі-
үш
мəрте сипап өтіп, бұдан да қайран болмаған соң, орамалды қолағаштай
мұрынға
түсірді. Қорқ еткізіп еді, е, табылды, суағардың пайдасын сонда
молынан
бір көрген.
– Бір терінің ішінде бірге толармыз, қоса солармыз, ең бастысы, жеті
мүшеміздің
амандығын тілейік, – деп тап бір жетінші қабаттан құлап, ғайып
ерен
қырық шілтеннің күшімен тірі қалған жандай жөңкіді. – Менің де
күйім
күй емес, ағайын! Өздерің үшін тоқым жастанып, толағай бастанып...
Банкрот
деген жеті басты жалмауызбен жекпе-жек жағаласып...
Бұл
жалғанда ауыздан шыққан ыстық лептің буынбуыныңа түсіп, талма
жерден
ұратын құдіретіне жетер не бар? Аштықтан бұралған бір топ жас
қатын
сықсыңдап көзіне жас шақырды. Кемиек кемпір:
– Қайтсін-ай енді?! – деп уһілеп, бүктетіліп қалған белін су бүріккен
қайыстай
əрең жазды. – Дұрыс айтасың, қарағым, бір жағадан бас, бір
жеңнен
қол...
– Бір балақтан бұт та шығарайық онда, – деп күйектей сақалына түкірген
шал
топ ішінен тұсаулы аттай бұған шапшысын. – Зейнетақымды тап!
Табасың
қазір, зəнталақ!
Алжыған
қақпас-ай! Төсегін қалың салып, пеш түбінде Алладан иман тілеп
көсіліп
жатпай, басын оқжыландай қайқаңдатуын.
Өзіне
туралап атылғалы тұрған мына оқжыланның уын тағы бір жолы
қайтармаққа
ұмсынған бастық қатты қақырынып қалып орамалды оңтайлай
бергенде
, оң қолының ортан терегінде тұрған қорқордың басындай алтын
жүзік
, оның ортасын ойып қонған көгілдір жақұт күнмен шағылысып,
алаөкпе
елдің көзін жалт-жұлт, жалт-жұлт қарықтырсын. Мынау алтынның
буы
, пейіш тасы – жақұттың көгілдір нұры қуқыл тартқан өңдерді суық
сəулесімен
аймалап, əзəзілдей арбады. Абырой да асау ат сынды, туласа –
жығады
. Жыққаны емей немене, өң мен түстің ортасында аңтарылысып


қалғандар
алма-кезек ес жиысып, су иесі Сүлейменнің сиқырлы жүзігінің
бойында
əрбірінің бұйырмысты нəпақасы, бала-шағасының көз жасы
жатқанын
сезіп, ой-хой, дауыл күнгі қарағайдай теңселіп, шайқалыссын.
Иегі
пешке кепкен байпақтың басындай бір антұрған шешеннің ұлттық биін
билегендей
құтырынып...
– Ұлттық валютамыз Баксбайдың тоқалына айналып кетті.
– Абай атам здашқа да жарамай қалды!
– Құнсыз теңгеге көжеден көп əкімнің бірінің басын салмай ма... Ұлыны
қорлатпай
!
– Тексіз жерден би шықты, текті жерден құл шықты!
– Үкімет «Давай, бала тап!» дейді. Қап арқалатқаны аздай...
– Зауыт-фабриктен түтін ұшпайды!
– Жезөкшелік жайлады!
– Аштан өле ме? Қызметке тұрған жалғыз мүшесі сол болса...
Сол
сапар байсыз қатынның өзіне мың қой айдатамын деп жалынып жатып
он
күнге мұрсат сұрап, тұзға сиіп ант беріп, ауыздығымен алысқан елді
əупірімнің
күшімен зорға таратқан.
...Кеңқолтықтау əкенің, кеңбалақтау шешенің мойнына бұршақ сап жүріп
сұрап
алған жалғызы-тын. Бағулы-қағулы, батпандай бауырсақты баудай
түсіретін
құрбыластарымен қосылып ала жаздай жалаң аяғына көктің нəлі
жұғып
, күстеніп, лəңгі теуіп, қозы-лақ қайырып, тай жарыстыратын. Десе
де
, көзіне түсе беретін шөкімдей кекілі бар, жиегі ақжемделген кішкене
тақиясын
төбесінен тастамайтын сары баланың бойына Тəңірім өзгеде жоқ
ерекше
қасиет дарытқан.
Малы
өрістен қайтып, майдақоңыр самалмен əр ошақтың түтіні билеп,
бейжай
жататын ауылдың жүгірмек атаулысы кешқұрым жиналып,
жасырынбақ
ойнар-ды.
Иə
, бір теректің басынан үріккен мың торғай құсап бет-бетімен безіп
жоғалып
, бас сыяр жерін сауғалайтын, соңынан шүрегейдей бір бала
қызылсирақ
боп сабылып іздейтін кəдімгі жасырынбақ. Алдымен аңдамай
қолға
түсіп қалғандары суырдай шақылдап таптырмай жатқан қуларға тілек
қосып
, «көкек» дегенде шық, «бүркіт» десек бұқ десіп, аттанға айқай үстеп,


кешкі
ауылды басына көтеріп, азан-қазан ететін. Өзі соншама сүйіп
ойнайтын
ойын үстінде қазіргі құзырлы Бастық-бала тығылған жерінен
ғұмыры
таптырып көрмеген. Қораның түкпірі, пішеннің қуысы, ескі
сандықтың
іші, төңкерілген қазанның асты, қарлығаштың ұясы, тышқанның
іні
, нақ бір жер жұтып кеткендей табаныңнан таусыл, жата қалып жалын,
əкеле
-көкеле – елесін байқатпас. Мұның қайда барып бас бағарын қорғасын
құйған
сақа беріп сұрағандар да айттыра алмаған.
...Суағарға барып былғанып шыққан орамал кепкелі он күн емес, ой-дөй, он
айға
таяды. Бұл да қарап жатпай, аттай шауып, атандай желіп дүниенің төрт
бұрышын
түгендеп, алақанын кең жайып, бірақ оған тышатын тірі қарға
таппай
тұралап оралған. Ашынған ел аштық жариялап, еңселі орданы
қоршап
, саржамбас боп жатысы анау. Өңшең қырсық шалғандар аузына
тамызған
суды алмай, кері түкіріп тастайды дейді.
Тұзға
емес, шаптырып мұзға сисең де, бұ күнде сөзіңе иланатын жұрт қалды
ма
? Соңғы сенім жоғалған, ақырғы шыдам үзілген сол сəске түсте көзінің
қарашығын
ғана көрсететін түймедей қыз Бастығының кабинетіне өз етегін
өзі
шапалап теуіп, ентігіп кірген.
– Түгеншеевич! Халық ішке лап қойды! – Жымжырт. – Түгеншеевич!
Қолымызға
түскенді түгелдей құртамыз дейді. – Жым-жырт. –
Түгеншеевич
!..
Есі
ауып, алақ-жұлақ қаққан түймедей қыз атақырдай кабинетті, қалы
кілемге
, мамық креслоға көмілген демалыс бөлмесін жанталаса тінткілеген.
Əлгінде
ғана өркешсіз нардай шөгіп, ыңыранып отырған Бастығы зым-зия.
Қызыл
ағаштан қиып жасалған өңшең сүйегі текті жиһаз атаулының астан-
кестенін
шығарып түгел ақтарған. Көкке ұшты десең, терезе анау, атқан оқ
өтпес
. Жерге сіңді десең, емен паркетті еден мынау, сыңар ине шаншуға
саңылау
таптырмас.
Қайда
? Қайда кеткен, Құдайым-ау?! Жапандағы жалғыз құтқарушысы сол
еді
ғой.
Дəліздегі
алқын-жұлқын жүгіріс пен қиқудан шыбын жаны шыжғырылған
қыз
сасып, бұрышта елеусіздеу тұрған бəкене шкафтың есігін ашқан.
Сұмдық
! Сұмдық болғанда да, қазақы ауызға сыяр жай сұмдық емес.
Шкафтың
ішінде... көзіне түсе беретін шөкімдей кекілі, төбесінде жиегі
ақжемделген
кішкене тақиясы бар сары бала бұғып отырды.


– Түгеншеевич!..
– Тс-с! Дура! Айқайлама! Мен жасырынбақ ойнап жүрмін. Жап есікті!
* * *
Осы
жұртта ес бар ма өзі?
КӨРГЕН
-БАҚҚАН
Шөп
буыны қатып, құс балапаны түбітін тараған шақ. Қызыл қанат шегіртке
секірсе
, семіздікті көтере алмай, аттам жерге бір қонып қалыпты. Таздың
тақиясындай
жетім бұлт ертеңгілік қоңыржай самалмен біраз тайраңдап
баққан
. Тырмысып күн төбеге жеткенде ірге бойлап көкжиекке қашты.
Тамыз
түссе де шілдеден қалған аптаптың қоламта табы басылар емес.
Көлік
күтіп ауыл жанындағы айдау жолға шыққан Мыңжылқының көлеңке
басы
кішірейіп, ақыры аяғының астында қалды. Үйінен сəскеде
сылаңқоразданып
-ақ шығып еді, ыстық ұрды ма, шекесі тырысып, аузы
кермек
татыды. Қоңырқай жүзі қабарып, мойнын ырғай созғанымен
шаңымен
жарысып келе қояр көліктің жоқтығы күдер үздірді.
Ерегіскенде
екі сағатта ентелеп жетіп барайын ба деп бəтіңкесіне қараған,
ат
шаптырым жердегі аудан орталығы сағыммен қыдырып көшіп, көрер
көзге
алыстап кеткендей əрі-сəрі күй кешірді. Арбаға торы атын жегіп,
дестелеп
шөп тиеген Зайырлы қарт айдау жолды кесіп өтіп бара жатты. Май
сағынған
дөңгелектің сұрамсақ шиқылы қаперіне кірер емес, қара қалпағы
көзіне
түсіп, шөп үстінде қалғып отыр.
Қыстың
қамы ғой, шау тартса да отырғызбай жүрген деп соңына іздік қана
ұлпа
шаң көтеріп өткен арбаны қозы көш жерге дейін үнсіз ұзатып салды.
Дауыс
көтеріп сəлемдескісі келген, қалғып отырған қаңбақ шал қапелімде
жалп
етіп құлап түсе ме деп бой тартты.
Алаңғасарланып
тұрып аңдамапты, екі жаяу айдау жолмен бір-бірін қуалап
өзіне
тас лақтырым жерге келіп қалыпты. Ентіге басқан екеуге көз тоқтатты
да
, селк ете түсті. Пері көшетін қызыл іңір емес, əлем-жəлем боп айдан


түскендей
мына қатыны кім? Төбесінде шаңырақтай боп шатыр келеді.
Қызылдыжасылды
ұсақ гүлді ұзын көйлектің етегін теуіп екпіндете басады.
Бізөкше
төплиін нық қадағанымен, тобығы түскір сыртқа теуіп, бəйгеге көп
шапқан
аттың артқы аяғындай қоғамдалып тұр.
– Қайным, бармысың? – деді мұның жанына жете бере. Үні сыбызғының
сағадағы
даусындай ашқылтым екен. – Тұрысың қандай жақсы, қазықтай
қадалып
?!
Шаңырақтай
қолшатырын шалқайтқан, көргені – қызылшырайлы, бет терісі
жұқа
, ал құйрығы сандықтай қалың екен. Көзі... шақпақ тастай жылтыл
қағады
. Жаныңды баурап, жанып-өшеді. Қапелімде тілі кəлимаға келмей,
бас
изеп қана мезіреті танытты.
– Əй, шал, – деді сосын сыбызғы дауыс ес жиғызбай. – «Өлмегенге – өлі
балық
» деген. Бас аяғыңды!
Томаршадай
шал ақ бу атып кеп қатар түзеді. Амансаулық қысқа
қайырылды
.
– Жол болсын, балам, – деді екі беті бұлтиып, иегіндегі үркек торғайдай
жабысып
тұрған шоқша сақалы селтеңдеп.
– Қанішкенге шығып ем...
– Жеткізбей қойды. Əдірем қалғыр, – деді келіншек сағыммен қыдырып
көшіп
, көрер көзге алыстап кеткен аудан орталығына қарап. – Төрт
дөңгелегің
төбеңде ойнағыр, машинаға да тыйым болды.
– Иə, Алла, соны білгеніңе де шүкір! – деді шал меңірейіп.
– Сыбырласаң ғана естиді бұл, – деді келіншек шатырды əуелете түсіп.
– Қатты айтса жаңғырып кетеді, – деп шал жөндемге енді келді. – Үзеңгі
жолдас
боламыз ба, балам?
Таяғын
жерге тық-тық қадайды.
Шеткі
үйден Нағима қолына құман ұстап шығып, көйлегінің етегін көпсітіп
түзге
отыра кетті. Отырып жатып сараң гүлдеген ақтікеннің ар жағынан
бұларды
сығалайды кеп. Таң намазына жығылып жатқан көрші шалды ту
сыртынан
«Қайнаға, сəлем бердік!» деп айғайлап қап етпетінен түсірген
алаңғасарлау
неме ақтікеннің ар жағынан да қарап жатпады:


– Сыған қаптап кеткен бе? Қаңғымаса басы ауырады-ау бұлардың!
Апыл
-ғұпыл тұрып, құманы мен дамбал бауын қолына бүріп ұстап, тездетіп
қора
айналып кетті.
Нəті
бөлек екеудің сырт болмысын қызықтап тұрған Мыңжылқының өкшесі
көтеріле
берді:
– Жүрдік, ақсақал!
Шаңырақтай
шатыр сытылып алға түсті.
– «Əңгіме жол қысқартады» деген...
– Ə, оның дұрыс, балам, – деп шал басындағы жиегі ақжемделген зерлі
тақиясын
бір қозғап қойды. – Əңгіме көп. Тек қай тұстан бастасам екен?
– Еркіңіз білсін.
– Ендеше жақыннан көрейін, – деді даусын көтеріп. – Кемпір ала қоятын
ойым
жоқ еді...
Шатыр
бір аунап түсті.
– Кеміріліп қалғыр... Келіншек де. Жұрттың мендей қызы əлі күнге оң
босағада
ойқастап отыр.
– Жалғыз ұлым бар. Жас кезінде екі беті бұлтиып тұратын. Жігіттің сұлтаны
еді
. Қайтейін?! Келінді қаладан түсіріп, сол ауыздық бермей алып кетті.
Хабар
-ошарсыз. – Таяғына күш түсіріп емпеңдей басады. – Шешесі өлген
соң
қызым да көп отырып жарымады. Қиякелді біреудің етегінен ұстаған.
Түске
дейін есі бар, түстен кейін есі жоқ ішкіш екен. Ащы суды ұрттаса
бітті
, айналасын бездіріп тынады. «Қолыма алам. Əкемдей көрем. Давай,
үйіңді
бер» деп тобадан тоба қоймаған. Құлқыны мəлім. Шалқақтап көнбей
қойдым
. Балағынан бала төгіліп жүріп қызым шығандап қайда барсын?
Отыр
. Сөйтіп сегіз бөлмелі үйде қуарып жалғыз қалдым... Қапелімде кемпір
ала
қоятын ойым жоқ еді, – деді боз бешпентінің өңіріндегі жалғыз медалі
қалтылдап
. – Көктем жылт етіп құс келген əзірде Бозан бетке құда
шақырысқа
барғам. Дəм айдаған шығар, дастарқан басында табыстық.
Жалғызілікті
екен...
– Қалыңдық ойнап олжалы келе жатқан бетім десеңізші.
Шалдың
иегіндегі үркек торғай ұшып-қонып əрең байыздады.


– Өйдөйт де. Төрінде жаттым. Бір шүмектен су, бір шүмектен от ағып тұр.
Жанның
рахаты.
– Қақсамай жүр енді... Бəрі сенің арқаң.
Сыбызғының
сағасындағы ашқылтым үн баяулап барып бітті.
– Иə, Алла, соны білгеніңе де шүкір!
Алла
мен келіншектің арасында қандай байланыс барын біле алмаған
Мыңжылқы
есесіне мына құбылып қалған дауыстың сырын түсінгендей еді.
Қызақай
сауысқан қанатын төсеп айдау жолды əрібері кесіп өтіп
шықылықтағанымен
, сыңар табылмай діңкелеп кетті.
Жолдың
жартысын жеп, өрмек жүзі ауғанда барып келіншек кейінге мойын
бұрды
:
– Кел, қайным, қолшатырдың көлеңкесін бөліс! Шалға жалтақтаған. Беті
бұрынғысындай
бұлтиғанымен, аяғы шатыса бастапты. Келіншектің сылт
желісі
шыдата ма, иненің жасуындай танауы шуылдап болдырған сыңайлы.
– Бар, бар! Шаштарың жалбырағанмен, сендерде қайбір төбе бар? И-и, осы
күнгі
жастар...
Шаңырақтай
шатырдан пана тапқасын аңдады. Жасы мүлдем айырғысыз
екен
. Бет терісі ғана жұқа, ал қалың құйрық бізөкше төплиді қадап басқан
сайын
секемшіл аттың сауырындай дір-дір етеді.
– Қанішкенде үй қымбат па?
Келіншектің
көзі шақпақ тастай жылтыл қағады.
Жаныңды
баурап, жанып-өшеді.
– Солай шығар...
– Е, əншейін көп бозымның бірі екенсің, қайным.
– Солай шығар...
– Қатарыма келмей, ана сасай бұқамен сырласа кеткеніңнен байқағам.
– Иə, Алла, соны білгеніңе де шүкір!
– Мына шал көк шатырлы үйім бар дейді. Пұлдап сатсақ... Қайтамыз.
– Отағасы ойда жоқта жас иісті болдым деп масаттанып келеді.


– Басыңдағы көлеңкені көпсініп келесің бе? Бай таба алмай соқаға отырып
жүргенім
шамалы.
Секемшіл
аттың сауыры тағы да дір-дір етті.
– Есте қалған бір жайтты айтыңызшы... Ұмытылмастай боп... – деді
Мыңжылқы
өзінің əбестеу қылығына ұялыс танытып. – Жадымда жүрсін,
жеңеше
.
– Есімде не қалып жарытты дейсің? Таң алды көрген түстей қызығы тарап
кетті
. Күмірə боп күлдік... Күрсініс аттық... Бақсам, өмір дегенің, міне,
мынау
екен. Көрдің бе?.. – Сол қолдың балаң үйрегі мен ортан терегінің
арасынан
қызыл тырнақ қылтиды. – Бақ деп, сор деп ат тағып əшекейлеп
жүргендерің
...
– По-оф! Пу-ух!
Жігіт
ұртын осыртты ма əлде шытыр жеген түйедей көптен ішін кернеген
бір
жел жол тауып шығып кетті ме – елемей қалды.
– Жарайды. Жүрегім езіліп жылағаным бар. Бірақ рет. Соны тыңда, қайным,
– деді келіншек екпінін сəл-пəл баяулатып.
– Бердім құлақты.
– Жол бойына өскен көк шөп құсап қылтиып бойжеткен шағым. Базар
шығып
кеткен əкем жарықтық Астраханнан көйлектік көк жолақ мата əкеп
берді
. Қасқалдақтың қанындай зəру еді. Өйткені ондай матадан көйлек кию
мода
болатын...
– Сосын?..
– Оңды пішетін шебер таптырмай... Əлгі матаның шетіне қызыл жіппен
əдемілеп
«Əлиман» деп атымды жазып қойдым.
– Сосын?..
– Сосының бар болсын! Қыдырып құдағиымыз келіп, шешем əлгі əспеттеп
отырған
матамды кигізді де жіберді.
– Сонда жыладыңыз ба?
– Жоқ. Араға кө-өп жыл салып сол мата өзіме қайта оралғанда...
– Апыр-ай, ə?


– Иə. Сонау оңтүстік өңірге зəуімен бара қалғам. Бір жегжат көйлек тіктіріп
киерсіз
деп көк жолақ матаны қолыма ұстата салды. Əлдене есіме түсіп, екі
шетінен
ұстап, ортасынан тістеп бүктеуін жазып кеп жібердім. Шетінде түсі
өңіп
кеткен «Əлиман» деген əдіптелген жазу тұрды. Құса боп қоймай
жыладым
... Қолданқолға өткен ол мата да модадан əлдеқашан қалған...
Мына
мен де...
Қашса
да құтылмасын білді-ау деймін, сағыммен қыдырып көшіп тұрған
Қанішкеннің
үйлері табанымен жер басып қалыпты. Жасыл теректер санап
алардай
боп самсап тұр.
Сыптығыр
қара қаншық бұлардың алдын орап, сумаң етіп айдау жолға шыға
келді
. Артынан ерген жетісегіз төбет өзара алқымдасып, əлгі ұрғашысы
түскірді
бөлісе алмай жатты.
– Өй, көргенсіз... Бұларда кезек деген жоқ-ау. Келіншектің көзі шақпақ
тастай
жылтыл қағады.
Жаныңды
баурап, жанып-өшеді.
Соңдарынан
ентіккен дауыс үзік-созық боп қуалайды.
– Иə, Алла, соны білгеніңе де шүкір!
Шөп
буыны қатып, құс балапаны түбітін тараған шақ-ты. Десе де, салқар
далада
көшкен сағымның сиқыры əлі бір басылар емес.


ТОҚТЫШАҚ
Мұса
мен Қалданның рухына
Наурыздың
шағырмақ күні мен өкпек желі сіре қардың көбесін екеулеп
сөгіп
жатты. Тоңнан босаған жердің ажары анық кірмегенімен
алакөбеңденіп
қалған. Теңіздің қуысында қамалған төрт-бес үйді қоршап
алғысы
келгендей жағалауды көмкере біткен нар қамыстар үкілі басын
тербеп
, баяу сыбдырайды. Қалың арасынан жылт етіп көрінген ашөзек түлкі
ауыл
жаққа тұмсығын төсеп иіс аулағанымен, көңілін жұбата алмай, қозы-
лақ
ойнаған қораны төңіректейді. Тоқтышақ қарға аунай-аунай жоны өрттей
боп
жанып бара жатқан түлкіні бұ жолы да аңдап қалды.
– Əжем қорада жүр. Өскен соң қақпан құрып ұстап аласың деді. Əзірге жүре
тұр
, – деді бүлкіл қағып бара жатқан түлкіге торша бала тіл қатып. –
«Қаладағы бай шыдатпай жүрген шешеңе жібер. Төбесі жұқарып, миы
сұйылған
. Малақай істеп кисін» деді əжем.
Омыраудан
шығысымен əжесінің əлдиімен өскен Тоқтышақ өз əкесін түстеп
танымайды
. Шешесі бірде:
«Байқамаппын, мінезсіз ит екен. Қызғаншақ, іші тар боп шықты», – деп
отырған
. Келесі жаз жанына жылмаң қаққан көсені ертіп келді. Тағы бір
көктемде
мұртын сылаған сырбазбен, қысқа салым, соғым соярда, қаба
сақал
қарамен оралды. Кейін əжесіне сəлем айтыпты: «Қазаққа күйеуге тиіп
болдым
. Енді саудаға басы бүтін кірістім», – деп. Дүкен ұстайтын шығар...
Сəске
кезінде қорадан оң аяғын билете басып ақсақ кемпір шықты.
Жаулығы
ағараңдап теңіз қуысында түтін басы бірікпей, бір-бірінен үркіп
ұшқан
төрт-бес үйге қарап əдетінше аңырап қоя берді:
– Қыз баққаннан қарға жиып бақсамшы... Бірінен тірілей, бірінен өлілей ай-
ры
-леп!..
Кемпірдің
ащы зары бұйығы жатқан төрт-бес үйдің тəтті ұйқысын
шошытып
жібергендей. Алдымен ақ шатырлы көрші үйден шаң-шұң ұрыс
шықты
. Монтер ағасы мен қайыстай қара қатыны-дағы тағы қаймалдасып
жатқан
. Əдеттегідей, соңы қашты-қудыға ұласпай, өрт тез сөнді. Қоламтасы
қоздап
, кешқұрым да жалғасар. Əжесі ұрысқақ қатынды жаратпай: «Тілі


көсеудей
, көсей-көсей есіл азаматты қор етті ғой», – деп тыжырынып
қалатын
.
Оң
жақтағы тоқал тамның есігі шалқасынан түсіп, іштен екі беті нарттай
боп
Пішенбай шықты. Көзі майланып жайнаң қағады.
– Тез жиналыңдар! Бураны пішеміз. Нəлеті!
Соңынан
бұрынғы «пермі бастықтың» шалғайына оратылып Науқанбай
шабарманның
қолтоқпақтай басы қылтиды. Қоян бөркі ұйпа-тұйпа боп
теріс
айналып кетіпті.
– Обалы жоқ! – деп екіленді аузы жаялықтай боп. – Қайрақ қайда?!
Тоқтышақ
ернін тістей алды.
Тоқал
тамның иесі жадау шал-тын. Қақ-соққа қатысы жоқ, бар өмірі мал
соңында
өткен. Жекешелендіру келіп тиіскенде үлес бұйырмай, ысқырып
қана
қайыратын уақ жандығы қалған. Есесіне Пішенбайдың көзі сол кезден
бастап
майланды десетін жұрт.
Аңқау
еді жарықтық.
Төлді
көп алған жылы ауданға əспеттеп шақырыпты. Алқалы жиын боп,
ойдан
-қырдан тəжірибе алмасамыз деп келгендер ығы-жығы дейді. Бір
домаланған
бастық бала жадау шалды жетектеп апарып, «ардагеріміз»,
«еңбек озатымыз» деп қолпаштап төрге оздырған. «Алдымен малды қалай
жаясыз
, өрісті қайтып жаңартасыз, соның сырын айтыңызшы», – деп тап бір
қымбат
құпияны біліп алғылары келгендей барлығы мұның аузын тосыпты.
Ғұмыры
шаршы топқа түсіп мінбер мінбеген, балашағадан басқаға билік
айтып
көрмеген жадау шал не десін?..
– Осы отырғандарды бір отар қой дейтін болсақ, – деп залды оң қолымен
орап
өтіпті. – Түске дейін былай жаямын, – деп күншығысты меңзейді. –
Көлеңке
басы қысқарған кезде көлден суарамын. Өзім де кемпірімнің
қаймақ
қатқан қою шайын терлептепшіп ішіп аламын. Көз шырымын алып
мызғимын
. Сосын кешкі салқын түсе былай қарай өрістетемін, – деп
күнбатысты
көрсетеді.
Осы
тұста мұны əспеттеп алға шығарған домаланған бастық бала даусы
əлем
-тапырық боп бажылдап жіберіпті:
– Жетті, ойбай! Енді қозыны қайтіп көп алып жүрсіз? Соны айтыңыз да,


сөзді
доғарыңыз!
– Е, қошқарларға кəтта обал болды, – дейді бұл қабағын шытып. – Күйегі
алынып
, күйлеген қойдың құйрығына бұрынғыдай жабысып жатпайды.
Саулықтарым
қазір де ғылыммен шағылысып жүр. Мауқы қанбайды.
Көздері
мөлиіп тұрады. Қайтсін енді?.. Сосын...
Əлгі
домаланған бастық бала шиедей боп шыжбаңдап, қыран-топан
күлкінің
ортасынан мұны суырып алып, қойторысына əрең деп отырғызып
жіберіпті
.
Сөйткен
жадау шалды бұрынғы «пермі бастық» қыстақ ауыстырамын деп
көмекке
шақырады. Жем мен сұлыға бөгіп, құйрығын теуіп тұрған мініс
атын
қимайды. Астына екі өркеші баладай бураны беріп, бір қора сиыр
айдатады
. Қаңтарда жарап, ақ жынын аспанға атып тұрған бура өркешінен
мойны
аспай қылқиып отырған дəрменсіз жанды менсіне ме? Қамшысын
сауырлата
берген шалдың қылығына алдымен шамданыпты. Бара-бара шын
қайратына
мініпті. Бейқамдығын бағып, иір-иір мойынын қайырып əкеліп
қара
саннан азуын салған. Тулақтай етін жұлып алып, сонадай жерге
лақтырған
. Оған да құшыры қанбай, шөге қап төс табанымен езген.
Ішекқарнын
шұбатып ақ қардың үстінде жантəсілім еткен əкесін көрген
жалғыз
ұлды содан бері желік кеуледі... Шаңқ етіп ит үрді. Қара қанден екен.
Бəкене
тамның есігінен шапшып шығып, көрші ауылға қарай көсілте салды.
Күндегісі
осы. Жамиғаның
иті
. Жеңгесінің етегі қанамай, күйеуімен ажырасып тынған. Əскербек болса
көрші
ауылдың кəрі қызына үйленіп сəби сүйіпті. Оны біліп жатқан бұл
жоқ
. Қолын жалатып өсірген ерлі-зайыптының неге енді екі жақта
тұратынын
түсінбей дал. Алғашқыда ізім-ғайым болған Əскербекті жоқтап
əркімге
бір жалтақтап бітті. Кейін ел ақтап жүріп иесін тапқан. Содан бері
қара
қанденнің тірлігі кілт өзгерді. Жамиға жеңгесінің үйіне бір түнеп,
көрші
ауылға қарай сынық сүйемдей аяқтарын бауырына алып құйындатып
бара
жатқаны...
– Ақ торғындай еді-ау, қай-те-йін?! – деген əже даусы естілді. Күйікқақты
кейуана
əлсін-əлсін ішкі запыранын құспаса шері тарқамайды.
Тоқтышақтың
сол ақ торғындай апасы былтыр көктемге салым тұрмысқа
шыққан
. Жездесі өткір көзді, қыр мұрынды, əдемі жігіт екен. Теңіз
қуысындағы
төрт-бес үй өз етектеріне өздері сүрініп жүріп, əйтеуір, той ма,


томалақ
па – жасап ұзатқан. Қуаныштары ұзаққа созылмады. Араға апта
салып
мұның ақ торғындай апасы пойызға өзін-өзі тастап өлді деген суық
хабар
жеткен. Жаласы күйеуінен деп ел шуласқан...
Жадау
шалдың жалғыз ұлын тағы да есірік меңдеген екен. Үйінен
жұлқынып
шықты. Қарашығы ауып кеткен. Қолында селебе пышақ.
– Əкемнің қарасына соям деп алдап... Енді атан етем дейд! Əкемді өлтірген
бура
емес, Пішенбай! Қазір өзін пішіп тастаймын! Жібер де жібер!
Бажылдап
шалғайына жармасқан шешесін түйіп тастап қораға ұмтылған...
Əжесінің
созып салған зары да жағаласа шықты.
– Қайсыбірін ай-та-ен?!
Бұл
күнде жұрт аузына қақпақ бар ма?
– Есіттің бе, əлгі жығылып жүріп той берген қызымыз неке түні қыңқ дей
алмапты
. Бетінің ажары жоқ екен. Шыдасын ба, өткір көзді, қыр мұрын,
əдемі
жігіт ашуға тізгін беріпті. Ендеше деп... Жақтан олай бір тартып,
былай
бір тартып... Пұшайман болған қыз өз ұятына өзі пісіп, құтпан
айғырдай
азынап бара жатқан пойызға жүгіріпті. Күйеу бала сотта міз
бақпапты
дейді. Айтқаны «Мен өзіме тиесіліні сұрадым» депті. Ер екен...
– Араша, халқым!
Бес
-алты еркектің ортасынан суырыла қашқан Пішенбай жанын аузына
тістеп
, құйын-перен қора айналып бара жатты.
Желігіп
алған жалғыз ұл селебе пышағын сілтеп өкшелей түсті. Бура мең-
зең
қалпы, омырауы ақкөбік боп күйіс қайырып тұр...
Өкпек
жел тынып, аспанды қазбауыр бұлттар басынып алған. Шытыр жеген
түйедей
ыңыранып, бүйір тақастырып, жерге жақындай түсті. Сұрғылт ауа
сыз
бүркеді. Теңіздің қуысында қамалған төрт-бес үйді қоршап алғысы
келгендей
жағалауды көмкере біткен нар қамыстар үкілі басын тербеп баяу
сыбдырайды
. Қалың арасынан жылт етіп көрінген ашөзек түлкі ауыл жаққа
тұмсығын
төсеп иіс аулайды.
– Жон терің өрттей боп жанып ортамызда жүре бер, – деді торша бала өз-
өзінен
қамығып. – Сені ұстап алғанда қай мұратымызға жетерміз дейсің?
Малақай
кигенмен саудаға түскен шешемнің төбесі бүтінделмес.


Көптен
бой үйретіп алған түлкі Тоқтышаққа қарай абайлап бір басып, екі
басып
қояды.
– Саған қандай жақсы?! – деді торша бала түлкіге. – Жат боп кеткен əкең,
жағаласып
жатқан көршің жоқ. Атасынан қалған жаман тонды мектепке
киіп
барса мазақтап жүргізбейтін достарың жоқ. Тіпті өз ұятына өзі пісіп
өлді
дейтін ақ торғындай апаң да жоқ. Мұны бауырына қысып еркелететін
жалғанда
жалғыз адам сол еді ғой...
Айтары
көп еді. Өксік кептеп, көз жасына тұншығып қалды. Жапалақтап
қар
түсе бастады. Күн көкжиектен құлап барады екен. Қараңғылық еркінси
бастапты
. Əлгінде өзі көрместей боп қашып шыққан ауылға сараң басып
келе
жатты.
– Құлыным, үйге кір! Наурыздың ақша қары ғой бұл. Жауа түс! Жаусыншы,
– деп қояды əжесі оң аяғын билете басып. Арқасындағы бір қап тезекті
көтеріп
еңістегі үйге еніп кетті...
Монтер
ағасы бүгін тағы ішіпті. Қайыстай қара қатынымен кəнігі
қаймалдасуы
басталып кеткен екен:
– Жеті қыз таптың. Арасында бақа басты болса да бала жоқ, – дейді
алдындағысын
жайпап. Кесектеп атқан соң ыдыс-аяқ қирайды.
– Жапырағың жайылсын деп жаттым... Жазығым сол ма? Бала таптырсаң
қой
деппін бе?.. Төркінімнен қызды қоралап айдап келіппін бе?.. – Тілі
көсеудей
қатын мына өшкен қоламтаны үрлеп, тұтатып жатты. –
Томаршадай
боп... Тобығың қисайып жүріп... Толағайдай ұл дəметіп...
Басыңа
көктас қойса көрермін. Мықтаса бураға мініп Пішенбайды қуып
кеткен
əлгі жындысүрейдей-ақ болар... Əскербектен ақыл сұра, кəрі қыздың
есебін
сол біледі...
– Жұрттың байында шаруаң не? Түбі айналып қазығын табар, – деп,
Жамиға
үні тозып, тездетіп есігін кілттеп алды.
– Сені мұқатайын деп емес. Мисал үшін айтып жатырмын. Мисал...
Наурыздың
ақша қары төпелей түсті. Баданадайбаданадай жабысқақ,
бауырмал
қар екен. Тоқтышақ аққала соғамын деп домалата бастады.
Томаршадай
монтер ағасы аяғына тағы да тісті темірін киіп алыпты.
– Кеттім! – деді ақырып. Бірақ кəрі қызы көп көрші ауылға беттемейді. Үй


жанында
тұрған биік бағана басына өрмелей жөнелді. Қатынына сөз шақ
келтіре
алмағандағы дағдысы осы. Ілініп алса бітті, бағанаға біткен
жұдырықтай
боп аспанға сес көрсетіп таңға дейін түспейді...
Ойынның
қызығына кірген Тоқтышақтың бойы жылынды. Қырдан еңіске
домалай
-домалай əп-сəтте бес-алты аққала қатар тізді. Домаланып тұрған
бастың
əрқайсысына сиырдың тезегінен көз, мұрын, ауыз ойып жапсырды.
Найзаның
орнына үкілі басын тербетіп тұрған бір-бір нарқамыс ұстатты.
Айқайлатып
ат тақты. «Қобыланды», «Алпамыс», «Чапай», «Бауыржан
Момышұлы
», «Қасым Қайсенов» деп.
– Ертең жорыққа бірге шығамыз. Мені мұнда тастамай, а-лыс-қа алып
кетіңдерші
, – деді Тоқтышақ ынта-шынтымен сеніп. – Ешкімді де көргім
келмейді
...
Түсінде
батырларын ертіп түнімен сойқан соғыс салған Тоқтышақ сəскеде
бір
-ақ оянған. Кешегі қазбауыр бұлттар ауа көшіпті. Айналада жылы леп
есіп
, кемпіршуақ ойнайды. Көрші ауылдан бері қарай көсіле шауып келе
жатқан
қара қанденге көзі түсті. Көз ашқаннан қолын жалатып өсірген ерлі-
зайыптының
неге ажырасып кеткеніне əлі түсінбей дал. Екі жылдан бері екі
ортаны
жол ғып бітті. Қыстың ақшұнақ аязы, шіліңгір шілденің ми
қайнатқан
ыстығы қаперіне кірмес. Жамиға жеңгесінің итаяғын бір жалап,
Əскербектің
жаңа отауына асығыс аттанады. Барып жас тоқалдың
сұйқылтым
жуындысын ішеді. Иесінің аяғына оратылып жүріп бір қонады
да
, кері құйындай ұшады. Сөйтіп жүріп Жамиға жеңгесінен «Иə, тоқал
тамағыңды
тойдырды ма? Сен де қолына кіріп алмадың ба?» деген сөз естіп
жатады
. Əйтеуір қызметі қауырт. Бауырын төсеп шапқанда сынық сүйемдей
аяғы
жазылып, алқынады. Көзіндегі мұң төгіліп-төгіліп кете жаздайды.
– Осы ит түбі сағыныштан өлетін шығар, – деді Тоқтышақ əжесінің сөзін
қайталап
. – Кел, келе ғой. Сүт құйып берейін. Аңқаң кепті ғой, жазған!
Төбеден
қанатын сусылдатып бір топ торы ала қаз ұшып өтті.
– Жорыққа аттанамын, қара қанден, – деді бала сүтті қауып ішіп жатқан
итке
қарап. – Менімен бірге жүр. Алдымен кəрі қызы көп ауылды шабамын.
Сенің
өшіңді əперемін. Сосын шешеме сауда жасатып жіберген жылмаңтөс
көселерді
, мұртын сылаған сырбаздарды, қаба сақал қараларды...
Аулақта
бура күркіл қағып шабынып, тісін сақ-сақ қайрайды.


– Жүр, батырларға барайық!
Бала
мен қара қанден жетектесіп үй сыртына беттеді. Бұл кезде
«Қобыланды» да, «Алпамыс» та, «Чапай» мен «Бауыржан Момышұлы» да,
тіпті
«Қасым Қайсенов» те жартылай еріп, жантая құлаған. «Ер Чапай» ғана
аузындағы
сиырдың тезегімен тістесіп жатыр. Қамыс найзалар шашылып
түскен
.
– Мен сендерге сеніп едім ғой!.. – деп Тоқтышақ бақырып жылап жіберді. –
Батыр
емес пе едіңдер?.. Барар жерім жоқ. Панам қалмады. Көңілім тозды...
Қалың
қамыстан шығып, жон терісі өрттей боп жанған түлкі торша баланы
өзіне
қайта-қайта шақырып тұрды.
ТОРШАҚЫЗ
БЕН ТОТЫҚҰС
Алматының
кержалқау торғайлары шырылдағалы не заман?! Таңның қызыл
арайы
еркін тарап, күн Көктөбеге тырмысып қалса да, Торшақыздың
төсектен
тұрғысы жоқ. Қаланың тау беткейінде орналасқан екі бөлмелі
жиһазды
пəтерде қартайып қалған мылжың тотықұстан өзге басыңды сүйер,
сеніп
сыр айтар тірі пенде болса ше?.. Титтей ғұмырында көрінгенге
көзтүрткі
боп жүрсе де, қам көңіліне медеу тұтары – жалғыз қарашығы.
Оның
өзі де осындай алмағайып сəтте ит аяғы қиян алыста. Əкесіне тартқан
оқымысты
неме «кіші мистер Айсарин» атанамын деп Чикаго
университетінің
табалдырығын аттағанына екі жыл толған. Жазғы
демалысында
жылт етіп бір көрінеді де жоғалады. Əкесі академик
Айсаринге
түгестірмей діңкелетіп кеткен телепатия ғылымы сары ауыз
балапанға
оңайлықпен бел бере қойса жақсы.
Қой
, бұл не жатыс, тездетіп зират басына жетейін деп ойы асыққанымен,
тұла
бойы езіліп ұйып, орнынан қозғала қоймады. Бір əумесер ақын мінбеге
жармасып
тұрып: «Жер тартатын секілді...» – деп күңіреніп өлең оқитын.
Тап
сол! Сол тозақ өзекті пендесінің шыбын жанын шырқырата бермей,
қара
жер қойнына тартса тартып кетпей ме? Өзім өле кетсем айдалада
көмусіз
қалармын деп қорықпайды, тек бота тірсек жалғызын мына
жүгенсіз
кеткен ел-жұрт ашулы арадай талап тастай ма деп қаймығады.


Əсіресе
, қанағатшыл көңілінің астан-кестенін шығарған сот шешімін,
бəйбішенің
сойқаны мен шынжыр табанды трактордың гүрілін айтсайшы!
Ғұмыры
мұндай азап пен мазаққа душар боларын білсе, бұл фəниден
байсыз
өтер, баласыз кетер.
Тəубе
, тəубе, не деп кетті? Осы бергеніңе де шүкір, Алла! Қария басыңмен
өзің
айттың деген бір тəмсіл бар ғой... «Мен адамдарға басы артық ештеңе
бергенім
жоқ. Тек бірінікін алып, екіншісіне ауыстырып отырамын» деп.
Рас
-дағы. Байлығың мен бақытыңды басқалар өзара қақпақыл ғып жүрген
шығар
. Ал екі қатынға қиғаның бір академик еді, оның өзінің басы тіріде
даудан
, өлген соң моласы соттан кетпеді.
Көкірегі
толы шер мен запыранды жеңілдеткісі келіп «Уһ!» деп үрлесе,
баланың
ойын шарын толтыратын дем шығарған. Торшақыздың оқыс
шыққан
даусынан шошынған күміс тордағы тотықұс қапелімде саңғып
салды
.
«Дудаевты атып өлтірді!»
«Шешендер əлі соғысып жатыр!»
«Коммунистер оңбай омақасты!»
Бойы
жеңілдеп қалған тотықұс жаттап алған тіркесін бірер мəрте қайталады
да
тыншыды.
Алла
, байғұсым-ай, саясат сенің не теңің?
Осының
өзінің жасы нешеге келді? Баяғы қыз дəуренінде, аспирант боп
бойы
бұлғақтап жүрген шақта ғылыми жетекшісі Айсарин екі бірдей
тотықұсты
сыйға тартқан.
Туған
күніне жиналған қонақтардың əкелген тарту-таралғысының ішінде
осы
екеуінен өткені жоқ еді.
– Жаңадан үйленген жас жұбайлар. Бір-біріне кереметтей ғашық, – деп, сол
кездің
өзінде атағы аспанды жарып тұрған жас академик дастарқан
басындағыларды
қыран-топан күлкіге батырған. Тордың ішіндегі екі
мұңлық
Айсариннің əлгі əзілін шындыққа жанастырғысы кеп, добалдау
келген
тұмсықтарымен тістесіп сүйісе ме, қанаттарымен сипаса ма, иіскесе
ме
– өз қызықтары өздерінде болып жатты. Кейін жападан-жалғыз өзі
шошайып
қалған сəттерінде ойдан ой қуып отырса, сол кеште-ақ ұстазы
бұған
көңілі барын емеурінімен білдіріп баққан екен...


Ой
шіркінде тиянақ бар ма, құбыладан ескен желдей жөңки береді-ау... Өзі
онжылдықты
аяқтасымен көк шамаданына арзанқол екі көйлегін, бір құшақ
кітап
-дəптерін басып осы Алматыға жеткен. Жаратқан иемнің жетім көңілге
иігені
шығар, жоғары оқу орнына қаптап жүрген бармақ басты, көз
қыстының
арасынан сыналап өтіп кетті. Күн сіңген қос өрім бұрымы
құйрығын
қаққан, қасы-көзі қиылып, бетінің сүт шұңқыры ойылған
ауылдың
əдемі қараторы қызы оқуға келгенде де артық қамшы салдырмады.
Асфальтта
ойнап өскен қаланың небір жігіт-желеңінің аузының суын
ағызып
, ындынын құртқан. Еркек атаулының мұны көрсе қапияда жаңа
туған
айға көздері түскендей жəудіреп, аңтарылып қалатынын байқаған
сайын
Торшақыздың көңіліне тоқтық па, паңдық па, əйтеуір бір астамдық
біткен
. Бұл аспирантураға өткенде соңынан үйір-үйірімен еріп, сүмеңдеп
жүретін
көп жігіттің қарасы азайып,
«тең – теңімен, тезек – қабымен» үйлесім тауып жатты. Сонда да болса
«...бүйтіп кекірейе берсем, түбі ақ жайманың үстінде ақ тамақтан еркелете
иіскейтін
қауқары үстем азаматқа зар болып жалғыз қаламау...» деген
кісəпір
ой басына кіріп-шықса ше?.. Түгесіліп болмастай көрінетін өмірдің
бар
қызығы ғылым мен көкжиектің ар жағында жатқан болашақ күндерде
тұрғандай
алды-артына бағамдап бір қарады ма?
«Мистер академик Айсарин!»
«Солженицын сандырақтай береді!»
«Жириновский жынды!»
Жап
аузыңды, алжасқан неме! Аяқ астынан бажылдап, енді мұның өзін
шошытқанын
көрдің бе? Мəскеудің ортекедей орғып, таудан тасқа секірген
көкезу
саясатшыларын жергілікті баспасөз бетінде сыбап жататын біздің
можантопай
зиялыларымыз сынды қақсамай. Шүңкиіп отырған жерінде
бізөкше
төплиді жіберіп ұрар ма еді?! Жемсауы жайрасын да қалсын...
Иə
, иə, Торшақыз адамдардың, қаласа, жер шарының екі түкпірінде тұрып-
ақ
өзара ойша əсер ету, тілдесу құпиясы барлығын зерттеген, телепат ғалым
Айсаринге
аспирант боп қалған. Ұзын бойлы, əжімі терең батқан кере қарыс
маңдайы
, ашаң жүзі, мысқыл мен мейірімділіктің қоспасынан жаратылған
баяу
күлкісі бетінің сүт шұңқыры ойылып тұрған аспирантын сиқырлап,
қол
-аяғын көзге көрінбес, қолға ұстатпас жібек жіптермен байлап-матап
тастаған
. Бұйдасы мығым қолға тиген сүт өркеш тайлақтай ұзап кетпей,


айналсоқтай
берген. Келе-келе шəкіртінің бойында ғылымға, ұстазының
ойында
махаббатқа деген құштарлық күн өткен сайын өршіп бара жатты.
Қыздай
қосылған бəйбішесі мен жалғыз қызы бар академик ең талантты
шəкіртім
деп мұны отбасына алып барып та таныстырған. Үлде мен бүлдеге
оранып
отырған қаракер бəйбіше салқын сыпайылықтан аспай, бір шайын
құйып
берді. Обалы қанша, қызы əкесіне тартқан ақкөңіл, ашық көрінген.
Аққудың
көгілдіріндей қалқып жүріп қасынан шықпай қойды. Е, нені
көрмеген
бұл ғазиз бастан қызықты да, шыжықты да дəурен өткен жоқ
дейсің
.
Шет
елдерде өткен мəртебелі ғылыми жиындарда, алқалы топта, айқасы
мен
шайқасы мол даулы айтыстарда ұстазынан ірге ажыратпай қатар
жүрген
. Соның арқасында кандидаттығын да, бұ қалай дегізбей, бір
дауыстан
жақтады. Алладан жасырғанмен бұ күнде адамнан сыр бүге
аласың
ба?
Сөйтіп
жүріп...
Академик
пен аспирантының ортасындағы ыстық шарпысу ауыздан-ауызға,
құлақтан
-құлаққа өтіп, қала аралап, дала кезіп, түгесілмес «Мың бір
түннің
» хикаясындай тараған. Атақты Айсарин мен толықсыған
Торшақыздың
қылығын қылмысқа балап, онсыз да сүріндіруге сеп таба
алмай
жүрген небір сығыр, ай, несін айтасың, құшырын қандырған.
– Қай бетімді шымшиын, екеуі үйленіп алыпты, – дескен.
– Ұстазымыз телепатияны ғылымнан гөрі махаббатта дəлелдеді, – дескен.
– Жеңгеміз ұл таппаған соң қайтсін? – дескен.
Дескен
жұрттың тілегіне періште əумин деп, араға жыл салмай жатып
Торшақыз
екі шекесі торсықтай ұл тапқан. Айсарин байғұс қуанғаннан
абдырап
, екі аяғын баса алмай қалған.
– Бəрі осы жалғыздың жолында садақа, – деген. Көз шарасына сыймай
мөлтілдеп
жас тұрды. Көрдемше туған ұлын алдына алып əлдилеп отырған
кəрі
əкені көрген сайын жас келіншектің бойын беймəлім бір ыстық бу
шарпып
өтетін. Бəйбіше күндесі айдыңкүннің аманында бұрқ ете түскен
өсекке
алғашқыда сазарып сыр бермесе де, байының баяғы өзі жетелеп
əкеліп
таныстыратын шөпжелке қыздан ұлды болғанын естігенде кəріне
мініпті
. Қаланың тікбақай тəрі мен тəртібіне бойсынғанымен, ауылдың ұяң


тəрбиесі
жастай қанына сіңіп қалған Торшақыз бəйбіше қанша жерден
сазарғанмен
, түбі сабасына түсіп, үйге бас сұғар, «Балаңның бауы берік
болсын
» деген екі ауыз сөзін қияр, біле білсе, жаттығы жоқ, жалғыз
қызының
соңынан ерген қара емес пе деп өз білігімен пішіп-кескен. Келер
деген
үміт жіңішкере бастағанда телефон шалды:
– Əй, бай күндіз – ғылымдікі, түнде – менікі. Қай кезде бала тауып үлгеріп
жүрсің
? Көргенінен жазбайтын жетім қаншық! Жер басып жүрсем, екі
қолым
жағаңнан кетпес, аузың тобадан кеппес!..
Қарғыстың
алуан атасын тыңдай-тыңдай қос құлағы шыңылдады. Ақ
қағазға
жазып алып оқып тұрған шығар, əйтпесе мұның бəрін түйдек-
түйдегімен
жаңылмай жатқа айту... Соны ойласа, əлі күнге аза бойы қаза
болады
. Бұл да «жөргек иісін иіскетіп ұлды еттім, енді бір жағына анық
шық
» деп академиктің алдында кердеңдеп баққан жоқ. Жарыла алмай, екі
жаққа
кезек жаутаңдап жүргенін көріп, іштей тынатын. Киім-кешегін
көтеріп
келмесе де, заңды некеге отырмаса да, аузынан түсе қалғандай
айнымай
тартқан ұлына өз фамилиясын берді. Таңертеңмен өз үйінен
шығып
келіп, жалғызын балалар бақшасына, кейіннен мектепке жетелеп
апарды
. Тосып алып, ұзынды-қысқалы боп көше бойлап шүйіркелесіп келе
жатады
. Тек көрші келіншектердің басы байлаулы, аяғы тұсаулы еркектерін
көргенде
мұның бойында əйелдік қызғаныш па, кемдікүн өкініш пе – бірде
сөніп
, бірде маздап жататын. Соның бəрі бір күнгідей болған жоқ. Айсарин
аяқ
астынан төсек тартып құлады. Мидан түскен қатерлі ісік ақмылтық ажал
боп
келді де, бірер айдың ішінде көрер жарық, татар дəмін сарқып берді.
Жарықтық
қайтыс болар күні таң алдында түсіне енген. Тіл қатқан жоқ,
бұлдыр
елес пе, қалың тұманның ішінен бе – жылт етіп бір көрініп, қол
бұлғап
шақырғандай болды. Үшінші сыныпта оқып жүрген тұяғын жетелеп
баруға
қайта-қайта оқталса да, əттең, қаракер бəйбішенің үстінен баса-
көктеуге
дəті жетпеді.
Ажалмен
арпалысып ашынып отырған сəтіне дөп келсе бетін тырнап,
шашын
жұлып қолына беруден жүзі жанбас. Иманжүзді еді, бəлкім,
қызымен
тілдесермін деп, бесін мезгілінде тəуекел етіп телефон шалған, үй-
іші
азан-қазан боп жатыр екен. Мұның ботадай боздаған даусына жалғыз
ұлдың
шырқыраған үні қосылды...
Ертеңіне
газет бетіне суретімен қоса табақтай-табақтай көңіл айтулар,
арнау
сөздер өріп шыға келді. Алдын ала қамданып жазып қоймаса, мұның


бəрін
қай уақытта даярлап үлгерген?
Қара
жамылып қабір басына барды. Əкесін соңғы рет көрсін, көңілі суысын
деп
жетімегін де ертіп алған. Ташкент көшесінің бойындағы ескі қорым
ығыжығы
халықтан аяқ алып жүргісіз. Құшақ-құшақ гүлмен көмкерілген
табыт
жанына тұмсық сұқтырып, сығалатар емес. Екі көзі бұлаудай болған
адуын
бəйбіше мен қызы, марқұмның бұл танымас ағайынтумасы, қырғын
тамыр
-танысы, есепсіз көп шəкірті дүкеннің кезегіндей кеуделесіп,
иықтарынан
тістесіп тұр. Топқа сіңе алмай, сырт орай қалған бұған бірге
оқыған
курстас екі-үш жігіт көпшіліктен жырылып шығып, көңіл айтқан
болды
. Қай ортада да бұзыпжарып жүретін тентексоқтау жəне бірі келді де,
əйшəйға
қаратпады.
– Торшақыз қалқам, бұл не тұрыс? Сенің қайғыңның қасында бұлардікі түк
те
емес. Көздерінің жасы, ағамыздың топырағы құрғамай жатып ұмытады
да
кетеді. Біле білсек, сенікі есебі жоқ ерлік! Жақсының көзі, тұлпардың
тұяғы
сенде қалды, – деп алдын тарпып, омыраулап-омыраулап келді де, қос
мұңлықты
марқұмның қасынан бір-ақ шығарды.
Енді
кешіксе табыттың қақпағын жабуға қалған екен. Өзіне ашқарақтана
сұғын
қадаған сан мың көзді тəрк етіп, Торшақыз екі бүктетіле еңкейіп
келіп
, Айсариннің құп-қу ернінен сүйді. Үлпілдеген мамықтай алақанымен
кере
қарыс кең маңдайын тірі кезіндегідей аялап сипады. Кеудесін жапқан
мақпалдың
үстіне үш тал қызыл гүлді жаймен қойды. Көк желкеден қаракер
бəйбішенің
:
– Жетті енді! – деп тістене сыбырлай үн қатқаны естілді. Осы əмірді
тосқандай
баяу ойнап тұрған азалы музыка ішін тарта күңіренді ме, əлде
қаралы
ел дауыс салып теңселіп кетті ме, өзі есін жоғалтып алды ма – арғы
жағы
көрген түсі секілді бұлдыр-бұлдыр бір елес...
«Қазақ, қайда барасың?»
«Капитализм қалай екен?»
«Қарның ашты ма?»
Тордағы
кəрі мыстан-ай, көресіні сенен-ақ көрдім осы! Қойдан қоңыр
қазақтың
жағдайын ойламаған енді жалғыз сен қалып едің!..
Қайтсін
, мұның да еркегі өліп қалған. Содан бері күйік қақты ма, тіпті
беймаза
боп кетті. Ақыры, қой болмас деп, құс базарынан бір жас


тотықұсты
сатып əкеліп қасына қамаған. Əлгінің құр еркектана деген аты
болмаса
, қауқары кем, ынжық немене екен. Тұмсығымен айнала қуып жүріп
шұқып
, кəрі қақбас күн берді ме, көз көре өлтірер болған соң, обалына
қалмайын
деп көршісіне беріп құтылды. Кейде бір үйдегі екі ұрғашының
шəлкем
-шəлкес келіп қалатыны бар. Бар пəле, аты құс демесең, тақылдап
тұрған
сөйлейтін неменің таусылмас мылжыңынан шығады. Əлгі сөздердің
бəрін
теледидардан естіп алған. Бір қызығы, əйел диктор шықса қыржиып,
теріс
айналып, құйрығын беріп отырады. Экраннан еркек көрінсе бітті,
басын
əнтек қисайтып, бір көзін сығырайта қысып, тыңдайды кеп. Көңілі
құртқа
шапқан ұрғашысы түскір-ай! Дəмесінің зорын көрдің бе? Ендігі
қалғаны
сенің көңіліңе жағатын бай іздеп кету еді.
Тағы
да ойын бөліп кеткенін қарашы.
Жарықтығымның
соңынан істелер кəдесі бірдей мезгілде, бір-бірін
танығысы
келмеген екі шаңырақта қатар өтіп жатты. Сол жылы күз түсе
бəйбіше
мен қыз сыртын мəрмəрлап күмбезді зират көтерді. Адам аяғы
басыла
күнара барып, гүл шоғын қоятын. Мынау жалған дүниеде жастай
жесір
қалған келіншектің ішкі шері таусылушы ма еді? Жүрек басында
кілкілдеп
тұрған қайғыны ақтарып, кəдімгідей жеңілдеп қайтатын. Басқан
ізін
аңдып жүргендей əлдекім апарған гүлін қыста қар үстіне, жазда қара
топырақты
құштырып құлаштап лақтырады да тастайды. Бір жылы өз
көзімен
көрді... Тұла бойы түршігіп сала берген. Жеті қат жер астында
жатқан
өлі аруақ пен тірінің қалған қамшы сап ғұмырдағы аз-кем
сыйластығын
көпсінбесе нетті жазғаның? Шындап келсе, бір шаңырақтың
астында
шүйіркелесіп отыратын апалы-інілі екеуінің осы кезге дейін
танымай
жат боп жүргені сол көңіл түскірдің тарлығы ғой.
Əйтпесе
, əке ортақ емес пе, шеше бөлек болса қайтеді екен?
Жұма
күні шелпек пісіріп, иіс шығарып, ержетіп қалған ұлын ертіп барған.
Бəйбіше
мен қыз бейітті айналсоқтап жүріп алды. Қарашаның аяғы лайсаң,
желкем
еді, күн кешкірген сайын қара суық бел алып, тасада тұрған бұлар
кəдімгідей
жаурауға айналды. Тісі-тісіне тимей кеткен ұл:
– Ұрлық істеген кісідей боп... Бермесе тұрсын... Өзіміз үшін неге зират
салып
алмаймыз? – деп қыстыға жылаған. Жаутаңдаған жалғыздың сөзі
қамшы
болды ма, өзінің қаракер бəйбішеге деген ашу-ызасы шектен шықты
ма
– ақыры кеңсе жағалап жүріп Кеңсайдан екі кісіге еркін жетерлік орын
алған
. Исі мұсылманда, мұсылман дейді-ау, адамзат баласында жоқ


дəстүрді
өмірге əкеліп, Айсариннің екінші зиратын тұрғызған. Сыртын
мəрмəрлауға
қалтасы көтермеді, бірақ Маңғыстаудың ұлутасы əсемдік
жағынан
одан кем соқпады. Құлпытасына академиктің суретін ойып
салдырып
, марқұмға жүрек тебірентерлік сөздерін арнаған. Ең соңына ұлы
екеуінің
аты-жөнін жаздыртқан. Бір парызын өтеп, жаны жайлауға
шыққандай
еркінсіп қалғанымен таныстарына тіс жарып, сыр ашуға
қорықты
.
Содан
бері де мысықтабандап жылжып бес-алты жылдың жүзі ауыпты.
Күтусіз
жерден қолына тиген соттың шақырту қағазы төбесінен тоқпақпен
ұрғандай
етті. Сот қазысы мұның қарсы алдынан заңның тармақ-тармағын
өргізіп
, таңдайы құрғап қалған мұны олай да таптады, былай да таптады.
Екі
зираттың суретін қос қолына ұстап алған қаракер бəйбіше қазыдан бетер
ақтүтек
боран боп ұйтқыды:
– Тірлігінде ортамызға түсіп, шаңырағымызды шайқап еді жүзіқара!..
Құтырғаннан
құтылдым ба деп жүр ем!.. Ел-жұртқа масқаралап, өлгенде де
көрге
тыныш жатқызбауға айналды!.. Соншама жылдан бері естімей
келгенімді
айтсаңшы... Əлгі кімді көмуге барғанда... Талып құладым, тура
талып
... Өзін соттап, салдырған зиратын түп орнымен құрту керек! Оның өзі
аз
!
Жанында
тұрған қызы көзімен жер шұқып, «Ну, мамнан» əрі асар емес.
Жылағалы
тұрған баладай беті шандыр-шандыр тəпелтек қазы сөзді ұзаққа
созып
жатпады, тоқетеріне бір-ақ көшті:
– Сот шешіміне сəйкес академик Айсариннің заңсыз салынған екінші
зираты
құлатылсын! Орны тегістелсін!
Қорлық
-ай, тасын бұзып алуға рұқсат беріледі дей ме, бұзып алмаса
шыққан
шығыны өтелмейді дей ме, қайта салуға əрекеттенсе жазаланады
дей
ме, құрысын, құрысын...
Кеше
сəскеде орнынан зорға сүйретіліп тұрып, теледидарды тоққа қосып,
тотықұсқа
жем шашқан. Аузы кермек татып, асқа зауқы шаппады. Енді нені
алданыш
етерін білмей тізе бүгіп отыра бергені сол еді, Айсариннің ширек
ғасырдан
бері құлағына сіңісті боп қалған майдақоңыр даусы саңқ ете
түскені
:
– Діңкемді құртқан Торшақыз-ай, жетсеңші тез!


Табандарына
салып таптағалы тұр ғой мені!
Иманы
ұшқаны сондай, əдемі мұрны өз-өзінен қусырылып, бойы безгек
қысқаннан
бетер қалшылдап кетті. Жалма-жан жағы сембейтін тотықұсына
қараған
, қаннен-қаперсіз құйрығы шошаң қағып, тесік тамағының қамын
ойлап
кеткен. Сонда жатқан жері жарық болғыр академиктің əлгі даусы қай
қуыстан
шыққан? Есеңгіреп отырған қалпы кенет бөлменің
бұрышындажабысыптұрғантеледидарғакөзітүскен
... Қара қобдишаның
ішінде
кесер басы қылқиып отырған еркек диктор масашағым мезгілде
академик
Айсаринге айналып сала беріпті. Аумаған өзі! Əжімі терең батқан
кере
қарыс кең маңдайы, ашаң жүзі, мысқыл мен мейірімділіктің
қоспасынан
жаратылған баяу күлкісі. Жо-жоқ, күлкісі өшіп, күреңітіп алған.
Қалай
пайда болса, лезде солай көзден ғайып ұшты. Елес пе, жын ба,
айырып
көр. Əлде өзін шалық иектей бастаған ба?
– Жарықтық кісі-ай, не дедің?
Айтқандай
, қаракер бəйбіше шынжыр табан трактор мен мұрны қолағаштай
еркекті
жетелеп келіпті. Аяушылық сезімнен мақұрым қалған көк темір
топырағы
тегістеліп, қолмен жайғандай боп жатқан зираттың жан-жағын
қазып
, қорыс етіп тастаған. Кəпірдің түтін сасып ажылдаған даусы неткен
сүйкімсіз
еді?! Қастарына салып-ұрып жетіп баруға шайлығып қалған
жүрегі
атқақтап, аузына тығылып аттап бастырар емес. Қатар түзеп тұрған
бірер
зираттың тасасына келіп, жүресінен отырды.
«Көрген қызықтың бəрі тəрк. Бар жазығы марқұмның көзі жұмылысымен өз
теңімен
ойнап-күліп, байға қарық, балаға мəз боп қыт-қыттап отырмағаны
ма
? Аруақты – ес, көлеңкені дос қып жүрген жесір қатынға Жаратқан ием
неге
сонша өшігеді? Ертең оқуда жүрген жалғызы елге өндіршек созып
жетіп
, əкем басына барайық, дұға қайырайық десе, бұ жазғанға қара жердің
тесігі
табылмас. Табылса, басы бүтін түсіп кетер... Əдірем қалсын, қазір
мына
ажылдаған неме бейітті түйе бастағанда ортасына барып түсіп өлем!»
деп
көзсіз тəуекелге тас түйін боп бекінді.
Əлден
уақытта трактордың үні өшті. Сонда ғана қаракер бəйбішенің даусы
анық
естілді. Шамасы, мұрны қолағаштай дəумен саудаласып жатса керек.
– Енді түсіндің ғой? – дейді өктемсіп. Байқауынша, болған оқиғаны
тұздықтап
тұрып құлағына құйған.
– Түсіне алмай тұрмын, – дейді күпəйке киген əлгісі. – Сонда қызғанып


тұрғаныңыз
қабірі жоқ қара жер ме?
– Жер емес! Ойбай, соттан бетер шалқайып біттіңау! – деп бəйбіше қол
сөмкесінен
бір бума ақша алып шықты.
– Мə, манадан бері көкейіңді тесіп тұрған осы шығар. Ал да, айтқандай ғып
қызметіңді
тындыр! Анау сайға бір-ақ төңкер...
– Мұны білгенде келмейтін едім. Мə, ақшаң өзіңе!
– Əй, қайыршы, мен сені жалдап алып тұрған жоқпын ба? Жалдап! Бəрі
заңды
демедім бе? Міне, кешегі соттың шешімі.
– Жалдап алып... Адам көңілінің алтынға да сатылмайтын кездері бар.
Көзіңнің
еті өскен қатын екенсің. Ендеше сол сотыңа айт, өз көтенімен түйіп
құлатсын
.
Жүрелеп
отырған қалпы көзі бұлдырап, құлағы тұнып сала берді. Екеуінің
өжеңдескен
сөздері құмығып естілер емес. Қанша отырғаны белгісіз, есіріп
айқайға
басқан тракторшының əлем-тапырық даусы есін жиғызды.
– Тірлігінде бөлісіпсіңдер! Енді аруағына таласқандай не көрінді?! Ол əйел
бар
болғаны өзіне арнап символдық белгі соққан екен. Соны талқандағанда
дүниедегі
бар кем-кетігің тола ма? Қарқарадай боп мүйіз шыға ма? Беттерің
жылтырап
жүріп неткен шексіз жауызсыңдар! Өй, өңшең əкең аузын
ұрайындар
!..
Еркек
ашуын тізгіндей алмай тұтығып, күректей қолын бір сілтеп жүре
берді
. «Құдай-ай, жер бетінен жақсылық көшпеген екен ғой. Жүр екен ғой
əлі
арамызда». Мұрны қолағаштай тракторшыдан тап осындай азаматтық
күтті
ме? Жер ортасына келгенше мұндай ірілікті галстугі қисаймайтын,
бəтеңкесінің
басы майдан кеппеген зиялы топтан іздеп келгені несі?!.
Ерте
көктеммен еріп кемпіршуақ та жеткен екен.
Бойын
еппен қыздырған шағырмақ күннің нұры самсап тұрған қымбат
құлпытастардың
бетінде ойнап жүрді.
...Бұл оянғалы не заман?!.
АЛТЫН


Ермек
Аманшаевқа
Алыстан
мұнартып көрініп, арса-арса сілемдерінің өзі жеткізбей сілеңді
қатыратын
Мұғалжар тауы ғой бұл жарықтық. Жазда жаңбыр еркелеп
төбесінен
төгіп өтетін, қыс түсе ұлпа қарды жамылып бұйығы ұйқыға
бататын
момақан алыпты уақыттың өзі мүжи-мүжи қажытқандай. Көрместі
көре
-көре кеміріліп, шау тартып, шаршап жатты. Ара-тұра күрсініп ап
«Баяғы батыр сұлу «Қызданайдың қырғынындай» қызық қайда? Намысқа
пісіп
арпалысқан ерлер ат тұяғына от өргізіп көз көрмеске өтіп кетті. Сол
дəуренді
көрген соң ендігі шөп пен шөлкемді қайтейін? Бəлду-бəлду, бəрі
өтірік
...» дейтіндей. Десін-ақ!
Атағы
мен шатағы қатар жарысып, талайдың құлағына қоңырау тақтырған
сол
Қызданайдың қырғыны өткен жазықтық та таусылмас тау сілемдерінен
басталып
, сағым суарған сары далаға жалғасады.
Мұғалжардың
күнгей жақ беткейінде иықтасып бəкене үш үй отыр. Ауыз
тобадан
, қол жағадан кетпеген қазіргі пəруана кезеңде таудан өзге пана
таппай
қалған сынды. Шеткері үйден шағаладай жаулығын шарта байлап
қара
кемпір шықты. Сыры кетіп, сыны қалған жүзінде өшпей жеткен бір
өрлік
тұр. Жоқ іздегендей айналасына қарағыштап:
– Құтаяқ, кə, Құтаяқ! – деп салды.
Осы
кезде жапсарлас көрші үйдің ауласынан да:
– Кутаяк, кə, Кутаяк! – деген еркек даусы естілді.
– Жетпегір, қой дейм! Жаңылыстырасың. – Сыры кетіп, сыны қалған қара
кемпір
ылғи да өзімен əзіл жарыстыратын шалдау қайнысын зілсіз жекіп
тастады
. – Құтыруын. Қыздай қосылған қосағын жалмады. Тамағы тоқ қой.
– Кутаяк!
Үй
көлеңкесінде отырған ұзын бойлы, тебін мұрт бозбала əжесінің сөзіне
мырс
етіп күліп жіберді. Жаңылыстырасың дейді. Жалғыз иттің атында
жаңылысатын
не бар? Əжесінің қалжыңқұмар шалдау қайнысы кеше үйге
кіріп
шыққан.
– Оу, Көтібар көкемнің ұрпағы, қалаңда не жаңалық? – дейді əдетінше тық-


тық
жөтеліп. – Біз де аманбыз. Құдай қарасып тұр. Алжыған кемпір, қақбас
шал
, сосын əлгі іргедегі бүкір қатын, шүкір, шүкір, үш шаңырақты жықпай
отырмыз
.
– Бүкірді айтқанда шүкірің көбейіп кетті ғой, – дейді əжесі қолындағы зыр
айналған
ұршығының шуда жібін əуелете созып. Тырна мойын, тырли арық
қайнысының
мұны естігенде тық-тық жөтелі күшейіп барып тынды...
– Сенің əлгі оқудан қуылып, базарда тəшкі айдағаныңды əке-шешең біле ме
өзі
?
Əжесі
əдетінше қолына ұршығын қыстырып кеп мұның жанына жайғасты.
– Мына ит қаңғыбас боп бітті. Құйып қойған жуындыңа мойын бұрмайды.
Көзіме
түссін осыдан...
– Айтқан жоқпын.
– Қағынды келгір өңшең!
Сыры
кетіп, сыны қалған қара кемпір аузын ашса ақша дəмететін институт
оқытушыларын
да, қалаға кетіп күнелтісін тауып жүрген келін-баласын да
қозы
көш жерге апарып тастады.
– Олар мына Ақтөбеде. Менің оқуым Алматыда.
Тəшкіні
«Көк базарда» айдадым. Қайдан білсін?
Жалғыз
немересінің даусы жасып шықты.
Тық
-тық жөтеліп əжесінің шалдау қайнысы да жетті.
– Таң алды түс көрдім. Алла-ау, құдды түс емес, өңім дерсің.
– Айт, жориық.
Тырна
мойын, тырли арық қайнысы алакөзденіп əжесіне бір қарап алды.
– Түсті түнде жорытпа. Сосын əйелге, қайын жұртың мен жездеңе жорытпа
деуші
еді. – Əжесі мырс етіп астыңғы ернін біраз қайқайтып бақты. – Мына
Көтекемнің
ұрпағына айтқалы отырмын.
– Тыңдайын, аға...
– Құдды түс емес, өңім дерсің. Баяғы «Қызданайдың қырғыны» өткен тұс
екен
дейм. Сенің бай атаң, и, жарықтық, тап-таза əулие еді ғой, астында


күрең
тұлпары, бес қаруы бойында, дүбірлетіп жетті дейсің. Келе «Əй,
Тамшыбай
! – деп айқайды салды. – Бұл не жатыс? Қызданайды тартып
əкететін
түрі бар. Кір соғысқа! Тар қолтығымнан оқ тиді. Жарақат
алғанымды
білсе, түрікпендер бел алып кетеді. Жанжағымнан сүйеп
шабыңдар

Қарасам
, сол қолтықтан аққан қан бұрқырап, күреңнің жалын жуып тұр.
Бала
күнде көре қалдық, жарықтық өзі де қаумет сақал, қайратты, көзінен
ұшқан
отқа пілте тұтанғандай жанып тұратын. Өткірлігі сондай.
Көтекемнен
қалған десетін ел.
– Содан?
– Көйлек-дамбалшаң ойбайлап шауып əлгі жаман қойторымды іздейін.
Иттің
малы қапелімде таптыра ма?
– Сені қара көріп жүрген... Бай атам да... Ойбай, тоба, тоба, не деп кеттім?!
Қағынды
келгір, қарап отырмай аруаққа тіл тигізе жаздағанын қарашы.
Ұзын
бойлы, тебін мұрт бозбаланың көзі маздап бара жатты.
– Сосын, аға?
– Қарасам, тау етегіндегі жазықтықта қанды қырғын жүріп жатыр.
Көтерілген
ұран, күннің көзін, жердің жүзін жапқан ала шаң... Азынаған ат,
андағайлаған
дауыс... Шошып ояндым.
Сыры
кетіп, сыны қалған қара кемпір қолындағы зыр айналған ұршығының
шуда
жібін əуелете созып отыра берді.
– Сөйткен, аспанға қараса аузына құс ілінген бай атам да сексен жасында
кəмпескеленіп
, Итжеккенге айдалды. Одан – соғысқа аттанып, Сталинград
түбінде
хабарсыз кеткен Үдербай көкең. Одан – қартайғанда əупіріммен
қатын
алып, сені зорға таптырған əкең Жеткерген. Демек, Жеткергеннен сен
тудың
. Ылғи жалғыздан қалған жалғыз. Құданың құдіреті дерсің.
Сындырмалап
санап отырған бес саусақтың кішкене балаң үйрегі бүгусіз
қалды
.
– Үдербайдың ызғындай он апасын қайда қоясың?
– Шежіреге кірмес қызды қойшы сол. Сайда саны, құмда ізі қалған жоқ.
Соғыста
хабарсыз кетті дейтін Үдербай көкесінің аты аталғанда əжесінің


өңіне
қызыл рең теуіп, ұршығы тіпті зыр қағып кетеді.
Қалжыңқұмар
қайнысы да қарап қалмайды:
– Хабарсыз кетті дегендердің көбін байды соғысқа берген немістің күйітті
қатындары
иемденіп алыпты деседі. Аман болса жүрген шығар прау-прау,
құрауқұрау
деп.
– Бақберген айтып келді ғой «Жауған бомбаның астында қалдық. Қайтып
Үдербайды
көрмедім» деп...
Мұның
көкесін əжесі бомбаға қиса да немістің күйітті қатындарына қиғысы
жоқ
.
Қайнысы
жеңгесін шымшып сөйлеткеніне мəз.
– Өлді деген баяғы Құспан барып-барып Америкадан шықпады ма? Ал не
дейсің
?
– Мейлі, алса алсын. Сол неміс тоқалдың сап-сары мұрнын іститіп көзіме
көрсетпейді
-ау бір.
– Ал көрдің?
– Енесін ұрып, езуін тіліп жұмысқа салатын.
– Ай, айналайын жеңеше-ай, – деп қайнысының осы тұста көз жиегі
қызарып
, даусы құмығып үйіне беттейді. – Сүйегің асыл ғой сенің...
– Əже, – деді Алмат оңаша қалған сəтті бағып. – Бай атам Итжеккенге
айдаларда
ат басындай алтын жасырған деседі. Рас па?
Сыры
кетіп, сыны қалған қара кемпір қапелімде абдырап, шуда жібін үзіп
алды
.
– Жəй аңыз да.. Тайлақтың жүні еді... Қағынды келгір...
– Əже, жасырып қайтесіз? Алматыдағы сыған қызға дейін атамның
алтынын
біліп тұр.
– Не дейд?!
– Иə, бал аштырғам...
– Бай атамды түстеп тани ма екен? Алмат жарқ етіп күліп жіберді.
– Қайдан танысын?! Сыған қыз алақаныма ұзақ үңілді де, бүй деді: «Атаң


асқан
бай бопты. Алыс сапардың алдында алтынын көміп кетіпті. Іздесең –
табасың
...»
– Апырым-ай, ə?
– Соны естіген соң айдап жүрген тəшкімді лақтырып кеттім. Жасырған
жерін
айт! Іздеймін, əже.
– Əжең шамасын біледі деген ғой?
– Иə.
– Қағынды келгір өңшең!
Қызылды
-жасылды көйлегі тобық қаққан сыған сұлуы белі майысып тұрып
«Алмат, сенің əжең барлық құпияға қанық» деген жоқ, əрине. Бірақ алтынды
таба
қалса, төніп келер қауіп-қатердің аз емесін жасырмаған.
– Ертеректе қолына күрек-сүйменін алып əкең де біраз қопаңдаған... Қой
дедім
. Көлеңкесін көріп ерсініп жүрген немеге... шалабыңды босқа шайқама
дедім
.
Əжесінің
өңіне кəнігі қызыл рең тепті. Қатты қобалжығандағы əдеті.
– Атамнан қалған алтын екені рас болса, ендігі иесі – мен. Мына мен!
Пейіште
нұры шалқығыр бай атасы ақ-қызыл боп жағаласқан қашты-
қудыны
ерте сезіп, ат басындай алтынын осы Мұғалжардың сілеміне
көмген
деседі. Орнын он қыздың ортасындағы жалғыз тұяғы Үдербайға
меңзеп
қана көрсетіпті.
Нəті
жуас еді жарының. Майданға аттанар күні таңғы тілек үстінде өз-
өзінен
жасып: «Ішіңдегі шарана ұл болса, атын Жеткерген қоярсың. Несібесі
тау
етегінде өскен жалғыз түп қарағайдың түбінде. Аузыңа сақ бол! Бай
тұқымы
деген қаңқудан қашсақ құтылар болмадық қой», – деген.
Оралмасын
білген де...
Шүкір
, жалғыз қарғасын тістелей-тістелей ел шетіне жеткізді. Сол жалғыз
киіктің
матауындай өріп жүрген көп қыздың біріне бұғалық салмай...
Бұлғақтап
жүріп алған.
Жеті
мүшеме деп жеті қатын алған бай атамның басқан ізінен садаға
кеткірлеп
жүріп үйлендірген.
Онысы
келе-келе атамның алтынын алам деп білек сыбансын. Ыңғай


бермеді
. Аяды дейсің бе? Кешегі Кеңес кезінде інге тыққан дəулетім бар
деп
таудың тасын үгіп, топырағын бұрқылдатып жатқанды кім көрген?..
Қызыл
жағалылар алдарына салып ысқыртып айдап кетсін дейді ғой. Сосын
алтыны
бар жерге жын-шайтан, пері əуес деуші еді бұрынғылар. Ордалы
жылан
қорғап, қоршап жатады десетін көнекөздер. Осының бəрін сезіп-
біліп
отырып Үдербайдың жалғыз қарғасын жар басына қалай жұмсасын?..
Енді
кеп əлгі қағынды келгір сыған қыздың жайына жүрмей, немересінің
табанын
қыздырып қойғанын қарашы.
– Құлыным, бай болып көргеніміз жоқ, кедей боп өлгеніміз жоқ, сол алтыны
түскірді
... – деп еді, жанындағы ұзын бойлы, тебін мұрт бозбаланың көзі
маздап
бара жатты. Қалжыңбас қайнысы айтатын бай атасының
жанарындағы
ұшқан отқа пілте тұтатқандай жалынды анық көрді.
– Қой, болмас, – деді сосын сыры кетіп, сыны қалған қара кемпір өзінің де
өрлігі
ұстап, – атасының байлығын ботасынан қызғанғаным не? Жат
біреудің
ырысына қол сұғып, ұрлап-жырлап жатқан жоқ. Алса – тұқымға
тиесілі
қазына. Тапса – тапты. Таппаса... Бір өкініш іштерінде кетпесін.
Тығып
төркініме берген жерім жоқ қой. Тəуекел!..
Алмат
ерте салқынмен қолына күрек-сүйменін алып, тау бөктерлеп біткен
жалғыз
түп қарағайға келді. Ол да қартайыпты. Бұтақтары аша-аша боп
қурап
, екі адамның құшағы еркін жетпес діңі батыс бетке жамбастай
бастапты
. Ұшар басынан бір ақтиін жылт етіп құйрығымен алдап жоғалды.
Мамырдың
майда самалы желпігенімен кəрі ағаштан жас жапырақ туар
емес
. Тұттай жалаңаш. Кірш еткізіп күректі салып еді, жүзі дың етіп
қураған
тамырға тиді.
– Ат басындай алтын, – деп күбірледі жүрегі атқақтап. – Қолыма түссе...
Алматының
шалқайма төрінен пəтер сатып алып... Əжемнің екі қолын
бірдей
жылы суға малып... Аузын ашса ақша дəмететін əлгі кісəпір
оқытушыларын
да... «Əкел, – дейді ғой дипломды қолын созып, – əкел!..»
Əке
-шешесіне де Ақтөбеден оңды үй еншілетіп... Сосын осы Мұғалжар
тауының
етегіне махаббаттың шоғына пісіп шейіт кеткен Төремұрат пен
батыр
сұлу Қызданайды құшақтастырып зəулім ескерткіш соқтырар.
Аспанға
шапшыған күрең тұлпарына бай атасын қолтықтап қайтадан
мінгізер
. Бес қаруын жарқыратып бойына ілер. Тəу ете келгендерге жалды
Құрманғазының
«Төремұрат» күйін тыңдатар. Тыңдағандардың өкініштен
өзегі
өртенер... Əне! Ат басындай алтынның қуаты!


Түс
ауа кəрі ағашты айнала қазып алқынып отырғанында тық-тық жөтеліп
Тамшыбай
да көрінді.
– Көтекемнің ұрпағы, күш көп болсын! – дейді сығырая қарап. Қудың бір
көзі
қысыңқы деуші еді. – Жалғыз қарағайдың не жазығы бар?
– Тамыры қажет. Емдік қасиеті бар.
– Жеңешем белінің құяңына жағайын деген ғой. Жөн, жөн, – дейді телпегі
мыжырайып
. Сенбей тұрғаны анық. – Əлгі жаман қойторымды іздеп шығып
ем
. Иттің малы қапелімде таптыра ма?..
Жүгенін
сылдырлатып кетіп бара жатып қайтақайта бас шайқайды.
Ертеңіне
қазылған ор белуарға жеткенде қолтығында қабы бар бүкір қатын
да
ентелеп басып келді.
– И, зекетің кетейін-ай, қаладағы оқуың жер қазатындікі екен ғой. Шамасы,
пірəктикаға
жіберген-ау, – дейді екі бүктетіліп. Сұрғылт көзі шыныдай сұп-
суық
екен.
– Жо-жоқ, апа, дəрі жасаймын ба деп...
– Маған да тамызып берерсің. Тезек тере шығып ем. Шаяқ келгір, өңшең
арты
бітеу ме, бір оңды жапа жолықсайшы...
Күн
екіндіні еншілегенде барып күрек ұшы бір жұмсақ затқа былқ етіп тиді.
Жүрелей
қалып, қос қолымен жалма-жан бос топырақты аршыған. Құрым
киіз
ілікті. Ілкідегі өңі ақшулан шығар. Сызды жерде жата-жата қарақошқыл
тартыпты
. Алматтың жүрегі алып-ұшып аузына тығылған. Жанын беймəлім
бір
күш келіге сап түйгендей тынысы тарылып, булыққан. Ақыры қолы
қалтырап
, əжептəуір қомақты орауды ордан алып шықты. Жан-жағына
ұрлана
қараған, аулақта ұшып бара жатқан қара қарғадан басқа тіршілік иесі
көрінбеді
. «И, мынау ақтиін ғой, қашып жоламай қойған. Құйрығымен
алдап
жанына жетіп келгенін қарашы. Тішт! Аулақ! Сенің атаңнан қалған
қазына
емес».
Құрым
киіздің орауын еппен жазған. Парағы сартап боп сарғайып кеткен
Құран
шықты. Сырты о баста терімен көмкеріліпті. Ыза теуіп, тозып,
ойдымойдым
боп тесілген. Жанына тастай беріп, орауға қайта жармасты.
Құдай
-ау, зілдей болған мынау сом алтын ғой. Қаздың жұмыртқасындай
ғып
дөңгелете құйған. Екіндінің бояқ сəулесіне шағылысып, жарық дүниеге
шықтым
ба дегендей жарқ етсін. Жаймен айналдырып қараған, бүйіріне


ойып
таңба салыпты. Тізіліп төрт бірдей тоғыз саны тұр. Ат басындай деп
аңыз
ғып... Бар-жоғы осы ма? Десе де, нағыз тазасы екен!
Кенет
аш өзектен шыққан құп-құрғақ ысқырық естілсін. Жалт қараған. Қорс
етіп
қазылған орда ала шұбар басын қайқаңдатып абжылан тұр. Мөлттей
қара
көзі тесірейіп өңменіңнен өткендей. Екі айыр тілі сумаң қағады.
– Əй, Алмат! – деді абжылан. – Таста алтынды!
Жетпіс
жыл бойы көз ілмей бақтым. Менікі!
Бойын
тез жиып алды. Тізесі дірілдегенімен орнынан шалт көтерілді.
Көзбен
арбасты.
– Бай атамдікі! – деді сосын даусын ащытып. – Бақсаң қайтем?
Алтынды
ала сала еңіске ұмтылған. Соңынан жанын жеген ысқырық қоса
шықты
.
Төрт
таңбасы тізілген қаздың жұмыртқасы күн сəулесіне тағы бір көз
қарықтыра
шағылысып еді, бесалты үр қызы кернейлетіп-сырнайлатып кеп
мұны
қаумалай кетсін. Сықылық атып қолына жармасады:
– Құраннан қорқып жолай алмай қойғанбыз. Сенің жолыңды тосып
сарғайдық
қой əбден! Байлығыңды бер бізге, сұлу жігіт. Кетейік қол
ұстасып
. Салайық сайранды...
«Жын-шайтанның қыздары, – деп ойлады Алмат əлгілермен арпалысып
жатып
. – Көркін-ай, шіркін! Буынын алған күлкісі ше? Алматының
апортпен
ауызданған қыздары бұлардың жанында садаға кетсін!»
Осы
кезде «Көк базарда» мұның алақанына ұзақ үңілетін сыған қыз көзді
ашып
-жұмғанша пайда болды. Қызылды-жасылды көйлегі тобық қағып,
белі
майысып келді де, бес-алты сұлумен шаштасты. Қолына ілінгенін
сүйреп
, сабап, өкпесіне тепті. Алқынып жүріп:
– Алматик, бөліс! Жартысы менікі! Маған бай бол!
Сонда
бүтін алам, – дейд.
Дəмесін
қара. Мықты екенсің, бауырымен жорғалап жер-жаһанды қуырып
жетіп
қалған мына абжыланды жең! Сосын көрерміз.
Жан
дəрмен қалпы баяғы «Қызданайдың қырғыны» өтетін жазықтыққа
шығып
кеткен екен. Кенет күн күркіреп, Мұғалжар тауы теңселіп кетті.


Жамырай
шапқан тұяқ дүбірі естілді. Азынаған ат, андағайлаған дауыс...
Мынау
Төремұрат қой. Түрікпендерден ғашығын алып қашқан қайран ер
ақбозын
көсілте шауып, қылышын оңды-солды сермейді. Жалғыз өзі
айқасып
жүр. Батыр сұлу Қызданай қайда? Қазақтың қалың қолы қайтіп
кешіккен
? Тар қолтығынан оқ тиетін бай атасы неге жоқ?
Алматтың
есін елес билеп, оң көзі шарасынан шыға ақиып, аузынан бүршік-
бүршік
ақ көбік көрінді.
– Бір түйірін де татырмаспын! – деді айқайлап, алтынды бауырына басқан
қалпы
. – Ешқайсысыңа да! Өңмеңдеген мынаусы кім тағы? Ей, тырна
мойын
,
тырли
арық Тамшыбай неғып жүр мында?
– Түп тамырымыз бір. Жамылған көрпеміз ортақ. Алтын жайлы аңызды
естігенмен
тап баса алмай діңкелегем. Əкел, давай! – дейді жаман
қойторысымен
оң жағын орағыта шауып.
– Шетінен бір сындырып бер, мырза бала. Дертіме шипа етейін. Көрші қақы
бар
, – деп бүкір қатын сұрғылт көзі шыныдай сұп-суық боп енді сол
бүйірден
тап-тап берсін. Арқасындағы қабын терген тезегімен қоса
лақтырып
кетіпті.
Есі
кіресілі-шығасылы қалпы жазықтықты қақ жарып қашқан. Соңынан
үдере
қуған абжылан мен сиқырлы сұлулар, сыған қыз бен Тамшыбай, бүкір
қатын
бажылдасып, бірінің бірі жағасын жыртам, жағын айырам деп жүріп
мұны
қапелімде ұстай алмай зар.
Алдынан
ғайыптың ақ нұры көтерілген. Жібек перде желпіп өткенде ішінен
бай
атасы көрінді. Қаумет сақал, қайратты қалпы. Тек əлденеге əбіржіген
сыңайлы
. Жүргені не ұшқаны білінбей, сырғып кеп мұның алдын кес-
кестеді
.
– Ботам, көзіңді аш! Бұл əдірем қалғыр жылтырақ темір маған да опа
таптырмаған
. Ақыры түбіме жеткен. Құтыл тез! Бер ана мүсəпірлерге!
Оң
көзі шарасынан шыға ақиып, аузынан бүршікбүршік ақ көбік көрінген
Алматтың
ата танитын халі жоқ еді. Перінің ең үлкен дуакеш ақсақалы осы
екен
деп ойлады.
– Аһ, енді сен келдің бе? Қыз-қатының жабылып ала алмап еді. Алдап


тұрсың
, əзəзіл, ə? Көрсетейін тозақты!
– Атаңмын ғой мен!
– Жоғал! Менде ата жоқ! Ешкім де жоқ!
– Жарық дүниеде алтыннан да қымбат нəрселер бар ғой...
– Ал айт!
– Ар, намыс, иман, қанағат... Соның қадіріне сендер жетіңдер-дағы...
– Оттапсың!
Қапелімде
тұра ұмтылып, қаумет сақалына жармасты. Жұлқып тартып,
жерге
домалата жықты. Алқымын сығып, кеудесіне көсіліп мінді.
– Есің жи, ботам!
Алматтың
уысынан босаған қаумет сақалы желмен баяу желбіреп,
жанарына
үрей шүпілдеп толып, үстінде əзірейілдей төніп отырған бұған
жаутаңдап
қарай берген. Тағы бірдеңе айтпақ еді, үлгермеді. Сол
тапжылтпаған
қалпы қақ маңдайдан қаздың жұмыртқасындай алтынмен
құлаштап
періп кеп жібергені.
– Мə, саған!
Жарық
дүниенің құлағын тескен шырқыраған дауыс жазықтықты жайпап
өтіп
, тау асып жоғалды.
– Енді сен өлтірдің ғой, ботам!
...Алыстан мұнартып көрініп, арса-арса сілемдерінің өзі жеткізбей сілеңді
қатыратын
Мұғалжар тауы ғой бұл жарықтық! Жазда жаңбыр еркелеп
төбесінен
төгіп өтетін, қыс түсе ұлпа қарды жамылып бұйығы ұйқыға
бататын
момақан алыпты уақыттың өзі мүжимүжи қажытқандай. Көрместі
көре
-көре кеміріліп, шау тартып, шаршап жатты.
ҚАЙДАҒЫ
-ЖАЙДАҒЫ
Осы
кемпір түбі алжып өлетін шығар. Баяғы бір қора қойды ысқырығымен
қайырып
, кімсің – Санақбаймын боп жүргенде... Тоңқаңдап жүріп


томырғаны
май еді. Қабақ шытып, қас ойнатса бітті, тұқайы сыртылдаған
сиырдың
жорғасы құсап бүлкіл қағатын. Енді кеп шүйкедей боп дауды
тамызық
етуін. Қызыл тілі таңдайын күйдіріп олай-бұлай көсеуін.
«Мен болсам белімнен шойырылып, кəріп боп қалдым. Сегізкөзімді
сипатайын
деп ауданға балгерге кетіп барам. Жолкіреңе деп зейнетақыңды
уысыма
тұтасымен құймайсың...» деуін!
Қап
, бəлем!..
«Дүкен жағалап кеткелі тұрсың. Иə, карта ойнап ұтыласың. Бар, ойбай,
сыбағаңнан
қағыларсың...» дей ме, əй?!
Осы
сөзді кешегі сауырынан түспей, оқыранып тұрған шақта айтса нетті?..
Мана
түс əлетінде поштаға бас сұққан. Зейнетақысы келіпті. Ол қайбір
жарытымды
нəрсе? Ай сайын алақанына сауысқанның саңғырығындай ғып
бірдеңе
тамызады. Жатар-тұрарың осы деп. Келе: «Мə, əлгі жамандарға
кəмпит
апар», – деп кемпіріне тұтас мың теңгелікті ұстатқан. Немерелерін
айтқаны
.
Аяғын
аттап басқан сайын бажылдап жүрген неме жалғыз жетім қағазды
көргенде
тіпті өршіп кетті. Осының ауыратынының өзі өтірік. Қарашы,
қаздаңқаздаң
етіп мұны желімен қағып жанынан əрі-бері өтуін.
– Кетем, келін-баламның қолында тұрам! Қал солай, Ерлепес мен корей
шалды
, қарауыл орыс қатынды қара тұтып, – деп сілтейді-ай.
Үкіметтің
үйіне қамалып оңарсың. Дəрет алам деп таскелінің үстінде үкі
құсап
шошайып отырғанын көрсе бір, шіркін!
Дүкен
жағалап дейді. Е, несі бар? Айына бірер мəрте Антонинаның
күркесіне
бас бағып, бата тілемес көкмойнақтың бір-екеуін босататындары
рас
. Қыздықыздымен алдарына ала қағазды да жайып жібереді. Басқа не
ермек
қалды дейсің осы ауылда?
– Кешегі кезде...
– Келістіргенің шамалы. Алдыңдағы ызғындай малды өңшең шпанаға айдап
беріп
, қарадың да отырдың. Жауап қатуға шамасын келтірмегені. Есікті сарт
жапты
. Айтам ғой ауырғаны өтірік деп. Немелерін сағынғандағы əдеті.
Сегізкөзден
шойырылса, ішіне адам сыйып кететін шатыраш қытай сөмкені
құрым
құрлы көрмей жөнеле ме? Ауданға қатынайтын автобусқа асыққан


түрін
. Қап, тым құрығанда төрт өрме қамшымен сипай бір тартып
жібермегенін
қарашы
...
Кешегі
кезде... Еліміздің егемендік алуына да қыруар жəрдемі тиген
Санақбай
емес пе бұл?! Құрдастары əзіл ғып айтса да негізсіз емес. Болған
оқиға
...
Тура
елу бес жасты ерттеп мініп тұрған шағы-тын. Жілік майы толысқан,
қияқ
мұрт, қыр мұрын, қарағайдың берішіндей Санақбайдың алдын... Кесіп
өтсе
кеңшар директоры ғана. Қозықарын қортықтау, жымысқы неме
ұрлығын
жасырам деп ақыры елден безді. Əкесін қаңғыртып жұртқа тастап
кетіп
еді, əй, түбі оңбас!
Ерте
көктемнің кезі. Мая-мая шөп таусылып, қой біткен ескі қораны
кеміріп
, үңгіп шыдатпай барады. Енесі жарытпаған соң төлде береке бола
ма
? Шығын күн санап үдеп тұр. Екі апта бұрын «Жем жіберемін, сақманшы
бөлем
, қарық қылам» деп кеткен қозықарын қортықтау немеден ұшты-күйлі
хабар
жоқ. Баласына қатын əперіп, кернейлетіп-сырнайлатып жатыр деп
естиді
. Ал, шауып ал!
Ашумен
атқа мінген. Қолтығынан жел гулеп шауып түс əлетінде кеңшар
орталығына
жеткен. Салып-ұрып кеңсеге беттеген. Жолдағы дүкеннің
жанында
үш-төрт құрдасы қауқылдаса қалыпты. Құшақтарын жая
ұмтылысты
. Тісінің қатары бұзылған бірі тіпті бетін сілекейлеп те жіберді.
Қайтіп
жібімесін?..
Жардай
атанды жығатын жазғытұрғы желкем күн бойын жайлап алған екен.
Ат
үстінен əупірімнің күшімен түсті. Қысыр əңгімені қыр асырып тұрған
құрдастарына
да керегі сол. «Ауыз жылытайық...» десті.
«Күнде қолымызға түсіп жатқан жоқсың...» десті. «Ет жемегенмен сорпа
ішкендей
болайық...» десті. Өңшең қу мүйіз шыдас бермес. Əрқайсысына
атап
тұрып екі жартыдан алған. «Жарылғанша ішіңдер, өлгенше
ұмытпаңдар
» деп...
– Ал кеттім... – деп үзеңгіге аяқ іліктіргенін біледі. Арғысы бұлдыр-бұлдыр
бір
елес. Бір есін жиса, əлгі қозықарын қортықтау неменің кабинетінде тұр.
Өзі
креслоның үстінде қалқиып көрінеді. Аман-саулық жоқ. Бұл болса
айылын
жияр емес. Теңселе басып, ықылық атады. Көз алдын кептеген


мұнар
бірде қоюланып, бірде ашылады. Кеңшар директорының жымысқы
жүзі
кейде анық көрініп, кейде тұңғиыққа сіңіп жоғалады.
– Əй! – деді бұл сол тұрған қалпы екпіндеп. – Атаңа нəлет, балаңның күйегі
түсті
екен деп малды қырамыз ба?! Бір уыс шөп жоқ. Қыстай жем көрмедік.
Тумай
туа шөгіп жатыр. Ертең «төл қайда?» дерсіңдер. «Пішт, мə!» дерім
сонда
. – Қолын шығарып, бас бармағының өсіңкіреп кеткен тырнағына бір
түкіріп
қойды. – Пішт, мə! Неге үндемейсің? Ə, солай ма? Шыбынның өзі
шөлдеген
шілдеде... Өгіз өкірген аязда... Біз пақыр жүреміз. Алдымен мал
аман
ба дейсіңдер... Жан аман ба деп көрдіңдер ме осы?! Қақсайтындарың –
қайта
құру... Құрып неге кетпейсіңдер?! – деп сөзінің соңын саясиландырып
барып
əзер тоқтаған.
– Ағай, директор əзір келе қойған жоқ. Құда аттандырып жатыр. Ертең
болады
.
Жалт
қарапты. Есіктің көзінде еліктің лағындай боп бұған үрке қарап хатшы
қыз
тұр.
Көз
алдын кептеген мұнар сейіліп сала берді. Қараса, кресло қаңырап бос
жатыр
. Бос креслоның көк желкесінен асылып Горбачев тұр. Жансыз сурет
демесең
, бұған тесірейе қалыпты. Көз айырса екен-ау! Оң жақ шекесіндегі
қызыл
қалы тіпті қарақошқылданып барады.
«Əй, Санақбай-ай, сен де сондай ма едің?..» дейтіндей.
Ыза
мен ұят қысып, атына міне қамшы басты. Əлгі еліктің лағындай
пəтшағар
естігенін елге жайыпты. Былайғы жұрт бауырын тырнап күлді.
Аңыз
ғып əкетісті.
Қылаяғы
Санақбайдан да сөгіс естіп тынған Горбачев «қой, болмас, болмас»
десе
керек. Алаң-құлаң етіп отырғанда «Жайлауың – анау, қыстауың –
мынау
, бар енді, егемен бол» деген. Осында Санақбайдың да үлесі жоқ деп
кім
айта алар?!
Былтыр
көрші ауылдағы немере інісінің қызына құда келіп, табақтас
болғаны
бар. Артынып-тартынып жеткен құданың алдында бұл қызды-
қыздымен
:
«Мен сонау Петерборға қой айдайтын жылы», – деп салыпты. Сөйтіп,
дастарқан
басындағы жас-кəріні бірдей таң-тамаша еткен. Тек əлгі немере
інісі
түскір ұялып, жауырынын бүлкілдетіп: «Көке, оның бергі жағында да


қалалар
бар ғой», – дейді. «Ой, Сəке, сіздің даңқыңызға қанықпыз», – десіп
құдалар
жағы мұның ыңғайына жығыла-жығыла кетсін.
Не
десеңіз де, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған кешегі заман мұның
көзінен
бір-бір ұшты. Петербордың төбесін көрмесе де қызды-қыздымен
қой
айдаттырып отырған жүз граммның буы емес, сол өткен дəуренге деген
сағыныш
екен-ау.
Жекешелендіру
келді де, əлгі жымысқы неме ортақ қазанның қаймағын
қалқып
ішіп, қашып ол кетті.
«Пайызға алдым» деп маңыратып айдап бас мамандар жөнелді. Жиырма-
отыз
тұяқ пен ақ таяққа сүйеніп
«Ой, дөйт!» деп бұл қалған. Сегізкөзін сүйретіп жүріп кемпірінің
кіржіңдейтіні
содан...
Өз
ойымен өзі тартысып жүріп аңдамапты, ауылдағы жалғыз дүкеннің де
алдына
келген екен. Дүкенмен іргелес қарауыл күркесінен жылт етіп
Антонинаның
басы көрінді. Артынша тот басқан мылтығына сүйеніп шикіл
сары
кемпірдің өзі шықты.
– Санақ, ішке кір. Корей шал қазір келеді.
– Келсін. Ерлепес қайда?
– Пошта жақта. Жетер.
Енді
тізе сындыра бергенде аулақтау өскен қос теректің көлеңкесінен корей
шал
да шықты. Қолында қара сөмке. Əдетінше бір мойындап сығалай
қарайды
. Иегі қалтылдап күбірлейді. Бір уыс бетін көміп кеткен ұсақ-ұсақ
əжімдер
құрт құсап жыбырлап қашып байыз таппайды. Соңынан бір қара
қаншық
салақтап еріп келеді.
– Əй, сөмкеңдегі не?
– Күшік. Үйге апарып тастайын. Аш жатыр.
– Не жапағам?
– Құрғырдың əкесін танитын ем. Обал! Мынау жарытпайды екен.
Күшіктер
қыңсылап, сөмкені тырмалайды.
– Əкесі көрші ауылдағы сары төбет қой, – деп Антонина қара қаншыққа


саусағын
безеді. – Біліп ем. Жыл сайын істейтіні осы. Аузыңды аштырып...
Осыдан
көзіме көрінсін. Бір-ақ атайын.
Қара
қаншық бұларға айыпты көзбен мөлиіп қарайды.
Пошта
жақтан бір қырындай басып Ерлепес те жетті. Төрт көз түгенделді.
Алғашқы
шөлмек ашылды. Өзі алған араққа иелік еткен Ерлепес:
– Бəрібір пəршиби дүние. Енді біз құрастырып жарытпаспыз, – деп
лақылдатып
тең бөліп құйды. Осыным қалай дегендей, қалған үшеуді
қысыңқы
көзімен əжептəуір тінткіледі. Қоңқақ мұрны қолпаш дəметіп, одан
əрмен
көтеріліп басылды.
– Солай!
Сұлудың
көз жасындай мөлтілдеп тұрған араққа қатар қол созысты. Ішке
түскен
ыстық бу кəрі буынды қуалап бара жатты.
– Айына бір бас қосып, өз көңілімізді өзіміз көтермесек, несіне жер басып
жүрміз
?
– Солай!
– Зейнетақы өспепті.
– Былтыр алты жүз теңге қосты ғой.
– Өй, – деп Санақбай қолын қалпағынан асыра сілтеді. – Қоспай кетсін!
– Рас. Кеңшардың көшін қара нардай сүйреген біздей озаттың алатыны
тиын
-тебен. Ал күймей көр!
– Озат атанамын деп бір жамбасты беріп шықтың, – деп Антонина іліп-
қақты
. Санақбайдың жүзіне күлкі қонып ұшты. Корей шалдың аузы
күбірлеп
, қолы жыбырлап басылды.
Айтса
айтқандай...
Қара
жер бусанып, мейірімін төккен жыл еді. Шағыр мен жусан аттың
үзеңгісіне
оратылып, омырауын қағып жүргізер емес. Шөп шапқан, тай-тай
ғып
үйген тракторшылар ала шаңның астында. Бригадир Ерлепестің тфу
десе
түкірігі сол күзде жерге бір түсіп, бірде түспей, шөп басына ілініп
тұрды
.
Содан
Октябрь мейрамында қара үзіп, шаппай бер бəйге алсын.


Бригадасына
уыстап шашып ақша үлестірсін. Көзі майланып, есірік
меңдеген
тракторшылар жайына тұра ма? Кеңшар кеңсесінің алдында мұны
ортаға
алып, əлпештеп көкке атсын. Қағып алып, төбелерінен асырып тағы
лақтырады
.
– Ерім-ай! – дейді.
– Атыңа затың сай Ерлепесім-ай! – дейді.
– Сен жүрген жерге шөп шығады ғой, – дейді. Аяқ-қолы шашылып:
– Тағы да, тағы, – деп бұл шалқалай түседі. Осы кезде:
– Тез! Директор жинап жатыр, – деген шаңқылдаған əйел даусы естілген.
Бəрі
кеңсеге лап қойыпты. Əуелетіп атып жіберген мұны қайтадан қағып
алайық
, аяғымен жер бастырайық деген жан болса ше? Бұрқ етіп тақырға өзі
түсті
. Өкіре құлады. Жамбас сүйегі морт кеткен. Содан бері бір қырындай
басады
. Содан бері қарауында істегендермен амандаспайды.
Дүкенге
Санақбай бас сұғып оралды.
– Бұрынғыдай кезек жоқ. Дүние көздің жауын алады, – деп бір қойды. –
Əттең
...
– Давай, осы тосты Антонина үшін алайық! – деген ұсыныс корей шалдан
түсті
.
– Алайық.
– Əйел нəсілінен бізге жалғыз серік осы.
Астрахань
облысынан бұл отбасының көшіп келгеніне де ширек ғасыр асты.
Күйеуі
– ұзын сары Петро пешші еді. «Ол салған пешке тіпті тамызық
керегі
жоқ, көмір өзі тұтанады», – десетін қатын-қалаш. Рас шығар. Тек
аздаған
қулығы бар. Ал деп іске кіріскенде, қолына тастан бұрын қылқитып
бір
шөлмек ұстатасың. Əйтпесе мұржаң түтін сормайды. Сорса,
шығармайды
. Қақалып-шашалып жатқаның.
Жатпай
-тұрмай балық аулайтын. Қызылқанат пен табанның желбезегінен
тізіп
, майын тамызатын да қоятын. Сол судың құрты ақыры ажалына
жолықты
ғой. Шəуіш қатқан шақта қайығы аударылып, Шора өзені жұтып
тынды
.
Басына
шырақ жағып, жылап отырған Антонинаға:


– Петро умер. Это – плохо. Но не беспокойся, дорогая... Это подарок от нас,
– деп көрші-қолаңның атынан аз орысшасымен көңіл айтып, Ерлепес
конвертпен
ақша ұсынған.
Сонда
өзге түгіл Антонинаның өзі біреу қытықтап жатқандай сықылығын
баса
алмай қойған.
Өзі
алдымен дүкен ұстады. Артынан қарауылға өтті. Қолында тот басқан
сүйір
мылтық. 1937 жылы Пензада құйылған. «1986 жылы желтоқсан
айында
таңдайына оқ салдым» дейтін. Содан бері атылмапты...
– Қанішкенге жүретін автобусқа кемпірің өрмелеп мініп жатқан.
Бір
қырындай басып Ерлепестің де көрмейтіні жердің астында.
– Балгерге кетті. Сегізкөзімді сипатамын деп.
– Біздің жасымызда домбыра мен əйелді күйге келтіру оңай іс емес.
– Ой, бұ заманда заңгер мен балгерге сенім қашқан. Екеуі де алдымен
тамырыңды
басып көреді. Бас шайқайды. Иманыңды ұшырады, – деп корей
шалдың
тілі шықты. Бір уыс бетін көміп кеткен ұсақұсақ əжімдер құрт
құсап
жыбырлап қашып байыз таппайды. – Айтпақшы, өткен жұмада
ауданға
барғам. Опырып жейтін Орбайды көрдім.
Ауыздарына
аңдаусызда ащы түсіп кеткендей жанындағы үшеуі бірдей
тыжырынды
.
– Үстінде өзім тіккен ақ кенеп бешпент. Ақ кепкі. Иығынан бастап етегіне
дейін
жарқ-жұрқ етеді. Қаптаған орден-медаль. Ал керек болса!
– Оңбаған ит! – деді алдымен Санақбай.
– Ұятсыз доңыз! – деді Ерлепес іле-шала.
– Осыдан көзіме көрінсін. Бір-ақ атайын! – деді Антонина тот басқан
мылтығын
əрлі-берлі қозғап.
Опырып
жейтін Орбай – бұрынғы пермі бастық. Жекешелендірудің
алақызба
тұсында асап қалғанның бірі. Аузынан ақ май ақтарылып жүріп,
ақыры
аудан орталығына көшкен.
– Осы ауылға жалғыз құрым киізбен келіп еді, пепілдетіп керуен түзеп
көшкенін
қарашы, – деп əйелдер жағы қыт-қыттаған. Оны да қойшы, əлгі
саудыраған
орден-медальді айтсаңшы!


Ел
егемендікке жеткен елең-алаң тұста қысқа жіп байлауға келсе де
күрмеуге
келмей... «Ой, пірім» деген шақта: «Несін айтасың, əлгі Орбайдың
кенже
ұлы бизнесмен екен. Екі қап ұн беріп, Ленин орденін сатып алыпты.
Елу
кило қантқа Еңбек Қызыл Ту, палас төсенішке «Құрмет Белгісін»
сұрапты
. Медаль берсең он қадақ кір сабын ұстатады», – десіп ел-жұрт
елеурескен
. Сауда қызды. Сақал сипағанша небір озаттың өңірін əшекейлеп
тұрған
атақ-абырой сылдыр қағып со баланың қоржынына түсті.
– Əлгі сиыршы Сайлаудың борпаяқ əйелін білесің ғой?..
– Ал...
– Соның да бала көп тапқаныңның байғазысы деп үкімет берген «Алтын
қатын
» деген медалін жымқырып кеткен.
– Тұзақ үзген алаяқ!
– Оны айтасың, Орбай сол орден-медальді жарқылдатып тағып Астанаға
барыпты
. Үй сұрапты. Ондағылар «Ореке, сіздей қадірлі қарияға пəтер
бергеніміз
жараспас. Қонақтаған тауық құсап бірінің үстіне бірі мінгескен
үйде
қалай тұрасыз? Үш қабатты коттедж соғып сыйлайық» деп дереу іске
кірісіпті
.
Корей
шал иегі қалтылдап, əдетінше жанындағыларға бір мойындап
сығалай
қарайды.
– Оңбаған ит! – деді алдымен Санақбай.
– Ұятсыз доңыз! – деді Ерлепес сазарып.
– Осыдан көзіме көрінсін! Бір-ақ атайын! – деді Антонина тот басқан
мылтығын
əрлі-берлі қозғап.
– Онсыз да қасқыр соғатын жағымда отыр екенсің. Күйдірме бізді. Тоқтат! –
деп
Ерлепес ежірейіп барып ес жиды. – Қой алдымызға одан да бір
шөлмекті
!
Бір
уыс бетін көміп кеткен ұсақ-ұсақ əжімдер құрт құсап жыбырлап қашып,
өз
қалтасын өзі тінткен. Ышқырын қопарып жатып төрт бүктелген екі жүз
теңгені
əрең тапты.
Үшінші
шөлмектің басы бұзылған соң арқа-жарқа күйге енді. Дүние
жайланып
, жадырады...


– Соңғы кезде кемпірім түсіме жиі енеді.
Бойын
арақ билеген корей шал тыңнан сөз бастады.
– Жұмаққа кіреді. Саспа!..
– Рас па?..
Тігінші
шалдың мұнда қалай тап болып, тұрақтап қалғанын ешкім тап
басып
айта алмайды. Сөзі шоттың тасындай санаулы. «Камчаткада туып-
өстім
. Түбім Кореядан», – дейтін. Дөңгеленіп піскен майлы тоқаштай
домаланған
кемпірі бар-ды. Ауылда бақша ұстаған жалғыз өзі. Қауын-
қарбызды
көгендегі қозылақтай ғып тізіп, тоқал тамның көлеңкесінде тиын
сауып
отыратын жарықтық!
Осы
Антонина баяғыда көйлек тіктіргелі сол тоқал тамға беттепті. Етженді,
шикіл
сары келіншектің бұлғақтап тұрған кезі. Бояуы жұқа, аспан түстес
көгілдір
көзі күлім қағып, найқала баспай ма? Ішіне құпия бүгіп, наздана
қарамай
ма? Сонда осы антұрған көйлектің өлшемін аламын деп бесті
биенің
сауырындай
былқылдап тұрған бөксесін сипалай беріпті. Сипалап жатып:
– Осы келіншекті-ай, тым болмаса түсімізде оңаша көрсек, бұ дүниядан
армансыз
өлер едік, – депті.
Домаланған
Дусясы түскір қайдан шыдасын, шар ете қалыпты. Шатақ
бастапты
. Матаны жұлып алып терезеден атыпты. Байын жұлып алып
есіктен
атыпты. Əйтеуір, өле-өлгенше осы əйелмен алакөз боп өтті.
Сол
қызғанышты қызылды-жасылды дүние бұл күнде бұлардың көзінде
ғана
қалды. Өзі жоқ. Бұлдырбұлдыр бір елес. Не біржола қашып кетпейді, не
қусаң
жеткізбейді. Зырылдаған қара мəшенкесін құшақтап корей шал, тот
басқан
мылтығына сүйеніп Антонина қалды. Не дерсің бұған?..
– Корея дамып кеткен. Керемет! – деді ақыры жанарында беймəлім жылтыл
оянып
. – Телевизордан көрдім. Көшетін шығармын.
– Россияның жағдайы жақсы, – деді Антонина нарттай қызарып. – Қызым
шақырса
, мен де қозғалам.
– Астана күшті! – деді Ерлепес те қарап қалмайын деп.
– Астана сұмдық! – деді Санақбай өзге сөз таба алмай.


Тот
басқан мылтығына сүйеніп, орнынан əупірімнің күшімен тұрып кеткен
Антонина
дүкенге беттеген.
– Ғазиза ұрсып жатыр, «Айналаны жау шапқандай еттіңдер» дейді, – деп
оралды
. Құрқол қайтпапты.
– Саудасын қыздырып тұрмыз. Одан артық не керек? – Ерлепес ренжіп, бір
қырындай
отырды.
– Сұлтанмахмұт деген жас ақын шығыпты. Сол
«Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болам» деп жазыпты, – десін
Санақбай
қопаң қағып. – Жақында оқыдым.
– Күн болатындар көбейіп кетті. Қорқам, нəлеті, – деп Ерлепес əлі өкпесін
баса
алмай бір қырындаудан жазбады.
– Давай, əн айтайық, – деді Антонина алыстан бір сиқырлы əуен естігендей
басын
екі иыққа кезек тербеп. Басқа былқыл қағып мықын мен бөксе
қосылды
.
– Шырқайықшы, – деді корей шал қолын ербеңдетіп, дирижердің кейпіне
еніп
.
– Баста! Бəріміз мінгесіп айтамыз.
Ерлепес
үш ұмтылып зорға құйрық көтерді. Екі көзін тарс жұмып алған
Санақбай
:
А
y тауыққа жем салмайсың,
Аштан
өлсін дейсің бе? –
деп
лекітіп келіп, даусын енді созам дегенде:
– Өй, қой! Қайдағыны қоқытпай... Ақ тауығың арам қатқан, – деп Ерлепес
кесіп
тастады.– Əнұран қайда? Соны айтамыз! Баста!
Алтын
күн аспаны...
Қапелімде
төрт дауыс төрт жаққа шығандап барып, «Қазақстаным» деген


тұста
ғана бас қосып өтеді. Қайырмаға екінші мəрте оралғанда Антонина
күшейіп
, жігері тасып, тот басқан мылтығының дүмін жерге солқ еткізіп
ұрсын
. Сол сол-ақ екен, сонау желтоқсан айында салынған жалғыз оқ шаңқ
беріп
атылды. Өзі де зарығып тұрса керек. Бүкіл ауыл шаңынан дүр сілкінді.
Бота
-тайлақ бас жібін үзіп қашып, шығандап кетті.
– Россия, спаси! – деп Антонина қос қолын жайып аңырай жығылды.
– Made in Korea! – деп сымдай жіңішке даусымен бажылдап жіберген
тігінші
шал қурайдай боп сол құшаққа құлады.
Кімнен
араша тілерін білмеген Санақбай мен Ерлепес дүкен айнала
жортақтап
қашып, жорғалап бұқты.
P. S. Бір уыс жемге таласқан торғайлар да ұшыпқонып, «алтын күннің»
астында
шырылдап жатты.
SOR
Саин
көшесінің төбесінен жұлдыз аққан. Жіп сəулесін соз-зып...
Таудан
ескен самалдың өңеші тұп-тура Жандосовтағы айналмада
тұрғандай
. Салқын, сызды ауа қыздарды тітіркентіп жіберген. Түн ортасы
ауып
барады. Іңір қараңғысында өзен бойлай өскен шоқ тоғайдай қарасы
қалың
еді. Сирей-сирей селдіреді. Соңғы күйексақал біреу бұларды қоймай
айналсоқтап
баққан. Сұрмас неме мырза қолын қалтасына қайта-қайта
сұққанымен
, түрінен сескенді ме, көңілін берер қыз табылмады.
Ақыры
екі-үштен бөлініп, Ташкент даңғылына қарай құлаған. Ара-тұра
жеңіл
көліктің өткір жарығы ғана ылдиға дедектеген қыздардың тырна
бұттарын
сүзгілеп өтеді.
Бəрінің
де дидары бірдей-тін. Ай нұрының өзі абайлап аймалардай. Тек
аттары
ғана өзге. Оны да өздері ойлап тапқан.
Жалдаған
үш бөлмелі пəтерге топырлай енді. Əдеттегідей сықылық атып
сайран
да салмады. Көпіртіп ақша да санамады. Ерте көктемнің сəтсіз
күніне
өкпелі еді.


– Ертең кеш саунаға барамыз. «Мама» Катя звондады, – деді бір оймақ ауыз.
– Рах-хат, – деді жанындағы күлімкөз сағыздай созып. – Үйреніп қалдық.
– Шықпайықшы содан.
– Алиса ғашығын көреді.
– Өзіміз ғой. Айсара десеңші...
Айсара
тозығы жеткен кереуетте бетін бұрышқа беріп бүрісіп жатқан. Суық
алған
бойы жылынып, ұйқы меңдей бастады. Кірпігі айқасқан тұста
əжесінің
«Тоңдың ғой, қарғам» деген даусын тағы да еміс-еміс естігендей болды.
– Түйе жүн көрпеңді жапшы, əже...
Ылғи
осы. Көзі іліне бастаған ұйқылы-ояу шақта құлағына ұя сап қалған
осы
үн алыстан талып барып жетеді. Көрпенің бұрыш-бұрышын қымтап
жатқан
аялы алақанның жылуын сезеді.
– Сағындым, – деді сосын үзіп-үзіп күбірлеп. – Алып кетші...
– Депутатын айтып жатыр, – деді оймақ ауыз.
– Ертең барасың. Асықпа, – деді күлімкөз.
– Дəмесінің зорын! – деді аш белі солқылдап тұрған бірі сүт тайлақтың
өркешіндей
омырауын селкілдете күліп.
– Қойыңдар, қыздар, – деді естиярлауы тар төсекке əрең сыйып жатқан
құйрығын
аударып-төңкеріп. – Əлі уыздай ғой. Он екіде бір гүлі...
– Қайдағы? Бес-алты гүлі ашылып қалған.
Ду
ете түскен. Тəтті ұйқы тереңіне тартқан Айсара үй төбесінен үріккен
кептерлер
екен деп ойлады. Əне, қоймай қанат қағып барады.
Əжесін
сағынған. Сосын жіңішке ауру айналдырған шешесін, биыл мектеп
бітіретін
жалғыз інісін. Ауылға деген аңсары осымен ғана шектеледі.
Өзгесіне
келгенде ойы бұрып қашып, кібіртіктей береді.
Айнаның
бетін бермей қылтиып өскен. Ашаң əдемі жүзі, қыр мұрны, қиғаш
қасы
, тілерсек қаққан толқынды шашы...
– Қарағым, ертең құда келіп... Той жасап ұзатып... Тəуір төрде, төрт қабат


көрпенің
үстінде құдағи атанып отырар ма екем? – деп қолтоқпақтай қара
кемпір
өз ойына өзі семіретін.
– Қойшы, əже, – дейтін бұл іштей өзі осы сөзді қалап тұрса да құлағына
қызыл
шауып.
– Мен де сендей болғанмын, – дейді əжесі пейілденіп. Ондайда көзі
нұрланып
, бетіне батқан əжімдері тарайды. – Əлде əке-шешемнен осындай
кемпір
боп туды дейсің бе? О несі-ай?!
– Атам аларда құда түсті ме?
– Түспей кетсін, – дейді əжесі қызыл иегін көрсете күліп. Күлсе күлгендей...
Жер
бетінен жарты құлаш шығып тұрған жер үй болса керек. Төбесі қамыс,
күбірмен
жабылған. Ортасын ойып қондырған жалғыз терезе. Оның өзі
жартылай
əйнекті, қалған жеріне қойдың қарны жарыса кептелген. Үйге
елең
-алаң жарық түсіріп, аспанды сығалайды да тұрады.
– Аршыған пияздай боп оң жақта отырған кезім. Атаңды көріп жарымадым.
Сырттай
атастырып қойыпты. Өлтіріге деп жарты қап тары, бір тоқты
атапты
. Кешкі алаң-құлаңда құдалар сау ете түсті.
Той
күнін келісуге келіпті. Саулама пештің қуысын тасалап отыра қалдым, –
дейді
əжесі тап бір отыз күн ойын жасап жырғаған қыздай қызықты жерін
теріп
айтып.
Атасы
жас кезінде жылдамшыл болған көрінеді. Құдаларды табалдырықтан
аттата
сала аттарды аулаққа апарып қаңтарыпты. Өзі жер үйдің маңын
торуылдап
жүріп алыпты. Қашанғы жүрсін, қалыңдығын көргісі кеп
ынтызары
аумай ма? Еңбектеп жетім мұржалы жер үйдің төбесіне
көтеріліпті
. Əлгі аспанды сығалап тұрған жалғыз терезеге екі бүктетіліп
еңкейіпті
. Барын базарлап отырған құдалар алдарына табақ толы етті енді
ала
бергенде...
– Төбе омырылып, терезе ұшты. Онымен қоса атаң құлады. Көк ала шаң.
Шешем
баж етіп талып түссін. Пері деп ойлапты.
– Сосын?
– Ынтығуын. Мойнына терезені қамыт қып іліп алған атаң қақ ортада. Ес-
түс
жоқ. Туралып жатқан еттің үстіне төбесімен шаншылып қалған. Əкем
жарықтық
сырбаз адам, «Бір табаққа бір бас та жарайтын еді ғой» деп


болашақ
күйеу баласын қолтығынан сүйеп жатыр дейд.
Əжесі
өткен күннің елесіне арбалып, қызыл иегін көрсетіп күледі. Күлсе
күлгендей
...
– Сөйткен байды да соғысқа қидық. Жұрт құсап жолдан бала тауып, «əлди-
əлди
, ақ бөпем» деп ортекедей секіртіп отырсақ қайтер еді? Жалғызды
алданыш
қып қалдық. Оны да Құдай көпсінді, – деп əңгімесінің аяғында
кемсең
қағып кететін...
Айсара
оянып кетті. «Уф-ф» деп жеңіл күрсінді. Қыздар тегіс ұйқыда.
Бірқалыпты
, жарыса тыныстайды. Əлден уақытта оймақ ауыз тісін қытыр-
қытыр
қайрап басылды.
– Рах-хат! – деп қол созым жерде жатқан күлімкөз сөзін сағыздай созады.
Ұйқысырап
, үстіндегі жеңіл жамылғыны шапалап тебеді. Тоқ балтырлар
торға
түскен ашқарақ шортандай арпалысып жатып тыншыды.
Жаурап
кеп қатты ұйықтаған соң ба, денесі жадырап қалыпты. Көзін жұмып
еді
, көңіл мен көкіректе қонақтап қалған көп көрініс əдеттегідей ерік бермей
кетті
...
Мектеп
бітірер жылы ғой, көрші ауылдың көркем жігітіне ғашық болатыны.
Əскерден
жаңадан босапты. Жездесінің үйіне қыдырып келген беті екен. Би
кешінде
танысты. Бойлы-сойлы, қараторы, қоян көздеу жігіт содан басқан
ізін
баққан. Қайыс белбеуінің жез тоғасы жылтырап ауладан сығалайды да
тұрады
. Қарап жүрмей бесінші сыныпта оқитын інісін жарылқапты. Əскери
арзанқол
төсбелгінің жылтыратып өңіріне күнде бірін тағып келеді. Орнына
тəтемді
берем деп саудаласса керек. Уəде қысып, мұрнының ұшы тершіп:
«Шықсаңшы, күтіп қалды ғой», – деп дігір салып бітетін. Тостырып барып
көрінетін
. Сол көктемде бала махаббат оянып, құшағына ала түсті...
Бұл
кезде қолтоқпақтай қара кемпірден де маза қашқан. Қора-қопсыны
тінтіп
жүріп қойдың жабағыкүземін жинастырған. Ақ көбік қып жуып, ақ
сабаумен
төпелеп сабап ұйысын жазған. Көрші-қолаңды адақтап кетіп
түйенің
жүнін, құстың мамығын тауып қайтқан.
– Қой жүнінен төсек көрпе тігемін. Түйенікі жамбасыңды қыздырып
жатқызбайды
. Жамыл көрпе жасаймын. Құс мамығы – көпшікке. Ертең
қарғамды
ұзатқанда... – деп əжесі сүрініп-қабынған.
– Қойшы, əже, – дейді бұл жіңішке ауру айналдырған шешесінің аузына


сусын
тосып жатып.
Өзбектің
батсайы жолақ жібегінен төсек көрпе оңай тігілді. Есесіне жамыл
көрпе
əжесін əбден əуреге салды. Екі адамға еркін жететін көрпенің тысына
түйе
жүнін қайтіп жазып төсеуді білмей дағдарды. Соңғы қоңыраудан соң
үйіне
келсе, тым-тырыс. Үйдің үлкен жағының жартысын алып жатқан
көрпе
тыстың бір бұрышы ғана бүлкілдейді. Бақса, əжесі. Жүнді уыстап
алып
, көрпе тыстың бір шетінен еңбектеп кіріп кетіп жүрген. Жай жүрген
жоқ
:
– Ертең қарғамды ұзатқанда... – деп күбірлейді. Есіктің жақтауына сүйеніп,
сілейіп
тұрып қалыпты. Артынша қолтоқпақтай қара кемпірдің басы
көрінді
. Іннен шыққан қонжықтай сығырая қарайды. Аузыбасы
дымқылданып
, қылшық-қыбыр жабысыпты. Сыңқ етіп күліп жіберді.
– Əкең тірі болғанда, əлпештеп... – Теріс айналған. Бұрқ етіп көзіне жас
келді
... – Алла маған бір бай бережақ, – дейді естиярлауы қорылын үзіп, тар
төсекке
əрең сыйып жатқан құйрығын əрі-бері аунатып.
– Дəмесінің зорын! – дейді аш белі солқылдап жатқан қыз бастығырылып...
Күзге
салым ойды-қырды кезіп, бауырымен жорғалап өсек жеткен. Көрші
ауылдың
көркем жігіті колледж бітірген мұғалім қызға сөз салыпты.
– Тең сыйласып, құйрық-бауыр жесетін құдамыз болса жоқ. Жетім нарша.
Өзі
оқымаған. Теңіміз емес. Аулақ жүрсін, – деп шешесі ұлының адымын
аштырмапты
.
Ашаң
, əдемі жүзі қуарып сала берген. Қыр мұрны қусырылып, тілден
қалған
. Ұйқы қашып, үсті-басы күйіп-жанған. Содан оңала алмады. Кісікиік
боп
бара жатты.
Үйге
кірсе алдынан əжесі тіккен төсек-орын шығады. Қызылды-жасылды
боп
қаз-қатар жиналған көрпенің үстінен екі көпшіктің құлағы едірейіп
«енді қашан?» деп бұған қарайды да тұрады. Бетін бұрып əкетеді.
Келер
көктем Алматыға аттанды. Оқуға ниеттенген. ҚызПИ-ға құжат
өткізген
. Қырсық шалды. «Құладың», – деді. «Жер көтерер», – деді іштей
қатайып
... Ары қарай ойлауға зауқы жоқ.
Иə
, иə, əжесі... Енді не істеп жүр екен? Ылғи кешкісін інісіне жыр оқытатын.
Аттың
тоқымындай ғып алдына «Қозы Көрпеш – Баян сұлуды» өңгеріп
алған
інісі:


...Дінсіз шал ақылы жоқ өрге қашты,
Қызымды
жетім ұлға бермеймін деп, –
деп
заулата жөнелгенде:
– Тоқта! Кеше ғана берем деп еді ғой. Кері оқышы, – деп оң құлағын
кимешегінен
шығарып, оңтайлап отырған əжесі күйіп-піседі...
Мейрамханаға
даяшы боп орналасқан. Сонда ғой əлгі бизнесменмен
танысатыны
. Қияқ мұрт, қырма сақал, келісті-ақ жігіт. Көңіліңді айтпай
ұғып
, аяқ ұшымен елпілдейді де тұрады. Күндіз базарда борбайлап шауып,
сауда
-саттығын қыздырады. Кештетіп алқынып жетеді. Келе-келе жетім
көңіл
жібіді. Сүйкімі артты. Оңаша қыдырып, ойнады-күлді...
– Əжем ауылда көрпе-көпшігімді əзірлеп отыр, – деген ұяң ғана. Қияқ мұрт,
қырма
сақал, келісті жігіт жарқылдап күледі.
– Аламыз бəрін... Үйленерміз. Əзірге, мə, қажетіңе жарат, – деп қолына мың
доллар
ұстатқан.
Сол
күні ешкімге айтпай дүкен кезді. Болашақ тойыма деп əдемі ақ көйлек
сатып
алды. Ұйқастырып ақ төпли таңдады.
Алматының
ақ сарайдай əдемі мейрамханасында той өткізер. Екі жарылып
дуылдап
«Жар-жарлап» тұрған қалың елді қақ жарып қол ұстасып келе
жатыр
. Əлде ақ көйлегін малынтып, етектің ұшынан ақ төплидің сүйкімді
тұмсығын
ғана көрсетіп, қолына əлдилеп көтеріп алар ма? Даяшы қыздар ақ
білектерін
əуелетіп аспанға атып шашу шашар. Асаба жігіт жағын сауып
«Беташарға» басар. Домбырасының басын бұлғап-бұлғап жіберіп «Қайын
атаңа
бір сəлем» деп қалғанда, бақыттан бал-бұл жанып тұрған бұл сəмбі
талдай
иіле берер-ау.
Иə
, иə, əжесі... Қамзолының қаусырма белдігін əспеттеп тағып тойдың
төрінде
тұрар. Жалғыз інісі таң-тамаша қалып əжесіне тығыла түсер.
Мұндай
сəнсалтанатты бұрын-соңды көрді дейсің бе? Тек жіңішке ауру
айналдырған
шешесі ғана...
Име
қастың үстінен ұсақ-ұсақ əжімдер жүгіріп өтті. Келесі жолы сүйіктісін
алып
-ұшып қарсы алғанда, алыста жатқан бір салқындықты сезген.


«Жұмысым мазасыз, дұшпаным көп, аттап басқанымды аңдиды», – дейтін.
Құлазыған
көңілін соған сайған. Ал-
матының
төрінде арпалысып жүру оңай дейсің бе?
– Үш айлық сияқты... – деген ерін ұшымен жатырын алақан жүгіртіп сипап.
– Ə, жақсы екен. Күт! Ораламын!
Содан
ұшты-күйлі жоғалды. Күте-күте зарығып үйін жағалаған. Жалдаулы
пəтер
екен. Иесі өзгеріпті. Қаптаған дұшпаны табысын көре алмай зақым
жасады
ма деп табанынан тозды.
Бай
болып, барша мұратына жеткізер əдемі ертегі еді. Еліктіріп-
солықтырып
ақыры əр көшеде адастырды. Жүрегі сазды. Көзі қарауытып
отыра
кеткен. Көкірегінің басында түйіншек боп тұрып алған өксік
кептелсін
. Сол сол-ақ екен, ыстық жас еріп төгіліп, əл бермей кетті. Даусын
шығармай
, ернін тістелеп жылаған. Мынау жарық дүниеге деген бар өкпесі
мен
өкініші кеудесіне тарам-тарам боп құйыла берді.
Тас
көшеде тағалы аттай тық-тық басып бара жатқан қалалықтар селт етер
емес
. Жанына келгенде белеңі бар бестідей басын қайқаң еткізіп өте кетеді.
Өтсе
кетсін...
Сауық
-сайран театрынан шығып келеді екен. Жанып тұрған жұлдызбын
дейтін
əнші қыз қолтығында. Жалаңаш белінен жапсыра құшақтап, алшаң-
алшаң
басады. Жайнаң қағып, жарқылдап күледі. Теріс айналғысы келген.
Бұрыла
алар емес. Бойына діріл жүгіріп алқынды. Сосын жылдамдап басып
кеп
:
– Тоқтаңызшы! – дегенін біледі. Жатырындағы титімдей тіршілік иесі де
бүлк
ете түскен.
– Ыш-то?
– Кішкене кідіріңізші.
– Танымадым, қарындас. – Келісті жүзі кеберіп кетті.
– Бұл кім өзі? – дейді əнші қыз жігітке еркелей басын сүйеп.
– Какая-та дура!..
– Білгенбіз, табанына сынап жаққан алаяқ, – десті даяшы қыздар.


– Əйелі, екі баласы бар.
– Тоқалын жəне ұстап отыр.
– Екі күндес ақшаға таласып шаштасады да жатады деседі.
– Айтпадыңдар ма маған? Жыртақтап күледі:
– Туып алсайшы балаңды... Асырайсың ғой. Мейрамханадан қалған
тамақты
жеп онсыз да тауыса алмай жүрміз.
Іштей
қатайған. Ашаң жүзі сылынып, арықтап, қыр мұрны қусырылып,
тілден
қалған. Көкірегінде ұят пен ыза беріш боп қатып тұрып алды. Ұйқы
қашып
, үсті-басы күйіп-жанған. Кісікиік боп бара жатты.
Иə
, иə, əжесі... Мұның мына халін көрсе не дер еді? Тəтті үмітті талғажау
ғып
жүрген қолтоқпақтай бейшара бір уыс боп бүрісіп қалар. Тобанаяқ боп
табалдырықтан
аттауы мұң болар.
– Біліп едік. Айтқанымыз айнымай келді. Қырық үйден тыйым көрмеген
қыз
осылай ойнақтап от басатын, – деп көрші-көлем шешесін жерлеп бітер.
– Шоқ, шоқ!
– Кешір, – деді сондай арпалысты шақта жатырын сипап. – Дүниеге тағы
бір
алаяқ, алдампазды əкелмеу үшін мен сенен құтыламын. Кешіре гөр
мені
!..
Араға
алты ай салып Саин көшесінде тұрды.
Таң
қылаң беріп қалыпты. Жанындағы қыздар тəтті ұйқының құшағында.
Естиярлауы
ғана тар төсекке əрең сыйып жатқан құйрығын əрі-бері
аунатып
, баяу қорылдайды.
Кірпігі
қамасты. Əжесінің «Тоңдың ғой, қарғам...» деген даусы алыстан
талып
жетті.
– Түйе жүн көрпеңді жапшы, əже...
Сəскеде
оянды. Жуынып-шайынды, боянды.
– Айсара, хат келді, – деді дүкеннен оралған күлімкөз.
– Алақай, бір шөлмек виски, – деді оймақ ауыз бір езуіне тілін қыстырып.
– Ішеміз, – деді аш белі солқылдап тұрғаны темекі түтінін қолымен қуалап.


– Желікпеңдер... Қазір саунаға барамыз. «Мама» Катя келеді, – деді
естиярлауы
қабағын шытып. – Кəне, шай ішейік.
Хат
биыл мектеп бітіретін жалғыз інісінен екен.
«Алтыннан ардақты, күмістен салмақты Айсара апамызға сағынышты
сəлем
, – деп бастапты. – Апам тəуір боп келеді. Алла жазса, Алматыға сені
оқуға
өзім алып барам деп отыр. Бəрі қызымның арқасы, жұмысы жақсы,
табысы
мол екен деп сенен көп ақша алған күні қуанып, көрші-көлемге шай
берді
. Бəрі саған батасын беріп тарқасты.
Əжем
«Қозы Көрпеш – Баян сұлуды» əлі оқытып жүр. Көп жерін жаттап
алдым
. Шудан Аягөзге қашып көшетін жеріне келгенде «Жүзіқара
«балалардың бағын байламайық» деп байына неге айтпайды?» деп
Қарабайдың
əйелімен араздасып қалды. Алматыда жаңадан шыққан
ғашықтық
эпос болса салып жіберсейші... Қашанғы бір жырды оқи берем?..
Айтпақшы
, əжем кеше саған арнап тіккен көрпекөпшіктің бəрін сыртқа
шығартып
маған қақтырды. Шаң тұтып қалған екен, қайта жинап қойдық...»
Айсараның
көзінен ащы жас үзіліп, оқушы дəптеріндегі жазу бір-біріне
қосылып
кетті...
Бəрінің
бауыр басып қалған саунасы осы. Көп тостырмады. Көздері оттай
жанып
бес-алты еркек кіріп келе жатты.
– Ө-о, – дейді əукесі салбыраған біреуі қаз-қатар тұрған қыздарды көзімен
сыңарлап
шығып.
– Жəке, таңдаңыз! Мына қыздың омырауы тастай екен, – деп шұнтиған
біреуі
жалбаң қағады. – Сізге лайық. Бізді қойшы.
– Ө-о, – дейді онысы сүзісе-сүзісе мүйізі мұқалған кəрі бұқа құсап. –
Əуелден
сұлу жайы сізге мəлім.
Төсек
бағасы төленді... Судан шыққан тауықтай үрпиісіп əрқайсысы бір-бір
бейтаныс
еркектің құшағында кетті...
Оңашалықты
бағып екінші қабатқа көтерілген. Əдеттегі терезе алдына
келді
. Көрші коттеджге көз тікті. Депутаттың үйі. Алдымен теледидардан
көрген
. Орта бойлы, орнықты азамат халқым деп қабырғасы қайысып
сөйлеген
. Елім деп еңіреп, жерім деп бəз біреулермен жаға жыртысуға
барған
. «Бар екен ғой намысты ер», – деген Айсара сонда көңілі алып-


ұшып
. Кейін табақтай-табақтай суретімен қоса газеттерден де көрді,
радиодан
да лебізіне құлақ түрді. Сөзі неткен сіңімді?! Қара тырнағыңа
дейін
жыбырлатып жібереді.
– Арзан үй керек жастарға, жұмыс керек, күй керек, – деп күңіренген. –
Шетелге
бала беру – қылмыс! Аналардың жұмыс күнін төрт сағатқа дейін
қысқарту
керек! – деп қазаққа көп керекті теріп айтып əлдекімге ақырған.
Тусаң
ту!
Шын
жақсының қандай болатынын алты алашқа сөйтіп танытқан. Жай
ғашық
емес, мұндай жанның жолында садаға кетсе аз. Ержетіп қалған екі
ұлы
, сілеусін көз əйелі бар. Онысы керім пысықай көрінді, аяғы қозғалса,
аузы
жалпылдап тыным таппайды. Қайтсін, үйдегі үш еркектің қас-қабағын
бағу
оңай ма? Бір жылдан бері осы саунаның терезесінен біреу байлап
тастағандай
телміреді де тұрады. Ел құрметіне бөленген ерді сыртынан
болса
да бір көруге зар.
Өзінің
де осы терезеге бірер мəрте қомағайлана, тоймай қарағаны бар.
Алыстан
ынтық, өзіне шексіз берілген бір қыздың мынау жалғанда бар
екенін
сезген шығар, бəлкім? Тірліктің мың тарау айла-шарғысына жіпсіз
байланып
қалған тəні – тəрік, жаны – есен бір мұңлықтың шырылдаған
даусы
торғайдың үніндей боп құлағына жеткен де. Əкеден көрмеген, өзге
еркектен
таппаған, ішкі жан дүниесін əлдилеген бір жылы ағысты ылғи осы
адамнан
сезетіні несі?
Əне
, жеңіл киініп аулаға өзі де шықты. Қабағы қату. Əрлі-берлі теңселіп
жүріп
алды. Халық мұңына кəтепті қара нардай арқа тосу қайдан жеңіл
болсын
?! Өз арманына осылай өзі тойып, тоқ басып тұрғанында:
– Ғашығың жүр ме? – деді жанына мысықтабандап жеткен күлімкөз. –
Депутатыңды
айтам. «Мама» Катя келе жатыр. Ашулы көрінеді. Саған.
– Мен не жаздым?
– Оймақ ауыздан сақ бол дедім. Ұшып-қонып сол жеткізіп жүр...
– Кімге?
– Мен ештеңе көргем жоқ. Айтқаным жоқ...
Сол
сəтте сарт етіп есік ашылған. Сақпанның тасындай атылып ішке
сілеусін
көз əйел кірді. Соңында


«Мама» Катя. Онысы жуасып тұр.
– Қайда əлгі қаншық?! Қайсысы?! – деді көрші бəйбіше салған бетте.
Қаз
-қатар тұрған қыздар қамыс басындай қалтырап кетті.
– Мынаусы, – деді Айсараны сұқ саусағымен нұқыған қамқоршысы. – Осы!
– Ə, сен бе менің күйеуіме көз салған?! – деп келе бес саусақты бойлатып
шаштан
бүрді. – Көрсетейін ғашықтың қандай болатынын! – Беттен осып
кеп
жіберді. – Біздің саунада сайранды салғаны аздай... Сайқал неме...
Бұл
қалай?.. Не дейді мына сілеусін көз əйел?
«Біздің саунасы» несі?! Халықтың қамқоры, аузындағы қызыл тілі,
жарқыраған
қос жанары сол, сол емес пе еді? Бетінің ажары қашқан, көптен
тумысы
бөлек тұлға емес пе еді?!
Жасындай
соққан осы ой Айсараның арманын аяусыз таптап, жанын
шабақтай
түсті. Осы күнге дейін қиналса да құлатпай сақтап келген
сүйеніштерінен
қас қағымда айырылып қалған-ды. Қапелімде қарманарға
қара
таппады.
– Мен жай ғана... Тəте, сырттай ғана...
Көз
алды жарқ етіп, қызылды-жасылды оттар шашырап құлады.
– Жай ғана... Дүниені құртқан сайқалдың сөзін көрдің бе сен?
Оң
көзі аштырмай, езуінен аққан қан сүп-сүйкімді иегіне сырғып бара
жатты
.
– Əй, қатын, не сілейіп қалдың? Сені де қудыртам жұмыстан! Күйеуіме
айтып
.
Осыны
тосқандай «Мама» Катя да біз өкше төплимен бүгіле берген мұны
іштен
ышқына тепкен. Тізіле қалған орындықтарға соғылып, домалап түсті.
Зорға
еңсе тіктеді.
– Тоқтаңызшы! – деді жан дауыспен. – Сауалым бар!
– Айт, албасты!
– Менің де ғашық болуға қақым бар шығар? Менің де бай ұстап, бала
сүюге
... Менің де өмір сүруге... Тым құрығанда армандауға...


– Жоқ! – деді сілеусін көз бəйбіше одан бетер құтырынып. – Өңкей құл-
құтан
! Бізбен теңескісі келеді. Жоқ!
Төбесінен
таяқ жауып кетті.
Аулада
жатып есін жиды. Жер таянып тұрды. Езуінен аққан қанды алақан
жүгіртіп
сүртті. Айналаны шола қараған. Ерсілі-қарсылы шапқылаған у-
шуды
ұлы қаланың ынсапсыз өңеші жұтып жатқан сынды. Жым-жырт.
Қыздары
да зым-зия жоғалыпты. Күн де шоқтай қызарып, көкжиекке
еңбектеп
қашып барады екен. Алатаудың басын ақшулан бұлт шалыпты.
«Тоңдың ғой, қарғам!..»
* * *
Сол
күні Саин көшесінің төбесінен тағы бір жұлдыз аққан. Жіп сəулесін
соз
-зып...
БИ
Сол
күні Атырау қаласының аэропортына шет елдің кеңқұрсақ ұшағы
ыңыранып
келіп қонған. Тағатсызданған жолаушылар төгіліп түсті.
Қыркүйектің
алғашқы аптасы. Күн шуағын сахилықпен үлестіріп, райлана
қалыпты
. Аспандағы ала бұлттардан ығыр болған қалың нөпір күту залын
кесіп
өтіп, сыртқы есікке лап қойды. Əжім оюлап тастаған келісті жүз,
кербез
қимылмен Камилла ғана топ ішінен оқшау көрінеді. Асығар емес.
Етегі
тобығын түрткен көк көйлектің қос сан қайшыласар тұстағы екі тиегін
еркіне
жіберіпті. Тобылғы түсті тоқ балтырлар «курортқа барып, күнге
қақталып
келе жатырмын» дегендей, аттап басқан сайын əлдекімнің
көзақысын
суырады.
Іргедегі
Орал қаласында тұратын. Əншейінде андағайласып күтіп алушылар
бұ
жолы кешігіпті. Тағатсызданып айналасына алаңдаған. Құлаққа
жармасқан
көгілдір жақұт қос сырға да біреулерді жоқтағандай жалтыл
қақты
.


Жүзінен
ренішті діріл жүгіріп өтіп, ұсақ-ұсақ əжімдері сынды. Алқымы
қызарды
. Жұмсақтық жоғалып, аялы қара көздердің қайраты оянды.
– Əй! – деді сосын өктем үнмен бойшаң теректің көлеңкесінде тұрған
сыптығыр
, сұлу мұрт сары жігітке. – Таксиссің бе?
Онысы
селк етіп, сызылып күледі.
– Бол десеңіз, болайық.
– Оралға жеткіз! Не сұрасаң да...
Көнетоз
«Мерседес» көлбеңдеп айдау жолын тапты. Артқы орындыққа
жайғасқан
Камилла аз-кем тыныштанды. Əжім оюлап тастаған келісті
жүзінде
мана үркіп кеткен жылылық қайта қонып, ұшып жүр. Мынау не
дейді
, əй? Жай ма? Көрпе астынан күбір-
легендей
болмай даусын шығарса қайтеді? Е...
– Қолыңыздағы көгілдір жақұт жүзік бетіңізді сипаған сайын алдағы айнаға
шағылысып
, көзімді қарықтырып келеді, – дейді ғой жазған.
Баяғыда
күйеуіне еркелегенде тəп-тəтті ернінен екі елі тілін сүйірлеп
көрсетіп
үн-түнсіз күлетін. Аялы қара көздері айналасына сиқыр мен
сұлулықты
қоса қабат үлестіріп, жайнақтап тұрушы еді-ау! Сол күлкіні
қайта
тірілтті.
– Атың кім осы?
– Жəнібек.
– Жарайды. Руліңе ие бол!
Күйеуі
жарықтық көңілі кең, келісті-ақ азамат еді. Соның арқасында шығар,
өмір
бойы алтын тұтқалы ерініп ашылар емен есіктердің төрін босатпай
өтті
. Қарауындағыларға да жайлы-тын. Зейнетке шығар алдында Оңтүстік
Африканы
армансыз аралатқан. Жартасты жағалауда кісіден үрікпей
қойындасып
жүзетін пингвиндермен қоса шомылған. Жібек шəлінің
бетіндей
шымырлап қалған суы неткен сүйкімді еді?! Өн бойыңды аялай
сипап
, жылы ағыс боп қытықтап құмарын қаралай қоздырған. Сонда ғой
Кейптаунның
қымбат дүкендерін кезіп көк көйлек, көгілдір жақұт, сары
көйлек
, сарғыш жақұттарды самсатып сыйлағаны.
– Қос-қостан алып қайтесің? Мені ұзатайын деп жатқан жоқ шығарсың? –


деген
сонда тəп-тəтті ернінен екі елі тілін сүйірлеп көрсетіп.
– Көгі – біздің өтіп кеткен жастық шағымыздың белгісі. Ал сарыны ертең
мені
сағынғанда киерсің.
Жүрек
тұсын сипап жұмсақ жымиып тұрған күйеуінің қоңырқай жүзінен
бір
қауіпті сезген.
– Қайдағыны айтпаш! Елге барған соң асықпай емдел. Таста жұмысты.
– Көрерміз.
– Кім ауырмай жатыр?
Сол
сөзіне періште «Əумин» деп жіберіпті. Араға алты ай түспей жатып
иініне
сары көйлекті ілген. Сарғыш жақұттарды самсатып таққан. Жалғыз
басы
қыдырып қайда барсын? Шүкірлігі кем қоңырқай кештерде мұңды
азық
қылатын. Қиялға сүйенетін. Жылдар жылжыған сайын сары көйлек
тұрмақ
сағыныш та тозады екен.
Алыстан
көзін ашып-жұмып Оралдың оттары да көрінді. Жол қуалап
діңкелеген
сыптығыр, сұлу мұрт сары жігіт артқа мойын бұрып:
– Шаршаған жоқсыз ба? – деп сызылады. Қатары бұзылмаған аппақ тістерін
ақсита
күледі. Мана байқамапты, өзі көрер көзге көп-көрім екен.
– Жоқ, рахмет! Көптен таксиссің бе?
– Бірер жыл. Инженер едім. Бала-шағаның қамы.
– Отбасыңда кім бар?
– Əйелім – аты Əсем. Сосын бір ұл мен жалғыз қыз.
– Жақсы екен, – деген бұл неге риза болғаны белгісіз. Əжім оюлап тастаған
келісті
жүзін алақан жүгірте сипап. – Мына көшеден оңға бұрыл! Əнеу
тұрған
биік коттедж.
Камилланың
курорттан оралғанына бəрінен бұрын қуанған иті мен мысығы
болды
. Көршісіне тапсырып кеткен. Лəззаты арсалаңдап келіп мойнына
асылып
босатар емес. Сағы мияулап тізесіне қарғып əлек. Екеуін де асырап
жүрген
жарықтық күйеуі. Көз ашпастан алып келіп бəйек болған.
– Еркек күшікке Лəззат деп ат қойғаны несі? – деген сонда бұл.
– Неше түрлі иттік қылықтарынан лəззат алып отырамыз. Оның несі


жаман
? Қарашы, сүтті қауып ішіп жатыр. Қабаған болайын деп тұр.
Мысығымызды
Сақ дейік. Мұрны қып-қызыл. Иісшілдің тұқымы.
Тотықұс
сатып алсақ, Терге дейік. Торда қамалып отырса да үйге кірген-
шыққанның
бəрін тергепмошқап бітсін, бəлем!
Қоңырқай
жүзінен күлкі айырылмай тұрған келісті кейпі көз алдында
көлбеңдей
берді. Фəниден ерте өтерін біліп, ес болсын деген ғой. Ол тірі
болса
, курортты жалғыз өзі жабырқап кезер ме еді? Ол тірі болса, түн
ортасында
таксилетіп жүрер ме еді? Тұр ғой «Лэнд Крузері» ақалтекенің
арғымағындай
боп қаңтарылып, ер-тұрманы бар да, иесі жоқ. Ол тірі болса...
Құрысыншы
, жеті жыл жоқтағанда моладан басын бір көтеріп жеті ауыз сөз
айтуға
жарамады...
– Шаршап келдіңіз. Мен қайтайын, – деген Жəнібек бөлмеге қол жүгін
көтерісіп
кіргізіп жатып. – Артығымен төледіңіз. Рахмет.
– Түн ішінде қайда барасың?
– Қонақ үйге. Таң қылаң бере кері жүрем.
Жүзіне
анықтап қараған. Көзінің жігері бар. Ішкі ерік күші де, тəуекелі де
бетінде
қалқып тұр. Өрге салсаң ойланбай озатынның өзі сынды. Машина
қажытқан
шығар, тек сұлу мұрты сұйқылтым тартыпты. Мұндайларға
тірліктің
ұсақ түйткілдері теңдік бермей кес-кестейді. Мысын басып...
Əйтпесе
...
– Қон осында. Қазір шай жасаймын.
Дастарқан
басына шырт-шырт түкіріп лезде шəйнек те жеткен. Жанынан
томпаңдап
қысқа мойын аққұман да қалар емес. Виски де бой түзеді. Сары
май
мен жапсарласа жатқан қара уылдырық көздің жауын алады. Мырза
қолмен
туралған сүр қазы қандай?! Дөңгеленіп барып таңдайыңда еріп
жоғалады
.
– Кел, Жəнібек, – деді Камилла өзімсіне, вискидің ындыны кең бокалына
мұз
тастап жатып. – Тартып жібер! Тыңайып қаласың.
Əңгіме
қызып жүре берген. Əсем мектептің мұғалімі екен. Қызы
университеттің
үшінші курсында. Ұлы тентексоқтау боп оқымай қалыпты.
Жұмыс
іздеп жүр дейді.
– Өзім зауыттың мынау деген инженері едім. Басшы ауысты да, қысқартуға


түстім
. Қызыма құда келгелі отыр. Амал жоқ, жол бағып таксист боп кеттім,
– деген вискидің қуаты бойға шым-шымдап жайылған соң тілінің тұсауы
босап
. – Болашақ құдамыз мұнай саласында, дəулетті көрінеді.
Қоржындарын
өңгеріп сау ете түссе, қуықтай екі бөлмелі пəтерімізді қалай
көрсетеміз
деп қаралай жерге кіріп болдық. Ақшасы жоқ адам да бір бұ
заманда
, тобанаяқ та бір.
– Айтшы, айына қанша табасың?
– Мың доллардың маңы.
Жəнібектің
үзіп-жұлып айтқан əңгімесі вискиден сыңар қасықтап ұрттаған
сайын
мұның жанына жаға түскен. Алдын ашып жіберсе, ескен желдей
аңқылдай
соғар азамат екенін мана байқамады ма?
Қызыл
ағаштан қиыстырып ойған алуан жиһазға көз құмары қанбай
отырған
Жəнібек бір уақ:
– Ағамыз... – деп қалып еді, Камилла сөзін аяқтатпай кесе салды:
– Жесірмін. Құдай бізден жұртқа қиған бір шаранасын да қызғанды.
Жақсыны
жоқ жерден қысатын əдеті ғой...
Алқымы
қызарып, əжім оюлап тастаған келісті жүзінде өкініш пе,
шарасыздық
па – шарпысып жатты. Аялы қара көздерінде мөлт ете түскен
ыстық
жас төгіліп, бетін сызбады. Кері жұтылып жоғалды.
Жуан
бөксе виски сарқылған соң, қарама-қарсы екі бөлмеге төсек те
салынған
.
Камилла
төсекке басым жетісімен қор ете түсермін деп ойлаған. Қайдан?!
Көптен
татып алмап еді. Қараңғы бөлмеде қаралай желігін көтеріп, бойын
қыз
-қыз қайнатуын. Тіпті қиялы байып, соңында тозаңдатып қалған жылдар
көңіл
терезесінен сығалап қойсайшы.
Осы
босағаға келін боп түскен шағы-тын. Жалғыз ұлына жар болғанымен,
енесінің
қабағынан татау кетпеді. Атасы ұзын бойлы, байсалды адам еді.
Обалы
не, лəм демеді. Қолтоқпақтай қара кемпірдің ғой бабы таптырмаған.
– Шала қазақтың қызын алып... Жылтыраған бетіне ас құйып ішеміз бе?
Жылдан
асты, қысыр жыландай қайқаң қағады... Ернімізді тұщытар дейсің
бе
осы?!


Енесінің
мұндай сөзіне еті əбден өлген. «Көрер қызық алда. Жаспыз ғой...»
деген
. Құс қанатын байлаған жылдарға дауа бар ма? Тəй-тəй басып құлаған
немерені
армандаумен ата-енесі де аз ғұмырын тауысты.
Күйеуі
сыр бермегенімен, Камилланың шыдамы ақыры үзілді.
– Ажырас! Бағыңды байламайын. Өкпем жоқ, – деген бірде көктемге салым.
Үнсіз
кеткен. Кейін есітті. Обкомға барып ақылдасыпты.
– Үлкен өндірісті сеніп тапсырдық. Айтпа ондайды!
Партия
кешірмейді, – депті хатшы ызғар шашып.
– Əйелді партия емес, алған мен ғой...
– Қызыл билетті төсқалтаңа салып жүріп бір-ақ əйелмен қойындасуға
болады
. Онда да өз жұбайыңмен. Сен болсаң сасай бұқа құсап... Тоқтат,
жолдас
! Көнбесең, айда, қайқай!
Лауазымның
дəмін енді тата бастаған жас бастықтың мына сөзге қайтіп дəті
шыдар
? Тып-тыныш қалған. Бір күні:
– Осы бала асырап алсақ қайтеді? – деп тұр. Енді шалқақтап бұл көнбеді.
Ертеңді
-кеш ұлардай шулап жататын жаутаңкөздердің бірін алар-ау. Бірақ
ол
кімнің нəсілі? Əкесінің қаны бұзақы біреу ме əлде шешесі ауру-сырқаулы
ма
? Тіпті арқан үзген алаяқ болса қайтеді? Өсе келе тұқымға беріліп, қозып
кетер
. Оңаша ордаңа ойранын салар. Ал сосын ақ сүтіңді беріп алып
арпалыс
та жат...
Ашық
қалған есіктен аңдады, сыптығыр, сұлу мұрт сары жігіт те ұйқысыз
жатқан
сынды. Əлдене ойына оралғы боп əлсін-əлсін күрсінеді...
Басқа
ермек қалмағасын Камилла байлықтың соңына қиқулап түскен. Бұл
да
бір сиқыр. Қусаң – жеткізбейді. Тоқтасаң – көз алдыңда көлбең-көлбең
қағып
тұрып алады. Ертедегі есті шалдар: «Ұрпақсыз əйелдің қызыл-
жасылды
дүние түбі баласына айналады. Соны өбектеумен күн өткізеді», –
деген
екен...
Орнынан
тұрып кетті. Аяқ-қолы күйіп-жанып байыз таптырар емес. Су
құйып
ішті. Бойын жайлап алған өрт бəрібір бой берер болмады.
Мамықтай
жұмсақ төсектің астына тас батқандай болуын. Əрлі-берлі
дөңбекшітуін
.


Жылтырақ
көрсе іліп кететін сауысқан құсап осы əдіре қалғыр дəулетті не
үшін
жинады? Кімге мұра болады деп жанықты? Тұр ғой иық тірестіріп
самсап
. Басың ауырып, балтырың сыздаса қайсысы ерніңе ылғал тамызады?
Бəрін
қосқанда, бақа басты болса да бір балаға тати ма? Тым болмаса қалған
аз
ғұмырына сүйеніш болатын бір пендеге көңіл тоқтатпағаны қалай? Ендігі
жерде
құшағын толтырмағанмен көңілін ортайтпас еді ғой...
– Жəнібек!
Даусының
оқыс шығып кеткенін өзі де аңдамай қалды.
– Камилла!
– Келші қасыма!
Жамыл
көрпе жалп етіп жерге құлады... Жамбасқа батқан тас жоғалып,
мамықтай
жұмсақ төсек жоғарытөмен тербеле түсті.
Шынжыр
үзердей боп жұлқынып сырттан Лəззат үрді. Сым бойымен
жүгіріп
, шауып жанталасты. Жіңішке үнін гармонның даусындай созып Сақ
мияулайды
. Бір жыл бұрын Тергенің өліп қалғаны мұндай жақсы болар ма,
əйтпесе
, сəскеге дейін құшағы жазылмаған екеуін қарғап-сілеп бітер еді.
Ашқарақ
ындын тояттап, жаны жайланған сəтте Камилла:
– Маған айдаушы боп кел... Екі мың доллар... Жағдайыңды жасап берем... –
деген
əр сөзін сағыздай созып. Басы жұмсақ жастықта домалап жатқан сұлу
мұрт
сары жігіт ризашылықпен жымиды.
Араға
апта салып Жəнібек қайтып оралған. Зарыға күткен екен, бұл да
қунап
, шырайланды. Келісті жүзде əжім салған ою жоғала жаздап, əр
жерінде
ғана сыңар шаштың сынығындай табы білінеді. Жарық дүниеге
назырқанып
емес, наздана қарады. Сары көйлек пен сарғыш жақұттар
енесінен
қалған жалғыз сандықтың түбіне қайтып шықпастай боп түскен.
Əдеттегідей
тағы да итін əупілдетіп, мысығының жіңішке үнін гармонь
даусындай
создырып, мияулатып шыққан түні жарықтық күйеуі түсіне
енген
.
Өкпелегендегі
əдетімен қоңырқай тартып, бір қырындап отыр екен.
«Басыма көптен келмей кеттің ғой, – дейді. – Енді көк көйлекті киіп,
көгілдір
жақұтты тақпай-ақ қой. Жарасатын жаңасын сатып алсаңшы. Ит
пен
мысықтың да обалы бар шығар, жандарын қинамай таныстарға беріп


жіберсеңші
...»
Бұл
да бірдеңе айтқысы келген, тамағы құрғап үні шықса ше.
Бастығырылып
қалыпты. Терге малшынып оянды.
– Кінəлай бер, – деді орнынан тұра сала күйеуімен айтысқа түсіп. – Жалғыз
басым
жанымды шабақтап қашанғы отырам? Ең болмаса есіктен сығалап
кетер
біреуің бар ма? Білем сені де, тірлігіңде не бүлдіргеніңді.
Қарауыңдағы
əнебір күлімкөз бойдақ келіншекпен өмір бойы əуейі болдың.
Тілімді
тістеп, іштен тындым. Кеткен есесі болса алсыншы дедім. Əлде
естімей
, көрмей-білмей жүрді дедің бе?
Содан
кейін анда-санда шым ете түсер ұяты тарап, бойы жеңілдеп сала
берген
...
Сыптығыр
жігіт келе-келе қозы қарын байлап, тіпті көріктене түсті. Жаңа,
жайлы
қонысқа көшіріп, бала-шағасын бір қуантып қайтты. Артынша
ырғапжырғап
қызын құтты орнына қондырып оралды.
Ел
аузына қақпақ жоқ. Кірісің мен шығысың қаймана қазақтың көңіл
таразысына
күнде бір түсер. Жоғыңда қоржыныңа олжа сала алмайтын
ағайын
барыңда алакөзденіп бітер. Өйтпесе ішкені бойына жұға ма?
– Бəсе, Жəнібектікі қайдағы бизнес десек, бір алжыған кемпірдің қолына
кіріп
алыпты.
– Соның байынан қалған дəулетін сорып, үйіне тышқандай тасып жүрген
көрінеді
.
– Өзінің басы істемесе не аяғы жүрмесе қайтсін?
– Əйтеуір бір жерінің қайырын көру керек қой.
– Арамнан байығаннан адалынан аш-арық жүрмей ме жазған?!
Бұл
өсек бауырымен жыландай жорғалап, екі айыр тілін салаңдатып Əсемге
де
жетіпті.
Тіпті
бір құрдасы:
– Сыланайын десем, байдан қорқам, сыланбайын десем, тоқалдан қорқам
деп
жүрсің бе? – деп қылжақтапты. О, антұрған!
Сол
күні отбасына кезекті оралғанда шар ете қалған шатақтың ортасына
түскен
. Екі көзі бұлаудай болған Əсем бет бақтырар емес:


– Қайдағы шетелдік компания десем... Айтқаныңның бəрі өтірік! Өзіңнен
екі
мүшел кəрі кемпірдің қойнына барып... Ойы-бай, енді қай бетімді
жыртайын
?!. Ел-жұрттың көзіне қайтіп көрінейін?!. Одан да менен жиырма
жас
кіші қызға қырындадағы, басқан ізіңнен садаға кетейін... Айғырлығың
шыдатпай
бара жатса...
Сай
-сүйегіңді үңгіген сұңқылға шыдас беру мүмкін емес. Шындығы түскір
алды
-артын бірдей шырмап тастады.
– Енді өздеріңнің қамдарың ғой. Осы дəулеттің бəрі аспаннан жаумаған
шығар
? – деген даусы жуасып.
– Қушиған иінің құрсын сенің! Əне, ұлың жүр, оқу жоқ не жұмыс жоқ.
Өзіндей
тентектерге еріп нашаға ауызданыпты. Түн ортасында келді. Ес-түс
жоқ
. Желігің тарқамай жүріп оған көңіл бөлем дейсің бе?!
Есік
көзінде қаңтарылып тұрған «Лэнд Крузерге» қалай отырғанын
білмейді
. Айдау жолға түсіп, жұлдыздай ағызып келе жатып қана ес жиған.
Сол
күні... Жəнібек Астанаға, алыс ағайынның тойына жиналған.
– Мен де барам, – деді Камилла қолма-қол тұтанып. – Саған екі жыл қатын
болғанда
бір мəрте бой жазып еріп шығуға жарамаймын ба? Əлде сыныңды
бұзам
ба, сымбатыңды қашырам ба?
– Жарайды. Бірге барайық.
– Тойға Əсем де келе ме?
– Солай шығар...
Бір
жолы үйге күйеуінің немере қарындасы келген.
Келе
жесір жеңгесіне тиісті.
– Ағамның шымшып жинаған бар дəулетін судай шаштың. Кезінде осы
бедеу
қаншықты қақ бастан бір салып айдап шық дедік. Көндің бе? Басыңды
дуалап
алған соң. Біліп ек адал төсегін арамдайтыныңды. Қаз орнына қарға
қондырып
... Сен өлген күні сотқа беріп мына коттедж бен машинаны тартып
алам
. Тап осыны істемесем, атым өшсін! Көр де тұр! – деп күлін сабалаған.
«Аларсың! – деген бұл ашып айтпаса да іштей ерегесіп. – Саған тұтам жіп
қалдырмаспын
. Бəрін де жанымдағы Жəнібекке, тым құрыса, итім мен
мысығыма
өсиеттеп кетермін».


Астананың
ақшаңқан мейрамханасында той қызып жүре берген. Сұлу мұрт
сары
жігіттің жанында көк көйлек, көгілдір жақұттары жарқырап бұл да
отырды
. Елдегідей емес, Астананың халқы қызық екен. Қай қонақ қасына
кімді
ертіп келді, не жеп, не деп жатыр, шаруасы жоқ. Қалай дегенмен
мəдениетпен
ерте ауызданған орта ғой.
Келесі
столда отырған Əсем бұларға назарын да салмады. Əр қимылын
Камилла
байқатпай бағып, қалт жіберер емес. Үйіндегі дауды Жəнібек бұған
жеткізген
. Тарығып, қабағы ашылмай қойған соң қайтсін, бəйбішеге деп
арзанқолдау
бір машина сыйлаған. Зырылдатып айдап жүр дейді. Сонан соң
азуы
қалса да ашуы аздап тарқаған сынды...
Əнеу
иық тірестіріп отырғаны кім? Аузына дəн құйып алған саршұнақтай
қос
ұрты бұлтиып жылмаң қағуын. Көзі моншақтай майланып, Əсемнің
құлағына
əлденені сыбырлайды кеп. Онысы назданып, мойнын оңды-солды
бұрып
жымияды.
Жаутаңдап
Жəнібекке қараған. Қанын ішіне тартып сұрланып алса да сыр
бермеді
.
– Алаң етпе! Бəрі де орнында, – деді бұл сырт көрініске еркелей,
баяғыдағыдай
тəп-тəтті ернінен екі елі тілін сүйірлеп көрсетіп. – Əлі-ақ
табысып
кетеміз. Жұрт сияқты ішіп-жеп отырайық.
Би
басталсымен Жəнібекті жетектеп ортаға шыққан. Бірінен кейін бірін іліп
ала
жоғалған қуатты əуен дауыл көтеріп, жұрттың арқасын қоздырған.
Көгілдір
сырға мен жүзікті жарқылдатып жанталаса биледі. Қамау тері
алынған
соң тіпті де бой берер болмады. Көптің арасынан Əсем де көрініп
қалып
жүр. Тербелген талдырмаш бойлы, сұлу болмағанмен сүйкімді. Ұялы
қоңыр
көздері мұнартып, екі беті алаулайды. Тек ырғалып емес, тұра қалып
оң
аяғымен паркетті теуіп секіреді. Билеген түрі. Табанының сартылын
естіген
сайын «мені көрдің бе?» дегендей қиқу салады. Мұның арқасында
аузы
аққа жарып, атқа мінген соң, алты қап жел кернемей қайтсін? Жер
теппей
қалай шыдасын? Шындап ерегіссе, бəрін сыпырып алып,
тақыршаққа
отырғыза қоярын сезе ме? Сезсе, иіліп келіп сəлемдесуге
жарамағаны
несі? Байын басы бүтін тартып алса не істер еді? Айына бір
аптаға
босатып, иіскетіп тұрған жоқ па? Осыны ойлағанда тіпті де дем
басқысы
келмеді. Көгілдір көйлектің етегін қайта-қайта үйіріп, Жəнібекті
шыр
көбелек айналды. Жүрегі өрікпіп, балтыры сыздағанын да елемеді.
Орайлы
сəтте тізесін бүге бере басын шалқақ жіберіп, əлі де ұстаған


жанның
уысын толтырар омырауын ерсілі-қарсылы тербеп қалшылдатқан.
Қайтып
көтеріле алмады. Көз алдына қызылды-жасылды шеңберлер
қаптап
кетті... Біреудің ащы даусы шыға ма? Мал қайырғандай, мəдени
ортада
мұнысы несі?.. Манадан бері Жəнібек дегені күйеуі екен ғой. Қалай
аңдамаған
? Бəсе, ол мынау сияқты қутыңдап емес, құлашын жайып, міне,
осылай
, көтеріліп ұшатын ата қаздай мамырлап билеуші еді ғой. Ана жүрген
– енесі. Ол да тойға келген бе? Тіпті бұған күлімсірей қарап қол бұлғайды.
Жақсы
адам екен ғой жарықтық. Тірісінде неғып байқамаған? Иті мен
мысығы
неғып жүр? Олар да мынау жалған дүниенің биіне құмартқан-ау...
Сол
бой тіктемеген қалпы шалқалай құлаған.
– Не сұрасаң соны берем! Құтқар! – деген Жəнібек жедел жеткен дəрігердің
жағасына
жармасып. Ол шарасыз басын шайқай берді.
Құтырынған
музыка қайтадан керней қағып, сырнай тартып жатты.
МОНА
ЛИЗА
(Элегия)
Жазушы
Əлібек Асқаровқа
Қабырғасына
ұлылардың үні ұя сап қалған Ла Скаланың алдында тұрдым.
Əйгілі
театрды əлемнің əр қиырынан табан тоздырып жеткен жұрт қоймай
қызықтайды
. Əр тасына тамсанады. Таңдай қағысады. Қызақай жапондар,
қызылшыл
испандар... Алаңның нақ ортасында ұшар биіктен төмен қарап
сұп
-сұр тас мүсін тұрды. Қаба сақал, жүдеу бет, ой арқалаған ұлы суретші.
«Леонардо да Винчи! Қандай ұлылық?!» – десіп көпшілік енді қарсы бетке
лап
қойды.
Аяғымды
аттап баса алмай қалдым. Бойымды беймəлім бір сезім билеп:
«Кездестік-ау, ақыры», – дедім. Өтіп кеткен өкпе де, өшіп қоламтасы қалған


өкініш
те осы екі ауыз сөзге сыйып жатты.
Сонда
да оның көзіне қарағым келген. Тіпті де мүмкін емес. Бұл фəниден
түңілген
сынды. Мен де торыққам.
Күз
лебі келді. Теңіз самалы боп жеткен. Жапырақ жауа қоймаған шақ.
– Келіңіз, фотоға түсейік.
– Өмірлік естелік!
– Полковник, сізді де кезінде суретпен əуестенген деп естідік.
Жүрегім
шанышты. Алаңға ағылған қалың тобырға қарағым келмеді. Теріс
айналдым
. Леонардо да Винчидің мүсіні алыстап бара жатты. Санта Мария
көшесіне
жеткенде алқындым. Жанымның бір жіңішке жібі дірілдеп барып
үзіліп
кетті білем. Тəлтіректеп, қалт-құлт басып келіп отырдым.
– Сеньор, көмек керек пе? – деген сөздер ауаға сіңіп жатты. Алыстан
бұлдырап
Мона Лиза бейнесі елес берді. Əдемі келбеті, төгілген қолаң
шашы
, қоңырқай көзі, бес жасар баланың басындай омырауы... Баяғыдай
құпия
жымияды. Əлде тіпті мысқылдап тұр. Жанарым жасаурады. Ақ
білегін
аспанға атып қол бұлғайды. Тіпті болмаған соң ымдап өзіне
шақырады
. «Аулақ менен! Көргім келмейді сені, Мона Лиза! Арманым боп
табысып
, азабым боп ажырасқансың... Кешір, мынау ол емес, Моншақ қой.
Кəдімгі
... Ол мұнда қайдан жүр?»
– Сеньор, жағдайыңыз қиын...
Көше
кезген əлдекімдер мені қолтықтайды.
Көз
алдымнан елестер көшіп жатты. Үзіліп кері жалғанады. Күлімсіреп
Моншақ
қолын созады. Сол ұзын бойы, бұйра шашы, əдемі қыр мұрны, нұр
төгілген
жүзі. Қиыла қарайды. Ауылға алып кеткісі келген шығар. Баяғы
дəмемен
əлі жүр ме екен жазған қыз?!
Ол
кезде екінші курстың студенті едім. Болашақ суретші. Жəне қандай?!
Мен
жаққан алуан бояу күн көзіне таранған қырғауылдың қанатындай
құлпырып
талайды тамсандыратын.
Сонда
да Леонардо да Винчидей құдіреттің құпиясына ындыным кеуіп...
Мона
Лизасы мені шынымен сиқырлап алған. Сұлудың суретіндегі
алмасқан
жарық пен жылу, көлеңке, сыршылдық... Күндіз-түні көзіммен
ішіп
-жеп тоймайтынмын.


Өйткені
менің Моншағым да сондай əдемі еді ғой. Тек жалғызілікті
шешесіне
қарайлап ауылда қалған. Мектепте лаборант-тын. Сол жазғы түнгі
айтылған
сыр, айқасқан құшақтың құдіреті шығар мені əлі күнге құлатпай
келе
жатқан? Солай, солай!
Оңаша
өзен жағалап келе жаттық. Қамыс біткен алақандай басын тербейді.
Жұлдыз
жаныпты. Ай да тұр аспанда əткеншек теуіп.
Ол
басын иығыма сүйеді. Үнсіз жылап келеді екен.
Айтарын
іштей ұқтым.
– Көп қызықтың ортасындасың. Өзгеріп кетесің ғой. Қаланың қысқа етек
қыздары
қу келеді деуші еді. Біреуі...
– Жалғыз ғашығым – өзің, – деймін белінен орай құшақтап. – Оқу бітірем.
Атақты
суретші болам. Үйленіп, қалада тұрамыз.
– Оқымаған надан қыз үлкен суретшіге қалай жар болады? Əлемді шарлап
көрме
өткізерсің. Мықтылармен иықтаса жүрерсің. Сонда мен сенің сəніңді
қашырам
ғой.
– Айтпа ондайды! – деймін өрекпіп. – Алдымен сенің портретіңді саламын.
Жан
тазалығың, ерке келбетің, тіпті бүкіл нұрың сол суреттің бетінде
қалқып
тұрады
. Дəл Мона Лизадай ғып. Тіпті одан да артық. Одан да əдемі!
– Сосын? – деді ол көңілін бірлеп, даусы бекіп.
– «Міне, менің Моншағым!» деп күллі дүниеге жар салам.
– Сендім, – деді ол сосын жағалаудағы жұмсақ көгал шөпке тізе бүгіп. –
Тағы
да сендім! Папаңның көзіне түсуге ұяламын. Оңашада апама барып
сəлем
беріп кетем...
Тəтті
еріннің дəмі. Жұмсақ бұйра шаштары мойнымды қытықтайды.
Желікті
көтереді. Баяу ескен жел де тына қалыпты. Бозторғай ғана аулақта
жұмыртқасын
əнмен шайқап жатыр. Анам сөздері есімде оянады:
– Бір класта оқыдың. Алтын асықтай бала. Аурулы шешесіне алаңдай
береді
. Əке мейірімін көрмей өсті. Келін ғып қолыма түсіріп бер...
Өзен
жағалай біткен көгал шөп жібек көрпедей жұмсақ. Шынтақтай кеттік.
Жұлдыз
жанып тұр. Шамдары неткен көп еді?!


Елестің
ішінде шомылып жаттым. Мынау өзім ғой. Жап-жас екенмін-ау!
Студенттің
тар бөлмесі. Жалқы кереует. Тұсында Мона Лиза ілулі тұр.
Шашым
жалбырап сұлудың жымысқы жүзіне үңілемін. Сиқыры тереңіне
тарта
түскенімен, сыр ашпайды.
– Батаңды бер, алақаныңды кең жайып, – деймін ұлы суретшінің кіндік
қаққан
сақалды жүзінен үмітімді үзбей. – Сіз сияқты солақай емеспін. Десе
де
, Моншағыма берген уəдем бар. Болашағым зор.
Шалдың
жүзі балауыз шамның жарығымен алдымен нұрланады. Сосын
ернін
бүрістіріп сығалап сынайды кеп.
Бөлменің
іші эскиздерге толып кеткен. Жо-жоқ, мұның ешқайсысы мен
сүйген
қыз емес. Көңілденген шақтағы буыныңды алған күлкісі, мойныңды
баяу
қытықтап, желігіңді көтеретін бұйра шашы да, əдемі қыр мұрны да...
Тіптен
басқа. Бөтен бейне. Суық сұлулық. Ол даланың еркін өскен еркесі
ғой
.
– Таппай қоймаймын, – деймін іштей ызаланып. – Сұлулық пен ұяңдық,
төзім
мен мөлдір сезім – бəрі-бəрі қай бояудың ішінде тұр? Қандай
кистаның
ұшында жүр? Мұндай портретті қолмен емес, жүрекпен салу
қажет
. Тек қана жүрекпен!
Осындай
алақызба шақта ауылдан апам келген. Жалғыз ұлдың жайы.
Сағындырып
жетер хатымның бірінде «Мəскеуге жүргелі жатырмыз. Бір
жылға
. Ондағы білікті ұстаздардан оқып-тоқимыз...» деппін. Асығыс
жетіпті
. Қоржын басы тоқ.
– Əкең ертеңді-кеш жұмыста. Мұрнына су жетпейді. Асқазаны мазалайды,
– дейді жаймен.
Ақсары
жүзінде жіңішке уайым тұр. Көп сөйлемейтін. Көңілмен ұқтыратын.
– Мынау кім өзі? – деді кетерінде Мона Лизаны нұсқап.
– Болашақ келініңіз. Ата-енеме баптап шай құйып берем деп отыр.
Əзілдей
салдым. Апам сол тұрған орнында сылқ етіп отыра кетті. Лекцияға
асығып
тұрғам. Мəн бергенім жоқ. Артынша курс боп алыс сапарға
аттандық
.
Менің
аңқау апам. Жіңішке уайымын жетектеп ауылға жылап қайтыпты-ау...
Мұнысы
несі? Миланның тас көшесінде де төбелесе ме екен? Ойбай, мынау


омырауы
бес жасар баланың басындай Мона Лиза ғой. Ыдырынып
ұмтылады
. Мұндай долы болар ма? Моншақ та жағаласып берісер емес.
Нұрлы
жүзі қатуланған. Көзінен өшпенділік оты төгіледі. Алма-кезек
шаштан
сүйреседі. Өкпеге тебіседі.
– Сен сиқырсың! – дейді Моншақ жан беріспей жатып.
– Сен жабайысың! – дейді Мона Лиза жан алысып жатып.
Құтпан
айғырдай азынап келе жатқан кім? «Жедел жəрдем» шығар.
Ажыратсаңдаршы
. Моншақты жазым етер...
Иə
, менің аңқау апам. Жіңішке уайымын жетектеп əкеме келген. Алдымен
шай
құйып отырып ебіл-себіл жылапты. Артынша қатал шалының шоқша
сақалы
селкілдеп кеткенінен секем алып, жым-жырт тынған.
– Сөйле! – деген əкем қолындағы кесені дастарқан бетімен шиырып
жіберіп
. – Ұлың не бүлдіріпті?
– Қартайғанда көрген жалғызың... Бөтен бір қыздың фотосын кереуетінің
тұсына
іліп қойыпты.
– Ал, ілсін!
– Күндіз-түні көзін суарып соған мөлиеді де отырады.
– Күйегі түсейін деген-дағы. Біз де оның жасында...
– Қағынбасаңшы.
– Ал, сосын?..
– Келін өзінен үлкендеу сияқты. Кісі танысам, қазақ емес. Тым толық.
Екіқабат
па деп қалдым. Моншақжан-ай! Бетіммен жер басып қайттым ғой.
Əкем
əншейіндегі ас қайыруын ұмытыпты. Меңірейіп терезеге қарапты.
Күн
желкемдеу екен. Бос топырақты суырып, шыныны сабалапты.
– Əлгі қияли бала қатын алам депті. Құдамыз Қырымның қырында ма,
Қазанның
ойында ма – білмеймін. Қайда болса да алдарынан өтуге өздерің
барасыңдар
, – деп əкем Қияқбай бастаған екі-үш ағайынның басын
қосыпты
. – Өзі Мəскеу асыпты. Ұялғаны шығар. Бір күні тыз етіп хабар
берсе
, дайын отырыңдар.
Қызылсырап
жүргенде ормарқаның басын мүжіп диланып алған ағайын


үйден
«Құда, қайдасың?» деп шығыпты.
Ауыл
əңгімесі асықпай аяңмен қыдырады. Жəне ерінбей есік соғып еніп,
терезе
қағып кіріп, бəрін түгендеп бітпей тынбайды.
Алты
ай бойы білгіштердің аузын бағып қамсыз жүріппін. Артынша
Моншақтан
хат алғам.
«Енді менің суретімді салып əуре болмай-ақ қой. Есіттім. Құсың құтты
болсын
! Бағы ашылмаған мен бейбақты қайтесің?..»
Оқушы
дəптерінің жарты бетіне сыйған жазу құмырсқа құсап жан-жаққа
жыбырлап
қашып ұстатар емес. Көзім екен жасқа толып кеткен.
– Əлдекімнің өсегі шығар. Мүмкін емес, – деймін кеудем күйіп. – Мүмкін
емес
!
Мəскеуден
жедел оралғанымда, зар күйіне келіп отырған оның аяқасты
күйеуге
шығып кеткенін есіттім. Дүние қаңырап сала берді. Жер тоқпақтап
өкіріп
жылағаным есімде.
Сосын
алуан бояудың бəрін айналама шашыптөгіп... Киста біткенді баудай
қырқып
... Кереуетімнің тұсында ілулі тұрған Мона Лизаны жұлып алып
көшеге
жүгіріппін. Есірік меңдепті. Алдымнан кезіккен қайыршы шалды
жұлқылап
тоқтатыппын. Мона Лизаны қолтығына қыстырыппын. Бетін
жалап
сүйіппін.
– Құтқара гөр осы портреттен! – деп жалыныппын. – Қарғыс атсын
суретшілікті
!
Тоқташы
, əлгі көше кезген қайыршы шал... Ол да қаба сақал, жүдеу бет еді.
Ол
да жанарымен жер шұқитын. Ол да мынау фəниден түңілген сынды еді.
Онда
да тап осындай күз кезі еді. Теңіз самалы боп жеткен. Жапырақ жауа
қоймаған
шақ.
Бұл
кім болды сонда?!
Шаштасып
жатқан Мона Лиза мен Моншақ ғайып болыпты. Қайсысы
басым
түсті екен? Белгілі ғой. Сиқырлы сұлулыққа қарсы кім тұра алар?
Баяғы
өзен жағалай біткен көгал шөп жібек көрпедей жұмсақ еді.
Шынтақтай
кетіп ек. Жұлдыз жанып тұрған. Шамдары неткен көп еді?!
– Жүрек талмасы, – деп жатты ақ халаттылар алашапқын салып.


Жан
-жағымды елес кезіп жүрді. Əлде естелік. Құшағынан босатар емес.
Иə
, сөйтіп ауылдан бездім. Иттің демі үзілетін алысқа шығандап кеткім
келген
. Ақыры бар өшімді жалбыр шаштан алдым. Басқаға əлім жетпеді.
Төбемнен
біреу кертұқыл алатындай тақырлап əскерге аттандым. Сібір
ормандары
сіңіріп əкетті. Босатар емес. Əлі күнге.
Ортаға
отыз жыл салып шешемді жерлеуге барғанда... Кешқұрым қырыққан
серкебұттанып
ауыл сыртында тұр едім. Бір торшолақ аттылы жанаса берді.
Қасындағы
əйел баяу басады. Қолында шүпілдеген бір шелек сүт. Иіні
төмен
. Тани кеттім. Бұл Моншақ еді. Күйеуі сиыршы, өзі сауыншы деп
естігем
. Жерден жанарын алмай:
– Апамның қазасы қайырлы болсын, – деді ерін ұшымен. Толқып, əріптеп
айтты
. Торшолақ аттың үстінен күйеуі ыржың етіп күлді. Сосын екі қасқа
тістен
ада аузын икемдеп əлдене деп жатты. Естігем жоқ. Есіл-дертім
Моншақта
. Шашының бұйрасы тарап, селдірепті. Самайын ақ қырау
көмген
. Бойы бəкене тартыпты. Жүзіндегі нұр өшкен. Ауада ілініп құр
сүлдесі
ғана тұрды.
– Буынды шөптің үстінде, бұлтты көктің астында сен аман жүрші, – дедім
сыбырлап
. – Мені қойшы...
Аттылы
мен жаяу тіркесіп көз алдымда ұзады. Моншақтың жауырыны
бүлкіл
қағады. Ол үнсіз жылайтын еді ғой...
Айналаны
азан-қазан ғып ауруханаға алып барады екен. Елестен де,
естеліктерден
де алып қашып...
Хош
, арманым боп табысып, азабым боп ажырасқан Мона Лиза! Кешір,
Моншақ
!
СОҢҒЫ
СПЕКТАКЛЬ
Бұл
өзіміздің Тасемен ғой. Жастайынан облыстық театрда əртіс боп бастап,
кейін
бірер өнер мекемесін дөңгелентіп əкеткен. Орта бойлы, жалпақ бет,
жарғанат
құлақ, жайдары немені бұл өңірде танымайтын адам кемде-кем.
Оңтайыңды
тауып, оң жағында үйірілген жанды кім жек көрсін? Кешегі
жекешелендіру
кезінде де жем жеп қалды. Нарықтан да қысылмай нар түйе


жетектеп
шықты.
– Əкесі Дəуіт аузына торғай кіріп кетсе де білмес аңқау еді жарықтық.
Шайтантөбеде
суға түсіп жатқан бір топ қызды пері деп ойлап, ат
бауырлатып
сабап, сотталып кете жаздаған. Ал баласы мына заманға аузын
тосып
, түкіргізіп туған қу екен. Өнер мекемесін басқарып, байыған жалғыз
осы
, – десіп бəзбіреулер қызғаныштың қызыл шоғын көсеп-көсеп
жіберетін
. Мейлі ғой.
Бірақ
жұрттың көзі мен сөзі текке кете ме, соңғы кезде облыс əкіміне
жақпай
-ақ қойды. Баталы құлдай алдында бəйпең қағып көрген, сазарған
неме
ішін алдырмады. Сосын: «Қой, жасым елуден асқанда кімнің алдында
кішірейіп
жүрем. Мə, ендеше», – деп қызметін өткізіп берген. Екі-үш ай
үйінде
тым-тырыс жатып бақты. Іздер жан жоқ. Өзге түгілі үйдегі
қатынбаланың
алдында бетінің ажары таусылып бара жатқан соң, жеке
концерттік
мекеме ашқан. «Тасемен и К» деп айдарлап ат тақты. Бұрын
қарауында
қызмет еткен екі əнші келіншек пен бір айтыс ақынын алып
гастрольге
аттанған. Ел-жұртты адақтап, əуелетіп əн салдырып, əзіл айтып
халықты
қытықтап күлдіргісі келген. Аса мазалы тірлік шықпады.
Алматы
мен Астананың аспанында қаптап кеткен жас жұлдыздар алдарын
орап
, нəпақаларын қағып əкете берді. Жарнамалары мықты. Ылғи дəу
бастықтармен
, күшті бизнесмендермен көзқыспасы бар олар тұрғанда жұрт
бұларды
қайтсін?!
Ақыры
той-домалаққа асаба да боп көрген. Оны да келістірмеді. Лыпылдап
тұрған
жас жігіттер қаланың бар қыздырма қызығын теңдей бөлісіп алыпты.
Сөйтіп
, иті шөп жұлмай, қырбай тартып тұрғанда Астанадан Айбар Асқаров
телефон
шалған. Кəдімгі мұнайдың алтын бұлағын өз қолымен ағызып
отырған
нағыздың өзі.
– Қалқам Тасеке, – деген үні жуасып, – əкем түнде дүниеден озды. Көзі
тірісінде
«Олай-бұлай бола кетсем, туған топыраққа жамбасымды
тигізерсің
» деуші еді. Сүйекті ертең жеке рейспен алып ұшамыз.
– Иманды болсын, ағеке-ау, – деп көңіл айтса да соңғы жылдары
төменшіктеп
қалған көңілі кəдімгідей марқайған. Кісі танитын азамат қой,
айтары
не?! – Қандай тапсырмаңыз бар? Көппен бітетін шаруа. Айтыңыз,
əзірмін
!


– Ертең – күзеті, қонақтығы. Арғы күні жерлейміз. Елде жігіттер көп қой,
бірақ
осы шаруаның басықасында болуды өзіңе аманаттағалы отырмын.
– Айтқаныңызға құлдық! Қаралы жиынды өзім басқарып жүргізіп
отырамын
.
– Оның дұрыс. Өзің басқар! Сосын жаназасын шығаратын молда тап!
– Жарайды.
– Сенен жасырар не бар? – деген Астанадағы дауыс құмығып. – Қалқам
Тасеке
, əкемнің сол елге сіңірген еңбегін өзің жақсы білесің. Өңірі орденнен
босамай
кетті ғой...
– Айтары бар ма?
– Соны айтып жоқтайтын, атам-ау деп жылайтын үйдегі жалғыз жеңгең
қазақшаға
шорқақ. Ұл-қызымызды, немерелерімізді түгелдей орысша,
ағылшынша
ауыздандырып алдық.
– Қарындасыңыз Бəтіш ше?
– Ол қазір Дубайда. Сауда саласында. Жетіп үлгерер. Бірақ оның да... Осы
күні
жұрттың көзінен жас шықпайтын боп барады ғой.
Екеуі
мектепте қатарлас оқыған. Байқатпай келіп біз сұғып алмасаң былқ
етпейтін
пəле еді. Оның да əкесін жоқтап, ебіл-себіл жыларына Айбекең де
сенбей
тұр ғой.
– Аға, – деді бұл мəн-жайға жедел қанығып, – жаназа шығарар молда да,
қандай
қадірлі қариядан айырылғанымызды айтып жырлайтын ақын да,
тіпті
жоқтау айтатын əйелдерді де əзір етем. Тек сүйекті қолымызға
тигізсеңіз
болды.
– Бəрекелді! – деді Айбекең тынысы кеңіп. – Күткенім осы ғой. Еңбегің
еленер
, қалқам!
Сол
сол-ақ екен, Тасекеңнің қиялында жаңа бизнестің жобасы жоталанып
сала
берген.
Дереу
айтыс ақынын шақырып алды. Əнші екі келіншекті жинады.
– Бұл – тұтас спектакль! – деді қарауындағы үшеуге алдағы істің мəн-
жайын
ұғындырып. – Қаралы жиынды өзім жүргізіп отырамын. Сосын сен
жыр
төгесің. Молда жаназасын шығарады. Кейін сүйек жөнелтілерде екеуің


жоқтау
айтасыңдар. Бұрынғыдай билет кесіп, касса аңдып, ін аузындағы
саршұнақтай
шақылдап отырмайсыңдар. Еңбектерің қолмақол төленеді.
Оларды
осылай нығыртып болып, енді молда табамын деп отырғанда,
салдыр
-гүлдір Қайсардың кіріп келгені. Алыстан қосылар жиендігі бар, өзі
алаңғасар
да аңғалдау. Орталық мешітте біраз жыл кассир боп істеп, ақша
жеп
, онысы бойына жұқпай түрмеге түскен. Екі жыл отырып шыққан беті
осы
. Мына бизнеске ол да ортақтасқысы кеп жанып түссін.
– Мен де əн айтамын. Керек болса билеймін, – деп, ортекедей əрлі-берлі
секіріп
, «Три танкиста, выпили по триста...» – деп аңырасын.
– Тоқтат, ойбай! – деп жатып зорға қолға тұрғызды. – Сенсіз де əнші көп.
Бізге
енді молда керек, молда!
– Мен əрі молдамын. Түрмеде мешіт ұстағам. Тасекең алыстан қосылар
жиенінің
жүзіне сенім-
сіздеу
қарады.
– Тісіңе не болған?
– Түрмеде өңкей тентектерді намазға жығам деп төбелесіп жүргенде ұшып
кеткен
, – деп екі күрек тісінің орнына қып-қызыл етіп тілін қыстыра қойды.
– Салдырып алмайсың ба, сорлы-ау?!
– Түбірі мықты. Қышқашпен қанша күштеп тартса да жұлынбай қойды.
– Сақалың да оңып тұрған жоқ.
– Өсіргем...
Өсіруін
өсіріпті. Тек «Кері кеткеннің сақалы кеңірдегіне шығады» деген,
бір
-бірінен қашып тұрған он шақты тал қыл-қыбыр жел жыққан қамыстай
бір
жағына қисая қалыпты. Жосықсыз адамға қаумет сақал қайдан біте
қойсын
?
– Бір аятты оқып көрші. Мақамыңды білейін.
Тиын
сауып, ақша жеп жүргенде біраз нəрсе құлағына қонған ғой. Кісіні
ұйытып
тастайды екен. Орталық мешіттен молда табар-ау, бірақ ол
түпкілікті
боп жарыта ма? Жұрттың штаттағы молдасын қашаған жылқыдай
қашанғы
тізгіндеп отырасың? Одан да өзіңнің басыбайлы молдаң болғанға
не
жетсін?


– Жарайды, бар, – деді біраз ойланып. – Кештетіп кел! Шапаның мен
сақалыңды
əзір етем. Сенімен ұзақ дайындық жасамаса болмас... Бұл –
тұтас
спектакль!
Аяулы
ақсақалдың сүйегі жеке рейспен туған топыраққа жеткен беттен бар
билік
Тасеменнің қолына көшкен.
Айбар
ағасы қалың нөпірдің көзінше тек қана өзімен ақылдасады.
Қазақшаға
шорқақтау жалғыз жеңгесі ұсақ-түйек шаруаны тек мұнымен
ғана
сыбырласып шешеді.
Осыдан
кейін-ақ Тасемен үш-төрт жыл бұрын қапияда көз жазып қалған
қайратына
қайтадан мінсін. Орта бойлы, жалпақ бет, жарғанат құлақ
жайдары
неменің əр қимыл-əрекетінен мына тірлігіне аса пейілді екені
анық
сезілді.
Қаралы
жиынды өзі бастап ашты. Іле екі күн бойы бұлбұлдай сайратып
əзірлеген
айтыс ақынын ортаға шығарды.
Елуге
ентелеп келіп қалған құстұмсық, қасқабас ақын домбырасын қағып-
қағып
жіберіп, көзін шегірейтіп ащы айқайға бассын.
Аяқты
тым əріден алып, беріге тартып сүйегі сартап боп жатқан Асан
Қайғы
, Алпамыс пен Қобыландыны бір-бір аунатып, со-ноу Қарасай – Қази,
Орақ
– Мамай, Исатай мен Махамбеттен қалған бұ дүния деп...
– Өтті-ау, шіркін, талай ерлер, – деп мұны естіген қариялар көздеріне жас
алысқан
. Тіпті орнынан жер таянып тұрып жүрген кейбірі ертеңгі күні
бақиға
көшкенде өздері де осы əуезге құлақ түріп аттанғылары кеп іштей
армандасқан
.
Қай
ерлігін айтып, қай кетпенді шаптырып жатқанын кім білсін, кеудесі
қызған
көріктей дембілдембіл көтеріліп-басылып:
– Тарсылдатып шапқанда даладағы тай үркіп, қорсылдатып шапқанда
қорадағы
қой үркіп, – деп бір қойды.
– Колхоз заманында ащы терін тамызып жүріп еңбек етті ғой жарықтық, –
десіп
үш-төрт көңілшек кемпір бір-біріне көз астынан абайлап қарасты.
Байғыздай
сайраған ақын еңку-еңку жер шалдырып келіп фəни мен
бақидың
, уақытшалық пен мəңгіліктің, сынақ пен жауаптың, туһ, тіпті
жұмақ
пен тозақтың бəрін бір басынан өткізген жандай жаназаға жиналған


елдің
қойны-қонышын құрт-құмырсқаға толтырып жіберген.
Осылай
бусанып, бұлқынып, тіпті жұлқынып барып жырын аяқтағанда,
жеңілтек
біреулер концертте тұрғандай шапалақ ұрысты. Əне, өнердің
құдіреті
!
– «Өлеңмен жер қойнына кірер денең» деп Абай атамыз жайдан-жай
толғанбаған
шығар, – деп Тасемен де дереу іліп əкеткен.
– Рас, рас, – десті былайғы жұрт амалсыз құптап.
Келін
, немере, қыз-күйеулері кессе қан шығармай бедірейіп тұрғанымен,
əкесінің
осы елге сіңірген еңбегі жыр тіліне түскенде, қандай дегенмен,
Айбекеңнің
жүрегі жұмсақ қой, бірер мəрте кемсең қағып кетті.
Қаралы
қауымды жел диірмендей айналдырып тұрған Тасемен келесі
кезекті
Қайсар молдаға ұсынған. Күндіз-түні дайындаған еңбегі зая
шықпапты
. Театрдан бақандай бес мың теңгеге сатып алған жасанды
сақалды
жапсырып, грим салып, тобықтан төгілтіп шапан, милықтатып ақ
қалпақ
кигізіп еді. Сол қалпы қалың елді қақ жарып ортаға шыға келгенде
өзі
əзер таныды. Қоңқақ мұрын, қарасұр, тар маңдай, таскөз молдасы аузын
ашса
көмейінен көр көрінетін қасқаның өзі бола қалыпты.
Жаназаға
жұртты қаз-қатар тұрғызып:
– Халқымыз аман, еліміз тыныш, нанымыз көп болсын. Аспанымыз ашық,
дұшпанымыз
қашық болсын. Крезистің желкесіне жеті шиқан шығып
өпірем
кетсін, – деп алдымен салиқалы сөз сөйлеп барып жаназаға кіріскен.
Қос
құлағын күректей алақанымен басып, жауар күндей күркіреп:
– Бісімілə... Рахима... Алоу... – деген.
Соңында
өріп тұрған жұрт алғашқысында молдекең əйеліне телефон шалып
тұр
-ау деп ойласқан. Бақса, жаназа намазын осылай бастап кеткен екен.
– Шамасы, Ыстамболдан оқу бітірген бала болдыау!
– Көрдің бе, тіпті мақамы өзге, – дескен былайғы жұрттың сыбыр-күбірін
естіп
барып Тасеменнің жүрегі орнына түсті.
Жаназа
жөнімен бітіп, сүйек енді жөнелтіледі деген абыр-сабырда екі
əншіге
де кезек тиді.
Басына
ақ орамалды шарта таңып алған Бағила бойы бəкене болғанымен


тығыншықтай
, талабы байдан қайтпаған, тақымы асаудың өзі еді. Бірақ
Жасаған
ием өзіңе бұйырмысты ғып басы бүтін байлап бермесе болмайды
екен
. Əркімнің күйеуіне көз сүзіп, тартып ала бергенімен құтая ма?
Қайтадан
өз қорасына қашып кіреді. Сол:
– Дүниенің алтын шегесі суырылып, топсасы бос қалды ғой, айналайын
халқым
-ау, – деп бар маңайды əнші даусымен жаңғырықтырып жіберді.
Екінші
жоқтаушы – Айым. Кезінде өнерлі-ақ еді. Ұзын сирақ, тырна мойын,
тандыр
бет, тыраштау. Жас дəуренінде көн етіктіні менсінбей, көк етіктіге
көп
ерген... Жасы қырықтың қырқасына көтерілсе де қылықты. Ол да зарлы
үнмен
:
– Елімнің құшағына əрең сыйған ағеке-ау, қара жердің қойнына қалай
сыярсың
? – деп қостай жөнелсін.
Бағила
мен Айым осылай алма-кезек жұлып əкетіп жоқтағанда, қайта-қайта
талып
, беттеріне су септіргенде, байқатпай келіп біз сұғып алмасаң былқ
етпейтін
Бəтіштің өзі көзінен екі тамшы жас берді.
Сөйтіп
, жырлатып-жылатып, қайтадан жұбатып Айбар ағасын шексіз
ризашылыққа
бөлеген алғашқы спектакль сəтті аяқталған.
Жақсының
ықыласы жарым ырыс қой. Содан бастап Тасеменнің осы
бизнесі
гүлдей жөнелді. Автобусы, молдасы, жыршысы мен жоқтаушысы,
тіпті
қаралы жиынды басқарар асабасы, дауыс күшейткіш асай-мүсейіне
дейін
дап-дайын. Тірі тұрмақ, өлі марқұмға да осыдан артық не керек?
Тасеменнің
мекемесі ашылғалы жұртқа тіпті рақат болды. Бар міндеттен
сытылып
шыға келді. Айтса айтқандай, осы күнгі келін-кепшіктің көзінен
жас
шықпайды. Суалып қалған. Оқта-текте шық ілінсе де, екі ауыз сөздің
басын
құрап жоқтау айта алмайды. Тіпті немере-шөберелерінің ойын-
сауықта
жүргендей ойнақтап басып қызмет көрсететіндерін қайтерсің?
Мұның
ел сеніміне кіргені сондай, ұзақ сапар шегерде, қымбат өлкенің
курортына
кетерде, тіпті бəз біреулердің: «Біздің əулеттегі шал-шауқанның
бірі
шетіней қалса, Тасеке, өзің бас-көз боларсың. Андағайлап жеткенмен
ажалға
араша тұрмаспыз», – деп қиылатындарын айтсаңшы. Ал керек болса!
Содан
бастап көзапара бəсекелестік қызды:
– Болмашы бір уыс қана ана ру көкелерін осылайша жоқтатқанда аспан мен
жердің
ортасын тіреп тұрған біз неге əкемізді былайша азалатпаймыз? Қай


жеріміз
кем?
– Давай, Тасеке, жоқтау айтатын əлгі екі əншің бұрын үш реттен бетіне су
бүріктіріп
жүрсе, ертең бес мəрте талықсып кетсін. Еңбегі, міне, – десіп
қалталарын
қопарысады.
Ал
табаның қызбай көрсін!
Десе
де, ара-тұра мекемесінде жиналыс ашып, Тасекең төсайылдарын
тартып
-тартып қояды. Сен жақсысың десең, өңшең желбуаз неме... Талай
жерде
ұятқа қалдыра жаздап... Ауыздық бермей кетеді бұлар.
Бүгін
де соның оңтайы келіп отыр. Төрт көздері түгенделген соң салған
бетте
ақынына тиісті.
– Демеген өлгенде атын шатастырып Тебеген деп көсілдің. «О баста азан
шақырылған
есімі осылай екен» деп ел-жұртты əрең бастым, – десін
ежірейіп
. – Қайыр шал бақи көшкенде, «Тірлігінде көп ішіп, көп жеген
азамат
адам еді» деп сөз бастадың.
– Енді өмір бойы бастық болды ғой.
– Жекен қарияның қазасында «Жетпіс бес жасқа дейін ойбайлатып кемпірін
сабаған
ер көңілді еді» деп лепірдің. Кемпірі жылайын деп көзі боталап
тұрған
, əлгі сөзден соң көкшеңдеп кетті.
– Енді көзіміз көрді ғой.
– Ит-ау, тірлігінде кім не бүлдірмеді? Соның бəрін моншақ қып жіпке тізу
міндет
пе? Сатымда істегенің анау. «Сағынай саптыаяққа сиіп өлген» деп
ырғап
тұрып алдың. Екеуінің арасында қандай байланыс бар?
Үкілі
домбырасын бауырына басып тыңқылдатып отырған құс тұмсық,
қасқа
бас ақын көзін шегірейтіп өзіне тарпа бас салсын.
– Бар, – деді жұлып алғандай. – Бұл – атақты Ілиястың жыры. Сағынай –
паң
Нұрмағамбеттің əкесі. Сатым болса қуығы байланып, ауына тамызып
жатты
. Демек, екеуінің диагнозы бір. Мəселе – фактінің қисынын табуда.
– Оның дұрыс, – деді бұл еріксіз мойындап. – Бірақ өзіміздің рудан шыққан
Тоқсанбай
шалды да келістіргенің шамалы.
– Енді мақтадым ғой.
Тоқсанбай
жарықтық аяқасты алжып, көктемде үй іргесінде тұрған қораға


барып
, қозы-лақтармен сүзісіп ойнайтынды шығарыпты. Бала-шағасы
көзтаса
етпей қашанғы бақсын? Бірінде... Қозы деп сүзіскені қошқар боп
шығып
... Тап сол жерде жантəсілім етіпті.
– Бар мақтағаның «Тоқаң сүзісіп жүріп жастығын ала жығылды. Не десеңіз
де
, батырдың тұқымы ғой. Тоғыз жасар қошқар да мертіккен» деп салдың.
– Қайтейін енді?
– Жарайды. Бірақ сенің бір жаман əдетің бар. Екі көзіңді тарс жұмып
алмасаң
шабытың келмейтіндей... Лағып бара жатқанда ымдап ескерту
жасай
алмай қор боласың.
– Ол рас енді.
Құрсын
, əрлі-берлі қараса болды, арқасы қозып кететін ақынмен айтысып
опа
таппас. Мұның да ішкі есебі өзінде. Қалтасын қыздырып қоймасаң,
марқұмның
тірлігіндегі ісіне бояу жағып, əрлемей-сырламай бар шындықты
бадырайтады
да отырады. Шындығы түскірдің қайбір таймас ажары бар?
Келесі
сыбаға молдекеңе тиді.
– Əй, – деді бұл салған бетте, – ақшаны күреп тауып жүрсің. Ана екі күрек
тісіңді
қашан салдырасың, а? Іннен шыққан жыландай ысылдайсың да
отырасың
.
– Түбірі мықты.
– Ой, түбіріңмен қоса... Тіпті Алла деген сөздің өзін де дұрыс айта
алмайсың
.
– Енді оның тоқсан тоғыз атауы бар, қайсысын айтып жатқанымды жұрт
қайдан
білсін?
– Түрменің көк шалабына ындының əбден кеуіп қалған. Жемсауың кең.
Тамаққа
тоймайсың. Кісі өлімді жерде қолын табаққа сыпайы жүгіртіп,
шекіп
жеп, көбіне уағыз айтып, бұ дүниенің иттігін, жожоқ, баянсыздығын
байыптап
мүлгіп бақпас па? Сен болсаң, басты кеңсірігіне дейін қопарып,
жамбасты
жалаңаштап жалаңдайсың да қаласың.
– Енді əйел жоқ...
– Қап, мынаны-ай! Өткен жолы тіпті өгіздің тоқпан жілігін шағып, майын
сорамын
деп балта іздетіп жұрттың зықысын шығардың. Сенің де тамақ


көргенде
ымға түсінбей бедірейе қалатының бар. Əдейі!
– Нағашы, жарар енді!
Алыстан
қосылар жиендігі бар дегенмен, түрме көрген неме ғой, одан əріге
тереңдемеді
.
– Сен екеуіңнің, – деді сосын Бағила мен Айымды көзбен арбап, –
дауыстарың
əдемі. Жоқтауларың жақсы. Ел мақтап жүр. Бірақ маған айтпай
той
-домалаққа барады деп есіттім.
– Ағай, ақша үшін емес. Тапсақ сізбен бөлісеміз ғой.
– Туыс-туған қуанышына шақырысады. Қалай қарап тұрасың? – деп екеуі
екі
жерден безілдеп кетті. – Бүгін де...
– Жарайды енді, – деді Тасекең терісі кеңіп, жиналысты жабарда. – Ертеңгі
жаназаға
ақын керегі жоқ. Демал! Еңбек етіп жарытпаған біреу. Өңірінде
бар
-жоғы жалғыз медаль екен. Оның өзінің қажала-қажала аты өшіп кетіпті.
Молдеке
, қос ару жауапкершілік керек. Əрдайым уақытында... Бұл, анау-
мынау
емес, тұтас спектакль! Өзім «Мерседеспен» тікелей барам. Хош!
Ертеңіне
əдеттегідей жаназа намазы оқылған. Енді жоқтау айтылар тұста...
Таңға
дейін той-тойлап есірік меңдеген бəкене бойлы Бағила
сайтандікіндей
сапсары шашын жалбыратып, микрофонды қолына ала сала:
– Қуаныш құтты болсын! Ұзағынан сүйіндірсін! – деп дауыстап жіберіп,
Шəмшінің
əйгілі махаббат əнін бастап кеп бергені. Онымен қоймай шоқ
басқан
тауықтай секектеп билейді. Сасып қалған Қайсар молданың өзі
мынаның
есін жиғызғысы кеп:
– Бісімілə!... Рахима!.. Алоу!.. – деп азан шақырғандай айқайлап салды. Оған
да
селт етер емес.
Тасемен
жаны қысылып, жан-жағына жалтаңдап бағып еді. Тентек ауылдың
жігіттері
қарасын ба, бірден ортаға алды.
– Əдейі істетіп отырсың. Масқарамызды шығардың! Тірімізді қойып, енді
өлігімізді
саудаға салдың! Атаңа нəлет! – десіп қолдарына іліккен итаяқпен
қақ
бастан қонжитты.
Күндіз
-түні бағып отырған итаяғы Тасеменнің басында кеткен соң Ақтөс
қайтсін
? Ит те болса ақылды, мына қаза үстінде əркімге бір арс етпей,
үйшігіне
кіріп, басын ғана көрсетіп мөлиіп жатқан. Сасқанынан үстіндегі


үйшігін
көтере қашты. Онысы адымын аштырмай домалап, бажылдап
қаралы
елді үркітті.
Тентек
ауылдың жігіттері бір көтерілмесін деңіз.
– Тап əкеңді!.. Сен сияқты сақаудың шығарған жаназасымен жұрт жұмаққа
кіріп
жарымас, – деп енді молданың сақалына жармасқан. Театрдан
бақандай
бес мың теңгеге сатып алған жасанды сақал жұлынып, əлгілердің
алақанында
кетті.
Түрме
көрген молдекең Тасемендей тасырлап тұра қашпады. Өзі де
төбелесті
көптен сағынып жүрсе керек, шапанын шеше сала жағаласып
жатты
.
Бəкене
бойлы Бағила мана шоқ басқан тауықтай секектеп билеп жүргенде-
ақ
бір жыңғылдай келіншектің қолына түскен.
– Мынау əлгі көрші Əлиманың байын сиқырлап əкетіп, үш ай қойындасып
кері
қайырып беретін жүзіқара ғой. Ə, көріндің бе көзіме?! – деп келе
шаштан
бүрген. Шеткерілеу тұрған топ əйелдің ортасына бастаңғыға
соятын
тоқтыдай дырылдатып сүйреп кірген.
– Азалы жерде айқасу салтымызға жат! Тоқтат! Өңшең имансыз! – деген
ақсақалдың
айбынды даусы ғана бəрін жым-жырт басты.
...Соңғы спектакль осылай жабылды. Шымылдық түсірілсін!


ҚЫР
МОЗАИКАЛАРЫ
Көптен
бері кабинет сорып, қырға шықпаған Асекеңнің бүгінгі сапары
үлкен
мəніске ие еді. «Ойбай, райком хатшысы келе жатыр!..» десіп,
аудандағы
қаз-қатар қонған шаруашылық басшылары шаужайласа шауып,
біраз
шап терлетті. Несін айтасыз, қырықтың қырқасына енді ғана
көтерілген
ұзын бойлы, ат жақты, ақсары өңді азамат өз ортасының маңғазы
ғой
, шіркін! Жедел киіз үйлер тігіліп, дəм-тұз ұсынысып, үлгере алмай сан
соғып
қалғандары «Қысқы соғым да келер, сонда алдымен қам жасармыз...»
десіп
іштей шүкірлік қайырысқан.
Түс
ауып, дем басқан шақта Асекең:
– Ай, осы «Көлсай» кеңшарында Қоңырбай деген шопан бар ма өзі? – деп
айналасындағыларды
таңтамаша етіп бір сұрақ қойсын.
Кеңшар
басшысы райком хатшысымен қатарласып, қарнын сипалай қасып,
май
басып па, жел қағып па, қызарып кеткен бітік көздерін жыпылықтатып
бір
тоқмейіл райда тұрған. Мына оқыс сұрақ шаптан түрткендей етті.
– Жалпы бар. Көп қойшының бірі. Биылғы қозы көрсеткіші... – деп
сылдырмақ
қақтырып келе жатыр еді, қырықтың қырқасына енді көтерілген
ұзын
бойлы, ат жақты, ақсары өңді маңғаз азаматтың қабағында көктемнің
бұлтындай
бір көлеңке жүгіріп өтті.
– Жо-жоқ! Жүз саулықтан алған қозысы бізге мəлім. Соның əйелінің аты-
жөні
кім осы?
Май
басып па, жел қағып па, қызарып кеткен бітік көздерін жыпылықтатып
тұрған
кеңшар басшысы селк ете түсті. Қарауындағы қай қойшының
қатынын
түгендеп, түстеп танып жүрсін? Жалт етіп жанында жарқанаттай
жабысып
тұрған перме меңгерушісіне қараған. Тəпелтек неме де анық
білмейтін
болып шықты.
– Сары əйел... Оша... Ошаған... Жо-жоқ, – деп қорыққанынан қалтаңдап
майтопыраққа
тобығына дейін кіріп кетті.
– Өй, иттің баласы! Алдымен малды емес, адамды тану керек, адамды! – деп
зекіген
кеңшар басшысы перме меңгерушісін дереу атқа қондырған.
– Асекең екеуіміз қазір Қоңырбай отырған жайлауға жетеміз. Хабар бер.


Алдымен
жеңгеміздің атын сұра.
Екі
етегі делектеп, жау қуғаннан бетер шапқан перме меңгерушісі соңына
уыс
-уыс май топырақты лақтырып қыр асып кетті.
Асекеңдер
мінген ГАЗ-24 «Волга» сай қуалай жүріп, қыр басында отырған
Қоңырбайдың
алты қанат қараша үйіне түскен. Отағасы қадірлі қонақтарды
қарсы
алып, төрдегі таза көрпеге енді жайғастыра бергенде бір бүйірден
тасырлаған
ат тұяғы мен əлем-тапырық дауыс естілді.
– Əй, Қоңырбай, қатыныңның аты кім, ойбай?!
Райком
қырып барады, ойбай!
Қараша
үйдің көлеңке бет іргесінде тұрған сүттей ақ «Волганы» байқамай,
бақырып
шапқан перме меңгерушісін кеңшар иесі ат арқасынан жұлып
алып
, көген басында желкелеп жатты.
Қоңырбай
қойшы – алпысты алқымдаса да арыны басылмаған, қуатты жан.
Қапсағай
бойлы, қалқан құлақ, қырбық мұрт отағасы күнде қолға түсіп
жатпайтын
қадірлі қонақтарға жас құлын соям деп пышағы мен қайрағына
қатар
жүгірген. Көптен кабинет сорып, қырға шықпаған Асекең «қой-
қойлап
» жүріп ерте туған бағланды ғана қанағат тұтты.
– Жеңгеміз ауылда ма?
– Тезек тере кеткен. Келер, – дей салды отағасы ерте шөп тістеген семіз
бағланды
бабымен бұтарлап жатып.
– Қолғанат болған балалар баршылық қой дейм.
– Өсіп жатыр, – деді Қоңырбай енді сексеуілдің шоғына бағланның басын
домалатып
үйтіп.
– Нақты саны?
– Құдайға шүкір, баршылық.
– Он бес! – деді кеңшар басшысы осы тұста киіп кетіп. – Баланы
топырлатып
таптырып-таптырып, енді ырымшыл бола қалуын.
– Рас-ау, – деп отағасы қипақтан күлген болды.
– Жеңгеміздің аты-жөні?
– Əй, қатын... – деп айналасын сипалап еді, мана сəскеде тезек тере


кеткеннен
əлі келе қоймағаны есіне түсті.
– Ожанкүл Быжыбайқызы, – деп əкесіне көмекші шопан боп отырған сары
собалақ
ұл құтқарып кетті.
– Мəселе былай! – деді ақыры қызыл бауырсақтың шетін ғана тістеп, күрең
шайды
баппен ұрттап отырған райком хатшысы. – Одақ бойынша есеп
жүргізсе
, бір құрсақтан өрбіген он бес бала тек осы шаңырақта екен. Өзіңіз
беделді
шопансыз. Аулақта мал ішінде өсіп, жеңгеміз тиісті құрметтен де
құралақан
қалыпты. Алдағы аптада Ожанкүл Быжыбаевна екеуіміз
Мəскеуге
жүреміз. Бас хатшы Брежнев жеңгемізге «Батыр Ана» алтын
белгісін
өз қолымен табыстайды. Ал Ожекең рахмет айтып жауап сөз
сөйлеуі
тиіс. Бұл хаттама аса мəртебелі мекемеде бекітіліп кеткен.
Қоңырбай
сасқалақтап, аузы кесесін таба алмай қалды.
– Ойбай, той жасаймыз. Ат шаптырамыз, – деп қомпылдап кеңшар
басшысының
құйрығы тіпті көрпеден шығып кетті.
Осы
кезде көктемгі жас жапаның қызығына түсіп қанар қапты нығарлап,
оны
кендір жіппен екі қолтықтан қолтырмаштап алған Ожанкүл де ошақ
басына
жеткен. Үйде бұрын-соңды бас сұқпаған қадірлі қонақ барын сезіп,
қанардан
тездетіп босана қояйын десе, қолтықтағы жіп нығыздалып
қалыпты
, жіберер емес. Əрлі-берлі сілкініп тулап еді, қанар басып кетіп
тура
шалқасынан түссін. Етегі басына кептеліпті. Қонақ күтем деп сүрініп-
жығылып
жүрген келін-кепшік енесінің мына жатысын аңдамапты.
– Зəніңді!.. Ит жегір! Тірілей өлтіресіңдер ме? – деген маңқа дауысқа
алдымен
қадірлі қонақ елең етті. Артынша бала-шаға жүгірісті. Киіз үйдің
алдына
, қарсы бетке тігілген ошақ басынан əупірімнің күшімен босаған
Мəскеудің
болашақ делегаты қымсынған жоқ, бағланның былқылдап піскен
етіне
енді қол сала бастаған қонақтарға қарай төте тартты.
Етке
онша сұғынбай, екі саусақ ұшымен шекіп қана отырған Асекең бір
аптадан
кейінгі сапарласының түр-түсіне сынай көз тастап өткен.
– Апырым... Мынау қалай өзі?.. – Мана кеңшар басшысынан естіген, жас
кезінде
жайлаудан қыстауға көшеміз деп жүргенде асау тайлаққа мініп,
онысы
түлкіден үркіп жеңгеміздің мойны майысып қалған деп. Қараса, жай
майысу
емес, бас оң иыққа біржола қонақтап жатып алыпты. Тұтам шаш
жоқ
, ұстарамен су салып сыпырып тастаған.


– Бұлар көктем шықса болды, бит пен кенеден қашып шаш қоймайды, – деп
кеңшар
басшысы оны да жағалап өткен.
Шаштан
ада, мойыннан ұятты... Ескінің көзі, иықты жез самаурындай
жеңгеміздің
енді аяғына бір қырындап көз сүзген. Арасынан ала төбет
алаңсыз
жүгіріп өткендей.
Райком
хатшысының көңілін оқып отырған кеңшар басшысы май басып па,
жел
қағып па, қызарып кеткен көздерімен, осының бəрін бүлдіріп жүрген
сен
ғой дегендей, дастарқан шетінде ілініп отырған Қоңырбайға оқшырая
қарады
.
Қоңырбай
қысылғансып, барымыз осы енді дегендей, кереге көзін тінтіп,
желкесін
қасыды.
Мəскеу
хабарын естігенде Ожанкүл Быжыбаевна:
– Мəш-шаған! – деп маңқ етіп күліп жіберді.
Мұрындағы
моншақ төгіліп түсе жаздады.
– Орысшаңыз қалай еді?
– Үшінші класқа дейін үздік оқығам. Сосын...
– Оттапсың! Үшіншіде бес жыл отырып əріп ажырата алмаған соң əкең
маған
байға беріп тынған жоқ па?..
Өзіне
қарсы домалап келе жатқан заңның бір тармағын көріп қалғандай баж
ете
түскен қалпы Қоңырбай орнынан ырғып кетті.
– Жолға дайындалыңыз, – деді Асекең аттанар алдында жеңгесіне. – Ал
бəріне
жауапты өзіңіз!
Кеңшар
басшысының май басып па, жел қағып па, қызарып кеткен
көздеріне
райком хатшысы сұқ саусағын безеді.
«Көлсай» кеңшарында сол сұқ саусақтың пəрменімен күндіз-түні
алашапқын
басталды дерсіз.
Ожанкүлдің
аузын аштырып көрсе, төменгі тістері жым-жылас, қызылиек.
Жоғарғы
жағында екі азу қылтияды. Оның арасының өзі ат шаптырым.
Дереу
ауданнан тіс салатын стоматолог жеткізілді.
Қас
пен көздің арасында, орысша сауатын ашасың деп, орта мектептен


мұғалім
алдырылды.
Шашын
ретке келтіресің деп шаштараз келтірілді.
Ұялмайтындай
етіп соңғы модамен киім тігетін, бармағы майысқан шебер
тігінші
табылды.
Уақыт
тығыз. Сағат санап қысып барады. Күн сайын істің нəтижесін
Асекеңе
хабарлап отыру лəзім. Жанын аузына тістеп шапқан кеңшар
басшысы
ақыры Қоңырбайдың төрінде бір жамбастап жатып алып, бар іске
дирижерлік
жасады да отырды. Жасағаны бар болсын!
– Екі азудың арасын екі күнде немен бітеймін? – деп стоматолог
бажылдайды
.
– Уақытша бірдеңе қыл енді. Еңбегіңе қозылы қой берем. Тіпті болмаса сол
екі
азудың арасын түйенің көн терісімен болса да бітеп, байлап бер. Сыртын
сырлай
сал. Давай, тез!
Тез
іс оңа ма, күшпен тартам дегенде бір азуы жұлынып кетті. «Енді еш
қайран
жоқ» деген «қаралы» хабар райком хатшысын да кабинетінде тыныш
отырғызар
болмады.
– «Здрас...» дегеннің өзінде бетіңді түкірігі көміп кетеді. Тіпті ұшынып өлер
болдым
. Құтқара көріңіз, – деп мектепке биыл келген инеліктей жас қыз
шыр
-шыр етіп жылайды.
Шаштараз
болса тұтам шаш жоқ, ұстарамен су салып қырып тастаған басты
əрі
домалатып көріп, бері домалатып көріп терең күрсінді.
– Парик жасап кигіземін. Əйтпесе жоқ!
Жалма
-жан ауданнан қиылған шаш жинатқан. Түнімен тоқыған парикті
алып
-ұшып жеткізген. Кигізіп көрген. Түлкіден үркіп жығып кеткен асау
тайлақтың
кесірінен оң иыққа бауыр басып қалған бас парикті
қабылдамады
. Қалай кигізсе де жұлымжұлым боп, алды артына айналып
кете
береді. Тіпті сол парикті киюі мұң екен, күнде саудырып жүрген бұзау,
ботаға
дейін əзірейіл көргендей көген үзіп қашып, ауылға жоламай қойды.
Қозылы
қойы тегін кетіп бара жатқан соң:
– Қалпақ бұйым емес. Жел лүп етсе бітті, төбеңді сипап қаласың. Мынау бір
күн
өткізбес оңды киім екен, əкел маған, – деп Қоңырбай ат үстінде
қоқырайтып
киді де алды.


Бармағы
майысқан шебер ғана панбарқыт матадан жағасын жаялықтай етіп
тобық
қақтырып көйлек тікті. Асекеңе ол да ұнай қойған жоқ.
– Мынау не нəрсе? Аузын буған қанар құсаған... – деп біраз сұрланды.
– Осы Мəскеуге Қоңырбайдың өзін апарсаңыз қайтеді? – деді əбден діңкесі
құрыған
кеңшар басшысы.
– Не деп?
– Əйелі қатқыл науқас дерсіз. Қазақта «ана сүті, ата күші» деген бар...
– Жоғал, оңбаған! – деп райком хатшысының жан даусы шықты. – Еркекке
бала
таптырғаныңның байғазысы деп медаль бергенді қай атаңнан көрдің?!
Айласының
түрін!
Амал
жоқ, жанына үшінші ғып он шақты жылдан бері қызметтес келіншек
Гүлəйімді
ерте кеткен. Мəскеуге жетісімен райком хатшысы мен қызметтес
келіншек
ГУМ-ды асықпай аралап, Ожанкүл Быжыбаевнаға шалбар сатып
алып
кигізген. Оқсамады. Əлгі арасынан алаңсыз жүгіріп өтетін ала
төбеттен
айналып кеткендей екенсің...
Кремльдегі
марапат көп күттірмеді. Бұл жолы Брежнев Одақ көлеміндегі
тек
əйгілі əйелдердің басын қосқан екен.
Екі
келіншекті екі жағында қырағы ұстап тұрған Асекең «Қазақстаннан...»
деген
хабарды естіген бетте жаны қысылып, Гүлəйімді алға ұмсындырып
жіберді
.
Леонид
Ильич сұңғақ та сұлу, сəмбі талдай майысқан Гүлəйімді көргенде
нұрланып
сала берді.
– Көрдіңдер ме? – деді мəз-мейрам болып айналасындағы орден-медалін
ауырсынып
тұрған шал-шауқанға қарап. – Жап-жас! Ал өзі он бес баланың
анасы
! Жəне қой өсіреді.
Сөйтті
де, қаз-қатар тізіле қалған Сібірдің ақ қайыңдай аруларының, Балтық
бойы
бекбикелерінің, Шығыс гөзалдарының алдынан Гүлəйімді қолтықтап
мақтанышпен
əрлі-берлі жүріп өтті.
– Неткен бақыт?! – деді сосын тоқтай қалып көңілшек жан. – Сіздердей
еңбекқор
келіншектеріміздің арқасында біздің еліміз өркендеп те, жасарып
та
барады емес пе? Есіміңіз?


Тосылыңқырап
барып:
– Гүлəйім, – деді бұл.
– Фамилияңыз?
– Желдербаева.
– Əкеліңдер құжатты! Мұндай аяулы жан үшін қазір өз қолыммен
толтырамын
.
Қырмызы
қызыл дүние қолдан сусып бара жатқан соң оңай ма:
– Ошы... Ожан... – деп Быжыбаевна бірер мəрте алға ұмтылып еді, бірақ
райком
хатшысының қуатты қолы шынтағынан тас қып ұстап жіберер
болмады
.
Марапат
бітісімен Сібірдің өңкей сылқым келіншектері мықындары
былқылдап
өздері дайындап келген орыстың бірер халық əнін сызылтты.
Саяси
Бюро мүшелері əрқайсысына көзін аударып-төңкеріп шатшадыман
күйге
енді.
Мына
ду арқасын қоздырған жеңгеміз:
– Мен ендеше «Маусымжанды» айтамын, – деп өңмеңдеп баққан. Қай-дан...
– Əй, қатын, əкел алтынымды! – деді бұл қайтар жолда поезға отырар-
отырмастан
шаптығып. – Үлкен кісінің лебізіне қалай түсіп қалғанымды
өзім
де білмеймін... Бұл енді менікі.
– Байың жоқ! Екі шұнақ балаң бар, – деп соншама əуремен атақсыз қалған
жеңгеміз
, ендігі жерде тайынарым жоқ дегендей, шап беріп Гүлəйімның
өңіріне
жармасқан.
– Мəселе былай, – деп райком хатшысы табан астында саяси шешім
қабылдап
жіберді. Алтын белгіні алды да, Ожанкүл Быжыбаевнаның аузын
буған
қанардай көйлегіне көтеріңкі ғып өз қолымен қадады.
– Ал құтты болсын! Құжат болса, Гүлəйімжан, сенің атыңа толтырылып
кетті
. Сондықтан Орталықтан он бес балаға төленер көмекті өзің алып
отырасың
. Келістік пе?
– Мейлі. Шалым аман болсын, – деп жеңгеміз маңқ етіп күліп жіберді. –
Шын
алтын. Жылт-жылт етеді. Мəш-шаған!


– Ойбай, той жасаймыз! Ат шаптырамыз! – десіп кеңшарлықтар біраз
жырғады
.
Кремльді
көріп қайтқан Ожанкүл жеңгеміздің
«Брежневке үй деп айттым, бүй деп айттым!» деген сөздері абысындары
айтқызған
сайын тіпті түрлене түсті.
Ол
енді басқа əңгіме!
ЖАҢҒЫРЫҚ
Серік
Қалешұлына ағалық құрметпен!
Күн
шаттанып дөңгеленген.
Мамырдың
майда самалы айналаңда үйіріледі. Бір-бірінен аумай қалған
шатырлы
қос үй, аулақтау қонған қора-қопсы, қозы көш жерден қарауытқан
егістік
алаңы майда самалмен жеткен мейірімге тоймай жатты. Қабырғасын
санап
алғандай қара қаншық итаяқтағы жуындыны қауып ішіп,
жұғындысын
тіл жүгіртіп жалағыштайды. Əлдене дəметкен ашкөз қарға
итаяқтан
екі-үш аттам жерде əрлі-берлі қаздаң қағады. Қарқылдаған сайын
қара
қаншық аларып, желке жүнін көтереді. Қора жақтан сиыр мөңірейді.
Бірі
бастап, бірі қостап үдете түседі.
Үйдің
сыртқы есігі сықырлай ашылып, өзегін жел кернеген қурайдай
қатып
-семген қара шал шыққан. Ышқырын бүріп ұстап, жан-жағына алақ-
жұлақ
қарап алды да:
– Арыз жазам, арыз, – дейді əлдекім естіп қалатындай сыбырлап.
Үйінен
шыққан бетте айыбы асқынып, шеткері қорада қамаулы тұрған
жалғыз
бұқаға беттейтін. Сояудай сабанды сыпырып-сиырып, алдына көк
балауса
құрақты тастайды. Аузына су тосып, саржамбас болмасын деп
астын
тазалайды. Əншейінде шаңырақ мүйізін шайқап, жын буып тұратын
бұқа
да мұны көрсе біртүрлі жуасып сала береді. Сулы тұмсығымен
сүйкеніп
, көзі тұманданады. Əттең, тіл жоқ...


– Қасқа бұқа, – дейді өзегін жел кернеген қурайдай қатып-семген қара шал
жануардың
əукесін сипап, – кел, қосылып əн айтайықшы. Ішім толып кетті.
Шерленіп
өлерміз... Ал шырқайық:
Бұл
күнде сен де жетім, о-оу, мен де жетім,
Қосылып
екі жетім...
Өңкілдеп
жылаған қара шал бұқаның шаңырақтай мүйізіне сүйене кетеді...
– Ата, қойыңызшы.
– Бұқасы құрысын. Үйге жүріңіз, – деп қора есігінен енген үйелмелі-
сүйелмелі
келіндері Алма мен Мəрзия жыламсырайды.
– Қаралай қор болғанын қарашы!
Иə
, қара шал о баста қор боп тумаған. Шарпып тұрған қайраты бар шағында
қай
қияға өрлемеді? Жасы ілінбей жүріп, ақыры соғыстың соңғы сойқанына
да
қатысты.
– Аруаққа сиынып андағайлап шаптым. Мені көрген фашистер «Ахтунг!
Аңшыбай
келе жатыр! Ойбай, ахтунг!» деп бықпырт тигендей боп жататын,
– деп оралды. Рас-өтірігін кім білсін. Өңірінде жарқыраған жалғыз медалі
бар
. Соны сипалай береді. Жастықтың өзі жарты мас қой.
Жан
алқымға келгенде байғұстар үстерінен сыпырып тастай қашты ма,
əйтеуір
аяғына неміс солдатының керзі етігін, үстіне иінін жылтыратып
офицерінің
мауыты шинелін киіп келген. Құрдастарда дауа бар ма, жатпай-
тұрмай
күлкі қылған:
– Өй, бұл орманда өліп жатқандарын тонапты.
– Ине-жіптен шыққандай ғып киіндіріп жіберетін Аңшыбай олардың
құдасы
ма еді? – деп. Жə...
Қайтып
кеп колхоздың майлық-сулығына да иығын тосты. Бақша егіп,
басынан
асыра сілтеп кетпен де шапты. Қолына құрық ұстап, құйрығын
теуіп
ойнаған өңшең қылқұйрықтыны да айқаймен қайырды. Табын-табын
сиыр
да өргізді. Қатарынан оза шауып, төлді көп алған жылы Кремльді де
көрді
.


– Хрущев қолымды қысып тұрып «Аңшеке, соғыста салған сүреңіңді
білемін
. Пай-пай, бейбіт еңбектің де берекесін тапқан екенсің. Жарайсың,
ерім
! Мə, ендеше!» деп қалтасын қопарған. Əттең, алтын жұлдызы
алақанына
ілінбеді. Көңілшек жан ғой, делегаттарға уыстап шашып
үлестіріп
тауысыпты, – деп баланың жаялығындай мақтау қағазын ұстап
келген
. Қиқулап өткен қайран дəурен десеңші!
– Ата, жүріңізші енді. Жыламаңызшы... Жаңабай мен Балабай қайда жүр? –
деп
екі келін бұқаны құшақтап сабан үстіне құлаған аталарын қолтықтап
жатты
...
Түскі
астан соң үй көлеңкесіне құйрық төсеген ағалы-інілі Жаңабай мен
Балабайдың
да көз алдынан көп көрініс қашады. Бел асып безген бедеудей
өткен
күннің елесі-дағы...
Сөйткен
кеңшар тарап, жекешелендірудің желеуімен мал-мүлік пышақ
үстінде
бөліске түсті. «Баяғыда бір байдың жұртына екі тышқан таласыпты»
деп
басталатын ертегі бар-ды. Аумай-төкпей соның кебі келді.
Тек
топырлаған тышқан көбейген. Жылтың қағып есіктен де, тесіктен де
тасып
əкетеді. Мал бақтық, құрылыс салдық деп бұлар да алақандарын
айқара
жайған. Қай-дан... Тек ши қасықпен ғана тамызды. Екеуіне тигені –
жиырма
-отыз уақ жандық пен он шақты ірі қара. Өлген шеше, зейнетақыға
қамалған
əкенің еңбегі – еш, тұзы – сор. Алладан қайтар, адамнан
дəметпесін
деген сыңайлы.
– Таң алды түс көріп ояндым. Зəулім сарайдың іргесі сетінеп, үстіме
құлады
. Жаншылып қалдым, – деп əкесі бірде орнынан өңі қашып тұрған.
Айналасын
жаудай тонаған талан-таражды көтере алмады, шамасы. Содан
ерте
көктемде есірік меңдеген.
– Өңшең жауыз! – деп əлдекімге шабынған. – Кеңшарды қайтар! Малды
түгенде
! Арыз жазам, арыз!
Бұлар
қолдағы азын-аулақ малдан да береке таппады. Ұлдарын үйлендірген,
енші
берген. Қыздары байға тиген, үкілеп ұзатқан. Жалаң қағып жүгенін
қолға
ұстады. Екі шаңыраққа ортағы – жалғыз қасқа бұқа. Оның да малға
сандығы
жоқ. Айналаны азан ғып өкіріп-бақырып, көрші ауылға қаңғып
кетеді
...
Қуалап
кеткен қысыр ойды қара қаншықтың шəңкілдеген даусы үзеді.


Қаздаңдаған
қарғадан итаяғын қызғанып ерсілі-қарсылы шабады.
– Қой, қораға барайын, – деп шіли жоқ іздегендей тоңқаңдап жүретін,
тұқшиып
тұратын Жаңабай жарты уыс сақалын саумалап орнынан
көтерілді
.
– Ендеше мен егістікке кеттім, – деп қой көзді, қоңырқай жүзді Балабай
əдетінше
сыңар езулеп күліп, сұйық мұртын сылайды.
Отырған
жерде төгіліп қалса, ойдың несі ой? Ол да ерулі аттай өзіңмен
бүйірлесе
кетеді ғой...
* * *
Аспан
астында күміс жонын жылтыратып алып айдаһар оянған.
Тас
тұғырын теуіп ұшқан ақ бауыр қара бүркіт қанатын жайған.
* * *
...Сөйтіп, таңғы асты тəңірге тапсырып, ауру əке, əулекі бұқаның амандығын
тілеп
отырғанда қорған асып қытай келген. Үпір-шүпір боп машинадан
төгіліп
түсе қалысты. Түлкінің баласындай бірі жылмаң қағып:
– Су Юн, – деп қол берген. Топ басшысы екен. Қасында ақ манардай боп
қазақ
қызы жүр. Əлгінің лебізін жерге түсірмей қағып алып бұларға
жеткізеді
. Су Юн алдымен ауыл сыртындағы кең алқапқа көз тікті. Тыпыр
қағып
аралады. Талай жылдан бері түрен тимей тусырап жатқан қара
барқын
топырақты уыстап иіскеді. Тіл жүгіртіп жалады. Көзі күлмеңдеп,
бас
бармағын көтерді.
– Еміренуін қарашы. Сағынып келген-ау, шамасы, – деді Балабай əдетінше
сыңарезулеп
күліп, сұйық мұртын сылап.
– Тыныш тұр. Үркітіп аларсың, – деген Жаңабай сыбырлап, əлгінің
жанында
тоңқаң қағып, тұқшиып тұрып. – Жаламақ тұрмақ, жеп қойса да не
шаруаң
бар?


Ақыры
Су Юнның қолтығына тұмсығын тығып тұрған ақ манардай қыз
тілге
келді:
– Су Юн мырза сіздерге былай деді. Мына жер құнарлы екен, күнбағыс егем
дейді
. Бірақ биылша тəжірибе үшін аз мөлшерде дейді. Сапалы өнім берсе,
келесі
жылы көп егем, сұйық май, малдың жемін шығаратын зауыт қоям
дейді
. Сөйтіп, Қазақстанға көмектесем дейді.
– Бізден рұқсат! – деді бұлар жалма-жан қосамжарланып.
Əлгі
ақ манардай қызы түскір сықылық атады.
– Ой, əуре болмаңыздар. Сіздердің рұқсаттарыңыз керек емес. Ол алынған.
Су
Юн мырза сіздерді жалдап алғысы келеді. Қарауыл болсын, торғай
үркітсін
дейді. Еңбекақысы – бес жүз доллар дейді.
Жаңабай
алақанына былш еткізіп түкіріп жіберген...
Баяғы
бала кезінде көктем жылт етіп, көкек шақырса бітті, ауылға есегін
тепеңдетіп
өзбек шал келетін. Жай келмейді, жорға шалыс кішкене
жануарға
алты қанар шемішке теңдеп алған. Содан қара күзге дейін
ауылдағы
шағын дүкеннің алдын берсеші. Бала-шаға у да шу. Баданадай-
баданадай
қара шемішкенің базары қызады.
– Əңгіме айтқызады, ермек, – деп қыз-келіншек əуес.
– Уақыт өлтіруге жақсы, – десіп жігіт-желең құмар.
– Ой, аузы-басын қисаңдатып, өңшең... Бұлар не тоймайтын, не қоймайтын
нəрсеге
жүгіреді, – десіп ауылдың кəрі-құртаңы кіржіңдесіп қалатын.
– Көлеңкеге құйрығын көміп отырып... Ала шаңның астында жүріп біз
таппаған
ақшаны осы орып əкетеді, – дейтін трактордың дырылынан
зəрезап
нағашы ағасы кеңшардың түгесілмес шаруасынан түңілген сəтінде.
– Келесі жылы күнбағыс егіп өзбек боп кетпесем... Көр де тұр!..
Содан
жыл құсымен таласып он шақты қытай келген. Келе итарқа лашық
құрып
алды. Құйттай тракторларын селкілдетіп жүріп жер жыртты. Дəн
сіңірді
. Іргедегі өзеннен лақылдатып су айдады. Қалтаң-құлтаң етіп
құрақтай
майысып мігір тапса ше... Кешқұрым лапылдатып от жағып, қазан
көтереді
. Мүшелеп сойған малы жоқ. Бұлар не асып жүр деп байқаса,
дастарқаны
толы өзеннен сүзіп алған бақа-шаян. Күтірлетіп кеп шайнайды.
Көк
шайды сылқылдатып соңынан айдайды.


Жаңабай
көрген-баққанын айтып кеп:
– Үй үстіне келген мейман. Қонақасы беріп жібермесек ұят-тағы. Бір
шəйнек
шайға жарамады деп кетер. Құрт-құмырсқа теріп жеп, бұралып
жүрген
сыңайлы, – деген.
– Қасқа бұқаны сояйық. Шекесін алдарына қояйық. Ағайын татырмаған
ақшаны
бір етек қып осы атасы басқалардан алып отырмыз. Өзіміз де
қызылсырап
біттік. Қалғанын құдай жеткізер, – деп Балабай пысып сала
берді
. – Пышақ, қайрақ қайда? Давай, екі қатын аяқ-табағын əзірлесін.
Қолына
имек бас құманын ұстап далаға беттеген əкесі əңгіменің ау-жайын
байқапты
. Зілдей құманын сілтеп кеп жіберіп, зікір салған бақсыдай
селкілдеп
кетті:
– Қасқа бұқаны дейсіңдер, а? Еті тамақтарыңа көлденең тұрып қалар. Онан
да
жіліктеп мені сойыңдар. Азып туған ит! Ол – кешегі кеңшардан қалған
жалғыз
көз. Соны неге білмейсіңдер? Арыз жазам, арыз!
– Осы шалдың ауыратыны өтірік.
– Көрдің бе, көрші бөлмеде жатып алып сөз аңдуын, – десіп жас ет ернімізге
тие
ме деп дəмеленіп отырған екі келін күбірлесіп, күңкілдеп басылды.
Құйқалы
топыраққа сіңген дəн көп жатпады. Күншуақ құлақтарынан
тартып
суырып шығарды. Солақ екен, қалтаң-құлтаң етіп құрақтай
майысып
жүрген қытайлар жылыстап жоғалды. Артынша қаладан əлгі ақ
манардай
қыз келген. Желмен тербеліп тұрған жас өскінді көзімен аялап
əрлі
-берлі шолып өтті. Ерін ұшымен əлденені есептеді.
– Мал түспесін. Тамырын қоңыз кеміріп кетпесін. Тыңайтқышты
ұрламаңдар
. Дұрыстап себіңдер, – деді сосын ыздиып тұрып.
– Əлгі иесі қара қытай қашан келеді? – десін мына сөз өкпесіне өтіп кеткен
Жаңабай
.
– Су Юн мырза де. Онда не шаруаң бар?
– Шаруам жоқ. Тек амандығын білейін дегем.
– Ол күнбағыс жинарда келеді. Қалғанына жауапты өзім.
– Сіз осындағы уəкілісіз бе?
– Əйелімін!


Жаңабай
жарты уыс сақалын саумалап, басын шөп жұлған аттай кегжең
еткізді
. Əй, бəсе, алғаш келгенде қолтығына тұмсығын тығып тұрысы бөтен
еді
-ау.
– И, айналайын, Сүйінжан өзіміздің күйеу бала екен ғой.
– Иіліп-бүгілген ибасына не берерсің? Бақытты болыңдар, – деп Алма мен
Мəрзия
ұлардай шулап қоя берді.
Ақ
манардай қыз селт еткен жоқ. Жеңіл көліктің артқы орындығына көміліп
кете
барды.
Араға
ай салып қара жолдың шаңын шүйкедей созып екі-үш «Джип» тағы
да
сау ете түссін. Американдықтар екен. Жатжұрттықтардан нəпақа айырып
дəнігіп
қалған екі ағайынды бұ жолы алдарынан арсалаңдап шықты.
– Майкл! – деді топ бастаушысы қолын ұсынып. Кекірейіп қалған кербез.
Серейіп
тұра қалғанда көлеңкесінің өзі алты адым жерде жатты.
– Қош келдіңіздер, – десті Жаңабай мен Балабай басын қатар иіп, –
қазақтың
дархан даласына!
Асықпай
алшаң басып кешегі кеңшардан қалған қора-қопсыны қарасты.
Іргедегі
өзенге көз тікті. Мал тісі тимей аттың үзеңгісін қағар қалыңдықты
кезді
. Өзара күбірлесті, сыбырласты. Ақыры бəтуа басын түйсе керек.
– Майкл мырза былай дейді, – деді ақыры қожайынының кең құшағында
жұтылып
, басы ғана қылтиып тұрған қараторы, қыр мұрынды əдемі қыз
тəттілеп
сөйлеп. – Əзірге қазақы жүз бас сиыр сатып аламын. Бақтырамын.
Осы
жер ұнады дейді. Сосын Америкадан самолетпен он ангус бұқасын
əкелем
дейді. Оларды жүз сиырға үйлендірем дейді. Одан туған ұрпақ
ыстық
пен суыққа төзімді болады дейді. Сиырды бақсын. Сіздерді жалдап
алам
дейді.
– Қашанда əзірміз!
– Əп, бəрекелді, қаладағылар да тісінің суын сорып əзер отыр. Бұйырса ет
пен
сүтке қарық боламыз. Бағамыз, ойбай, қағамыз, – десіп Жаңабай мен
Балабай
елпілдеп естері шықты.
– Ендеше сиырларды үш күнде жеткіземіз. Артынша Вашингтон
аэропортынан
ангус бұқалары да самолетке мінеді, – деп Майкл көңілденіп
қоштасты
. Машинаға аяқ арта беріп тамағын кенеген.


– Жəрекімалла, – деп салды екі ағайынды жарысып.
– Менің күйеуім аздап жөтеліп жатыр, – деді қараторы, қыр мұрынды əдемі
қыз
миығынан күліп. – Түшкірген жоқ.
– Е, Майклжан өзіміз екен ғой. Қыдырып қайын жұртқа келген екен ғой.
– Қайдан білейік. Кешір, мырзам!
* * *
Үзілмеген
ұзақ ұйқы айдаһардың бойын марғау тарттырып, мең-зең етіп
тастапты
. Сол қалпы алақандай көзін аударып-төңкерген. Сүйір тілін
көмейден
сумаң етіп шығарып баяу ысқырған. Аш қарынға азық болмас бір
түп
жусан жапырыла жығылып, қайта бас көтерген. Шөп түбін паналап
шөкиіп
отырған жорға торғай пыр етіп аспанға кесектей атылған.
Ақ
бауыр қара бүркіт қайқаң етіп көкке қалықтап шығысымен екі керегені
еркін
керген. Күн көзін кəдімгідей көлегейледі. Еттің тəтті сөлі таңдайына
құйылып
, жеген сайын жемсауы түскір жаңа жемтікті аңсайды. Қара жердің
бетінде
қыбырлағанның бəріне қанды көзін тігіп, қаһарын шашты.
Алқынып
алға ұмтылды.
* * *
Жолаушылар
аттанып кетісімен бұ жолы Алма мен Мəрзияның талақтары
тарс
айырылсын.
– Қалбаң қағып не көрінді соншама? Аштан өлмеспіз!
– Жүзіқаралар қашан байға тиіп үлгеріп жүр? Жүзік көзінен өтіп
жылмаңдауын
. Кілең салдақы!
– Дыбысыңды шығарма! Жайған қолға қарға тышпай отырғанда... Батпан
құйрық
десеңші, – деп шіли жоқ іздегендей тоңқаңдап жүретін, тұқшиып
тұратын
Жаңабай еңсесін тіктеп, əйеліне осы сені ме дегендей ежірейе
қарады
.
– Кімді аяп отырсың? Барсын. Жүгіріп тисін. Солар емес пе, өңшең байды


есігіміздің
алдына дейін жетектеп алып келіп жүрген, – деп Балабайдың
сұйық
мұртының сұрқы қашып, келіншегіне сұрланды. Қоңырқай жүзі
қабарып
, сыңарезулеп кетті.
Артынша
ағайынды екеуі айыр-күрекке жармасып, кеңшардың иесіз жатқан
жайдақ
қорасын, зəулім бітеуін сабаннан арылтты. Не дегенмен негізі
мықты
емес пе, ұсақ-түйек тесігін бітеп, шалқалап жатқан қақпасына топса
бекіткенде
кəдімгідей дөңгеленіп шыға келді. Сабанды сиырып, күбірді
күреп
алып, аулаққа апарып өртеді.
– Ертең-ақ теңеліп кетерміз. Жұрт мұндай жұмысты ақы беріп сұрап таба
алмай
жүр.
– Күнбағыс тамыр тартып, бой алып кетті. Енді салмағы аз. Торғай қонса
мылтық
бар. Үркітеміз... Қораны əзір етейік. Өзіміздің сиырларды қойшы.
Əлгі
шетелдің бұқаларынан ұят-тағы, – десіп зыр жүгіріп ентіктерін басар
емес
.
Күткен
сиырлары да көп зарықтырмады. Осы қалайы жоқ өңшең ақ бас
құнажын
. Келе іргедегі аттың үзеңгісін қағар қалыңдыққа бас қойды. Ауыл
аралап
қаңғып кеткен қасқа бұқа дереу қудырылып алынып, биік те бөлек
қораға
қамалды. Кеңшар кезінде бір өзі бір табын сиырды жеке-дара
иеленіп
қалған аусыл неме өңкей күйітті құнажынды көрген сайын
сойқанып
бітеді. Қораға сыймай өкіріп-бақырып, топырақ шашып, жарды
сүзгілейді
. Көкке тойынып, жүні жылтыраған құнажыны құрғыр да бұқа
тұрған
қораға əуес. Айналсоқтап, тіпті қайыру бермей бұлтақтап қашып,
жіңішке
үн салып мөңірейді. Мамырдың майда шуағы арқасын қыздырып,
көзіне
от ұрынып тұрған немеге не жорық? Еркіндік алса есерсоқтың ойына
не
түспейді дейсің? Əр құнажынды аулаққа қуалап, құйрығын иіскеп
мұрнын
шүйірер, шүйірер де екі аяғын аспанға атар... Одан кейін салған
ойбайыңнан
не қайыр?
– Жергілікті жердің еркек танасы қораның қарасын көрмесін. Нəсілі азғын.
Тұқымды
бұзады. Ондай құқық тек мұхит асып келгендерге ғана беріледі, –
деп
Майкл ежіктеп кеткен. Əлгі əрқайсысының азан шақырып қойған аты
бар
, су жаңа пашпұрт иеленген асыл тектілер аэропорттан түсіп «Мө-ө»
дегенде
алдарынан өңшең ауыл бұқасының алдын көрген құнажын шықса?..
Жердің
тесігі таптырмас. Төніп тұрған қауіптен құтылудың жолын ойлаған
Жаңабай
мен Балабай енді пішіп тастауға бекінді. Ебін тауып енін сылып
алған
соң не қайран қылар?! Ұмасы уыстай боп сиырлардың ішіне сіңіп


жоғалар
. Қырсық шал екі ұлының емеурінін тағы да сезіп қалыпты. Тіпті
есірік
меңдеп:
– Одан да мені пішіңдер. Сонда мұраттарыңа жетесіңдер. Арыз жазам, арыз!
– деп екіленіп кетті. Тіпті бұқаны өріске босатқысы кеп, бұрыш-бұрыштан
сығалап
бұларды аңдыды. Бұлар да жатпай-тұрмай əкелерін бағып
жасырынбақ
ойнап жүргенде алыстан жолға түскен жорғадай жүйткіп жеңіл
көліктің
де қарасы көрінді-ау.
Еңіске
батып-шыққан сайын аппақ «Джиптің» күн сүйген сауыры
жылтырайды
. Соңынан өңкиген екі үлкен машина жетектесіп отыр.
– Ал, келді, – деп қора басында жүрген Балабай талтақтап шауып құрығына
жармасты
.
– Ойбай, қолыңдағы не пəлең?
– Таста! Олар біздің малдай емес.
– Пашпұрттары бар, кəдімгі адам сияқты, – деп ағасы мен екі абысын
бажылдап
қоя берсін.
– Енді не істейміз? Онда бұқаларға ағылшынша амандасайық.
– Осы сенің тызақтаған мінезің-ай, – деп Жаңабай жарты уыс сақалын жаңа
көргендей
саумалай берді.
Аппақ
«Джиптен» домалана түскен қараторы, қыр мұрынды əдемі қыз
алдынан
селтиіп шыққан бұларға ерін ұшынан ғана енші берді. Күйеу бала
жоқ
, орнында шоқиып шəугім бас, барақ жүнді ит отыр.
– Так... – деді қорадағы құнажындарға көз салып өткен соң Майклмен бірге
келгенде
тəттілеп сөйлеген қыз. – Ангус деген – аса қымбат бұқа!
– Зекетің кетейін,– деп қалды Балабай, ықыласын кімге арнағаны белгісіз.
– Тұра тұрыңыз, – деген қыз қабағын сəл кірбің шалып. – Бұлардың
асылдығы
сондай, мойны жерге жетпейді. Əзерге шөпті шауып əкеліп
ауыздарына
тосасыңдар. Суды да солай ішеді. Күн сайын үстін ақ көбік қып
сабындап
жуасыңдар. Келешекте Майкл мырза осы жерге сүт-ет өндіретін
үлкен
фирма құрады. Осы сəтте өңкиген екі үлкен машина да жетектесіп кеп
ентігін
басты. Терісі түйенің мойнағындай қалың, сырт жүні қызылкүрең
өңшең
топал алыпты көргенде бұлардың қарашығы жан-жаққа маңып кетті.
Тіпті
алғашқыда жасанды робот екен деп қалған. Жо-жоқ, мөңірейді-ай!


Топал
басын бұлғақтатып шайқайды-ай!
Демек
, бұл да сиыр болғаны ғой.
– Санап алыңыз. Тура он. Анау қағаз қаптағылар – жемге қосатын витамин.
– Болашақта бұларды қолдағы жүз құнажынға үйлендіреміз ғой, – деп
қалды
Балабай əдемі қыздың алғаш келгендегі сөз мəнеріне салып.
– Иə! Жаңа некеден жақсы ұрпақ тарайды. Ғылым дəлелдеген. Мынау –
паспорттары
. Анау – денсаулықтары жайлы құжаттар. Əзірше аттары
ағылшынша
. Кейін еркелетіп қазақша қоюларыңызға рұқсат!
– Құба-құп!
– Айтпақшы, – деді əдемі қыз шəугім бас, барақ жүнді итті машинадан
секіртіп
түсіріп жатып, – бұл – малсақ тұқым. Есімі – Джон. Үйрене берсін
деп
жіберді. Бұған да бап, арнайы күтім керек. Тамағын тиеп əкелдік.
Тездетіп
түсіріп алыңдар. Майкл бір айдан соң оралады.
– Қуаныштымыз.
– Онда хош!
Аппақ
«Джип» ала шаң қауып қалған артындағыларды аң-таң ғып айдау
жолға
түскен...
Күнбағыс
біткеннің сабағы қатайып, əрбірі алақандай бас байлап
ажарланған
. Ілкіде табанына су тамызсаң қаулап өсетін қамыстай көрінген.
Бақ
са оның да топырағын қопсытып, түптеу керек екен. Апта аралатса бой
бермей
кететін арамшөппен тартысасың. Нəлеттеп жүріп тартыса-тартыса
екі
бүктеліп қалатының бар.
Кешікпей
шүлдірлеп жоғалған он шақты қытайдың атар таңмен жағаласып
екеуі
кеп тұр.
– Бастығымыз дұғай-дұғай сəлем айтты. Сіздерді керім сағынып жүр.
Жақында
өзі де қара көрсетеді. Мынау – тыңайтқыштың жаңа түрі. Осыны
рəсуа
етпей, əр күнбағыстың түбіне уыстап сепсін. Сонда тез бойжетеді
деді
, – деп қалтаң-құлтаң етіп құрақтай майысады. Бұлар тап бір зарығып
көрген
жалғыз қызын ұзата алмай отырғандай.
– Қара құнажын күйлеп тұр. Көзі мөлиіп қалыпты,
– десін артынша өрістен оралған Жаңабай інісіне.


– Апыр-ай, ангустың келгеніне екінші күн. Бұған құнажынды ашық далада
көрсетеміз
бе? Əлде адам көзінен тыс бітеу қораның ішінде ме?.. Мұның
қайсысына
зауқы соғады? Міне, мəселе қайда? Қап, кешегі сығыр қыздан
сұрап
қалмағанымызды қарашы, – деп Балабай біраз қиналды.
Қой
, не де болса еркек кіндік қой, өз шаруасын өзі ыңғайлар дескен
ағайынды
екеуі бір ангусты мойнындағы темір жіппен жетектеп сыртқа
алып
шықты. Алдына зар күйіне кеп ойнақшыған қара құнажынды жеткізді.
Ангус
маңғаз қалпы құнажынның құйрық тұсына тұмсық апарды.
Ықылассыздау
иіс алған.
Тұрып
-тұрып есіне əлдене түсіп кеткендей мекіреніп ұмтылсын. Азынап
аяқ
көтерсін. Əп дегенде қара құнажын ангустың бауырына жұтылып
жоғалған
. Мейір қанбас қас қағымда құнажын жерге омақаса құласын.
Мертігіп
жығылсын.
Балабай
ангустың темір жібін ұстап, алдыңғы жақта «Əйт, жануарым!» деп
жайбарақат
өзінше тарихи оқиғаның куəсіне айналған. Құнажын омақаса
құлаған
кезде екпінін тоқтата алмаған ангус тапап кетуге шақ қалды. Бар
даусымен
бақырып қашты.
Қамауда
тұрған қасқа бұқа қораны жарып шығыпты. Əукесі желкілдеп
жерде
жатқан қара құнажынға тікелей тартты. Келе берген сəтте... Шегініп-
шегініп
барып кері алға жүгірген ангус топал басымен қасқа бұқаны нақ
бүйірден
солқ еткізіп бір қойып еді... Жазған құл төрт аяғы тең көтеріліп,
əуелеп
-əуелеп барып сонадай жерге бұрқ етсін. Қайтып тұрар хал таппады.
Қатып
-семген қара шалдың құлақты жарған ащы айқайы да қора жақтан
қатарласа
шықты:
– Арыз жазам, арыз! – Қолында жүзі жылт-жылт еткен пышағы бар,
емпеңдеп
жүгіреді. – Пішіп тастаймын, пішіп! Иттің малы!
Анадай
жерде енді бұларға не істесем екен дегендей ойланып тұрған
ангусқа
төтелей салды. Мына көріністен қаралай шошынған Жаңабай мен
Балабай
қуалап жүріп əкелерін мұхит асып келген асыл тектіге жеткізбей
ұстады
. Алысып-жұлысып, қолын қайырып жүріп жүзі жылт-жылт еткен
пышағын
тартып алысты. Артынша жерге жығып салып, тырп еткізбей
басып
отырысты. Бұл кезде ангус топал басымен дүңкілдетіп қасқа бұқаны
қалаған
жерінен ұрғылап жатқан...


* * *
Азуын
ай сəулесіне егеген айдаһар жүз оратылып, мың бұратылып киікті
қылғындырып
жатты.
Алқынып
алға ұмтылған ақ бауыр қара бүркіт алапат арынмен жерге бір
шүйліккенінде
семсерінде семіз бұлан кете барды.
* * *
Ангустың
бауырында азынап ажал жүрді. Он бес сиыр мертігіп өлді. Соңғы
кезде
Балабайдың зəрезап болғаны сондай, көзі мөлиген құнажын көрсе
бітті
, бажылдап қыр асырып қуалайды. Сол мойны жерге жетпей кеткір
асыл
тектіге шауып бере-бере іргедегі шөп те сиреді. Келеді деген Майкл
күйеу
қайын жұртына асығар емес.
Бармақтай
-бармақтай қара шемішке қатар түзген соң маза қашты. Торғай
деген
жұт шықты. Топ-тобымен ұшып келеді де, түк қалдырмай шұқып,
тонап
кетеді. Атсаң титтей ұрыға оқ тимейді. Көз алдыңда пыр етіп ауаға
сіңіп
жоғалады.
Күндіз
-түні даңғырлата-даңғырлата тоқпақпен ұра берген соң шелек пен
легеннің
түбі түгелдей тесілді.
Қараңғылық
етегін жайып, көз байлана бақша басынан болдырып қайтқан
Алманың
алдынан абысыны Мəрзия бəйіт айтып жылап шыққан:
– Қай бетімді шымшиын, ойбай?! Атам иттің...
Джонның
тамағын түк қалдырмай жеп қойыпты!..
* * *
Онда
да күн шаттанып дөңгеленген. Дөңгеленбей кетсін...
Аш
тұрған он ангус түнімен босанып кетіп, əбден бабына келген
күнбағыстың
басын теріп жеп қойыпты. Сол түні өлімші болып жатқан
қасқа
бұқа əл жинап, аман қалған сексен бес құнажынды өз иелігіне


алыпты
.
Қатып
-семген Аңшыбай да таңмен таласып ұштыкүйлі жоғалыпты деседі.
Тек
құлақты жарған ащы айқайы ғана жаңғырық боп иен даладан естіліп
қалады
:
– Арыз жазам, арыз!
АЙНА
Көнеден
қалған көз еді, жарықтық. Айнаны айтамын. Биктігі бес қарыс, ені
сəл
ықшамдау. Жиегі қымбат ағашпен көмкерілген. Күміске салған қара
бағдардай
айнала əйнегінің ылғал жүгіріп күңгірт тартқан тұсының өзі
ыстық
тартып тұратын.
Ғажапты
қараңыз, жардағы сүре шеге орнында сүйкенген ешкім жоқ, ал сол
айна
өз-өзінен дүрс етіп еденге құласын. Сəуірбай шал əулетімен таңертеңгі
шайын
жайбарақат ішіп отырған. Шалдыр ете түскен дауыстан бəрі
шошынды
. Қымбат ағашпен көмкерілген жиегі бүтін, үлкен дөңгелек айна
тарамтарам
боп бөлініп жатыр. Үйге күн сəулесі құйылып тұрған. Бүкіл
əулет
өре түрегеліп айнаға үңілді. Күн сəулесімен ойнап əр бөліктен
жанұяның
əр мүшесінің жеке-жеке дидар-келбеті көрінсін.
Үлкендеу
сынықта ақшулан сақалы секиіп Сəуірбай тұр. Көзінің оты
қайтқан
, ой кемірген.
Жанындағыда
– кемпірі. Самай шашы дудыраған, басында бір байламы бар
Мүгілсін
.
Қос
ұл мен келіні, жан дегенде жалғыз қызы да бірбір бөлікті иеленіпті.
Сəуірбай
терең күрсініп ысқырды.
– Сұмдық! – деп қаралай жаманат шақырған кемпірі айнаның шашыранды
сынығын
тере бастады. Қалғандары қайырылып та қарамады. Бизнес те бұ
заманда
үйір көрмеген байтал сынды ғой. Дер кезінде құрықты салмасаң...
əне
қашты, міне қашты деп тақымдайсың да отырасың.
– Қақпас, бəрі сенен. Кесірің тимей жүрмес! Ауылдағы қиқудан қашып


көшкендей
боп ек. Құлағымыз енді тыншыды ма дегенде. Тағы бір пəле
жармаспаса
нетті, – деп Мүгілсін шалына шаптықты.
– Өйтіп оттама! Өстіп шалқып отырғаның мына менің арқам шығар.
– Қақпас, сол сенің арқаңда талай ат шығарып, атаққа іліккенбіз. Бетімізбен
жер
басып. Молда болам деп бір шықтың.
Ол
рас енді...
«Кешегі соғыста қан төктім. Былайғы өмірде біреулерге ажырая қарадық,
ақырып
сөйледік. Кінəміз аз емес шығар. Пəндеміз ғой... Жуайын, ағарайын,
мойнымдағы
парызымды түсірейін. Аллекем кешем десе алды кең ғой», –
деп
басына дағарадай ғып сəлде ораған. «Əкем жарықтық жастайымнан
тілімді
сындырған, құлағыма қондырған», – деп есте қалған бір ескі сүрені
тірілткен
. Оның өзі марқұмды ақырғы сапарға ақ жуып аттандыруға
молынан
жетіп жатты.
– Молданың аузында Алланың аузы бар деген.
– Мақамы жаныңа майдай жағады, – десіп ауылдастары қолпаштасқан.
Осы
абыройын малданып жүре берер ме еді... Соңғыда оңбай сүрінгені.
Жаназа
намазын енді бітіре бергенде:
– Мына сақалың күйгір не шатып тұр?! Уа, халқым, о дүниеге имансыз кетіп
жатырсыңдар
ғой! – деп қалыңдығы бір елі көзілдірігі мұрнының ұшына
əзер
ілініп тұрған шынжау сары шабына шоқ түскендей бажылдап қоя
берсін
.
Қазаға
жиналған жұрт сілтідей тынды. Алматыдан ат арытып марқұмның
нағашысы
келді дескен. Сол екен. Əй, бəсе, қабағын кіржитіп тұрысы жаман
еді
-ау. Таң атқалы жүрегі түскір өз-өзінен ұйтқып еді, осының боларын
сезген
екен-ау. Шынжау сары дегенің Бас мүфтидің өзімен шариғатқа
шартпа
-шұрт таласып жүретін нағыз қызылкөз дəукестің өзі боп шықты.
Бақса
, мұның жарықтық əкесінен меншіктеп қалғаны «Талақ» екен. Бір-
біріне
көсеу ала жүгіріп, күл шашып, «бетің құрсын, кəпір» десіп,
айырылысып
жатқан ерлі-зайыптыларға арналған сүре көрінеді. Ал, саған!
Сөйтіп
, құйрық үзіп қашса құтылмас пəлеге кезікті. Мұны естіген елде
бəтуа
бар ма?
– Əй, бəсе, ішім сезіп еді-ау...


– Тап мүдірген жерінде қазақшаны қосып-қосып жіберетін...
– Бəленше түсіме жиі кіреді. Қабір азабын тартып жатқан ғой... – десіп,
қамыс
басындай тербеліп кетті. Өңшең əулекі топ бас салып, сабап тастар
деп
торғай адымдап сытылып қашқан. Содан азат басын азапқа салған
сəлдеге
жоламай қойған.
– Қақпас, ауылды ала тайдай бүлдіріп Астанаға келдің, – деп Мүгілсіннің
кəрі
жыны қайта қоза бастап еді, үлкен ұлы Жайдос түскі асқа салаң етіп
жетіп
келгені. Ұзын бойы имиіп, картөшке мұрны көгеріп қалған,
ынжықтау
. Əйелі Валя болса дүкенді жалға алып, шаруасын дөңгелендіріп
жүр
. Қолдыаяққа тұрмайтын пысығы – Байдос. «Ошы... ошы...» деп тілін
тістелеп
сөйлегіш сіліңгір сары. Ағасының құрылысшылар бригадасына
тендер
алып бергіш... Жетпей тұрған жібек жіпке кендір жалғап жібергіш.
Ылдым
-жылдымы мол, бастыққа жұғысқыш. Сарқыт ішкіш. Жұғын
жалағыш
.
Пейіштің
шуағына шомылғандай жалғыз қызы Жангүлім еді. Тал бойында
бір
мін болсашы. Үшінші курс студенті...
Сумаң
қаққан суық хабар түс əлетінде жеткен. Жангүлім авария жасапты.
Бурабайға
машинасын ызғытып бара жатып... Жол бойы жас жігітті қаққан.
Қаққанда
да... Қол-аяғы сынып, бел омыртқасы үзілген. Өлім аузында...
Көше
қуалап жүріп Сəуірбай кешірімге барған. Бедірейіп отырған
ағайындарының
аяғына санап тұрып жығылған. Көз жасын сақалына
тамызған
.
– Шет елде емдетем. Бағасы жүз мың доллар депті. Соны төлеңдер. Қыз
баланы
қаматқанда не табам? Кешірдім, – депті əкесі. Иман ұйыған жан
екен
.
Пейіштің
шуағына шомылғандай Жангүлім уақытша қамау изоляторында.
Тергеу
жүріп жатыр. Сəуірбай келе дігірді салып əулетін жинасын.
– Жайдос, жаның барда ақша тап! – деді жұдырығымен ауаны түйгіштеп.
– Бизнесім тоқтап қалады ғой. Осы күні 20 пайызын бастықтарға алдын ала
бермесең
, тендер жоқ.
– Бұл жолы алма. Құрып кетсін!
– Аштан өлеміз бе? Көштен қаламыз ба?


– Дүкен бар емес пе?
– Ол тек өзін өзі ілініп ақтап отыр.
– Жалғыз қызымды қараңғы үйге қаматып... Өңшең тумай туа шөккір! – деп
бажылдап
Мүгілсін білектей оқтауға жармасты.
Манадан
бері үнсіз отырған Байдос:
– Ошы... Сенде ақша бар. Есепшотыңда тұр емес пе? – деп ағасына
едірейсін
.
– Сап етіп тексеру келсе қайтем? Осы сен мені неге басынасың, а?!
– Соны айтам-ау. Біздің арқамызда күн көріп отырып, – деп Валя
жеңгесінің
өңі көгіс тартып, көзі ақайранданып кетті.
– Сен бе мені асырап отырған? Пішт, мə! Сен қатын, барып тұрған
алаяқсың
. Дүкеннен түскен пайданы ғұмыры жарымаған тұқымыңа шіли
ұрлап
үлестіресің. Ошы...
– Мені сат, ойбай! Шығар базарға! – деп Мүгілсін диванға сылқ етіп құлады.
– Бəрі сенің қырсығың. Айналып-үйіріліп келіп соғады да тұрады. Жинаған
əжептəуір
пенсиямыз бар еді. Қатырып шежіре шығарам. Бұлдап сатам,
байимыз
деп. Ал байыдық. Ақыры өртеп тынған жоқсың ба?
Ол
рас енді...
Молдалықтан
бетінің ажары қашып түскен соң, қой, ермек керек, қарап
отыруға
болмас деп алдына көлдей ғып ақ қағазды жайған. «Шежіре» деп əр
əрпін
сүзіскелі тұрған қошқар ғып түсіріп, астын айқырта сызған.
«...Əйгілі Аңырақай шайқасында бас сардар Əбілқайырдың оң қолын менің
Қарабатыр
бабам басқарған, – деп жазып, айналасына өзі де сенімсіздікпен
бір
қарап қойды. – Ал Кенесарыға қиын-қыстау шақта мың қолмен барып
қосылған
менің Дарабатыр атам еді. Исатай мен Махамбет болса, көтеріліс
тұсында
шіли менің би көкем Жаңабатырдан ақыл-кеңес сұраған... Біз де
тегін
адам емеспіз. Құжат бар».
Аудандық
баспахана бұзаудың тіліндей етіп кітапшаны шығарып берді.
Бүкіл
ауыл жабылып сөйлем сайын сүрініп-жығылып жүріп соны оқыды.
Тіпті
кейбір рулас ағайындары бас қосып жиын өткізіп, батыр
бабаларымыздың
жорық жолына экспедиция ұйымдастырайық деп


желпінді
. Бəрі жөнімен еді. Тек əлгі бір-екі мектепте өткен оқушылармен
кездесуде
аталарының атын қайта-қайта шатыстырғаны болмаса...
Бір
күні Астанадан ай-шай жоқ, домаланған ғалым жігіт жетіп келсін.
Келе
сала:
– Осылай да осылай, көкетай, сіздің түп-тұқияныңыз түгелдей батыр, би
болыпты
. Соны ұлы тұлғаларымыздың сапында «Қазақстанның жаңа
тарихына
» енгіземіз. Өмірбаянын əспеттеп жазамыз, суретін сырлап
салдырамыз
, – деп дедек қақтырып алып барады.
– Оны саған кім айтып жүр? – деп бұл шындап сасайын деді.
– Бір студенттен шежіреңізді алғам. Осы ауылдың баласы. Бар құжат
қолымда
депсіз. Жақсыны көрмек үшін. Ұстап қарайық, көкетай.
– Енді сол хан да, батырлар да жауға жалғыз шаппаған шығар. Біздің
қолтығы
тер сасып кеткен қара шалдарымыз да жүрген де бір шетінде найза
ұстап
...
Мына
сырғыма жауап ғалымды əжептəуір əбіржітіп тастады.
– Дегенмен Қарабатыр, Дарабатыр, Жаңабатырлардың моласы бар шығар?
– Жел мен күн жеп үгіп тастаған.
– Ең болмаса орны...
– Ол да жоқ!
– Апырым, жалпы шежіредегі аты аталған бабаларыңыз бұл өмірде болған
ба
өзі? Əлде...
– Жиынтық образ ғой, – деп, қайдан оқығанын, жол тауып кетті. –
Шырағым
-ай, жақсы да бір төмпешік, жаман да бір төмпешік. Түбін түптеп
қайтесің
?.. Кемпірі сандық түбін ақтарып тебен ине іздеп отырған. Мына
заржақ
пəледен шалын тезірек құтқарғысы кеп шеті мүжілген үш бұрыш
қағазды
қолына тездетіп ұстатты.
«Алтыннан ардақты, күмістен салмақты Мүгілсінге...» дегенді оқығанда
домаланған
неменің қарашығы ауып бар жатты.
– Ой, қараң өшсін! – деді бұл кемпірін оқты көзімен атып. – Бұл
Сталинградтан
қашып келе жатқанда саған жазған үшбу хатым ғой.


Ми
айналдырған шілденің ыстығынан ба əлде əлгінде ішкен бесті
қымыздың
күшінен бе, ғалым жігіт есінен танып, қол-аяғын бауырына алып
домалана
құлаған...
– Шығар базарға! Сат мынаны да сақалынан сүйреп құлдыққа! Шежіреңмен
қоса
көмілгір.
– Тұқымыңа ұрлап бердің деуін. Барып тұрған өзің жүліксің. Жайдостан
бастыққа
деп 20 пайыз аласың. Беретінің – 10 пайыз. Естімей-көрмей жүр
дейсің
бе? Суыр ақшаны қалтаңнан! Көңілдес қатыныңның қойнына тыға
бермей
!
Əйелінің
мына сөзі дем берген Жайдос:
– Не дейд?! – деп картөшке мұрны тіпті көгеріп, орнынан сопаң етіп атып
тұрды
.
– Бұл бала күнінен шпана болатын. Мектепте қарайлас оқыдық, – деп Валя
да
күйеуімен қатар түзеп иықтаса кетті. – «Тимур» командасына жазылып,
бір
соқыр шалды жолдан жетектеп өткізіп жүргенде зулап машина келіп
қалып
... Өзі қашып құтылып, шалды басып кеткен. Мұның көзін сонда
құрту
керек еді. Зынданда шірітіп!
– Өй, əкең!
– Өй, шешең!
Мұнан
кейін төбелес бастамаудың өзі күнə.
Байдос
пен əкесі бір майданды құрап, қалған үшеуі жедел қарсы бетке өтті.
Ыдыс
ұшып, құмыра құлап, бəтіңке лақтырылып, оқтау сілтеніп бітті.
Осы
сəтте сарт етіп есік ашылған.
Тал
бойында бір мін жоқ Жангүлімнің қатып-семіп теңселіп құр сүлдері
тұрды
.
– Босқа ырылдаспаңдар! Есеп ажырастым. Ол жігітке өзім қатын боп
тиемін
. Хош!
Шалының
секиген сақалы кемпірінің тарамыс қолында, ал Валя жеңгесінің
сүзеген
текенің кекіліндей бұрқыраған маңдай шашы Байдостың уысында
тұрып
қатып қалды. Жайдостың белгілі нысананы көздемей шірене тепкен
аяғы
ауада босқа ілінді.


Стоп
! Кадр!
* * *
Көнеден
қалған көз еді, жарықтық. Айнаны айтамын. Ол қайтып құрала ма,
жоқ
па, шындығын Алла біледі.
АТЫРАУ
– АЛМАТЫ ПОЕЗЫ
(Мyң)
Нұралыға
!
Ала
таңмен Атыраудан аттанған поезд қайыстай созылып күнге маңдай
төседі
. Перронда қараң-құраң қол бұлғағандардың да қарасы үзілді.
Сүмбіленің
самалына жонын тосқан дала көз алдымда сырғанайды.
Қыратты
бел, ойдым-ойдым сор. Жел үрлеп кетіп жұмсақ шағылынан ада
болған
шоқалдар құлағын көтереді. Ертеңгі тұнық ауаны тынымсыз
дөңгелектер
оңды-солды кескілейді.
Үлкенді
-кішілі қапшықтарын тілерсегіне соққан жолаушылардың
сабылысы
басылыпты. Купелеріне сіңіп байыз тапқан-дағы. Ыңғай-төкпе
күймен
ырғалған вагон тамбурында терезеге телміріп тұрдым. Темекісі
түскір
өзегімді өртейді. Іле-шала тепловоз азынап қоя берді. Көз ілеспес
жылдамдықпен
қарсы беттен жүк поезы өтіп барады. Соңғы жайдақ
платформасы
ноқтаға көнбеген асау тайдай бұлғақ қағады.
– Ағай, демалмайсыз ба? – дейді тамбурға шыққан жолсерік қыз əнтек
жымиып
. Екі бетінің ұшынан қан тамып тұр.
– Қазір.
– Алматыға шығыпсыз...
– Иə.


– Жазушысыз. Бір көрсем деп жүретінмін. – Аялы көзінде беймəлім
жылтыл
оянды. – Тіпті жас екенсізау…
– Əзірге жер таянып отырған жоқпыз, – дедім көңілім көтеріліп. Сөзімді
күлкім
қостады.
– Шай қояйын.
– Рахмет. Ұйқы қысып келеді.
– Қызметіңізге əзірмін, – деді ол келген ізімен кері бұрылып. – Айтсаңыз
болды
.
Вагон
ішіне өзінің кəнігі иісі жайылыпты. Темір мен майдың, тер мен
зəрдің
, əтірдің аз-аздап қосындысы қолқа қабады. Купеде көсіліп үш əйел
отыр
. Сəлеміме салғырт қана бас изесті. Алдарында жапырақталған жаппа
нан
, туралған қияр мен қызанақ. Бір жартының басы жарылыпты. Жолаяқ
жасаған
.
– Жол болсын, қыздар!
Қай
-қайсысы да бала көп ойнаған қуыршақтай жұлмаланып қалған екен
деген
оймен екінші қатардағы өз орныма еңсе көтердім.
– Кел, жігітім. Дəм ауыз ти. Жүз грамм... – Астыңғы ерні қайқайып кеткен
қара
келіншек көзін күлмеңдетеді. Қабағы əжімді, қасы сұйық екен.
– Отыра қал! – деп балпанақтай сарысы құйрығын жыбырлатады. Ығысып
орын
бергені.
– Алла риза болсын. Демалайын.
– Шақырғанға зар боласың, – деп ботаның көзіндей титтей айнаға үңіле
қалған
əдеміше ақ келіншек күлістік атады. – Зиялы-дағы. Біздей базаршы
қатындарды
менсінер деймісің?.. Əкел, құй!
– Манты, буы бұрқырап тұр. Қақталған балық. Сыра, закуска! – Заржақ
қатыннан
əзер құтылдық.
Көзім
іліне бастады. Көпшігімнің дəл астынан дөңгелектер дүрсіл қағады.
«Тездет. Екпін ала түс. Алатаудың жасыл жазирасына жылдам жетсем
екен
...» – деймін қалғып бара жатып. Өң мен түс ортасында тербеліп ұзақ
дөңбекшідім
.
Оянып
кеттім. Сəске түс. Қозғала бастап ем, қоңырау қаққан əйел даусы


көпшікке
қайта жаншыды:
– Поездан қарсы алмады. Вокзалдағы жалаңдаған қайыршыларды жалдап
таксиге
отырдым...
Байқатпай
көз қиығын салсам, астыңғы ерні қайқайып кеткен қара келіншек
екен
. Алқымы қызарыпты.
– Содан?
– Қызық екен!
– Шыжық десеңші! Аузың бармай отыр ма? Келе есікті төмпештедім.
Ашпайды
. Телефон көтермейді. Көрші-көлем өре тұрды. «Жаңа жүрген...
«Іште ғой...» деп күмілжиді. Жүрегім зырқ етіп бір пəлені сезді.
– Ашпасаң сындырам! – дедім тура темір есікті тепкілеп. Қаным басыма
шапты
.
– Кел, кішкене ұрттап жіберейік.
– Басып құй. Қайғысы жеңілдейді.
Шөлмектегі
арақ сылқыл қақты. Стакан сыңғырлады.
– Ақыры ашты есікті. «Ертең түнде келеді деп ойлағам. Ұйықтап қатып
қалыппын
...» деп есінейді.
Көзін
кілгіртеді. Содан бума-бума жүкті кіргізіп, шешіне бергем... Киім
тұрған
шкафтың ішінен біреудің түшкіріп салғаны.
– Əукесі салбырап жүріп...
– Қой, бұл еркекті қой!
– Жалма-жан ашып қарасам, шошайып əлгі салдақы отыр. Басында менің
құндыз
тоным. Бүркеніп алыпты. Шашынан дырылдатып сүйреп
шығардым
. Өй, бір өкпесіне тептім-ау! Бізөкше төпли кигенім мұндай
жақсы
болар ма?.. Қол ұстастырып қуып шықтым. Тырқыратып!
– Сауап болған!
– Кетсін қаңғырып! Ел-жұрттың бетіне қалай қарар екен?
Біреу
қытықтап жатқандай аяқ асты күлкі бусын. Ұрлығын жасырам деп...
тон
жамылып... парафин иісі мұрнына теуіп... жарыса қашып... Оқиға


тізбектеліп
келіп көз алдыма қайта-қайта кептеледі. Көмейім жыбырлайды.
Ақ
жамылғыны аузыма тығамын. Қырқып бармағымды шайнаймын.
«Арсыз ит-ай!..» дейм. Күлкіні айтқаным.
– Сауап болған! – дейді балпанақтай сары келіншек еңкейе беріп құйрығын
қозғап
. – Тасынып мен жүрмін. Астында машина. Не ішем, не кием жоқ.
Бұлғақ
қағады... Қайдан білейін... Əлгі біздің байды айтам.
– Жаман аттан жайдағым... – Əдеміше келген ақ келіншек қолына ботаның
көзіндей
титтей айнаны қайтадан алыпты. Инеліктей майысқан сым темірді
сүйреңдетіп
қасын аңдиды.
– Қыз-ау, ол таусылған соң неңді жұласың? – дейді астыңғы ерні қайқайып
кеткен
қара келіншек.
– Табылады, əпке.
– Сыбай-салтаң жүрген осы сенікі дұрыс. Қартайғанда аузыңа су тамызар
біреу
кезігер.
– Мə, ағам əлі ұйықтап жатыр. – Купе есігінен жолсерік қыз басын
көрсетеді
. Кірпік арасынан сығалаймын. Көзі жайнақтап тұр.
– Бұл кім өзі?
– Тс-с... Белгілі адам. Жазушы.
– Сол екен ғой. Бəсе... Жақында «Қазақстан» каналынан жағын сауып
тұрған
.
– Е, мен де көрдім. «Егемендік алдық. Мемлекетімізді қалыптастырдық.
Бірақ
бізде мемлекетшіл тұлғалар неге жоқ?» деп жер тепкен.
– Сөз сатқан саудагерлерге зəру емеспіз.
– Қойсаңдаршы, қайдағыны айтпай. Шай ішесіңдер ме? Қазір Қандыағашқа
келеміз
.
Жолсерік
қыз даусы қатайып, есікті сарт жапты. Қалқайтып басымды
көтердім
. Баспалап дəлізге шықтым.
Көрші
купеге төрт жігіт кірген. Алдарына карта жайыпты. Ойын қыз-қыз
қайнап
жатқан сыңайлы.
– Тұзбен ұр! Жарайсың! – дейді гүжілдеген дауыс риза боп.


– Қатырған жоқпын ба? Давай, қу ақшаны! – деп біреуі шырылдап күледі. –
Қарға
жүрген өзіңнен көр! Алдан шағын қаланың үйлері қарауытады.
Кешікпей
поезд да ысылдап кеп ентігін басты. Аяқ астында қауын-
қарбызын
көгендеп орыстың шалы отыр.
Подходи
народ,
Свой
огород.
Половина
– сахар,
Половина
– мед!
Санап
алуға болатын селдір сақалын селкілдетіп дембіл-дембіл
айқайлайды
. Қарақұрым халық сеңдей соғылысады. Көбі қызара бөрткен.
Той
болыпты. Енді қыз-күйеуді поезға отырғызбақ. Тұс-тұстан шампан
атылып
, əн əуелейді. Жасы-кəрісі бірдей ақ желек жамылған қалыңдық пен
күйеу
жігітті ортаға алып тарсылдап билейді. Біреудің бұлғаңдаған басына
қарсы
бетте тұрғанының былқыл қағып бөксесі қосылады. Қайшыласқан
қол
-аяқ шатысады.
– О, композитор! – деді шеткері тұрған мені жұпжұмыр келіншек қапсыра
құшақтап
. – Кəне, əніңді айт «Алтайдың ар жағынан келген аруды».
Қосылып
шырқайық! Ал, баста!
Еріксіз
бас шайқап күлемін.
– Танымай тұр дейсің бе?
– Кешіріңіз, қателесесіз. Ол композитор баһи кешкен.
– Соқ өтірікті! Тап өзісің! Ерегістірме!
– Ал, ерегес.
– Нағыз шындасам бай ғып тиіп алам!
– Қой, Күлпаш ұят-тағы, – дейді айналасындағылардың бірі ұяң тартып.
– Мұның ондайы бар. Ана жолы да... Салғаннан белінен бүріп алғанын
қарашы
, – деп жанындағысы қаралай желігін көтереді.
Ақ
бу атып поезд күрсінді. Тынымсыз дөңгелектер жылжи жөнелді.
– Бақытты болыңдар! – деп қалың топ енді вагонмен шаужайласып жүгіреді.


– Тойға барамыз! Жетіп үлгереміз!
Көз
алдымда кең жазық дөңгеленеді. Жапандағы жалғыз үйлі разъездер
қалып
барады. Жаңбыр мен күн кеміріп шифері тозған. Қызыл кірпішінің
іргесіне
ақ сортақ жүгірген. Түйе мінген шал қалпағы қисайып аулақта уақ
жандығын
қайырады. Қанатын төсеп қарға ұшты. Көптен бұғып жатқан
сарытап
сағыныш бой көтеріп өзегіме кептеледі. Жанарым жасаурайды.
Шалқар
станциясынан мінген кейуана:
– Қайта айналып көрем бе, жоқ па, аман бол! – дейді қол бұлғап. Даусы
жіңішкереді
. – Киеңнен айналайын сенің!
– Шалқарға айтып тұрсыз ба?
– Осы елге ғой, балам, – деді кимешегін түзеп. – Бізді аштықтың аузынан
аман
алып қалған осы топырақ.
– Айта түссеңізші.
– Не айтатыны бар, Аралды жайлап отырғанда əкем «халық жауы»
атаныпты
. Ұсталып кеткенде мен үш жаста екем. Араласып отырған ағайын
бетін
аулақ салған. Шешем – жұмыссыз. Бəрінен бұрын көзтүрткісін
айтсаңшы
. Аштық жайлапты. Төркіні осында. Мені арқасына салып алып
үш
күн, үш түн жүріпті.
– Апырым-ай...
– Не айтатыны бар, табаны ойылып Шалқарға жеткен. Мойным былқылдап,
көзім
ауып кетіпті. Нəр татпағасын да. Базарына келіп саудагер татарға қос
алтын
білезігін шешіп беріпті. Сөйтіп, əлгі иманың күйгірден жарты қап
тарыны
əзер алған. Түйіп, суға шылап аузыма салыпты. Əйтеуір жан
сақтадық
. Бойжетіп ұзатылғанша нағашыларымның қолында өстім.
– Солай деңіз.
– Не айтатыны бар, басқа жердің тоқпын дегені Шалқардың аш
отырғанымен
бірдей ғой, шырағым. Қайта айналып көрем бе, жоқ па, аман
бол
, аман!
– Айна менен тарақ бар, алмасаң да қарап қал! Өзі əдемі, өзі арзан.
Сонадайдан
бір қомпылдақ еркек дауыс естілген. Тұла бойын түгел сылдыр
қақтырып
желке тұсымыздан өте кетті.


– Ой, мороз, мороз...
Үш
əйелдің мас даусы маңайды жаңғыртады. Астыңғы ерні қайқайып
кеткен
қара келіншек əнге жылап қосылып отыр.
Күн
ұясына домалап бара жатты. Салқын леп есті. Қос аяқ жолды қоймай
қуалаған
поезд іркілер емес. Жарысып келе жатқан электр бағандары
санауға
мұрша бермей, қыр асып құлдыраңдап қашады.
– Жаным-ай! – деп жаңа түскен жас келін оңаша купеде ышқынады.
– Сыпырып алды! Түк қалса бұйырмасын, – деп манағы мейманасы тасыған
таныс
дауыс енді жыламсырап шырылдайды.
– Картаны желпілдемей ойна дедім. Мəткені неге корольмен баспайсың? –
дейді
жанындағысы гүжілдеп. – Өз обалың өзіңе!
– Түн болды. Əлі тұрсыз. Жүрсеңізші менің купеме, – дейді жолсерік қыз
көзі
жайнақтап. Екі бетінің ұшынан қан тамып тұр. – Үстімдегі орын бос...
Бір
көрсем деп жүретінмін. Қазір Қызылордаға келеміз.
Шарасыз
жымидым.
Шеткі
купеден тық-тық жөтеліп қаумет сақал қария шықты. Ұзақты күні
терезеге
телміріп тұрғаным тосын көрінген шығар. Жай басып жаныма
тақады
. Поезд да баяулай бастаған.
– Ұйқы қашты, – деді өз-өзінен. – Балам, сапарлас екенбіз, таныс болайық.
Əңгіме
жол қысқартады. Руың кім? Қай жүзсің?
– Жалпы қазақ емеспін, – дедім қолыма портфелімді қысып ұстап. –
Қинамаңызшы
...
Қызылордадан
сыпырылып түсіп қалдым. Алматыға асықпай самолетпен
ұшармын
...
Қауқылдасқан
жолаушылардың қайғысы мен қуанышын əзер сүйрегендей
поезд
ауыр қозғалды. Тынымсыз дөңгелектер түнгі ауаны оңды-солды
кескілейді
.
...Жанымның жетім қоңыраулары сыңғырлап жатты.


ҚАШҚЫН
ХАТТАРЫ
(Төлен Əбдіковтің əйгілі «Парасат майданы» повесін оқыcаннан кейін тұған
ой
)
Ұлттық
академиялық кітапханада басшы едім. Ертелетіп жұмысқа еніп,
күнделікті
баспасөзге көз жүгірттім. Баспалардан бояу иісі бұрқырап жаңа
түскен
кітаптарға асыға зер салдым. Ендігі ойым – бөлім қызметкерлерін
жинап
, бір жетім жиналыс өткізу. Сосын шұғыл аттану. Алда алыс
құрлыққа
іссапар тұр. Есіктен алабұртып хатшы келіншек енді.
– Прямо тыңдамайды. Неткен адам? – деді даусы қоюланып. – Қабылдап
құтылыңызшы
.
– Кімді?
– Бір əйел. Осымен үшінші келуі. Бір құшақ қағазы бар.
– Арыз шығар?
– Білмеймін. Өзі жылап алыпты. Көзі домбығып ісіп кеткен. Аузы сілекей...
Сілекейі
несі? Аяқ асты шабыт буып шабынғандар, ерте көктем мен қоңыр
күзде
жыл құсын күтіп-ұзатып жел көтергендер о бастан маған əуес-тін.
Уəделескендей
ойдан-қырдан жиналып келіп, ойбайлатып ұстап алады,
əйтеуір
.
Дағдарып
отырып қалдым. Үш сағаттан соң ұшаққа мінемін. Алыс-
жақыннан
бас қосқан алқалы жиын. Баяндамамның өзі солақай қолмен
дайындалған
. Қосып-алар тұстары көп. Дəмді сөздер мен жыланқарағы жоқ
цифрларды
бір сөйлемнің бойына үйлендіре алмай діңкелегем. Жол-
жөнекей
қалам төсеп бойына қан жүгіртсем деп... Көрдің бе енді...
– Кірсін, – дедім жеңіл күрсініп. – Ескерт. Көсіліп салып отырып алмасын.
Ырғасатын
уақыт жоқ.
Орта
бойлы, шикі сары келіншек кіріп келе жатты. Екі бетінің ұшында
шашыраған
шөкім-шөкім тарыдай дағы бар. Шашын маңдайынан қақ
жарып
өріп, қос бұрымын арқасына бос тастаған. Онысы аяқ басқан сайын
ақтиіннің
құйрығындай жылтыңдап екі шынтағынан алма-кезек сығалайды.
– Сəлематсыз ба? – деді алдыма тізе сындырып жатып.


– Айта беріңіз. Жұмыс іздеп жүрсіз бе?
– Жоқ.
– Кітап өткізгелі келген шығарсыз?
– Жо-жоқ.
– Əлде кітапханашылардың бір қылығы жақпай қалды ма?
Үнсіз
бас шайқады. Аңтарылып жүзіне қарадым. Аялы қоңыр көздерінің
оты
қайтыпты. Тұнжыр мұң төңіректеп алған.
– Мынаны оқып шығыңыз. Сұрайтыным сосын, – деп қолындағы
шиыршықталған
қағазды алдыма желп еткізді. Желі бетіме ұрды. Келмей
жатып
... Ішімнен қара дауыл бас көтере бастады. Жапырақ жиғандай ғып
қолапайсыз
беттелген оқушы дəптері. Шеті жыртылған, бүктелген. Тозыңқы
қағаздан
жүзімді алып қаштым. Қолыма ұстағым жоқ.
– Өз шығармаңыз ба? Компьютерге бастырып əкеліңіз.
Кінə
арта қарады. Шикі сары жүзіне ептеп қызыл рең тепті. Екі бетінің
ұшындағы
шашыраңқы шөкімшөкім тарыдай елеусіз дағы қоңыр тартып
қалқып
шықты.
– Білем, жиіркеніп отырсыз. Тым құрыса зер салып шығыңыз. Елге ортақ
азамат
деп келдім.
Амалсыз
көз жүгірттім. «Қашқын хаттары».
– Тақырыбын өзім құрастырдым. Хат – күйеуімдікі.
– Ол да осында ма?
Даусым
оқыс шығып кетсе керек, əйел селк ете түсті. Екі шынтағының
тұсынан
ақтиіннің құйрығы қайта-қайта сығалап өтті. Өзі еңсе көтере беріп
етегін
қымтап қайта жайғасты.
– Мазаңызды алдым. Кешірерсіз. Ол таптырар емес. Тірі боп елесі, өліп
моласы
жоқ.
Жұмбақ
əйел əр қимылыма ішіп-жеп жұтынып отыр. Қашар жер, басар тау
қалмады
. Жапырақ жиғандай ғып қолапайсыз беттелген оқушы дəптерін
парақтадым
. Алғашқы бетке «Бірінші хат» деп əр əрпін бақшаның
қарауылындай
ғып жазып, астын айқыртып екі сызыпты. Оқи бастадым:


«Мен – Қадірақын Оразғалиевпын. Қыздай алған Дариға деген əйелім,
мектепте
оқитын ұлым мен қызым бар. Мамандығым – мал дəрігері.
Техникум
бітіргенмін, кешегі кеңес дəуірінде кеңшардың фермасында еңбек
еттім
. Үйірлеп айдап, табындап жайып, келелеп қайырып отыратын ек.
Отар
-отар қой өрісті тұяқкесті ғып шыдатпайтын. Кейін жекешелендіру
жетті
. Малға ие болғандар арға ие бола алмады. Кеңшар директоры ортақ
дəулеттің
қаймағын қалқып ішіп ол кетті. Ферма меңгерушілері қалғанын
ұрықарыдан
бетер тонады. Заң тіліне ілінген біреуі жоқ. Жуас қашаған
құсап
жылжи жөнелді. Алақанынан адал еңбектің исі аңқып тұратын жай
халық
қазан түбіндегі қаспақты жалап жатты. Сөйтіп, жайлау
жалаңаштанды
, қыстақ қаңырады. Малы жоқ дала да жетім екен ғой....
Жас
кезімнен өлең жазатынмын. Дариғаны алатын жылы тіпті шабыттанып
көсіліп
кеткем. Кейін сөз аяғы сұйылды. Ет пен терінің ортасындағы желік
шығар
... Бүгін жанымды жеген бір оқиғаға шыдай алмай хат жазып, сөз
байлап
отырмын. Кімге арнаймын, өзім де білмеймін. Айтпақшы, ауылда
сандалып
қалған соң қалаға көштік. Барымызды банкке салып, несиеге екі
бөлмелі
пəтер алғанбыз. Ол да бір қансорғыш неме екен. Ай сайын
аузыңнан
адал асыңды тартып алып, қылғындырады да отырады. Əйелім
мейрамханада
ыдыс-аяқ жуады. Жастай жетім нарша боп өсіп оқи алмаған.
Өзім
бір құрылыс мекемесіне қарауыл боп орналастым. Бəрі содан
басталды
...
Зəулім
офистің құрылысы біте келе аулаға жарық беретін үлкен дизельді
мотор
əкеліп қойған. Өзі қымбат, шетелдікі десті. Мейлі ғой. Сол зат өзім
қарауыл
болған түні үшті-күйлі жоқ боп шықты. Жын көтергендей. Айқай
басталды
. Бастық келе жағамнан алды. Жандайшаптары жұлқылап кеңсеге
сүйреді
. Бəрінің айтатыны – «Ұрысың!» Кранмен əрең көтеріп əупірімнің
күшімен
жерге қойған əдіре қалғыр көк темірді мен бір түнде қалай арқалап
əкетемін
? Ысқырықпен айдап алатын мал болса бір жөн. Əзірге Дариға мен
балаларыма
тігісін сездірмеймін. Уайымдап жүдеп кетер...»
– Сонда қыздай алған Дариғасы сіз бе? – деппін бұл сөз қайдан аузыма
түскенін
.
– Сенбей тұрсыз ба? Тереңдеп оқи түсіңіз. Көзіңіз жетеді.
Екінші
хат


«Таңертеңмен жұмысқа келгенімде бəрі маған ала көздерімен ата қарады.
Тіпті
аула сыпыратын қансөлсіз қара қатынға дейін сыңарезулеп: «Воруешь,
а
?» – дегені өкпемнен өтіп кетті. Былтыр мейрамда араққа бөгіп, əбүйірін
ашқан
. Көлдей етегін басына бүркеніп, сары ала ауын көрсетіп қорылға
басыпты
. Ол ойында жоқ. Кісімсіп қалыпты. Артынша демі ақ бу атып
алқынып
бухгалтер келіншек жетті. Құбаша жүзі қоңырайып, екі қасы
қызарып
кетіпті. Долылық қысқандағы əдеті.
– Əй, Қадірақын, қарақшы құсап қалқиып неғып тұрсың? Жүр, бас
аяғыңды
! Бастық іздеп жатыр, – дейді. Кəпірдің көзі қосауыз мылтықтай
екен
. Атып жатыр. Оғы таусылмайды. – Қолың таза емес. Жазаң дайын!
Азамат
басымызбен əйелдің сөзін айтамыз-ау. Қайтейін, жаным күйгесін...
Осының
өзі суаяқ жүргіш. Байы, алтын асықтай балалары бар. Бірақ
бастықпен
əмпей-жəмпей. Ауыз жаласып, сілекей алысып... Ылғи
машинасының
артқы орындығында көміліп кетіп бара жатады. Өткен жолы
дəлізде
мені құйрығымен оңдырмай қағып кеткені. Құйрығы сандықтай
екен
. Қабырғаға жапсырды. Кешірім сұрау жоқ.
– Кісі екен десем, сен екенсің ғой, – дейді бедірейіп...
Құрсыншы
, содан салып ұрып бастыққа келдім. Бастық шашын тықырлап
алдырып
тастаған төрт бұрышты басын сипап біраз отырды. Көзінің
астымен
сүзе қарады.
– Мойындайсың ба? – деді сосын.
– Жоқ!
– Сенің сменаңда ұрланғаны рас қой.
– Рас.
– Бұл – бəлен миллион теңге тұратын үкіметтің мүлкі.
– Қайтейін?..
– Қайтпе, түсініктеме жаз. Мен қарауыл болатын түні жоғалды де. Оны
мойындаймын
де. Құжат үшін керек. Қазір сөзге сенетін заман емес.
– Сосын?
– Сосын ептеп списанияға шығарармыз. Бірте-бірте... Тек дымың ішіңде


болсын
.
Көшелі
кісі екен ғой. Жазықсыз екенімді біліп жаны ашып отыр. Өзімнен де
бар
. Кеңшардың жырық атаны құсап меңірейем де жүрем. Бұған да оңай
соқты
дейсің бе? Қарашы, шашын тықырлап алдырып тастаған төрт
бұрышты
басын сипалап қиналуын. Осы басы өзіне жарасады-ай!..»
Дариға
үнсіз жымиып маған қарады.
Мен
көзімді алып қашып терезеге қарадым. Жел көтерілген екен. Іргедегі
балапан
талдар майысыпқайысып жатты.
Үшінші
хат
«Аяқ астынан қалалық полиция басқармасы шақыртты. Қолыма өздері
жіберген
молданың ішірткісіндей қағазын алып жетіп бардым. Түс əлеті еді.
Тергеуші
мұрны қорқордың басындай домалақ шойқара екен.
– Ə, Ораз-ға-лиев, – деді бірінші кластың оқушысындай ежіктеп. – Кел, кір
бері
, төрлет! – Сөйтті де бір бүйірде тұрған қылмыскерлерді қамайтын темір
торға
сүңгітіп жіберді. Тіпті есімді жия алмай қалдым. Есігін сатыр-сұтыр
еткізіп
жапты да, кілтін беліне қыстырып алды.
– Не үшін? Ау, есің дұрыс па?! – деймін бар дауыспен бақырып.
– Тарт тіліңді, кəззап! Обедтен кейін əуселеңді көрермін, – дейді мұрны
қорқордың
басындай домалақ неме тіпті мойын бұрмастан. Сөйтті де ұзын
коридордың
бойына сіңіп жоғалды.
Көзім
үйренген соң көрдім, қараңғы түкпірде екі міскін отыр. Сүлесоқ,
иықтасып
алыпты. Мен қатарларына қосылған соң жанданып сала берді.
– Статьяң қандай? – дейді қосамжарланып.
– Қайдағы статья?
– Бірінші отыруың ба?
– Отырған жоқпын.
– Саспа, онда отырасың, – дейді бірі қыт-қыт күліп.
– ...Ұрлық дейсің бе? «Алғаным жоқ». Кім сенеді, көкетайым-ау? Іледі


мойныңа
. Все! Прокурор он жыл сұрайды. Сот ойланып-ойланып сегіз жыл
арқалатады
. Адвокат – өз адамдары.
– Конфискация имуществосы тағы бар. Оны неге ұмытасың? Үйіңнен
айырыласың
. Қатың-балаңды тырқыратып қуып шығады, – деп екіншісі
тіпті
екіленсін. – Но, нешауа, түрмеде жағдайың жаман болмайды. Əйтеуір,
əйел
зорлап түскен жоқсың ғой. Онда қиын...
Жағыңа
жылан жұмыртқалағыр-ай! Айтып отырған сөзін көрдің бе?
Адамның
қаралай иманын ұшырып. Өздері кəнігі нашақор екен. Түрме – өз
үйіміз
, өлең-төсегіміз десті.
Тергеуші
сол кеткеннен бесін ауа қара көрсетті. Темір тордан босата сала
сұрақтың
астына алсын...
«Қалай ұрладың? Қайда тықтың? Кімге саттың? Біз білеміз. Жіптің бір ұшы
қолымызда
. Жалғыз емессің.
Оны
да анықтадық. Сайрап бақ. Əйтпесе жазаң ауырлай береді. Шын
жүректен
мойындап, өкінсең сот ертеңгі күні ескереді. Ұйықтап кеткен ұяты
оянды
дейді...» Əне, солай!
Бет
бақтырмай тұрып алдым. Ұрлық жасамасам неге миллиондарды
мойныма
мінгізуге тиіспін?
Мұрны
қорқордың басындай домалақ неме айқайды сап кеп құлақшекеден
қондырсын
. Аңдаусыз отырғам. Есім ауып қалыпты.
Өз
-өзіме келгенде көргенім – кеше бастыққа жазған түсініктемем алдында
жатты
. Шашын тықырлап алдырып тастаған төрт бұрышты басты алаяқ
алдап
соққан екен. Өз жазуым, өз қолым. Əттең, түптің түбінде заңның
алуан
баптары боп өзіме қарсы көтерілерін сезіппін бе?
– Аспанды төбесімен тіреп тұрған ағайының бар ма? – деді тергеуші есіне
əлдене
түскендей.
– Жоқ.
– Ақша? Мал ше? – деп сосын кеңірдегін қасыды.
– Жоқ.
– Жат, ендеше!
Темір
тордың есігі сылдыр қағып кері ашылды. Үш күннен соң «Осы


қаладан
алысқа аттап баспаймын» деген қолхат жаздырды. Құжаттарымды
сыпырып
алды. Цемент төсеген суық еденде отырып құйрығымды
тоздырып
шықтым».
– Азап осылай басталды, аға, – деді Дариға алқымы қызарып.
– Сабыр ет. Оқи түсейін.
Төртінші
хат
«Дариғаға кешкісін көрші əйелдер:
– Күйеуің ұры атанып сотталайын деп жатқан көрінеді. Дереу ажырасып
кет
. Пəтерді өз атыңа аударып ал, – деп қамқорсыпты. Пəтеріміз банкте
кепілдікте
тұр. Төрт-бес айда толықтай төлеп құтыламыз деп отырғанбыз.
– Күйеуімнен тірілей ажырасып не көрініпті? Қара басынан артық па? Кетсе
содан
əрмен! – деп бұл шапылдап ұрсысыпты.
– Ойбой, мынаның басында шайнам ақыл жоқ екен, – деп беттерін сызып
олар
қалыпты. – Ендеше қаңғырып өл!
Бізді
кедейсініп, əйелімді есік алдында айтар ортақ өсектеріне қоспайтын
қатындар
енді кеп... Шоқ, шоқ десіп... Байдан безіп шығып, қысыр төсекте
қыңсылап
жатсын дейді ғой. Подъездес жігіттердің де сəлемі сұйылыпты.
Асығыс
, бастарын шөп жұлған аттай кегжең еткізе салады. Əлде маған
солай
көріне ме?
Дүкеннен
темекі алып шыққаным сол еді, анадай жерден өткендегі
тергеушіні
көзім шалып қалды. Кəдімгі мұрны қорқордың басындай
домалақ
неменің өзі. Бұл не істеп жүр? Əй, тегін емес. Менің басқан ізімді
аңдыған
болды. Ертеңгі күні қайда бардым, кіммен кездестім, не айттым –
осының
бəрін жіпке моншақ қып тізер.
«Нақты факті! Тырп етіп көр!» деп тағы да жауар күндей күркірер. Бастыққа
жазған
түсініктемемді суырып алып столын тағы да сабалар. Іздегенін
індетпесе
бұлардың іші ауырады ғой. Не істесем екен? Жүрегім атқақтап,
тізем
дірілдеп қоя берді. Содан жүгіріп кеп-кеп-кеп подъезге қойып кеттім.
Үйге
кіре есікті кілттеп, жарықты сөндірдім. Телефонды өшірдім. Əйелім
байғұс
бүрісіп бір уыс боп қалды. Ұл мен қызым жаутаң қағып абдырап
тұр
».


Дариға
қорланып өксіп-өксіп жылады. Жұбатарға сөз таба алмадым.
Бесінші
хат
«Бүгін таң атпай жатып біреу кеп есікті төмпештесін. Сақпаннан тас
атқандай
сындырып барады. Дариға – жұмыста, балалар – үйде. Бəрібір
ашпадым
. Бұғып үнсіз қалдық. Тіпті шыдатпай бара жатқан соң қызымды
есікке
жұмсадым.
– Хат əкелдім. Қол қойып алыңдар. Əкең қайда? Шешең үйде ме? – депті
еркек
дауыс. Сəлден кейін тым-тырыс қалды. Терезеден сығалап қарасам,
бір
жас жігіт сүліктей қара «Тойота камриге» мініп жатыр. Машинаның
төбесінде
аттың құлағындай қайшыласып тұрған екі антена бар. Қаржы
полициясындағылар
осылай жүреді, үйдегі, түздегі сөзді жучёк қойып
аңдиды
деуші еді.
Бастығым
қолындағы түсініктемемді заң орындарының бəріне көбейтіп,
бөліп
-бөліп таратқан болды. Ойлары – мені асау қашағандай ғып құрық сап
ұстап
алу. Көзімді жылтыратып қараңғы үйге тоғыту.
– Неге жазасың? Мойныңа неге аласың? – деп Дариға зəрленіп маған
қарайды
. Мен еденге қараймын.
Алдап
соғарын білдім бе? Ұл мен қызымның көрінгеннен қорқып
мысықтабандап
басып жүретіні қабырғама аяздай батты. Ұйқы қашты.
Кірпігім
ілінсе болды түс көремін. Шіли түпсіз аранға құлап бара жатамын.
Кейде
өңшең бір қанден иттер талап, жұлмалап жүреді. Тірілей түскен азап
пен
тозақтан құтылар емеспін.
Көрші
əйелдер Дариғаны əлі азғырып жүрген сынды. Қабағы қату. Сөзі
сатулы
. Ажырасқысы кеп жүр ме? Өткенде темір торда отырған екі нашақор
не
деп еді?
– Ұстатпай қашып, зым-зия жоғалып кет. Сонда бұлар бас бармағын
шайнайды
. Өзіңсіз мүлкіңді конфескация жасауға құқығы жоқ. Үйің бала-
шағаңа
қалады, – деген. Жаны бар сөз. Тіпті екеуі жарысып сот процесінде
праволарым
мен міндеттерімді ежіктеп, түрмеге түскен бетте өзімді қалай
ұстау
керектігін тəптіштеп баққан. Оны айтасың, бір колонияға тап болсақ,
үшеуміз
түрме бастықтарымен келісіп наша сатамыз. Сауда жасаймыз.


Блатной
атанамыз, – деп қомпылдасқан. Базарға шығып бара жатқандай.
Қашпасам
болар емес. Қарамды батырайын. Бұл дүние менсіз де жетім
қалмас
».
– Қиын, Дариға, қиын...
– Оңайы бізге таптырмай тұр ғой, аға.
Алтыншы
хат
«Мысыққа тірі тышқан керек. Əрлі-берлі домалатып ойнау үшін. Мен тап
солмын
. Үйден қашып шыққаныма жұма толды. Екі костюм мен курткамды
жəне
үш көйлек, шұлық, дамбалымды көтере кеттім. Бұйырса сақал жіберіп,
мұрт
өсіріп аламын. Киімдерімді өзен жағасындағы иесіз саяжайдың біріне
мұқият
жасырдым. Қалаға баспалап қайтып бардым. Бастығым басын
сипалап
біздің подъезден шықты. Сонадай жерде тұрған машинасына жете
бере
кідірді. Сезем, менің жоқ боп кеткенімді естіп тісін қайрап тұр.
Көшенің
арғы бетінде КНБ-ның полковнигі кетіп барады. Ол мұнда не
жоғалтып
жүр? Мə, бастығым əлгіні көре сала шашын тықырлап алдырып
тастаған
төрт бұрышты басын көтеріп алып қарсы жүгірді. Аузы
жалпылдап
, қолын қайшылап сермейді. Полковник бетін тыжырайтып, бір
көзін
кішірейтеді. Əлсін-əлсін бас шайқайды. Олар да менің соңыма мықтап
түскен
де. Мынау көрген-баққанын шамасы жыр ғып тұр. Қашқанда ат
құйрығын
көрсетпей кетті дейтін шығар.
Атамды
да НКВД құртқан. Əжем айтар еді:
– 1937 жылдың қоңыр күзі-тін. Ауданнан бір əсіре белсенді кеп жиналыс
ашты
. Əшкерелейміз дейді. Індеріне су құямыз дейді. Сөзінің көбін
түсінбейміз
, құлағымыздың сыртынан жібердік. Соңында «Болашағымыз
зор
. Бір аяғымыз социализмде, бір аяғымыз коммунизмде тұр» десін. Атаң
жарықтық
əзілқой еді. «Айтыңызшы, қашанғы талтайып тұра береміз?
Шатымыз
айырылып кетер?» дегені. Сол сөз сорына көрінді. Артынша
жұмаға
жеткізбей «халық жауы» деп ұстап əкетті. Жапонияның шпионы деп
мойындатыпты
. Картадан ол елді тауып бере алмаса да. Қайдан тапсын, екі
кластық
біліммен? Ақыры сүйегі терусіз қалды.
Əжем
осыны айтып, сағым шалған құла түзге қарап ұзақ-ұзақ телміретін.


Ұлым
мен қызым балконға қайта-қайта шығып, көзбен мені іздеп тұрған
шығар
».
– Бастығы үйге жай келіп пе? – дедім мен де жалма-жан.
– Қайдан, Қадірақынды жанұшырып іздеп жүр.
Түрі
адам көргісіз.
Жетінші
хат
«Түн... Өзен толқындары жуасып, жағалауға ұйқылы-ояу қалпы жетіп
жығылады
. Жер тістеп қалған уақыттажылжыремес. Осы сөзді
жасырынғанжерімде
балауыз шамның сығырайған жарығымен жазуға
кірістім
. Түс ауа барып қалаға кіргенмін. Меңдуана жегендей сандалып
үйіме
жете алмай қайттым. Дариға не күйде жүр екен? Алыстан орағытып
көше
айнала бергенімде прокурордың машинасы алдымнан зу-у етіп өте
шықты
. Көшені қақыратып барады. Бұлардың шопырларына дейін жітікөз.
Алақандай
қаланың бар жаңалығын айна көзінен сығалап-ақ көріп
отырады
. Мені байқамады. Əйтпесе, алғыр тазыдай құлақтарын жымырып...
Қашты
-қуды десе бұлардың құтырынып кететін əдеттері ғой.
Əкем
жарықтық фашистермен соғыста «Курск иінінде» қалған. Тұтқынға
түскен
. Аш-арық, биттері торғайдай боп концлагерьге қамалған. Шекпеген
азабы
, көрмеген тозағы жоқ. Соғыс біткен соң сатқын атанып сотталған.
Сібір
ормандарында ағаш кесіп он бес жыл тентіреген. Елге фашист пен
коммунистің
айырмасы жоқ, бірінен-бірі асып кетті деп мүгедек боп
оралыпты
. Алар дем, татар дəм таусылмаған да.
Жанын
жетелеп жүріп кеш үйленген. Қырық жасында мен туыппын.
Шаңырағым
жығылмас деп шаттанған... Ажалға араша жоқ. Алдымен өзі
кетті
. Артынша өкпе дерті меңдеп анам да көп ұзамады. Əжемнің əлдиімен
қалдым
ғой...
Осы
мен несіне қорқамын? Басымды кесіп алмас. Алпыс күн атан болғанша
алты
күн бура атанып... Салып ұрып алдарына барамын. Көздеріңді кең
ашып
қараңдар, дизельді моторды мен ұрлағаным жоқ дейм. Ұрлап тығып
қойсам
, иə сатып жіберсем, тап та дəлелде дейм. Жалаңаш қолмен мені
жауаптай
алмайсың дейм. Бастық қағазды алдап соғып, алаяқтықпен


жаздырды
дейм. Əлсіздің үні мына заманда торғайдың даусындай боп
қашанғы
естілмеуі тиіс дейм. Деймін де... столын тоқпақтаймын. Көр де
тұр

– Бөлім қызметкерлері күтіп қалды. Жиналыс... – дейді хатшы келіншек
Дариғаға
қарап шаптығып.
– Күте тұрсын. Көп қалған жоқ, – деймін алдымдағы қағазды асығыс
ақтарып
.
Сегізінші
хат
«Күн де қабағын ашпай қыртиып тұр.
Жоқ
, оларды желкемнің шұқыры көрсін. Бармаймын. Өз-өзімді ұстап берем
бе
? Ақкөйлек адалдығынан келді демес. Қаша-қаша тығылар жері жоқ,
қайда
барсын, бейшара дер. Өй, олардан адамгершілікті сөз есту жыланның
аузынан
у тамызып алғанмен бірдей. Алды-артыма қаратпай дедектетіп сот
алдына
апарар. Олар статьясын аш қасқырдай жалаңдатып өргізе қояр.
Дəлелдеп
көр!
Таң
алды əжем түсіме еніпті. Жесірдің тонын ерте кисе де жетелеп жүріп
өсірген
, жарықтық. Андасанда алыстау бір туыстың үйіне қыдырып барар
ек
. Олардың он баласы бар. Екі-үшеуі кешкілік өрістен уақ жандығын
қайырып
келе жатады, екі-үшеуі жатарда жамыл көрпеге таласып жатады,
бір
-екеуі горшокта, бір-екеуі горшок жетпей жерде кəк етіп отырады. Бірі
күліп
, бірі жылап абыр-сабыр. Құс базарындай. Осыларға қызығып əжеме:
– Бұлар көп, мен неге жалғызбын? – деп сыбырлайтынмын. Əжем
əлгілердің
көптігін қызғаныш ете ме əлде шын көңілі ме:
– Бұлар көп болса да шөп қой. «Жалғыздың жары – Құдай» деген, түбі
бəрінен
сен озасың, – деп жұбататын.
Сөйтіп
, арманын алданыш қып отыратын. Тіпті:
– Осы қарғам да ел сияқты арақ ішіп, үйге бұлғақтап келер ме екен?.. –
дейтінін
қайтерсің? Ернін тұшытып немере сүйіп те үлгермеді... Жалғыздық
жалаңдатып
жіберген қарғасын жебеп-желеп жүрген шығар.
Осы
Дариға түскен жылы... Жə, бəрін тізбелеп қайтем, менің мылжыңымды


кім
оқиды деп отырмын? Керегі жоқ. Тек əйелімнің кейінгі қатқыл мінезі
жаныма
батты. Тіпті бетіме тура қарамайды. Көзінің құйрығын жүгіртеді.
Елеусіз
, басы артық зат сияқтымын.
Əлгілер
ақша беріп азғырып, тіпті қорқытып өздеріне қаратып алып жүрген
жоқ
па екен, ұстап бер деп? Осыдан қолға тірілей түсіп қалсам... Дариға
шаңырағымды
жықпай соншама уақыт мені күтпес. Бай-бағлан біреудің
етегінен
ұстап жөнелер. Əй, бірақ қазірде бизнесі жоқ əйелге кім зəру боп
отыр
дейсің? Қытығы да азайған. Сауаты да шамалы...
Баяғыда
əскер қатарында жүргенімде жиі-жиі үшбу хат жазатын. Жазғаны
құрсын
. Конверт сыртына «Қадірақын» деудің орнына ылғи «Қарақатын»
деп
толтыратын. Талай мазақ болғам...
«Қатын – дұшпан, балалар, не демес дейсің сыртыңнан...»
Қай
шалдың өлеңі еді осы? Ол да мен сияқты теперіш көрген соң шыдай
алмай
айтқан да».
– Мания преследования ғой мынаусы, – дедім жұлып алғандай.
Дариға
көзіне жас берді.
Тоғызыншы
хат
«Қазақ байыса қатын алады» деген сөз бар. Кешегі жекешелендіру кезінде
қазіргі
жаңа қазақтар қатынды «движимий» деп есептеп недвижимость
алып
алды. Сүрбойдақ боп жүрген мен сорлы көзім қарайып əйелге
жармасыппын
. Байлығымның түрі осы.
Бəрі
ұрлықпен байыды. Тамыр-таныстықпен дəулет жинады. Мен де
кеңшар
мүлкін тышқандай таси берсемші. Алпауыт олигарх боп Лондонға
немесе
Дубайға құйрық үзіп қашар ем. Сіңіп жоғалар ем. Талайы сөйтті.
Əттең
...
Ашықтым
, арыдым. Қабырғам саусақпен санап алғандай. Бəрінен де
балаларымды
қимаймын. Болашағы қандай болар екен? Қорқам, нəлеті.
Өткен
жолы екеуі сыбырласып сөйлесіп отыр. Құлақ түрсем, бар ойлары –
сауда
жасау, ақша жинау, баю. Басқа мақсат жоқ. Бұлардың бəрі сол. Ой-
хой
, біздің заман-ай! Жастықтың жалына жармасып кім болғымыз келмеді?!


Көкірегіміз
көкжиектің ар жағында жататын. Капитализм бала біткенді
арманынан
айырыпты. Мұнан өткен қылмыс бар ма? Ішкі қымбатынан
жұрдай
, сыртқы сымбатына алданған тірі міскіндер ертеңгі күні бұ
қазақтың
көсегесін көгертсе жақсы...
Біреудің
даусы естіле ме? Бұл кім? Əлде мал ма?
Жақындап
қалды. Ойбай, тығылайын...»
– Дəрігерлер «Генде қалған қорқыныш. Атадан балаға берілген» деп отыр, –
дейді
Дариға көз жасын құрғатып.
– Қоғам тудырған кесел, – дедім мен де ойланып жатпай.
Соңғы
хат
«Бітті. Жетер. Шыдамым таусылды. Қазір қалалық əкімшіліктің алдындағы
алаңға
барамын да дар ағашын құрамын. Аламын да асыламын. Өлемін.
Хош
, жарық дүние!.. Тоқтай қал! Жаңғалақ біреулер аттандап жүгіріп жіптен
босатып
алуы мүмкін-ау. Онда ше?.. Жоқ, одан да қаланы қақ жарып жатқан
өзен
үстіндегі биік көпірге шығамын да, «Кешір, сүйікті Отаным! Мен сенің
дизельді
моторыңды қорғау ға жарамадым!» деп бар даусыммен
айқайлаймын
. Айқайлаймын да секіремін! Маған келгенде керең дүниенің
сонда
, бəлкім, құлағы ашылар!..»
Хат
осылай үзілген. Сөйлеуге дəрменім жоқ. Көз алдым қарауытып,
құлағым
шыңылдайды. Көкірегімнен көтерілген бір түйіншек жылжып кеп
жұтқыншағыма
кептеледі.
– Содан үшті-күйлі жоқ, – деген шикі сары келіншектің үні есімді жиғызды.
– Біреулер «Бішкектен жолықтырдық. Қытайға ұшып кетті» десті. «Жо-жоқ,
аты
-жөнін ауыстырып, түрін адам танымастай өзгертіп орыс ормандарына
сіңіп
кетіпті» десті. «Ойбай, иен даладан көрдік. Киіктердің ішінде
жайылып
жүр. Жабайы боп кетіпті» десті. Қайсысына сенерімізді...
– Полицияға арыз жаздыңыз ба?
– Жазғам. «Байыңды кроватыңның астынан ізде» деп келеке етеді.
– Əлгі жоғалған зат ше?


– Қоқырайған ағаш қорабын көріп Қадірақын мəз боп жүріпті. Ішіндегісін
əлдеқашан
жымқырып кеткен. Білдіртпей жасалған қылмыс қой.
– Апыр-ай, ə?
– Кейін анықталды, тіпті қарауылдың мүліктік құндылыққа жауапкершілігі
жоқ
екен. Еш құжатқа қол қоймаған. Қорқытып мойнына ілгісі келген.
Бастық
пен бухгалтер келіншекті шатып жатыр деп есіткенбіз. Жаздық-
жаңылдық
деп жазадан сытылыпты.
– Содан?
– Басқасын сатып алыпты. Рас болса, шыққан жері, тіпті зауыттың темірге
ойып
басқан жеке нөміріне дейін бірдей деседі. Қайдан білейін астарында
қандай
қитұрқы жатқанын?!
– Хаттарды қайдан таптыңыз?
– Əлгі паналаған саяжайынан.
– Маған қалдырыңызшы.
– Алыңыз. Арнайы əкелдім. Бұл байғұсты осыған дейін танымаппын. Ішін
тескен
осыншалық сыр мен жыр жатыр деп ойлаппын ба? Бақсам адам екен
ғой
.
– Осыған дейін кім деп жүрдіңіз?
– Күйеу деп.
– Неткен ұятсыздық?! – деп есіктен екпіндей кірген хатшы келіншек келе
Дариғаның
білегіне жармасты. – Шығыңыз тез! Бастық командировкадан
кешікті
. Лондонның рейсіне тіркеу аяқталып жатыр.
«Сіз де қашып бара жатқан жоқсыз ба?» деген үрейді шикі сары келіншектің
көзінен
оқыдым. Екі шынтағының тұсынан ақтиіннің құйрығы қайта-қайта
сығалап
өтті.
– Қандай ақыл қосасыз? Көмегіңіз бар ма? – деді қоштасып тұрып. Жүзіне
қарағам
. Жан дүниесінің шырқыраған үнсіз жаңғырығы ауаға сіңіп жатты.
Оңай
сұрақтың қиын жауабы көп қой. Əсіресе біздің елде. Əзірге ештеңе
айта
алмаспын. Сосын болмаса... Кешір!..


ТӨБЕЛЕС
Қарауыл
Есекеңнің сау аяғы астындағы аттың бүйірін тепкілеп, кем аяғы
жирен
қасқаның қабырғасында тыпырлап, дала қосына тақағанда күн
намаздыгер
мен ақшамның ортасында теңселіп тұрған. Басындағы
бірбайлары
ағараңдап шөпшілер аспазы Полина көрінгенде қалтасындағы
шақшаға
қол жүгіртеді. Ердің қасына түбін тықытып, кең танауға апарғанда
ащы
насыбайдың уытынан көзі жасаурап, əлгі бірбайлар тіпті аумыттанып
кетеді
. Кемпірі өлгелі осы əдетті тапты. Генералдың қалыңдығы болғанмын
дейтін
Полинасы түскір Есекеңнің көзі жасаурады екен деп иілер емес.
– Аяғыңды қай қақпанға шаптырғансың? Кеше сап-сау емес пе ең? – деп
өңшең
жастардың көзінше қағытатынын қайтерсің?! Есекең ол сөзді
құлағының
сыртынан жібереді.
Уақытында
«халық жауы» атанғаны осы елге мəлім. Үй іші аштықтан
топырақ
жеп, көлдің көк суын ішуге айналғасын бағымындағы колхоздың
бір
шыбышын жасырып сойған. Сол мойынға құн боп мінді, айықпас пəле
боп
жармасты. Сот: «Шыбыш аман болса болашақта бір қора ешкі болғалы
тұр
еді, бұл – нағыз жаудың ісі!» – деп үкім айтты. «Қап, əттең, текесін
соймаған
екем, жазам жеңілдеу соғар еді», – деп Есекең бармақ тістеп
Колымаға
жөнелді. Барған бетте жүк тиеуге салып еді, бөрене құлап
пəршелеп
, оң аяғын қолына ұстатты. Содан арамен кестіртіп, жілік майдың
орнына
темір шыбық жүгірттіріп, дəкемен оратып, қайыспен шандытып
кемтар
боп оралды.
– Сен «халық жауы» емес, о бастан шыбыштың жауы болдың ғой, – дейді
Полинасы
антұрған қарап тұрмай.
– Ыш-ш... – деп Есекең əдетінше тұтығып қалады. – Ыш-ш... көрер ем... –
Оңтайлы
жауап таба алмаған Есекең ондайда мешел болған баладай
құйрығымен
жорғалап аспазға тақайды.
– Генералдың қалыңдығы болғанмын деп жұртты тапап кете жаздайсың. Ал,
айт
, ол қай заманның генералы? – Есекең енді бел ала бастайтынын сезіп,
екі
иығын қомдап-қомдап қояды. – Мына қиян далаға шөп шаба келді ме,
мал
баға келді ме? – Шөпшілерге қызық керек, бір-бірін түрткіштеп,
екеуінің
аузын алма-кезек бағады.
Полина
əскерде генералдан жоғары шен болады деп əсте ойламайды.


Əйтпесе
қосыла алмай қалған адамының дəрежесін қолма-қол өсіріп
жіберуден
тайынар емес.
Ақ
қашып, қызыл əскер өкшелеп қуып, жұрт қалай ауарын білмей
қорғасындай
балқып тұрған шақты. Селоға үсті-бастары сары ала,
салтанаты
асып, кернейлетіп-сырнайлатып бір топ əскер кірді. Жайғасып
жатып
, топ-топ боп жаттығу өткізді. Өзі он бестегі бойжеткен-тін. Күнде
клубқа
барған сайын үстіндегі біркиер көйлегінің етегін екі елі қысқарта
беретін
еді-ау. Бір кеште би басталсын. Өңшең апайтөс жігіттер. Көзің
бірінен
соң біріне құлайды. Əн деген ағытылып жатыр. Маңдайына түскен
кекіл
шашын демімен үркітіп тұрған бұған ешкім үйірілер емес. Əлден
уақытта
бұғағы текшеленіп кеткен генерал былғары етігін сықырлата
мамырлай
басып кеп қолын созсын. Есін бір жиғанда қурайдай боп
генералдың
құшағында қалқып жүр екен. Жігіттер де соны күтіп тұрғандай
құтырынсын
кеп. Шағын клубтың едені мен төбесі қоса селкілдейді. Есін
бір
жинағанда генералдың аузын айналып кеткен сояудай мұрты мен
быршып
терлеген жүзіне көзі түсті. Қозы қарны жоғары-төмен ойнайды. Өзі
арбалып
қалған торғайдай екі аяққа кезек секіреді. Сарт-сұрт шапалақ. Есін
бір
жиғанда...
– Доченька, – деді екі айдан соң, – біз аттанып барамыз. Қош бол!
– Мені ше?.. Алып кет... – деген жас қыз көз жасына тұншығып.
– Жо-жоқ! Алдымызда ауыр жорық тұр. Осында қаласың. Мə, бұл – еңбегің,
– деген бір құшақ ақшаны алдына төгіп. Сол кеткеннен қарасын батырды.
– Кіпитан болса да аздық етіп пе? – дейді Есекең қаралай қызғанып.
– Иығында, жеңінде баданадай-баданадай əскер белгісі самсап тұратын.
– Онда сендей қатынды тастап жын ұрып па? – Шыбыштың кесірінен
«халық жауы» атанып, соғыс көрмеген Есекең одан əрі таласуға батпайды.
– Ойбай-ау, сорлы басым...
Полина
жастықтың желігімен... бірауық солдаттармен де билеп қойғанын,
əлгінің
ақтың генералы екенін соңынан естігенін бүгіп қап, «сорлы басым»
деген
сөзге ғана күш түсіреді.
Шөпшілердің
дала қосына ерте жиналғанын Есекең енді байқады. Манадан
бері
Полинаның бірбайларынан басқаға көзі түспегенін астындағы жирен
қасқадан
көргендей, төрт өрме қамшысын көтерді. Шабан ат қымсынып,


бүлкілге
басты. Күнге күйіп тотыққан жігіттердің даусы жарқын-жарқын
шығады
. Сөздері анық естілер емес, əлсін-əлсін күлкі килігіп, көміп кетеді.
– Ыш-ш... ау, жігіттер, амансыңдар ма? – деді Есекең тізгінін тарта беріп
шөпшілерді
түгендегендей.
– О, Есеке, хош келдің!
– Жас жезде, түс аттан!
– Бəсе, Полина апамыз қазан жаққа жиі барып кеткен. Сізді қарап жүр екен
ғой
.
– Аман болсаңдар жарады, – деп Есекең қанша нығызданса да, жерге
əупіріммен
аяқ іліктірді. – Полинаның қолынан бір семіз шай ішіп кетейін
деп
бұрылдым.
– Нағыз семіз шайды бүгін ішесіз. Қазанда ет былқып тұр. – Тұрсын
бригадир
көзін күлмеңдетті.
Қостағы
бөлмесінен етегін теуіп тастап асыға басып шыққан аспаз ортаға
буын
бұрқыратып қызыл қуырдақты қойды.
– Жігіттер, мен қай тойға тап болдым? Мəнісін
түсіндіріңдерші
. – Төрге жайғасқан Есекең аяқ астынан ішпей масайып,
жемей
тоғайды. Түстен бері желденіп алған жігіттер көңілі түссе он шақты
айыр
шөпке иттігі жоқ қарауылға тым пейілді.
– Есеке, біздің бригада совхоз бойынша ең озат деп танылды. – Сөз бастаған
Тұрсын
маңдай терін сұқ саусағымен сыпырып төкті. – Мына отырған
жолдастардың
еңбегіне сенген соң, несіне сасайын, бəйгемізді шаппай бер
деп
директордың алдында отырып алдым. Аттай екі жүз сом сыйлық пен
үздіктеріміздің
тракторына байлайтын бес жалаушаны таңертең қос басына
жеткіздім
-ау...
– Ой, ерім-ай, жарадың! – Көптен жаңа трактор тақымына түспей жүрген
Нұқ
бригадирге деген өкпесін ұмытып, қопаңдап қалды.
– Ыш-ш... «Құтты қонақ келсе қой егіз табады» деген. Көрдіңдер ме, мен
келгенде
ақша мен жалаушаны қатар ұстадыңдар.
– Айтпа, оның енді рас! Сенің үлесің зор. – Полинаның əзіл-шыны
қағытқаны
ішіне жылу жүгірткен Есекең қайраттанып, алдындағы қалайы


қасыққа
жармасты. – Ал онда не отырыс бар? Бұ да бір дəурен!
Дəурені
жүріп тұрғанда шөпшілер қуырдақ пен араққа қиянат жасаған жоқ.
Бір
-біріне басытқы ұсынып, қоймай арқадан қағысты. Есекеңнің өзі де
Полинаның
өңірінен тас қып ұстап тұрып, аузына екі-үш мəрте қуырдақ
салды
. Соған арқаланды, білем:
– Ыш-ш... бұл өмірдің əтесіне нəлет! Өтеді де кетеді, жігіттер! Қоныштан
басып
қалайық. Мен қарауыл боп тұрғанда ештеңеден саспаңдар.
Қораларыңа
түнделетіп бір-бір машинадан шөп түсіріп алыңдар, – деп
салды
. – Полинаға өзім жеткізіп беремін.
– О, азаматым!
– Солай десең керек-ті.
– Ыш-ш... денсаулық барда неден аянайын?! – деп Есекең екі аяғын
жарыстырып
жіберді.
Манадан
бері араққа иелік жасап отырған Аманжол қызыңқырап қалып,
үстінен
шолақ жең көйлегін сыпырғанда, кеудесінде тушьпен салған бір
адамның
басы көрінді. Суретті жыға танымай, үкікөзденіп біраз отырған
Есекең
ақыры шыдай алмады:
– Ыш-ш... шырақ, анау омырауыңдағы алақандай кім? Совхоз бастықтың
суреті
ме? Жазда күнқағары бар кепкі киетін еді.
– Оу, ақсақал, көзіңізге қос көрінді ме? Бұл өзіміздің Сталин ғой.
– Сталин дейд! Ой, аузыңа!.. Мені Колымаға айдататынның өзі ме?! – Есекең
ұзынды
-қысқалы аяғын бауырына жинап, ата дұшпанын енді танып, кəрі
бүркіттей
қомданды. – Оны əспеттеп кеудесіне басып, кеудесін бригадамыз
боп
бəйге алған кеште маған қаратып...
Қолына
алған кезекті шөлмегінің тығынын Аманжол ауызбен жұлып ап,
шөп
түйгіш Т-25 тракторы тұрған жаққа ашумен үкітіп жіберді.
– Ақсақал, сіз отырған жерде мен де болғанмын. Так, что... – Бəкене бойлы,
шағыр
көз, ақ кірпік, шымыр жігіт тізерлей кетті.
– Жанжалды доғарыңдар! Мен сендерді совхоз дирекциясы атынан тəртіпке
шақырамын
. – Тұрсын бригадирдің өктем шыққан даусы екеуінің дауын
өшіріп
тастады. – Қазір жалаушаларды тапсыру рəсімі болады. Сосын
Полина
апай əн салады.


Кеу
-кеулесіп отырған жігіттер негізгі шараны ұмытқандықтарын еріксіз
мойындасып
, қасық пен стаканнан ауыздарын ажыратты. Тұрсын бригадир
орақ
мұрнын біраз саумалап, қабағын шытып отырды да, орнынан көтерілді.
Бағанада
ілулі тұрған бешпентін армансыз ақтарды. Ақыры қызыл
жалаушаларды
шалбарының қалтасынан тапты. Алақанымен үтіктегендей
ғып
бір-бірлеп қыртысын жазды. Мұндайда аспаз да тартына қоймайды.
Иығына
шəлісін жамылып кеп міндетті түрде əн бастайды. Əннің
«Педменула ты меня педменула» деген жолына келгенде міндетті түрде
көзінен
екі тамшы үзеді. Ондайда маңдайының əжімдері батыңқырап,
алқымы
қызарады. Мұңданып, көкжиекке таяп қалған бұлттарды қуа
қарайды
.
– Соңғы жалауша – озат шабушымыз Нұқ жолдасқа! Бригадир қалыптасқан
дəстүр
бойынша қол басындай жалаушаны желбірете ұстап, салтанатты
түрде
иесіне табыс етіп, бетінен сүйгелі ыңғайланды. Өзінен бұрынғы төрт
озаттың
жалаушаны қалай қабылдағанын көрген Нұқ оң қолын алдына
салып
, жа-
уап
ретінде өзі де сүйгелі аузын аша берген.
– Тоқта! Бұл жалауша маған тиесілі, – деп Аманжол ортаға баса-көктеді.
Түрмеден
шыққан, қаны қарайған бұзық немеге тоқтау болар емес. Тым
арынды
. Бара салып бригадирдің қолынан жалаушаны жұлып та алмады.
Тек
белуардан жалаңаш күйі шəниіп тұрды. – Əкел, əкел бері! – деп жалғыз
саусағымен
шақырды. Анталаған жұртқа жалауша ғана емес, қызық та
керек
.
Сасып
қалған Тұрсын:
– Жалаушаны саған неге береміз? Бұл – шабушы Нұқ жолдастікі, – деп
қолын
артына жасырды.
– Ол шапса, мен шөпті жинаймын. Мен кімнен кеммін?! – Шақылдаған
бəкене
бойлы жігіт те берісер болмады.
– Жыртыл, қазақ, жыртыл! – деп батысқа қарай қонар ұясына дүркірей
ұшқан
ала қарға қарқылдасты.
– Қанаты бүтін қарға жоқ, – деп, Есекең осыны түсініп қалғандай жатып-
тұрып
ақсап ортаға шықты. – Мен – кемтар, Полина – жесір, мұның көңілі
жетім
. Үшеуміздің атымыздан бір қызыл матаны осы балаға қиыңдар.


Апыр
-ай, солай екен-ау, қайтіп ескермегенбіз дегендей, көпшілік бір-біріне
қарасып
, бəсеңсіген.
– Өзіме тиесілі сыбағаны алмай қоймаймын! – Жалауша қолынан сырғып
кеткелі
тұрғанын енді анық сезген Нұқ көтерілсін. – Аманжол деген –
Сталиннің
жақтасы. Мен деген...
Сонымен
мəңгі бірікпейтін екі платформаның шайқасы басталып кетсін.
Өрістей
келе Полинадан басқа шөпшілерді түгел қамтыды. Жалғыз өзі бір
жақ
Аманжолдың айбатына ешкім шақ келер емес.
–О,бəтшағар,біліпем,–депқалыңөрттіңортасынан басын аман алып шыққан
Есекең
Полинаның жанына жетіп, бейбіт топ құрады. Көп көптігін істеп,
ақыры
Аманжолды жеңе бастады. Шегіне соғыс салып жүрсе де, бəкене
жігітке
жолап кеткені баж етіп кері қашады.
– Соғуға қолы қысқа, тістеп жүр, – деп Есекең Полинаға дүмбіл-дүмбіл
түсінік
беріп қояды. Май құйрықтан не қыр арқадан ауыз салдырып «о»
таңбасын
алғандар қайтып беттемей ығысып кетеді. Еңсегей бойлы
ебедейсіз
Нұқ пен Аманжолдың шайқасы қысқақысқа жауаптасудан
басталып
, ұзаққа созылды. Лып етіп артына айналып кетіп, құйрықтың бой
жетер
жерінен тістеген бəкенеден Нұқ құтылар болмады. Шақалға алдырған
өгіздей
өкіріп, май топырақты бұрқыратып ілестіре қашты, тұра қап тепті,
жата
кеп боқтады. Жан алқымға тірелгесін төсқалтасында жүретін кішкене
бəкіні
бəкененің кеудесін ала сілтеп кеп жіберді...
– Бұл да аталардан қалған бір мұра, – десін Есекең мен Полинаның қасына
жылысып
жеткен алаңғасар Сейіт.
– Шөп шабуды айтасың ба?
– Жоқ, төбелес деймін.
– Ыш-ш... жағыңа жылан жұмыртқалағыр! – Ыза болған Есекең қос көзімен
атып
-атып алаңғасарды жыға алмағасын шарасызданып Полинаға қараған.
Манадан
бері төбелестен көз алмай тұрған аспаз шаян шағып алғандай:
– Ойбай, Есуша, Аманжол қолына мылтық алыпты. Қашайық! – десін.
– Ыш-ш... не дейд?! – деп бұрылып еді, жанында не аспаз, не алаңғасар жоқ.
Зым
-зия. Айғырдың тезегіндей боп топтанып тұрған шөпшілер қостың
сыртын
ала ұйтқытып барады. Бұл сұмдықты көріп тұрып шыбын жан
шыдас
берер ме?.. Сау аяқты алға, кем аяқты артқа тастап Есекең де орғыды.


Артта
– арыстандай ақырған Аманжол... Байбаламды салып, жантəсілім
дегенде
қостың есігіне қол іліктірген. Мылтық гүрс етті. Есекеңді белуардан
кеп
ұрды...
Айналаны
оқтың көк түтіні көмген. Көз байланып қалған қараңғылық бар.
Қос
басына жолауға ешкімнің жүрегі дауалар емес. Бір басып, екі басып
тақырға
жасырынған шөпшілер жау дзотына беттегендей тұсалып қалды.
Əрқайсысы
баспалап кеп тракторына міне ауылға аттандап қашайын десе,
қоста
қанға бөгіп Есекең жатыр. Жараланса басын сүйеп, аузына су тамызу
лəзім
. Жазым боп кетсе оған не шара, орталықты «ой, бауырымдап» көтеру
парыз
. Өздері тастап қашқан қосқа салып-ұрып жетіп барайын десе,
қаражүрек
Аманжол қандыауызын туралап... Кəпірдің беті əрмен! Тек
өзімен
кетсін. Ақыры жаяу əскер болдым деп аяқтыға жол бермейтін Сапи:
– Есекеңнен жанымыз артық емес. Жүріңдер, жігіттер! – деп жер бауырлап
жылжыды
.
– Артық деп тұрған біз жоқ. Тек босқа тағы біреуіміз шығын боп кетеміз бе
деп
тұрмыз.
Айтуын
айтса да, артта қалып қоюды намыс көріп, ұзыны тізерлеп, тапалы
еңкейіп
жалғыз аяқ жолға түскен керуендей шеру тартты. Əлсін-əлсін тың-
тыңдап
, қос басына да таяды. Иіс аулаған киіктің текесіндей танауларын
желге
тосты. Көк шөп пен ауаға тараған оқ-дəрі иісінен басқа ештеңе
сезілер
емес. Жым-жырт. Жарықтығым-ай, Есекең жантəсілім еткен екен,
жараланса
қиналған даусы естілер еді. Тіпті көмекке шақырмас па?
Қостың
есігі сарт етіп ашылды да, əлдекім қараң етіп шыға келді. Есекеңді
аяп
, ой қуып, не істерін білмей, пұшайман боп жатқан Сапи бастаған
шөпшілердің
біреуі:
– Ойбай, Аманжол! – деп шыңғырып жіберді. Сол сол-ақ екен, бір-бірінің
басынан
қарғып, опыр-топыр маңып кеп берсін.
– Əй, қайда қаштыңдар? Келсеңдерші! – деген Полинаның ренішті даусы
естілмегенде
, сол екпінмен көрші бригаданың жеріне өтіп кетер ме еді,
қайтер
еді?..
– Айттым ғой аспаз шығар деп.
– Осы сенің сужүрегің-ай!
– Аманжол деп айқайлап, шырықты бұзып.


– Көріп алдық əуселесін, – десіп жүректерін бекітіп, тізенің дірілін басып,
ес
жиған шөпшілер қосқа қайта беттеді. Есік алдына кеп үйірілгенде, аспаз
іште
екен, қайта шықты.
– Полина апай, Есекең не халде?
– Жатыр... прямо белуардан... несіне бездіңдер?.. Свет жақсаңдаршы, – деп
аспаз
əр сөзін бөліп-бөліп айтты да, қазандыққа қарай асып жүре берді.
– Ойбай, белуардан қан дейді.
– Əл үстінде дейді.
– Тап-таза масқара болдық-ау!
– Осының боларын күні бұрын біліп ем.
– Қой, босқа тұрмай басын сүйейік, – десіп бір-бірлеп қосқа кірді. Ағаш
нарға
жетіп жығылған Есекең басын көтерер емес. Көзін тас жұмған. Тек
желпілдеген
кең танауы ғана кеудесінде пысы бар екенін білдіреді. Полина
тұтатқан
жалғыз шырақтың көлеңкесі терезеден келген самалмен билейді.
– Есеке-ау, қалайсыз?
– Біз сізбен қашанда біргеміз. – Тұрсын бригадир көзіне жас алды.
«Халдің несін сұрайсыңдар?» дегендей Есекең көзін болар-болмас ашып,
уһілеп
, майдан даласында құлаған жауынгердей сұлқ түсіп жата берді.
– Кəне, не тұрыс бар, шалбарын ептеп шешіп, жарасын таңайық. Қан көп
кетіп
қалмасын. Біреуің тездетіп дəрігерге шабыңдар, – деп бригадир
билікті
түбегейлі қолға алды. Білекті сыбанып кіріскелі тұрған жігіттерге
Есекең
ыңғай берер болмады. Тіпті шалбарын шешкелі белбеуіне
жармасқан
бірін қағып жіберіп, өзі қос қолдап ұстап жатты.
– Неғып тұрсыңдар свет жақпай? – деп ішке сөйлей кірген аспаз қостың
есігін
сарт жапты.
– Есекеңе көмек берейік деп.
– Жарасын таңайық деп.
– Қайдағы жара? Қорыққаннан іш киімін бүлдіріпті. Қараймын деп білегіме
дейін
былғап алдым. Міне, міне, – деп Полина жігіттерге қолын жағалай
иіскетіп
шықты.


– Ыш-ш... қой, қорыққаннан болмас, – деп енді жата берудің мəні жоқ
екенін
сезген Есекең үш ұмтылып басын зорға қалтитты. Шөпшілердің
ішегі
үзілуге айналды. – Тұз да болса оқ қой. Содан шығар... – деп Есекең
енді
орнынан тұрғысы кеп, бүк түсіп ішін басып жатқан екеуге қол созды.
– Құдай, қарға үркітетін жаман мылтық емес пе, – деп Полина қолына қарап
əлсін
-əлсін бас шайқады. – Иісінің жаманына не берерсің?
– Бұл қолмен пісірілген тамақты енді қайтіп ішеміз? – Сапи көпшіктен
басын
көтере бере кері құлады. – Ой, ішегім-ай! Генерал ұстаған қайран ақ
саусақ
!
– Топырақпен екі қайыра ысқылап жуса түк те етпейді. – Соған да
ақылдарың
жетпей ме дегендей, Есекең алара қарап сəл тұрды да, екі иығы
селкілдеп
өзі де қосылды.
Полина
екі кір сабын мен бір орамалды Есекеңнің қолына ұстатты:
– Сау аяғыңнан суға салып таңға дейін байлап қоймаса қапелімде
тазармассың
.
Əншейінде
айтыса кететін Есекең бұл жолы абыройы ит құйрығына
байланған
соң «ыш-ш...» деп кідіріп тұрды да, кібіжіктеп шығып кетті.
Шөпшілер
жарық жағып, етек-жеңдерін жинап, масахана құрды. Озат
атанып
, сыйлық ақша мен жалауша алудың өздеріне тым ауыр тигенін іштей
мойындасып
, енді қисая бергенде сырттан тосын айқай қайта көтерілді:
– Қайдан ғана келе қойып еді?!
– Зықымызды шығарды-ау!
– Енді сорлыны қамыс арасынан қабан жарып кетпесін, – десіп сыртқа
атып
-атып шығысты. Бұл кезде
«ойбайын» салып қашқан Есекең қосқа жетіп те қалған еді.
– Есеке-ау, сізге не көрінді? Бала болып кеткеннен саусыз ба? – десіп
шөпшілер
бəйгеден келе жатқан атты тосқандай алдынан тізіліп шықты.
Екпінін
əрең басқан қарауыл:
– Ыш-ш-ш... – деп жағы қарысып қалғандай көзін алақтатып, қамыс жаққа
қолын
сермей берді.
– Қабан ба?


– Ыш-ш... Аманжол! – деп тілін кəлимаға əрең келтірді.
– Аманжол?
– Ыш-ш... қамыстан өтіп, суға тақай бергенде бетпе-бет соқтығысып қала
жаздадым
. Сабын мен орамалды екі жаққа лақтырдым да... ыш-ш...
– Байғұс-ай, бүгін ішіңді əбден тазаладың-ау, – деп Полина қолтығынан
демеді
.
* * *
Біздің
ауылда жел тұрмаса да шөп басы қимылдайды. Қимылдағаны емей
немене
, кеудесіндегі жараға киіз күйдіріп басып үйінде жатқан қырсық
Аманжол
мен айдаладағы шөпшілердің шəлем-шəлкес басталған айтысы
уақыт
өлтірмей екі жаққа да дер кезінде жетіп тұрды.
– Өңшең қырт! Шетінен қырам да жоям! – деп Аманжол жалғыз өзі іргеге
қарап
жатып жұдырығына түкіреді.
– Шауып аларсың! Жұмыстан айдап шығып, қараңды батырайық, – деседі
бұлар
шөп шауып жүріп. Тракторына газды екпіндете басады.
– Бұл ауылда енді тұрмаймын. Көшемін. Нағашыма кетем, – дейді келесі
күні
тоқал тамының төбесіне шыққан Аманжол алысқа көз тігіп.
– Қырым асып кетсе де өзі білсін. Бауырымыз шіріп бара жатыр еді, – дейді
қарсы
жақ та лезде.
– Дегенмен, ұят істедім. Өзім де итпін ғой, – деп тағы бір күн өткен соң
Аманжол
торығып, жасиды.
– Жалпы жаман жігіт емес. Тəрбиелеп жіберсек неғылсын?.. – деседі
бригада
мүшелері жұмыстан келе жатып.
– Айыбымды жуып-шаям. Кешірім сұраймын. Аяқтарына санап тұрып
жығыламын
, – деп төртінші күні айыпкер қолына тор сеткі ұстап дүкенге,
пышақ
ұстап ерте туған марқаға жүгіреді.
– Ер көңілді жігіт қой. Қайтып үйірін табатынын білгенбіз, – десті қос басы
жайбарақаттанып
.


Бесінші
күн дегенде қара жолдың бойымен құйттай тракторын селкілдетіп,
артына
шумақ-шумақ шаң қалдырған Аманжол дала қосына маңдай тіреді.
Т
-25ті сөндіріп, жүгін жерге түсіріп, кешкі асын ішіп топтанып тұрған
жігіттерге
қарап, жүрексінгендей аз-кем бөгелді. Оның батпай,
төменшіктегенін
сезсе де, шөпшілер тырп етер емес. Тек анадай жерде
ерімен
жайылып жүрген қарауылдың жирен қасқасы оқыранып, тұсауымен
екі
-үш шапшып қойды. Ақыры келген соң не тұрыс бар деп он шөлмек арақ
пен
марқа қозының еті салынған жəшікті қолына алды. Қосқа тақағанда
ұядағы
сарыауыз балапандай шүпірлеп, мойын созып тұрған шөлмектің
тығындары
батар күннің бояқ сəулесіне шағылып, шөпшілерге қарап
жымыңдады
. Жігіттердің де жүзіне шырай жүгірді.
– Ассалау-мағалей-көм, – деп қолындағы жүкті жерге қоя беріп, Аманжол
даусын
құран оқығандай созды. – Қара басайын десе қиын ба, менен бір
еркелік
өтті. Ағайын-тума, кек сақтамай кешіріңдер!
Полинадан
бастап қос қолын ұсынып жағалай амандасты. Кезек Есекеңе
келгенде
атам заманнан көрмей сағынысқан құдалардай төс түйістіріп, екі
қайыра
көрісті.
– Айып-айбанаммен келдім. Иілген бас, міне, алдарыңда, – деп желкесін оң
қолының
қырымен шапты.
– Сталиннің кесірі тимей жүре ме? Бəрі содан басталды. Сенің одан асқан
жазығың
жоқ, – деп иіп кеткен Есекең кірпігін шылады.
– Мені де кешір! Тістеп айырылмағасын, құрып кеткір қолыма ілігіп...
Жараң
жазылды ма? – деп Нұқ үйірсектеді. Төбелестің негізгі иелері
жарасқасын
, құр қашты-қудыға түскен өзгелерге не жоқ, қомақты қоржынға
қарай
берді.
– Ыш-ш... ой, Алла-ай, о да бір дəурен, бұ да бір дəурен, – деп сəлден соң
Есекең
дастарқан басында желдей есіп отырды.
– Екі дəуреннің ортасында бір ғұмыр өтіп барады. Келіңіз, Есеке, – десіп
өзгелері
қауқылдассын. – Алып жіберейік... – Аспаз құрал-жабдығын
түгендеп
кеп шай жүгіртті.
– Полина апайдың оң қолымен пісірілген тамақты ішіп жүрміз. Əзірге
ұшынған
кісі жоқ. Болашақта болмаса... – деп жаяу əскер Сапи жымыңдады.
– Пайғамбар жасынан астыңыз, сонша сасқаныңыз не?


– Мылтықтың аузына мың адам сыйып кетеді екен.
– Жо-жоқ, екінші рет қамыс жақтан... Обалы не керек, атша шабады екенсіз.
– Қой, баланы ұялтпай тыныш отырыңдар, – деп Аманжолды нұсқап кеу-
кеулескен
шөпшілерге басу айтты.
Қырғынның
арты қызыққа айналғасын жігіттер қоя ма:
– Апырым-ай, білсекші, Тұрсекеңнің жүйрігін-ай!
– Желге қарсы қашқанда қарасын көрсетпей кетті.
– Енді оңай дейсің бе, бригаданы бастап барады ғой.
– Қойыңдар, балалар! Ыш-ш... – деп Есекең марқаның кəрі жілігін қолға
алды
. – Кезінде бұрап сындыратын ем.
Полина
мырс етіп орнынан көтеріле берді. Тентек су мен тентек қосылған
соң
шолақ жең көйлек тұра ма, Аманжол кəнігі дағдысымен үстінен
сыпырып
алып іргеге атты. Осыны тосқандай кеудеден сопаң етіп Иосиф
Виссарионовичтің
басы қайта көрінді. Бəкінің ұшы астыңғы ерніне тиген
екен
, ақжарғақтана бастапты. Көзі кілгіріңкіреп отырған Нұқ оған ұзақ
тесіліп
қарады да, далаға шыға жөнелді. Əлден уақытта қолына қызыл
жалаушаны
ұстап қайта оралды.
– Аманжол, – деді саңқ етіп. – Мына жалаушаны тракторымнан шешіп
əкелдім
. Мұның иесі – өзің. Келесі жолы мен алармын.
– Міне, азамат! Жарадың, – деп бір-біріне жалауша тапсырып, дастарқан
басында
құшақтасып қалған екеуіне сүйсінген Есекең құшыры қанып,
аспаздың
тақымынан мытып жіберді. – Қазір Полина əн салады.
– Осындай ауызбірліктен жазбағай! – деп Тұрсын бригадир көзіне қайта жас
алды
. – Не жетпейді осы бізге?..
Сталин
ғана қоймай қауқылдасқан қазақтарға ернін шығарудан танар емес.
АКТРИСА


Ізгілік
сапарына ерткен рухани ұстазымның бірі Дулат Исабековке!
Бар
пəле Гогольдің «Үйленуінен» шықты. Қаламының сиясына
бойдақтардың
мұңы мен пендешілігін езіп құйып жазған пьесасы ғой.
Николай
Васильевич некесін қия алмаған бейбақтардың бағын ашамын деп
қазақ
драма театры жанталасып жатты. Жанталасатындай да жөні бар.
Мəдениет
министрлігінен «Ұлы жазушының осы пьесасын сахнаға
шығарыңдар
, шығарыңдар да Агафья Тихоновнаның ролін ойнаған
актрисаны
дереу «Құрмет» орденіне ұсыныңдар» деген пəрмен кеп түскен.
Гəп
қайда?
Бұл
хабарды естігенде алдымен театр директоры буыны босап, орнынан үш
ұмтылып
тұра алмай қалған. Абдырап, бір тал шашы шашау шықпайтын
таза
күмістен құйғандай аппақ басын сипалай берді. Есесіне қапсағай
бойлы
, құс тұмсық, қылқылдап сөйлейтін бас режиссер:
– Гениально! – деп айқайлап жіберді.
– Жазған-ау, неңе мəз боласың? Бұрын-соңды қоймаған ауыр спектакль.
Оған
лайық киім-кешек қайда? Жасау-жабдық ше?
– Табасыз. Бұл – анау-мынау емес, министрліктің тапсырмасы. Орден
бергелі
жатыр, − деп бас режиссер бір көтеріліп кетсе көпке дейін қона
алмай
қоятын əдетімен шымқай қызыл бешпетінің тиегін ағытып, құлашын
кеңге
жайып жіберді.
– Өй, сен де... − деп шарасызданған театр директоры телефонның тұтқасын
бір
алып, бір қойды.
– Бұл рольге лайық артистеріміз бар ма?
– Агафья Тихоновна, Подколесин, Яичницалар қаптап жүр емес пе?
Театр
директоры бір тал шашы шашау шықпайтын таза күмістен құйғандай
аппақ
басын сипалап тағы бір уайымның шетін шығарды.
– Басты ролдегі Агафья Тихоновна жалғыз. Демек, оны бір ғана актриса
орындауы
керек. Орден де біреу. Міне, мəселе қайда? Онсыз да роль жетпей
атақсыз
қалдық деп күнде құлағымызды кеміріп жүретін əйелдер енді
қырылып
өлетін болды ғой. Соны неге ойламайсың? Əлгі бай таңдайтын
Агафьяның
жасы нешеде өзі?


– Отызға жетер-жетпес.
– У-ух! – деді театр директоры кəрі қыздың бар салмағы өзіне түскендей,
күрсінісі
мен күңіренісі айырғысыз. – Ол роль жас актрисалардың біріне
бұйырар
. Орденді өңіріне жарқыратып сол тағар. Ал сахнада қартайған
əпкелері
ше? Оны кешіре ала ма?
– Абырой да ортақ, орден де ортақ, − деп бас режиссер құс тұмсығын көкке
тіреп
тұрып алды.
– Бұлар ортақ қып байды бөлісер, ал орденді бөлісе алмас. Онсыз да іштей
жарылып
, өздері екі-үш жік боп жүр... Қып-қызыл дауға қалдық десеңші!
– Өздері білсін.
– Осы рольді тəжірибесі де, көркі де келісті Қызтуғанға берсек қайтеді?
Бас
режиссер көк тіреп тұрған тұмсығын түсіріп, театр директорының
жүзіне
таңданып үңілді.
– Ол əпкеміздің жасы елуден асқан. Сыры кетіп, сымбаты тозған. Əрине,
түпкі
ойыңызды түсініп тұрмын. Амал жоқ...
– Гримді қалың салса... кім біліп жатыр?..
– Кешірерсіз, ол кісі кешікті. Галя, Таня, Даша мен Маша. Басты рольді осы
төртеуінің
біреуі ойнайды. Қайсысы мықты, сол алсын. Бағынан көрсін.
– Кассада көк тиын жоқ. Бюджет бекігенде қаралмаған қойылым. Қайдан
білейін
...
– Ендеше Қызтуғанды Фекла Ивановнаның роліне салайын.
– Мейлің. Көр өзің.
Бұл
кезде мына ұлы жаңалықтан хабардар театрдың барша актрисасы
Агафья
Тихоновнамен ауырып үлгерді.
Ал
, шындап келгенде, Галя Гогольдің атын шалашарпы естіген боп шықты.
Таня
оның мұндай пьесасы барынан тіпті мақұрым екен.
Даша
ұлы жазушының жинағын іздеп кітапханаға жүгірді.
Енді
Маша болса Агафьяның өзімен түйдей құрдас екенін, оның да өзі
сияқты
күйеу таңдап жүргенін естігенде жүрегі жарыла қуанды.


Жасын
өсіріп алып, басты рольден құр қалған Қызтуған болса аяқ асты қан
қысымы
тасып ауруханаға түсті...
Көпестің
кəрі қызының роліне қаз-қатар бекітілген актрисалардың шындап
келгенде
бойы да, ойы да тіпті тұрмыс жайы да бірдей-тін. Ақсары өңді,
күлімкөз
, сыбай-салтаң. Төртеуі де жігіт атаулы өзімізге шақ келгенімен
талантымызға
шақ келмейді деген пікірде. Бəрі де күн сайын түс көреді. Бір
қызығы
түстері де бір-бірінен аусашы. Ылғи ақбоз ат мінген жас мырзаның
алдында
толған айдай толықсып кетіп бара жатады.
Роль
бөлінуі мұң екен, театр ұжымы үшке бөлініп шыға келді. Қуыс-қуысты
сығалап
, сыңараяқтап жүріп, біриықтап кіріп үш гримеркада жасырын
жиналыс
ашылды.
Театр
директорының ыңғайындағы топтың жетекшісіҚызтуған-тын.
Қаралай
табаныңды қыздырған мына дүбір тыныш жатқыза ма? Өлердегі
сөзін
айтып, дəрігерлерден уақытша сұранып шыққан.
– Мені əлгі өсекші кемпір, көше кезіп Агафьяға бай іздейтін Фекла
Ивановнаның
роліне бекітіпті. Мұнан асқан басыну бар ма? Заманында
Томирис
пен Баян сұлуды, Əйгерім мен Ақтоқтыны ойнаған мендей жарық
жұлдызға
бұл не қорлық?! – деп Қызтуған əжептəуір дауыс шығарып жылап
жіберді
. Өрмекшінің торындай ұсақ əжімдер түскені болмаса ақсары жүзді
еді
. Құлағының ұшына дейін қызыларай шарпып, қалшылдап кетті.
– Су ішші. Сабыр ет, − деп сөзді дəл төбесінде сəбидің алақанындай ойма
тазы
бар артист алды. − Дұрыс айтасың. Үлкенді сыйлауды қойған. Еңбекті
бағалау
атымен жоқ. Енді кеп театрға күні кеше келген бір шүйкебас орден
алады
деп бəріміз сүрініп-қабынамыз ба? Жо-жоқ!
– Жарайсың! Осының бəрін бүлдіріп отырған – ана қатын құтаймай жүрген
бас
режиссер, − деп анаумынауға мейірі қана қоймайтын Қызтуған қайтадан
көтерілсін
. − Тұмсығын көкке шаншып болды. Тіпті бар ғой, Агафья
Тихоновнаның
роліне бекіген əлгі төрт қаншық та соның көңілдесі. Алма-
кезек
пəтерінен шықпайды.
Ақыры
қызу талқылаудың нəтижесінде бас режиссер мен төрт актрисаның
үстінен
Президент Əкімшілігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитетіне
арызданатын
боп уəде байласты.
Бұл
кезде театрдың келесі бұрышындағы гримерныйда кезекті басқосу өтіп


жатқан
.
– Бас режиссер – нағыз шығармашылық тұлға, – деп əңгіме тізгінін əп
дегенде
Олеся ұстаған. − Мен өзім киім цехының меңгерушісі болсам да о
баста
жұмысты актрисалықтан бастағанмын. Сондықтан білемін, білген соң
да
айтамын.
Осылай
деп өзінің қоғамдағы орнын бір бекітіп алды. Бірақ бойы бір тұтам
қысқа
да, басы тым үлкен болған соң, комедиялық қойылымнан басқаға
жарамай
, амалсыз киім күзетіп қалғанын айтқан жоқ.
− Ол аса жауапкершілікті сезінгеннен де басты рольге осы тұрған төртеуіңді
бөлмей
-жармай, қатар ұсынып отыр. Біреуіңнің жұлдызың жанғалы тұр.
Оны
қалғаның қызғанбаңдар. Тілекші болыңдар.
– Осыны айтқан аузыңнан айналайын, апатай, − деп Галя, Таня, Даша мен
Маша
орындық жетпей тік тұрған қалпы сəмбіталдай майысып сала берді. −
Қызтуғанды
қайттік? Фекланы қарғап-сілеп, Агафьяға таласып жатыр ғой.
– Оған жел беріп жүрген – театр директоры. Басты рольді ойнап əбден
дəніккен
.
– Орден менікі депті.
– Тіпті шолақ жең ақ көйлегінің өңірін тесіп, əлден-ақ əзірлеп қойыпты.
– Демек, − деді мұрты үстіңгі ернінен асып аузына төгілген артист кесімді
сөзін
айтып, − дереу хат дайындау керек. Аты-жөнімізді көрсетпейміз.
Ұжым
атынан.
– Ендеше тілінен май тамып тұрған қаламы жүйрік бір журналисті табайық,
− деді Олеся ылдым-жылдым. Ал театрдың үшінші бұрышындағы аядай
гримерныйда
халық артисі Арон Арысович өзіне қараған топты ұйытып
тұрған
.
– Бұл спектакль сөзсіз құлайды, − деді ол қызықыздымен. − Мұндай
əлемдік
классиканы алып шығу үшін қандай күш керек?! Қандай тер төгу
керек
?! Ал оның орнына театр директоры мен бас режиссер өзара сүзіседі
кеп
. Бірінің басшы сықпыты жоқ, екіншісі даңғой, барып тұрған дарынсыз.
Онымен
қоймай, айналасына айғыр үйір топ жинайды. Олары бір-бірін
атарға
оғы жоқ, ілінісіп əрең жүр.
– Көке-ау, енді не істейміз? − деп түкпірде бұғып отырған біреу жетім


лақтың
маңырағанындай етіп үн шығарды.
– Күтеміз. Өңірлеріне орденнің орнына ошаған қадаған кезде əлгі екеуін де
қатар
қуғызамыз. Мəдениет министріне өзім барып кіремін. Бар былықтың
бетін
ашамын. Оның тоқалы – біздің ауылдың қызы. Демек, туған күйеу
баламыз
, − дегенде Арон Арысовичтің жұмған жұдырықтай ғана бет-аузы
гүл
қауызындай ашылып, аяқ асты жайдарыланды.
Десе
де, Мəдениет министрлігінің пəрмені қоя ма, роль алған артистер сөзін
дереу
жаттады. Киім тігілді. Декорация орын-орнына қойылды.
Қаншама
аспанға шапшығанымен діңк етіп түсер жері сахна болған соң
Қызтуған
амалсыз Фекла Ивановнаның роліне ене бастады.
Халық
артисі Арон Арысович Подколесиннің, дəл төбесінде сəбидің
алақанындай
ойма тазы бар артист Яичницаның, мұрты үстіңгі ернінен
асып
аузына төгілген Жевакиннің, шіли өткен ғасырдағы батырлардың
тұлғасын
сомдайтын қанардай дəу қара Анучкиннің образына еніп,
қатынның
зары өткен қақбастың кейпінде жүрді. Қалғандары сахнадан
андасанда
жылт етіп бір көрінер елеусіз рольдерді де қағып əкетісті.
Сөз
жатталып, артистер сахнаға шығысымен бас режиссерден маза қашты.
Қапсағай
бойын екі бүк теп, құс тұмсығын көкке тіреп, атақырдай залда
дайындықты
бағады да отырады. Артистер жайдан жай отырғыза ма?
Алғашқы
бөлімдегі ел қыдырып, көше сыдырып көпес қызына күйеу
іздейтін
өсекші Фекла – Қызтуған сүйкімсіз кейіпке енбей, аяқ басқан
сайын
назданып, керіліп-созылып бітеді. Ал төзіп көр! Қалыңдық көруге
келгенде
керенау, кердең Подколесин – Арон Арысович өзінің күнделікті
жүрісіне
салып қутыңдап жүгіреді. Ал шыдап көр!
– Өңшең топас! Қанымды ұрттап іштіңдер! Осы спектакльден соң сендерді
желкемнің
шұқыры көрсін! – деп əншейінде қылқылдап сөйлейтін бас
режиссердің
ойбайлаған даусы атақырдай залды жаңғырықтырады. –
Гогольдің
аруағы атсын!
Бас
режиссердің құлақты тескен ащы айқайын естіген сайын театр
директоры
кабинетінен шығып, бір тал шашы шашау шықпайтын таза
күмістен
құйғандай аппақ басын бір көрсетіп кетеді.
Бар
қызық пьесаның бірінші бөлімінің соңын ала басталды. Агафья
Тихоновнаның
үйіне ентігіп алдымен Яичница жетті. Жетті де жасауы мол


көпес
қызына өзге бақталастарынан бұрын сөзін өткізгісі кеп:
− Сүйікті ханым, мұндай ауа райында жападанжалғыз отыру азап қой. Ал
үйленген
, бала-шағасы барлардың жөні басқа... Олардың өз қызығы өзінде,
− десін. Десін де осы рольдегі дəл төбесінде сəбидің алақанындай ойма
тазы
бар артист Агафья – Галяның алдына кеп сызылып тұра қалсын. Осы
көрініске
дейін кəрі қыздың образын бар сымбатымен жарқырата ойнаған
Галяның
есіне өз өмірінде өткен баянсыз бір оқиға оралсын.
...Иə, айтары не, қараторы келісті жігіт еді. Айыбы – оның да дəл төбесінде
сəбидің
алақанындай ойма тазы бар еді. Оқу бітіріп келген жылы бір тойда
танысқан
. Іштей ұнатқан. Ұнатқан жанда ерік бар ма? «Күн жарқырап тұр.
Кеттік
, қыдырайық...» десе ере жөнеліпті. «Жаңбыр сіркіреп тұр, рақат.
Көше
кезейік. Кафеге барайық...» десе тұра жөнеліпті... Бойына бала бітіп,
үш
ай толғанда есін жиды. Жиғаны құрсын, бəрі кеш. Қараторы келісті жігіт
балалы
-шағалы боп шықты. Табанының астына сынап төккен сұйық екен.
Мұның
жанын жаралап, жазықсыз нəрестені абортпен өлтірген оңбағанның
енді
мүлəйімсіп келіп тұрғанын көрдің бе?
– Абройымды төгіп!.. Масқарамды шығарып!.. Мə саған, алаяқ! – деп
Агафья
− Галя қалшылдаған қал пы Яичницаны жақтан қондырсын.
Қапелімде
мұндай əрекетті күтпеген артист жанындағы орындыққа сүрініп,
шалқасынан
гүрс етіп жығылды.
– Агафья, сучка, рольден неге шығасың?! – деп бас режиссер шашын жұлып
жатты
. – Кел орныңа! Баста қайтадан! Ассистент, қайдасың? Тұрғыз ананы
жатқан
жерінен!
– Ойнай алмаймын. Құрығанда Агафьясы құрсын! – деп Галя иығына
жамылған
желекті лақтырып, еңіреп жіберді. – Шыдамым жетпейді. Таняға
бер
бұл рольді. Жерде жатқан желекті жамылып сахнаға жүгіре шыққан
Таня
бірден үйіріле жөнелді. Рольге енгені сондай, Яичницаға күлім қаға тіл
қатып
, тіпті əлгінде оқыс тиген шапалақтан қызарып кеткен бетін үлбіреген
алақанымен
самал ескендей сипап өтті.
– Гениально! – деп бас режиссер қараңғы залда бас бармағын шошайтты.
Əдемі
ойынның əрін Жевакин қашырды. Яичницаның ізін суытпай сөз
алған
Балтазар Балтазарович:
− Шіркін, Сицилия! Сүйікті ханым, сіз буырқанған теңіз толқындарымен


жақсы
таныс күйеуге шығуға қалай қарайсыз? – деп алдын кес-кестесін.
Мұны
естіген Таня селк ете түсті. Мұрты үстіңгі ернінен асып аузына
төгіліп
тұрған артиске шоши қарап, «Ах!» деп шоқ басқандай шегінсін.
...Ах! Мынау соның аумаған өзі ғой. Сөзін көрдің бе?.. Вахталық жұмысқа
келген
түрік жігіті-тін. Мұның көңілін сары майдай еріткен. Екеуі емінеркін
ойнап
-күлген. Еліне шақырған. Болашақта үйленеміз дескен. Ауылдағы əке-
шешесі
қызына батасын қақтап беріп қалып еді-ау. Бүкіл ұжым бақ тілеп
еді
-ау... Бара Босфор бұғазына шомылып, аппақ алтындай құмына аунаған.
Сауық
-сайран құрған. Əдемі басталған ертегі еді. Əттең... Бір кеште сол
сенген
сүйіктісі түрік сұлуының етегіне еріп ізім-қайым жоғалды. Жат
өлкеде
жалғыз қап, қадірі қашып, əупірімнің күшімен кері оралған. Енді кеп
тағы
да теңізге шақырып тұрғанын қарашы. Бетсіз ғой, бетсіз!
– Көргім келмейді сені! Салдақыға бола саттың!
Жоғал
, тез! – деп өксіп-өксіп отыра кетті.
– Өңшең ауру! Бұлардың бəріне психолог керек, − деп бас режиссер
құтырынып
, бір уыс төбе шашын тағы да жұлып алды. – Қайдағыны айтып
тұрсың
, а?!
Бұл
– Жевакин! Саған енді ғана сөз салып тұр! Сенің бұрынғы көп
көңілдесіңнің
бірі емес!
– Жоқ, жетер! Тойдым мыннан! – деп, неге тойғаны белгісіз, Таня сұқ
саусағымен
кеңірдегін бір сызды да сахнадан шыға жөнелді...
Сол
күннен бастап бас режиссер ішіп кетті.
Үш
-төрт күннен соң театр директоры амалсыз пəтеріне іздеп барған. Бас
жағында
қылқиып жарты шөлмек арақ тұр. Өзі майдан даласында құлаған
ердей
сұлқ түсіп жатыр. Көзін ашып-жұмып жарытымды жауап қатар
болмады
.
– Спектакльдің афишасы ілінді. Ел-жұрт тегіс құлақтанды. Бар-жоғы төрт-
ақ
күн қалды. Еш нəрсе дайын емес. Министрліктің бас маманы қатысам
деп
дігірлеп ол отыр, − деп театр директоры əбден жуасыды. – Басыңды
көтер
, айналайын. Құтқар бізді. Қазір барып жиналыс ашамын. Төбелеріне
қамшы
ойнатып аламын. Əлгі театр сыншысын да шақырамын. Көрсін.
Кеңесін
берсін. Өзің таңертең кел, кел де дайындыққа кіріс.
– Көргім келмейді соларды.


– Артист баққан тауық баққанмен бірдей. Айдасаң пышырап қашып аулаға
кірмейді
... Енді маған тынышымен зейнетақы да бұйырмас. Балағат естіп
кететін
болдым. Министрлік пен Гоголь түбіме жетті, − деп енді бəйіт айтып
жыласын
.
– Түнде Николай Васильевич түсіме енді, − деді бас режиссер.
– Ойбай, не дейд?! Не хабар айтты?
– Аузы берік адам ғой. Есіктің көзінде тұрып-тұрып бір күрсінді де шыға
жөнелді
.
– Жарықтық, ол да сенің мына жатысыңа қапа боп жүрген де. Артистерге де
риза
емес.
Тығылып
қалған ванныйдан Даша тықырын білдірмей сыртқа қашып бара
жатты
. Ізінше есіктен бір шөлмек арақ пен тіскебасар көтеріп Маша кіріп
келе
жатты.
– Өй, пері, сен мұнда неғып жүрсің? Жоғал. Көрінбе көзіме, − деп театр
директоры
зілсіз жасқады.
– Шай қойып берейін деп... Басының сақинасы ұстап жатыр. Дəрі алып
келдім
...
Өзі
де келе артистерді кабинетіне жинады.
– Бар мен жоқтың ортасында ілініп тұрмыз, − деп зікір салып, жер тепкен. –
Бас
режиссердің жатысы анау, сендердің жайылып жүрістерің мынау. Осы
тұрған
біреуің басты рольге жарамайсыңдар. Шеттеріңнен қияли.
Жүйкелерің
тозған. Сахна мен шынайы өмірдің ара жігін ажырату атымен
жоқ
.
– Оны экспромт дейді, ағай.
Бір
тал шашы шашау шықпайтын таза күмістен құйғандай аппақ басын
көтеріп
алып, осыны айтып тұрған шынымен сен бе дегендей, киім
цехының
меңгерушісі Олесяны көзімен жеп жібере жаздады.
– Экспромт! Онда үйлеріңде бажылдатып қатын сабағандарыңды, баймен
ұрысып
, басқамен қыдырғандарыңды көрермен алдына алып шығыңдар.
Сахна
қасиетті! Өңшең өнердің киесі ұрғыр!
Міне
, алдарыңда өздеріңе етене таныс театр сыншысы тұр, – деп сосын


желке
шашы мен жауырыны тұтасып кеткен жұқалтаң сары жігітті нұсқады.
– Талай спектакльімізді мақтап баспасөзге мақала жазған, бізден ықыласын
аямаған
азамат.
– «Үйленуді» студент кезімде оқығанмын. Қазір ұмытып қалыппын, – деді
ол
шашын бір сілкіп тастап. – Əрине, үйлену керек. Бірақ кімге? Адамды
қинайтыны
осы жағы ғой. Мəселен, Қытайда 50 миллион бойдақ жігіт бар.
Бəрі
де жар таба алмай зарығып жүр.
– Ах! – деді бір жас қыз аузынан жалын атып. Оны:
– Ох! – деп жəне бірі қостады.
– Обал-ай! – деп Олеся бұл өкінішке өзінше нүкте қойды.
– Тынышталыңдар. Ал тыңдайық.
–ЖалпымағанГогольдің«Ревизоры»ұнайды,–деді одан əрі сыншы шашын
тағы
бір сілкіп тастап. – Байқаймын, болашағы зор шығарма. Өзім қалалық
драма
үйірмесін басқарамын. Осы спектакльді дайындау үстіндеміз. Мен
Хлестаковтің
роліндемін. Ал қала əкімі болса городничий Сквозник-
Дмухановскийді
ойнайды. Сол еңбегіме қолма-қол үш бөлмелі пəтер берді.
Енді
«Lеxus» машинасын сұрамақпын. Айтпақшы, ол менің əйелімді...
Тағы
да біраз көсілгісі келген, осы кезде есік сарт беріп ашылып, ішке
жұбайы
ентелей енді. Қолында конверт пен бір жапырақ ақ қағаз. Онсыз да
сұрша
беті көгіс тартыпты. Тіпті көз тоқтатып қарау мүмкін емес.
– Тырп етпеңдер! – деді келе кабинеттен біреу қашып шыға ма дегендей. –
Мына
хатты жазған қай антұрған?!
– Хаты несі?
– Қол қойып па?
– Мазмұны қандай? – деп артистердің арасында сыбыр-күбір көбейді.
– Тырп етпеңдер! – деді сосын тағы да. – Қазір беттеріңді аймандай қылам.
– Сөйтті де ақ қағазды жарқ еткізіп бетіне тақап саудыратып оқи жөнелді:
«Театр ұжымы іштен бүлініп, алауыздық өршіп тұр. Оның басты себебі –
театр
директоры артистерді алалайды. Мысалы, өмір бойы басты рольді тек
Қызтуған
орындап келеді. Ел арасында оның Күндеқыз деген лақап аты бар.
Бес
байға санап тұрып тиген. Соның біреуіне де құтаймаған. Моральдік


жағы
тым осал. Соңғы он бес жылдан бері театр директорымен көзқыспасы
бар
. Қызғанып, ешқайсымызды оның жанына жолатпайды. Директордың
кабинетінде
роль бөлетін диван тұр. Сол диванның орта тұсы ішіне қарай
ойылып
кеткен. Сол ойық Қызтуғанның құйрығының өлшеміне дəлме-дəл
келеді
. Нанбасаңыздар арнайы комиссия шығарып көруге болады...»
Хатты
саудыратып оқып келе жатқан сұрша бет əйел осы тұсқа келгенде
кілт
кідірді. Кідірді де манадан бері бір қызарып, бір сазарып тұрған
Қызтуғанға
қарады. Еңкейіп жоқ іздегендей актрисаның артқы жағынан бір
айналып
өтті. Іргеде тұрған орта тұсы ойылып кеткен диванға үңілді.
– Рас қой.
– Құтылсақ екен.
– Қандай жақсы жазған?! Кітаптың сөзіндей, – десіп артистердің даусы енді
емін
-жарқын шыға бастаған.
Онсыз
да сұрша беті көгіс тартқан əйел одан əріге төзбеді.
– Ах, сайқал! Көзім енді жетті! – деп шап беріп Қызтуғанның бетін
тырнады
. Қызтуған сауға сұрап қашып жүрсе де киім цехының меңгерушісі
Олесяның
бетін тырнап үлгерді. Олеся болса қапелімде қолына ешкім
ілікпей
жанталасты.
– Мынау жаңа шығарма ғой. Авторы кім, авторы? Комедия ма? Образға
бірден
еніпсіңдер. Ғажап! Шеттеріңнен жұлдызсыңдар, – деп театр
сыншысының
есі шығып, қағаз-қаламына жармасты. – Қатырып тұрып
газетке
жазамын. Жаһанға жар саламын!
Сол
күні театр директоры инфаркт алып ауруханаға түскен.
Ертеңіне
бас режиссер жұмысқа шығып, дайындықты қайтадан бастады.
Агафья
Тихоновнаның ролі енді Дашаға тапсырылды. Басынан бастап
қамшы
салдырмай көпес қызы боп көлбеңдеген Даша да пьесаның соңына
келгенде
оңбай сүрінді. Сүрінгені емей немене, халық артисі Арон
Арысович
Подколесин боп:
– Қолыңыз неткен əдемі?! Сүйікті ханым, рұқсат ет, мен сізбен қазір, тап
қазір
неке қидырғым келеді, – деуі мұң екен:
– Əкемдей адаммен қалайша неке қиямын? Бұл қай басынғандық?! Мұны
күйеуге
тиейін деп жүрген жігітім естісе не бетімді айтамын? Онсыз да


баламмен
қоса алам деп уəде берген, – деп азарда-безер боп сахна айналып
қашты
...
Үш
күннен соң спектакль сахнаға шықты.
Бетіне
гримді қалың салып жасарған Қызтуған Агафья Тихоновна боп
жарқырап
, жайнап, айттыра келген күйеу жігіттерге нұрлана қарап,
қылымсып
, ұрлана қарап көрерменді қаралай естен тандырды.
Ал
Галя бетіне гримді қалың салып, қартайып Фекла Ивановна боп жүрді.
Таня
болса Арина Пантелеймоновнаны місе тұтты.Даша бар-жоғы Дуняшка
еді
.
Спектакльдің
соңын ала екі оқыс оқиға орын алды. Бірі – Подколесин
қалыңдықтың
үйіне қалпағын қалдырып, екінші қабаттан секіріп қашатын
тұста
Арон Арысович жаңылысып, қарсы бетке қарғып... Тура музыканттар
отыратын
апанға құлапты. Жамбасы сыныпты. Аш бөрідей ұлыған даусын
естіп
алдыңғы қатарда жайғасқан Мəдениет министрлігінің бас маманы:
– Браво! Міне, нағыз халық артисі! – деп мəз-мейрам боп қол шапалақтап
жіберді
.
Екіншісі
– роль тимей ызаға піскен Маша көптен соңынан қалмай қойған
қартаң
профессорға күйеуге қашып кетті.
Сөйтіп
, спектакль сəтті аяқталды. Бүкіл ұжым бірбірін құттықтасып, құшақ
ажыратпай
, сілекей алып сүйісіп түнімен тойлап жатты.
БОЛҒАН
ОҚИҒА
(Əңгіме)
Қой
, бұ қазақты қой!
Күні
кеше ғана мына қызылды-жасылды дүниені қызыл өкшесімен басып
жүрген
Жаубас таң сəріде бақиға аттанып кетіпті. Жарықтық ауылдың
тойдомалағында
нарттай қызарып:
– Əй, мен өлсем де басымда даңғырлатып музыка ойнатып өлермін, – деуші


еді
. Қарашы енді. Тілі кəлимаға да келмей қалыпты. Періштесі əумин
демеген
де...
Əрине
, алпыс бес жас көп те емес, аз да емес. Қанағат керек. Төтелеп келген
ажал
. Ағамыздың əлгіндей аспандап сөйлейтін де жөні бар. Астананы
төбесімен
тіреп тұрған он мықтының бірі – інісі Дəубас.
– Жастай оқуға кетіп, қалаға сіңген бала еді. Несін айтасың, бүгінде үйіне
кіре
алмайтын көрінесің. Ауласының өзі ат шаптырым, сыртына кісі бойы
қол
созым қорған соғып тастапты. Келген адаммен түйме басып қана
тілдеседі
екен. Жүзін көрсетпейді.
– Келініміз қаймағы алынбаған сүтке шомылады дейді.
– Оны айтасың, ініміздің қолын алып сəлемдескен адам ақша төлейді екен,
– десіп ауыл-аймақ аңыз етісетін.
Ауылдың
шалдарына бəрінен бұрын мына сұм ажалды соған естірту қиынға
соқты
.
Бір
шал бүгежектеп:
Əңгімені
со-нау Адам атадан бастайық, – деді. – Соны да алған Аллекем
дейік
...
Өй
, қой, қайдағыны қоқытпай. Адам атадан Жаубасқа дейін аралықта неше
ата
бар? Соның бəрін түгенде дейсің бе? Оған дейін бұл марқұмның еті іріп,
сүйегі
шіріп кетер.
Ал
, айт?
Одан
да Əнес сахабадан бастайық.
Өй
, оның бізге қатысы жоқ қожа емес пе?
Ештеңе
етпес. Адам атаны қазақ деп кім айтты саған?
Құжынаған
халықта есеп жоқ. Үйге иықтасып кіріп, иықтасып шығып
жатыр
. Ал шалдар осылай ырғасып тұрғанда бұл мəселені Жаубастың
немересі
демде шешіпті. Қол телефонымен «Аташка умер. Завтра похорон»
деп
хабар жаза қойыпты. Бітті.
Бар
міндеттен оп-оңай сытылып шыққан шал дар күншуаққа құйрық төсеп,
енді
Жаубастың жақсылықтарын санамалады:


Несін
айтасың, жас кезінде ақсары жүзді, əдемі жігіт еді.
Көзі
ылғи күлімдеп тұратын.
Іскер
еді. Жиналыс десе алдындағы асын ұмытатын.
Өзі
соңғы кезде күрт қартайып кетті. Солай, мұрт-сақал қойып алған...
Бесін
ауа үйдің бүйірін ойып:
– Дəубас көкем келді! – деген ащы айқай шал біткенді дүр сілкіндірді. Өз-
өздерінен
опыр-топыр боп, тіпті ебедейсіздеу екі-үшеуі есік алдындағы
томарға
сүрініп, тоңқаңдап құлап жатты.
Дұрыстап
көрісейік! Кəне!..
Көліктен
түскен бетте кекірейіп тұра қалған Дəубасқа қаралы жұрт
жалғыздап
барып төс түйістіріп шықты.
Жесір
қалғалы отырған жеңгесі қайнысының келгенін есіткен бетте сəл-пəл
талықсып
кеткен. Əйтеуір, жанында отырған абысын-ажындары
сүйемелдеп
зорға басын қалқайтты.
Дəужан
-ау, ағаңнан айырылып қалдық қой... Ақсұңқар құстай ұшып кетті
ғой
қолымнан... Екі дүниеде де саған риза, күнім. Жасамаған жақсылығың
жоқ
. Бізге Астанадан кезексіз бес бөлмелі пəтер бердің. Бір баламызға
тендер
дегенді ұстаттың. Ол енді өзіңнің арқаңда министр болам деп жүр.
Кенже
қызымызға машина мінгіздің. Уһ!..
Қаумалап
отырған жұрттың көзі атыздай боп, жұтқыншақтары жүгіріп кетті.
Сұңқылдаған
неменің есін жиғызғысы келді ме, жанталасқан Дəубас қолын
абайсыз
сілтеп қалып еді, онысы қата тиіп, жеңгесінің жағына сарт ете
түссін
. Абысын-ажынның сүйемелдеуімен əрең отырған, басы кекжең етіп
жарға
соғылды.
Ойбай
-ау, келмей жатып сабайтындай ағаңды мен өлтірдім бе? Білгің келсе,
айтайын
. Түбіне жеткен – көңілдес қатындары. Соның бəрін құрақ көрпедей
қиыстырып
, жымын білдірмегенім бе жазығым?!
Дəубас
нарттай боп қызарып алды. Тамағын қырнап, галстугін кеңітті. Осы
сəтте
есіктен ентелей енген бейтаныс екі жігіт Дəубасты өкіріп кеп бас
салсын
.
Ағатайым
-ау, қамқорым-ау!


Көкетайым
-ау, көз нұрым-ау, – деп екі жақтан жұлмалап айыру бермеді.
Азалы
жерде жөн сұрасу ұят. Аты ағайын болар деп ойлаған. Айналаны
азан
-қазан қып бара жатқан соң Дəубастың өзі шыдай алмай:
Жə
! – деп жекіріп тастады. – Жетті!
Соңынан
ауылдың жорға шалдарына кезек тиді: Шырағым, өзіңді
Астананың
бір мықтысы деп ести-
міз
, құтты болсын!
– Құтты болсының не, көңіл айтсаңшы.
Жаубас
жарықтық өмір бойы кеңшарды биледі.
Еліне
пана еді.
Асқар
тауымыз құлағандай жетімсіреп қалдық. Тоң жібіп, сəуір келгенде
кеткенін
айтсаңшы!
Жеңгең
əйел заты ғой, қайғыдан не айтып, не қойғанын білмей отыр.
Кешір
, шырағым!
Дəубас
сол нарттай қалпы басын сəл изеп, бəрін тəнті етті.
– Келін неғып келмеді? – деді бір кемпек кемпір қарап отырмай кемсеңдеп.
– Шетелде. Демалыста.
Абысын
-ажындарының сыбырлауымен ес жиған жеңгесі құшағын кең
жайып
:
– Дəужаным-ау, келсеңші! – деген. Қайнысы қолын бір сілтеп, құйрығын
бір
сипап сыртқа беттеді.
Ендігі
мəселе марқұмды қай қорымға қоямызға ұласты. Ауылдағы үш
қорымның
екеуі қазақтікі де, бірі – орыстікі.
Мына
жақын тұрған қауымда бұлардың арғы аталары Саубас, Маубас
жатыр
. Аруақ аттамайық, – десіп бір топ шал батысқа қисайды.
Жо
-жоқ, анау алыстау қорымда бұлардың Итбас деген жетінші атасы жатыр
деп
есіттік. Жол сонікі, – десіп бір тобы шығысқа қисайды.
Ол
– қате! Итбас қалмақпен соғыста тұтқынға түсіп, таптырмай кеткен.
Шалдар
осылай сөзбен шарпысып, кейбір шыдамсызы тіпті сақалдасуға


дейін
барып қайтты.
Уақыт
болса сырғанап барады. Мал сойылып, мүшеленіп болған. Кебін
пішіліп
, жыртыс алынған. Əлекедей жаланып, бес-алты жігіт күрек-
сүймендерін
сайлап олар тұр. Ақыры шалдар Дəубастың алдына кеп
жүгіністі
.
Екеуінің
қайсысы дұрыстау? Сол жерден ағама топырақ бұйырады, – деп,
көп
ойланып жатпай жүріп кетті.
Үй
іргесіндегіні Дəубас жаратпай, кіржиіп қайтты. Өңшең жатаған, кедей-
кепшіктікі
екен. Ылғи мінгестіріп салыпты. Кісі жерленбегеніне де көп
болыпты
. Қурай өсіп, шөп-шөңге басыпты. Ол жерге ағамның асыл сүйегін
қор
етпеспін!
Ал
алыстау қорымды əрі айналып, бері айналып ұнатты. Тіпті кей жеріне
тас
жол төселіп, тал тігіліп, гүл егілген. Тіпті шаруа оңтайлана қояйын десе
сол
ғой, шет жақтағы зəулім мазардың жанында бір кісілік мол орын да тұр.
Бастаңдар
! Қазыңдар тездетіп!
Үлкен
кісінің үкімі бет қарата ма? Лезде көр қазылып, лақат ойылып дайын
болды
. Тек ауылдың үркердей атқамінерлері ғана оңаша шығып, түсініксіз
күбірлесіп
басылған.
Бұл
қазақтың сөзі желдей жүйткіп алдыңды орайды да отырады. Дəубастың
қай
зиратты таңдағанын, кімнің моласының қасынан көр қаздырғанын біреу
лезде
жеңгесіне жеткізе қойыпты. Сөйтіп, ертеңгі атқарылар шаруаны
тындырып
келсе, жеңгесі түскір көгеріп-сазарып тағы талып жатыр. Сəлден
кейін
:
– Əй! – деді басын көпшіктен жұлып алып. – Мына мен осы шаңыраққа
келін
болып түскенде шопайың шолтаңдап жүрген бала едің. Мана ғой
жағымнан
ұрып талдырасың. Енді кеп көрді ағаңның былтыр авариядан
өлген
көңілдес қатынының қасынан қаздырасың. Тірісінде құшақ
айқастырып
, берекемізді қашырған. Енді өлгенде де қойындасып жатсын
дедің
бе? Бұл қай масқараң, ойбай?!
Дəубас
қаралай сасып, айналасындағы қаумалаған шал-шауқанға, ауылдың
үркердей
атқамінерлеріне қараған.
Келінжан
, бізден аулақ, ол арасын білмейміз... Жоқ жерден куə қылма...


Өзіміз
таяққа мініп, тақамыз қисайып əрең жүргенде...
Өрістен
мал келетін уақыт болды...
Таңертең
жаназа намазында бас қосармыз... – дескен ауылдың жорға
шалдарын
қайдағы жоқ жөтел қысып, тоңқаңдап қашты.
Əйелдің
қара тілдісінің беті оңайлықпен қайта ма? Онда мен айтайын, сол
қаншық
жастайынан желіккен, – деп жеңгесі тіпті жігерленіп кетті. –
Жетектесіп
шетел асты. Үндемедім. Бала таптырды. Тілімді тістеп бақтым.
Өліп
еді, басына зəулім мазар салдырды. Жымын сездірмедім. Оған осы
елдің
бəрі куə. Айтшы, ертең мен өлгенде қайда көмесің? Бүйтіп ел-жұртқа
тірілей
қарабет болғанша, сол қаздырған
көріңе
өзім барып жатам. Өл де бар!
Етегіне
жармасып бажылдаған абысын-ажындарын түйіп тастап, зиратқа
қарай
тұра жүгірсін...
Жаны
қысылған Дəубас қасындағы ауданның дамолласына жалтақтаған. Ол
қойнынан
кітап суырып алып ұзақ-ұзақ парақтап:
– Шариғат қоспай тұр. Бір мəйітке бір жерден екі көр қазу күпірлік, – деп
соңғы
үмітті үзіп кетті.
Онда
мына орыс моласына қойсақ қайтеді? – деген қолындағы күрегімен
жан
бағып жүрген жігіттердің бірі.
Өй
, иттің ғана баласы! Мұсылманды қайтіп... Осы сендер дін бұзатын, – деп
дамолла
алып кеп ақилансын. – Ұр, ананы, аяма!
Басына
темір сүймен тиген байғұс ұлып барып тынды.
Сендердің
араларыңда өмір сүруге болғанмен өлуге болмайды екен, – деді
Дəубас
меңдуана жегендей сандалып. – Ужас!
Рас
!
Дұрысы
сол!
Тынышы
– шетелге жетіп өлу!
Дəу
көке, мен таптым. Ағамызды ауыл сыртындағы ең биік төбенің басына
жерлейік
. Жаңа қоныс, таза ауа. Ол жерге тіпті түйе де аунамайды, – десін
ауыл
əкімі жас жігіт жылтың қағып. – Оны ертең бəріміз «Жаубас қыраты»


деп
атаймыз. Мереке сайын оқушыларды басына апарып тəу еткіземіз.
Музыка
ойнатамыз.
Міне
, табылған ақыл! Қой, бұ қазақты қой!..


АЯҚТАЛМАҒАН
ХИКАЯ
(Əңгіме)
Ертеңгілік
терезе желдеткішін ашып, жазу столыма отырдым. Ауа
жаңғырып
, сəуір самалы бойымды жадыратты. Ойым – біздің елде болған
ертедегі
бір хикаяны тізбелеу. Сюжеті дайын.
Соғыс
кезінде Қошалақта қашқын пайда болыпты. Қалмақ жігіті екен. Кеш
түсе
ауыл аңдып, ана əйелді ұрлап кетіпті, мына əйелді зорлап кетіпті. Бəрі
содан
жүкті боп, бала тапты деген өсек желдей есіп тұрыпты. Қиялымда
қызықты
хикая сəулеленді. Құм жалап отырған жалғыз ауыл... Өңшең жесір
келіншек
... Он шақты жаутаңкөз жетім бала... Сол некесіз туған
көрдемшенің
бəрі де Қашқынбаевтар...
Ақ
сөйлеу – парыз, бір жағы өсекке ілінген жеңгелерімді ақтап алғым келді.
Олардың
етегі – ел намысы. Қапияда тап берген қара жүрек қашқынға не
қайла
қылсын? Ал ине ұстаған ұрғашының бəріне бірбір баладан
құшақтатып
кеткен сол сұмпайы ұштыкүйлі жоқ. Көкке ұшқандай. Жерге
сіңгендей
.
Түр
-түсі де есте қалып жарымаған. Əйтеуір ұзын бойлы, суыр тіс, көзі
алақандай
деседі. Алақаны темірдей қатты. Жапа шеккендердің бар берген
куəлігі
осы көрінеді. Қашқын қарап жүре ме, колхоздың шетке шыққан
тоқты
-торпағын да ұрлап сойған шығар. Аштан өле ме? Бір емес, құм
етегінен
бірнеше үңгір қазып жатақ қып алған-дағы... Үзік-үзік көріністер
көз
алдымда көлбең қақты. Бірінен бірі асып түсіп, еліктіріп əкетіп барады.
Алдымдағы
кофені ішуді ұмытып, жалма-жан сөз байлай бастадым...
«...Тезек тере шыққан. Кепкен жапаның қызығына түсіпті. Екі-үш қыр
асыпты
. Ауылдан ұзап кеткенін жазғы күн жанып-күйіп орнына отырғанда
бірақ
байқады. «Қара қағаздың» қайғысы жетектеп кеткен де. Жалғыз ұлдан
айырылғалы
ата-енесі де зар төгіп, шөгіп қалған.
– Қарғамнан бір тұяқ қалмады-ау. Шаңырағын жықпас еді, – деп қос
мұңлық
күңіренгенде бұл қолтығына қапты қыстыра жөнеледі. Дала кезіп,
бар
шерін желге айтып жеңілдеп қайтады. Күндегісі осы... Қанар қапты
бұйым
көрмей серпе лақтырып арқасына салған. Шарпып тұрған қайраты


бар
келіншекке тезек деген не, тəйірі? Тездетіп ауылға беттеген... Жанынан
жүгіре
қосылған мынауысы кім? Бет-ауызын түгел жүн-жұрқа басып кеткен
бе
? Албастыдан аумай тұр ғой. Ойбай, көтек, қаштым...»
Осы
кезде көрші шешейдің:
– Қыж қайда, ойбай, қыж қайда? – деген əлем-тапырық даусы ойымды
үркітіп
жіберді. Көптен іргелес отыратын ек. Бала-келіні, саздауға біткен
құба
талдай боп бойжеткен қызы, екі-үш немересі бар-тын. Қоңыртөбел
тірлікпен
күн көрген жанұя. Баласы – шетелдік мұнай компаниясының
жұмысшысы
. Келіні базарда сауда жасайды.
– Білмеймін. Əсемжан түнде өз бөлмесінде жатқан, – дейді жеңгесі дүдамал
үнмен
.
– Жатса қайда ұшып кетті? Іргеде тұрған қызыл шамаданы да жоқ, ойбай!
Шүйкедей
қара кемпірдің ойбайы ертеңгілік тұнық ауаны тілгілейді. Жем
іздеп
қыт-қыттаған тауық ауланың түкпіріне тобымен дүркіреп қашады.
Өңешін
созып мезгілсіз қораз шақырды.
– Не айқай? Жау шапты ма?
Есік
алдына шүйкедей қара кемпірдің баласы шыққан екен. Тоңмойындау
неме
еді, сөзін көрдің бе?
– Жау шаппаса, қыж қайда?
– Əсемжан бір құрбысына қыдырып кеткен шығар. Жұмысы жоқ. Қашанғы
қамалып
отырады?
– Қайдағы құрбы?! Ол неткен аты жоқ қыдырыс?! – деп қыз шешесі тіпті
өршіп
кетті. – Байға қашты деуге аузың келіспей тұр ма?
– Қайдағыны айтасыз.
– Қыж баққаннан қарға баққан оңай. Осының боларын білдім ғой, ойбай!
– Ондай ойы жоқ еді.
– Қыжды жеңге бұзады. Жеңгені теңге бұзады. Бар пəленің басы сен. Өз
қолыңмен
шығарып бергенсің.
– Ене, қойсаңызшы.
– Бəрін өзі өлшеп-пішіп, енді бітеу адамдай тырсиып тұрысын қарашы,


тұрысын
! Ене демей кет!
– Оңбаған қатын! Сенің тұқымың сондай! Бүйтіп масқара болғанша!..
Қырам
да жоям! Мə саған, мə!..
Күйеуінің
жуан жұдырығы оңдырмай тисе керек, əйелі ащы дауыс салып
солқылдап
жылады. Бөлмеге жылдам басып жұбайым енді. Ақшыл өңі
сұрланып
, түсі қашып кетіпті.
– Неғып отырсың? Ажыратпайсың ба? Ең болмаса барып басу айт.
Қырылып
өле ме?
– Қыз да қызыл алма сияқты. Піскен кезде үзіп алмасаң, солып қалады.
– Сенің пəлсапаң бітпес.
– ... тұздап қоя алмайсың.
– Сондайың-ай сенің! Көрші хақы бар емес пе?
Амалы
құрыған жұбайым алдымдағы ақ қағазға қарап аз тұрды да шыға
жөнелді
.
Көрші
шешей ашу қысқанда қолына таяқ алатын. Алатын да қара жерде
қалған
өші бардай сабалап отырып сөйлейтін. Тағы да сол дағдысына
басыпты
.
– Жалғыз ағасын жерге қаратып... Жүзіқараның енді қайтып екі дүнияда
бетін
көрмеспін. Теріс батамды берем. Аруаққа тапсырам! Батар күнге
тапсырам
!
...Иə, қашқын қалмақ, иə... Ойымды үзіп алғанымды қарашы.
«...Соңғы жемтігін үңгірде үш күн ұстап, құмары қанып барып босатқан.
Алғашқыда
мақтадай жұмсақ білегін жастанып жатам ғой деп дəмеленген.
Қайдан
, сүйегі санап алғандай, қанын ішіне тартқан қарасұр келіншек екен.
Сөзге
ермей, көмейін ашпай арпалысып бақты. Əлі құрып, амалы таусылып
жатып
:
Ит
жалап кеткен итаяқтай болдым-ау... – дегені. Сөзін қарашы! Шапалай
тепкен
қос аяғын жыңғылдай айырып, үстіне қайта төнген.
– Дыбысыңды шығарма! Ауылыңа адасып кеттім деп бар, – деген бұл
ентігін
баса алмай жатып. – Əйтпесе... Мен де қазақпын.


– Қаныңды қазаққа жаққың келген екен, ит қалмақ, – деген келіншек ұзап
бара
жатып. – Тұра тұр, бəлем!..
Одан
бері де тамағынан талшық өтпегелі екі күн ауды. Жалмауыздың
жалғыз
көзіндей үңгірдің аузына үңіліп қашанғы жатсын? Баспалап аулаққа
көз
салған. Қыр етегінде жауырға қонған сауысқандай боп ат үстінде бір
шал
тұр. Алдындағы уақ жандығы жусан мен шағыр қуалап жүгіреді. Тоят
алып
, тоқ баспаған-ау, шамасы. Тағаты қашып, суыр тісінің суын сорып аз-
кем
отырды да қонышына сапысын сала берді...»
Еденді
солқылдата басып келе жатқан бұл кім? Е, ауылда тұратын ақсақал
екен
ғой. Аман-саулық жоқ:
– Тағы жазып жатсың ба? Ішіңе сыймайтын бұл не сөз? – дейді келе қарсы
алдыма
тізе бүгіп.
– Жай, əншейін.
– Баяғыда «Сөз қуған пəлеге жолығады» деуші еді.
Қазір
де солар дəуірлеп тұр.
– Аллекем аштан өлмесін деп бес-алты ауыз жел сөз берген де.
– Бəрібір, қаймағы жоқ, қаспағын қырып жүрсіңдер.
– Шаруа айтыңыз. Асығыстау отырмын.
– Шаруа көп. Салмақ сала келдім.
– Қолдан келсе...
– Ауылда сығандар қаптап кеткен. Улап-шулап тобырымен көшіп жүрді.
– Ал?..
– Сұрамайтыны жоқ. Өңшең қайыршы.
– Содан?
– Кетерінде екі қысыр биемді ұрлап кетті. Іздеп қызылөкше боп қыр кездім.
– Өз ұрымыз аз еді. Олар да талайды қан қақсатқан жоқ па?
– Айтпа. Біздікі ұрласа ең болмаса етін базардан табар ек. Мыналар...
– Полицияға хабарладыңыз ба?


– Өй, қой оларды, – деді ақсақал қолын сілтелеп. – Жаңа ғана солардан
шықтым
. Өзімді тергеп бітті.
– Апыр-ай, ə?
– Үйірін жауға бермейтін жақсы айғырым бар еді, – деді ақсақал енді
маңдай
терін сүртіп. – Ұрылар құлағының түбінен қайта-қайта мылтық
атып
саңырау қып тастады. Тас керең.
– Енді?
– Мінезі өзгеріп, мəңгіріп қалды. Кəрі биелерді қуып жүріп шайнайды. Ал
байтал
көрсе бітті, байбаламыңа қарамай оқыранып ұмтылады... Не
кереметі
барын...
– Мал да иесіне тартады...
Ақсақал
мол денесін түгел селкілдетіп күлді.
– Рас шығар. Ал маған Астанадағы дəу бастықтарға арыз жазып бер.
– Айғырдың үстінен бе?
– Өй! – деп ақсақал шошып кетті. Сосын тентек бураның өркеш жүніндей
үрпиген
шашыма үрке қарады. – Шырағым-ай, манадан бері саған не айтып
отырмын
? Сығанның да!
– Сығанның?
– Иə. Олардың айласын қарашы. Қосып жаз. Қасқырдың тісін қағып алады
да
жіпке моншақ қып тізе қояды екен. Сосын ұрлаған жылқысының
мойнына
кигізеді. Қасқыр иісін сезген жануар жын қаққандай жүйткіп
жоғалады
дейді. Əне!
– Ендеше, сыған да бір, иен даланы еркін кезген құйын да бір. Ендігі көз
көрмеске
өтіп кеткен шығар. Таптыра ма?
– Тух! – деп кейіген ақсақал лып етіп орнынан көтерілді. – Мошқап біттің-
ау
. Есті дегеннің сиқы сендей болса жарыған екенбіз!
...Иə, қашқын қалмақ, иə...
«...Тоқтының етіне тойып, бетіне қызыл тепкен. Жата-жата бойы құрысты.
Астына
төсеген құмның қияғы да уатылып, ұнтақ болып қалыпты. Ара-тұра
үңгір
аузынан құйрығын бұлғаңдатып кесіртке жүгіріп өтеді. Басқа ермек


жоқ
. Күн де еңкейіп ұясына құламай қойды. Кешегі жорығы... Қалай болып
еді
өзі?
Ымырт
үйіріле етегін қымтап алған ауылды төңіректеген. Баспалай басып
шеткі
үйдің ығына арқа сүйеді. Қора жақтан маңқ етіп төбет үрді. Алдына
өзімен
ала шыққан тоқтының төрт сирағын лақтырған. Мезгілсіз мейманды
қайтып
мазаламай үні өшті.
Əлден
уақытта үйден етегі көлбеңдеп етжеңді бір əйел шыққан. Есік
көзіндегі
ошаққа беттеді.
– Басымның сіркесін сықтыра қоям деп... Қараң қалғыр, шық түсіп кеткенін
қарашы
, – деп қарғанып жүріп ошақ аузын бітеді. Қарғанып жүріп тезек
үстін
жапты. – Ақтөс, кə! Жер жұтты ма мұны?!
Мынау
аузында ақ тісі аз сардамбал қатын ғой. Мұны жетектеп кеткенде
талайдың
тақымын тоздырған немеден не қызық көрер? Төсекке сыймаған
бөксесі
алақандай апанға сыймас. Үңгірін талқан қып, өзін қарғысқа көміп
кетер
. Ақыры қазтабандай басып сығырайған жарығы бар ұйқылы-ояу
терезеге
үңілген. Көрпе үстінде сақалымен ойнап қаннен-қаперсіз бір шал
жатыр
. Қасындағы бозөкпе бала бір дорба асығын қайта-қайта үйіреді... Жас
иіс
жоқ үй екен. Көп кешікпей соңғы үмітін сарқып жалп етіп жарық та
өшкен
...»
– Қыз кезінен қышынған мына Жəнипаның қызы болса бір жөн. Ол да
дүбірлетіп
той жасап кетті, – дейді көрші шешей сампылдап. – Қанаттыға
қақтырмай
өсірген қарғам емес пе?
– Ым... – деп екі биесін сығанға алдырған ауыл ақсақалы үнсіз қалады.
– Ағасы кешірімге келгендерді атып өлтірем деп мылтығын оқтап отыр.
– Ым...
– Қайтсін енді? Өзің білесің, байды соғысқа бердік. Осы жалғыздың тілеуін
тілеп
... Бұл да əкесін көрмей қалды.
– Ым..
– Əкесі майданға алынған соң үш жылдан кейін туса қайдан көрсін? –
деймін
мен де естілер-естілмес етіп. – Қызық екенсіз сіз де...
Түс
ауа тілші қыз есік қақты. Өңірінің үш тиегі салынбаған, шашын
жауырынына
шашып тастапты.


– Ағай, Алматыдан келдім. «Ана тілі» газетінен, – деді имене басып. Көзі
өз
-өзінен күліп тұр екен.
– Сұрағың дайын ба, қоя бер.
– «Шетелдік күйеу» деген тақырыпты зерттеп жүр едім.
– Ал?..
– Жақында үлкен айқай көтерілді. Естіген шығарсыз? Біздің елде тұрақтап
қалғысы
келген шетелдікті
«Таныстыру бюросындағылар» бір қазақ қызымен жүздестіреді. Іздегенге –
сұраған
, екеуі əмпей-жəмпей боп үйленіп тынады.
– Сосын?
– Қазақстанның азаматтығын алған əлгі алаяқ артынша айнып шыққан.
Махаббатым
сарқылды депті. Бақса, өз елінде қалған бала-шағасы бар екен.
Артынан
іздеп келіпті.
– Таныс сценарий.
– Ал əлгі қыз еңбегімізге деп жиырма мың долларды санап алған
бюродағылармен
соттасып жатыр.
– Өзі төлеп пе?
– Білмеймін. Бəрібір ғой. Осыған не айтасыз?
– Түрікмендердің қызын шетелдік алса, үкіметке елу мың доллар қалыңмал
төлейді
. Əйтпесе, жоқ. Қолынан сипатпайды. Сол сияқты ақалтекесі де,
алабайы
да ұлттық бренд. Көзтаса етпейді.
– Таңғаларлық.
– Таңдай қақпай-ақ қой. Ал бізде ше? Қымызды неміске бердік. Шұбатты –
еврейге
, қазы-қартаны – қырғызға... Қызды – қаңғырғанның бəріне... Тағы
кімге
не керек? Бізде бəрі де бар! Бізде бəрі де жоқ!
– Осыны заң жүзінде...
– Оны Парламентте «Горе от ума» деген спектакль қойып отырған
көкелеріңе
айт. Хош бол, қарындас. Жазуым бар еді.
..Иə, қашқын қалмақ, иə...


«...Аты тезек тастап мимырттап келеді екен. Бұл бір бүйірден аңдаусызда
ұмтылған
. Ер үстінен ауып түскен қыз құшағында тулап жатты...»
Ойым
үзіліп, кері жалғанады.
«...Соғыстан жарадар боп қайтқан екі-үш ағамыз қашқын қалмақты іздеп,
тапсақ
буындырып өлтіреміз десіп Қошалақтың құмын кезген екен.
Айдалада
аш қасқырлар қамап, колхоздың қыршаңқы атын қамшылай
қашып
əзер құтылыпты».
«... – Қашқын ит Қошалақтың қатындарына ғана əуес екен. Біз кімнен
кембіз
? Неге бір соғып кетпейді? – депті дейді іргелес отырған Ашақтың
əйелдері
жұлынып. Айтты ма, жоқ па, кімнің аузына қақпақ қоярсың».
Жазуым
өнбеді. Мазам қашты. Қою кофе ішіп, қою түтінге тұншығып
өзегім
өртенді. Жалғыздықты күресіп жеңіп алғандай едім, амал не, алдым
келім
-кетім кісіден босар емес. Қашар жер, тығылар тау жоқ. Міне, тағы
да
...
– Ойбай, белім, сегізкөзім, жамбасым!
Е
, бұл қала шетінде тұратын таныс кемпір ғой. Құлақсіңді мақамы осы.
Аттап
басқан сайын əлгі үш сүйектің атын атап алмаса көңілі көншімейді.
Сөйтіп
жүріп жортып кеткенде тірі жанға дес берсейші.
– Келіңіз, төрлетіңіз.
– Ойбай, белім, сегізкөзім, жамбасым... Амансың ба, шырақ? Былтыр
шалым
қайтқан, оны білесің.
– Иманды болсын.
– Бір ұл, жалғыз қызбен қалдым ғой, білесің.
– Естігем.
– Естісең, ұлым жүріп-жүріп биыл үйленген. Өзі жатқан түйеге міне алмас
ынжық
. Үйленді деген тек аты, əйелінің қолына кірді.
– Солай ма?
– Солай. Шешемді қолыма алам деп мені де көшірді. Əй, ақымақ басым!
Ақыры
отырсам – опақ, тұрсам – сопақ болып шықтым.
– Неге?


– Негесі несі? Келін – айғыр, кемпір – саяқ. Соңымнан қалмай қуып жүріп
тістейді
.
– Сөзбен шығар?
– Сөзбен.
– Өз үйіңіз бар емес пе?
– Оны келіннің інісінің атына аударып беріпті. Енді мені «Қарттар үйіне»
өткіземіз
деп жанығып жатыр.
– Қиын екен. Қызыңыз қайда?
– Алматыда жұмыста. Саин дегеннің көшесінде сауда жасайды. Табысы
жақсы
болғанмен мазасыз дейд. Дүкенді күндіз-түні бірдей істетеміз дейд.
Бірі
кіріп, бірі шығып жатқан ығы-жығы халық дейд. Ойбай, белім,
сегізкөзім
, жамбасым!
Амалсыз
бас шайқадым. Темекісі түскір таусылып қалған ба?
– Қайт дедім, əкеңнен қалған қара шаңырақ талапайға түсіп жатыр. Соттас
аға
-жеңгеңмен дедім.
– Дұрыс.
– Алды-артыңа қарама дедім. Не бай жоқ, не бала жоқ, неғып жүрсің дедім.
Елге
кеп біреудің етегінен ұста. Тесік моншаққа тебен ине табылар дедім.
Үнсіз
қалды. Балам, бір бет ақ қағазыңды қи маған. Қызыма қатырып тұрып
хат
жаз. Менің атымнан. Төк зарымды. Оқығанда тура жаны шығып кетсін.
– Желдеп кеткен ешкі де бір, қыз да бір. Менің хатыма қайыру берсе жақсы.
– Өзім жазар ем. Көзім əріп көрмейді. Керегімді сипап тауып жүрмін.
– Жарайды. Ертең əзір етемін.
– Сөйт, балам. Ойбай, белім, сегізкөзім, жамбасым!..
– Тыныштық па? Сыртта зыр жүгіріп жүрген кімдер? – дедім кемпірден
құтылған
соң жұбайыма, көзімді ақ қағаздан əрең ажыратып.
– Қашқан қыздың кешіріміне келгендер, – деді ол күлімсіреген қалпы.
– Қарғыс қайда? Мылтық даусы неғып естілмейді?
Оқтап
, əзір отыр деген.


– Қайдағы? Алып-ұшып алдарынан шықты. Қыздың барған жері бай
көрінеді
. Əкесі үлкен құрылыс компаниясының басшысы екен. Келе көрші
шешейдің
қолына қос алтын білезікті кигізді.
– Қайырымен.
– Құдалармен бірге дастарқандас болсын деп шақырып жатыр. Барайық,
көрші
хақы. Ұят болар.
– Жазумен отыр де. Өзің қызық көріп қайт.
– Сондайың-ай сенің...
...Иə, қашқын қалмақ, иə...
Қойшы
, шаршадым. Неткен беймаза күн еді. Көзім қарауытып, шекем
солқылдады
. Түн ортасы таяп қалған. Хикаяны аяқтай алар емеспін.
Қорғасындай
балқыған ойым өзім əзірлеген қалыпқа сыймай бара жатты.
Терезе
желдеткішін жапқалы көтеріле беріп ем, көрші шешейдің созып
салған
шыңылтыр даусы құлағыма қадалды:
– Оралыңның барында ойна да күл!..
Ой
-буй, шырқатып əн салатындай сізге не көрінген? Əлде алтын білезіктің
буы
ма шыдатпай бара жатқан? Таңертеңгі жау түсірердей екпін қайда
қалды
?..
«Сендердің жел көтерген етектеріңді жабамын деп көз майымды тамызып
отырысым
мынау. Бес күндік бұлағай дəуренде ойнаған да күлген сендердің
жүрістерің
анау. Жабу астында қалған жауырды сипап жазамын деген
жалған
намыс немді алған? Менікі не осы?..» Осындай қиналыс сəтте
«Қырда қашқын қалмақ жүрді дегендері шіли өтірік. Тіпті елесі де
болмаған
. Некесіз туған көрдемшенің бəрі – ауданнан келген уəкілдің,
шолақ
басқарманың, ақсақ қоймашының баласы. Ауыздарынан түскендей
айнымай
қалған. Қошалақтың құмына тіл бітсе, қаптап кеткен
Қашқынбаевтардың
кім екенін жайып салар еді-ау. Əттең!.. Ұят қысқанда
туған
өтірік осыншама өміршең болар ма?» деген ертедегі қаңқу сөз
құлағымда
қайтадан тірілді.
Рас
болмаса қайтсін?!
Орнымнан
сілкініп тұрдым. Өсекке семіріп өлмес туынды жазғым келген
екен
. Алдымдағы жартылай шимайланған қағазды қақ айырдым.


Қаламымды
лақтырдым. Даусым қатты шығып кетті:
– Елдегі ақсақ-тоқсақтардың сауабын өзіне обал ғып арқалаған қашқын
қалмақ
, сен бұл өмірде бар ма едің? Құм құрсауындағы біздің ауылға аттап
басып
па едің? Қысыр төсекте қыңсылап жатқан келіншектерді үңгіріңе
алып
қашып па едің? Əй, қайдам! Біздің ел ертегіге сенгіш. Сен соның көзге
көрінбес
ғайып ерен кейіпкеріне айналып кеткенсің-ау, шамасы... Қарап
жүрмей
күнəкар бола жаздағанымды қарашы.
* * *
Сол
күні байтал көрсе байбаламыңа қарамай оқыранып ұмтылатын саңырау
айғыр
түнімен түсіме кіріп шықты.
БІЗДІҢ
АУЫЛДЫҢ АМАЗОНКАЛАРЫ
Теңіз
тамағына төніп отырған үш үй еді. Иелері – тоқтасқан үш əйел. Бала
біткен
қалаға қашып құтылған. Малы түскір далаға қашып... Мал дегенде
бар
-жоғы он сиыр мен уақ жандық. Түс ауа есік көзіне самаурын көтеріп,
алақандай
ақ орамалын төбесінен тастамайтын Айман шықты. Артынша
жалақ
ернін бір жалап алып сөз бастайтын Қарғаш, соңынан қыли көзі ылғи
қиғаш
тартып тұратын Бибі көрінді.
– Əлгі аусыл тигірлер əлі жоқ па? – деді Айман даусын құбылтып.
– Шаяқ келгір! – деді қысқа қайырып Қарғаш. – Бұзауға да қайырылуды
қойды
.
– Қасқыр тартқыр! – деп оны Бибі қостады. – Осылар-ақ күнімізден бұрын
қартайтты
.
Жалын
жұтқан пештей көлеңкенің өзі құйрық бастырар емес. Қыртиған
қырат
пен кең жазықта үзіліп, кері жалғанып сағым жүр. Қорадан жіңішке
дауыс
салып бұзау мөңіреді. Үй төбесіне мына аптап миын қайнатып
тастаған
қара қарға қонды. Көңілсіздеу қарқ ете түскен.
– Ақ шақыр, пенсиямыз келер, – деп Айман онысын жақсылыққа жорыды.


Қарғаш
қолына балта алып, ағаш уақтады. Бибі керосин əкеп, шырпы
тұтатты
. Кішкене тұрбадан түтін ағып, ертеңнен бері жер тістеп жүрмей
қойған
уақытты жылжытты.
– Қалғып кеткен екем. Түс көрдім, – деді Бибі аузын баққан қос құрбысына
қарап
. – Баяғы қыз кезіміз екен...
– Содан басқаны көрмей-ақ қойдың-ау.
– Сағыныш шығар... Ол кезде қандай едік, шіркін?! Иə, қандай еді? Үшеуі де
толған
айдай толықсып тұрған қыз еді. Мектеп бітірер жылы
комсомолжастар
бригадасы құрылып, ұран көтерілген. Уəкіл
қаптады
. Əдемі сөз əуеледі:
– Еліміздің жас қайраты – сендерсіңдер. Ресейліктер Байкал – Амур
магистралін
салуға аттанды. Біз сендерді аязға үсіп қалмасын деп аяп,
ауылға
қалдырғалы отырмыз. Ер балалар екі жыл сиыр бағады. Қыздар сүт
бұлағын
ағызады. Абырой-атақ та, орденмедаль да сендердікі. Ал сосын
жоғары
оқу орнына түсеміз десеңдер, кез келгенінің өздеріңе есігі ашық.
Құрақ
ұшып қарсы алады. Тіпті өзіміз жетектеп алып барамыз. Партияның
тапсырмасы
сондай!
Мына
сөзге елпілдеп тұрған қай жеткіншек шыдас берсін? Бəрі бас
шұлғыған
. Ата кəсіп, қолымызға құрық аламыз дескен.
Əнші
болам дейтін Айман:
– Уəде бересіздер ғой?.. – деген ұяла тіл қатып.
– Неге, қалқам?
– Оқуға апаруға.
– Береміз.
Болашақ
ұстаздықты арман еткен Қарғаш:
– Түсіресіздер ғой?.. – деген бетіне қызыл теуіп.
– Түсіреміз.
– Жарайды, сауыншы болайын. Сосын тігіншілік оқуға кірем, – деді Бибі.
– Кіресің. Арман – алда, сендер жолдасыңдар. Тайсалмай тура тартыңдар!


Бақташы
болған балаларды біртіндеп əскер қатарына алып кетті. Жырта
қарыс
емшек тартып бармағынан бал ағызған қыздар...
– Кешеден бері жоқ. Қарауыл қамап тастаған шығар, – деді Айман. – Он
сиыр
бар шабындықты отап кетеді деп жүр ғой, жазған.
– Осы шолақтан-ақ көрдік көресіні.
– Шайға қанып ап іздеп шығайық. Осыдан қамағаны рас болса, əй, бəлем!..
Уəде
берген уəкілдің бірі өсіп, бірі өшіп кеткен. Сиырдың емшегін сипап
қалған
бұлар не істесін? Алдымен Айман байға қашты. Қашты деген аты
ғана
. Көрші отырған трактористің үйіне қора айналып келіп кіре қойған.
Қарғаш
қыз водовоз айдайтын жігіттің кабинасында кетті. Ал Бибі ауылға
бейтаныс
еркек беттесе болды: «Ойбай, мені алып қашайын деп жүрген
сияқты
...» – деп армандаумен кəрі қыз атанған...
– Бар пəле Əлидің қатынында, – деді Айман жоқ сиырлардың соңынан
жолға
шықсымен екі құрбысына. – Жатса төсекке сыймайтын бөксесін
көтере
алмай жүріп. Сорлы...
– Уəсила бар ғой... байы қарауыл болғалы көзінің еті өсіпті. Өткен жолғы
тойда
жібек көйлекті киіп ап... Мені көрдің бе дегендей көлбеңдеп
алдымнан
олай бір өтіп, былай бір өтіп... Қанымды бар ғой қайнатты!
– Жұрттың көзінше «Осы сендердің қанша сиырларың бар?» деп
шұқшиғанын
айтсаңшы!
– Қызғанады да.
– Шолақ байын ба?
– Сиырды да!
– Сол тойда Əлиді сен де қатырдың. «Жалғыз қолмен жасаған батаң
қайсымызға
жетер екен?» деп. Қыбым мұндай қанбас.
– Енді қайтейін...
Жас
кезде бойға біткен ұшпа-қонбалық есейгенде де қалмайтын көрінеді.
Күзге
салым қонақ шақырып Əли семіз серкесін сойған. Аяғын байлап,
пышағын
қайраққа жанып-жанып тамақтан бір тартып жібергенде сол
қолының
бас бармағы аңдаусыз əлгінің аузына ілініпті. Азу тіске түсіпті.
Малға
да жан керек. Тыпырлап жатып шайнап тастапты.


Серке
мен Əлидің бақырған даусы қатар шықты.
«Қапелімде қайсысы қайсысын сойып жатқанын білмей қалдық», – деп
көрші
-көлем əлі күнге күліседі дейді. Қағына тиген де, бас бармақтың
ауруы
асқынып, ақыры қарынан кестіріп тынған. Ел-жұртқа Əли-шолақ
атанған
.
– Кешегі кеңшар қандай еді?! – деді өткен күннің сағынышы меңдеген
Қарғаш
жалақ ернін бір жалап қойып. – Мыңғырған мал, кең жайлау, арқа-
жарқа
жұрт...
– Жерді жекешелендіргенді кім көрген? Сатып алдым дейді. Осы жердің
əлгі
қожасын айтам. Саудаға түспеген бірдеңеміз қалды ма өзі? Бізді де
сыртымыздан
біреулер пұлдап жіберген жоқ па өзі?
Мына
сөз Айманның зығырданын қайнатты.
– Сатып алғышын! Малды сонда қара тақырға жаямыз ба? Жайылымның
бəрі
солардікі. Жал-жаяның бəрі солардікі. Етін жеп, сүйегін бізге
лақтырып
... Осыдан əлгі қарауыл сиырларды қамап тастасын, ат үстінен
жұлып
алып атаукересін ішкізейін!
Айтса
айтқандай, екі қыр асқанда анық көрді, ағаштан жасалған ашық
қорада
сиырлары қамалыпты. Ат үстінде ақ телпегі мыжырайып қарауыл
тұр
. Жұлынып келе жатқан үш əйелді көргенде аты тыпыршып, өзінің
шолақ
қолы шолтаңдап кетті. Бір сойқанның боларын анық сезді... Жер
қожасы
кеше келсе, осы он сиыр көк балаусаны кешіп жүр дейді. Өзі үйіне
түскі
шайға кеткен. Мызғып алам деп кешігіп жетті. Келе естімеген
балағаты
жоқ. Зікірін салып жүріп сиырларды ағаш қораға тоғытқан.
Қақпасына
темір шынжырды екі орап құлып салдырған. Бір бума қағазды
қолына
ұстатқан... Атын сауырға бір салып жылыстап жоғалайын десе
еркектік
намысы түскір жібермей, қашпайын десе бозбала кезінен білетін
мына
көксоққан үш əйелден қаймығып қаралай састы.
– Мынау өңіріне сəбидің алақанындай тағы да орден қадап алған ба? Тіпті
жылтырап
тұр ғой, – деп Айман қолын маңдайына төседі. – Бибі, баяғы
осының
əскерден келетін жылы есіңде ме?
Неге
есінде болмасын, беліне бес жұлдызды доғасы бар белбеу тағынып
қурайдай
боп оралған. Бешпетінің екі өңірі тұтасып жалт-жұлт етеді.
Қараған
адамның көзі тұнады. Өзіне айтқызсаң солдат боп жүргенде


көрсеткен
ерлігі ересен екен.
– Қақаған қыста Сібір ормандары өртенді, – дейді сауыншы қыздарды таң-
тамаша
қалдырып. – Жалғыз өзім арпалыстым. Күндіз-түні. Жанығып
жүріп
сөндірдім.
– Алла-ай! – дейді қыздар мұны аяп.
– Бір жақсысы, бір ай бойы тойып шашлық жедім. Орман ішіндегі қабандар
үйір
-үйірімен өрт кезінде өз-өзінен үйтіліп қалыпты. Теңкиіп жатыр.
– Басқа солдаттар ше?
– Олар бұл кезде шекара күзетіп тұрды. Мына орденді сол жолы генерал өз
қолымен
əкеп қадаған, – дейді үлкендеу бірін сұқ саусағымен нұсқап. – Ал
мынаны
... Шекара бұзған шетелдік бандиттерді ұстағаным үшін маршал кеп
тапсырған
.
– Басқа солдаттар ше?
– Олар бұл кезде өртенген ағаштарды жинап жүрді. Ал мынаны...
Таңға
дейін таусылмас жыр. Көбін былайғы жұрт естімесін деп Бибінің
құлағына
сыбырлап қана айтады.
Елін
қорғаған мұндай ерге қай қыздың көңілі құламасын? Содан əне-міне
деп
жүргенде... Көрші ауылдағы Уəсиланы қолтықтап кеп кетті.
Шымылдығы
желбіреп отырған Уəсиласы түскір Əлиге айтпай ауданға
барыпты
. Отан үшін жанын да, тəнін де аямаған еріне қызмет сұрапты.
Пəтер
деметіпті. Қосымша ақы даулапты. Сол кезде батырының сыры
ашылыпты
. Бақса, Əлидің əскерге барғаны рас. Бірақ ат бағыпты. Бары-
жоғы
сол. Орден деп өңіріне тізіп алғаны дүңгіршектерде сатылатын
значоктар
екен.
– Қора басына қойған қарақшы құсап тұрысын қарашы, – деді Бибі жүзі
əлем
-тапырық боп. – Шығар сиырды!
– Шықпайды, – деді қарауыл көзін алып қашып.
– Қарай гөр мұны!
– Ол ненің ақысы?
– Жердің қожасы кеп акт жасады. Сиыр басына сегіз мыңнан. Сексен мың


теңге
төлеңдер.
– Сексен мың?!
Мұны
айтқанда Айманның қолынан таяғы түсіп кетті.
– Міне, қағазы. Сосын пажалыста...
Қарауыл
қалтасынан бұрқыратып қағаз суырғанымен бұларға беруге
батпай
, ағаш қораны айналып кетті.
– Орденің құтты болсын! – деді сөзден тосылған Қарғаш қарап тұрмай.
– Бұл – медаль!
– Ормандағы өрт үшін алдың ба?
– Жоқ. Тəуелсіздіктің 20 жылдығына берді.
– Не үшін? Үш əйелді зар қақтырғаның үшін бе?
– Давай, қысқа сөйлеу керек.
– Е, сөйлесейік, қашқақтамай келсеңші, – деп Айман аяқ асты
жайдарыланып
қарауылға таяды. – Медаліңнің көрімдігін берейік.
Сөйтті
де шап беріп аттың тізгінінен ұстады. Ойбайына қарамай
қарауылдың
шолақ қолын шолтаңдатып ер үстінен сыпырып түсірді. – Əкел
арқанды
! – деді сосын алқынып. – Байла аяғын!
– Айғырлығы асты. Пішіп тастайық!
– Мə, кілт! Тек жіберіңдер! Мə, кілт! – деп үш əйелдің ұмар-жұмар астынан
Əлидің
жан даусы естілді.
– Пышақ қайда?
– Əкел бері!
Шалқасынан
жатса да шапалап тепкілеген. Жалғыз қолмен жағаласқан. Жең
жыртылған
, жаға жұлынған. Əйтеуір, əупірімнің күшімен сытылып шыққан.
Аты
үркіп аулаққа кетіпті. Көзі қарайған мына үш əйелдің қолына қайтып
түссе
оңбасын білді. Білді де іргедегі қалың қамысқа қарай тұра кеп қашқан.
Бибі
мен Қарғаш сүрең сап соңына түсті.
– Қу, Бибі! Ұста, Қарғаш! – деп аттанға айқай қосқан Айман анадай жерде
жатқан
балта кілтті қолына алды. – Жіберме! Қайтармала! Мен малды жолға


сала
берейін.
– Құтылсам екен! Еркекке кеткен өшін менен алып... Бəрің сондайсың! – деп
Əли
бажылдаған қалпы өкшесі жерге тимей бара жатты. – Осыдан
құтылсам
екен!
– Қалың қамысқа сіңіп жоқ боп кетті. Алдымыздан ырылдап бір қасқыр
қашты
, – деп екі əйел артынша ентігіп оралды. – Байғұс мұншама қорқақ
болар
ма?
Қарауыл
содан бері жоқ. Ел боп іздеді. Қалың қамысты жалғыз талдап
тінтті
. Таптырмады. Бір хабарын берген жанға сүйінші де ұсынды. Жын
көтергендей
. Жер жұтқандай. Бар қарғысын байын қуған үш əйелге
бағыштап
баққан Уəсила ақыры шыдап отыра алмай бұлардың үйіне
беттеген
.
Теңіз
тамағына төніп отырған үш үйдің иесі бұл кезде көлеңкеде шай ішіп,
шып
-шып терлеп отырған. Тер шыққан соң сөз шықпай ма?
Кеше
кешкілік бұлардың азын-аулақ уақ жандығына қасқыр шапқан. Күн
енді
байи бастаған ақ пен қызылдың арасы еді. Қораға беттеген қой
дүркіреп
кеп қашты. Қолдарына айыр-күрек ап бұлар да тұра ұмтылған.
Айтақ
салған. Құйрығы бір тұтам сұр қасқыр тіпті қаймығар емес. Үріккен
қойдың
соңында қалған кенже туған қозыны мойнынан тістеді де арқасына
салып
алды. Сосын борбайлап келе жатқан бұларға жалтақ-жалтақ қарап
кете
барды. Қыңар түрі жоқ.
– Сол аяғы молақ екен. Қақпанға шаптырған да, – деді Айман көлдей
орамалмен
терін бір сүртіп тастап.
– Қамыс ішінде кезігіп ырылдаған қасқыр сияқты, – деді Қарғаш.
– Көзі таныс. Əйтеуір біреудікінен аумайды, – деді Бибі екіұштылау етіп. –
Өңменімнен
өтіп кетті...
– Əлиді сонша қуғандарың не? – деді Айман бір сəт өз-өзінен қабарып.
– Өзің ғой, ұста, ұста деп...
– Ылғи да бізді айдап саласың.
– Суға түсіп кетті ме? Батпаққа батып өлді ме жазған?
– Түсімнен шықпай қойды, – деді сосын Бибі терең күрсініп. – Баяғы қыз


кезіміз
екен...
Əңгіме
қайта қызған шақта алға өндіршек соза қалған Айман:
– Мына жалғыз жаяу кім? Уəсила ғой, – десін.
– Не дейд?!
– Қой, ойбай! – деп орнынан атып тұрғанда Бибі жанындағы самаурынды
аударып
кете жаздады. – Бұл неғып жүр?
Етегін
шапалап теуіп жеткен бетте:
– Иə, үш құзғын отырсыңдар ма? – деп көк көз, қызыл мұрын, сары əйел екі
бүйірін
таянып талтайып тұра қалған.
– Отырмай қайда ұшамыз?
– Көшіріп жіберейін деп пе ең?
– Одан да келген шаруаңды айт!
– Байымды өлтіріп, тығып тастағансыңдар. Сендерден бəрі шығады. Əлидің
қарауыл
боп атқа мінгенін көре алмай іштерің қыж-қыж қайнаған!
– Өлтіргені несі? – деген Айманның алақандай ақ орамалы төбесінде ойнап
кетті
.
– Несін қызғанамыз? – деді Қарғаш жалақ ернің бір жалап алып.
– Қызығын өзің көрген жоқсың ба? – деп Бибі қыли көзін əдетінше қиғаш
салды
.
– Тап та тап! Өңшең бай құтаймаған бейбақ! Сендер кімнің қадірін білейін
деп
едіңдер?!
– Тіліңді тарта сөйле, – деп Айман енді анық қайратына мінді. – Əлимен екі
күннің
бірінде күл шашып төбелесетін сен емес пе ең. Менің байым өлсе –
ажалынан
өлді. Мініп зорықтырды дейсің бе? Сен қатынды ма? Осыдан
қолымдағы
немерем оқуын бітіріп келсін. Көзіңді көкшитермін.
– Ал бітірсін! Сонда пойыз айдайтын немерең маған билет кестірмей қоя
ма
? Мен қайда барып жатырмын?
– Өзің қызғаншақсың. Ішіңе шынашақ айналмайды, – деді күйеуі жас əйел
алып
кеткен Қарғаш басқа сөз таба алмай. – Қызыл сиырым күйлегенде


бұқаңды
бермей қойғансың. «Мə, бұқа, мə, саған!» деп қолыңды шығарып
даланы
басыңа көтердің. Өтірік деші?
– Сендердікі күйлемей жүрмес...
Қарғаш
отырған жерінен атып тұрып Уəсилаға ұмтылған, Айман мен Бибі
етегіне
жармасып, қапелімде жіберер болмады...
Қарауыл
содан бері жоқ. Ел боп іздеді. Қалың қамысты жалғыз талдап
тінтті
. Таптырмады. Бір хабарын берген жанға сүйінші де ұсынды. Жын
көтергендей
. Жер жұтқандай. Тек сол аяғы молақ сұр қасқыр ғана Уəсила
жатқан
терезенің алдына кеп таңға дейін «У-у-у...» деп ұлып шығады дейді.
МАХАМБЕТ
ПЕН ПУШКИН
Из
Гурьева городка,
Протекла
кровью река.
А
. Пушкин
Көсіліп
аққан ерке Жайықтың жанға жайлы, көргеннен көзақы алса
тұрарлық
тұсы. Көк желекке малынып, бір-бірінен үрікпей, үйірсектене
қалған
шоқ-шоқ тоғай мен бастаңғыға жиналған қыз-келіншектей ақ
балтырлы
қайың атаулы ерекше бір нұрсипатқа бөленген. Жардың ұшар
басына
өсіп, тамыр жайған сəмбі талдың қырық өрім бұтағы баяу ескен
самалмен
оңды-солды майысып, су бетін сызады. Өзенге шүйілгенде
топшысына
дейін дендеп еніп, тұмсығына ілінген сынық сүйем шабақты
суырып
алып, қуана қиқуласқан аппақ шағалалар ерсіліқарсылы тағат
таппай
сабылып жүр. Таң құланиектенгеннен бері ақсұр бешпентін иығына
желбегей
жамылып, өзенге қармақ тастап тұрған Пушкинге өзі тұңғыш
табан
тигізген өлкенің жаныңа жылу жүгіртетін əсем табиғаты ойын əлди
сезімге
бөлеп, көңілін көтергендей көрінді. Өзеннің қарсы жақ бетіне тізе
сындырып
, кір шайған мұжық əйелдерінің Малороссияның ұмыт бола
бастаған
ескі əуеніне салып əндеткені де көкейіне қонды. Петербургтің у-
шуы
мен жалқаяқ өсек-аяңынан қашып, Емельян Пугачев көтерілісін


жазбаққа
ниеттеніп, Оренбургке маңдай түзегелі өзін бүгінгідей жайлы
сезініп
көрмеген шығар. Ертеңгі күннің еншісін ойлап бас қатырмайтын,
нəпақасын
судан теріп отырған балықшылардың қосында түнеу не деген
ғажап
еді?! «Жарты Ресейді дүрліктірген жалған патша Пугачев қай жерден
төсек
жаңартып, қай өңірді бас сауға етерін білген», – деп іштей мырс ете
түсті
.
Ойдан
ой қуып тұрғанда қармағының қалтқысы батып кеткенін аңғармапты.
Жауынқұртты
қапқан ашқарақ шортан алданғанын енді білгендей,
сыңарезулеп
тереңге тартып, қармақтың сабын дірілдетіп жіберді...
– Александр Сергеевич, олжалы көрінесіз.
Ту
сыртынан тіл қатқан Дальге жалт бұрылып, құрсаулы шелекте тұрған
қаракөзі
мен шортаны аралас балықты нұсқап жымиды.
– Бүгін түсте балықтың үш қайнатқан сорпасын ішеміз. Дəмнің асылы,
жанның
рақаты деп соны айт!
– Ерте тұрып кетіпсіз. Тоңазып қалған шығарсыз? – Су жағасының сəл-пəл
ызғарлы
лебін енді байқағандай Александр Сергеевич бешпентінің өңірін
қаусырып
ілгектеді де, қармағын Дальге ұстатты. Өзі бір терең ойға шомып,
қолын
кеудесіне айқастырған күйі таң алдында түскен шығы кеуіп
үлгермеген
шалғынды кешіп, ботинка басын сулап, əрлі-берлі адымдап
жүріп
кетті.
– Владимир Иванович, кеше қазақтың бунтарь ақынымен кездестірем деп
едіңіз
. Аты қалай еді? Ма... Мах... – Пушкин тілінің ұшында тұрса да, есіне
түсіре
алмай қалт тоқтай қалып, Дальге назар тіктеді.
– Махамбет. Бөкей хандығынан. – Балық аулаудың қызығына түскен Даль
сапарлас
досының айнымас тілегін сезді де, көп тостырмады. – Урядниктен
сəлем
айтып, хабар жібергем. Ат-көлігі аман болса, бүгін түстен қалмас.
Оның
менде Калмыков түрмесінен шыққасын жазған хаты сақтаулы. Екі
жақтан
бірдей қысымға түскен елдің күнкөріс қамы қиындығын ашына баян
етіпті
.
– Тексеруге ниет еткем, кеше өзіңіз көрген Покотилов бұйрыққа қол
қоймады
.
– Бізбен бірге Пугачевтің нақсүйерінің үйіне еріп барған Покотилов пе?
– Жанынан қалмай қойған екі бүктетілген ұзын сары жігіт кім? Ойсыз суық


жанарын
көк желкеден қадап, басқан қадамды санап бедірейді де тұрды.
– Орал казачествосының мүшесі Пахоменко деген... – Даль сөзінің аяғын
жұтып
, қармақты өзен ортасына қарай құлаштай сермеді.
Пушкин
досы айтпай қалған сөздің мəнісін ұқты да, қайтып қинамады.
Петербургте
жүргенде сыртынан қаншама сыпсың сөздер мен сұғанақ
көздер
қадалмады дейсің? Арқаңнан сипап, маңдайдан қағып, құлашын
аштырмай
, қадамын бастырмай қойғысы келген бақталас пиғылын əйгілеп,
алдыңа
кеп тұрса ғой, шіркін! Мойнынан жағасын, аузынан тобасын қағар
еді
. Жо-жоқ, олардың білегі түрулі, бармағы бүгулі. Көзге көрінбейді, зым-
зия
. Ілуде бір кезіксе де, алдыңда мүттəйім, сырт айналса құдайың секілді.
«Евгений Онегиннің» соңғы тарауларын жазғанда мейманасы тасыған
көптіктен
қашып, меңіреу бір түкпірге тығылмады ма? Қалыңдық ойнап
жүрген
Наталья Николаевнасына да жұма сайын хат арқылы пейіл білдіріп
жатты
. Жақсылығы үшін де жазықты етеді екен-ау, Тəңірім! Пугачевтің
тарихын
жазуға аттанғанда өзі істеген министрліктің жанына ерткен
Дудковының
сиқын қарасаңшы. Оренбургке жетісімен Наталья
Николаевнаға
жазған хатының көшірмесін өзінен жасырып оқығанын
білмейді
деп ойлайды. Оралға келгенде мұның құрметіне өсімқор Рыков
берген
балда өзін аса инабатты ортадан шыққан жəдігер ретінде
таныстырды
. Сыр ақтарсаң – ақ жүрек, мақтасаң – ақымақ, үндемесең –
қазымыр
. Қалай-қалай ұсақталып барасың, орыс зиялысы?
– Ауасы қандай тұнық?! – Дудков оянған екен, сыбағасынан құр қалғандай
қаздаңдай
басып өзенге емініп келді де, қос қолын созып, иегін бір жағына
қисайтып
, тұра қап есінеді. – Петербургке тек осындай ауа жетпейді.
– Алексей Федорович, таза ауаны сағынғаныңыз сондай, есінегеніңізде
көзіңізден
жас та шығып кетті, – деді Даль қағытып. – Міне, міне, сіздің
құрметіңізге
қармаққа шортан ілінді. Өзі дəу екен. Піскесін басын сіздің
алдыңызға
қоям.
– Рахмет. Шортанға зəру емеспін. Ала таңмен қармаққа жүгініп неге
азаптанып
тұрсыздар? Балықшылар ау тартуға кетті. Қазір-ақ қайықтың
кермесін
теңдеп
келмей ме? Сосын бабымен піскен бекіренің шеміршегі мен қатты
қабығын
алып тастап, бір ет, бір май боп сарыжолақтанған... а, Александр
Сергеевич
, асаса... – Дудков мұным қалай дегендей көзі жайнақтап, екеуіне


алма
-кезек қарады. Ықылық атып күлуі мұң екен, секпіл беті
қызылшырайланып
, қозы қарны жоғары-төмен ойнап кетті.
Даль
Алексей Федоровичке жауап қатқалы оқталды да, тез айнып, темекісін
нығыздап
, торғайбас қорқорын тұтатты.
– Қармақты теңізге салар ма еді? – деді Дудков онымен қоймай. Пушкин
мырс
ете түсіп теріс айналды. Іштей булыққанда істейтін əдетіне басып,
толқындана
бұйраланып, желкеге төгілген ұзын шашын салалы
саусақтарымен
тарақтап-тарақтап жіберді. – Пугачев тұрған қарағай үйді
тағы
бір көргім келгені, – деді сосын қармағын қолтығына қыстырып, балық
салынған
құрсаулы шелекті көтеріп жанына келген Дальге. – Күймемен
барып
қайтайық. Алексей Федорович осында қала тұрар.
Досының
шалт қимылдап, аяқ асты шешім қабылдайтын қызба мінезіне
қанық
Даль тез келісім берді.
Көсем
жеккен қоңыраулы күйме боз даланың ұлпа шаңын соңынан жіңішке
қос
із ғып шұбатып қалаға бет алғанда, Дальдің хабары жетісімен атқа
қонған
Махамбет ақын мен Жанкісі жырау балықшылардың мекеніне кеп
тізгін
қағысқан. Қарагер айғырға нық қонған Махамбет аттан сыпырылып
түсе
қалмай, ұзыннан-шұбақ жапсырмалап салып тастаған ағаш үйден кім
шығар
екен деп байқастады. Серігінің қабағын баққан жырау да шоқша
сақалы
өндіршегін қытықтап, көзімен айналаны тінтті.
– Ей, бұсырман, сендерге кім керек? – Жалт қараса, өзен жақтағы жалғыз
аяқ
жолмен жоғары өрлеген жез ілгекті екі су инспекторы таяп қалған екен.
Арқасына
іліп алған мылтықтарының ұңғысы иықтарынан сынық сүйемдей
жоғары
тұр.
– Махамбетжан-ай, осылар орыс досыңның атын жамылып, алдап
шақырмаса
нетті? Кəпірлердің сұсы жаман екен. Шарболатым ұсталып, істі
болғалы
жүрегі құрғыр ойнамалы. Қанжығаңнан екі елі тастамайтын
күлдірмамайыңды
1 бекер қалдырдыңау... – Кəрі жыраудың өңіне үрей
жүгірді
.
– Біздің бас қайда жарылмай жатыр? Енді жалт берудің жөні жоқ.
Бұйырғанын
тосып алайық. – Махамбет өзегіне қорғасын құйған бұзаутіс
қамшысын
білемдеді.
– Ей, бұсырман, кімге айтып тұрмын? Не іздеп жүрсіңдер?


Орта
бойлы, төртпақ, жез мұрт сары танауын шуылдатып келе жыраудың
тізгініне
қол салды. Жанкісінің астындағы жирен қасқа басын кегжеңдетіп
үркіп
еді, жез ілгекті айырылар болмады.
– Тілге кел, мырза! Мені Владимир шақырған екен, жеткен бойымыз осы.
– Владимир Петрович – менмін. Рыковтың бес-алты атын түн жамылып кеп
айдап
кететін ұры екенсің ғой. Қолға өзің кеп түстің бе, конокрад?! Қозғалма
1 Күлдірмамай – жиналмалы мылтық.
орныңнан
! – Жез мұрт иығындағы мылтығын шошаң еткізіп жұлып алды
да
, Махамбеттің кеудесін нысана қылды.
– Сабыр ет, мырза! Мен ат ұрлайтын ұры емеспін. Мұнда Орынборда
тұратын
Владимир Даль деген досым шақырған соң келдім. Бəлкім,
біреумен
шатастырған шығарсың? – Махамбет артық ерегістің пайда
бермейтінін
біліп, қаракер айғырдан түсті.
– Даль дегенің кім? Казак па, татар ма? – Қаншама мылтығын кезенсе де,
маңдайы
кере қарыс, қыр мұрынды келісті қазақтың қыңбайтынын сезіп,
қолын
төмен түсіріп, жанына таянды. Ұры атандырып, айыпты қылайын
деп
еді, онысы сəтсіз шықты. Енді жасыл көзін Жанкісіге қадап, жаңа бір
қулық
ойлап кетті.
– Оқымысты адам. Ұлты мен ататегінің қайдан екенін білмедім.
– Білмейтінің көп екен, бұсырман. Николай І патша ағзамның жергілікті
көшпенділер
үшін шығарған заңын да білмейтін шығарсың? – Енді жез
ілгектің
манадан бері үнсіз тұрған екіншісі кимеледі.
– Ол қандай заң?
– «Десятиверская полоса» деген заң.
– Оның бізге қандай қатысы бар? – Махамбет мына тəлкекке шыдамай, ашу
қысып
, тістеніп, шықшытын бүлкілдетті.
– Заң бойынша көшпелі бұсырмандар өзеннің екі жағынан бірдей он
шақырым
жерге аяқ басуға қақысы жоқ. Табаны тиді екен, статьясы бар.
Солай
, шал! – деп Жанкісіге сұқ саусағын безеді.
– Əрине, кешірім сұраса астындағы атын айыбына алып, өзіне үлкен


қайырымдылық
жасап, босатып жіберуге болады. – Жез мұрт
жанындағының
сөзін іліп əкетіп, қақпақыл қылды.
– Өз жерімізді өзімізге бастырмайтын ол қандай құдірет? Жайық үшін
жандасып
, Қиғаш үшін қырылғанда алған қолүздігіміз осы ма?
– Шатаспа, бұсырман! Аспан асты, жер үстінің бəрі Құдай мен патшанікі.
– Махамбетжан-ай, кəпірмен кəпір боп қайтесің? Сөз лəмін түсінетін емес.
Бас
аман, мал түгелде ат басын кері бұрайық. Қарауылқожа екі күннің
бірінде
зікір салған бақсыдай ауыл үстін лаң қып бітті... Артың тиянақсыз
қалды
ғой, артың, – деп Жанкісі тілін түсінбесе де өршіп бара жатқан
даудың
соңы лаңға соғарын байқап, тоқтамға шақырды. Махамбеттің серт
үстінде
отқа түсетін ер мінезі өзіне аян. Айдың-күннің аманында Жəңгірге
сəлемін
бір берсе, бір бермейтін арқалы ақынға жез ілгектінің қоқан-
лоқысы
бұйым болып па? Əттең, тек қойнында заңы, қолында қаруы боп
діңкелетіп
тұр... Мыңтөбе жайлауын Исатай мен Махамбет əулетіне
бермегенімен
қоймай, хан қайын атасын айдап сап, елін без етіп, тілін
кезетіп
қойды. Қазір аяқ астынан бүлік шықса, қарға қарғаның көзін
шұқымас
. Екі жақ бірігіп өре түрегелсе, барар жер, басар тау қалдыра ма?
– Махамбетжан-ай, соңыңда көрінгеннен теперіш көріп, бетіңе қарап
отырған
елің бар. Сабыр қыл, жарқыным!
– Жəке, бас кеспек болса да тіл кеспек жоқ. Иісі қазақтың жерін өзіне зəру
қып
, қанымды қыздырғанын көрдің бе мыналардың! – Махамбеттің көзі
шоқ
шашып, қанталап, қолындағы қыл шылбырын ердің қасына бір іліп, бір
алды
. – Ел болса, елдігімді, жау болса, жаулығымды істеймін. Екіталай күн
туса
, қамсыз қалмаңыз!
– Ей, Сергей, мынаған қарағанда ұятың бар еді ғой. Үйге келген кісіге тал
түсте
мылтық кезеніп, бұл қай есіргенің? Бұлар жазықты болатындай
өзеннен
балық аулап па, ағаш кесіп пе? – Арадағы дауды есітсе керек, ағаш
үйдің
тасасынан қалың қасты, қаба сақал кəрі мұжық ақсаңдай басып
қастарына
таянды. Сергей именшектеп сəлем беріп еді, сөзің құрсын деп
қолын
сілтей салды.
– Бұған аяғындағы сарысуына ем болсын деп өзеннен сүлік теріп əкелсек те
жақпаймыз
, – деп Владимирмін дегені күңкілдеп, мылтығын арқасына
қондырды
.


– Микола, Даль деген кім еді?
– Петербургтен келген ақынның қасына ерген жолдасы. Олар қалаға жүріп
кеткен
. Түс ауа оралады. Сіздерге күтсін деді. – Микола Жанкісіге таяп,
жирен
қасқаның жалынан сипап, қазақша сайрап қоя берді. – Қария, аттан
түсіп
, үйге кіріңіз!
Манадан
бері үрке соғып тұрған жыраудың жүзіне жылы шырай еніп,
икемделе
кетті.
– Алыстан сіңір создырып, сақалымды сүйреп келгенде... Рахмет, шырағым!
– Жанкісі қолынан тастамайтын кішкене аққаптал домбырасын қыса ұстап,
жирен
қасқаны анадай жерде өсіп тұрған терекке қазықбау шалып байлады.
– Ой-буй, белі құрғыр-ай, кезінде жараулы жүйрікпен қырық құдықтың
арасын
қоссақ та қыңқ демейтін ек...
Көңілін
сап-сап тежеп, қабағындағы татау тарқаған Махамбет Миколамен
шүйіркелесіп
кетті. Бекіренің майлы етіне бөгіп, қатықсыз қара шайды
армансыз
сораптаған Дудков үйден шыға бере көлеңкеге құйрық басқан екі
қазақты
көріп, бір шекелеп, оқшырайып біраз тұрды.
– Алексей Федорович, Даль мен Пушкин мырзаның күткен кісілері келіп
отыр
, – деді Микола мынау да жағымсыз нəрсе айтып тастай ма деген оймен
алдын
алып. – Танысып қойыңыздар.
– Бұлар қалмақтар ма? – Дудков бұғағы қатпарланып, керенау ғана бас
изеді
.
– Жоқ, қазақтар. – Мұжық есіктен басын қылтитқан бақыршы балаға
одырайып
бір қарады. – Кісі көрмей жүрсіңдер ме, бар, қайтадан балық ас!
– Бəрібір емес пе... – Дудков қолапайсыздау жасалған орындыққа тізе
сындырды
.
– Бəрібір емес, мырза. Мен осында, балықшылардың қосына келгенге дейін
Басқұншақ
тұз өндірісінде қазақтармен бірге жұмыс істегем. О, бұлардың
қонақжайлығын
көрсең...
– Сонда қалай, бұратаналарда да жұмысшы табы болған ба? – Ол келіскісі
келмейтіндей
бас шайқады. – Мүмкін емес!
– Біз Еділде тұрған кемеге тұзды жеткізу үшін он сегіз топқа бөлініп, кіре


тарттық
. Соның он екісінде қазақтар жүрді.
– Ойланатын нəрсе екен. – Қойнынан алақандай сұр блокнотын суырып ап,
қарындашының
ұшын бір жалады да, жаза жөнелді...
Күн
төбеден ауып, көлеңке басы ұзара көсем жеккен қоңыраулы күйменің
тəтті
сыңғыры да құлаққа шалынды. Ау тартқан балықшылардың табысын
қызықтаған
Махамбет пен Жанкісі жанына қазақуар ақсақ мұжықты ертіп
жар
басына көтерілді. Астарсыз, жеңіл шапанын желбегей жамылған ақын
беліне
ілген қайқы бас исфаһан қылышын жөндеп, еңсесін тіктеді. Үш-төрт
мəрте
кездесіп, ішегінің қырындысына дейін сыр ақтарысқан досының
жүздесу
сəтін көз алдына əкелгендей, жұмсақ жымиды. Бұрын атаған
жолдастарының
есімін ойша сүзгенмен, Пушкин деген атты есіне түсіре
алмады
. Ақ патшадан қуғын көрген біреу ме əлде ел ардақтаған саяхатшы
ма
?.. Даль сұхбаттасса болды, өзі білмеген сөздің мəнісін қадалып сұрай
кететін
. Орыс пен қазақ еркін тілдесетін кітап жазам деді ме-ау, бір-бірін
түсінушілік
, тамырлық содан басталады деді ме-ау, əйтеуір, жанын салып
жүргені
. Пиғылың қарау болмай, түзу болса, ыммен де түсінісерсің-ау, бар
əкиет
ниетте жатыр ғой, ниетте... Күймені жел айдағандай ғып шапалап келе
жатқан
аттар жапсарласа салынған балықшылардың қосына тақап қалды.
– Пау, шіркіннің құйрықты жұлдыздай ағуын! –
Қарт
жырау жеккідегі көліктің аяқ алысы мен жыланбас өмілдірігіне риза
болып
, əдетінше сақалының ұшын қайырып, қызыл иегіне сап тістеледі. –
Сəн
-салтанатын келістірген екен сабаздар! Қоян жылы сүмбіле айында елге
келген
күбірнатыр күймемен осылай екпіндетіп жүретін. Бізге жанына
жолау
қайдан болсын? Тек қозы көш жерден көзіміз шалып қалды... Енді,
міне
, ұлықтардың өзі шақыртыпты. Бəрі сенің арқаң, Махамбетжан. Тек
жаныңа
жамандық бермегей...
Жанкісі
батасын алыстан қайырып, бетін сипаймын дегенше, күйменің
сыртына
қурайдай боп отырған форейтор бозбала ат басын үйге жетіп бір-
ақ
тартты.
Солығы
басылмаған аттар құлағын қайшылап, тыпыршып, əрең
тынышталды
. Форейтор бозбала жерге қарғып түсті де, күйменің есігін
ашып
, торғай адым үш басқышты жазды. Еңкейме есіктен алдымен шыққан
Даль
күймеге беттеген Махамбетті көргесін ішкі қуанышын ірке алмай,
күлімсіреп
, қасын керіп:


– Здравожелаю, друг мой! Келетініңді білгенмін, – деп орысша-қазақша
араластырып
көрісті.
– Ə, бунтарь ақын ба? – Пушкин цилиндр қалпағын қолына алып, қағынып-
сілкінді
.
– Ассалаумағалейкүм, Александр Сергеевич! – Петербургтік қонақ маңғаз
қалпын
өзгертпей, сыпайы бас изеді. Махамбет пен Жанкісі қатарласып кеп
қол
берісті.
– Пугачевтің екі қыс тұрған үйін қайта барып көрдік. Шаған өзенінің
бойында
қару-жарақ соқтырған ұста дүкенінің орнын таптық. – Даль
шамырқанып
жүрген
Пушкин мен жаңа танысының пейілін тосып, араға дəнекерші
əңгіме
жүгіртті.
– Алыстан келген ұлық ақынға қадамың құтты болсын деп бір-екі ауыз
шашбау
сөз айтсам қайтеді? – Жырау домбырасының басын ырғап,
Махамбетке
емеурін білдіріп еді, ыңғай танытпады.
Пушкин
мен Махамбет үй орнындай көлеңкесі бар алып бəйтеректің
саясына
жайғасқанда да сүйексіз тілге ерік беріп, шешіліп кете қоймады.
Араларында
сусыған жібек перде тұрғандай, бір-бірінің қалт еткенін көзбен
оқып
, көңілмен тоқысты.
«...Пугачевке қайдам, қазір Сібірден жер аударылып жүрген декабрист
досым
Иван Якушкинге қатты ұқсайды екен, – деп ойлады Пушкин іштей. –
Кең
иығы, еменнің иір бұтағынан ойғандай білеуленген шықшыты, сояудай
қара
мұрты мен сүйірлеу біткен иегіне жарасқан сынық сүйемдей сақалы
өзгеше
бет бітім-тұрпатты танытады. Дальдың мақтауы тегін емес екен,
можантопай
көп өлеңшінің, яки қапқаны мен шапқанын дəреже көрер
одыраңның
бірі болса, кездескеннен бері аяғыма оратылмай қалмас еді...
Далалықтарға
тəн қоңырқай көзінде ойлылық пен өткірлік қатар
шарпысады
. Жүзінде қақпау көрмеген қағілездік емес, қорған бұзар
қажырлылық
жатыр. Тек қысқа алынған қайратты шашын еңбегіне қарай
ысырған
айқасқа маңдайы ғана терең батқан екі-үш əжімді еркін иеленіп,
күн
шалмағандығын байқатады. Жо-жоқ, мұның тегі басқа, тежемі
мықты
...»
«Шіркіннің жүзі көріктен жаңа суырылған болаттай жанып тұр ғой. –


Махамбет
қарсы алдында отырған Пушкиннің өн бойына елеусіздеу ғып көз
қыдыртты
. – Құлағын сырғалығына дейін көмген бұйра шашы, ауыздан
дəметкендей
төніп кеп, сəл солға тартқан сүйір мұрны өзіне қонған. Бəкене
бойы
мен жастайынан ат үстінде өскен жандай аз-кем қоғамдалып біткен
аяғы
оғаштық танытпайды. Сұлу біткен салалы саусақтарымен шашын
əлсін
-əлсін тарақтап, қопсытып байыз таппайды. Оң қолының ортан
терегінің
ақ тырнақтан өтіңкілеу тұсы қалам қысып, жаза-жаза мүйізделіп
кеткен
бе, қалай? Шалт қимыл, ауыздығын қарш-қарш шайнап, көптен оқ
бойы
озбаса қатарда жүре алмайтын шын жүйріктің алақызба арынын еске
түсіреді
. Беу, жалған дүниеай, қай халықтың да перісі мен періштесі қоса
қабат
қойындасып жүр екен-ау!..»
– Жанкісі жырау деген ақсақалымыз. – Махамбет алқа-қотан отырғандарға
жанындағы
домбыралы қарияны таныстырды. – Қазақтың батырлық,
ғашықтық
жырларын былай қойғанда, «Қырымның қырық батырын» алты
ай
бойы үзбей айтады.
– Алты ай! Неткен ғажап жады?! – Пушкин таң-тамаша қалды. –
Өлеңдерімді
түгел жатқа білем дейтін Вяземскийдің өзі жүзін күн қақтаған
шынашақтай
қарияның жанында ойнап қалатын болды. Астыңғы ернін
қымқыра
тістеп, басын шайқады. – Нағыз феномен!
– Александр Сергеевич, Оренбургке келгелі күміс көмей талай жырауды
тыңдағам
. Таңға дейін отырсаң да жалықтырмай, мақамнан мақамға көшіп,
елітіп
, айызыңды қандыратынын айтсайшы! – Даль сұхбаттың сəтті
өрбігеніне
насаттанып, алға емініп-емініп қойды.
– «Қырымның қырық батырында» не айтылады? – Александр Сергеевич
астындағы
орындығын бір қарыс алға жылжытты. Пушкиннің сауалын
Махамбет
жырауға тігісін жатқызып түсіндірді.
– Шырағым, баяғы өткен заманда, дін-мұсылман аманда, қырық сан Қырым
жұрты
, он сан оймауыт, тоғыз сан торғауыт деген өтіпті. Солардың
арасындағы
қақтығыс, ұрыс жайында айтылатын қайран көгентүп
көнелерден
келе жатқан сөз ғой. – Жыраудың кеудесін кере «уһ» дегені
ысқырып
шықты.
– Сонда авторы жоқ па?
– О баста болса болған шығар. Кейін ұмытылып, ауыздан-ауызға көшіп
отырған
. Сондықтан басыбайлы бір кісіге телінбей, халыққа ортақ қазына


боп
саналады. – Даль Александр Сергеевичке жырдың сырсипатын таратып
əңгімелеп
кетті.
Жыраудың
оң жағында отырған Дудков домбыраны қолына алып, шанағын
балаң
үйрегімен тыңқылдатып, пернесін санады. Үстіңгі ішегіне
саусақтарын
қадап-қадап басып, шертіп көрді. Майдақоңыр үнге құлағын
тосып
:
– Ішегін неден істейсіңдер? – деді таңырқап.
– Ешкінің ащы ішегінен. Бабымен кептіре келе ширатып, иіреді.
– Құдайым-ау, ешкінің дейсің бе? – Дудков Махамбетке қарап үкікөзденіп,
таңдайын
тарс-тарс қақты. – Бұған балалайканың сым ішегін тағу керек.
Сонда
даусы күшейеді.
– Онда даңғырлап кетеді. – Манадан бері үнсіз отырған ақсақ мұжық шорт
кесті
.
– Ал ағашын қайдан аласыңдар?
– Ағаш көп емес пе, бірақ кез келгені жарамайды. Қызыл қайыңнан істелген
домбыра
былпылдап, жұмсақ əуезді келеді. Ал қарағайдан шапса, үні өткір,
шешен
шығады.
– Жайықтың бойынан ағаш кесуге рұқсат жоқ. Патша ағзамның өзі... – Жез
ілгекті
су инспекторы бұларды тосып тастар, жуан ұстар жерім осы шығар
деп
кимеледі.
– Бара-бара тіс шұқитын сынық шөңгеге де кіріптар ғып қояр ма екен? –
Махамбет
лықсып келіп қалған ызаны ірке алмай, жүзіне қан тепті.
– Мен су инспекторымен сұхбаттас болам деп келген жоқ ем. – Пушкин
сыпайы
айтса да жеріне жеткізді. Үйірімен үркітіп жіберсем сұрауы жоқ
бұратана
қазақ кім, мен кім деген астам көңілмен отырған инспектор
Дальдің
жағымсыз қабақ шытынғанын көргесін, астынан біреу жұдырықтап
жатқандай
, қипаң етіп атып тұрды да жөніне кетті.
– «Ұялмас бетке талмас жақ береді» деген. – Жыраудың ащы мысқылының
мəнісін
ұққан Александр Сергеевич тапқыр сөзге қанаттанып қалды.
– Бүгін бізбен кездесуге арнайы ат сабылтып келген мына Махамбеттің өзі
өлеңді
көзбе-көз түйдегімен тастайды. Батырлығы бір бөлек хикая...


– Біразына қанықпын. Владимир Иванович Оренбургтен Яицкіге жеткенше
осы
өлкенің тарихы мен тағдырын айтты...
– Рахмет, Пушкин, ə, кешіріңіз, Александр Сергеевич... – Махамбет аз
отырып
, бір-бірін көп сынаған петербургтік қонаққа қысылыс білдірді.
Іштей
рухани жақындықты екеуі де сезетін секілді. Назар тіктескенде
шарпылысқан
жанардың қуатты жарқылы бойларына жылу жүгіртіп, шым-
шымдап
тарап, беймəлім əсерге бөлегендей. Тіл жеткізе алмағанды ішкі
тілек
, ұмсыныс жеткізіп, оң иыққа қонған періште марқайды.
– Оқасы жоқ, ақынға ақындық таңсық емес. Жаныңда отырған дəрігер
досым
өзіңді көшпелілердің Пугачеві деді. Ел билеген ханмен екі арадағы
наразылықтың
аяғы насырға шапқанын, қуғын-сүргіннің сырын ұқтым.
Осы
текті қақтығыс қаптаған қалың халықтың да, селдір-секем жұрттың да
тарихына
енген. Олардың да өзіңмен иықтас басшысы, балапан тобыр
қосшысы
болған. Маған өз басыңнан кешкен ең елеулі деген соғыс
эпизодын
айтшы. Жырауды кешке тыңдаймыз. – Александр Сергеевич
шетіне
екі басты самұрықтың бейнесі басылған ақ қағазы мен қауырсын
қаламын
айқастырып отырған тізесінің үстіне қойды.
– Александр Сергеевич, мен Махамбетті Емельян Пугачевке ғана емес,
«Евгений Онегиндегі» Ленскийге де балағам. Соны ұмытпағайсыз. – Даль
Пушкинге
Махамбеттің батырлығы мен ақындығының арасында жік жоқ,
бір
-бірін толықтырып тұрған толағай бітім деген ишара танытты.
Махамбет
Исатай екеуінің бастауымен ішкі Бөкей ордасында соңғы екі
жылда
өткен ереуілдерді ойша шолды. Жүрегі жаудан қайтып көрмеген
Исатай
– басшы, мен – қосшы деп Аманқарадағы хан ұлымен болған соңғы
шайқасты
баян еткелі оқталды да, кері айнып қалды. Мыңға тарта қолмен
келген
қос батыр Шомай төренің жиын-терін жасағын көзді ашып-
жұмғанша
құйындай үйіріп, жерқазыққа бекітілмеген қараша үйдің
сүйегіндей
шашқан жоқ па? Бұлардың қарасын көрісімен төренің өзі
ойдымойдым
жыңғылды бассауға қып Бəйгекүреңімен безіп кетті. Ей,
Тəңірі
-ай, ұрандап қарсы шапқан кезде «Уау, атаңа нəлет, ұл тудым деп
сенің
шешең жеген қалжаны менің де шешем жеген. Келсең кел! Жекпе-
жек
, жекпе-жек!» деп тұра қап найзаласуға жарамаған жауыңмен болған
шайқасты
шайқас деу де қорлық екен. Қоянжүрек қорқақтарға кеткен есіл
атаның
күші, ананың сүті.
Жарбастауда
өткен ұрыста екі жақ намаздыгер мен ақшамның арасында


бетпе
-бет кеп, қорамсаққа қол салысты. Қалың топқа дендеп енбей, шетке
шыққанын
қағып тастап жүрген Қалдыбайдың торғайкөз сауытын бұзып,
тұщы
етіне сұр жебенің үш елі бойлап енетіні сол жолы емес пе?..
Қараңғылық
бел алып, көз байлана бір-бірін айқын басымдықпен жеңе
алмаған
екі топ амалсыз ірге ажыратты. Мұны айтудың жөні бола қоя ма
екен
? Астраханьнан көтерілісті басуға шыққан солдаттардың үшеуі сол
шайқаста
шейіт кеткен. «Əркімнің өз көйлегі денесіне жақын» деген, күнара
ақ
патшаның көзін көріп, алақан қысысып жүрген ұлық ақын мұны естісе
бəрекелді
дей қоймас.
«Алтын айдарлы, күміс кекілді Николай ағзамның əскеріне қол көтеріп,
қанын
судай шашатын көктен түскен Айсамысың, жерден шыққан
Мəдімісің
? Ортақ заңға бағынбайтын кімнен жаның артық, тегің əулие?»
десе
ше? Манадан бері өткел бермес өзендей боп тасып отырған Дальдің
көңілі
жасып қалмай ма?..
– Өткен жылдың сүмбіле айында Мешітқұмда Қарауылқожа бастаған
қарулы
топпен үш күн бойы қырғын ұрыс салдық. Ақтабанмен «Ағатайлап»
кеп
жауға тигенде Исатай батырға кім шақ келуші еді? Үбінің де ерекше
қайрат
қып, көзге түсетіні сол жолы тұғын. – Махамбет Пушкинге қараған,
əңгімеге
ұйып, қауырсын қаламын қозғамапты. Сəл үнсіздікті пайдаланып:
– Ағатай деген кім, батыр ма? – деді төгілген бұйра шашын артына бір
сілкіп
.
– «Ағатай» – ұранымыз, түпкі атамыздың аты. Жауға қарсы ұрандап шапсаң
жасық
жігерленеді, жігерлі от алады. Арқасызға жану, арқалыға қару
болады
.
– Қазақтың кейбір батырлары жауға шапқанда бетіне жылқының құйрық
қылы
байланған ай бедерлі жасыл туды көтеріп, ұрандап ат қойған. Бұл
алдымен
қаруластарын бірлікке шақырса, екіншіден, дұшпанның үрейін
ұшырып
, берекесін қашырған. Ғылымдағы психологиялық басымдық деген
осы
емес пе? – Дальдің сөзіне Пушкин мырс етіп күліп жіберді:
– Владимир Иванович, бұл айтқаныңыз медицинаға көбірек тəн шығар.
Бірақ
психология деген – тым күрделі нəрсе. Сонымен?..
– Ысқырып ұшқан оқ, күнге шағылысып бір-бірінің жүзіне қайралған
қылыш
, ағаш сабы қол күшіне шыдамай морт сынған найза, үстінен құлап
түскен
дəрменсіз иесін тастап кетпей шылбыр-тізгінін сүйретіп, оқыранып


айнала
шапқан арғымақ – үш күн бойы көргеніміз осы.
– Жаралыны қалай емдейсіздер?
– Қолымыздан бар келгені – киіз күйдіріп басу.
– Сіздер жеңдіңіздер ме?
– Жеңдік, жеңілдік деуге болмас. Екі жақ та айтарлықтай шығынмен ірге
ажыратты
.
– Айтпақшы, Мұхаммед пайғамбар мен жасыл ту жайлы əкемнен көп
естігем
, оған атам айтса керек... – Пушкиннің қауырсын қаламы ақ қағаздың
бетінде
жүрдектеу қимылдады. Даль досына əлдене айтуға оқталғанымен,
батып
ештеңе демеді.
– Соғыстан қалжырап, сусын ішкелі Торғай көлінің жиегінде отырған
Үбінің
үйіне ат басын тіктедік, – деді Махамбет қабағын қарс түйіп,
шықшытын
бүлкілдетіп.
– Соны айтшы, маған жазған хатыңда баян қып ең. – Даль дегбірсізденіп,
орнынан
бір тұрып, бір отырды.
– Келсек, ауылдың үсті азалы үн. Атаның күңіреніп, ананың жоқтауынан
төбе
құйқаң шымырлайды. Бақсақ, көтерілісті басуға Астрахань жандаралы
қаруланған
əскер шығарыпты. Қақтығыстың екінші күні жеткен солдаттар
Үбінің
үйінің үстіне құламай ма? Беліне шоқпар ілуге жарайтын еркек
кіндіктің
бəрі Мешітқұмда жан берісіп, жан алысып жатыр.
Солдаттар
ауылды жан-жағынан қоршап, оқ атып, түндік біткеннің пəрше-
пəршесін
шығарған. Сонда Үбінің бəйбішесі Ақсұқсыр емшектегі баласын
бесігімен
көтеріп алып, қол бастаған поручиктің атының алдына əкеп
қойыпты
.
– Вот, дура! – деді Дудков.
– Ол нені білдіреді? – Пушкин қаламын тежеп, басын жұлып алды.
– Ауылдағының бəрі осы сəби секілді дəрменсіз. Дəрменсіз елге қару
жұмсап
, оқ ату берісі – бейшараның ісі, əрісі – масқаралық. Қатын-баламен
жауласқан
– өздеріңе сын деген белгі.
– Е, шырағым-ай, ол іргесі сетінемей тұрғандағы атам қазақтың ғадеті ғой.
Оны
бұ күнде кім ескерген? – Жанкісі сақалын саумалап, басын шайқады.


– Ал поручик мұны қалай түсінген?
–Қалай түсінгенін кім білген, қынабынан қылышын суырып ап, бесікті қақ
ортасынан
бір тартыпты.
– Нəресте ше? – Пушкин орнынан атып тұрды.
– Кіндіктен екіге бөлінген.
– Какая дикость?! – Дудков отырған күйі қопаң ете түсті.
– Міне, біздің жеткен жеріміз! – Александр Сергеевич ышқынып əлдекімге
саусағын
безеді. – Міне, біздің обал-сауап, қанағат деген ұғымға
көзқарасымыз
. Міне, біздің бүгінгі аз ұлтқа деген саясатымыз. – Қолындағы
қалпағын
орындығына атып ұрды. – Міне, міне!.. Бұған қалай қарайсың,
Владимир
Иванович? Жə, айтпай-ақ қой, сені мен менің пікірімде тұрған не
бар
? Патша Ұлы Петр ағзамның тарихын жаз деп мені Петербургке
алдырды
. Жазам! Өйткені ол орыстардың орыс екендіктерін есіне қайта
түсірді
. Көзін ашты, тəрбиеледі. Сол үшін де рахмет! Ал Николай Бірінші
мен
оның айналасындағы жандайшаптар қарамағындағы елге, жерге қара
тырнақтай
ықырам қылып па? Жо-жоқ, қателесесіз. Ол жайлы кім жазады?
Оны
Аракчеев сынды малайлар құрметтеп, Долгорукий тəрізді француздың
айына
1 қызған ақындар қасида2 арнар. Ал менің жөнім бөлек, арым таза...
Жазсам
, тек зұлымдығы мен бақай есебін... Басқаны былай қойғанда,
декабрист
достарымның дарға асылып, Сібірге айдалғанын өз көзіммен
көргенмін
. Лунин, Якушкин, Муравьев!..
Қайғылы
, тұнжыр Якушкин,
Патшаның
қанын тілейтін.
Қанжарын
үнсіз білейтін,
Жан
қиып орыс халқы үшін.
Ашу
кернеп, буырқанған Пушкин «Евгений Онегиннің» соңғы тарауынан
үзінді
оқып кетті.
– Сабыр етіңіз, Александр Сергеевич! – Даль орындық ұсынып еді, ақын
қолын
бір сілтеп, ерсілі-қарсылы жүріп кетті. Бəйтеректі сырттап шыққан


Дудков
сұр блокнотына қайтадан қалам жүгіртті.
1 Ай – шарап түрі.
2 Қасида – мадақ өлең
...Қонақтардың келу құрметіне қаладан арнайы алдырған ондық шамын
ақсақ
мұжық тұтатып, маса кірер деген қуыс-мүйістің бəрін бітеді.
Петербургтік
ақын манағыдай емес, өзен бойына серуендеп келген соң
көңілі
сергіген. Пугачевтің Жайықтан соңғы аттанысын дəрігер досынан
тəптіштеп
сұрап, қағазға түсірді.
– Яицкідегі нақсүйерін «Менің Клеопатрам» деп атайды екен, – деп
таңданып
, бас шайқап қойды.
– Өзі жалған болса да Ресейдің патшасымын деген соң, нақсүйерінен
айдалада
жатқан Мысыр елін аясын ба?
Даль
досын көтермелеп, дастарқан жиналғанша біраз жайттың басын
шалды
.
– Ендігі сөзді жырау алсын! – Микола жергілікті халықпен көп
араласқандығын
танытып, стол басында қатар отырған Жанкісі мен
Махамбетке
зейін аударды. – Баяғыда, Еділге тұз тасып жүргенде, арамызда
домбырасын
тастамайтын мына форейтор секілді жұқалтаң жас жігіт
болды
. Шаршап кеп қоналқыға тоқтағанда бөз көйлегінің жеңін
шынтағынан
асырып шиыршықтап жіберіп, кешкі тымық ауада, ой,
əуелетеді
дейсің! Əсіресе, «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырын айтсаңшы!
Күн
ұзақты шаршағаның зым-зия жоғалып, құйрығын теуіп ойнаған
құлындай
боп шыға келесің.
Миколаның
сөзіне ризалық білдірген Махамбет жырауға қарап:
– Жəке, өнер шіркінді ортаға тастар сəт туған секілді. Қалай, бабыңыздасыз
ба
? – деп қалды.
– Балығы түскір ішіме жақпай қылпылдатып отырғаны... Жə, Қозы мен
Баянды
айтайын. Оның ғашықтық жайлы хикая екенін достарыңа өзің
тігісін
жатқызып берерсің, – деп жырау кішкене аққаптал домбырасын


қолға
алды. Үйдегілер бөгде əңгімеден тыйылып, бəрі қарияға ынта
қойысты
.
Жанкісі
домбырасын жырдың мақамына лайықтап, құлақ күйге түсіріп,
тамағын
кенеп, аз-кем отырды да, «Ей-й!..» деп əуелетіп бір көтеріп, таудан
тас
домалатқандай барған сайын екпін алып, шумақты топ-тобымен
тастады
:
Сарыбай
өзі мерген маралды атқан,
Маралға
ит Қарабай дінін сатқан...
Қағаз
-қаламын сайлап алған Пушкин жанында отырған Махамбеттің
құлағына
асыға сыбырлады:
– Маған осы жырдың мазмұнын айтып отырсаңыз...
– Мен де көмекке келейін, – деп Владимир Иванович Дудковпен орын
алмастырып
, жақындай түсті.
Маңдайы
жіпсіп, қолтығы қызып арқаланған жыраудың жырға дендеп енген
сайын
даусы ашылып, саусағына көз ілеспей, перне бойлап жүгірді.
Сарыбайдың
алкеуде аңғалдықпен буаз маралды атып, қаһар оғы тиіп
тұралап
жатқан сəтіне келгенде бəсеңсіп, иіп кетіп, Қарабайдың
дүниеқоңыздығын
баян қылатын тұста үнінен ашу теуіп, кіжінуі
тыңдағандарды
еріксіз елітті, қапысыз құштар қылды.
Қареке
-ау, бай екенсің сөзің шалыс,
Екеуміз
жапан түзде болдық таныс.
Орнымнан
үш ұмтылып тұра алмадым,
Мылтығың
тиді маған алты қарыс.
– Уа, пəлі! – деп Махамбет даусын көтеріп, аттанға қиқу қосқандай дем
берді
. Алғашқысында саңқ етіп шыққан оқыс үннен селк ете түскен Дудков
бойын
тез жиып:


– Карабай – настоящий предатель, – деп салды.
– Сатқындар заман таңдамайды. Қай кезде де жаныңнан табылады, – деді
Владимир
Иванович елеусіз қып.
– Қарысты қалай түсінуге болады? – Пушкин қаламын тежеп, Махамбет
пен
Дальге алма-кезек қарады. Ақын қапелімде баламасын таба алмай
мүдіріп
, столдың үстіне оң қолымен қарыстады. – Міне, осының алтауы.
– Түсіндім. Сарыбайдың мылтығының ұзындығы бір метр жиырма
сантиметр
екен. Ұсталар қолдан соққан шығар?
– Қазақтар қолдан соққан мылтықты күлдірмамай деп атаған.
– Күлдірмамай? – Александр Сергеевич жауап тосып жатпады, жаңа парақ
ауыстырып
жаза берді.
Жанкісі
жырдың өрмек жүзі ауғасын əбден бусанып, ақ шалмаған қалың
қара
қасын жар қабағының үстінде алма-кезек тулатып, домбыраны
шиырып
жіберіп, ойнатып қағып алып, құмар машығымен тəнті етті.
Қарабайдың
жетім ұлға қыз бермеймін деп жөңки ауып Шуға, одан тиянақ
таппай
Аягөзге асқанын, оған Қодардың киліккенін тізбелеп кетті.
Жас
құлыным қырылды тамам, Қодар,
Бір
су тауып бере гөр маған, Қодар.
Сен
шөлдетпей малымды алып өтсең,
А
y Баянды беремін сағған, Қодар...
Баян
сұлудың басына бəс тігілген тұста Даль Пушкинге сыбыр ете түсті:
– Александр Сергеевич, жырдың осы арасы «Евгений Онегиндегі»
Татьянамен
мұңдас. Ленский Қозы емес пе?
Татьяна
қызыy тұс көрді,
Көрмеген
тіпті еш бyрын.
Т
yсінде зəрлі іс көрді,


Келеді
түзде кешқyрым.
– Өзіңіз ойша салыстырыңызшы.
– Дəл солай! – Манадан бері жуасып отырған Дудков өлшемей бір-ақ кесті.
– «Евгений Онегиннен» гөрі өзге аңызға келеді. Кейін айтам. Əзірге аудара
беріңдер
. – Жырдың аса шебер өрбіген оқиғасы қиялын тербеп,
шабыттандырып
, құмарлығын оятқаны сондай, ақын сегіз парақты тез
толтырып
тастағанын сезбеді.
Жырау
Қозы мен Баянның шаһит кететін жеріне келгенде өз-өзін ұмытып,
əдетіне
басып құйрықпен жылжимын дегенде астындағы орындығынан
ауып
кетіп
, қайта тіктелді. Сол екпінмен аяқтап шыққанда үй ішіндегілер біреу үн
қатса
тəтті лəззаттың шырқын бұзардай демдерін ішіне алған күйі тым-
тырыс
отырып қалды.
– Шығыстың қызуқандылығы мен қиялға бай ғажайып əлемін жаңа
көргендей
болдым, – деді Пушкин терең күрсініп. – Ғажап! Ғажап деу аз.
– Ешкінің ішегінің мықтысын көрдің бе? – Дудков күндізгі айыбын жуып-
шайғысы
кеп екі иығына басын тербеді.
– Александр Сергеевич, бұл жырды сіз қай аңызға теңедіңіз? – Дальдің
есіне
досының манағы сөзі түсті.
– «Ромео – Джульеттаға!» Тек қана соған! Жыр мен аңыздың өрбіген ортасы
əр
түрлі болғанымен, кейіпкерлері мен оларға жасалған бақастықтар мен
қысастықтар
өте ұқсас. Ал түйіндеуі ше? Нағыз халықтық мұра дегеніміз –
осылар
. Феодалдардың рухани кемтарлығы қандай шынайы суреттелген?!
– Сіз де «Евгений Онегинде» дворяндар ортасының құлдырау сырын
ашпайтын
ба едіңіз?
– Оған да келісуге болар. Мен Петербургке оралғасын осының желісімен
жаңа
өлең-роман жазамын. Ал сіздер осы жырдан маған қай кейіпкердің
сомдалуы
ұнағанын білесіздер ме?
– Баян, – деді Даль.
– Қозы. – Махамбет алға ұмсынып қалды.


– Сарыбай. – Дудков үстінен дөп түстім бе дегендей, бетіне қонған аш
масаны
үлбіреген алақанымен дыбыс шығармай ұрды.
– Жо-жоқ, таппадыңыздар. Ең ұнағаны – Қодар. Жауыздықтың бет-бейнесін
осыншама
терең аша білген халық жақсылықтың нарқын неге білмесін?!
Е
h!.. Таза ауамен тыныстағалы сыртқа шыққанда жаздың торғай
шырылындай
қысқа таңы құланиектенген екен. Суаяқ жел құлағынан басқа
құны
жоқ жапырақтарды аң-таң қалдырып, күндізгі көргенбаққанын баян
етіп
жатты. Түнімен балығы тайдай тулап, бақасы қойдай шулап шыққан
Жайық
батыстан ескен желді елемегендей бетіне толқын көтермей, бейжай
қалыпқа
түскен. Иесін танып, түнімен қаңтарулы шыққан қос ат басын
шұлғып
, оқыранып қоя берді. Балықшылар төсегінен ерте өрген екен,
баркас
қайықтарына отырып, кеше кеш құрып тастаған ау-құралына қарай
су
бетін ақырын сызып барады.
– Түскен балықты Рыковтың қабылдау пунктіне өткізіңдер, – деді Микола
даусын
көтеріп. Сосын менің міндетім осымен бітті дегендей, жатып-тұрып
ақсап
қыр басына көтерілген Махамбеттердің соңына ілесті.
– Өзен бойының түнгі ызғары шығар, бойымды салқын қармап қалыпты. –
Дудков
уысын толтырып бір сіңбіріп тастады. – Үйге барып бақыршы
баланы
оятып, шай қойғызайын...
Ертеңгі
шайдан соң түнгі ұйқы петербургтік ақынды қыспаққа алды. Енді
демалмаққа
əркімнің ойы ауа бастауы сол екен, сыртта байлаулы тұрған
қаракердің
кісінеп қоя бергені. Артынша-ақ:
– Батыр аға, ақын аға! Сөйлесетін кім бар-ау? – деген балаң дауыс естілді.
Домбырасын
жанына сүйеп үнсіз отырған Жанкісі жырау:
– Мынау Əділжанның даусы. Апырым-ай, тыныштық болса жарады, – деп
дегбірсізденді
. Түгел есік алдына шыққанда топ адамның ішінен
Махамбетті
көрген хабаршы бозбала əбден ақ тер болған атынан домалап
түсті
.
– Жүрісің жай емес қой, жарқыным? Ел-жұрт аман ба? – Махамбет жайсыз
нəрсе
естірдей қаңтарулы тұрған қаракердің шылбырын шешті.
– Қарауылқожа жандаралдың əскерін ертіп елге шығыпты. Көздегені өзіңіз
бен
Исатай көкем болса керек. Хабарды ести сала арттарыңыздан атқа
қамшы
бастым. – Таңдайы кеуіп қалған екен, ерніне қыстырған екі-үш тал


қылды
алып тастап, бақыраш толы суды басына көтерді. – Түнгі салқынмен
жетейін
деп асыққаным...
– Жəке, аттанбасақ болмас, – деді Махамбет серігіне қарап. – Александр
Сергеевич
, біздің тірлік осы. Суыт келіп, суыт кеткеніме ғафу етерсіз! Еркін
сырласа
да алмадық. Ат үстінде туып, халықтың қамын жеп ат үстінде жан
беретін
шығармыз. Басы қайырусыз, аяғы жиюсыз жатқан жұрт едік, қазір
де
қыспақтың түрі көбейді. Оны мына тұрған дəрігер досыңыз жақсы біледі.
Қолыңыз
ұзын ғой, құлағында кетсін деп жатқаным. Владимир Иванович,
біздің
жаққа оң көзіңізді сала жүрерсіз! Ал, қош!
– Дегеніңе жет, шырағым! – Жырау атын қамшылап жіберді.
– Қош болыңдар, – деді үш аттының соңынан көз алмаған Пушкин терең
ойға
шомып. – Қош бол, Махамбет!
Өзен
жақтан балықшылардың:
– Раз, два, взяли! – деп ау тартып дауыстағаны ойын бөле бергесін, жанына
Дальді
ертіп, ертең мен шыққан қыр басына қайта көтерілді. Көз ұшында
қаракер
айғырымен сар желіп бара жатқан Махамбеттің бойында өзіне де
беймəлім
бір қасиеттің кетіп бара жатқанын сезіп, ұзақ телмірді.
Қоңылтақсып
қалған көңіліне дəру іздегендей жан-жағын қарманды.
– Ол – халқының ақыны əрі қамқоры, – деді Даль басын изеп.
– Иə, мен де ақынмын, бірақ халықтың қамқоры бола алдым ба? – Сосын
Петербургте
өткен сонау жылғы дүрбелең есіне түсіп, аузына өлең ілінді:
Мы
вольные птицы, пора, брат, пора!..
ЖАЙЫҚ
ЖЫРЫ
Жазушы
Мереке Құлкеновке арнаймын.
«Не суди да не судим будешь».
(христианская заповедь)


Еңсегей
бойлы, аққұба жүзді, оң жақ бетінің ұшында бармақтай қалы бар
теңге
мұрт шал аяқты жай тастап, Жайық жағалап келе жатты.
Таусылмастай
көрінетін қызылды-жасылды тірліктің қым-қуыт базары
тарқап
, өмір-керуеннің қоналқысына тақап қалған жанға шымшып қашар
ой
əуес. Сол ой шіркінің де, қаншама түпсіз болса да, кешкен ғұмыр, татқан
дəм
, көрген-баққаныңның маңынан қазықтаулы аттай кібіртіктеп шыға
алушы
ма еді? Өткен күндер елесі қос тепкіге алып діңкелетіп, безгектен
бетер
дертке айналғанда осы Жайықтан сауға тілеп келмеді ме?.. Аты-жөні
жоқ
кеселдің аттай шауып, атандай желіп тұрғанда емес, басың ағарып,
көзің
қарайғанда жармасқанын айтсаңшы! Жарықтан қашып, түн жағалап,
мысықтабандап
келер жымысқы пəлекет талықсып, кірпік қамаспай калған
шақта
кəрі кеудеңе мініп қыспаққа алар. Қамшының сабындай ғұмырда
бəзбір
пендеге көрсеткен қиямет-қайымың, жөргек иісі танауыңды
тұщытқан
ұрпағыңның жатырына тартып жатсырап кеткені – бəрі-бəрі
еселеніп
келіп жаныңды шабақтап, бастағы құс көпшік, үстіндегі мамық
көрпемен
алыстырар. Жаныңдағы үйген көңдей боп жатқан үкікөз кемпірің
күңкілдеп
, жамбаспен жорғалай аулақ кетер. Алакөбеңденіп тұрған терезе
пердесінің
шетінен маңдайы қатпарланған, беті көкпарланған бір сұрқия
мүсін
сығалап тұрғандай иманүрейіңді ұшырар. Таң алдында талып барып
тыншығанда
баяғы Тамара сұлудың: «Енді айғыр боп кісінеп секірші», –
деген
жалыныш һəм сүйсініске толы сайқал үні, енді бірде Никита
Максимовичтің
даусы беймезгіл шақырған байғыздай боп құлақ түбінен
сұңқыл
қағар...
Бұл
жан пірім сəт жыл сайын теңге мұрт шалға алыстағы Жайық
көктемімен
бірге келіп, қоса кететін. Кеткені құрысын, кеудеңе жылдар
бойы
мысқалдап жинаған қымбат қазынаңды тонап жоғалғандай көңілің
құлазып
, басың кеуектеніп, сең соққан балықтай далбаса ұрып қаласың.
Теңге
мұрт шал бір жұма бойы жағасын тынбай кезді екен, көзін сатып
телміріп
қарады, кəрі жүйкесін босатып тебіренді екен деп ағысынан
жаңылған
Жайық жоқ. Ұлы өзен суы толқын боп көтеріліп-басылып,
үстіндегі
желдің, астындағы ағынның екпінімен сырғи-сырғи мың сан тілге
айналып
, жағалаудың қос кемерін жалап кеміреді кеп. Шабдар бұлттың ара-
арасынан
құлаған күн сəулесі шашырап кеткен сынаптай жылтыл қағып, су
бетінде
құмары қаңбақ ойнайды. Ертеңді-кеш шабақ аңдыған теңіз
шағаласы
да мігір табар емес, қос топшысына дейін суға батып кетіп, істік
тұмсығымен
анда-санда сынық сүйем жемін тыпырлатып іліп шығады. Бірі


олжасын
ала қашып, қалғаны шаңқылдасып, қанатымен қағысып дүрелей
қуады
. Өзеннің бергі жағалауына байланған кеме үстіндегі жаздық жайдақ
рестораннан
музыка төгіледі. Қаныңды қыздырар, арқаңды қоздырар
құдіретті
саз. Бас сұққан сайын ішкенге мəз, жегенге тоқ жат ұрпақтың
уайымсыз
дырдуынан байыз таппай тезірек шығып кетеді. Бұл өңірдің
тумасына
түр-тұлғасы келмейтін шалдың екі жүз грамм, бір кеспесіне
көніп
алған жалқын сары даяшы келіншек те көп тостырып, зарықтырып
көрген
емес. Толқын санағандай өзенге мойын бұрып алып, торғайбас
қорқорын
баппен соратын мұның бір қырын үнсіз көзқарасынан
қаймыққандай
сүтті інгеннің өркешіндей тепсініп тұрған қос омырауын
дірілдетіп
, лыпып тұрады. Есеп айырысып жатып имене жымиып, ізет
білдіргенсиді
.
– Сіз əскери адамсыз ба? – деген бір жолы.
– Иə. Отставкадағы полковникпін, – деген бұл көзінің қарасын молайтып.
– Ым... Есіміңіз?
– Тайжан.
Басын
тіктеп көтерген, кеудедегі бір-біріне еркелеп тұрған екі өркешті емес,
аяқ
басқан сайын алма-кезек билеп бара жатқан егіз мықынын аңдап қалды.
Баяғы
Тамарасы түскір де осы таразы табағындай теңселген пəлесімен
талайдың
ындынын құртып, сорына шыққан. Бір құрбандығы Никита
Максимович
-ті... Бір-бірін жалмап жұтып жатқан Жайық толқынындай
болған
жылдар-ай...
Танаудың
суағар жолын көздеп кеп қона қалған теңге мұртын бас
бармағымен
əдеттегідей бір сипап, орнынан баяу көтеріле берді.
Калининград
жерінде əскери қызметте жүргенінде бір қазақ жазушысын
жолықтырған
. Ұзын бойлы, қарасұр келісті жігіт шашы желкесіне төгіліп
тұрып
не деп еді? Бет-жүзіңе қарамай кесіп сөйлер неме екен. «Пəнде
азапты
қолдан жасап алып, өз ойымен өзі арпалысып өтуге құштар. Өтірік
күліп
, жалған жылап, уһілеп жүріп бар ғұмырын тауысып бітеді», – деген
мұның
құрметін көріп отырып. «Бейшара бала көп оқып, миы ашып кеткен
екен
, қияли адамнан дені дұрыс əңгіме шыға ма?» деп түйген сонда бұл.
Құдайы
күлшедей екі елі кітабын сыйлады. Нəті бөлек үкікөз əйелінің
алдында
жерлесінің базарлығына көңілі толып, тырна сирақ фужерді қысып
ұстап
, құлаштап кеп мақтаған. Əлгі жалбыр шаш інісі: «Мақтау деген


адамдардың
арасында жүре беретін қарыз ақша секілді, берген екенсіз,
алдым
. Ретіне қарап кері қайтарармын», – дейді міз бақпай. «Қатын-
баламның
алдында мəртебемді көтеріп, қолма-қол неге қайтармайсың, иттің
ғана
күшігі-ай? – дегісі келген іштей булығып. – Аузыңнан шыққан жел
əкеңнен
қалған мұра ма, соншама бұлдайтындай?!» Енді ойласа, құлағына
ұя
сап қалған «я тебя обажаюдан» гөрі биігірек, жас та болса шерлі, тұйық
та
тұңғиық екен сол бала.
Алыстан
тақасына мініп келгенде ішегінің қырындысына дейін ақтарар,
арқалаған
азапты ойдың салмағын бөлісер тым құрығанда аузы икемді жан
таппағаны
несі? Жазушы, шіркін, қоштасып жатып:
«Жайық бойын жақсы білемін, кісісі көп те, адамы аз», – деп тағы бір
жұмбақ
айтқан. Қызып қалды деп ойлап, бұл қитықса да үндемеген.
Бəтір
-ай, кісісі не, адамы не, айырмасы қайсы? Бəлкім, бұл бұ жолы да
жаңылысқан
шығар.
– Ей, көшір бала, бармысың? – деген таңсық үн өзен бойлаған теңге мұртты
шалқасынан
кетіре жаздады. Алақтап айналасына қараған, үркіп қашып
оқшау
тұрған жалғыз-жалғыз қайыңнан, шабаққа таласып шаңқылдасқан
шағаладан
өзге ошаң еткен ешкім жоқ. Шеке қыздырған күн сағат санап
сырғып
, батысқа аунап барады. Тұла бойына енген ұсақ-ұсақ діріл соңы
тізені
дірдек қақтырған қалшылға ұласып, сана түкпірінен сарғайған
суреттер
тіріліп, қозғалысқа енді. Көз алды мұнартып, кең жол дəптердің
сызығындай
боп жатқан ирек-ирек толқындар бірде бірігіп, қайтадан
пышырап
, жан-жаққа қашып байыз табар емес. Жастық пен кəріліктің
ортасындағы
өмір сызығымен ойдан қырға шапқылаған ойдың табаны
мұндай
сырғанақ болар ма, иелік ете алмай сансырады. Алла атын атап ес
жиғанда
ішкі тылсымын қопарып кете жаздаған бұл дауыстың өзгеден емес,
торғай
адым жердегі өзеннен шыққанын аңғарды.
– Армысың, Ақ Жайығым? – деді сосын кібіртіктеп. – Баяғы көшір балаң
өзіңе
көріскелі келді. Сағынып...
– Жалған сөйлеме, ұлым! Сағынған адам менің кəусарыма алдымен
балтырын
емес, ғазиз басын шылар еді. Сен болсаң көсілтіп салып... Ой,
рақат
-ай деп...
Теңге
мұрт шал өзінің келген бетте-ақ оңбай сүрінгенін, жазығына бір жеті
бойы
тызақтап жанын жидіткенін сонда барып түсінді.


– Жə, көшір бала, бозбас кезінде қос ат жеккен күймемен Жайықтан көктей
өтіп
, жұлдыздай ағып жоғалғанның басы сен емес, аяғы да өзіңмен бітпес.
Түбі
бір келеріңді, менен медет тілеріңді білгенмін.
Жайық
толқынын қуалап қайтадан күн сəулесі ойнады.
– Əне, тынбай жүзіп жүрген адам басына зер салшы. Жағалаудан құрық
сілтем
жерде əбден сарысүйек болған, қос көздің алақандай ұясы үңірейген,
кеңсірігі
соқыр тышқанның ініндей сəңірейген, жағы тұтас, бірақ тістен ада
кісі
басы толқыннан толқынға секіріп
жүзіп
келе жатты.
– Біреулер мұны Сарайшықта жерленген Бату ханның басы десе, екіншілер
атақты
большевиктің кəллəсі деп таласады. Мейлі ғой. Қыс кəріне мініп,
мұз
буыны бекімей бұ шіркінге мігір жоқ. Жан иесі кезінде Жаратқан ием
алдында
кетпес күнəкар атанған ба, қайдам, күндіз өрге, түн баласы ылди
теңізге
құлап, ерсілі-қарсылы жолаушылайды да отырады.
– Апыр-ай, ə? – Отставкадағы полковник сипайын десе мұрынның суағар
тұсына
кеп қонған теңгесін таба алмай абдырады. Ішін ірітіп бара жатқан
дірілді
тағы да басқысы кеп, күрсініп қап бас шайқаған. Мойны түскір
тіреуіш
болмай былқылдап, қалтақтап кетті.
– Пəнде деген осы. – Таңданба! Сен де құлатөбелдің бірісің.
Мұны
айтқан Жайық па, жоқ, əлде тұсынан жүзіп бара жатқан сары кемік
бас
па, баяғы көшір балада оны бағамдар дəрмен сарқылып еді. Жарты
жаһанда
ат тұяғымен əшекей салған, қарсы кеп қару кезенгенді қамыстай
орып
, қоғадай жапырған Шыңғыс ханның немересіне ақырғы иек қағым,
жантəсілім
сəт Еуропа мен Əсияның еншісін жыртып-айырып бөліп жатқан
ұлы
өзеннің бойында жолыққан. Ғұмыр бойы ат жалымен арпалысқан
Батудың
қолы ауаны қармап, дем жетпей, көкірегі сырыл күйін ойнап жатып
Ұлытауды
мəңгілік қоныс еткен əкесі Жошы, Шыңғыстаудың сызды тасына
жамбас
төсеген атасы ұлы Қаһан, көкжиектің ар жағында қалған
Қарақорым
, мынау фəни дүниенің ойнақылығы жайында шерлі зарын төкті.
Шықпас
дейтін шыбын жаны өрмекшінің торына шындап қамалғанын
біліп
, сай-сүйегін мүжіп кемірген ішкі құсасын батпандап ақтарғанда,
талайдың
көз құртын домалатқан шаһардың алтын айшықты, күміс белбеулі
салтанаты
асқан төрт қақпасына дейін уəзірлер мен салалы саусақтары
саздауға
біткен құба талдай майысқан бақсы-құшынаштар шапанының


етегіне
сүрініп омақасып, сəлделеріне ие бола алмай қалды. Бірінің мəлике
жүзін
бірі тырнап жыртып, қан жоса болған гарем толы күйітті қатын қатты
бұралған
домбыраның ішегіндей шіңкілдеп қалған əтектерге қайырту
бермей
кетті деседі жылнамашылар. Айбатынан ай бұғып бұлтқа
жасырынатын
хандардың өзін қақпақыл қағып, бір қауызға сыйдырып
жіберетін
құдіреті күшті Алла əмірінен үстем не бар?
– Уақыт деген осы.
– Қателесесің. Уақыт емес, шексіздік де.
Қолындағы
қорқоры адасып жүріп, аузын əрең тапты. Большевик болса
болған
да. Бостандық деген ғайыптан шыққан дуалы сөз кеуделерді
қарашаның
желіндей кернеп, кімді желіктірмеді? Ышқырында биті бар əке
– бай-құлақ, бала – кедейсоқ, аға – ақ, іні – қызыл, өзге-өзге – бір
шаңырақтың
астынан, ортақ көрпенің ішінен өріп шыққан бір тұқымның өзі
жік
-жік боп алакөзденіп, əлі жеткеннің өңірі мен сақалынан сау-тамтық
қалдырды
ма? Оқыған зиялы – жау, иман үлестіріп жүрген молда-ишан –
дұшпан
, сонда кім дос еді бұл маңдайының соры бес елі қазаққа? Түрме
есігін
теуіп шыққан, еркіндіктің емшегін қақтап емгісі келген, сөйтіп, осы
елді
қауға тиген өрттей отаған қызыл атанған өңшең бұзақы ма? Е-е, ағың
не
, қызылың не, жасылың не, қайсысына шомылсаң да сыртқы бояудың
жылтырақ
түсі ішкі болмысыңмен үндесе алмаған соң бəрі əдірам екен.
Жарлының
таңдайын ағартып дəулетті етемін деп емес, керісінше, байды
баудай
қырқып, тұқыртып, қаратабан кедей-кепшіктің қатарына əкелем деп
басталған
төңкерістің ниетінің өзі қарау-тын. Осыған зер салып, дер кезінде
мəу
деген даусы жуан бір төбет табылды ма? Табылған. Бірақ замана желі
ұйтқып
соғып, оларды бір уыс топырақтай жан-жаққа шашқан. Демек, бар
байлам
атып-асуда емес, керт басымыздың кісілігінде екен. Теңге мұртыңыз
да
уағында табадағы шоқтай қып-қызыл еді, оңғақ неме екен... Екі қапталын
бекіре
балықтай жайпаған асау шақ алыстап қашып, кəрі кеудесі, нəлеті, күн
жеп
қаңсыған ағаш бөшкедей дүңгірледі де қалды.
– Көшір бала, сыр аш, сөйле!
...Ат құйрығын түйіп қашса-ақ, мылтық көмейіне күс пытыра құйын қуса
қызыл
атанған, адам түсінбес аласапыран. Еділ-Жайықтың қаусырма
құшағында
жусаған нəті жуас ел үшін қай-қайсысы да айықпас жұт, ақкөз
əпербақан
. Қашқаны да сор, қуған да сор. Бірінің тілерсегін бірі теуіп келіп,
ат
-көлік, атау кересін алып, қатынды қайтармалап, қырық үйден əрең тыю


көріп
отырған қызы түскірді қылмыңдатып өтеді...
Иə
, сол бір жыл құсын күткен ерте көктемде Еділді қызыл, Жайықты ақ
иемденіп
, екі өзеннің ортасындағы кең көсілме жазық табан тіреп ырғасқан
майдан
даласына айналған. Сəуріктерге күн бермейтін мазасыз айғырдай үй
үстін
ала шапқын қып біткен жаттан иіні ығыр болған ел түйе қомдап суыт
көтеріліп
, Ашақ пен Қошалақтың иесіз құмына батып кетіп жатты. Қашқан
жұттан
құтылғанмен, қалақ басты еркектана қой құмалағындай
қорғасыннан
құтылмайды екен. Ағы қол ұшын бермедің деп, қызылы
қатарымызды
толтырып, тебінгі тіресіп тұрмадың деп, небір жазықсыз
бейбақтың
жемтігіне құзғын қонған. Əр қазанға бір көз сатқан бос мойын
иттей
былқылдаған саясатыңды қай қараңғы қазақ басына езіп жағыпты?
Ұзынқұлақтан
ақ патша тақтан ауып, «ханталапай» болып жатыр дегенді
еміс
-еміс еститін.
Бірақ
онысы əркімнің жорға өсегінен аспай, мықтаса ояз аттан құлап аяғын
сындырыпты
деген лақаптың деңгейінде жатты. Төңкерістің қызығын
көрмеді
, бұларға қырғыны келді. «Сауға», «Жан сауға» десті бықпырт тиіп.
Айналасында
қарасыны жоқ тұлдыр жетім Тайжан бір мүшелге үш жасты
санап
қосып тұрғанда делбе ұстаған көшір атанды. Тауқыметтің қамытын
жалы
жығылып қалған аттан бұрын киген мұның тай тепкен тайқы
маңдайына
көшір болғанда да ақтың полк басшысы, өзінен небəрі он шақты
жас
үлкен Никита Максимовичтің жанторсығы болуды жазыпты.
Никита
Максимовичі аяқ асты күш алып, артынша тымып қалатын бұқпа
соғысқа
басы бүтін кіріп араласпайды. Тек ара-тұра аузынан: «Іңір
қараңғысында
ананы шап, таңның тəтті ұйқысында мынаны тырп еткізбей
бас
! Қолға түскен дұшпанның иығы зерлісін май құйрықтан теуіп
жортақтатып
алдыма əкел! Қалғанын, иманын айтқыз да, жерге көм, суға
ағыз
!» – деген қысқа-қысқа əмірі естіліп қалады. Бұйрығы күзгі найзағайдай
шартылдағанмен
, өзі уызына жарымаған тоқтыдай жаңғалақ. Əйтсе де,
істіктеу
мұрын, жасыл көз, қысқа қиылған сары балапан шашы əскери
киіммен
біртүрлі үйлесім тауып, қармаққа шаншар еті жоқ шынжаулығын
жасырып
, сымбаттандырып тұратын. Ал мінезін пəнде баласына бермесін,
бірде
мүйіз, бірде киіз. Езуіндегі күлкісін жия алмай жатып қамшы үйіріп
жіберуі
– қас пен көздің ортасындағы шара. Жар басына қонған жапалақтай
боп
үнемі күйменің алдында ат құйрығын иіскейтін мұның сол екі арада көк
желкесіне
жұдырық ойнап, жон арқасына төрт өрме қамшы да жауып
үлгереді
. Көп шатақ шүлдірлеген кəдімгі жез қоңыраудан шығады. Майдан


даласын
шет жағалай, сипай аралап жүргенде көшірдің жанқалтасында
жататын
қоңырау Жайыққа бет бұрып, Үйшікке өтерде қос аттың
ортасындағы
арыс ағашқа байланып, қыз күлкісіндей тəтті сыңғырымен
айналасын
арбап келе жатуға тиіс. Тіпті қала тұрмақ далада да қарсы
кезіккен
бейсауат жүргіншілер: «Ойбай, қоңыраулы күймемен төре орыс
келе
жатыр», – деп жолдан үрке қашып секиіп тұрмаса, Никита
Максимовичтің
ішкен асы – харамның есебі. Мұндайда денесі қызып, өзара
омырау
жарыстырған жүйріктерді дереу тежеп, домалап түсіп, қоңырауды
байлай
алмай қалатын көшір байғұс жазықты. Бірер мəрте тепкінің күші ат
сауырын
құштырып, оқыс үріккен жануар сыңарезулеп шауып, былқылдақ
күйме
шоқалақ санап секіріп, үйелеп жатқан төре орыс төбесін ұрып шырық
қашқан
.
Əсіресе
, көзқыспасы бар Үйшіктің əзəзіл сұлуы Тамараға барарда Никита
Максимович
қандай сылаңқоразданар еді. Торпақ танау былғары етігінің
жалтылына
майсақ шаңның өзі қона алмай əуреге түсетін. Екпіндетіп кеп
делбе
тартқанда жез қоңыраудың үні буынын босатып, бұрала басып, жүзі
жұмыртқаның
сары уызындай үлбіреп, иыққа төгілген майдақоңыр
шашының
əр талынан əтір аңқып кеп жаңғалақ төремен кеуде үйкесіп
өбісетін
. Қарап тұрып мұның бойын ыстық бу шарпып жүре берер еді. Тəтті
түс
көргендей елегізіп, тобарсып шытынап кеткен ернін тіл қыдыртып
жалайтын
. Қойны-қонышыңды түгел тінтіп қарайтын мөлттей жанары
қандай
отты еді перінің?! Жіңішке сықылықтай басталатын күлкісі үдей
келе
есіңді аударып, қара тырнағыңа дейін жыбырлатып жіберетін. Аш
мықыннан
қапсыра ұстамаса айырылысып қалатындай боп екі əуес үйге
енгенде
бұл есін əзер жиып, күйменің артқы кебежесінде жатқан ұзынды-
қысқалы
ішімдікті, түйіншек-түйіншек ащылы-тұщылы дəмді түсіріп,
сауыры
мен алқымы ақкөбіктенген атты туарып, суытар-ды.
Үлкен
бөлмесінің үш терезесі Жайыққа төніп тұрған, бөренеден қиылып
салынған
бау-бақшалы сəулетті үйдің шайдай түсте іштен ілінген есігі күн
екіндіге
құламай ашылмас. Тамара сұлудың сөресі мен мəресі қапелімде
жеткізбес
төсек жорғасынан əупірімнің күшімен түсіп, табалдырықтан
қалқиып
бері аттағанда, көшір бала жынын қақтырған бақсыдай боп
мəңгіріп
қалатын Никита Максимовичін көзін уқалап жатып əзер танитын.
Кейде
көлеңкеде мойны қылқиып мөлиіп отырған бұған қарап ыржалақ
қағатыны
бар.
– Оһ, бұдан гөрі қызылдармен соғысқан əлдеқайда жеңіл. Атасың да


саласың
. Оқ түгесілмейді...
– Тайжанчик, монша жақ, – дер еді Тамарасы көмкеріліп тұрған бау ішіндегі
столға
дастарқан жайып жатып. – Аяма, өрте ішін!
Қарсы
табысып, бір-бірін ыстық деммен жемдеген қос əуес сол күні ішімдік
атаулының
ұзынды-қысқалы шынысын кезекпе-кезек бөкседен тебісті.
Таңдайын
жабысқақ шөл жайлап, қаны қоюланып қалған төренің белі
қайтадан
бекіп, күш алып, майда самалы сипап ескен жайлы түн қиялын
жан
-жаққа шаптырып, болашақта өзін тағатсыздана күтіп тұрған
генералдық
шеннің қызықтарын теріп айтып, ауыз жабар емес. Ол үшін
мына
өңмеңдеген тексіз қызылдарды Астрахань асырып қуалап, Царицынге
жолатпай
, талқандаса жетіп жатыр екен.
– Мə, қақ, – деп көңілденіп бұған сынық сүйем шұжық ырғытады.
– Қызыл əскер Үйшікке таяп келеді деседі, – дейді Тамара əңгімеге
тамыздық
тастап.
– Мына секілді дикарлар көмек беруде. Бірақ уақытша ғана...
– Олар жеңсе Тайжанчик дəу бастық болар. Күйдірткі қаншықтай əңгі
немені
қолдан қозды-
руын
.
– Бұл, міне, мынандай бастық болады, – деп буынын арақ алған офицер
балаң
үйрегі мен ортан терегінің арасынан бас бармағын қылтитты. – Бері
кел
! Кəне, иіске, иіске тез... ым... Неге түшкірмейсің?!
Мына
қорлықка төзбей кеткен көшір бала сонда омырау сүті тілінде: «Атаңа
ғана
нəлет-ай!» деген. Көзінен жасыл от тұтанып, əр сөзін əріптеп тұрып
айтты
. Теңселе қолтықтасып, ақ бу атқан моншаға енген екеуі енеден тума
шешінгенде
лып етіп аулаға шыққан Тайжан дереу қос атты күймеге
жеккен
. Никита Максимовичтің əбүйір жабар бар лыпасын жалғыздап теріп
жинап
, құжаты, қоржынымен қоса күйменің артқы кебежесіне атып ұрған.
Ыза
мен қорқыныш кернеген бойы қалшылдап, моншаның кіреберіс тар
қуысына
кері бас бақты. Қос саусақ қатар сыятын кілттіктен сығалаған: бу
тарап
, сұйылыпты. Қолына сала құлаш ысқыш ұстаған Никита Максимович
Тамараның
жон арқасын ақ көбікке бөлеп езеді кеп. Қайраңда қалған
теңіздің
сары бауыр сазанындай бұлқынған сұлу құшыры қанып, қыңсылап,
болашақ
генералдың желігін көтереді... Көшір бала бекінген ойдың


жетегінен
шықпай жанұшырып белуардан шешінді де, ошақтың қырып
алған
қарамай күйесін маңдайдан кіндікке дейін баттастыра жақты. Қолына
төрт
өрме қамшыны буынтып ұстап, қайтадан еңкейе берді.
– ...Енді айғыр боп кісінеп секірші.
Сауыры
дір-дір етіп ағаш еденде төрттағандаған Тамара жалыныш һəм
сүйсініске
толы сайқал үнмен кейінге мойын бұрады. Итініп тұрған еркек
үйелмелісүйелмелі
қос санды өрлей-өрлей келіп тоғысатын жердегі
алақандай
қара гүлді иіскеп, жалап-жұқтай ма, тіпті өзін Қамбар атаның
нəсілімін
деп жорып, жұлып жегісі келе ме, о, жазған!.. Кісінеп еді, онысы
мұрнын
тестіріп жатқан жетім тайлақтың даусындай созыңқы, шынжау
шықты
. Көшір баланың көзі майланып, бойын есірік меңдеді. Қара гүлдің
ортасы
бірде құж-құж қайнап жатқандай, енді бірде күнбағыстың ши
батырғысыз
шекілдеуікке бөккен басындай боп елес берді. Қайтадан
оқыранып
, үйірге түсе берем дегенде есік шалқасынан ашылып:
– Тр-р-р! Уа, атаңа нəлет! – деген алапат айқай мен тобылғы сап төрт өрме
қамшы
жарыса сілтейді. Ауаны ысылдатып жауып кеткен соққымен қара
түннің
қойнынан өсіп шыққан қара албастыға дəт жетіп қарау мүмкін емес.
– Домовой! – деп ышқынды Тамара сұлу.
– Черт! – деген Никита Максимович, бақырған қалпы екі тіземен мөңкіп
секіріп
. – Прости нас!..
Батып
кетер еді, сыярға саңылау табылмады. От аузы кіреберісте шүңкиген
жалғыз
пеш кімге пана болмақ? Қары талғанда барып қаңтарулы тұрған
күйме
есіне түсті. Тастақты көшеге кетпен соқтырып, жұлдыздай аққан
қалпы
Үйшікті қақ жарып аққан өзеннің үлкен көпіріне жеткенде соңынан
ащы
айқай шықты. Айқай да емес, қас қағым сəтте мүсəпірге айналған
пəнденің
шарасыз шыңғырысы болатын. Байғыздай шақырған сол дауыс
қаладан
қозы көш жер ұзап, Үркер маңып тас төбеге келгенше ерген де
отырған
.
– Айта бер, ұлым!
– Қызылдар арқамнан қақты, маңдайымнан сипады.
«Күлшелі бала» десті. Қатарына кіргізді. Содан иыққа қонатын жұлдыз
аулап
Ресейдің ішін үңгіп кете бардым...
Көп
кешікпей большевиктер де Үйшікті алған. Сылаң қаққан Тамара сұлуға


қызылдың
командирі өле ғашық боп жатып үйленді.
– Никита Максимович ше?
– Ақтың қолы кеудесінен түйіп кетіпті... Біраз жыл Тамара мен байының
ауласын
сыпырып жан бақты. Кейіннен кемемен келген жүкті түсіріп,
несібесін
терген. Ішімдікке оңбай қамалды байғұс!
– Əлі тірі ме? – Теңге мұрттың даусы оқыс естілді. Жайық жайдары
қалпында
ыңғайтөкпе күймен жылжи берді.
– Татар дəмі түгесілген жоқ. Жүр, əне, ресторанды бимен қарқ етіп...
Дуылдаған
ығы-жығы топтан іргесін аулақ ұстап, шеткері орындықтың
біріне
тізе бүккен. Кəнігі екі жүз грамм, бір кеспесі де көп тостырған жоқ.
Қышқылтым
шарапты дəмін алып, ұзақ сораптады. Ымырт үйіріле
Батыстың
даңғаза джазы құлақ шетін кеміріп еді, елден бұрын ентелеп
ортаға
үрпек сары шал шықты. Айқыш-ұйқыш тілік əжімнен ғана тұратын
жүзі
мың жыл бұрын олақ мүсіншінің қолымен қашалғандай. Көз ғана
сынын
бермейді екен, жасылы қайтпады. Екі қолы ербең қағып, қамшы
астында
өскен иттей имеңдеп, құйрығы билейді екен. Егер биге сеп десек...
Тайжанның
тынысы тарылып, өңір тиегін ағытты, жо-жоқ, өкпесі екен ауа
сормай
жатқан. Жүрегі екен ауыздығымен алысқан күймелі аттың тұяқ
дүбірін
қайталап тұрған. Алақанын кең жайып стол жағалап, көрсеткен
өнеріне
қайыр дəметкен шал жылжи-жылжи бұрынғы көшір баласының
тұсына
таяды.
– Никита Максимович, – деді бұл тұтығыңқырап. Дəл өзі!
Бір
уыс жасыл долларды жез қоңыраудың сыңғырын сүйетін баяғы
төресінің
қолына дірілдеп тұрып ұстатты. Сасып қалған Никита
Максимович
темпең қағып, ақысына тағы билегісі кеп құйрығын
жыбырлатып
еді, Тайжан ыммен тоқтатты:
– Кешірерсіз мені... Қалған ғұмырыңызды тарықпай өткізіңіз...
Айтпағы
көп еді, көмейіне қоя кептеліп қалғандай құр тамсанып,
жұтқыншағы
бүлкілдеді.
Мұндай
байлық түсіне де енбеген байғұс тек ойдым-ойдым жамаудан ғана
тұратын
шалбарының қалтасына тықпыштап, жарылқаушысын сүйгісі кеп
еңкейіп
, ернін шүйірген. Кенет мұның оң жақ бетінің ұшындағы бармақтай
қалға
көзі сүрініп, басын белеңі бар бестідей кегжең еткізді.


Ақ
та, қызыл да, текетірес саясат та, тіпті Тамара сұлу да жоқ. Кеудеңді
күйдірген
ащы мұңың мен тəтті үмітің де көзден ғайып. Бəрінің орнын
джазға
еліккен өзіңнен туған өгей ұрпақ иеленіпті. Жұлдызды аспан мен
Жайық
жəне тынбай жолаушылаған сары кемік бас бар. Жалбыр шаш
жазушы
жігіт не деп еді?
«Ей, аға, дүние жалған дейсіз, қате ойлайсыз. Дүние жалған емес, адам
жалған
. Дүние тұр ғой мəңгілік өсіпөніп, жасарып, асқақтап. Адам өзінің
опасыздығын
, айнымалылығын соған жауып құтылғысы келеді», – деген.
...Аспан асты, жер үстінде басы артық бақ та, сор да, байлық та жоқ екен.
Жаратқан
ием бірінен жұлып алып екіншісіне беріп, жазған пəндесін
ақымақ
қып, əуре-сарсаңға түсіретін көрінеді. Бар-жоғы сол. Өмір деген бір
елестің
боямасыз өңін анық таныған. Ол ашық мойындаудан қаймығып,
үнсіз
бас изеді.


ЫСТЫҚКӨЛ
(Элегия)
Мыслями
с Богом, а телом-то с людьми.
Григорий
Распутин
Ақшаңдақ
аспанды тағы бір қыдырып шыққан күн көк-жиекке аман-сау
жеткенімен
, мынау шыжбыж дүниені қимағандай талықсып тұрып алды.
Сынық
сүйемдеп етектен жоғары өрмелеген қарабарқын көлеңкені бойына
қапелімде
дарытқысы келмей Алатаудың іркес-тіркес шыңдары өндіршегін
созғылайды
. Таудың тар құрсағында бұлқынған Ыстықкөл ғана толқыннан
толқын
тулатып, қызыл бояқ сəулені қоймай құмарлана жұтады. Ауызбірлігі
кем
ақша бұлт біткен желге жағынып, пышырап, ақ айдын бетінде
кержалқауланып
сырғанайды.
Көлдің
иесіндей боп арша таяғына сүйеніп жағалауда бір шал тұрды. Азу
тістен
ада екі ұртына тоқылдақтың басы сыйып кеткендей екен.
Ал
пері көшетін намаздыгер мен ақшамның арасында қасиетті көлді елбең-
елбең
елес кезіп жүрді. Елес... Көлдің айна бетінде шағылып қалған
қартамыс
шақтың хикаясы. Астын əлдилеген ағын, бетін тербеткен
толқынға
сеніп елес-жады өмірге енеді де, сағым боп ойнап қас қағымда
жоғалады
. Ащы ішектей əрең таусылған кешкен ғұмырын емес, ішіндегі
қарашықтай
ғана қадірлі жылт дəуренін өздері де аңсайды екен-ау!
Желкесінің
шұңқырын көрсетіп қашқан зəрезабының өзін келе-келе
таңдайын
ойған тəттіге қимас...
Бір
толқынды қолтықтап мəңгіліктің тұңғиығынан Манас көрінді.
Бойындағы
бес қаруын дірдек қақтырып, маңайына су бүркіп сілкінді.
Бəйтеректі
бауырына басып отырған қырық қарға атқан тастан бетер
ұяларын
тастай қашты. Аулақта жүрген сəйгүлік кісіней шапшыды.
...Кемпіршуақ көктемеде Алтайдан өкше көтерген қырғыз жұрты Кеген
тауларын
түйежарлап өтіп, Ыстықкөлге əупірімнің күшімен құлаған.
Тізгінін
Манасқа, ниетін Таласқа табыстап алға емініп баққанымен,
жұмақтың
төріндей мекенге жеткенше ат-түйенің арқасына ошақ орнындай
жауыр
түскен. Тер сіңген таралғы, тесілген тақым ше? Қырық күн шілденің


құм
қайнатар ыстығы жұлынған еркек, жыңғылдай қатынның өзінің қасын
күйдіріп
, кірпігін ақсіркелеп жіберген. Ұрттан ұртқа жүгірген сықпа құрты
түскірдің
дорба түбі қағылып, тіл қыдыртып жалай-жалай ерін жалағы – ол
да
азап. Көп азапты осылай үйірімен үш тоғызғып тырна мойнын созып
келе
жатқан елде бір шатақ шықпаса несі көш? Жəне ол шатақ сыбырдан
басталып
, сыбанған дауға айналмаса несі шатақ? Шапшып тұрар дауды
саршұнақтай
шақылдап қатын бастамаса несі қатын?
– Садағаң кетейін Көбеш ағам айтып еді-ау: «Келінжан, тау жағалап, тас
басып
кімге сеніп барасың? Омыртқадай байыңа ма, опал таудай Манасқа
ма
? Бірі – күйкі, бірі – даңғой. Елді апарып жарға жығады, көр де тұр!
Қалмақтан
көрген теперішіміз жоқ, алақанының ортасында отырмыз. Ас-
тойынан
қалдырмайды. Жайлауының шеті біздікі. Ақылың болса – барма...
Бармыз
ғой...» деп. Тақымымыз қажалды, тұяғымыз мұқалды. Жар емес пе
мұнысы
, жыққаны емес пе мұнысы?!
Басындағы
қарқарадай күндігі күйелеш-күйелеш қара қатын көштің аяқ
жағында
келе жатып байғыздың даусына салып зарлап қоя берсін:
– Алтын тамырдай Алтайдан қара басып айырылдық!..
Өлігіңді
көрейін, Манас!.. Апий, ой!..
Ұшып
түскен жара құсап əр жерден шыққан қатын даусы бір-бірін іздеп
тауып
, айналаны əлемтапырық қып жіберді. Омыртқадай байы оңбайтын
қатынын
өңірден ала кетіп, қапелімде көлік үстінен аунатып түсіргенмен,
жерге
басып отыруға дəрмені құрғыры жетпеді. Аузында бұрқыраған сөзі,
бойында
кернеген ашуы бар ұрғашы жаралы жыртқышпен тең екен,
омыртқадай
бай оңбай омақасты. Жай құласа да кешірім, жон арқадан солқ
еткізіп
түйіп кеп жібергенде қозы көш жерге дедектеп жүгіріп барып
омақасқанын
айтсаңшы! Ала шаң бұрқ ете түссін.
«Шоқ, шоқ!» десті шап айылы мен шыдамы қатар үзілгелі тұрған
үзеңгілестер
.
Ұшы
-қиыры жоқ көш-керуеннің маңдайында жүрген Манас астындағы
ақкөбік
болған Аққұласын ірікті. Қалың қырғызын жаттың жарқабағынан
суырып
алып еркіндіктің есер құшағына бастағанда естір алғысы осы
болғаны
ғой. Томпылдатып сабасаң қойқойлары таптырмас, белі мықты
бестісі
не тоқтам айтар естісі жоқ ел дегенің осы екен. Тұр, міне, бəрі
артында
, екі иінінен таяқ шаншыған қарақшыдай боп ербиіп. Айыр


қалпақтың
астынан аспанға қараған, буалдырланып, өз-өзінен тозып, түсі
өңіп
кетіпті. Оңнан да, солдан да үзік-үзік сағым ойнады. Керегедей қаз-
қатар
қаланған жақпар тастар балбалдарға айналып, шексіздіктің
құшағында
жүзіп бара жатты. Жанындағылардың бəрі серттесіп, тілдерін
қырқа
тістеп алғандай лəм-мимсіз. Тартып міне берген соң, ат жалы да
сұйылып
қалыпты. Қаныкейге көз тіккен. Айыр қалпағымен көш соңын
нұсқаған
. Байғыз даусын барып өшір деген ишараты.
Сонда
кеш туған айдың сынығындай Қаныкейі, алысқа ат шаптырып
некесін
қиған, іңірде салып төсегін сəскеде жиған, ақ бетін соңғы идіріммен
жуған
, сəмбі белін алтын қаусырмамен буған Қаныкейі бұған ғұмыр
дағдысы
– назданып емес, назырқанып қарадыау! Бетіне тіктегенді бүккен,
тау
тасындай үлкен опал таудай Манастың сол сəт пəті қайтып сала берген...
Шарасыздықтың
екі иіннен басқан салмағынан жаншылып тұрып, қолдан –
сүйеніш
, аяқтан – тіреуіш таппай тұрып, ең соңғы дəт – Алладан медет
тілеп
тұрып мұнар-мұнар батысқа көз тіккен. Өңіп кеткен аспанның, оңнан
да
, солдан да ойнаған үзікүзік сағымның нақ ортасынан зарықтырып,
айнадай
жарқырап, жанарыңды қарықтырып осы Ыстықкөл көрінген.
Айбарланып
, арыстан жалданып айқайын салып еді-ау сонда!
– Қағылайын, Ыстықкөл!
Іле
қиқулай төбеден мың сан торы ала қаз ұшқан. Қарағайлы орман сыңсып
шуласқан
. Дауылпаз ойнаған. Қобыз шаңқылдаған. Шайыр саңқылдаған.
Бақса
, құмырс-қадай қарақұрым қырғызы екен аруағын көтеріп ұлы көлге
жапа
-тармағай ат қойысып бара жатқан.
Е
-е, одан бері күңгір-күңгір не заман өтпеді?.. Жердің киесіндей боп
жағалауда
ер-тұрманы сайма-сай бір сəйгүлік жүрді. Шыққан шөп пен
аққан
судан басқаға жазығы жоқ бұл күлік Манастан тұл қалған Аққұланың
тұқымы
-ау, жарықтық...
...Абылай қонған ақ орда қаралай жұрттың мысын басқан. Баспай қайтсін,
Арқадан
ерткен аламан қолы, артынан ерткен шұбар ала шаңы жердің
жүзін
, күннің көзін алып ел шетіне келіп кірсе? Қырғыздың батыры мен
бағланы
тікірейгенмен, бай-манабы шікірейе алмай, өз етектеріне өздері
сүрініп
бір-біріне жаушы шаптырған. Ақыл тоздырып барып, ақыры
Абылайдың
алдына жетіп датқа жығылған. Сүйексіз қызыл тіл қызметке
жүрген
.


– Темір ноқта – қалың қытайға, қайыс ноқта – ормандай орысқа беліңді
бермеген
хан ием, хош келдің, – дескен.
– Қазақтың үш жүзіне ұран болған Абылай емес пе ең, ұрсаң
жұдырығыңның
қышуы қанбайтын бір уыс сарбағыш пен саяққа күш
көрсету
ұлық-дəрежеңе лайық па? – дескен.
– Мəлике жүзіңізді бір көруге зар боп отырғанда, Құдай қолдап, жолыңыз
оңдап
өзіңіз келдіңіз. Тартутаралғымыз əзір, хан ием, – дескен.
– Ақ орданы тігеміз, ақ бетіне шаң тимеген аршын төс аруды иісі
қырғыздың
атынан қойныңызға саламыз. Сүйек жаңартайық. Болашақ
күйеу
баламыз бен қызымыздың қолүздігі деп түрікменнің бір үйір
көкмойнақ
ақалтекесін дігірлетіп тау қуысына қамап отырмыз.
Қабағында
қатқан теріскейдің тоңы жібімей сазарып отырған ханның
қойны
-қонышын бірте-бірте ыстық леп аралап бара жатты. Алқа-қотан
жайғасып
, екі шалғайын тізеге басып түнерген төрелеріне жорғалата
қараған
. Бір биінің бет терісі қыбырлап, ерні жыбырлап, сұйық сақалы
пышырап
қоя берді.
«Ақ орда мен аруға, арғымаққа хан ием зəру дейсіңдер ме, ей?!.» дегелі
қомданды
-ау кəрің. Қаншама емінсе де хан иесінің шүңгіл жанарында
шыңыраудың
суындай жылтыл оянғанын байқап аузын бақты.
– Туысқан құшақтасам десе, жоқ, пышақтасамын деп шалқаюымыз əбестік
болар
. Ендеше, өткенге салауат...
Абылайдың
ықыласы қарсы жақтан лебіз аулап отырған қырғыздардың
айыр
қалпағын алшысынан кигізді.
– Əп, бəрекелді!
– Айналдым ақылыңнан, хан ием!
Көгілдір
таудың етегін басып, сықырлауығын көл бетке беріп он алты қанат
ақ
орда еңсе көтерген. Қалың қарағайлы қыратта тұрған хан тобының
алдынан
кешқұрым құйрығын теуіп ойнаған бір үйір ақалтекені қиқу сап
айдап
өткен. Ақ бетіне шаң тимеген аруы түскірі ғана асығар емес. Кекірігін
аздырған
астау-астау ет пен саба-саба қымызын құшақтап табалдырықтан
күнде
сүрініп кіретін қайын жұртына «Əлгі атаған қыздарың қайда жүр
өзі
?..» дей алмай зар.


Ал
қырғыздар сасулы еді. Абыр-сабырда Алайға дейін ат шаптырғанымен,
бұты
бітеу ару таптырмай, таптырғаны бай-манаптың сынынан өтпей
дағдартқан
. Аттылы еңкейіп, жаяу шалқайып қарайтын су перісіндей сұлу
бар
деп сонау Нарынға адым оздырған, сіңір создырған. Əттең, байлы,
балалы
-шағалы екен деп оралысты.
– Байы қандай екен?
– Можантопайлау. Əрі тышқан боғын тығып тастайтын сараң көрінеді.
– Баласы нешеу?
– Үйелмелі-сүйелмелі екі сəби...
– Əйелді ажыратып əкеліңдер! Байына бір табын топаз айдатып қытай бетке
қуып
салыңдар.
Он
төртінде атастырылып, қалған үш жылда екі нəресте көрген сұлуды
күндіз
-түні шауып ерулі атпен жеткізгенде:
– Жасаған ием мұндай да мінсіз қып пенде баласын жаратады-ау, – десіп
қатын
-қалаш қамыс басындай шуласқан. Тек əлгі байының бүлдірген жері
болмаса
...
Сұлу
табылды, бірақ оны мына қалпында Абылайдың қойнына қалай
салмақ
? Таң атар-атпаста айбарлы хан бүйі шаққандай атып тұрып, «Уа,
бүтін
дүниең қалмаған не қылған жұртсың? Көрсетейін мазақты, орнатайын
тозақты
!» деп атқа қонса ше? Оны да көріп алар, ал айтысқан серт, алысқан
қол
, жеген құйрық-бауыр ше?
Осылай
əйел – жерге, еркек – көрге қарағандай боп тұрған өлара шақта:
– Ойбай, Тəшкенде бір лолы кемпір бар. Жалғыз қызын жеті мəрте байға
берген
. Бəрі де «сақинасы сау» деп алыпты. Несін айтасың, о кəрі
мыстанның
білмейтіні болсашы, – деп ауыл арасынан бір құлағы түрік
білгіш
табылған. Құтқарушыдай көрінген лолы кемпір сөйлегенде имек
мұрны
сүйір иегімен бір түйісіп өтетін мейіздей қатқан құзғынның өзі екен.
Сауда
сыбырмен бітіп, ұзатылатын қызға іс тігетіндей өңірінен алтын инені
алып
, қытайдың жібек жібіне сабақтап жатып бейшара əйелге қона түсті.
– Тылағыңның екі езуінен екі іліп алып байлаймын, шыда, – десін.
Таппайтын
тəсілі жер астында екен кəрі мыстанның...
– Құсың құтты болсын, хан ием, – дескен жеңгелері ине-жіптен жаңа өткен


«қызды» қолтықтап шымылдыққа ендіріп жатып.
– Кимешек киген бе, құлағының ағарып қалғаны несі? – деп Абылайдың
атқосшысы
күңкілдеген. Алақызба шақта онысын өзінен басқа ешкім
естімеді
.
Түнімен
қызыл жеміне тояттаған хан таң торғайы ілкі шырылдағанда
шапанын
желбегей жамылып сыртқа шыққан. Қол созым жерде тау жусап,
Ыстықкөл
бусап жатты. Теңіздің аңқаңды ашар қышқылтым ауасы алдан
желпіп
қоя берді.
...Алып адымдап тұрған тау қарағайынан оза шыққан екі міскін бір-бірін
өкшелеп
көлге маңдай тосты. Абылай-елес толқыннан береке таппай шалт
қимылдап
, тереңдеп, ағынға өтіп кете барды...
...Жарық айы тұрмақ жамыраған жұлдызын да біреу теріп əкеткендей
тамыздың
мөлттей қара түнітін. Алты қанат керегенің сыртында сайланған
алты
бірдей күзетші, сықырлауықтың көзінде жаланған жасақшы отырған.
Төрде
адалбақанға таяу ерін жастап, шапанын тарта жамылған Кене ханның
кірпігі
қамаспай қойды. Алакүлік ойды аулаққа қуғанмен өзекті өртеген
өкініш
жүрек басына шер боп ұйып тыншу бермес. Кешегі қырғында
бауырын
еркін жаза алмай шейіт кеткен қолын айтсаңшы! Өңшең саздауға
біткен
құба талдай солқылдап тұрған жас-ты. Артында – жау, алда – тау,
қиялай
кеп батпаққа қамалып шарасыз шабылмады ма? Арқадан алшаңдап
кеп
Алатаудың аңғарында ажал тапқандардың обалсауабы кімге?
– Имандарың салауат болғай-дағы!
Кене
хан жасып күбірледі. Сыпатайдың сатылғыштығын, Байзақ датқаның
опасыздығын
кінəлағысы келді ме? Орысты ойрандаймын деп қолғанат
іздеп
келіп қырғызға бекер соқтыққаны ма, ақ алмасы майырылып тұтқынға
түсіп
тұқырғаны ма, əлде Тайлақ пен Жаманқара батырларың тірі деп алдап,
Наурызбайды
итергендей ғып босаттырып жібергені ме, əйтеуір, бір
дауасыз
дерт солқыл қақтырып əкетіп барады. Жамбасына тас батқандай
тағы
бір аунап түсті.
Ат
тұяғының дүбірі естілді. Маңқа төбет дауыс берді. Іле:
– Көке, – деді Наурызбай. – Көке, бармысыз? Күзетшілер күбірлесті.
– Əттеген-ай, қара үзіп кетпегені-ай!
Кенесары
астындағы қақпа алашаны білемдеп ұрды.


Наурызбай
аяқ жағына сылқ етіп отыра кетті.
– Көке, өлсем сізбен бірге өлем! Соңыңызда қалып кімге тұтқа болмақпын?
Таң
алдында кірпігі қамасқан. Маңқа төбет үрді. Төбет дегені қауқылдасқан
қырғыздар
екен. Күн сəскеге таяп қалыпты.
– Тайлақты өлтіргендері рас демедім бе? Түсімде көргем.
– Жаманқара батырдың да түбіне жетті.
– Бəрін қынадай қырған жауызды алшайтып жатқызып əспеттегені несі?
– Енді соқтықпаймыз деген ант алып босатайық.
Қалың
қазақ көтерілсе, не жаныңды қояды?
– Атаңа нəлет, не деп тантып тұрсың, ей? Алжып тұрмасаң антың не?
Көтерілмек
тұрмақ ұшып кетсін бұ ит қазақ!
– Əй, екеуі де егіз туған ер екен, қойындарына қыз салып тұқым алсақ
қайтеді
?
– Сал өз қызыңды! Қасқырды қандас етейін десең!
– Біреуінің өті менікі, белімнің құяңына жағамын. Ақ сағымға бөккен өң
мен
түстей еді. Тайлақ пен Жаманқараның тұл қалған долы қатындары
дауыс
салып келіп тұщы етіне үш бұтақты айыр сұққылағанын біледі.
Жылымшы
бірдеңе алақанына құйылды. Меңірейіп отыра берді.
Жанындағы
Нау-
рызбайын
қайда алып кеткен?
– Əй, елдеріңде мені дұрыстап өлтіретін еркектана табылмады ма? – деді-ау
əлден
уақытта.
– Өтімді қыздарыңның көтіне құйыңдар!
Науанжанының
ащы айқайы ауаны найзағайдай осып өткен.
Көз
алдында қалың қолын бастап Сыпатай мен Байзақ датқа қашып бара
жатты
. Өзі қою шаңның ортасында қалыпты. Төбе тірер аспаны, аяқ артар
қара
жері жоқ, батысы мен шығысы айырғысыз бұлдыр-бұлдыр бір сағым
мұны
шырмап алып босатпай қойды...
...Ыстықкөлдің аспа-түспе толқындарында Наурызбай-елес ағасын


қолтықтап
ағыс кезіп, бас іздеп жүрді. Хан Кененің басын.
Көлдің
иесіндей боп арша таяғына сүйеніп жағалауда бір шал тұрды. Азу
тістен
ада екі ұртына тоқылдақтың басы сыйып кеткендей еді, бұлтиып,
қызыл
шырайы сыртқа теуіп тұр. Жел толтырып алған екен антұрған...
...Əуезовтің елесі жайбарақат малти жүзіп жағалауға таяғанда күн батуға
сынық
сүйемдей қалған.
Кең
маңдайы жарқ етіп көрінді. Киіздей қою шашына күйе түскен шағы
екен
. Келісті жүзі ызаға бөккесін бе, күреңітіп, қарақошқыл тартыпты.
Мұрнын
бірер мəрте саумалап жіберіп, «Пəлі, қазаққа бар қадірім қатынға
жоқ
. Көрдім-ау осылардан көресіні!» дейтіндей. Десе дегендей-ақ болды.
Түске
салым Жазушылар одағынан келіп жазу столына құйрық басқаны сол
еді
, шар ете түскен шатақтың басталып жүре бергені. Есіктен ебедейсіздеу
енген
жұбайы екі мықынын таянып тұрып:
– Иə, ұлыңның бауы берік болсын! Фатиманы əрліберлі алып қашып жүріп
ақыры
Меркідегі туысқандарыңның қолына қатын қып түсіріпсің. Бітеу
адам
құсап тырсиып жүре бермей сүйінші сұрап біз пақырды да бір қуантып
қойсаң
нетті? – дегені. Түк естімеген жандай мойнын ішіне тартып,
қаламын
жүгірте түскен. Қайдан?.. Ойдағы-қырдағы жорға жүрісінің бəрін
моншақ
қып тізіп айтып, бел алып, өршіп кетті. Береке таппасын біліп,
«Победасына» отырған қалпы Меркіні көздей тартқан. Аузынан түскен адал
астай
өзінен айнымай қалған Мұратын иіскеп, мейірін қандырып, пəруана
тірліктің
бітпес күйбеңін жеңбек болған. Аунап-қунап, тау басып, бұлаққа
шомылып
тыңайып қайтпақ-ты. Мұнда да нарттай қызарған даудың үстінен
түссін
. Төбесінен құс ұшырмаспын деген Фатимасы:
– Айдалаға əкелдің де тастадың. Битін сығып, қанын жалап күнін көрсін
дейсің
бе? Онымен қоймай, менің үстімнен тағы бір Ғалия деген қаншыққа
көңіл
артыпсың. Егіліп, еңіреп жазған хатың, міне, – деп, қолына қайдан
түскенін
, екі парақ оқушы дəптерін мұның бетіне тақап желпілдетті дейсің.
Басындағы
ақ кепкісі қонған төбесін сыйлағаннан ұшып кетпей аман
қалған
.
– Пəлі, қойшы енді соны! Болашақ шығармамның басты бір прототипі еді...
Даусы
жіңішкеріп шыққан.
– Ə, біз жанама кейіпкерің екенбіз ғой. Көшір онда, кім көрінгенге


телміртпей
, Шолпан-Атадағы үйіңе! Сосын бұйдаңды басыңа түр де жүре
бер
!
– Валентина Николаевна хош көрсе...
– Оныңды да əспеттеме. Білеміз... Баяғыда өзің екі жыл қамақта отырғанда
Ленинградына
ойбайлап қашқан. Жанын аузына тістеп. Онда не бүлдіргенін
өзің
де естіген шығарсың?..
Сүйегін
қаралай үңгіген сұңқылды одан əрмен тыңдауға шыдамы жетпеді.
Қасиетті
қаламымды ұстап қала ма деп ғазиз басын дауға берген қарғасы
Мұратын
бауырына қысып аз тұрды да «Победасына» қайта қонған.
Ыстықкөлдің
мейірімді құшағына асыққан. Шипалы суы бойыңды
жеңілдетіп
, ойыңды аршып, бар кір мен кінəратты қолмен сылып алғандай
етеді
-ау! Келе қазақы дамбалдан басқа лыпа біткенді сыпырып атып
көгілжім
тереңге құлаштай сүңгіген...
...Жердің киесіндей боп жағалауда ер-тұрманы сайма-сай бір сəйгүлік
жүрді
. Шыққан шөп пен аққан судан басқаға жазығы жоқ бұл күлік Абайдан
тұл
қалған тұлпардың тұқымы-ау жарықтық.
Иə
, пері көшетін намаздыгер мен ақшамның арасында ақ айдын бетін
елбең
-елбең елес кезіп жүрді.
Арша
таяғына сүйенген шал: «Өздеріне өмір берген əйел нəсілінен
тірлігінде
теперіш көрмеген, алданбаған еркек атаулы бар ма? Ұлы бол, ұры
бол
– бəрібір. Қаша-қаша ақыры пейіштің төріне тығылар», – деп кесім
айтады
. Беу, бəтуасыз дүние, беу!
Өзара
өкшелей қуаласқан екі міскін шалдың жел жағын жанай өтіп көлге
ұмтылған
. Сасай бұқаның иісі аңқып қоя берді. Əйел сықылық атып
сүңгиді
, еркек көз жазып қалып қапелімде айналасына мекіреніп артылады.
Толқын
біткен күйлеп қашты.
– Баяғыда қашақ сиыр бұқаға шындап бір тоқтаған соң шалдар пышақпен
сарпайының
ұшынан қан шығарып тіліп жіберетін. Содан соң бұқа мүйізін
шайқаса
бітті, бел асып безіп беретін. Заң-əкені сыйлаймын, Заң-əкені.
Əйтпесе
... – деп шал енді сықылық шыққан тұсқа қарап жүзі жұқара-жұқара
біздей
боп қалған бəкісін жылтыңдатты.
* * *


Өн
бойы өткен дəуреннің үзік-үзік елестерінен ғана тұратын қасиетті көл
осыны
айтып жырлайды, осыны айтып жылайды.
P.S. Кіресілі-шығасылы еспен біз де осы сөзді саған арнап жаздық-ау,
Ыстықкөл
!
БƏЙТЕРЕК
Жусан
мен шағыр басы бүрісіп, көгі қашып, сояуы көрініп қалыпты.
Аспанда
бұлт желіндемей қырық күн шілде шыжғырған соң қайтсін, ат
тұяғына
ілесіп шырт-шырт сынады. Құбыладан ескен майда леп шашаға
жетпес
ұлпа шаң көтереді. Күн еңкейіп, көлеңке басы ұзарғанмен ауыл
қарасы
көрінер емес. Көлденең жатқан төрт-бес қырға тұяқ тіреп барып
жеткізер
. Сырым мен Қаратау алыс сапардан жолсоқты болып қажыды ма,
əлде
көз шарасына сиыр жерде
шөлбасыпөтербірқарашаүйдіңжоқтығынаназырқанды
ма, əйтеуір əңгіме
түбін
қаққандай үнсіз қалған. Сол бие сауым уақыттан бері Қарекең
кертөбелдің
беліне қаршығадай болып қонып, жанындағы екі аттыдан
торғай
адым болса да ілгері келеді. Сырым жымың етіп, есік пен төрдей
бурылдың
тізгінін ірікті де, қамшылар жағында келе жатқан атқосшы
жігітке
сыбыр ете түсті.
– Қареке, – деді жүзіне шырай тепкен жас жігіт ат құлағын теңестіріп, –
бүгін
батырдың атының мойны озатын күн еді. Бүлкілдеп алға түсіп кете
бересіз
. Шамасы, кертөбеліңіз ауыздығымен алысып келеді-ау деймін!
– Шырағым, қара қарға шын ықыласың құлап атсаң қаздай көрінер, кəрі
қатының
алыс сапардан сағынып келе жатқанда қыздай көрінер.
Сұрағанмен
Сырым маған жас тоқалын бере ме? Кемпір де болса аңсап
келем
.
Мұны
естіген батыр бозшулан даланы басына көтеріп күліп жіберді.
– Қара сөзден қаймақ алған, қаспақ қырған қайран Қарекем-ай!
Алдан
аңқылдақ кешкі самал есті. Тыныс кеңіп, бойы сергіген Сырым
манадан
бері көңіліне жабысқан бір сауалды биден білмекке мойын
бұрған
...


Мана
Бекмағамбеттің үйінен түстеніп аттанысымен екі шағыл асып түскен
бұлар
айдалада тұрған жалғыз молақ ағашқа келіп тізгін тартқан.
Заманында
аспанға шапшыған зəулім бəйтерек болса болған шығар, түбі
қарлы
кісінің құшағы жетпес тым жуан. Найзағай түсіп өртенгені жұғыны
қалған
күйе мен жаңқаланып шорт сынғанынан-ақ көрініп тұр. Тізерлей
кетіп
дұғаны алыстан қайырған Қаратау ағашты айналып ақтық байлап
жүріп
:
– Садағаң кетейін, бабам-ай, бармысың? Кейінгі ұрпағыңды желеп-жебеп
жатқайсың
, – деп көзін кəдімгідей шылаған.
Батыр
іштей мүдірді. Жапандағы жалғыз ағашқа бидің бордай үгілгені несі?
Ескі
аруақтар жатқан мола болса бір жөн. Діні берік жанның сақалына жас
қондыратындай
бұл қу қарағайда не қасиет бар?
– Иісі Ысықтың ұранына айналған бəйтерек бабамыз сол ағаштың астында
жатыр
. – Би əңгіменің турасына көшті.
– Апыр-ай, шын сөзіңіз бе? – Батырдың төрт өрме тобылғы сап қамшысы
бурылдың
сауырына барып қалды.
– Алхамдулла, ақиқаты сол. Бұрын естімесең, айтайын. Ілкі өткен
шалдардан
құлағымызға қорғасын боп құйылып қалған сырдың төркіні,
міне
.
...Көк шалғында ақ жамбыдай боп қаз-қатар тігілген қонтайшының ордасы.
Іші
қалы кілем мен қытайдың көз арбаған патсайы жібегіне малынып
тұрған
соның біріне он шақты қазақ келіп түскелі сəскеден ауып барады.
Ара
-тұра есіктен басын көрсетіп жоғалатын бітік көз, домбық бет қарадан
басқа
жан баласы жоласа ше? Қазақ жағынан бітімгерлікті бастап келген,
жүзі
ақ қайыңнан ойғандай көрікті жас батыр мына майлық-сулыққа бірдей
қараның
сыпылдақ қимылынан секем ала бастады.
Иə
, жаулықпен келіп қоныстанған жоңғардың сыры бұған мəлім. Іші
қалтырап
тұрса да сырты жылтырап дөңайбаттан жазбайды. Жер деп, аузын
үріп
, аяғын сыпырған ақ-адал мал үшін деп дүрбіттің қай батырымен найза
салыспады
, кек алыспады? Қажаса-қажаса екі жақ та титықтап, ақыры жаз
жайлау
, қыс қыстаудың ара жігін бөліскендей боп тыншыған. Алдамшы
бəтуа
боп шықты. Төрттағандап тұрып қалған жерінде əл жинап, əлекедей
жаланып
алысымен жоңғар жағы қиқуды тағы да күшейтті.
Қылқұйрықтыны
құрық көтере қуып ішке асырып жіберді де, түйе көрдің


бе
, жоқ, бие көрдің бе, жоқ десіп мүлги қалады. Тіпті қазаққа дегенде
көзінің
қарасын жоғалтып, тек аласын көрсетіп ыдырынып, жалғыз-жарым
кезіккеннің
күпісін түтіп сабап жіберетінін қайтерсің?! Екі ара сонау
тышқан
жылғыдай қатайып, ушыға бастаған соң сөз жүріп, қонтайшы
ақыры
бітімге кісі шақырған.
Бұлар
алдағы арбасуы мен ығысуы мол тартыстың ау-жайын ойласып ақ
ордада
жатқанда бітік көз, домбық бет қара қонтайшының алдына шөкелей
жығылған
.
– Иə, айт, келген қазақтарыңның басшысы кім? – деді селдір сақал, сұйық
мұрт
қонтайшы темір кереуеттің үстінде, мамық төсекке көміліп жатқан
қалпы
.
Төбесінде
шоқпар тұрғандай бүгжең қаққан бітік көз, домбық бет қараның
мысы
басылып, даусы əдеттегідей мияулап шықты:
– Мырзам, соңғы қырғында үш батырымызға бірдей қан құстырған əлгі...
көрікті
қазақ бар ғой, əлгі... соның өзі!
– Не дейд?! – Селдір сақал, сұйық мұрт қонтайшы жастықта домалап
жатқан
басын оқыс жұлып алды. Оң жақ көзі ұясынан шатынай шығып,
құтырынып
, бет терісі жыбыр қақты. Кереуеттің аяқ жағында жайма-шуақ
қымыз
сапырып отырған бəлекейінің1 өзінен бұрын үстіндегі көйлегі
үріккендей
етегі рабайсыз желпілдеп жатты.
Қонтайшы
бет терісінің жыбырын басып барып тілге келді:
– Қазақтарға ата салтымызбен сый көрсетіңдер.
Өзгесін
сосын естисің. Жөнел!
1 Бəлекей – төртінші əйелдің атауы.
Іле
-шала бір топ жігіт қауқылдасып жетегіндегі жалғыз қара тайды қазақтар
түскен
ақ орданың алдына əкеп байлаған.
– Қонақтар, бата беріңдер! Кəне...
Бет
сипатып үлгерген жоқ, жоңғарлар екі жарылып, қара тайдың
мойнындағы
қыл арқанды табан тіресіп шірей тартып жіберді. Сауырынан


бит
домалардай боп семіріп, жылт-жылт еткен жануар оқыс тұншығып
шатқаяқтап
туласын. Қыл арқан жіңішкеріп, талма мойынды сығып барады.
Бұлқына
шыңғырып еді, танауынан қызыл қан дірдектей шапшыды.
Омақаса
құлап, тыныс үзді.
Мына
тағылыққа жүзі шыдамаған қазақтар денесі құсеттеніп сырт айнала
берген
...
– Астау толы еттен бір жапырақ та ауыз тиген жоқ.
Арам
өлгенді жемейміз десті, мырзам.
Аяқ
жағынан мияулап шыққан дауыс қонтайшының көңіліне желік бітірді.
Кеңкілдеп
күліп еді, жалпақ мұрны беттің жартысын алып кетті.
– Бөрік алып қашқандай ғана шабысы бар жаман қазақтың бұтқа толуын
көрдің
бе? Ендеше, ертең қой сойыңдар! Бар!
Алакүлік
оймен төсегінен тұрған бітімшілер алдына тағы бір жоңғар
қауқылдасып
жүріп құйрығы тегенедей ақсарыбас ісекті жеткізді.
– Қонақтар, бата беріңдер! Кəне...
Тағы
да бет сипатып үлгерген жоқ, бірі момақан тұрған ісектің қолтығын
қанжармен
сөгіп жіберіп, екі қабырғаның арасынан қолды салды дейсің.
Жұлқынған
ісектің жүрегі ұстатпай жанталасқанмен, тар кеудеден ұшып
қайда
барсын, ақыры аяусыз алақанға ілінген. Үлпіл қаққан бір шөкім етті
сығып
-сығып жіберуі мұң екен, ақсарыбас бір маңырап тырапай асты.
– Астау толы еттен бұ жолы да бір жапырақ ауыз тиген жоқ. Əзірге сіздің
қош
алмайтыныңызды естісімен суыт аттанып кетті, мырзам!
Əншейінде
бас терісін қаралай құрыстыратын мияулаған дауыс бұ сапар
қонтайшының
құлағына сондай сүйкімді боп естілген.
– Шақыр жүзбасыны!
Шойжелке
дəудің табалдырыққа оң аяғын сала беруі мұң екен, қонтайшы
саңқ
етсін:
– Əй, аналар кетіп барады! Қанға – қан! Құныкерді сірке сыққандай ғып
тастаңдар
!..
– Жоңғар!


– Сары масадай самсап келеді!
Қашса
құтылмасын білген он шақты қазақ тырнауыштың тісіндей шүлдіреп
жүз
қаралы əскерге қарсы найза тіктеп тұра-тұра қалысты.
Айналаны
сапырған ала құйын қас пен көздің арасында өтті де кетті.
Ысқырып
, үрей шашып келген садақ оғы тар қолтығынан қадалған батыр
ғана
ат жалынан ауып бара жатты. Өзгесі ер үстінде.
Қаз
-қатар қойылған шашақты найзаның үстінде келе жатып жүзі ақ
қайыңнан
ойғандай көрікті ер дембіл-дембіл талықси берген. Буынып өлген
қара
тай шыңғырып кісіней ме?.. Жүрегін жұлдырған ақсарыбас ісек
маңырай
ма?..
– Баһи кешкен тұсқа жерлеңдер... Моламды тегістеп кетіңдер... Дұшпан
сүйегімді
қорлайды... – деді есін бір жиып. – Жоңғарға мені емес, биді
жұмса
деп едім...
– Кейін қалай табамыз, ойбай?! – деп жанындағы аузы жылдам біреу
бажылдап
жіберді.
– Оң уысымды жазбаңдар... Тал өсер, бəйтерек болар... Содан...
Қайтып
тілі кəлимаға келмеді.
Ақшам
жамырай батырдың аманатын орындаған үзеңгілестер жас
топырақты
алақан қырымен тегістеп, үстіне қаңбақ аунатып жатты...
Араға
үш жыл салып ағайындар іздеп барған екен, айтқандай жас шыбық
бой
түзепті...
Қаратау
би өз-өзінен шөгіп, маңдай əжімі батып Сырымға назар тіккен.
– Кейін алып бəйтерек боп ержетті. Ол да қартаяды екен. Жұқанасы тұр.
– Апыр-ай, Қарекем-ай, есіл ердің азан шақырып қойған ныспысы кім
болды
?
– Ол ұмытылған. Тек «Бəйтерек» атанып, ұранымызға айналды. Сол
қалпында
жасасып келеді...
Кешкі
қызыл араймен таласып алдан ақбоз үйлердің төбесі көрінген.


САТҚЫН
Осы
Асылбектің жетінші сыныпты бітіретін жылы ғой елге жекешелендіру
келіп
ұрынғаны. Апылғұпыл кеңшар тарап, əкесі Дүйсен кеңсеге пай
дəметіп
кеткен. Кешқұрым үйге ат жетектеп оралды. Мұны көрген көрші-
көлем
қарап қала ма:
– Қарапайым киномеханикке азынатып айғыр мінгізген қайран капитализм,
– десіп бауырын тырнап күліскен. – Төрелігіңе құлдық!
Мектептің
еденін жуатын шешесі Дəметкен:
– Күндіз-түні кино қойып селкілдеп жүргенде шыққан ұшпағың осы ма?
Енді
айғыр мініп ел кезіп кет. Тіпті оныңды піштірме, ойбай! Жұрт қысыр
биесін
көрсетіп алар. Берген орамалын олжала да отыр, – деп жатып кеп
туласын
. Капитализм қатын тулады екен деп алған бетінен қайта ма?
Тұқымына
туа билік бітпеген момынсоқ Дүйсен не десін?
Əкесі
колхоздың ұста дүкенін ұстап жан баққанды. Тек сіңір мен сүйектен
ғана
тұратын тарамыс қара шалдың бар ғұмыры ауыл шетіндегі жеркепеде
өтті
. Нарттай қызыл темірді оттан суырып ап қамырдай илеп, қайыстай
созып
бір мүсін шығарады да, шор еткізіп суға сұға қоятын. Көрші-
көлемнің
түбі тесілген қазаны, шүмегі кеткен самаурыны, орағы мен
қырықтығы
түгелдей тарамыс шалдың мойнында. Қыңыр-қисықтың
сауабын
көрік пен оттан сұратып отыратын жарықтық.
Асылбек
тегін киноны көре-көре қияли болды ма, немене, əйтеуір
жастайынан
радиоға əуес боп өскен. Өсетін де жөні бар. Дəметкен ертеңді-
кеш
еденін жууға кеткенде қарғадай баланы бағатын жан жоқ, жанына
радионы
қоя салатын. Онысы сөз айтса үндемей томсырайып қалып, ал əн
шырқап
, күй күмбірлесе қылдырықтай мойны былқылдап қоя беретін.
Шаттанып
шапалақ ұратын. Күндегісі осы.
Бесінші
сыныпта радиоəуесқойлар үйірмесіне жазылдым деп келді. Бар
ермегі
сол. Қос жұдырықтай неменің іші-сыртын ақтарып шұқылайды да
жатады
. Кейде қолаң шаштай нəзік сымдарды бір-біріне жалғап сайратады
да
қояды.
– Өнерді үйрен де жирен, балам, – деп Дүйсен мəз.


– Сенің кинодан жиренген жеріңді көрмедік, – деп ызақорлау Дəметкен
сөйлеп
бағатын. – Тұқымынан асып қайда барсын?..
Дəметкеннің
тек бер жағы. Іштей осы жалғызым ержетіп, дəулетті жерден
келін
түсіріп, дəу бастық боп біз де ес жияр ма екенбіз деген арманы
алданыштын
.
Сол
алданышы су құйған оттай лап етіп сөнер деп пе? Сөнбесе айтар ауызға
сыймас
мұнысы не сұмдық? Армияға алынғаны күні кеше еді. Түскен жері
үстіүстіне
төпелеп жеделхат ұрып ерлі-зайыпты екеуін шақырсын. Содан
қоржындарын
сүйретіп өрмелеп пойызға отырған. Алып-ұшқан үркек
көңілге
пойызы
түскірдің
жүрісі ілесе ала ма?
– Əскерде қазір тəртіп нашар деуші еді. Бір пəлеге кезікпесе қайтсін, – деп
Дүйсен
қаралай уайым құсады.
– Жағыңа, тап бар ғой, жылан жұмыртқаласын! Білімге күпті боп қалған
бала
екен, алысқа оқуға аттандырамыз деп күпініп жатқан шығар десеңші, –
деп
Дəметкен байын көзінің сұғымен атады.
– Қайтейін, қазірде бір-бірін атып тастап жатқандар аз ба?
– Нағашыларына тартқан жарығым сол! Алдымыздан айт-двалап аңқылдап
шығар
əлі.
Осы
қаймал айтыспен отырып ақыры Атыраудан Қызылордаға да жеткен.
Күтіп
алысты. Алды-артына қаратпай дедектетіп əскери бөлімге де əкелген.
Кең
ауланың ішінде əрліберлі жүгіріскен жауынгерлер арасында Асылбегі
көрінбейді
. Бəрі біртекті киінген. Жүзіне анықтап үңілмесең айыртпас.
Байқамай
басқа біреудің баласының бетін сілекейлеп жіберуің кəдік.
– Полат Аленович, – деді тай шаптырым кабинет иесі бұлар кірген бетте.
Қайыс
белбеу беліне əрең шақ кеп тұр. – Осы əскери бөлімнің бастығымын.
– Біз Асылбек Айдарбаевтың əке-шешесіміз, – деген бұлар қосамжарланып.
Тай
шаптырым кабинет иесінің жүзінен мысқыл жүгіріп өтті. – Шақырған
соң
...
– Ұлыңыз қамауда жатыр, – деді сəлден соң əскери бөлім бастығы. – Ант
беруден
бас тартты. Жағдай солай!


Дəметкеннің
көз алдында дүние сақиналанып бара жатты. Дүйсеннің
тамағы
құрғап, буынынан əл кетіп, құйрығы ағаш орындықты əзер тапқан.
Əй
, жүрегі құрғыр бір жамандықты сезіп еді-ау. Осы баланың бітімі бөлек.
Кішкентайынан
көзі жалт-жұлт етіп, бір нəрсенің соңына түссе, із салып
індетіп
қоймайтын. Күнде кешке бұған ере кеп кино көріп, үйге келген соң
рольдегі
артистердің ойынын талдап, жіліктеп отырып алатын. Тіпті «Ана
артист
өтірік күліп, жалған жылады» дейтінін қайтерсің? Оны айтасың,
«Əке, адам баласына шындық көп қызмет ете ме, əлде өтірік пе?» деп
састыратынын
айтсаңшы!.. Қамауда дейді... Құдай-ау, анты несі? Оның несі
қиын
, бере салмай ма? Соңын кім тексеріп жатыр? Бұл күнде кім кімге уəде
бермей
жатыр? Түнде берген уəдеден күндіз тайғандардан қазірде аяқ алып
жүре
аласың ба? Қайта солар дəуірлеп тұр. Мұрындарынан ақ құрт
ыршиды
.
Есін
бір жиғанда аңдады, тай шаптырым кабинет өңшең офицерлерге
толыпты
. Қарақшыға ілінген, қадірі қашқан киімдей боп тілден қалған екі
мұңлықты
қоршай отырыпты. Жан-жақтан тінте қарасады. Мүсіркегені не
мұқатқаны
айырғысыз. Əлден уақытта қос қолын артына ұстатып
Асылбегін
кабинетке айдап кіргізді. Жүзіне ой қонған орта бойлы еді,
сылынып
жүдепті.
– Ботам-ау!
– Жалғыз тұяғым-ау!
– Балаңызға дұрыс тəрбие бермегенсіз, – деді Полат Аленович даусы
қоюланып
. – Қатарластарының бəрі бір ауыздан «Сүйікті Отанымызға адал
боламыз
!» деп ант берді. Жалғыз өзі «Бұл менің елім емес!» деп сіресіп
тұрып
алды. Себебін сұрасақ тіл қатпайды. Əлде сіздер бұл баланы шет елде
туып
па едіңіздер?
– Шет елі құрсын! Əдірем қалсын! – деп Дəметкен өз даусын өзі естімей
бажылдап
жатты.
– Бер антты! Тап қазір бер! Ант бергеннен өлген адамды көрсем көзім
шықсын
! – деген Дүйсен екіленіп. – Тіпті, қаласаңыздар, оның орнына мен-
ақ
берейін.
Ду
күлкі əуелеп барып əзер жай тапты.
– Кешірерсіздер, бере алмаймын! – деді Асылбек көзі кішкене кезіндегідей


жалт
-жұлт етіп. – Басқа айтарым жоқ.
– Ендеше сотталасың. Сонда бұлбұлша сайрарсың! – деген Полат Аленович
қайыс
белбеу беліне əрең шақ кеп тұрып. – Алып кетіңдер!
Қос
мұңлық бəйіт айтып, шерленіп ауылына оралған. Оралғанына ай өтпей
жатып
жаманат та өкшелей жетті. Асылбекті ауылға əкеп соттаймыз депті.
Анты
жоқтың əскери трибунал ісін қарай алмаймыз депті. Бүгінгі жастар
бұзылған
, сондықтан ашық, өзгелерге өнеге болар жиын жасаймыз депті.
– Бар пəле сенің киноңда жатыр. Жастай еліктіріпсолықтырып. Өңшең
сайқалдан
тəлім алдырып. Сосын не оңсын?! – деген Дəметкен ертеңгі шай
үстінде
. Шынжау жүзі көгіс тартып, көз асты күлтеленген.
– Меніңше, кінəраттың үлкені əлгі радиода, – деп Дүйсен өз байламын
айтты
. Өзі де арық-ты. Енді қармаққа шаншыр еті қалмаған. Қоңқақ
мұрынды
қарауыл қып қойған мұртқа көптен қайшы тимей еркімен кеткен.
Тіпті
рабайсыз. – Анаған хабар бердім, мынадан жаңалық алдым деп
желпілдеді
де жүрді.
Айтып
ауыз жиғанша болған жоқ, көрші жесір Күлпаштың кіріп келгені.
Ақкөңіл
, аңқылдақ байғұс-ты.
Қызылордадан
бетімен жер басып келгелі əншейінде судай сапырылысып
отыратын
ағайынның аяғы сиреген. Бəрі бірдей аңдап басып қалыпты.
Сылтау
көп. Бəрінің де қойы жоғалғыш, түйесі боталағыш, биесі құлын
тастағыш
боп алды. Тіпті табалдырыққа сүрініп кетіп белінен
шойырылғандар
, қара санды солқыл қақтырып сыздауық шыққандар, шиқан
қаптап
, шаншу тигендер қаншама?
– Кел, төрлет, – деп Дүйсен Күлпаштың келгеніне қопаңдап, кəдімгідей
көңіл
бірледі. – Дəметкен, шай демде.
– Əлгі əдірем қалғыр Қадірдің қатынымен ұрысып шыққан бетім осы, – деді
аңқылдақ
байғұс тізе бүгіп жатып. – Аузын керіп-созып жынымды мұндай
қоздырмас
.
– Не дейд?
– Не десін, «Дүйсеннің ұлы елден кетем, шпион болам депті. Сосын аясын
ба
, қамап тастапты. Шетелмен бұрыннан байланысы бар екен. Жасырып
жүрген
аппаратын іздеп ауыл-аймақты, тіпті тышқанның ініне дейін
тінтетін
көрінеді. Тапса болды, əке-шешесін ұстайды. Бүгін-ертеңнен


қалмас
» деп қарап тұр. Əй, салдақы дедім, тура солай, əй, салдақы, сен
алдымен
Асылбектей ұл туып ал дедім. Өңшең бұзаубас балаларың оның
басқан
ізіне тати ма дедім. Ағылшынша сайрап тұр. Саясатты сарнатып,
радионы
сайратып қояды. Ал шпион бола қойсын. Сенің қай қылшығың
қисаяды
дедім. Жыным мұндай қозбас!
– Күлпаш, шəйіңді ішші. Тірілей өлдім-ау, – деп онсыз да шынжау жүзі
көгіс
тартып, көз асты күлтеленіп кеткен Дəметкен отырған қалпы қос
қолымен
жер тірей кетті. – Табала, ағайын, табала!
Қаралай
жер тіретіп кеткен мына хабардан соң ерлі-зайыпты қос мұңлықтан
маза
қашты. Шынымен тінте қалса, тінтіп жүріп əлі қос жұдырықтай
радионы
тапса, тауып алып шпион деп... Құрсын, айтпа, құрсын!
Үй
ішін түгел ақтарып-төңкерген. Қора-қопсының қуыс-мүйісін қопарған.
Үшті
-күйлі жоқ. Əскерге аттанар алдында қолаң шаштай нəзік сымдарын
бірбіріне
жалғап отырған. Қайда қойып кеткенін...
– Шешемнен қалған көне сандықты қарайық, – деген Дүйсен əбден дымы
құрып
. – Шоланның есігін ашып-жауып жүргенін көріп ем. Өзге тінтер жер
қалмады
.
Көптен
ұмыт қалған көне сандықтың кілтін Дəметкен іздей-іздей ақыры
сиыр
сəскеде тапқан. Ескі шолан ауланың ішінде аулақтау жерде еді.
Жарамсыз
көп қоқыр тұратын. Айда-жылда болмаса кіріп-шыға да
бермейді
. Жүрексіне беттеген. Бір көзі сынық терезесі тіпті үрей
шақырғандай
. Ішінде бұларды аңдып біреу отырғандай. Тəуекел деп тас
жұтып
ақыры есігін ашқан. Көп қоқырдың ішінен шешесінің көзі көне
сандықты
тапқан. Ұңғысына балта кілтті салғаны сол еді, көне сандық
дызң
-ң етіп сыңғырлап қоя берсін. Небір заманнан бері ашылмаған
сандықтың
əдемі əндей даусын ұмытқан момынсоқ Дүйсен:
– Ойбай, келді! – деп шыңғырып салды. – Ұстады!
«Өй, жазғаннан!» басқа сөз аузына түспеген Дəметкен амалсыз күліп
жіберген
...
Апта
аралатпай сот басталған. Ауданнан шыққан заң қызметкерлері, жорға
жүрісті
екі-үш шенеунік айғыр үйір топ боп баяғы зобалаңнан ұмыт қалған
халық
жауын əшкерелердей ертеңмен екпіндетіп жеткен. Сыптығыр, жүйрік
аттай
лыпылдап тұрған Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің уəкілі кең залға


үйірілген
халықты əлсін-əлсін көзбен санап, көңілмен түгендеп байыз табар
емес
. Үйелмелі-сүйелмелі Дүйсен мен Дəметкенді алдыңғы қатарға жұп
жаздырмай
отырғызды.
– Алдан Айымбетович, сіз қайдан жүрсіз? – деп жадау жүзіне аялы көзі
мейірім
төгіп тұрған ақсақалға аяқ асты шүйілді.
– Алматыдан келдім.
– Біліп тұрмын. Газетіңізді шығарып жүре бермейсіз бе?
Қазақтың
қапы қалған шындығын айтам деп талай төренің қырына ілінген
қайсар
жан сөзін шығындамай мырс ете түскен.
Жұрттың
абыр-сабыры басылған соң төрге судья мен прокурор кеп
жайғасты
. Екі полицияның бағымымен Асылбек те есіктен енген. Залдағы
ел
дүрлігіп, күбір-сыбыр көбейді.
– Жолдастар, тынышталыңыздар, – деген орнынан керенау көтерілген
судья
. – Қазір іс қараймыз. Алдарыңызда тұрған мына азамат Отан
алдындағы
борышын өтеуден бас тартты. Ант бермей қойды. Бұл – егемен
еліміздің
еркін өскен жастарына жат қылық. Анттан өзге де қылмысы бар.
Мұндай
зиянкестіктің тамырын тереңге жібермей балта шабу – міндетіміз.
Бұл
сот өзгелерге де сабақ болуы керек. Алдымен сөз Ұлттық Қауіпсіздік
Комитетінің
уəкіліне беріледі.
Мінбеге
көтерілген сыптығыр, жүйрік аттай лыпылдап тұрған жігіт тамағын
кенеп
:
– Асылбек Айдарбаев мектеп қабырғасынан бастап жат ұғымның жетегінде
кеткен
. Оған фактіміз жеткілікті. Радиоəуесқойлар үйірмесінің мүшесі боп
жүріп
əуеге былайша хабар таратқан: «SOS! Жер шарының барша ізгі ойлы
азаматтарына
! Менің Отаным аса қауіпті жағдайға тап болды. Құтқара
көріңіздер
». Бұл аз десеңіз тағы бар: «SOS! Менің Отаным келімсектерге
сатылып
кетті. Араша түсіңіздер!» Бұл деген – ел ішіне салынған іріткі.
Берісі
– бұзақылық, əрісі – ұлт араздығын қоздыру. Қылмыскер ретінде
арнайы
бабы бар.
– Жас қой бейшара бала.
– Бəрібір шындықты айтыпты.
– Жетпегірдің сөзін қарашы, – деген күбір-сыбыр бел ала бастаған соң


судья
ағаш балғасын тоқылдатып елді тыныштандырды. Сосын:
– Азамат сотталушы, SOS бергеніңді мойындайсың ба? – деп бұрышта екі
полицияның
ортасында тұрған Асылбекке үңілді.
– Мойындаймын, – деді жүзіне ой қонған орта бойлы бозбала. – Кешегі
жекешелендірудің
желеуімен кітапханаға дейін жоқ қылдық. Сауатсыз елдің
ертеңі
не болмақ?
– Ол сенің шаруаң емес! – Осылай деп сотталушыны бір тойтарып алды
судья
. – Мұның мұндай оғаш қылығы мына отырған ауылдастарының да
ашу
-ызасын тудыруда. Кəне, кім пікір айтады? – деп тарыдай ғана қарасы
бар
ала көзін аударып-төңкерді.
– Ағай, мен айтайын, – деген шыңылтыр дауысқа бəрі жалт қарасты.
Асылбекпен
он бір жыл бір сыныпта оқыған бозбала екен. Залдың
ортасынан
мойнын қылтыңдатып:
– Бұл мектепте жүргенде «Жас өркен» қозғалысына қатысып,
коррупционерлерді
əшкерелеуден бас тартқан.
– Менің Павлик Морозов болғым келмейді. Күресті басқаша бастау керек, –
деп
Асылбек көзі жалт-жұлт етіп алға ұмсынып-ұмсынып қойды.
– Мынау дайын оппозиционер. Тіпті одан да асып кеткен. Ленин атасының
сөзін
айтып тұрғанын қарашы.
– Уақапшы болар.
– Қазірде ауылдың шалдары сақал қоюға қорқып жүр.
– Кемпірлер ұзын етек көйлегін сандық түбіне салған.
– Ойбай-ау, коррупция деген алтын тұтқалы емен есіктің арғы жағында
жатқан
алты басты аждаһа емес пе? Оған жүрегі үлпілдеп тұрған
айналайындардың
əлі жете ме? – деп Алдан ақсақал əлгіндей күбір-
сыбырды
естіген соң тіпті шыр-пыры шықты.
– Тоқтатыңыз, сізге сөз берілген жоқ!
...Ит жылы ғой, əліне қарамай осы Дүйсен де Павлик Морозов бола қойғысы
келген
. Қызыл галстугі желбіреп батыр пионер атануды армандаған жалғыз
бұл
ма?..
Əйтпесе
жатпай-тұрмай əкесін аңдыды деген не сұмдық? Аңдыған. Іңірде


тысқа
шығып кеткен ұста əкесі ұзақ айналды. Сол-ақ екен, мұның көңіліне
күдік
кірген. Колхоздың шөбін ұрлап жүрмесе қайтсін? Əйтпесе қолына
неге
жіп ұстап кетті? Демек, тектен-тек емес. Аңду керек. Комсомол
жетекшісі
солай демеп пе еді?
Əлден
уақытта тықыр-тықыр аяқ дыбысы естілген. Бұқпантайлап қараса...
əкесі
. Бір қойды жетектеп алған. Күдігі рас болды. Бұл жалма-жан тасадан
атып
шығып:
– Колхоз малын неге ұрлайсыз? Ертең елге бəрін айтам! Əшкерелеймін! –
деп
бар даусымен айқай сап кеп жіберген. Қапелімде шошып кеткен əкесі
шалқалап
құлауға шақ қалды. Қолындағы қойы босанып қашты.
– Ə, əтеңе ғана нəлет! Сен бе едің?! Албасты десем! – деп əкесі сонда мұны
үй
айналдырып, іннен-інге қуып жүріп сабаған.
Бақса
, қойды садақа шалам деп көршісінен қарызға сұрап əкеле жатыр екен
ғой
. Əй, саясаттың сандырағы, кімдерге шоқ бастырмадың?!
– Кəне, тағы кім сөйлейді? Ауылдың қариялары отыр ғой... Шешей, сіз
айтыңыз
ойыңызды, – деп судья алдыңғы қатарға жайғасып, кимешегінен
оң
құлағын шығарып отырған кейуанаға жымия қараған.
– Шырағым, қартым былтыр қайтқан. Шүкір, балалар бағып отыр. Ішкенім
алдымда
, ішпегенім артымда. Үлкен келінім шайпаулау еді. Кіші келінім
жақсы
, əжелеп тұрады. Біраздан бері құлақтан қалғанмын. Əнеу күні көрші
ауылдағы
емші шалға барып үшкірткенмін. Қартайды ғой, демі жасық.
Бұрынғыдай
емес, – деп кейуана сайрап қоя берді.
Осы
тұста залдан əлдекімдер:
– Бұлар бұзылған!.. – деп ереуілдеп жатты.
– Заманды айтасың ба? – деп кимешегінен оң құлағын шығарып отырған
кейуана
тағы даурықты.
Өзгеге
өнеге болатын соттың ауылы алыстап бара жатқан соң судья билікті
түбегейлі
қолына алған.
– Сотталушы Айдарбаев! – деген ақырып. Ақырса болды көзінің тарыдай
қарасы
жоғалып кетеді екен. – Жасырмай айт, не себепті ант беруден үзілді-
кесілді
бас тарттың?
– Бұл менің елім емес!


– Жау шапса да қорғамайсың ба? – деп прокурор бір сұрақ қосты.
– Жоқ!
– Не себепті?
– Байлардың өзі қорғап алсын. Менің ортақ ештеңем жоқ.
– Сатқынсың! Сотталасың!
– Қазақстанға жаны күйетін осындай арлы азаматтар керек. Болашағымыз
ғой
... Балауса ғой... Бұларды ыстық құшақтарыңа алмаған өздерің кінəлі.
Содан
өгей ұрпақ өсті. Соттаймын дейсіңдер. Аз ба еді осы күнге дейін
айдалған
арыстарымыз? Адам қолымен жасалған зұлматтар? – деп жүйкесі
тозған
Алдан ақсақал жылап жіберген.
– Жалғыз тұяғым-ау, есіңді жисаңшы, – деп кемсең қаққан Дүйсеннің
мұрны
мұрттан көрінбей кетті.
– Менің балам сатқын емес! Сатқын сендер! Бəрін саттыңдар! Түгелімен! –
деп
шырқыраған Дəметкеннің шынжау жүзі көгіс тартып талып түсті.
Бейшара
əйелдің даусын еститін заман ба бұл?
P.S. Оған қандай жаза қолданғанын келесі жолы айтармын.
ЖАС
ТҰЛПАРДЫ БАПТАП КЕТСЕМ ДЕП ЕДІМ
(Эссе)
Ақ
қалпақты қырғыз елінің рухани патриархы Түгелбай Сыдықбековке
сəлем
бере барып отырып:
– Сіз ұлы адамсыз, – дегенбіз. Кең креслода тұла бойы билеп (паркинсон
ауруы
) отырған алып денелі, ақселеу шашын қызыл зерлі тақиясы əрең
көмкеріп
тұрған қара шал:
– Бір қызығы, осы сөзді кезінде Жамбыл тəтеме мен де айтқанмын, – деп
бізге
мейірлене қараған. – Сонда тоқсан бес жасқа бой бермей тұрған
қасиетті
қария «Ұлы дейді! Ұлы десең, ақыннан Сүйінбайды, батырдан
Саурық
пен Сұраншыны айт! Мырзадан хан Шəбденді айт! Осы жұртта ес


жоқ
. Аузына келгенді танти береді. Тұф!» деп қиқар тəтем ұртын осыртқан.
Жон
арқасын жыбырлатып, сусар бөркінің астында жатқан кəрі құйқасын
билеткен
. – Түкем өткен дəуреннің елесіне арбалғандай мəз боп күлді. –
Мен
де Жəкемнің сөзін қайталасам өкпелемеңдер. Е, балаларым, ұлы деп
жазушыдан
Мұхтар Əуезов пен Шыңғыс Айтматовты, манасшыдан Саяқбай
Қаралаевты
, балуаннан Бөлтірік Чормановты айтыңдар. Біз деген... Бір
хикаяны
баяндап берейін. Жүректе қалған жыр еді. Өзім жаза алам ба, жоқ
па
... Аманат сендерге...
* * *
1960 жылдың тамыз айы. Ыстықкөлдің жанды еріткен, сүйекті балқытқан
еспе
самалына кеуде тосып, жағалауды тынымсыз жалап-жұқтап жат қан
майда
толқынына еріп Мұхаң, Саяқбай мен Бөлтірік, Түгелбай, Шыңғыс –
бесеуі
серуендеп жүрді. Қарсы беттен етегі қарағай мен қайыңның жасыл
жапырағына
малынған аша шыңдары арсаарса Алатау ғана маңғаз төніп
тұр
. Ұясына құлаған күннің қызыл бояқ нұры көл бетін тегіс жапқан. Əрəр
жерден
айнаның сынығындай шашыранды сəуле толқынмен құмары
қанбағандай
ойнап қойсайшы. Пейіш бағындай осы суретке көз мейірімін
аямай
суарып келе жатқан Мұхаң сəл кідірістеп:
– Пəлі, осы Ыстықкөлдің не құдіреті бар екен? Қаланың күрең ысы мен ақ
қағаз
сорып, ащы көлдің шабағындай бозарып келгеніңде қолма-қол
тыңайып
, қаның тазарып, жілік майың толығып шығады, – деп рақаттана
еркін
тыныс алды. Кең маңдайын алақан өрлете сипап, қос самайындағы
бұрқырап
тұрған ақшулан бұйра шашын мəпелеп кері қайырды. Желбегей
жамылған
көкшіл сұр костюмі етжеңді пішініне ерекше сəн үстейді.
– Мəскеуде көбірек жүріп қажыңқырап қалыппын. Астана жақсы-ау, бірақ
жасыл
желегі кем, тас көшесінде тағалы аттай діңкелеп бітесің.
Айтқандай
, бұл Мұхаңның Лениндік жəне Мемлекеттік сыйлықтарды беру
жөніндегі
комитеттің мүшесі ретінде Мəскеуде екі айдан астам болып,
Шолпан
-Атадағы саяжайына оралған беті еді. Астанадан шығар алдында
Фрунзеге
телефон шалып:
– Түгелбай, ауылыңа маған наразы боп оралдыңау деймін... Пəлі, жақсының
өкпесі
жібек орамал кепкенше. Саяжайыма жетіп екі-үш күн ес жияйын.


Жаныңа
Саяқбайды алып, келе қал! Бөлтірік жездем мен Шыңғыс қасымда
болар
. Арқа-жарқа кең толғап, сұхбат құралық. Арнап айтар əңгімем бар, –
деген
.
Бұл
хабар құлағына тиісімен Түкеңнің қол-аяғы жеңілдеп, жан-жаққа кісі
шаптырып
, Нарыннан бапты қымыз, Тоқпақтан құйрығы тегенедей тоқты
алдырып
, сары ала қазы, сүрленген жал-жаяны қоржынына басып жеткен
беті
-тін. Басына татар тақиясын киіп, сүре шегедей ұзын мұртының екі
шалғайын
қайшылап, ұлы манасшы Саяқбай да мұнымен бірге қозғалған.
Мұхаңның
«ауылыңа наразы боп оралдың-ау» дегенінде де терең сыр
жатыр
. Лениндік сыйлыққа қырғыз əдебиетінен екі жазушы қатар
ұсынылған
-ды. Бірі жалпақ жұрт мойындаған майталман шебер Түгелбай
Сыдықбеков
те, екіншісі бір ғана «Жəмила» повесімен Мəскеу тұрмақ сонау
Еуропа
жұртын да елеңдетіп, Луи Арагон сынды аузы дуалыны тəнті еткен
жас
дарын Шыңғыс Айтматов еді. Түкеңнің «Тау арасында» атты дилогиясы
ұлы
бəйгеге қосылғанда соңындағы тілектес ел: «Гогольдің «Шинелі»
сынды
бəріміз де «Тау арасынан» шықтық. Алуан тілдерге аударылған зор
еңбек
. Əрі сыйлық жөніндегі мəртебелі комитеттің Орта Азия мен
Қазақстаннан
енген жалғыз мүшесі Əуезов өзіңіздің сілекей алысқан, құшақ
ажыраспаған
досыңыз. Шыңғыстың болашағы əлі алда, жол – сіздікі.
Бұйырса
, Лениндік сыйлық сізге еншіленгелі тұр. Костюміңіздің омырауын
дайындай
беріңіз», – деп қолды-аяққа тұрғызбап еді. Комитеттің кезекті
отырысына
шығармалары ұсынылған авторлар да шақырылған. Əр секция
өз
бетінше жұмыс жасап келіп, соңғы пікір айтылар жемежемге келгенде
талапкерлердің
сыртқа шыға тұруы өтінілді. Дəлізде тұрған Түкеңе сəл
ашық
қалған есіктен кімнің қалай сөйлегені, қай туындыны қолдағаны
нақпа
-нақ естіліп тұрған. Орыстың екі-үш көрнекті қаламгері дилогияны
көтере
мақтап, ұлттық бояу қанықтығын əрі интернационализм айрықша
шабытпен
жазылғанын айтып, таразы басын біршама басып еді, төрағалық
етуші
Константин Симонов манадан бері үнсіз отырған Мұхаңа: «Таласқа
түскен
осы екі шығарманы да түпнұсқадан оқыдыңыз ғой. Кесімді сөзді сіз
айтыңыз
», – деп қалды. «Я предпочитаю «Джамилю»» – деген Əуезовтің
қоңыр
даусы Түкеңді қалмақтың шəугім бас шоқпарымен ұрғандай
теңселтіп
жіберген... Содан жүздесіп тұрғаны осы.
– Ғазиз ғұмырымның тең жарымын арнаған «Абай жолын» ізгілік сапарына
ұзатып
, енді жаңа заманның бірегей бейнесін жасаймын ба деп «Өскен
өркенді
» бастағанмын. Дайындығым кем соқты ма əлде оң жамбасыма


келмей
жүр ме, кібіртіктей беремін. Манас хақында, көмейіне құт дарыған
Саяқбай
мен сүйегі қырғыз болса да еті қазақ, Абайдың «өкіл баласы»
атанған
Бөлтірік жездем жайында кең тынысты шығарма көптен бері
көңілімді
түрткілейді. Ішкі күш-дəрмен сарқылмай тұрғанда қолға алсам
деймін
. Бүгінгі рəуішті жүздесуіміз сол іргелі мақсаттың беташары іспеттес
болсын
.
Қазақтың
аймаңдай алыбын орталарында ұстап келе жатқан төрт азаматқа
Мұхаңның
ағынан жарылып айтқан мына хабары ат шаптырып сүйінші
сұрарлықтай
боп естілді. Бұлардың қуанышты абырсабырына көл бетін қақ
айырып
ұшқан алма мойын тырна тізбегінің үні қосылып, бейжай балбырап
тұрған
маңайға сіңіп, жұтылып жатты. Алдымен ес жиған Саяқбай:
– Оу, бөрінің еркесі Бөлтірігім, біз сені иісі қырғызда жауырыны жер иіскеп
көрмеген
балуан, айбатына арыстан шақ келмес батыр деп жүрсек, өзің
Абай
атамыздың да «өкіл баласы» екенсің ғой. Оны неге жасырып
келгенсің
? Мұхаңның өз аузынан естігенде құлағым мұндай сүйсінбес, –
деп
құрдасының шаужайына жармасты.
– Тобықтыдан қыз алғанның бəрі бірдей данышпанның «өкіл баласы» бола
бермес
. Мұның бір ерекше құпиясы бар шығар. Оны балуанның өз аузынан
естиік
, – деп Түкең бірі Тянь-Шаньның мыңжылдық қарағайындай алып,
екіншісі
аулада өскен қолбала шыбықтай боп əзіл-шынды көзбен арбасып
тұрған
екі құрдасты риясыз күліп мəмілеге шақырды.
– Бұл сырды шашпай-төкпей Мұхтаржан айтсын. Мен қиюын таба
алмаспын
, – деп Бөлтірік балдызына базына тастады.
Саяжайда
бірер мəрте көтерген күрең жорға коньяк пен Нарынның
шалжығар
қымызы қанында ойнап, екі беті нарттай қызарған ұлы манасшы
балуанға
:
– Е, бүлдіретін мен де, баяндайтын басқа десеңші, – деп келе жатыр еді,
жүзінен
нұр төгіліп тұрған Мұхаң:
– Жездем рас айтады. Бұл оқиғаны қысқа қайырыммен əңгімелейін, өзі
демеп
, қостап отырар, – деп айналасын бітімге шақырды. – Мұсекем
(Бөлтірікті Абай ұрпақтары Мұса батыр деп атаған) Бірінші дүниежүзілік
соғысқа
осы Ыстықкөлден алынып, майданның қара жұмысына жегіліпті, –
деп
ұлы қаламгер сөз төркінін əріден алды. – Қазан төңкерісін Питерде
орыс
жұмысшы достарымен бірге қарсы алыты. Ұрынарға тау, соғысарға


жау
таппай тұрған жас батыр бірден большевиктер жағына шығып, атты
əскер
корпусына жазылады. Колчак қолының қызыл ізіне түсіп, Сібір
ормандарын
сүзіп соғысып, Самара мен Иваново-Вознесенск қалаларын
жаудан
тазартысып, Семейге дейін өкшелескен. Жаны жаннатта болғыр
даңқты
генералымыз Панфилов пен Мұсекем бір полкта қоян-қолтық
жүрген
. Екеуі темір кəтөлектен бірге ас ішкен...
Осы
сенейік пе, сенбейік пе деп айран-асыры шыққан Саяқбай мен Түкеңе
қарап
Бөлтірік:
– Тура кітаптың сөзіндей. Мұхтаржан жалған сөйлеуші ме еді... – деп
жаймен
қостап қойды.
– Өрісі тарылып, жан-жағынан бірдей темір қақпанға тап болған
ақгвардияшылар
Қытай шекарасына ұмтылады. Сөйтіп, қалың қол өткел
бермес
қара Ертіске кеп килікпей ме... Қарасуық бел алған қараша айы еді
деседі
көзбен көргендер. Ертіс үстінде қаштықуды екі жақ қырғын майдан
салған
. Қытайға өтіп кетуді көздегендер өзен үстіндегі ағаш паромға
ұмтылып
жанталасқан. Қаланың жай жүргінші жатағын, кемпір-шал, келін-
кепшікті
жайпап өтіп паромды ілгері қозғайды. Сонда батыр мүсін, қаба
сақал
, қара мұрт бір жауынгер паром үстінде қылышын оңды-солды сілтеп
қалың
орысты бет қаратпайды. Ақыры паромның екі жандама арқанын
кесіп
жіберіп, желдің бағытымен ықтырып əкеткен. Жағада үйіріліп тұрған
ақ
əскері мылтық атайын десе, өздерінің адамдарына тиеді. Атпайын десе,
үміт
артып, аяқлау еткелі тұрған паромының үсті қан жоса... «Апырай,
дүниеде
мұндай да көзсіз батырлық болады екенау!» деп ауыл адамдары
таңғалып
, таңдай қағысып келді. Сондағы елдің көзіне Əзірет Əлідей
көрінген
осы балуан екен. Дəм тартқан шығар, артынша Абай ауылының
азаматтары
Мұсакемді қонаққа шақырып, мейлінше сыйлады. Бөлтірік
деуге
ғазиз жанның көңіліне келер деп, үлкені-кішісі «Мұса батыр» деген ат
берді
. Тобықтының қаракөзайым сұлуы Фатимамен табысып отасқан соң,
өзіне
арнап оңаша отау тігіп, алдына ірілі-ұсақты мал салды. Қырғыздан
тапқан
күйеу баласының ақберен азаматтығына, мол пішілген мəрттігіне
разы
ел келе-келе «Мұса батыр» дегенді де қойып, «Абай атамның өкіл
баласы
» деп атауға көшкен.
Мұсакеммен
бозбала күннен бірге өстік десем артықтық етпес. Алғашқы
сүйген
жардан қапияда айырылған кезімде текті атаның ұрпақтары кəрін
тігіп
, басымды қияметке байлағанда мені берісі азаптан, əрісі өлімнен


арашалап
қалған осы жездем еді. Өміріммен қарыздармын...
– Мұхтаржан, ескі жараны қозғап қайтесің?.. Жастық желік, пенделік
шіркінің
кімнің басынан өтпеген? Сəл тыныс ал, қалғанын мына шайқы
құрдас
пен жазушы ініме өзім жеткізейін, – деп Бөлтекең сөзін сабақтады.
– 1925 жылы, Абай ағамның кейінгі ұрпақтарын феодалдың, болыстың
тұқымы
деп қудалау басталғанда, менің де туған жерге қайтуға ниетім ауды.
Жаныма
сая болып, көңілімді көкке əуелеткен етек-жеңі, пейілі кең
ағайындармен
қош айтысу оңай соқпады. Баяғы ояздың күймесіндей етіп
төрт
ат жеккен көшелі арбаға сүйген жарым Фатиманы, тұңғыш қызым
Мариямды
отырғызып, «шу» дедім. Мұхтаржан онда
Ленинградтаоқуда
.Қалғанкөрші-қолаңАбайағамның «Айттым сəлем,
қаламқасын
» шырқаған қалпы қозы көш жерге дейін ұзатып салған. О да бір
дəурен
екен. Қызымыз бен «өкіл баламызға», жиенімізге деп берген
еншілерінің
жанына қара өріктің жуан уыс жас өскін талын салып ем. Күні
бүгіндері
сол ұрығы бөлек, жемісі баданадай өріктің өскіндерін əркімдер
тəбəрік
қып əкете-əкете күллі қырғыз еліне тарады.
Ауылыма
қазақша сөйлеп қайтқан мені жерлестерім «чоң қазақ» деп атаған.
– Жездеміз туып-өскен Оттық ауылына келген соң Абайдың Қарауылдағы
үйінің
өлшемімен қыштан қыстау салған. Кейіннен оны мектепке беріп,
Фатима
апамыз бала оқытқан. Ақын ағаның өлеңі мен əндерін, «Татьянаның
хаты
» мен «Онегиннің жауабы» сынды сырлы саздарды қырғыз арасына
алғаш
рет ерлі-зайыпты екеуі таратқан.
– Мұхтаржан, 1928 жылы көктемде осы Ыстықкөлге апаң екеумізді арнайы
іздеп
келгенің есіңде ме? Артымнан інім келді, өлгенім тірілді, өшкенім
жанды
деп Фатиманың сондағы жүрекжарды қуанышын көрсең ғой.
– Пəлі, есімде, жезде. САГУ-де қызмет істеп жүргенімде, Ғылыми кеңес
үстінде
бір бəлсінген мықтымен текетірес кеп қалып, «Саған бас қалпақ
кигенде
ғана керек» деп ем, тиісерге кінəрат таппай жүр екен, сары ізіме
шөп
салып, қожаның тұқымы, байдың күйеу баласы, шетелдің тыңшысы
деп
дабыл қағып жіберсін. Сонда басымды алып қашып, сіздерді пана
тұтқанмын
. Екі ай бойы төріңізде аунап-қунап, қырғызымның қызығына
кенелгем
. Жадау тартқан көңілді осы Ыстықкөл мен «Манастай» аруақты
жырдəру
боп сылап-сипаған. Құйрығын теуіп ойнаған шу асаудай боп құлан
таза
айығып, Қара Ертіс асып ем. Сол сапарда өзіммен бірге ала кеткен


Фатима
апам мен жиен қыз үшеуіңіздің фотосуретіңіз əлі күнге Семейдегі
Абай
мұражайында сақтаулы тұр.
– Əп, бəрекелді! Ұлықпан хакімнің мың жасағанына енді сендім. Менің де
бүгін
көкейдегі қазынама ордалы дəулет қосылды, – деп Саяқбай əлгінде
сіңір
создырып кеп құйрық басқан орындығына бір отырып, бір тұрды.
– Бұл бір желіп айтқан əңгіме. Асықпай мақамына келтірсең, ерте күнді кеш
қылар
. Оған да жетерміз. Ал, Саяқбай, төбеде жұлдыз жанып, қараңғылық
етегін
жая бастады. Десе де, жазғы лептен жанымызды аяп қайтеміз, сен
бізді
«Манаспен» сусындатып, жасымызға жас қос, – деп Мұхаң көкшіл сұр
костюмін
желбегей жамылып отырды.
– Мұха, Саякең өнерін талай мəрте тыңдаған шығарсыз?
– Пəлі, тыңдағанда қандай! Былтыр көктемде Фрунзеге арнайы мəшинемді
жіберіп
алдырып, «Могиканның соңғы тұяғы осы. Көріп қалыңдар.
«Манастай» жыр мұхитынан мейір қандырыңдар» деп Қазақ
университетінің
студенттерімен кездесу өткіздіргенмін. ХХ ғасырдың мен
білетін
анық феномені – осы Саяқбай. Мұның ғажайыбы сол, жұмыртқадай
басына
миллион жолды «Манас» сыйып тұр ғой. Бəс жетпес халықтық асыл
мұраны
мінін бұзбай бізге жеткізгені үшін иісі түркі баласы мұның алдында
қарыздар
.
Мұхаң
бір көңілі құлаған адамын көкелетіп мақтайтын əдетімен небір
ауызға
ілінбей жүрген теңеулерді жарқылдатып, тереңнен толғап тебіреніп,
теңіздей
толқып кетті дейсің. Ат басын тартқан бір сəтте түнгі сұхбаттың
бəрін
үнсіз жадында хаттап отырған Шыңғыс:
– Саяке, эпосты айтпас бұрын, осы жыр сізге қай жасыңызда қонды, қалай
бастадыңыз
, оған кім түрткі болды, аз-кем мəлімет бере кетсеңіз. Біз
білгенмен
, бұл сырды Мұхаң естімеген шығар, – деп қалды.
Жаратылысында
аңқау да ақкөңіл Саяқбайда іркіп қалу бар ма, болғанын
болғандай
, төкпей-шашпай ортаға салды.
– Ал айтайын! Өткен жолы мына Шыңғыс та бір қауым шетелдікті үйіме
алып
келіп осы хикаяны айттырған.
Шеткері
тұрған Айтматов болса ұяң жүзіне əдемі күлкі үйіріліп, Мұхаңдай
ұстазына
қарағыштай берген.
– Тау етегінде қой жайып жүрген жеті-сегіз жас шамасындағы бала кезім, –


деді
ол сосын екі иығын қомдап. – Далада сағым ойнаған шаңқай түстің
кезінде
бір жағы шөл, бір жағы ұйқы қысып үлкен бəйтерекке арқа сүйеген
күйі
қалғып кетіппін. Əлден уақытта алыстан дүбір естілді. Жай дүбір емес,
қара
жерді дауылпаз қақтырып керуен-керуен жын көшіп келе жатқандай.
Дереу
көзімді ашып алсам, Құдай басқа салмасын, алыстан, жібек перделі
сағымның
арасынан қара қасқа атты біреу маған қарай тура тартып келеді.
Екпіні
тау жыққандай, жай адам емес, құдды ертегіден шыққан батыр
дерсің
. Басында үшкір дулыға, кеудесінде торғайкөз сауыт, қолында найза
мен
жарқыл қаққан қылыш, қараша үйдің керегесіндей дəу қалқан, иманым
мұндай
ұшпас. Арқа сүйеп отырған бəйтеректің басына өрмелеп қашайын
десем
, қол-аяғымда жан жоқ, былқ-сылқ етеді. Сөйткенше болмай, маңдай
тұсыма
келіп қара қасқа тұлпардың тізгінін бір-ақ тартты. Аттың сауыры
ақкөбіктеніп
, оқыранып, ауыздығын қарш-қарш шайнайды.
«Əй, бала, не істеп отырсың?» деді күндей күркіреген дауыс.
«Қой жайып... Ұйықтап қалыппын...»
«Аш аузыңды! Құдай сенің таңдайыңа берген. Бұдан былай «Манасты»
айтасың
».
Аузымды
ашқаным сол еді, шаптырып кеп жіберсін. Ілкіде аты екен десем,
жоқ
, ер үстінде шіреніп отырған батырдың өзі. Ақ көбік аузыма сыймай
ақтарылып
, өңіріме төгілсін. Тұншығып қала жаздадым. Қайтып тіл
қатыспадық
. Қара қасқа аттының келуі қандай тез болса, кетуі де сондай,
лезде
көзден ғайып ұшты. Аң-таң қалпы отырып қалдым. Ал ертеңіне
орнымнан
«Манасты» айтып ояндым.
– Бұл қыдыр боп келген əулие Манастың өзі, – деген Мұхаңның саңқ ете
түскен
даусынан айнала мүлгіген таудың өзі дүр сілкінгендей болды.–
Бəріміз
де фольклордың мейірімді құшағынан шықтық. Бірақ мынандай
ғажапты
бұрын-соңды естіген емеспін.
– Мұха, əлгі тұсын шетелдіктерге əрең аударып бердім. Түсінбей жүре ме
деп
қаймыққам. Жоқ, қайта таң-тамаша қалысып, таңдай қағысып кетті.
Енді
олар осы хикаяны өзің жазып берші деп, өтініш айтып қояр емес.
Шыңғыс
нұрланып келіп Əуезовтің қолтығынан демеген.
– Жаз, інім, – деді Əуезов əлгі əсерден айыға алмай бас шайқаған қалпы. –
Өзің
, біздегі Тахауи мен Əбдіжəміл, Сафуан мен Зейнолла бар, болашақ


сендермен
бірге көшіп барады...
Əлден
уақытта Саяқбай көзді шарт жұмып, қолды оңды-солды сермеп, жеті
жасында
бастаған жырды жетпісінде де сəйгүліктей баптап:
Манас
, Манас болғалы,
Манас
атқа қонғалы, –
деп
таудан құлаған тоқтау білмес бұлақтай сарқыратып, екпінге екпін қоса
түсті
.
Түкеңнің
есіне 1951 жылғы тамыз айында Фрунзеде өткен «Манас» эпосы
халыққа
қажет пе, жоқ па?» деген тақырыптағы əшкере талас оралды. А.
Боровков
бастаған ғалымсымақтар:
– Бұл – буржуазиялық дəуірдің сойылын соққан жат, ұлтшыл шығарма.
Коммунизм
рухында тəрбиеленуші жас ұрпаққа залалдан басқа əкелері жоқ,
– деп табан тіресіп тұрып алған. Оны қырғыздың кейбір қаламгерлері həм
оқымыстылары
да қуаттап кетті. Ең соңғы кесімді сөз айтылар ғылыми
жиында
республиканың бірінші басшысы Исқақ Раззақов осы Мұхаңды
қолқа
салып алдырып, əділқазылықтың тізгінін қолына берген. Айтысушы
екі
жақтың таразы басы тең түсіп, жығыса алмай тұрғанда ай маңдайы
жарқырап
мінберге маң-маң басып көтерілген Əуезов не деп еді:
– «Манасты» он ғасырдан бері ауыздан-ауызға, санадан-санаға көшіріп
алып
келген басқа ешкім емес, осы қырғыз халқы. Ендеше, халықтың
мұрасына
қол сұғудан өткен қараулық жоқ, – деген.
– «Манастың» кейбір варианттарында бай-манапты əспеттейтін тұстар
баршылық
. Оны келесі басылымында бір ізге түсірген абзал, – деген.
– «Манас» – мəңгілік, біз ғана уақытшалықпыз. Мəңгіліктің шаужайына
жармасатындар
қай заманда да табылған, – деген.
– «Манасты» қолдан тұқырту емес, оның 1000 жылдық тойын жасап, ұлы
эпоспен
əлем жұртшылығына мақтануымыз керек, – деген.
«Манас ақталды! Ақсарбас!» деген қуанышты айқай сонда қырғыз аспанын
жарып
жібере жаздаған. Жаса, жаса, қайран ұлылық!


Таң
торғайы шырылдағанда барып Саяқбай тізгін тартты. Мұхаң терең ой
құшағынан
сонда ғана босанғандай селт етіп, көзі жасаурап, мұрнын
əдеттегідей
саумалап: «Пəлі, пəлі!» – дей берді...
Саяжайға
қайтар жолда Əуезов сəл кібіртіктеп келіп Сыдықбековтің
қолтығынан
алды.
– Əй, Түкем, əлгі Мəскеудегі менің аламанда тайды оздырған қылығыма
көңілің
суып қалмады ма?
– Ертеңгі жер құйрықтан бүгінгі өкпені тəтті көріп маған не көрініпті,
Мұха
?
– Сөз-ақ қой! – деп Əуезов иығынан тау түскендей терең күрсініп жіберді.
Ағаның
ішкі қиналысын, інінің өзімсінген аздаған назын осы екі ауыз лебіз
шайып
жіберді.
– Түкем, Құдай алдындағы шындығым, Лениндік сыйлыққа сенің дилогияң
əбден
татықты. Бірақ екеуміздің де жасымыз жер ортасынан асып,
базарымыз
тарқап барады ғой. Қара ормандай қалың ортада менің жалғыз
жүргенімді
өзің жақсы білесің. Көзім тірісінде Орта Азия мен Қазақстаннан
бір
жас тұлпарды баптап кетсем деп едім, бəйгесін еншілеп, қанатты
қақпайтындай
, тұмсықты шоқымайтындай етсем деп едім. Кейінгі
көгенкөздерге
осы-ақ паналық етер...
Ұлы
ұстаздың осы сөзін естігенде Айтматов ерекше тебіреніп, көзіне
сақиналанып
жас келді. Жедел басып кеп Түгелбайдай кең пішілген
тұлғаның
алдында еңкейіп басын иді. Қайтарымсыз ағалыққа, ақдариға
азаматтыққа
бас иген қалпы тұрып қалды.
«Кемеңгердің теңдесі бар да, теңі жоқ деген осы», – деп Түгелбай сонда
Əуезовтің
көрегендігін қапысыз мойындаған. Ғұмыр бойы мойындаумен
өтті
.
* * *
– Содан бір жыл өткен соң ұлы тұлғадан қапияда көз жазып қалдық. Бірақ
сол
бір айлы түндегі армансыз ақтарылған сыр-сұхбат əлі күнге көкірегімде
хаттаулы
. Əр жазда Ыстықкөлге барған сайын Мұхаңның саяжайына бас


бағып
, су көмкерген жағалаудан өкшесі батыңқырап түскен ізін іздейтін
едім
... Сағынышы түскір ғой шыдатпай жүрген. Жырдай қып жазар ем,
əттең
, қолым қалтылдап өзіме бағынбай қойды.
– Сіздің қолыңыз емес, дүниенің өзі ырғағынан жаңылып қалтылдап тұр.
Сол
қалтылдап тұрған дүниені аман сақтап қаламын деп дирижерлік жасап
отырған
сіз ұлы адамсыз, – дедік қоштасарда.
Кең
креслода еркін жайғасқан Түкем бұл жолы еш қарсылықсыз сəбидей
шаттанып
күлген.
– Кеше кешкілік Шыңғыс ағаң сəлем беріп шықты. Брюссельден келген беті
екен
. «Патриарх, амансыз ба?» деп қаусыра құшақтайды. Қағылайын сол!
«Шетелге сапарға шыққанда Манас пен Əуезов қос қолтығымнан демеп
жүреді
» деп жазды ғой. Бəрекелді деймін. Көргені жақсы ғой. Көш бастамай
қайтсін
?
Араға
ай салып ақ қалпақты қырғыз елінің рухани пірі атанған Түгелбай
Сыдықбеков
те бақи көшті.
Аспан
асты, жер үстіндегі фəни жалған кімнің ізін өшірмей жатыр?
Мəңгілікке
түскен таңба болмаса...
Оглавление
АМЕРИКАНЫҢ
ҰЛТТЫҚ БАЙЛЫҒЫ
ҚЫТАЙДАН
ЖЕТКЕН СƏЛЕМДЕМЕ
АСПАНДАҒЫ
АҚ КӨБЕЛЕКТЕР
ТƏРКІ
ДҮНИЕ
ЖАЛҒЫЗДЫҚ
ЖАСЫРЫНБАҚ


КӨРГЕН
-БАҚҚАН
ТОҚТЫШАҚ
ТОРШАҚЫЗ
БЕН ТОТЫҚҰС
АЛТЫН
ҚАЙДАҒЫ
-ЖАЙДАҒЫ
SOR
БИ
МОНА
ЛИЗА
СОҢҒЫ
СПЕКТАКЛЬ
ҚЫР
МОЗАИКАЛАРЫ
ЖАҢҒЫРЫҚ
АЙНА
АТЫРАУ
– АЛМАТЫ ПОЕЗЫ
ҚАШҚЫН
ХАТТАРЫ
ТӨБЕЛЕС
АКТРИСА
БОЛҒАН
ОҚИҒА
АЯҚТАЛМАҒАН
ХИКАЯ
БІЗДІҢ
АУЫЛДЫҢ АМАЗОНКАЛАРЫ
МАХАМБЕТ
ПЕН ПУШКИН
ЖАЙЫҚ
ЖЫРЫ
ЫСТЫҚКӨЛ
БƏЙТЕРЕК
САТҚЫН
ЖАС
ТҰЛПАРДЫ БАПТАП КЕТСЕМ ДЕП ЕДІМ



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет