Рахмет самалы



Pdf көрінісі
бет1/19
Дата29.01.2017
өлшемі2,36 Mb.
#2966
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

"ХИКМЕТ"
баспа үйі
РАХМЕТ ПАЙҒАМБАРЫНАН
РАХМЕТ САМАЛЫ
Осман Нұри ТОПБАШ

"ХИКМЕТ"
баспа үйі
ББК 86.38
Т 59
Т 59  ТОПБАШ Осман Нұри.
Рахмет Самалы: Рахмет пайғамбарынан.
– Алматы, 2008. – 241 б.
ISBN  978-601-7094-03-4
Түрікшеден аударғандар:  
 
Кеңшілік Тышхан
 
 
 
 
 
Хайреттин Өзтүрік
Редакция алқасы:  
 
 
Қайырғазы Алтыбаев
 
 
 
 
 
Закия Махитжанқызы
ISBN  978-601-7094-03-4
© ТОПБАШ О. Н., 2008 

"ХИКМЕТ"
баспа үйі
АЛҒЫ СӨЗ
Біздей  әлсіз  құлдарын,  иманды  болу  бақытына 
жеткізген құдіреті күшті Аллаһ Тағалаға мадақ.
Адамзаттың қараңғылықтан шығып, нұрға бөленуіне 
дәнекер  болған  әлемнің  мәңгі  мақтанышы  Пайғамбар 
(саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)  Мырзамызға  сәлем 
болсын!
Хазіреті  Пайғамбардың  (саллаллаһу  аләйһи  уә 
сәлләм)  әлемге  үлгі-өнеге  болған  сәулетті  өмірін  кітап 
жолдарына сыйғызуға тырысқанымыздың негізгі себебі, 
адамзат дүние мүлікке беріліп, нәпсісіне құл болып өмір 
сүрген  қазіргі  заманда  жалыққан,  шаршаған  бейшара 
көңілдерге 
Пайғамбарымыздың 
руханиетінен 
бір 
жарық ұсыну. Тағы бір себебі ағаштар мен тастар өзіне 
сәлем берген, әрі әлемнің ұлы жаратушысының сансыз 
періштелерімен  бірге  «сәлем  айтып,  дұға  еткенімен» 
ерекшеленген  ұлы  пайғамбардың  өзгешелігінен  және 
кәмілдігінен нәсіп ала білуіміз үшін.
Әлемнің жаратылуына себеп болған «махаббаттағы» 
сырлардың  бірі  –  сүйгеннің  сүйгенінің  хал-ахуалымен 
бірдей  болу  жолына  түсуі.  Сүйгеннің  махаббаты 
қаншалықты  күшсіз  болса  да  сүйгенінің  құрметіне 
қарай махаббатынан әсер алады.
Бүткіл  адамзат  Пайғамбарымыздың  дәнекер-лігіне 
және шарапатына мұқтаж. Оның ұлы ақиқатын адамдық 
түсінікпен кәміл түрде аңғара білу және аңғарылғанның 
өзін  сөздермен  толық  түсіндіру  мүмкін  емес.  Негізінде 
Оның  ұлы  жаратылысының  мазмұнына  қарасты 
баяндама-ны  шексіз  үнсіздікте  нүктелеуден  басқа 
шара  жоқ.  Оның  сәулетті  өмірін  түсіндіруде  тіл  тым 
әлсіз  болып  тұрғанда,  көңілімізден  тілімізге  «түскен» 
- 3 -

"ХИКМЕТ"
баспа үйі
баяндамалар мұхиттың бір тамшысындай ғана. Өйткені 
көңілдер  және  тілдер  Оны  түсіндіруде  әлсіз.  Сонда  да 
Оны түсіндіретін және еске салатын барлық нәрсе, бөлек 
бір  көрініс,  бөлек  бір  руханиат,  бөлек  бір  өлең  және 
бөлек  бір  көркемдік.  Құдайы  құдіреттің  мың  бір  түрлі 
өрнектері  мен  ағыстары  Пайғамбардың  нұрынан  бір 
қуанышты хабаршы болып Оны еске салады.
Осы  шығармамызда,  екі  дүниеде  құтылуымызға 
дәнекер болатын және Әлемнің мақтанышы (саллаллаһу 
аләйһи  уә  сәлләм)  Мырзамыздың  һидаят 
(Ислам  ұғымы 
бойынша  тура  жол)   
шырағы  болған  Құранның  қияметке 
дейін  жалғасып  көңілдерді  нұрландыратын  мұғжиза-
ларының  бір  бөлігін  түсінігіміздің,  шамамыздың  және 
қабілетіміздің мөлшерінше түсіндіруге тырыстық.
Өткен 
пайғамбарлардың 
мұғжизатынан 
және 
әкелген  діндерінен  қазіргі  күнімізге  дейін  жалғасып 
келген ешбір нәрсе жоқ сияқты. Ал Құран мұғжизасы, 
Хазіреті  Пайғамбардың  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм) 
бақытты  үмбетіне  Аллаһтан  берілген  өзгеше,  айрықша 
сыйлық ретінде қияметке дейін жалғаса береді.
Осы  құдайы  сыйлық,  біздерге  құлшылығымыз-дың 
маңыздылығын  және  біз  жеткен  игіліктің  ұлылығын 
ескертеді.
Құран Кәрімді биік жерлерде әрі қастерлі орындарда 
сақтағанымыздай  Раббымыз  да  осы  ұлы  аманатын, 
сезудің  ең  үлкен  орны  болған  жүрегімізге  нақыш  етіп 
рухымызға  шипа  бұлағы  қылсын,  дүние  мен  ақыретте 
құтылуымызға дәнекер қылсын.
Әрбір  тұқым  ерекшеліктері  қандай  болса  да,  өзі 
егілген  топырақтың  қабілетіне  қарай  нәтиже  береді. 
Біздің көңілімізде де осы «Рахмет самалы» кішкене ғана 
бой көтеріп аласа қалған болса, кемшілік өзімізден деп 
білеміз.  Бірақ  қаншалықты  кем  болса  да,  қанша  қате 
кетсе де «Аллаһтың Елшісінің махаббатына лайық болу 
- 4 -

"ХИКМЕТ"
баспа үйі
арманымен»  жазылған  бұл  шығарманы,  Аллаһ  Тағала 
көңілдеріміздің қуанышы және нұр бұлағы қылсын!
Қандай  бақытты  сол  мүминдер,  Аллаһқа  және 
Пайғамбарына  көңіл  аударып  жүрегінде  махаббат 
тұтанады.  Және  сол  мүминдердің  махаббатты  басқа 
махаббаттардан жоғарыда ұстауға шамалары жетеді!
Құрметті оқырман!
Аллаһтың  пайғамбары  үшін  көбірек  дұға  Оған 
сәлем  жіберейік.  Аллаһпен  арамыздағы  байланысты 
Ол арқылы күшейтейік, Өйткені ең қорқынышты күнде, 
яғни  махшарда  Оның  дәнекерлігіне  және  шапағатына 
мұқтажбыз.
Аллаһ  Тағала  «сиратул  мустақим»  деп  аталатын 
тура  жолдың  жалғыз-ақ  көрсетушісі  –  Хазіреті 
Пайғамбардың  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)  терең 
мағыналы,  кең  руханиатынан  көңілдерімізге  сәулетті 
несібелер  және  нұрлы  шықтар  бұйырсын!  Жүрегіміз 
Аллаһқа  және    Пайғамбарына  деген  махаббаттың 
мәңгілік  орны  болсын!  Аллаһ  Тағала  барлығымызды 
Оның ұлы шапағатына жеткізсін!
Әмин!
Дахиләк (есігіңді аш), Уа Расулаллаһ!
Медет, Уа Расулаллаһ!
Шапағат, Уа Расулаллаһ!
- 5 -

- 6 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
ӘЛЕМДЕРДІҢ МАҚТАНЫШЫ
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
ЖЕР БЕТІНЕ ТҮСІП ДҮНИЕМІЗДІ ЕРЕКШЕ 
МӘРТЕБЕГЕ ЖЕТКІЗГЕНІ
Ол екі дүниенің мырзасы Мұхаммед Мұстафаға сала-
уат!
Ол адамзаттың әрі жындардың пайғамбары Мұхаммед 
Мұстафаға салауат!
Ол  қасиетті  екі  жердің  имамы  (
О  дүние  мен  бұл  дүниенің 
немесе Мекке мен Мәдинаның имамы
), Мұхаммед Мұстафаға са-
лауат!
Ол Хасан мен Хүсейннің атасы Мұхаммед Мұстафаға 
салауат!
Әлемді шексіз мейіріміне бөлеген құдіреті күшті Ал-
лаh  рахметі  мен  мейірімінің  ең  толық  нәтижесі  болған 
адамзатқа  жаратылғандардың  ішінде  ең  жоғарғы 
мәртебе беріп, оны сол дәрежеге лайық болатындай бір-
неше ерекшеліктермен сипаттаған.
Ал  осы  таңдау  адамның  ақиқатқа  жетуіне  (Аллаh 
күткен  дәрежеде)  жеткіліксіз  көрінгендігінен  ақыл, 
түйсік  және  сезімнен  құралған  құдайы  сыйларға 
қосымша жол көрсетуші пайғамбарлардың жіберілуімен 
адам баласына «Уасыл-ы Илаллаh»* жолында берілген 
көмектер толық дәрежесіне жеткізілген. Сыйлық ретін-
де  берілген  бұл  орнықты  жәрдемнің  шыңында  –  жара-
тылуда тұңғыш, ал дүниемізге жіберілуде соңғы орында 
**  Уасыл-ы  Илаллаh:  Аллаhқа  толық  мағынада  құлшылық 
етіп, ризалығын алуға талпынып Аллаһқа жету

- 7 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
болған «Мұхаммеди Нұр» және сол нұрдың дүниеміздегі 
суреті – ақырзаман пайғамбары болған.
Жаратылғандар  тізбегінің  себепшісі  және  шыңы 
болған  Хазіреті  Пайғамбар  (Саллаллаһу  аләйһи  уә 
сәлләм)*  Миләди**  571  жылғы  20-сәуірге  кез-келген 
12-Рәбиул Әууәлде***, дүйсенбі күнгі таң атар алдында 
дүниеге келіп, дүниемізді шексіз бір мәртебеге жеткізді.
Тұңғыш  рет  Оның  нұрының  жаратылғаны  белгілі 
ақиқат.  Бүткіл  жаратылғандар  сол  нұрдың  құрметіне 
жаратылғандықтан,  бастауы  сол  нұр  болып  табылатын 
жаратылыс тізбегіне жалғана береді.
Оның  дүниеге  келуімен  Аллаhтың  мейірімі  та-
сып  кетті.  Таң  мен  кештің  түсі  өзгерді.  Сана-сезімдер 
тереңдеді. Сөздер, сұхбаттар, ләззаттар жаңа бір сипатқа 
ие бола отырып, шетсіз де шексіз бір күйге түсті. Әрбір 
нәрсе  жаңа,  ерекше  бір  мағына  мен  әсемдікке  бөленді. 
Пұттар****  өздігінен  қозғалып  құлады.  Парсы  мемле-
кетіндегі  Медайн  қаласының  сарайларында  бағаналар 
мен мұнаралар құлады. Сауе көлі зұлымдық саздауыты 
сияқтанып құрып кетті.
Көңілдер нұрмен және берекемен тасып кетті.
Осы  уақытта  кейбір  жерлерде  болып  өткен  қызық 
оқиғалар,  шарапатты  пайғамбардың  дүниеге  келуінің 
ең алғашқы жақсы әсері еді.
Әкесі  Шам  қаласына  сауда-саттықпен  барып, 
қайтарда Мәдина қаласында ауырып, қасиетті де киелі 
бала туылатынынан екі ай бұрын қайтыс болған.
*  Мағынасы:  Аллаһ  пайғамбарын  жақсылыққа,  мейіріміне 
бөлеп т.б. сәлеметте қылсын.
** Миләди: қазіргі кезде қолданылып келе жатқан күнтізбе
*** Рәбиул Әууәл: Хижра күнтізбегі бойынша.
**** Пұт: қараңғы халық табынатын ағаш, тас мүсіндер; от,су 
сияқты заттар

- 8 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Сол  құтты  бала  ауа-райына  байланысты  және  араб 
халқының  әдет-ғұрпы  бойынша  төрт  жасына  дейін  сүт 
анасы* «бақытты әйел» Қалиманың қасында болды.
Алты жасқа толғанда шешесі Хазіреті Әмина әкесінің 
жәриесі (күң) Yммі Әймәнді қасына алып, «Жаратылыс 
Нұрын» әкесі Хазіреті Абдуллаһтың қабіріне зиярат ету 
үшін  Мәдина  қаласына  алып  барады.  Сол  сапар  кезін-
де  Хазіреті  Әмина  ауырып  қалады  да,  Әбуа  ауылында 
қайтыс болып, сол жерде жерленеді. Бір ақын шешесінің 
ерекшелігін:
«Әй, Әбуада жатқан мәйіт,
Бақшаңда ашты дүниенің
ең шырайлы гүлі», - деп, өте жақсы суреттеген.
«Жаратылыс Нұры» шешесінен де айырылып жетім 
қалғаннан кейін Yммі Әймәнмен бірге Мекке қаласына 
қайтады.
Сегіз  жасында  атасы  Әбдүлмүттәліп,  одан  кейін 
ол  үшін  өз  жанын  құрбан  етуге  әрқашан  даяр  болған 
қорғаны,    әкесінің  інісі  Әбу  Тәліп  қайтыс  болды.  Осы 
себептермен  бүткіл  фәни  (уақытша,  жалған)  және  бұл 
дүниеден болатын көмек үзілді. Бұдан кейін Оның иесі, 
қорғаушысы  және  тәрбиешісі  тек  қана  Аллаh  болды. 
Өмірінің  ең  әлсіз  кездерінде  көрінген  бұл  жалғандағы 
уақытша  көмектердің  үзілуі  Құдайдың  қалауымен, 
Оның адамзатқа (азды-көпті еліктерліктей) көрсетілетін 
бір үлгі болуына байланысты еді.
Оның жетімдікпен өткен балалық және жастық шағы 
рухани тазалық және нұрлы келешекке лайықтылықты 
бейнелейтін «сәулетті өмірмен» өтіп жатты.
*  Меккедегі  ауа-райы  ыстық,  жас  нәрестеге  өте  қолайсыз 
болғандықтан, ауқатты адамдар жайлауда тұратын әйелдерге (сүт 
аналарына) ақы төлеп балаларын асырап, емізіп бағуға беретін.

- 9 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Ақыры  25  жасқа  келгенде  Құрайыш  руының 
мәртебеліcі Хазіреті Хадишамен үйленіп, бас қосты. Таза 
текті  әйел  Хазіреті  Хадиша  өзімен  және  мал-мүлкімен 
Оған жаңа бір күш-қуат әкелді. Хазіреті Хадиша «Жа-
ратылыс  Нұры»  болған  пайғамбарымыздан  он  бес  жас 
үлкен,  балалы,  жесір  әйел  еді.  Хазіреті  Пайғамбар 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) онымен бүкіл адамзатқа 
үлгі боларлықтай тап-таза өмір сүрді.
Бір күні Хира тауынан ғажайып бір әсермен асығып 
үйіне қайтып келіп:
– Ей, Хадиша, маған кім сенеді, - деп айтқанда, мүбәрәк 
жолдасы «Жаратылыс Нұры» болған жұбайына:
«Аллаhтың  сені  ешбір  уақыт  ұмытпайтынына 
және  ешқашан  мақсатыңа  жеткізбей  бос  жүргізіп, 
ұялтпайтынына  ант  етемін.  Өйткені  сен  туысыңды 
қорғайсың. Өз ісін атқаруға күші жетпеген әлсіздердің 
ісін  өз  мойныңа  аласың,  жарлы-жақыбайларға  садақа 
таратып,  ешкімнің  бере  алмайтынын  бересің.  Қонақты 
сыйлайсың,  әділдікті  жоқтап  ортаға  шыққандарға 
көмек бересің…
Әй,  Аллаhтың  Елшісі,  мен  сені  қабыл  етіп 
мақұлдаймын!  Осы  Аллаh  жолына  ең  алдымен  мені 
шақыр»,-деп ең алғашқы сенген және ең алғаш сүйеніш 
болған адам болды.
Хазіреті  Пайғамбар  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм) 
оның  рухани  байлығын,  нәзіктігін  және  асылдығын 
ешқашан  ұмытпаған.  Сондықтан  Хазіреті  Хадиша 
қайтыс болғаннан кейін де егер құрбан шалынатын бол-
са, әрдайым бір бөлігін Хазіреті Хадишаның туыстары-
на жіберетін. Хазіреті Хадиша барша дүниесімен «Жа-
ратылыс  Нұры»  болған  пайғамбардың  ұмытылмастай 
«қымбат естелігі» болды.
Хазіреті  Пайғамбардың  (саллаллаһу  аләйһи  уә 
сәлләм) жанұялық өмірінің жас және мықты шағындағы 

- 10 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
алғашқы  жиырма  төрт  жылы  тек  қана  Хазіреті  Хади-
шамен  (радиаллаһу  анһа)*  бірге  өткен.  Ал  бұдан  кей-
інгі  некелері  толығымен  Ислами  және  саяси  негізбен 
болған.  Бұл  әйелдердің  көбі  өзінен  жасы  үлкен  және 
жесір  болған  ханымдар  еді.  Іштерінде  беті  ашылмаған 
жас  қыз  тек  қана  Хазіреті  Айша  болды.  Бұның  себе-
бі  шариғат  бойынша  әйелдерге  қарасты  мәселелердің 
тұрақтылығын  және  анық  болуын  қамтамасыз  ету  еді. 
Шынында  да  Ол  ақылымен  және  парасаттылығымен 
әйелдерге  қарасты  шариғат  мәселелерін  толық  түрде 
шешкен  және  Хазіреті  Пайғамбар  (саллаллаһу  аләйһи 
уә  сәлләм)  қайтыс  болғаннан  кейін  ұзақ  жылдар  өмір 
сүріп,  мұсылман  әйелдерге  ұстаз  болып,  шариғат 
үкімдерінің  бір  бөлігінің  негізін  ұйымдастырған.  Не-
гізінде  Пайғамбар:  «Діндеріңіздің  жартысын  Айша-
дан  үйреніңіздер»,  -  деп  келешектегі  бұл  ақиқатқа 
ишарат  еткен.  Пайғамбарымыз    (Саллаллаһу  аләйһи 
уә  сәлләм)  Айшамен  бас  қосуының  екінші  бір  себебі 
Сәур  үңгіріндегі  «екеудің  екіншісі»  деп  аталған  Хазі-
реті  Әбу  Бәкір  (радиаллаһу  анһу)  мен  болған  рухани 
жақындықты,  оның  қызы  Айшамен  некелесу  арқылы 
туыстық  жақындықпен  күшейтуді  армандағандықтан 
болды.
Бұл  некелердің  қандай  сәулетті  мақсаттары  мен 
өзіндік  сырлары  болғанын,  тек  қана  Иман  түсінігі  бар 
білімді және ұжданды адамдар түсіне алады.
Миссионерлер  сияқты  ниеті  бұзық  қауымның 
айтқанындай бұл некелердің себебі әйелжандылық бол-
са, ол мүбәрәк адам өмірінің ең жас әрі қайратты шағын 
өзінен он бес жас үлкен, балалы, жесір әйелмен өткізбес 
еді.
«Бұл  некелердің  себебі  тек  қана  әйелжандылық»,-
деген  көзқарастағы  надан,  қарапайым  және  таяз 
* Аллаһ одан разы болсын

- 11 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
түсініктілер  бұл  ақиқатты  аңғара  алмайды.  Зейіні  мен 
көңілдерін  нәпсіге  бейімділік  жаулаған  адамдардың 
ақиқатқа  жатпайтын,  ақымақтықпен  берген  үкімдері 
– қараңғы көңілдерінің көрінісі болса керек.
Әлемнің  жаратылуының  себепшісі  болған  бұл  кісі 
пәк  бір  жастық  және  ұлы  да  сәулетті  бір  жанұялық 
өмір  сүргеннен  кейін  қырық  жасында  пайғамбарлық 
дәрежесіне  жетті.  Қырық  жасына  алты  ай  жетпей 
Аллаhтың құдіретімен Оған Хира үңгірі рухани мектеп 
ретінде ашылып берілді.
Жасырын  түрде  болған  бұл  Құдайы  дәріс  алудың 
тәлімі  мен  рухани  ләззат  сыныбында  фәнилік  және 
мәңгілік  турасында  сабақ  алады  да,  қырық  жасқа  кел-
генде:
«Сені жаратқан Раббыңның атымен оқы» 
(Алақ сүресі  
1-аят)
, - деген бұйрық арқылы дінді уағыздау билігі мен 
пайғамбарлық куәлігі беріледі.
Пайғамбарлықтың  алғашқы  алты  айы  ақылымыз 
жететін  дәрежеде,  түсі  арқылы  уахи  алумен  өтті.  Не-
гізінде Хира үңгірінде болған жағдай топырақ астында 
өніп  келе  жатқан  тұқым  жайына  ұқсайды,  бірақ  онда 
не  болып  өткені  адам  баласына  мәңгілік  беймәлім  бо-
лып қалатын бір болмыс мекені. Хазіреті Пайғамбарды 
бұл жерге алып келген себеп халықтың жолдан шығып 
азғындауынан  көңіліне  түйген  қам  және  бүткіл  әлемді 
қорғайтын  мейірімі  еді.  Адамзатқа  мәңгі  бір  шырақ 
болатын  Құран  Кәрімді  Аллаhтан  Пайғамбардың  пәк 
көңілі  арқылы  адамзат  түсінігіне  жеткізуге  дайындық 
еді. Бұл жағдай, қуаты күшті тоқтың жерге таралуына 
ұқсас бір ұшқын көрінісі сияқты еді. Сондықтан Аллаh 
пен  Оның  хабибі  (сүйген  құлы)  арасында  бір  сыр  бо-
лып қалуы көзделген және сол себепті алыс бір үңгірде 

- 12 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
болған еді. Жай адамдар үшін шыдауы мүмкін болмаған 
уахиға  тыңдаушы  болу  міндетін  мойындау  жөнінде 
Пайғамбардың  жаратылысындағы  қабілетті  ортаға 
шығару  мезгілі  еді.  Дәл  шикі  темірдің  ішкі  күшпен 
құрышқа  айналғаны  сияқты.  Бұл  сырдың  шегіне  же-
тетін  ақыл  және  оны  толық  түсіндіруді  көздеген  бірақ 
«шамасыздығынан шашырамаған» сөз жоқ.
Бұл сыр әлеміне көңіл терезесін аша алмағандар Әбу 
Жаһіл  мен  Әбу  Лаһаптың  қарамайдай  туының  астына 
жиналған бақытсыздар тобынан болады.
Аллаhтың Елшісінің өмірі Оның алдында өмір сүрген 
пайғамбарларға  да  нәсіп  болмаған,  ойға  да  сыймай-
тын  құрмет  пен  атақ  болмысына  толы.  Аллаh  Хабибім 
(сүйіктім)  деп  тек  қана  Оны  атаған.  Миғраж  (көкке 
көтерілу) пайғамбарлардың ішінде тек қана Оған нәсіп 
болған.
Ақса  мешітінде,  бүкіл  пайғамбарларға  имам  болып, 
оларға намаз оқытқанымен артықшылығы белгілі болды. 
Мұсаға айтылған «Лән Тәрани»* сыры пайғамбарымызға 
«Қабе  қаусейни  әу  әднә»**  болып  шықты.  Аллаhпен 
қауышу  нүктесі  болған  намаз  да,  Оның  үмбетіне  кіші 
миғраж ретінде сыйланды.
Мекке  қаласында  өткізілген  он  үш  жылдық  Ислам-
ды  насихаттау  әрекетінен  кейін  өзіне  екінші  бір  үңгір 
*  «Лән  Тәрани»  сыры:  Мұса  (аләйһиссәләм),  Тури  Сина  тауында 
Аллаhпен  сөйлесу  үшін  алдыменен  отыз  күн  ораза  тұтуы  әмір 
етіліп, кейін тағы да он күн ораза қосылып қырық күнмен бекітілу 
арқылы  дайындық  мерзімінен  өтті.  Бұл  нәпсі  жаулаған  өмірден 
тазарып,  Аллаhпен  сөйлесуге  дайындық  еді.  Хақ  Тағала  Мұса 
(аләйһиссәләм)мен  ауыз  немесе  дауыс  сияқты  табиғи  құбылыс 
арқылы емес, келам(Аллаhтың сөйлесу сипаты) арқылы сөйлесті.
Хазіреті  Мұсаның  (аләйһиссәләм)  қасындағы  куә  деп  әкелінген 
жетпіс кісі де, Жәбірейіл де бұл «Құдаймен сөйлесуді» естімеді және 
сезбеді  де.  Мұса  (аләйһиссәләм)  бұл  Құдайы  көріністің  алдында 
есінен  айырылып,  дүниеде  ме,  әлде  ақыретте  ме,  қайда  болғанын 

- 13 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
көрсетілді.  Бұл  хижрет***  жолындағы  Сәур  үңгірі  еді. 
Бұл үңгір оқу үшін емес, (Пайғамбарды) Құдайдың сы-
рымен  безендіру  және  көңілдің  көзін  ашу  дәрісханасы 
ретінде  көрсетілді.  Пайғамбар  үңгірде  үш  күн,  үш  түн 
шықпастан  болды.  Ол  жалғыз  емес  еді.  Қасында  бүкіл 
пайғамбарлардан  кейін  әлемдегілердің  ең  үстемі  және 
гауһары болған Хазіреті Әбу Бәкір бар еді. Хазіреті Әбу 
Бәкір  Онымен  серіктес  болу  мерейіне,  атағына  және 
қасиетіне  ие  болды  әрі  бұл  серіктестіктің  себебінен 
Аллаһ тарапынан «екеудің екіншісі» деп аталды. «Жа-
ратылыс Нұры» осы қадірменді серігіне:
«Мұңайма,  Аллаhтың  бізбен  бірге  екені  күмәнсіз» 
(Тәубе  сүресі  40-аят)
  -  деп  және  «тіліңді  тамағыңа  жабы-
стырып Аллаh, Аллаh деп зікір ет» - деп, Аллаhпен бірге 
болу жағдайын, ерекшеліктерін түсіндірді. Осы жағдай, 
ұмытып,  мекен  және  уақыт  өлшеулерінің  сыртына  шығып  кетті. 
Күшті бір ғашықтық пен махаббат жүрегін жаулап, Аллаh Тағаланың 
өзін  көргісі  келді.  Аллаh  Тағала:  «Лән  Тәрани»(мені  мүлдем  көре 
алмайсың)-деп, қарсылығын білдіреді. Мұса (аләйһиссәләм) өз еркіне 
ие бола алмай, қайта-қайта табандылықпен сұрай береді. Сонда Хақ 
Тағала тауға қарауын әмір етіп, егер оны орнында көре алса өзін де 
көре  алатынын  білгізеді.  Нақылдарда  айтылғаны,  сансыз  рухани 
перделер арқылы Аллаh Тағаладан бір нұр тауға шағылысады да, тау 
сол кезде бірақ жарылып кетеді. Мұса (аләйһиссәләм) үрейден қатты 
қорқып қалады. Айыққанда, шектен шығып кеткенін түсініп, зікір 
(көңілмен  ойлап  және  тілмен  айтып  Аллаһты  еске  алу)  етіп  Аллаh 
Тағаладан өзін кешіруді сұрайды.
**  «Қабә  қаусәйни  әу  әднә»  Хазіреті  Пайғамбар  (саллаллаһу 
аләйһи уә сәлләм) ешбір мақұлық (Жәбірейіл де) шекарасынан 
өте алмаған «сүдрә мүнтәһаның»(Аллаhтың маңайындағы ешбір 
мақұ-лық жақындай алмайтын аймақ) арғы жағына өткізіледі. 
Аятта адам баласы түсіну үшін: “Беттестірілген екі садақтан да 
жақынырақ”,-деп  айтылған  “жақындықтың”  қандай  болғаны 
пенделердің түсінігінен тыс және құпия түрдегі кездесу болды.
Бұл  толық  түсінуге  ақылы  жете  алмайтын  біз-әлсіздерге 
ұсынылған  Хазіреті  Мұса  (аләйһиссәләм)  мен  Хазіреті 
Пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) салыстырылуы.
*** Хижрет: Меккеден Мәдинаға көшу

- 14 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
жасырын  зікір  тәлім-тәрбиесінің  ең  алғашқы  бастауы 
және көңілдердің Аллаhқа ашылып жай табуы еді.
Яғни,  Сәур  үңгірі  пендені  сансыз  сырлар  әлемінен 
«Уасыл-ы  Илаллаһ»  ететін  негізгі  көңіл  тәрбиесінің 
басталу  мекені  мен  Илаһи  сапардың*  ең  алғашқы  сәті 
болған.
Хазіреті Пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
нұр бұлағы болған көңіл әлеміндегі сырларды паш етіп, 
баяндауы ең әуелі Хазіреті Әбу Бәкір (радиаллаһу анһу)  
мен осы үңгірде басталып, қиямет-қайымға дейін үзілмей 
жалғаса  беретін  «алтын  шежіренің»**  бірінші  парағы 
болған.  Иманның  күші  пайғамбарға  деген  махаббатта. 
Барша қасиетті, ұлы сапарлардың қозғаушы күші Оған 
деген махаббат болған. Сонымен Ұлы Аллаhқа жетудің 
жолы  тек  қана  пайғамбарға  деген  махаббатпен  бекітіл-
ген.  Өйткені  махаббаттың  шарты,  ғашықтық  заңы  – 
сүйген кісіге деген махаббат және ғашықтық себебімен 
ол кісінің сүйген, ұнатқан нәрселерін қолдан келгенін-
ше дәлме-дәл ұнатып сүю. Осы Құдайға деген махаббат-
ты  шикі  және  таяз  түсінігімізбен  жүрегімізге  қондыру 
мүмкін емес. Төмендегі әңгіме, әр адамның көңіліне өз 
түсінігінің мүмкіндігінше әсер береді деген ойдамыз.
Хазіреті  Әбу  Бәкір  Сыдық,  өмір  бойы  Мырзамыз 
(саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)  мен  әр  сұхбаттасқанда, 
жаңадан  өзгеше  бір  зауықтан  және  ләззаттан  көңілі 
көтеріліп  рахаттанатын  еді.  Пайғамбарлық  сырларына 
ізгі  ниетімен,  ең  жақсы  сырлас  болғандықтан,  әр 
түрлі  рухани  көріністерге  жетіп,  қасында  болса  да 
Мырзамызды  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)  сағынып, 
аңсап тұратын.
* Құдайы сапар
** Исламда рухани тәрбиені қолға алатын сопылық жолының 
Пайғамбарымыздан (Саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бастап қиямет-
қайымға дейін жалғасатын ұстаздар шежіресі
*** Мағынасы: Аллаһ оны сәлеметте қылсын

- 15 -


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет