Құрамы 1 дәріс Геодезиялық жұмыстардың түрлері



Дата06.01.2022
өлшемі86,45 Kb.
#13400
түріҚұрамы

Геодезиялық жұмыстардың түрлері мен құрамы

1 дәріс

Геодезиялық жұмыстардың түрлері

  • Түсіру және трассалау жұмыстары – құрылыстың бастапқы жобалау және инженерлік ізденістер кезінде орындалады.
  • Бөлу жұмыстары – құрылыс кезеңіне тікелей байлынысты жүргізіледі және ғимараттар мен имараттардың осьтері мен нүктелерін жергілікті жерге түсіруге арналған жұмыстар.
  • Орындаушылық түсірістер – құрылыстық процесс кезінде және құрылыс-монтаждау жұмыстардың орындау сапасын бақылау мақсатында, сонымен бірге салынған жергілікті алаңның жаңа жоспарын құрастыруға қажет.
  • Құрылыс нысандардың деформациясын қадағалау – оларды тұрғызудан бастап құрылыстың аяқталуына дейін жүргізіледі, және қажет болған жағдайда, пайдалану кезінде жалғастырылады.

Геодезиялық жұмыстардың құрамы

  • – құрылысқа арналған геодезиялық бөлу негізін құру; яғни құрылыс алаңның бөлу торын салу, имараттар мен ғимараттар, магистралды және алаңнан тыс сызықтық имараттардың сонымен бірге технологиялық құрал-жабдықталуын монтаждау үшін негізгі немесе бөлу осьтерін алаңға шығару;
  • магистралдық, сызықтық имараттардан немесе олардың бөліктерінен, басқа ішкі-алаңдық уақытша ғимараттардың бөлінуі;
  • – ғимараттар мен имараттардың ішкі бөлінуі. Егер де геодезиялық жұмыстар өндірудің жобасында (ГЖӨЖ) немесе өндірістік жұмыстар жобасында (ӨЖЖ) технологиялық құрал-жабдықтарды монтаждау алдын ала қарастырылса - бастапқы және монтаждық көкжиектерде бөлу торды салу;
  • – аяқталған нысанның орындаушылық геодезиялық құжаттаманы орындау. Ғимараттың (имараттың), немесе оның бөліктерін геометриялық параметрлеріне дәлдік сәйкестігін геодезиялық бақылауды жүргізу;
  • – егер жобалық құжаттамада авторлық немесе мемлекеттік қадағалау қарастырылса - негіздердің, ғимарат (имарат) құрылымының және олардың бөліктерінің деформацияларын геодезиялық өлшеу
  • Құрылысқа арналған геодезиялық бөлу негізін салу және ғимараттар (имараттар) мен олардың бөліктерінің деформацияларын геодезиялық өлшеуді құрылыс процесінде «тапсырыс беруші» орындайды. «Салушылардың» міндеттеріне құрылыс процесінде геодезиялық жұмыстарды өндіру, ғимараттардың (имараттардың) геометриялық параметрлерінің дәлдігін геодезиялық бақылау және орындаушылық түсірулерді өндіру жатады.
  • Ірі, күрделі және 9 қабаттан жоғары ғимараттар үшін, дәл сондай тәртіппен, бөлек геодезиялық жұмыстардың өндіріс жобасы (ГЖӨЖ) жасалынады.
  • ГЖӨЖ-ны салушылар да, ғылыми жобалау ұжымдары да (тапсырыс берушінің таңдауы бойынша) орындай алады.
  • Геодезиялық жұмыстарды бастамас бұрын, бөлу жұмыстарында қолданылатын жұмыстық сызбалар, өлшемдер, координаталар және белгілердің өзара сәйкестігі тексеріліп, тапсырыс берушінің техникалық қадағалауымен өндіруге рұқсаты берілу керек.
  • Геодезиялық жұмыстарды қажетті дәлдікпен өлшейтін құралдармен орындағаны дұрыс болады. Геодезиялық құралдар белгіленген кезегімен тексеріліп, “юстировка”-дан өту керек, және де әр жұмыс басталар алдында уақытымен тексерілу қажет.
  • Жобалық құжаттамада қарастырылған территорияны тазалау, қиратуға арналған құрылыстардан босату, және тігінен жоспарлаудан кейін ғана геодезиялық жұмыстарға кірісуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет