Құрамы 9,4 г мыс нитраты мен 9,75 г сынап нитратынан тұратын ерітіндіге массасы 50 г кадмий пластинкасы батырылған. Ерітіндідегі мыс пен сынап толық ығыстырылады және пластинканың бетінде қалады дейтін болсақ



Дата21.11.2022
өлшемі461,2 Kb.
#51416
түріҚұрамы

  1. Мыс (II) сульфаты ерітіндісіне темір пластинкасы батырылған. Біраз уақыттан кейін пластинканың массасы 0,8 г-ға артаұаны байқалған. Пластинка бетінде бөлінген мыстың массасын есептеңіз.

  2. Никель (II) сульфаты ерітіндісіне мырыш пластинка

  3. Массасы 13,2 г мырыш пластинкасы массасы 300 г 11,34 %-тік темір (III) нитраты ерітіндісіне батырылған. Пластинканы ерітіндіде біраз уақыт 2006-2018 жылдарғы аудандық химиялық олимпиада есептері 67 ұстап, шығарып алып өлшегенде темір (III) нитратының массалық үлесі түзілген мырыш тұзының массалық үлесіне тең болған. Ерітіндіден шығарып алған кездегі пластинканың массасын анықтаңыздар.

  4. Темір және мырыш пластинкалары мыс (II) сульфаты ерітіндісіне батырылған. Біраз уақыттан кейін пластинканың жалпы массасы 0,3 г артқаны белгілі болған. Егер ерітіндіде 23,7 г мыс және темір (II) сульфаттары түзілген болса, онда әр пластинкада бөлінген мыстың массалары қандай болғаны?

  5. Құрамында 9,4 г мыс (II) нитраты және 9,75 г сынап (II) нитраты бар ерітіндіге массасы 50 г кадмий пластинкасы батырылған. Кадмий мыс пен сынапты толық ығыстырып және олар түгелінен пластинканың үстінде қалған болса, онда пластинканың массасы қанша пайызға өсер еді?

  6. Массасы 100 г 10 %-тік күміс нитраты ерітіндісіне массасы 10 г мырыш пластинкасы батырылған. Біраз уақыттан кейін пластинка ерітіндіден шығарылып, кептіріліп өлшенгенде, оның массасы 10,5 г болған. Қанша грамм мырыш ерітіндіге ауысқан?

  7. Массасы 20 г мыс пластинкасы сынап (ІІ) нитраты ерітіндісіне батырылған. Нәтижесінде мыс пластинкасының массасы 2,73 г артқан. Бұдан соң пластинка қыздырылып, ол өзінің бастапқы түріне келген. Осы жағдайда пластинка массасы қалай өзгереді?

  8. Құрамы 9,4 г мыс нитраты мен 9,75 г сынап нитратынан тұратын ерітіндіге массасы 50 г кадмий пластинкасы батырылған. Ерітіндідегі мыс пен сынап толық ығыстырылады және пластинканың бетінде қалады дейтін болсақ, пластинканың массасы қанша % өсер еді?

  9. Массасы 25 г NaCl мен KCl қоспасын суда ерітіп, оған 500 г 14,3 % -тік AgNO3 ерітіндісін қосқан. Түскен тұнбаны бөліп алып, фильтратқа массасы 100,00 г мыс пластинканы біраз уақыт батырғанда, пластинканың массасы 101,52 г болған. Бастапқы қоспадағы тұздардың массалық үлестерін анықтаңыздар













Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет