Құран, Сунна және Түркілік құндылықтар



Pdf көрінісі
бет1/5
Дата04.04.2022
өлшемі3,9 Mb.
#29760
  1   2   3   4   5


2 0 2 2   |   И Н Ж Е Н Е Р Т Я   Ф А К У Л Ь Т Е Т І  

Яссауи ілімінін негіздері:

  Құран, Сунна 

   және 

   Түркілік құндылықтар


2 0 2 2   |   И Н Ж Е Н Е Р Т Я   Ф А К У Л Ь Т Е Т І

Қожа Ахмет Яссауи

Аты мұсылман әлеміне әйгілі, сопылық әдебиеттің ірі өкілі, кемеңгер, ойшыл

ақын Қожа Ахмет Яссауи (1103-1228) артына мән-маңызы өшпейтін елеулі де

асыл мұра қалдырды. «Диуани хикмет» атты өлең тілімен жырлайтын

туындысы қанша ғасырлар өтсе де, өзінің өміршең құндылығымен мұсылман

әлемінде жарық жұлдыздай ел-жұртқа аумас бағыт беріп келеді. Бұл аты

шулы жинақ несімен құнды, оның мәңгілігі неде десек, ең алдымен, оның

терең адамгершілікке құрылған дүнияуи мәселелердің сыр-сипатын айқара

ашып түсіндіріп, бұл өткінші жалғанда неден үйреніп, неден жиіркену

жолдарын көрсету деп жинақтай айтуға болар еді. Ал, тарата бағамдасақ,

адам өміріндегі әр алуан қарым-қатынас: мансап пен нәпсі, қорлық, байлық

пен кедейлік, әділеттік пен зұлымдық, ынсап пен қанағатшылдық,

адамгершілік пен ізгілік, тәубашылдық пен имандылық секілді меселелердің

сыр-сипатын ұғып білу арқылы Алла Тағаланы танудың жолдарын саралау,

соған шын көңілден мойынсұну көріністері дер едік. Осы талаптарға орай

ғұлама-ақын бұл өмірдің баянсыздығы мен ол дүниенің бақилығын

(мәңгілігін) өз ара қарапайым тілмен салыстыра отырып, адалдық пен

әділдіктің, мейірімділік пен қайырымдылықтың, тәубаға келу мен

кешірімділік, адамгершіліктің имандылыққа бастайтынын бұлтартпас

дәлелдер арқылы айғақтайды. Бұларға қарсы жауыздық пен зұлымдық,

өтірік-өсек, надандық пен тойымсыздықтың кешірілмес күнә екеніне де зер

сала үңіледі. Осы соңғылардан арылу, тазарудың міндет-мақсаттарын ашып

пайымдауға да ол үлкен мән береді.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет