Құрастырған: Дарьинск қазақ жалпы білім беретін мектебінің тәрбиешісі Тилақбаева Айгүл Болтабайқызы Пікір жазған



бет1/2
Дата13.06.2023
өлшемі77,62 Kb.
#100967
  1   2
Байланысты:
00.Өнерлі екен он саусақ -вариатив


Зеленов аудандық әдістемелік кабинеттің сараптамалық кеңесінің 2014 жылдың 28 тамыздағы №13 хаттамасымен ұсынылды.

Құрастырған: Дарьинск қазақ жалпы білім беретін мектебінің тәрбиешісі Тилақбаева Айгүл Болтабайқызы
Пікір жазған: Зеленов аудандық әдістемелік кабинетінің мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру бойынша әдіскері Г.Х.Мусагалиева

«Логика» оқу құралы балалардың мектепалды тобында оқылатын негізгі пәндерден алған білімдерін тереңдетуді, қоршаған ортамен таныстырып, ойлау, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуды көздейді. Танымдық қызығушылығындамытуға жағдай жасай отырып, балаларды ізденімпаздыққа және өзінің даму деңгейіне сенімді болуға тәрбиелейді. Сана-сезімін және өзін-өзі бақылай білуін қалыптастырады. Оқу құралындағы ойын түрінде берілген қызықты логикалық тапсырмалар түрлі тәсілдер арқылы пайымдауға, шығармашылық тұрғысынан ойлауға, өз беттерінше шешім қабылдауға және қорытынды жасауға үйретеді.




Ойнайық та, ойлайық
Түсінік хат
Мектепалды даярлық тобының тәрбие және білім берудегі басты мақсатының бірі – оқыта және дамыта отырып, балаларды өз бетінше оқып, білім алуға үйрету. Тек өздігінен оқи, жаза алғанда ғана бала білімді мақсатты және нәтижелі түрде игеретіні анық. Ал өздігінен жұмыс істеу бала бойында оқу еңбегінің дағдысы мен икемділіктің қалыптасуын қажет етеді. Бала ақпаратты қабылдап қана қоймай, оны меңгеру технологиясын да үйренуі үшін оқу процесін қалай ұйымдастыру керек? Бұл орайда «Логика. Ойнайықта ойлайық» атты дамыту курсының тигізер көмегі зор.
Бұл курс мынадай міндеттерді басшылыққа алады:

  1. Баланың оқу іс-әрекетіне деген қызығушылығын арттыру;

  2. Бағдарламаның көздеген мақсатына жету үшін өз бетінше іздену әрекеттерін қалыптастыру;

  3. Негізгі ойлау операцияларын саналы түрде қолдана білуге үйрету. Яғни, ақпаратты сауатты қолдана білуін қалыптастыру;

  4. Қиялдар, елестету және шығармашылық ойлауын дамыту;

  5. Өз пікірін айту және оны дәлелдеу, дұрыс сөйлеуге дағдыларын қалыптастыру;

  6. Алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету және тәрбиелеу.

Логика оқу іс-әрекетінің ерекшелігі – негізгі оқулықтан тыс тапсырма берілетіндігінде. Сондықтан оқу іс-әрекеті ойын түрінде жүргізіледі. Танымдық қабілетті балалардың өздерінің икемі мен мінез-құлқына сай дамыту көзделеді. «Логика» курсының негізгі мақсаттарының бірі – «Әрдайым өзің үшін еңбектен!» дегенді баланың санасына сіңіру.
Логика оқу іс-әрекетіне ұсынылатын ойындар мен жаттығулар танымдық, тәрбиелік және дамыту мақсатын көздейді.
Танымдық
Есте сақтау түрлерін, қиял мен зейінді қалыптастыру және дамыту. Жалпы оқу икемі мен дағдыны (өздігінен оқулықпен жұмыс істеуін, бақылай білуін және жұмысын бағалай білуін) қалыптастыру және дамыту. Жаңа шешімдерді іздеу және қажетті нәтижеге жетудің ерекше тәсілдерін табу.
Тәрбиелік
Қоршаған ортаға оң көзқараспен қарауына ықпал етіп, қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеу.
Дамыту
Сөздермен, сөз тіркестерімен және сөйлеммен жұмыс істеу барысында тілді дамыту. Ойлау мен тіл бір-бірімен тығыз байланысты. Олар бірге пайда болды және бірге дамиды.


Оқу әдістемелік кешен:



  • «Логика» Н.Н.Амирова Алматыкітап баспасы 2014






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет