Оқушылардың психологиялық ахуалын туғызу мақсатта «Мен саған сенемін» тренингі ойнатылады.
Әдіс қадамдары:
-Әуен ойнап тұрады;
Оқушылар «Мен саған сенемін, ...»-деп сыныптасына мадақтау сөздерін айтады
«Тақырыпты табыңыз» әдісі
Әдіс мақсаты: алдыңғы білімдерін жаңа білім алуда жинақтап тақырыпты өзектендіру.
Әдіс қадамдары:
Оқушылар сурет қиындыларын жинақтайды.
Әр суретті реттеген кезде өткен сабақ бойынша бір сұраққа жауап береді.
Берілетін сұрақтар:
«Прописка» әңгімесінің авторы?
«Прописка »әңгімесінің басты кейіпкері?
Қалай ойлайсың басты кейіпкер Архат өз мақсатына жете алды ма?
Архаттың көздеген мақсаты қандай болды?
Архаттың пропискаға отыра алмау себебі қандай?
Не себепті автор автобустан шығып кеткен үш жігітті әңгіме соңында есіне алды деп ойлайсыз?