Редактор бағаны



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата29.12.2016
өлшемі6,43 Mb.
#683
  1   2   3   4

Редактор бағаны    

Іссапар   кезінде   көптеген   мектептерге   барамын.   Əр

мектептің өзіндік ерекшелігі бар. Əр мектеп басшысы өзіндік

шешімімен ерекшеленеді. Шымкент қаласы № 103 мектептің

ерекшелігі мектепті аралап көргенімде көрінді. Коллективте

жұмыс   жасауға   қолайлы   жағдай   жасалғаны   байқалады.

Имандылыққа   үлгі   болған   Оңтүстік   өңірге   тəн   өзіндік

сыйластық   орын   алған.   Ұстаздары   жауапкершілікті   жəне

жұмыстары   тындырымды.   Кабинеттер   көркемделген.   Əр

кабинет   белгілі   адамдардың   атына   берілген.   Ол   дегеніміз

мектептегі   əр   кабинеттің   жағдайын   жасап   көмектесетін

қамқоршысы   бар   деген   сөз.   Ата-аналардан   ремонтқа   ақша

жинамай-ақ   мектептің   осы   шаруасының   шешімін   табуы

барлық мектептерге үлгі болатын іс. Мектеп ғимараты жеке

кəсіпкердің   демеушілігі.   Мектептегі   əр   кабинет   көркемдігі

ұстаздардың шығармашылық жұмысының нəтижесі. 



Редактор: Нағиев Ізгілік Байдрахманұлы

МЕКТЕП ЖҰМЫСЫНДА

ӨЗІНДІК ҚОЛТАҢБАСЫ 

БАР ҰСТАЗ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ, 

ТАСКЕН ЕЛДІМЕКЕНІ 

№103 ЖАЛПЫ ОРТА 

МЕКТЕБІ ДИРЕКТОРЫ 

ШОҚАҚОВ ПЕРИЗАТ

САРКУЛАКОВИЧ

Шоқақов   Перизат   2010   жылдан   бастап   жаңа   салынған

№103   жалпы   орта   мектебінің   басшысы   болып   қызмет

атқарып  келеді.   Мектеп  директорының  бастама  көтеруімен

мектепті   жабдықтау,   безендіру   ісінде   ауылдағы   халыққа

еңбегі   сіңген,   білім   саласында   қызмет   атқарған   кісілердің

есімдерін   кабинеттерге   беру   ісін   қолға   алды.   Перизат

Шоқақовтың   ұйымдастыруымен   мектептің   ішкі   көрінісі

халық педагогикасы түрлерімен толық жабдықталған. Өзінің

жан-жақты   жоғары   интеллектуалдығымен,   ұйымдастыру

қабілеті   және   адамдармен   тіл   табысып,   жақсы   қарым-

қатынас жасаумен тек қана мұғалімдер коллективі арасында

емес,ауыл ақсақалдары, ардагерлер алдында да үлкен беделге

ие бола білді. Өзіне де және қарамағындағыларға да қатаң

талап   қоюдың   нәтижесінде   мұғалімдер   коллективінде

татулық,   ұйымшылдық   ахуал   туғызып,   рухани   тәрбие

жұмысын жоғары деңгейге көтере білді. 

ИНФОРМАТИКА

«Информатика» - үңіліп көр бұл сөзге,

Мағынасын таба алмасаң егер де

Еңбектерін оқы  Әбенов, Параскун,

Түсінерсің мағынасы тереңде.

Ақпарат алып кеңінен зерделейміз,

Оқымасақ, әрине, кенжелейміз.

Желісін ғаламтордың пайдаланып,

Әлемнің қызығына тереңдейміз.

Ғаламторда құстай  ұшып самғаймыз,

Білім жайлы  жаңалықты  байқаймыз.

Миллиондаған ғылымдардың  негізін

Біз, адамдар, танысамыз, қараймыз.

ҚҰРМАНТАЙ ТОҚЖАН АҚЫЛТАЙҚЫЗЫ

6 СЫНЫП ОҚУШЫСЫ

СЫНЫП ЖЕТЕКШІМ

Әсілхан Саидхан Досмаханбетұлы

OҚО Шардара ауданы Сүткент

ауылы Т.Тәжібаев атындағы

жалпы орта мектебі

11 - сынып оқушысы

Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,

Ұстаз болу – жүректің батырлығы.

Ұстаз болу-мінездің күн шуағы,

Азбайтұғын адамның алтындығы.

   Мына төрт қатар өлең арқылы ұстаз деген сөздің айнымас

анықтамасын берген, жәй сөзден жыр кестесін төккен-Ғафу

Қайырбеков.

      Ақынның   бұл   шумағын   оқып   отырып,   осы   қасиеттерді

бойына   сіңірген,   ардақты   сынып   жетекшімді   еріксіз   көз

алдыма   елестеттім.   Ол   аяулы   жан   әр   оқушының   ой

тұңғиығын қозғай білген, ғылымға деген пәк сезімді оятқан,

білімді   де   кемел   ұстаз   –   Батырбекова   Нағима

Торғысбайқызы.   Ол   кісі   сөйлеген   кезде,   өзінің   сөз

ырғағымен   құлаққа   тыным   беріп,   ой   назарын   өзіне

аударып,еріксіз иландырады.  Өз ісіне сүйіспеншілікпен, бар

ықыласымен қарайды. Ондай ұстаз бүкіл әлемде жоқ дерсің.

Сабағында қоғамда орны бар ұлы тұлғалардың асыл сөздерін

аузынан   тастамайды.   Біздің   өмірге   деген   ой-пікірімізді   де

шыңдағын осы Нағима апай. Ол кісінің ықпалымен бұрын

білмеген тылсым дүниеге сапар шектік. Әрине ол - Әдебиет

әлемі.   Қазақ   қоғамынан   ойып   тұрып   орын   алатын   қоғам

қайраткерін,   яғни   А.   Байтұрсынұлы,   Ә.   Бөкейханов,   С.

Торайғыров   тағы   басқа   ғалымдарды   оқыдық.   Сондай-ақ,

қазақтың бас ақыны – Абай атамыздың өмірін танып білдік.

Біз ұстазымыздан ғибрат алдық. Әлі де үйренеріміз жетерлік.

        Күн-галактика   жүрегінде   орналасқан   тылсым   табиғат

бөлшегі.   Күннің   бірден-бір   қасиеті   бүкіл   әлемді   қамтитын

жарық  сәуле  шашады. Сол арқылы терең тұңғиықта ұшып

жүрген,   қара   тастар   жұлдыз   болып   жарқырайды.   Кейбірі

өшпес із қалдырады. Осы құбылысты айта келе, ұстаз атты

ұлы   атауды,   бізге   нұрын   шашқан   күнге   теңегім   келеді.

Расында,   өз   білімін   шәкірт   ойын   нұрландыруға   жұмсаған

мұғалім-мен үшін күн іспеттес.

    Біздің сыныпта әр оқушының мінезі әрқалай. Бірі-момын,

енді   бірі-бұзық,   я   «бес   саусақ   бірдей   емес»   деген   халық

мақалы   бар.   Бірақ   әрқайсысын   түсіне   біліп,   дұрыс   жолға

үгіттеген мұғалімнің еңбегі,  батырлықпен пара-пар. 

       Нағима   апай  –  күн шуақты ана.  Сыныпта  ұл  мен қыз

өсірді. Өз баласынан бөлек, бізде ол кісіні туған анамыздай

құрметтейміз.   Аяулы   құрсағында   тоғыз   ай  жүріп,   ақ   сүтін

ішпесекте, алты жыл білім нәрімен сусындадық.

     Біздің мұғалім – қаратаудың қойнауындай тереңде жатқан

дарын   кенін   ашып   беріп,   білім   мен   ғылымның   жемісінің

дәмін   таттыратын,   армансызға   арман   ұялатып,   қанатсызға

қанат   бітіретін   ғажайып   күш   иесі.   Қазақ   тілі   мен   қазақ

әдебиетінің   шектеусіз   ғылым   екенін,   білмейтінім   тоқсан

тоғыз екенін білдірген де осы ұстазым. 

     Ұстаз – таудан арқырай аққан тау өзені, айналасына қуат

беріп,   жолында   кездескен   таудай   қиындықты   домалатып,

білімнің   сар   даласын   да   толас   тауып,   дамылдайды.   Ұстаз

тәрбие   майданында   балалардың   жат   қылықтарымен

арыстанша арпалысқан батыр.     Ұстаз – Жер деген әлемнің

бетін   көркейткен   шәкірттеріне   шуақ   төккен   Күн-ана.

Ұстаз   –   ақылдың   тозбайтұғын   асылы.   Қасиетті   мамандық

иелерінің   ішіндегі   жауһары.   Өзге   мамандық   атаулылары

өздерінің түр-сипатын мың құбылтып жатса да, еш өзгеріссіз

сол   бәз   баяғы   қалпында   жас   ұрпаққа   адамгершілік

қасиеттердің   дәнін   еккен   диқаншы   бола   білген,   бола   да

білетін ол менің - ұстазым.

* * * * * *  

ТАСКЕН ЕЛДІМЕКЕНІ №103 ЖАЛПЫ ОРТА

МЕКТЕБІНДЕ ӨТКЕН ДҮБІРЛІ СЕМИНАР

  Сәуір   айының   16   жұлдызында   Шымкент   қалалық   білім

бөлімінің ғылыми әдістемелік орталығы, Шымкент қаласы,

Таскен елдімекені №103 жалпы орта мектебі, Республикалық

45minut.kz   басылымы,   Bilimnur.kz   Халықаралық   Интернет

журналының   ұйымдастыруымен,  Шымкент   филиалы   ЦПМ

тренері   Байсейтова   Умиткуль   Жұмабекқызының,   НұрОтан

партиясы   Шымкент   қалалық   филиалы   атынан   Садықов

Бердіқұл   Қадірқұлұлының   қолдауымен,   Шымкент   қаласы,

Таскен елдімекені №103 жалпы орта мектебінде "Білім беру

мазмұнын   жаңартуда   мұғалімдердің   тəжірибе   алмасуын

күшейтудің   өзекті   мəселелері"   тақырыбында   ақпараттық-

ғылыми-практикалық   республикалық   семинар   жоғары

деңгейде болып өтті.

  “Өзіңді   өзің   –   танысаң   істің   басы”   деп,   Әл   Машани

айтқандай, Оңтүстік өлкесіне келіп, Қазақстан Республикасы

бойынша   әртүрлі   тақырыптар   аясында   толассыз,   үздіксіз,

тоқтаусыз   жазылған   материалдарды   сұрыптап  45minut.kz

ақпараттық порталы-басылымында, Bilimnur.kz 

Халықаралық   Интернет   журналында   жариялап   жүрген   бас

редактор   Ізгілік   Нағиев   Байдрахманұлының   бастамасымен

жоғарыда аталған ұйымдармен бірлесе, қауымдаса өткізген

республикалық   семинар   барша   ұстаздар   қауымына   оңды

ықпал еткені анық. Дүбірлі өткен семинардың ерекшелігі –

жарғақ құлағы жастыққа  тимей жүрген,  адал еңбек,  мінсіз

ақыл, жылы жүректің иегері- бас редактор- Ізгілік Нағиевтің

нұсқауымен,   ұйытқы   болуымен   ҚР  бойынша   желілік   жүйе

бойынша қауымдасқан ұстаздардың осы іс-шараға қатысуы

болды.   Шымкент   қаласы,   Түркістан,   Созақ,   Мақтарал   т.б.

аудандардан   келген   мұғалімдер   (интернет   қолданушылар)

өзара интернет арқылы танысқан,  Bilimnur.kz Халықаралық

Интернет   журналында   өткізілген   сайыстарға   қатысып,   ой

жарыстырған   мұғалімдер,   тәжірибе   алмасу   алаңы   болған

Таскен   елдімекені   №103   жалпы   орта   мектебінде   табысып

мәре-сәре болған жайлары бар.

  Түзілген   бағдарлама   бойынша   алдыменен   семинардың

ашылу салтанаты Акт залында өтті.  Өз кезегінде сөз алған

Шымкент   қалалық   білім   беру   бөлімінің   физика   пәні

бойынша   әдіскері   Салибекова   Мадина   Шанабекқызы,

НұрОтан   партиясы   Шымкент   қалалық   филиалы   атынан

Садықов Бердіқұл Қадірқұлұлы, мектеп директоры Шоқақов

Перизат   Саркулаковичтер   семинардың   мақсаты:

“Педагогикалық   іс-   тәжірибені   насихаттау,   ұстаздың

әдістемесін   және   шығармашылық   байланысын   кеңейту.

Педагогтың   кәсіби   құзыреттілік   ұғымы   тұлғаның   біртұтас

құрылымындағы

 

теориялық



 

және


практикалықдайындығының   бірлігі,   кәсібилігі   арқылы

жүзеге   асыру   және   тәжірибесін   ортаға   салу”   екеніне

тоқталып,   өткізілетін   семинардың   тиімділігін   ұғындырып,

келген қонақтарға ақжарма алғыстарын айтып, сабақ беретін

мұғалімдерге   шығармашылық   табыс   пен   сәттілік   тіледі.

Күнделікті   40   мыңнан   астам   қолданушылары   бар,   рухани

құндылықтар жасайтын қоғамдық  мәні мен орны бар, “Біз

Ұстаздар   үшін   қызмет   етеміз!”   деген   қағидамен   жұмыс

атқаратын 45minut.kz–тің редакторы – Ізгілік Байдрахманұлы

Нағиев   “Жаңа   білім   –   Жаңа   ғасыр”   тақырыбында

презентация   құрылымы   бойынша   пайдалы,   тұщымды

баяндама   оқыды.   Жақсылықтың   нышанын   жеткізетін,   ҚР

бойынша   ұстаздардың   бірігуін   қамтамасыз   етіп

тәжірибелерін   кең   тұрғыда   насихаттайтын   педагогикалық

басылым-порталдың маңызы бар  қоғамның қозғаушы  күші

екені айшықталды.



  Секциялық   бөлімде  “Көшбасшылық   пен   басқару   арқылы

өзгерістерге қол жеткізу” тақырыбында І ші деңгейлі орыс

тілі пән мұғалім Гаппарова Гулмира Мухидиновна коучинг

сабак, “АКТ құзіретті педагог – бәсекеге қабілетті мұғалім”

тақырыбында   ІІ   ші   деңгейлі   информатика   мұғалімі

Джайықбаева Жибек Сыргабаевна баяндама, “Дарынды, жас

талантты   жастар   –   ертеңгі   жарқын   болашағымыз”

тақырыбында   ІІІ   ші   деңгейлі   бастауыш   сынып   мұғалімі

Турсунжанова   Ляззат   Назиржановна   баяндама,   Төлен

Әбдіков.   “Қонақтар”   тақырыбында   қазақ   тілі   пәнінен   8-

сыныпта ІІІ ші деңгейлі қаз тілі және әдебиет пәні мұғалімі

Исмаилова   Назира   Аскаровна   ашық   сабақ,   “Тәуке   хан

тұсындағы  қазақ  хандығы”  тақырыбында   тарих  пәнінен  7-

сыныпта ІІІ ші деңгейлі тарих пәні мұғалімі Жолдықараева

Ақмарал   Жандаровна   ашық   сабақ,   “Ауру   туғызатын

бактериялар және олармен күресу шаралары” тақырыбында

биология пәнінен 6-сыныпта ІІІ ші деңгейлі биология пәні

мұғалімі   Амангелдиева   Ақсауле   Дүйсенбайқызы   сынды

мұғалімдер баяндамалар оқып, ашық сабақтарын көрсетті.

  Жоғарыда   аталған   мұғалімдер  оқушылардың   жан-жақты

дамуына   қолайлы   жағдай   жасау   арқылы   сабақтарын

ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негізіне сүйене

отырып, іс-тәжірибелерін ортаға салып көрсете білді. Олар

шығармашылық әрекет, проблеманы көре алу, болжай білу,

жаңашылдықты   ендіру,   өз   жұмысының   бағдарламасын

жасап, рефлекциялай алуы, шығармашылық ойды іске асыру

үшін   идеяларды   тудыра   алуы   сияқты   қабілеттерді   сабақ

барысында тірек етіп алды. Дәл осындай сабақтар оқушылар

мен   мұғалімнің   ақыл-ойын,   парасатын,   қиялы   мен

эрудициясын,   интуициясы   мен   импровизациясын   іске



20 сәуір  2016 ж | № 09 (159)

 ------------------------------------------------- «Республикалық 45minut.kz» газеті – 20 сәуір 2016 ж | № 09 (159)

қосады. Бұл семинарда жаңаша ойлау мен жаңа педагогикалық шығармашылықта жүзеге

асатын интеллектуалдық құрылымның қалыптасқаны көрініс тапты.

 Қорытынды бөлімде сөз алған семинарға қатысушылар әр мұғалімнің шығармашылығына

тоқталып, талдап, мұғалімдердің шеберліктерінен өздеріне  тәлім мен тәрбие алғандарын

жасырмай ағынан жарыла айтты. Мектеп директоры Шоқақов Перизат мектептің ғимаратын

соққан ірі кәсіпкерлер екенін айтып, көп нәрсені өздерінің қолдарымен жасағандарын, сонда

да құрал-жабдықпен қамтамасыз етілуі кемшін екенін жасырмады. “Жоқтан” бар жасаған

мұғалімдерге   таңдандық.   Яғни,   бұл   мектеп   ұжымы   “жоқ”   деп,   қарап   отырмай,   әрекетке

көшіп, шығармашылықтарын ақпараттандыра отырып, биік деңгейде жарқырата еңбектерін

көрсете   білді.  45minut.kz  ақпараттық   порталы-басылымы   мен  Bilimnur.kz   Халықаралық

Интернет   журналының   бас   редакторы,   Ізгілік   Нағиев   семинарға   қатысушы   шеберлік

курстарын көрсеткен барлық мұғалімдерді Алғыс хатпен марапаттап, ұстаздардың кәсібилігі

мен   шығармашылық   тәжірибесі   материалдары   Республика   көлемінде   тарату   үшін

құрастырылып, топтама ретінде баспаданшығарылатынын жариялады.

 Әлемдік білім кеңістігіне ену үшін: 

-білім мазмұнының тұлғаға бағытталуы;

-білімді ізгілендіру және гуманитаризациялау; 

-әдіснамалық құраманың іргелілігін қамтамасыз ету;

-оқу жүктемесінің көлемін оңтайландыру;

- оқушылардың денсаулығын сақтаудағы басымдылықтары – 12 жылдық мектепке өтудің

негізгі   мақсаттары   болып   саналады.   Осы   тұрғыда   жаңа   формация   мұғалімі   –   білімнің

өзіндік   құндылығын   түсінетін   жүрегі   жаңалық   деп   соғып   тұратын   кәсіби   дағдылары

дамыған – педагогикалық дарын иесі болуға тиіс. Жоғарыда аталған “Білім беру мазмұнын

жаңартуда   мұғалімдердің   тəжірибе   алмасуын   күшейтудің   өзекті   мəселелері”

тақырыбындағы ақпараттық- ғылыми- практикалық республикалық  семинардың түйіні де

осы аталған мақсаттарды аңғартады.

 “Қазақтың жаны бір, қаны бір, жолбасшысы – мұғалім”, “Алты Алаштың баласы қосылса –

төр   мұғалімдікі”   деп,   М.Жұмабаев   айтқандай,   ешқандай   кедергілерге   қарамай,

педагогикалық салада, балаларды оқытуда адал еңбек етіп, сүбелі үлестерін қосып жүрген

мектеп ұжымының түпкі асыл мұраттары осы айшықталып өткізілген семинар барысында

айқындалды. 

  “Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да ұстаз өсіреді. Өмірге ұрпақ берген

аналарды   қалай   ардақтасақ,   сол   ұрпақты   тәрбиелейтін   ұстаздарды   да   солай   ардақтауға

міндеттіміз”деп,   Бауыржан   Момышұлы   айтқандай,  ақпараттық-   ғылыми-   практикалық

республикалық семинарға ат салысқан Шымкент қалалық білім беру бөлімінің физика пәні

бойынша әдіскері Салибекова Мадинаға,  НұрОтан партиясы Шымкент қалалық филиалы

атынан   Садықов   Бердіқұлға,   мектеп   директоры   Шоқақов   Перизатқа,  ұйымдастыру

жұмысына   жауапты   редакция   өкілі   –   Айтбаева   Мадинаға,  Республикалық   45minut.kz

басылымы,   Bilimnur.kz   Халықаралық   Интернет  журналының  редакторы  Ізгілік  Нағиевке,

шығармашылықпен   жүзеге   асырған   үлгілі   сабақтары   үшін   ұстаздарымызға   “мың   алғыс”

айтамыз. “Жақсыны таба білейік, заманға иелік етейік!”деп, мақаламды түйіндеймін.



Несіпкүл Өтебаева,

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

* * * * * * *



МЕКТЕП ЖҰМЫСЫНДА ӨЗІНДІК ҚОЛТАҢБАСЫ БАР ҰСТАЗ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ, ТАСКЕН ЕЛДІМЕКЕНІ №103 ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕБІ

ДИРЕКТОРЫ ШОҚАҚОВ ПЕРИЗАТ САРКУЛАКОВИЧ

Шоқақов   Перизат   2010   жылдан   бастап   жаңа   салынған   №103   жалпы   орта   мектебінің

басшысы болып қызмет атқарып келеді. Мектеп директорының бастама көтеруімен мектепті

жабдықтау,   безендіру   ісінде   ауылдағы   халыққа   еңбегі   сіңген,   білім   саласында   қызмет

атқарған   кісілердің   есімдерін   кабинеттерге   беру   ісін   қолға   алды.   Перизат   Шоқақовтың

ұйымдастыруымен   мектептің   ішкі   көрінісі   халық   педагогикасы   түрлерімен   толық

жабдықталған.   Өзінің   жан-жақты   жоғары   интеллектуалдығымен,   ұйымдастыру   қабілеті

және   адамдармен   тіл   табысып,   жақсы   қарым-қатынас   жасаумен   тек   қана   мұғалімдер

коллективі арасында емес,ауыл ақсақалдары, ардагерлер алдында да үлкен беделге ие бола

білді. Өзіне де және қарамағындағыларға да қатаң талап қоюдың нәтижесінде мұғалімдер

коллективінде   татулық,   ұйымшылдық   ахуал   туғызып,   рухани   тәрбие   жұмысын   жоғары

деңгейге көтере білді. Ата-аналармен, соғыс, еңбек ардагерлерімен тығыз байланыс жасап,

мерзімді  уақыттарда  жиналыс   өткізіп тұруды  дәстүрге  айналдыра   білді.  Бұл  істелген іс-

шаралар   мектеп   өміріне   айтарлықтай   ықпалын   тигізуде.   Оқушылар   арасында   тәртіп

нығайып,сабақ үлгерімдері жақсаруда. Мектептің ішкі және сыртқы мұқтаждарын мұқият

зерттеп зерделеуге көп күш жұмсаған,заман талабына сай көрнекі құрал жабдықтары және

басқа   безендірулердің   өзі   куәлік   етіп   тұрғандай.   Мектепте   үйірме   жұмысы   мен   спорт

жұмыстары да назардан тыс қалмаған.

Мектепте   домбыра,   би,   сурет,   ағылшын   тілі,   шешендік   өнер,   спорттың   бірнеше   түрлері

-Дзю-до,самбо,бокс,   Жеет-Куне-До   қамтылған.   Халықтың   рухани   қажеттілігі   өз

мүмкіндіктері   дәрежесінде   өтіп   тұрады.   Жалпы   Перизат   Шоқақов   өзі   өнер   адамы

болғандықтан   мектепте   мәдени   іс-шаралар   көп   өткізіледі.   Әрбір   мәдени   іс-шараның

өтілуіне,орындау   шеберлігіне   көп   көңіл   бөледі.   Әсіресе   сахна   мәдениетіне,   қойылымға,

мәнерлеп оқуына сын көзбен қарай біледі.

Мектепте   осыдан   бастап,тәрбие   жұмыстары   жандана   бастады.   Мектеп   қызметкерлері

тәрбие жұмыстарын өткізуге әбден машықтанды. Перизат Шоқақов халықтық педагогиканы

бала бойына дарытуға көп күш жұмсауда. Себебі,өз салт-дәстүрін білмеген бала өзінің туған

халқын,   туған  жерін  қалай  қадірлей  алады.   Мұғалімдердің  сабақтарына   жиі   еніп,   өзінің

ақыл-кеңестері,іс-тәжірибесімен   бөлісіп   отырады.   Әрбір   ашық   сабақтың   сапалы   өтуін,

сабаққа дұрыс талдау жасай білуін қатты қадағалайды. Осындай жұмыстан соң мұғалімдер

де өз шеберлігін арттыру жолында ізденуге талпынуда. Осы талпыныс өз нәтижесін беруде.

Мектеп   мұғалімдері   мен   оқушылар   арасында   жақсы   қарым-қатынастың   болуына   да

айрықша көңіл бөледі. Мұғалімдердің саяси сауаттылығын көтеруге жағдай жасайды.

Расында   мектептегі   қандай   бір   жетістік   болмасын   ол   тек   сол   ұжымның   ынтымақтаса

бірлескен   жемісті   жұмыстарының   арқасында   ғана   қол   жететін   дүние.   Сондай-ақ   жас

ұрпаққа өз ұлтының ана тілін, өз ата салтын, өз діні мен ділін қалыптастыруға үлес қоса

біледі. Қандай нәрсені  болмасын ол мектеп ұжымымен кеңесіп шешіп отырады. Мектеп

қызметкерлерінің   жағдайына   жауапкершілікпен   қарайды.   Қай   нәрсеге   де   адами,   табиғи

көзқарасымен қарай біледі. Жасандылықтан ада, жан-жақты қабілет-қарымының арқасында

қиын түйіндерді шеше біледі.

Қазіргі уақыт талабы сана-сезімі, ойлау қабілеті, рухани мәдениеті жоғары, ар-ұяты мол,

денісау,   бақылағыштық,   байқампаздық   қасиеті   күшті   еңбекқор,   шеберлігі   мен

ізденгіштігі,іскерлігі   мен   тапқырлығы   жинақталған,   жаңалыққа   жаны   құмар,   үмітпен

жігерге толы жүрегі қалыптасқан тұлға.

Қазақстан   білім   беру  ісінің   үздігі,   Оңтүстік   Қазақстан   облыстық   мәслихатының   Құрмет

грамотасымен наградталған. Іс-тәжірибесі таратылған.

2013   жылы   өңіріміздің   өсіп-өркендеуіне   және   қоғамдық-саяси   қатынастардың   дамуына,

ұлтаралық өзара келісімнің нығаю жолында белсенділік танытқаны үшін «Нұр Отан» ХДП

төрағасының марапатына ие болды.

2014   жылы   «Мұғалімдер   күні»   мерекесіне   орай   Егеменді   еліміздің   жарқын   болашағы

жолында жас ұрпаққа сапалы білім,саналы тәрбие беріп,білім саласындағы адал еңбегі және

қоғамдық   жұмыстарға   қатысқаны   үшін   Әл-Фараби   ауданы   әкімінің   құттықтау   хатымен

марапатталды.

2015   жылы   «Мұғалімдер   күні»  мерекесіне   орай   шәкірттерді   білім   нәрімен   сусындатып,

тәлім-тәрбие беріп, жақсы қасиеттерін бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар

бергені үшін ОҚО IIД Шымкент ҚПБ Қаратау IIД-нің алғыс хатымен марапатталды.

2015   жылы   Қазақстан   Халқы   Ассамблеясының   20   жылдығына   арналған   «Жұлдызды

талант» балалар фестиваліне белсене атсалысқаны және тәрбие саласына қосқан үлесі үшін

« Бейбітшілік әлемі» президентінің алғыс хатымен марапатталды.

2015 жылы «Қазақ хандығына 550 жыл» мерекесіне орай Отан сүйгіштікті,ұлтына деген

махаббатты жастардың ұлтжандылық сезіміне енгізуге қосқан ерекше еңбегі үшін Қаратау

ауданы әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

2015   жылы   Қазақ   хандығына   550   жылдығы   аясында   «Бірлігі   күшті   ел   озады»  атты   іс-

шарасында аса белсенділік танытқаны үшін Қаратау ауданық Ардагерлер кеңесінің алғыс

хатымен марапатталды.

2015 жылы «Қазақ хандығына 550 жыл» мерекесіне орай Отан сүйгіштікті,ұлтына деген 

махаббатты жастардың ұлтжандылық сезіміне енгізуге қосқан ерекше еңбегі үшін Шымкент

қалалық ардагерлер кеңесінің алғыс хатымен марапатталды.

2015 жылы «Ұстаздар күні» мерекесіне орай жас ұрпаққа сапалы білім,саналы тәрбие 

беріп,білім саласындағы адал еңбегі үшін Шымкент қалалық бөлім басшысының және 

Шымкент қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы комитетінің Құрмет 

грамотасымен марапатталды.

2015 жылы «Ұстаздар күні» мерекесіне орай жас ұрпаққа сапалы білім,саналы тәрбие 

беріп,жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі ерен еңбегі үшін Қаратау ауданы әкімінің алғыс 

хатымен марапатталды.

Мектеп мұғалімдері мен оқушылары түрлі байқаулар мен олимпиадаға және ғылыми жоба 

жұмыстарының облыстық дәрежедегі жеңімпаздары атануда.

Басшы ретінде мұғалімдердің жаңашыл әдістемелік шығармашылық қабілеттерінің 

шыңдалуына жағдай жасап, талапқа сай жұмыс істеуін қадағалауда.

Мектеп оқушыларының тәрбиесі мен білімін үнемі қадағалап,құқық бұзушылықтың алдын 

алу мақсатында түрлі іс-шаралар өткізіп,қазақ елінің адал ұл-қыздарын тәрбиелеуде өз 

үлесін қосуда.

Шоқақов Перизат Сарқұлақұлы директорлық қызметін атқарған жылдары өзін білікті 

маман,жаңашыл ұстаз,талапшыл,қабілеті жоғары басшы ретінде көрсете білді.

Шоқақов Перизат Сарқұлақұлы білім мен тәрбие беруде қажымай еңбек етіп келе жатқан 

жұмыстарының нәтижесінде мектеп ұжымының, оқушылардың, ата-аналардың сенімінен 

шыға білген құрмет иесі.

Біздің мектебімізге келгенге дейін Отырар ауданында С.Сейфуллин, Ш.Қалдаяқов,Шәуілдір 

мектептері,аудандық мәдениет бөлімінің бастығы,сол сияқты алғаш рет ашылған колледж 

директоры қызметін атқарған.Атқарған уақыттарда жемісті басшылық жасады.С.Сейфуллин

орта мектебінде бірнеше рет аудандық, 1 рет облыстық семинарлар өткізіп іс-тәжірибесі 

ауданға,облысқа таралды.Нәтижеде аудандық мектеп директорлар және облыстық мектеп 

директорлары конкурсына қатысып жүлделі орындармен марапатталды.Нәтижесінде 

облыстық теледидардан іс-тәжірибесі беріліп,сол кездегі облыстық білім департаментінің 

басшысы С.Бараховадан сыйға көлік, компьютер алған.

С.Сейфуллин орта мектебінде тәрбие жұмысына жаңа моделін жасауда тұңғыш рет 

оқушылардың арасында өзін-өзі басқаруына президенттік басқару енгізіп облыстық көлемде

іс-тәжірибесін ортаға салған.

Отырар аудандық мәдениет бөлімін басқарған жылдары Ж.Қалдаяқов өміріне негізделген 

«Сыған серенадасы» спектакілін сахналаған,нәтижесінде «Бас жүлде», сол сияқты мәдениет

бөлімінде тұңғыш рет суретшілер көрмесінің облыстық конкурсына 100 картина 

салып,қатысып,нәтижеде бас жүлде алуға қол жеткізген,осындай «Алтыбақан» 

телебайқауынан 1 орын алған.

П.С.Шоқақовтың  мол тәжірибесі қазіргі мектеп жағдайында  оқу-тәрбие ісінде іске 

асырылуда.Бүгінгі таңда  оқу-тәрбие ісінде қаладағы тәжірибе көрсеткіштері жақсы 

мектептермен, әсіресе №90 мектеппен /Асар ықшамауданы/ тығыз байланыста жұмыс 

жүргізілуде, пән мұғалімдері, әдіс бірлестік жетекшілері тәжірибе алмасып отырады, 

осындай игі жұмыстар Перизат Шоқақовтың басшылығымен іске асырылуда екендігі даусыз

мәселе.

* * * * * * *




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет